Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі



1 Тақырып. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі.
2. Меншікті капитал есебі
3. Қайтарылып алынған капитал
4. Тақырып. Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
5. Тақырып. Ұйымның қаржылық есеп беруі.
Қаржылық нәтиже, табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтің табысы (зияны), негізгі емес қызметтің табысы (зияны), салық салынатын табыс, таза табыс, меншікті капитал, жарғылық капитал, төленбеген капитал, қайтарылған капитал, дивидендт, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян).

1. Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі. Табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс (зиян), негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян), салық салынатын табыс және таза табыс ұғымы, қалыптасуы және есебі.
Бюджетпен корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу.

Есепті кезеңдегі іс әрекеттерді қорытындылау барысында қаржылық нәтиже анықталады. Ұйымдардың бухгалтериясында есепті жылдың (кезеңнің) соңындағы 30-31 желтоқсанда кірістер шоттары (6 бөлім) және шығыстар шоттары (7 бөлім), өндірістік шоттар (8 бөлім) 5610 шотының дебет және кредит айналымдары саналып шығарылады.
Бұл шот салыстырмалы, жинаушы-бөлуші (распредительный) болып саналады, осы шоттың ақпараты есепті кезең соңында жинақталады. Дебет (шығыс) және кредит (кіріс) айналымдарды салыстыру арқылы кірістердің немесе шығыстардың көп екендігі анықталады. Айналымдар арасындағы айырма барлық пайда немесе барлық залал болып саналады. 5610 шоты жыл соңында жабылады, онда сальдо болмайды. Пассивті шот болғандықтан пайда нәтижесі осы шоттың К- де көрсетіледі. Жыл соғында осы шот 5510 шотпен жабылады, онда жылдың қаржылық нәтижесі көрсетіледі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
8. Тақырып. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі.

1. Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі. Табыс, жиынтық табыс, негізгі
қызметтен түскен табыс (зиян), негізгі емес қызметтен түскен табыс
(зиян), салық салынатын табыс және таза табыс ұғымы, қалыптасуы және
есебі.
Бюджетпен корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу.
2. Меншікті капитал есебі. Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі және есебі.
АҚ –ғы жарияланған, шығарылған және айналымдағы акциялар. Төленбеген
капитал есебі. Заңды тұлғамен сатылып алынған акциялар.
3. Қайтарылып алынған капитал. Акция иеленушілердің құқықтары. Жай және
артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есебі. Қосымша
төленген капитал есебі.
4. Резервтік капитал есебі. Жиынтық табыс (зиян) есебі. Таратылмаған
табыс (жабылмаған зиян) есебі.

Негізгі ұғым: Қаржылық нәтиже, табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтің
табысы (зияны), негізгі емес қызметтің табысы (зияны), салық салынатын
табыс, таза табыс, меншікті капитал, жарғылық капитал, төленбеген
капитал, қайтарылған капитал, дивидендт, қосымша төленген капитал,
резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян).

1. Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі. Табыс, жиынтық табыс, негізгі
қызметтен түскен табыс (зиян), негізгі емес қызметтен түскен табыс
(зиян), салық салынатын табыс және таза табыс ұғымы, қалыптасуы және
есебі.
Бюджетпен корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу.

