Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы


6 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
1. Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары. Өндіріс шығындары есебін ұымдастырудың негізгі принциптері және өндірістік есеп шоттарындағы өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы.
2. Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Үстеме шығындар, олардың құрамы мен сипаттамасы. Үстеме шығындарды тарату тәсілдері және есебі.
3. Көмекші өндіріс және шығындар түрлері, олардың есебі мен көмекші өндіріс қызметтерін тарату. Өндірістік жоғалтулар есебі. Ақаудың өзіндік құнының есебі және калькуляциясы.
4. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі. Аяқталмаған өндіріс есебі және оны бағалау. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерістерінің тауарлы өнімнің өзіндік құнына қосылу тәртібі.
5. Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері. Шығындар есебінің нормативті әдісінің мәні.
6. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні.
7. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің қайта өңдеу әдісін қолдану объектілері және сипаттамасы.
8. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі. Әлеуметтік сфера шығындарының түрі, мағынасы және есебі.
Негізгі ұғымдыр: өндіріс шығындар, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, тура шығындар, үстеме шығындар, көмекші өндіріс өндірістік жоғалтулар, өндірістік ақаулар, аяқталмаған өндіріс, өндіріс шығындары есебінің әдістері.
1. Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары. Өндіріс шығындары есебін ұымдастырудың негізгі принциптері және өндірістік есеп шоттарындағы өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы.
Экономиканың даму және дамыған кезеңінде өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру өте маңызды. Өндіріс шығындары есебін ұымдастырудың негізгі принциптері өндірістік есеп шоттарында өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қалыптастыру. Өнімнің өзіндік құн есебі өндірістік технологияның ерекшеліктеріне, шығарылатын бұйымдардың көлемімен түрлеріне байыланысты. Өндіріс ұйымдастырудың басты мақсаты еңбекті, материалды және ақшалай ресурстарды неғұрлым тиімді жұмсау барысында сапалы және көлемді өнім шығарып оны өткізу. Өнім өндіру процестің әрекеттері:
- еңбек ұйымдастыру (жұмыскерлерді жұмыс орнына дұрыс орналастыру) ;
- қолданатын шикізаттармен жартылай фабрикаттардың қозғалысын өз ретімен ұйымдастыру және көлемін белгілеу;
- күнделікті шығарылатын өнімге шұғыл бақылау;
- шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;
- көмекші өндірістің қажеттілігімен шикізатпен қамтамасыз етілуіне бақылау;
Өндіріс ұйымдастырудың шаруашылық процесттері мезгілімен бастапқы құжаттармен рәсімделуі өнімнің өзіндік дұрыс анықтайды. Оған смена (бригада) басшылармен менеджерлер жауапты болып табылады. Өндірістік процес қызмет бабына қарай өндірілімді (добывающий) және өңдеуші (обрабатывающий) болып танылады.
Бірінішіге көмір, мұңай, кен(руда), газ, балық, ағаш дайындау, теңіз аңын және басқалар өндіру жатады. Мұндай (табиғи) өндірісте шикізат қолданылмайды (шикізат шығыны жасалынбайды), бұларға біріңғай (бірегейлі) түрлі өнімдер жатады, аяқталмаған өндірістеген түсінік жоқ, сондықтан өнімнің өзіндік құнын анықтау барысында барлық жасалған шығындарды шығарылған өнімнің көлеміне бөлу жолымен анықтайды (мысалы, көмір өндірісінде жер үстіне шығарылған көмірдің көлемі есепке алынады, ал копырылып, бірақ жер астында қалған көмір көлемі есепке алынбайды) .
Ал, өңдеуші өндірісте тұтынуға қолданатын өнім көлемі жатады. Бұларға, металлургиялық, құрылыс машина, химикалық, тоқыма, тағамдану және басқа өндірістер жатады. Технологиялық процессіне қарай екі типке бөлінеді: І -бұл (өңдеуші) өндірстің ерекшклігі дайын өнім шығару барысында шикізат бірнеше салдардан өтеді (өйткені әр сатының өнімі (жартылай фабрикаты) келесі сатыға қажетті шикізат болып табылады) . Мысалы, металлургиялық өндірісте аяқталған өндіріс ( шығарылған шойын - болат(сталь) балқу(выплавка) - прокат өңдіру) немесе тоқыма өндірісінде (жіп иіру (прядение) - тоқыма тоқу (ткачество) - бояу және өңдеу) .
