Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік



Жоспар:

1. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе.теңдік.

2. Кейнс кресі. Өндірістің тепе.теңдік көлеміне жету механизмі

3. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер
ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Жоспар:
1. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік.
2. Кейнс кресі. Өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі
3. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер

1 ТАУАР ЖӘНЕ ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-тендік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші - кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады - баға нарықты тепе-тендік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда "баға" деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші - белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-тендік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік қөзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем - тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін ІS-LМ үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі - тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады. "Бірінші кезеңде" бұл мынаны білдіреді.
Ү1 = C1 + I1 + G1, (1)
1-ші кезендегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынандай:
G1, = С(Ω, Үd) (тұтыну функциясы) (2)
I1 = I (r1) (инвестиция функциясы)
G1 = G (мемлекеттік сатьш алулар)
Т1 = Т (таза салықтар)
Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан
Үd = Ү-Т оң тәуелділікте.
Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен - инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.
(1) тендеу - тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы - оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен, жұмысшылардың біліктілігімен және техникалық даму деңгейімен анықталады.
Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ТАУАР НАРЫҒЫНДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Жоспар:
1. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік.
2. Кейнс кресі. Өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі
3. Автономды шығындар мультипликаторы. Рецессиялық және инфляциялық
үзілістер

1 Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік.

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-тендік жағдайын сипаттаудың
екі түрлі әдісі бар. Бірінші - кейде ол макроэкономикада неоклассикалық
көзқарас деп аталады - баға нарықты тепе-тендік жағдайға әкелетін құрал деп
жорамалданады. Мұнда "баға" деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің
ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме,
нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары
бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші - белгілі бір уақыт аралығында кейбір
бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-тендік жұмысбастылық
көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы
көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік қөзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда
кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол
беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем - тауарлар мен
қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан,
олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі
графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының
өзара әрекеттесуін көрсететін ІS-LМ үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен
қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-
әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды
ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық.
Талдаудың бастапқы нүктесі - тұтыну және инвестициялық игіліктерге
сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа
мерзімді кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке
тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады.
"Бірінші кезеңде" бұл мынаны білдіреді.
Ү1 = C1 + I1 + G1, (1)

1-ші кезендегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынандай:
G1, = С(Ω, Үd) (тұтыну функциясы) (2)
I1 = I (r1) (инвестиция функциясы)
G1 = G (мемлекеттік сатьш алулар)
Т1 = Т (таза салықтар)

Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан

Үd = Ү-Т оң тәуелділікте.
Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс
болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз
мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның
тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен - инвестиция
функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты
пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция
тартымдылығын азайтады.
(1) тендеу - тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты. Сол жағы
шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы - оның сұранысының сипаттамасы
болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал
қорларымен, жұмысшылардың біліктілігімен және техникалық даму деңгейімен
анықталады.
Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты
қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы
өнім шығару көлемін анықтайды:

Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын

осы теңдеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар тендеуіне тұтыну
функциясы мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:
Ү = С (Ү - Т) + I (r) + G

G және Т айнымалыларының мәндері экономикалық саясатта берілетін
болғандықтан, ал өндіріс деңгейі берілген өндіріс факторларының қоры мен
өзгермес өндіріс функциясы жағдайында тұрақты болғандықтан, былай жаза
аламыз:

Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегіңде тұтыну,
инвестиция және мемлекеттік сатып алулар сомасына тең екендігін көрсетеді.
Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың оның
ұсынысына тендігіне кепіл бере алатындай өзгеруі керек. Пайыз мөлшерлемесі
жоғарылаған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек тауарға сұраныс және
ұсыныс та азаяды. С+І+G. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса,
инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс ұсыныстан төмен болады. Егер
пайыз мөлшерлемесі төмен болса, инвестициялар жоғары және сұраныс ұсыныстан
асып кетеді. Пайыз мөлшерлемесінің тепе-тендік жағдайында тауарларға және
қызмет көрсетуге сұраныс олардың ұсынысына теңеледі.
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді.
Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген өнімді сатып алу үшін
жиынтық шығын деңгейі Ү= С + І + G + Хn. (яғни АD ≠ АS жағдай болуы мүмкін
еместігіне сенімділік білдіреді).
Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, оңда еңбекақы, баға және
нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың
төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің
құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарының
теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи
деңгейдегі "ерікті" жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл АD және АS тепе-тендік
нүктесінде, өндіріс көлемі Ү мен әлуетті Ү* теңдігін білдіреді.
Кейнстік экономикалық теория бұл өзін-өзі реттеу механизмінің болуын
сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен
әдетте, сәйкес келмейді: А нүктесінде АD = АS теңдігі орнайды, бірақ тепе-
теңдік өндіріс көлемі Ү0 Ү*.

6.1 - сурет.