Есепті кезеңдегі іс әрекеттерді қорытындылау барысында қаржылық нәтиже
анықталады. Ұйымдардың бухгалтериясында есепті жылдың (кезеңнің) соңындағы
30-31 желтоқсанда кірістер шоттары (6 бөлім) және шығыстар шоттары (7
бөлім), өндірістік шоттар (8 бөлім) 5610 шотының дебет және кредит
айналымдары саналып шығарылады.
Бұл шот салыстырмалы, жинаушы-бөлуші (распредительный) болып саналады, осы
шоттың ақпараты есепті кезең соңында жинақталады. Дебет (шығыс) және кредит
(кіріс) айналымдарды салыстыру арқылы кірістердің немесе шығыстардың көп
екендігі анықталады. Айналымдар арасындағы айырма барлық пайда немесе
барлық залал болып саналады. 5610 шоты жыл соңында жабылады, онда сальдо
болмайды. Пассивті шот болғандықтан пайда нәтижесі осы шоттың К- де
көрсетіледі. Жыл соғында осы шот 5510 шотпен жабылады, онда жылдың қаржылық
нәтижесі көрсетіледі.
Мысалы, ұйымның Бас кітабы бойынша 5610 шотында мынадай ақпарат болады:
Дебет
Кредит
Шығыстар шоттар Кірістер
шоттар
№ 7110 -  240 000тг. № 6010
- 380 000тг.
№ 7210 -  450 000тг. № 6110
- 240 000тг.
№ 7310 - 560 000тг. № 6210
- 470 000тг.
№ 7470 - 70 000тг. № 6280
- 400 000тг.
Және т.б.
5610 Дебет айналым 1 320 000тг. Кредит айналым 1 490 000 тг.
Сальдо К – 170 000тг.
Осы ақпарат бойынша 5610 шотындағы кредит айналымы көп және 1 490 000
теңгені құрайды, дебет айналымы 1 320 000 теңге, 170 000 теңге сомасындағы
айырмашылық жиын кіріс болып саналады. Осы сома 5510 шотпен жабылып жыл
соңында қаржылық нәтиже анықталады.
Табыс – ол, активтерді кірістеу немесе көбейту (өсіру) арқылы, немесе
міндеттемелерді азайту арқылы экономикалық ресурстардың көбеюі. Мысалы,
материалдық құндылықтарды сату (өткізу), қызмет көрсету, мүліктерді жалға
беру және т.б. жолдар арқылы, олардан түсетін қаражат табыс болады.

Жылдық жиынтық табыс – негізгі және негізгі емес қызметтерден есептік
жыл ішіндегі жеке және заңды тұлғалардың жан жақтан алынған кірістері.
Негізгі қызметтің табыстар– кәсіпкерлік ұйымның жарғысында көрсетілген
қызмет түрден алынатын кірістер болып танылады, ал бұдан басқа кәсіпкерлік
ұйым басқада табыстар жасап жатса – ол, табыс негізгі емес қызметтің
кірістері болып танылады. Мысалы, кәсіпкерлік ұйымның жарғысында мәдені-
сауық кешені болып көрсетілсе, осы түрдегі қызметтердің бәрі негізгі
қызметтің кірістері болады, ал осы ұйым бұдан басқа өзінің артық алаңын
немесе бөлмелерін жалға берсе ол табыстар негізгі емес қызметтің табыстары
болып танылады.
Негізгі қызметтердің табыстары: дайын өнімді өткізгеннен түскен түсімдер,
кіріске алынған тауарларды сатқаннан түскен түсімдер, салып тапсырған
құрылыстар мен ғылыми зерттеу жұмыстар және сыйақылармен пайыздар,
дивидендтер, гонорарлар, роялти.
Негізгі емес қызметтердің табыстары: өткізілген материалдық емес активтер,
негізгі құралдард мен құнды қағаздардың түсімі . Кірістер есебі № 18
Кірістер ХҚЕС-да қарастырылған.
Кәсіпкерлік ұйымда кірістер болғандықтан еріксіз шығыстар да жасалады.
Сондықтан барлық кірістерден шығыстар азайтылып одан кірістер қалса осы
кіріс табыс болып танылады, осы табыс салық кодексі бойынша корпаративтік
табыс салығына салынады, ол деген салық кодексінің белгіленген ставкасы
бойынша жыл соңында салық есептелініп бюджетке аударылады.
Мысалы:
1. Тауарлар өткізуден, қызметтер көрсетуден алған кіріс (Д-т 6010, К-т
5610) – 1 350 000 теңге.
2. Өткізілген өнімдердің, қызметтер көрсетудің өзіндік құны (Д-т 5610, К-т
7010) 970 000тг.
3. Жалпы кіріс – 380 000 теңге.
4. Кезең шығыстары – 166 000 теңге (Д-т 5610 – К-т 7110, 7210, 7310):
4.1 Әкімшілік шығыстары –  60 000 теңге
4.2 Тауарларды өткізу шығыстары – 59 000 теңге
4.3 Сыйақы бойынша шығыстар – 47 000 теғге
5. Негізгі қызметтен алған кіріс (3-4) – 214 000 теңге
6. Қаржыландырудан және өзге қызметтен алған кіріс – 120 000 теңге (Д-т
6110,6210, 6280 – К-т 5610).
7. Әдеттегі қызметтен салық салғанға дейін алған табыс (5+6) – 334 000
теңге.
8. Корпоративтік табыс салығы – 66 800 теңге (Д-т 7710 – К-т 3110).
9. Таза табыс (есепті жылдың бөлінбеген кірісі) немесе пайда (7-8) – 267
200 теңге (Д-т 5610 К-т 5510).