ІІ - алдымен қажетті конструкциялық бұйымдар жасалып алынады, содан кейін механикалық қолданыстармен өнім жинақталады, буларға құрылыс машина өндірісі, аяқ киім, тігін бұйымдар және басқалар жатады. Осы өндірістің дайын өнімінің өзіндік құнын анықталуы есептеген қиындықтарды туындатады. Жартылай фабрикаттардың шығындарын есепке алып отыру керек. Сондақтан бұл өндірістің шығындары күрделі өндірістің шығындары болып табылады, ал металлургиялық пен тоқыма өндірістің шығындары жәй өндіріске жатады. Кәсіпорынның мамандырылуына қарай өндірістік шығындар көпшілік (массовый), топтамалық (серийный) және жеке -дара жекелеген(единичный) болып танылады. Көпшілік үнемі ұздіксіз шығарылатын өнім. Жеке өндірісте өнім жекелеп арнайы тапсырыс бойынша шағарылады, калькуляция шығарылған өнімге ғана жасалады. Топтамалы (аз және көп) - кезең сайын тоқтатылып қайта алдын ала белгіленіп өнім өндіріліп отыратын өндіріс.
Өнеркәсіп өндірісте негізгі өнім өндіру өндірісі негізгі және көмекші өндіріс болып бөлінеді.
Өнім өндіру барысында кәсіпорындар қандайда бір шығындар жасауға мәжбір болады. Өндірістік шығындар ол, өнім өндіруге қызмет көрсетуге жасалған барлық шығындар түрлері.
Егер, шаруашылык іс-эрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі кұралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, кызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, каржылык шығындар болып танылады. Активтердің көбеюі, міндеттемелердің азаюы. Ал, өнім өндіру, орындау, кызмет көрсетуде капитал (қаражат) азайса шығыс болып танылады (еңбек ақы төлеу) .
Активтермен міндеттемелердің азаюы залал (издержки) болып танылады (тауар сатып алғанда, еңбекақы төлегенде міндеттмеменің азаюы) .
Ал, жалпы барлық жағдайларда есептік кезеңде пайда түсіру барысында жасалған шығындар.
Өндіріс шығындардың жіктелуі
- негізгі
- үстеме
- тікелей
- жанама
- бірэлементтік
- кешенді
- өзгермелі
- тұрақты
- ағымдағы
- бір жолғы
- өндірістік
- әкімшілік
- коммерциялық
- өндірістік
- өндірістік емес
- реттелетін
- реттелмейтін
- жалпы
- орта
- өнімге
- кезеңге
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, өндістік жұмысшыларға еңбекақы төлеу шығыны, технологиялық процестің мақсатына пайдаланған отын мен басқадай шығындар.
Үстеме шығындар - өндіріске қызмет көрсетумен оны ұйымдастырумен байланысты шығындар электро қуат, жылыту, өндірістегі негізгі құралдарға жөндеу және тозу шығындары мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, еңбекақы төлемдер, аударымдар (ақша аударулар) . Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары) .
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субьектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.
Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты) .
Бір элементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар) .
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамының еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар) .
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және тағы басқа) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Тұрақтылар - өндірілген өнім көлемі өзгеріп отырса да бұл шығындар шамалы өзгереді (үстеме немесе әкімшілік шығындаржылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу, жарнамаға шығындар және т. б. ) . Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары) .
Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т. б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәрттіппен және мерзімде бірен - сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субьектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді) .
Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығындар) кететін.
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар) .
Экономикалық элементтер бойынша калькуляция бабтарымен өндірістік шығындардың топтасуы тығыз байланыста.
Өндірістік шығындарды калькуляция бабтары топтасуы аналитикалық есепті жүргізу үшін және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін қажет. Осы топтасулардың айырмашылықтары былай бейнеленеді:
Негізгі өндіріс шығындыр есебі.
Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Өнім өндіруге тікелей баиланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек-жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі кұрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен және т. б. ) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін кұрайды.
Негізгі шығындар - өнім өндіруге тікелей қатысы бар шығындар: шикізат пен материалдар, өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы, отын . . .
Нақты өнім бірлігіне қатысты тікелей шығындар.
Негізгі өндіріс шығындыр есебі калькуляциялауы бабтары сәйкес жасалады:
шикізаттар мен материалдар, өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыға есептелген салықтармен төлемдер, үстеме шығындар. Алғашқы үш баб шығындары негізгі шығындар болып есептеледі. Шикізат -ол, өнім шығару барысында қолданатын материалдар, сатыпалынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар, отын, электроқуат . . .
Негізгі өндіс цехтың есеп жүргізілу тәртібі кәсіпорынның есеп саясатында қарастырылады. Қолданған материалдарды есептен шығаруында екі әдіс қолданылады: біріншіде негізгі өндіріске босатылған материалдар бастапқы құжаттарға сәйкес «негізгі өндіріс» шоттың Д- жазылады да есептік кезең соңында түгендеу нәтижесінде материалдар шотына қайтарылады; екіншіде- қоймадан материалдар цех меңгеруші жауапкершілігіне босатылып нақты жұмсалған есептемелер материалды есебі бойынша есептеледі. Бұл есеп кәсіпорын басшысымен бекітіліп есепке алынады.