Бұл сәйкес келмеушіліктің себептерінің бірі - әр түрлі мотивтермен, әр
түрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинағы
жоспарларының сәйкес келмеуі. Үй шаруашылығы қор жинағының
мотивтері:
1) Қымбат тауарларды сатып алу;
2) Кәрілікті қамтамасыз ету;
3) Кездейсоқ жағдайлардан (ауру және т.б.) сақтану;
4) Балалардың болашағын қамтамасыз ету.
Фирма инвестицияларының мотивтері:
1) Таза пайда нормасын барынша көбейту;
2) Нақты пайыз мөлшерлемесі.
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың
динамикасын анықтайтын фактор - пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол
өссе, онда үй шаруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы
түрде көбірек қор жинап, азырақ тұтына бастайды. Үй шаруашылықтарының қор
жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін
несие бағасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын
негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар
табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор
болып табылады. Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін
қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері
табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рөл
атқарады. Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз
мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және
инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
С = а + b (Ү-Т)

С - тұтыну шығыны
а - автономды тұтыну
b - тұтынуды шекті бейімділігі
Ү - табыс
Т - салықтық аударымдар
(Ү-Т) - қолда бар табыс (Үd немесе DІ).

МРС- тұтынудың шекі нормасы.

ΔС - тұтыну шығындарының өсімшесі.

Δ Үd - қолда бар табыстың өсімшесі.
АРС - тұтынудың орташа бейімділігі.
С - тұтыну шығындарының көлемі. Үd -
қолда бар табыс көлемі. Қор
жинағының қарапайым функциясы:
S = -а + (1 - b) (Ү - Т)
S - жеке меншік сектордағы қор жинағы.
(1-b) - тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.
МРS - қор жинағының
шекті бейімділігі. ΔS - қор жинағының өсімшесі.

АРS - қор жинағының орташа бейімділігі.
S - қор жинағының көлемі.
Үd - қолда бар табыс.
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС
кемиді, ал АРS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын
бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ
ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені
тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес,
сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты
табыс көлемі де әсерін тигізеді.
Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторлар:
1) Үй шаруашылығының табысы;
2) Үй шаруашылығында жиналған байлық;
3) Баға деңгейі;
4) Экономикалық күту;
5) Тұтынушы қарыздарының көлемі;
6) Салық салу деңгейі.
Тұтыну және қор жинау көлемі салыстырмалы тұрақты болады, мемлекет
оларды өзгерту үшін арнайы шара, соның ішінде салық салу жүйесі арқылы
қолданбайды. Бұл көлемдердің тұрақтылығы үй шаруашылығының "тұтыну" немесе
"қор жинау" шешімдеріне байланысты.
Егер жиынтық сұраныстың бірінші құрауышы ретінде тұтыну шығындары
салыстырмалы тұрақты болса, онда екінші құрауышы - инвестиция керісінше,
өзгермелі.
Инвестициялардың негізгі түрлері:
1) Өндірістік инвестициялар;
2) Тауарлы-материалдық қордағы инвестициялар;
3) Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
Автономды инвестициялардың қарапайым функциясы:
I = е - dk
I — автономды инвестиция шығындары.
е — сыртқы экономикалық факторлар арқылы анықталатын автономды
инвестициялар. k - нақты пайыз
мөлшерлемесі. d - эмпирикалық
коэффициент. Инвестиция динамикасын
анықтайтын факторлар:
1) Таза табыстың күтіліп отырған нормасы.
2) Нақты пайыз мөлшерлемесі.
3) Салық салу деңгейі.
4) Өндіріс технологиясындағы өзгерістер.
5) Қолдағы негізгі капитал.
6) Экономикалық күтулер.
7) Жиынтық табыс динамикасы.
Жиынтық табыстың артуымен автономды инвестициялар көлемі ЖҰӨ өсуі
барысында өсетін ынталандыру табысымен толықтырылады.
Инвестиция жиынтық табыстың Ү артуынан өсетін кәсіпкерлік пайдамен
қаржыландырылатын болғандықтан, инвестициялар да Ү артуынан көбейеді.
Сонымен қатар, жиынтық табыстың артуымен бірге тек жеке меншік
инвестициялар ғана өспейді, тауарлы-материалдық қорға және тұрғын үй
құрылысына инвестициялар да өседі. Өйткені экономика көтерілген сайын
бітуге жақын капитал қорларын көбейтуге ынта артады және тұрғын үйлерге
деген сұраныс өседі.
Инвестициялардың шекті бейімділігі:

ΔІ - инвестициялар өзгерісі.
ΔҮ - табыс өзгерісі.
Инвестициялар тұрақсыздығының негізғі факторлары:
1) Құрал-жабдықтардың ұзақ мерзімде жұмыс істеуі;
2) Инновациялардың тұрақсыздығы;
3) Экономикалық күтулердің өзгергіштігі;
4) ЖҰӨ циклдік ауытқулары.
Инвестициялар және қор жинау жоспарларының сәйкес келмеушілігі іс
жүзіндегі өндіріс көлемінің әлуетті деңгейінің айналасында тербелісін және
де іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейінің NАІRU көлеміне сәйкессіздігін
тудырады. Бұл тербелістерге еңбекақының және бағаның төмендеу жағына
икемділігі әсер етеді. Сондықтан циклдік жұмыссыздық (амалсыздан, ерікті
емес сипат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Жиынтық сұраныс қисығы
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік
Тауар және ақша қатынасындағы макроэкономиканың тепе-теңдігінің IS-LM модельдері
«Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялық сұраныс және тауарлы нарықтағы бағалар теңдігі
Мароэкономика
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Тепе - теңдік деңгейінің экономикалық циклы
Тауар нарығындағы макроэкономиалық тепе-теңдік. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналасындағы тербеліс автономды шығындар мультипликаторы
Пәндер