Бұл мысалда, корпоративтік табыс салығы – 66 800 теңге Д-т 7710 – К-т 3110.
Жыл басында кәсіпкерлік ұйым салықтық органға корпоративтік табыс салықтың
болжамына есептеме тапсырады да, оның 1\4 бөлігін тоқсансайын бюджетке
аударып отырады. Жыл аяқталғанда нақты корпоративтік табыс салық
анықталғанда салыстырылып артық шыққан сома аударылады, артық шақпаса
аударылмайды. Аударылғанда бухгалтерлік жазба жазылады: Д 3110 К 1030.

2. Меншікті капитал есебі. Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі және есебі.
АҚ –ғы жарияланған, шығарылған және айналымдағы акциялар. Төленбеген
капитал есебі. Заңды тұлғамен сатылып алынған акциялар.
Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі
активтер. Меншікті капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық
– қүқықтық формаларына қатысты ажыратылады. Акционерлік қоғамдар мен
серіктестіктердің меншікті капитал құрылымдарында айырмашылықтар болады.
Кәсіпкерлік ұйымдардың меншікті капиталы қалыптасады:
- жарғылық капиталдан;
- төленбеген капиталдан;
- эмиссиялық кірістерден (ондай болса);
- резервтерден;
- бөлінбеген табыс (залалдан).
Жарғылық капитал – ұйымның жарғысында жарияланған капитал ( К 5110-
5030шоттар);
Төленбеген капитал – жарғылық капитал жарияланып салынбай түрғанда
төленбеген болып саналады (Д 5110шот), ал құрылтайшылармен салынған
жағдайда осы шотты азайтады, мысалы ақша түрде салса Д 1010,1030 К 5110;
негізгі құрал ретінде салса Д2410 К5110.
Қосымша төленген капитал - шығарылған акциялар құны номиналдық құннан
асқанда (немесе қайта бағалаудан негізгі құралдардың бастапқы құны артса).
Эмиссиялық кіріс – шығарылған ақциялардың номиналдық құнымен сатылған
акциялардың сатылу құндары арасында артықшылық эмиссиялық кіріс болып
танылады (К 5210шот).
Қосымша төленбеген капитал – қайта бағаланған құн бастапқы құннан артқан.
Резервтер – кәсіпкерлік ұйымдар өздерінің есеп саясатында белгіленген
пайыздар бойынша таза табыстарынан резерв қалыптастырып отырады: активтерді
қайта бағалауға, бағам айырмашылықтардың шығындарын жабуға және басқада
өндірісте пайда болған еріксіз шығындарға (Д 5510 К 5410-5440шоттар).
Бөлінбеген табыс – кәсіпкерлік ұйым есептік жыл соңында қаржылық есептілік
үшін қаржылық нәтижені анықтайды (Д5610 К 5510).
Жарғылық капитал есебі
Жарғылық капитал жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік ұйымның шаруашылығын
жүргізу үшін қажетті бастапқы қаржы.
Жарғылық капитал ол жарияланған капитал, кәсіпорынның қызмет шаруасына
қажетті капитал. Жарияланған капитал кәсіпорынның қызмет мерзімінде
өзгермейтін көлем. Ол құрылтайшылардың жарғысында көрсетіледі және олардың
шешімімен қарастырылады.
Жарғылық капиталдың құрылған көлемі мен қозғалысы туралы ақпараттарды
жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарының 5 бөлімінде
қарастырылған: 5000 Жарғылық капитал (5010-5030).
Салымдар мүлік немесе тағы басқа болса ортақ келісіммен, аудиторлар
көмегінсіз бағалау жүргізіледі (егер салым 20000 АЕК болса).
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының
мөлшері бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды
(атаулы) күнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған
акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы
мүмкін, ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес
бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық
акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25%
тіркеместен бүрын төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам
үшін — бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін — жүз
минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде
акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен
белгіленеді. Акция үстаушы акционерлік сертификатқа ие болады. Өз
жарғысында акционерлік қоғам шығаруға рұқсат етілген ең жоғары акция санын
көрсетеді, бұл оған кейін қосымша капиталды тартуға мүмкіндік береді.
Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып
алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде
шығарылған акцияның номиналды қүнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне
белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Акциялар шығарылған болып саналады егер сатылған болса, ал шығарылып бірақ
сатылмаса – ол, шы,арылған болып есептелмейді, үйткені оның иелері жоқ.
Мысалы, Акционерлік қоғамға 500000тг. акция шығаруға рұқсат етілді,
акционерлік қоғам 300000тг. акциясын өткізді, осы акциялар шығарылған болып
саналады, ал 200000тг. акциясы шығарылмаған болып саналады. Акционерлер
қолындағы акциялар айналымдағы акциялар болып танылады.
АҚ 700000тг. жарияланған жарғысы (700штук акция 1000тг.);
бірінші эмиссияда 500шт. 1000тг. шығарылды құны 500000тг. акционерлер
арасында 1200теңгеден орналастырылды – 600000тг.
1. Д 5110 600000 К 5010, 5020 500000 -Жарияланған капитал,
К 5310 100000 -Эмиссиялық кіріс,
2. Акционерлермен төленсе
Д 1030 К 5110 600000тг.
Ал, егер номиналды құннан төмен сатылса, онда Д-те 5110,5310,5610
К 5030, мысалы екінші эмиссияда шығарылды 200акция номиналдық құны
1000тг., орналастырды 480тенгеден (480 х 200) 96000тг.
Д 5110 96000тг.
Д 5310 100000тг.
Д 5610 4000тг. К 5010,5020 200000тг.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып
біткен соң ғана, ұлғайтуға рүқсат беріледі; жарияланған капитал мен
шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық
капитал азайтылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі және Акционерлік қоғамдар туралы
Заңға сәйкес, жарғылық капиталдың салымдары шығарылатын акциялар (үлестің
номиналдық қүнына сәйкес) болса акционерлік қоғам болып танылады. Ашық
акционерлік қоғамдарда қоғам мүшелері (акционерлер) басқа мүшелердің
рұқсатысыз акцияларын сатуға құқылы, сондықтан қызметімен байланысты
шығындар тәуекелді болады. Жабық акционерлік қоғам акциялары оның
құрылтайшылары арасында ғана немесе күні бұрын анықталып қойылған тұлғалар
шеңбері арасында ғана таралады.
Жарғылық капиталды көбейту акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша:
• акциялардың нақтылы құнын өсіру;
• қосымша акциялар (косымша эмиссия) шығару жолымен жүзеге
асырылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның жарғылык капиталын азайту акционерлердің жалпы
жиналысының шешімі негізінде:
• акциялардың нақтылы құнын төмен түсіру;
• олардың жалпы санын қысқарту мақсатымен акциялардың бір бөлігін сатып
алу және қайтарып алу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Акционерлердің  құқығы айналымдағы ақциялардың көлемімен анықталады, яғни
сатыпалынған шығаруға рұқсат етілгенмен емес. Мысалы:
АҚ-ға 100000 акция шығаруға рұқсат етілді, ал 80000 ғана сатылды, сонда
80000сатылған акцияның иегерлері 100% активке ие деген сөз.
Акционерлік қоғам өзінің акционерлерінен болашақта қайта бөлу
мақсатында сатып алуы, немесе қоғамның жарғысында көрсетілген басқа да
негіздерге сәйкесті акцияларды жоюы мүмкін. Айналымнан алынған акциялардың
жарғылық акционерлік капиталдың азаюына Дт 5010, 5020 және Кт 5210 Сатып
алынған меншікті үлестік құралдар.
Сатып алынған акциялар өз бағаларынан жоғары бағада сатылса, онда
артықшылық сомаға 5310 Эмиссиялық кіріс шоты кредиттелінеді.
Төленбеген капитал кәсіпкерлік ұйымда заңды және жеке тұлғалардың жарғылық
капитал қорына қосқан үлестерін бақылау үшін қажет. Бұл шот контрпассивті,
сондықтан төленгенше актив жағына жазылады, төленіп болғаннан кейін кредит
жағына жазылады, яғни 5110 шоттың Д-де қалдық болса ұйымның жарғылық
капиталы қалыптаспаған, ал егер қалдық К-тік болса жарғылық капитал
толығымен қалыптастырылғанын білдіреді.
ЖШС жарғылық капитал есебі.
Кәсіпкерлік ұйымдардың құрылтайшылары Жарғысының жазып мемлекеттік
органнан тіркеуден өтеді. Жарғыда шаруашылық қызметтерін, құрылтайшыларын,
жарғылық капитал сомаларын белгілеп жазады.
ЖШС жарғылық капиталы салымдар болып танылады. Әр құрылтайшы өзінің
мүмкіндігінше салымын салады. Сол салым бойынша әр құрылтайшының үлесі
анықталады. Ұйымның таза табысынан осы үлес бойынша өз үлес салмағын ала-
алады (ұйымның құрылтайшылар кеңес жиналысын хатамасы негізінде). ЖШС-ң
жарғылық капиталы 5030 шоттың К-де көрсетіледі.