Негізгі өндірістің жалпы схемасы (м. тг. )
негізгі өндіріс дайын өнім
Шикізат пен материалдар шоты шоттары шоттары
өндіріске қолданған 950
ғимаратпен жабдықтардың жөндеуіне қолданған
Еңбекақыға шоттары
өндірістегі жұмысшылардың 500 дайын өнім
өндіріске қызмет жасаған жұмысшылардың шығарылуы 2190
Еңбекақыға есептелген салықтармен төлемдер шоттары нақты шығарылған
өндірістегі жұмысшылардың 120 өзіндік құнмен
өндіріске қызмет жасаған жұмысшылардың
үстеме шығындар шоттары
300
Амортизация мен құнсыздану шоттары 150 үстеме шығындарды
өндірістегі негізгі құралдардың амортизациясы 35 орналастыру
200 1035
Кассамен ағымдағы банкктік шоттардағы ақша қаражат шоттары Барлығы 2605 2190
Басқада ақшалай шығындары 350
Барлығы 1035
Негізгі өндіріс шығындары - 950+500+120+1035 = 2605;
Үстеме шығындары - 300+150+35+200+350 = 1035;
Аяқталмаған өндіріс қалдығы 2605 - 2190 = 415м. тг.
Негізгі өндірістің өндірістік шығындарын бухгалтерлік есеп шоттарда көрсетілуі
Д 8000 К
1. 1340 Д 1320 К
2. 1311-1316 13.
3. 3310
4. 8210
Д 7010 К
5. 3350 14.
6. 3150, 3210
Д 8310 К
7. 2420, 2740, 1311-1316, 3350
1250, 3310, 3390, 8210 10.
Д 8418 К
Д 8410 К
8. 2420, 2740, 1311-1316, 3350 15.
1250, 3310, 3390, 8210 11.
9. 2420, 2740, 1311-1316, 3350 Д 8418 К Д 1340 К
3310, 3390, 8210, 8310 12. 16.
1- аяқталмаған өндірістің бастапқы қалдығы өндіріске ауыстырылды;
2- негізгі өндіріске шикізатпен материалдар босатылды;
3- өнім шығаруға сырт ұйымдардың қызметтері тартылды;
4- өнім шығаруға меншікті өндірістің қызметтері тартылды;
5- негізгі өндірістің жұмысшыларына еңбекақы есептелінді;
6- есептелген еңбекақыға әлеуметтік салықпен сақтандыру төлем есептелді;
7- өндірске тозу, жал, жөндеу, коммуналдық шығындар есептелінді;
8- өндіріске үстеме шығындар есептелінді;
9- анықталған ақаулар түзетуге жіберілді;
10- көмекші өндірістің шығындары негізгі өндіріске апарылды;
11- үстеме шығындары негізгі өндіріске апарылды;
12- түзетілген ақаулар негізгі өндіріске апарылды;
13- шығарылған өнімнің өзіндік құны өндірістен босатылды;
14- көрсетілген қызметтердің өзіндік құны өндірістен босатылды;
15- ақаулардың өзіндік құны өндірістен шығарылды;
16- аяқталмаған өндірістің қалдығы өндірістен қоймаға ауыстырылды;
2. Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Үстеме шығындар, олардың құрамы мен сипаттамасы. Үстеме шығындарды тарату тәсілдері және есебі.
Тура шығындар өнім өндіру процесінде тікелей қатысты шығындар, олар калькуляция объектісі болып табылады - материалды, еңбекті шығындар және ақшалай аударымдар. Шығарылатын өнімнің негізгі материалы - тура шығын болып табылады. Мысалы, наубайханада нан өндіру үшін ең қажетті шикізат үн және оны өндіретін наубайханашылардың (нан пісірушілердің) еңбекақысы. Ал, аяқ киім тігу үшін шикізат тері, бүлғары және шеберлердің (тігушілердің) еңбекақысы және олардан аударымдар.
Өнеркәсіп ұйымдырда өндірілген өнім есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттардың 8 - ші бөлімдегі шоттар қолданылады.
8100 Негізгі өндіріс
8110 Негізгі өндіріс
8111 Материалдар
8112 Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы
8113 Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар
8114 Үстеме шығындар
Аталған бөлімнің шоттарының Д- де шығындар жинақталады, өнім өндіріліп болғаннан кейін осы шоттар К-ліп, өнімнің өзіндік құны анықталып қоймаға тапсырылады.