3. Қайтарылып алынған капитал. Акция иеленушілердің құқықтары. Жай және
артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есебі. Қосымша
төленген капитал есебі.

Акционерлік қоғамның жалпы жиналысынң шешімі бойынша жарғылық капитал
көлемін азайтуға құқылы, акционерлерден акция бөлігін сатып алу жолымен.
Эмитент ұйым айналымдағы акцияларды ұйымға қайта сатып алса қайтарылған
капитал болып танылады.
Ол үшін алдын – ала кредиторлар хабарды етулу керек. Бұл жерде,
қайтарылылған капитал шоты Д- леді, ұйым кассасы К- леді.
Мысалы, акционерлік қоғам акционерлерден 200000тг. акцияларды өтеп алуға
шешім қабылдады Д 5210 К 1030,1010.
Акционерлік қоғам екі түр акция шығару құқылы: жәй және артықшылығы бар
акция. Жәй акциялары бар иеленушілер ұйым тек табыс тапқан жылы ғана
дивиденттер ала- алады. Ал, артықшылығы бар акция иеленушілер табыс болсын
– болмасын дивидент алу құқылы. Акционерлік қоғам өз жарғылық капиталдарын
азайтса дивидент төлеуге құқысы жоқ.
Дивидендт – акционерлер арасында таратылатын таза табыстың бір бөлігі.
Дивидендтер таза табыстан есептелінеді. Егер ұйымда есептік жылда 5510
шотта таза табыс қалыптасса осы сомадан дивидендт есептелінеді Д 5510 К
3030, дивиденттерге жеке табыс салық есептелінеді Д 3030 К 3120. Енді
осы сомалар төленгенде
Д 3030 К 1010, 1030 дивидендт сомаға, Д 3120 К 1030 жеке табыс салық
бюджетке аударылғанда.
Қосымша төленген капитал – бұл кәсіпорынның өзінің меншікті акцияларын
сату нәтижесіндегі акцияның номиналдық құнынан нақты құнының жоғары сомасы.
Бұл капиталдың есебі 5310 шотта жүргізіледі, өз меншігіндегі акциялар
сатылғанда 1010, 1030 Д- леді, 5310 К- леді.
Қосымша төленген капитал сомасы кәсіпорынның ағымдағы қажеттіліктеріне
жұмсалмайды, оны белгілі тәртіпте жарғылық капиталды көбейтуге, меншікті
акцияларды сатумен байланысты шығындарды жабуға пайдаланады.

4. Резервтік капитал есебі. Жиынтық табыс (зиян) есебі.

Резервтік капитал — кәсіпорынның таза табысының есебінен калыптасатын
меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі
(оперативтік) қызметінен алынған зияндарын (шығындарын) жабуға және
ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге
пайдаланылады. Резервтік капиталды құру және оны пайдалану құрылтайлық
кұжаттармен және қодданыстағы нұсқаулармен анықталады. Резервтік капитал
жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың
пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып
табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5400-ші "Резервтер" белімшесінің пассивті
шоттарында жүргізіледі.
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші
серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың
құжаттарыңда (жарғысыңца, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді. Жыл
сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында
белгіленеді. Оның мөлшері жарияланган жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы
керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (кұраған) кезде 5510 шоты дебеттеледі
де, 5410 шоты кредиттеледі.
Жыл соңында қаржылық нәтиже 5610 шотқа жиналып табыс немесе залал болып
анықталады. 5610шоттағы нәтиже 5510 шотпен жабылып таза табыс немесе залал
анықталады. Осы шотта табыс анықталса өткен жылдары 5520шотта залал болса
5510шоттың табысымен жабылады. 5510 шоттағы табыс құрылтайшылар арасына
үлестіріледі Д 5610К 3030 бухгалтерлік проводкамен.
Бөлінбеген табыс (залал) – акционерлер арасында дивидент ретінде
таратылмаған бөлінбеген меншікті капиталдың бір бөлігі. Шығарылған
капиталға қарағанда бөлінбеген табыс активтер алудың қайнар көзі болып
табылады.

9. Тақырып. Сыртқы экономикалық қызмет есебі.

1. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің
негізгі бағытары. Сыртқы сауда операциялары: экспорт, импорт, реэкспорт.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің құжатты рәсімдеуі. Тасымалдау шарттарының
түрлері. Экспорт және импортты лицензиялау. Тауарлар, жұмыстар және
қызметтер экспорты операцияларының есебі. Экспортерда және делдалдағы
өнімді сату бойынша операцияларды көрсету.
3. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операциялар есебі.
Әкелімнің кедендік құнын анықтау әдістері. Тауарлар реимпорты
операцияларының есебі. Толлингтік операциялар есебі.

Негізгі ұғым: экспорт, импорт, реэкспорт, кедендік құн, реимпорт
операциялары, толлингтік операциялар.

1. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің
негізгі бағытары. Сыртқы сауда операциялары: экспорт, импорт.

Нарықтық қатынастар жағдайы сауда ұйымдарды сыртқы шетел ұйымдармен қарым
қатынасқа түсуге мәжбүрледі. Сыртқы саудада операциялардың үш түрі жүзеге
асырылады:
- экспорт- шетел сатып алушысына тауар сату және оны шекарадан мемлекетіне
жіберу;
- импорт – шетелдік жеткізушілерден тауар сатып алу және оны шекарадан өз
мемлекетіне кіргізу;
- реэкспорт – импортталған тауарды басқа мемлекеттерге өткізу.
- реимпорт – экспортталған тауарды басқа мемлекеттерден әкелу.
Сыртқы экономикалық қызметтер Кеден кодексімен реттеледі. Сыртқы
экономикалық қызметтер және кедендік ресімдеу лизенциялар бойынша жасалады
( біржолдық немесе тұрақты) валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегінде
белгілі бір шаруашылық операциясы жасалады.
Лицензиялар МЕА болғандықтан есебі 2730 Д-де жазылады.
Экспорт, импорт, реимпорт және реэкспорт тауарларын есебін жүргізу
үшін тиісті рәсімделген бастапқы құжаттар қолданады:
- ерекшеліктері, сәйкестік сертификаты, және тауар-транспорттық, әуе
жолы және теміржол ілеспелі хаттары, коносаменттер ұсынылған
жеткізуші фирмаларының акцептіленген шоттары;
- тауардың порт станцияға және қоймаға түскенін растайтын қабылдау
актілері;
- тауардың жетіспеушілігі, артықшылығы, кемшілігін растайтын
коммерциялық актілер;
- шет еліндегі экспорттық тауардың қозғалысын растайтын шетел
экспортерлерінің, консигнаторлардың қабылдау актілері т.б.
Импорт тауарларының сатып алу және экспорт тауарларын сату бойынша
шығындарын есепке алу негізі болып келесі құжаттар табылады:
- ерекшеліктері, теміржол көшірмелері немесе төлем хаттары, әуе
жолының ілеспелі хаттары, коносаменттер ұсынылған транспорттық-
экспедиторлық ұйымдарының акцептіленген шоттары;
- төлеуге тиісті кедендік жинақтардың және кедендік баждардың сомасы
көрсетілетін кедендік декларациялар;
- тауарды жолда сақтандыру келісімдері;
- басқа ұйымдардың шоттары, атқарылған жұмыс актілері.
Импорт тауарларын сатып алу бойынша шығындар сатып алынған импорт
тауарларының нақты өзіндік құнына енгізіледі. Экспорт және импорт
тауарларын синтетикалық есебі 1330 Тауарлар шотында жүргізіледі, мұнда
келесі субшоттар бөлінеді:
1. Экспорт тауарлары;
2. Импорт тауарлары.
Импорт тауарларын есепке алуда есепте көрсетілетін тауардың импорттық
нақты құнын дұрыс қалыптастыру өте маңызды. Тауардың импорттық құнына
кедендік құны, әкелінген тауардың кедендік рәсімделу орнына дейінгі
тасымалдау шығындары, кедендік баж салығы, акциздер т.б. енгізіледі.
Шеттен әкелінген тауарды қабылдау Қазақстан жекеменшік құқығының
алмасу мерзіміндегі Республикасы Ұлттық Банкісінің курсы бойынша теңгемен
есептелінетін келісім бағасының сомасында жүргізіледі.

№№ Шаруашылық Құжат Шоттар корреспонден
операциялардың Циясы
мазмұны
Дебет Кредит
11 2 3 4 5
Шетелдік Кедендік декларация,
жеткізушілердің тауарды қабылдау актісі
түскен импорт
тауарларын қабылдау
* келісім құны 1330 3310
бойынша
2 *ҚҚС 1420 3310
22 Есептелінген: Кедендік декларация,
тауарды қабылдау актісі
*кедендік баж 1330 3190
*кедендік жиындар 1330 3390
*акциздік салық 1330 3140

2. Сыртқы экономикалық қызметтің құжатты рәсімдеуі. Тасымалдау
шарттарының түрлері. Экспорт және импортты лицензиялау. Тауарлар,
жұмыстар және қызметтер эспорты операцияларының есебі. Экспортерда
және делдалдағы өнімді сату бойынша операцияларды көрсету.

СЭҚ операциялар жасау барысында кедендік органда алдымен келісім шарт
негізінде сырт экономикалық қызметтер карточкасы мен мәміле куәлігі ашылады
3 дана (біреуі кедендік органға, екіншісі банкке, үшіншісі кәсіпкерлік
ұйымға). Кедендік орган 2 күн ішінде құжаттарды рәсімдеп мәміле куәлігіне
рет № белгілейді. Шетелден келетін тауарларды кіріске алуына сатыпалушы
кедендік органға кепілдік міндеттеме тапсырады (2мың шақырым километрге 1ай
мерзім). Шетелден келген жұк уақытша сақтандыру қоймасына тапсырылады,
кедендік орган құжаттарын рәсімдеп декларация тапсырылғанша. Декларация 3
данада жасалады: біреуі кедендік органға, екіншісі мен үшіншісі кәсіпкерлік
ұйымға(олар салық органға тапсырады). Осы жерде салықтық басқармаға келген
жұктің ҚҚСсы төлену тиіс.
ҚҚС кедендік құннан төленеді, ал кедендік құн ол шетелден келген жұктің
құны және кіріске алу барысында жасалған шығындар жиыны: шот-фактура
(инвойс), автокөлік (әуежәй, темір жол...), уақытша сақтандыру қойманың
шығыны, артып-түсіру, кедендік органда құжаттық рәсімдеу шығыны, баждар,
салықтар, сақтандыру шығындары, сертификат т.б.
Әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясын толтырғанда декларант
тиісті бағандарда сәйкестік сертификатының нөмірі мен берілген күні, оны
берген органның атауы немесе өтініш-декларациясын тіркеген органың қысқа
атауы, өтініш-декларациясының тіркелу нөмірі мен тіркелген күні
көрсетіледі.
Қазақстан Республикасына шеттен әкелінетін тауарлар салынатын қосымша
құн салығы келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төленбеген капитал есебі
Банктің қызметіндегі табыстар мен шығындардың сипаттамасы
Бухгалтерлік шоттары
Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын
Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Кәсіпорынның жеке құралдарының құны
Басқару есебін ұйымдастыру
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
Пәндер