Мысалы, аяқ киім тігу үшін қоймадан өндірістік цехқе шикізат боастылды 33тг. Д 8111 К 1310. Аяқ киім тіккен шеберлерге еңбекақы есептелінді 176000тг. Д 8112 К 3350. Есептелген еңбекақыға әлеуметтік салық есептелінді 17424тг. Д 8113 К 3150. Есептелген еңбекақыға әлеуметтік сақтандыру төлем есептелінді 7920тг. Д 8113 К 3210. Басқа қосымша және үстеме шығындар есептелгеннен кейін өнімнің өзіндік құны анықталады.
Үстеме шығындар - өнім өндіру процесін ұйымдастыру үшін жасалатын шығындар. Бұл шығындар екі топқа бөлінеді: өндірістегі жабдықтармен құрылғыларға жасалатын шығындар (тозу, жөндеу, жабдыққа бір реттік қызмет көрсету, көмекші өндірістің т. б. ) және жалпы цехтық шығындар (цех басшыларының еңбекақысы, олардың іс сапар шығындары, жалпы өндірістегі негізгі құралдардың тозуы, коммуналдық, жөндеу, жал шығындары) . Үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына біріңғай (пропорционалды) бөлініп таратылады: - жұмыс істелінген уақытына қарай (еңбек-сағаты, машина- сағаты) ;
- негізгі жұмысшылардың еңбекақысы;
- шығарылған өнімнің саны;
- жоспарланған өзіндік құн т. б.
Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізінде жүзеге асырылады, мынадай бөлу базалары қолданылады:
1. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы;
2. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы мен өндірістік құрал
жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығыстары.
Мысал.
Бөлу базасы - негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы.
Жалпы өндірістік шығыстардың сомасы - 400 000 тг.,
Өнімді өндіргені үшін есептелген еңбек ақы: 1 өнім бойынша - 800 000 тг.,
2 өнім бойынша - 500 000 тг.,
Еңбек ақының
үлес салмағы, %
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалану шығыстарының ерекше түрдегі есебі қажет.
Отандық тәжірибеде аталған шығыстарды бөлу үшін мынадай бөлу базалары қолданылады: жұмыс - сағат
машина - сағат.
Мысалы:
1. Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығыстарының жалпы сомасы -
200 000 тг.,
2. Өнім өндіруде орындалған машина-сағат саны: 1өнім - 25 000 м-с
2 өнім - 15 000 м-с
Барлығы - 40 000 м-с
1 машина-сағатқа шығындар ставкасы = 200 000 : 40 000 = 5 тг/м-с.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар:
1өнім =5×25 000=125 000 тг.,
2 өнім=5×15 000= 75 000 тг.
Барлығы - 200 000 тг.
Дебет 8114. 1 -125 000
Дебет 8114. 2 - 75 000
Кредит 8410 - 200 000
Үстеме шығындарды тарату үшін ұйым өз таңдауымен бірыңғаймен (тура) цехтық, нақтымен нормативті (жоспарлы) ставкалар тәсілдерді қолдану құқылы.
Бірыңғай (жалпы зауодттың, өндірістің) ставканы анықталады өнім өндіру үшін жасалған барлық үстеме шығындар сомасы бөлінеді жалпы үстеме шығындар негізіне (базасына), ол болуы мүмкін - өндірістік жұмысшылардың жұмыс істеген (атқарған) уақыты;
- жабдықтың жұмыс істеген (атқарған) уақыты;
- еңбек шығындары;
- шығарылған өнімнің саны.
Мысалы, есептік кезеңде өндірістің үстеме шығындары 1 000 000тг. құрады осы мерзімде 50 000сағат жұмыс жасалды, сонда үстеме шығындарды тарату ставкасы болады 1 000 000тг. / 50 000еңбек\сағат = 20тг. / еңбек\сағат. Бұйым шығаруға 18сағат уақыт кеткен болса бұйымға үстеме шығын сомасы 360тг. құрайды (18сағ. х 20тг. / еңбек\сағ. ) . Егер өндірісте бірнеше бөлімшелер болса, онда жекеленген ставкалар қолданған тиімді. Мысалы:
Егер, бұйым өндіру үшін А бөлімшесінде 10сағат уақыт жұмсалса, Б бөлімшесінде 5сағат уақыт жұмсалса, 3сағат С бөлімшесінде, онда бұйымға үстеме шығындар 33тг. көлемінде апарылады (10сағ. х0, 4тг. /еңбек\сағ. + 5сағ. х 4тг. /еңбек\сағ. + 3сағ. х3тг. /еңбек\сағ. ) .
Үстеме шығындарды таратудың нақтымен жоспарлы тәсілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz