Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
І.Кіріспе
1."Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі»
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. «Фребель сыйы».Фридрих Фребель идеялары
2.2. Ойын технологиясы
2.3. Жобалау іс.әрекеті
2.4. Денсаулық сақтау технологиясы
2.5. М.Монтессори.педагогика арқылы ерте шақтағы даму
2.6. Коучинг технологиясы
2.7. Модульдік оқыту технологиясы
ІІІ. Қорытынды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудіңалғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетіншыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.

1. К.Ю. Белая «Инновационная деятельность в ДОУ» әдістемелік құралы. М. 2005ж.
2. Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.
3. Қ.М.Нағымжанова «Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті». - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.
4. Н.Асанов «Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері». – Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2004.
5. М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
6. Қ.Ахметұлы, Т. Баймолдаев «Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
7. М.Ж.Жадрина «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мазмұны
І.Кіріспе
1."Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды
қолдану әдістері мен тиімділігі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Фребель сыйы.Фридрих Фребель идеялары
2. Ойын технологиясы
3. Жобалау іс-әрекеті
4. Денсаулық сақтау технологиясы
5. М.Монтессори-педагогика арқылы ерте шақтағы даму
6. Коучинг технологиясы
7. Модульдік оқыту технологиясы
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен
тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала
– біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың
ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім
берудіңалғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы
деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге
қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт
сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен
қамтамасыз ету болып отыр.
Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-
педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық,
әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты
екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын
ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру
жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді,
көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың
ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,
оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған
байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын
отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері. Заман
талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын игерген педагог-тәрбиешілерді
даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді
жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі
семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген
қызығушылығын, шығармашылық қабілетіншыңдауына, бала тәрбиесіне деген
түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай
адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны –
тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол –
ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. Білім беру –
табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның
меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу деп көрсетеді Ж.
Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны
өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды
мәселелердің бірі.
Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас
дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік
негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан–2030 Қазақстан халқына арналған
жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік
білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің
жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие
процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі
бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын
көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін
дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Үздіксіз білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану,білім берудің ашықтығы, көкейкестілігі,
іргелі білім беру, білімді ізгілендіру; білім берудегі инновациялық
әдістер.Инновация термині ғылымға XIX ғасырда енді. Ағылшын тілінен
аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. XX
ғасырдың 30 жылдары И.Шумпетер, Г.Менш инновация терминін ғылымға
енгізді. Осы кезден бастап, инновация, инновациялық процесс,
инновациялық потенциал терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық
жүйесін байытты. Инновациялық үдерістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру,
қолдану, жүзеге асыру.Технология ежелгі гректің techno - өнер, шебер,
білгір және logos - білім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен
технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Технология
сөзі көптеген ұғымды білдіреді, олар:
Белгілі бір маңызды әрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін
қолданылатын әдіс (В.Даль сөздігі).
Белгілі заттың бейнесін өзгерту үшін қолданынатын өнер, біліктілік, әдіс-
тәсілдер (В.М. Шепель).
Белгілі затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен әдіс-
тәсілдер жүйесі (И.Г. Зайнышев).
Адамның әрекетін, біліктілігін, тәжірибесін еңбекке қажетті заттарды,
әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі (Р.В.
Овчарова).
В.П. Беспалько: Педагогикалық технология - оқу мен тәрбие процестерінің
еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім
мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және
практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея,
лабораториялық іс - тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске
асыру. Соңғы кезде жаңалық новация ұғымы ретінде кездеседі. Новация
дегеніміз - бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру,
ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу -
ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге
бағытталған.
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде
байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық
процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық
жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі бөлімі қолданылады:
1) қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу – жаңалық енгізу (новация) –
қолданушылардың арасындағы бөлінуі – көпшіліктің қолдануы;
2) кеңейтілген түрде қолдану – ашылу – новация – таралуы – меңгеруі және
модификация – рутинизация, яғни дәстүрге айналуы.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші
жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін
зерттеу маңыздылығын Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В. Лоренсов, М.М.
Поташник, Л.И. Романова, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова, О.Г.
Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектепке дейінгі ұжымдарының, әр мұғалімнің
күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге
батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі
туындайды.Сондықтан да қазіргі кезде әр мұғалім өз іс -әрекетінде қажетті
өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс -
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар
балабақшадағы оқу - тәрбие жүйесі, тәрбиеші-бала арасындағы қарым - қатынас
жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс - әрекетініңғылыми -педагогикалық негіздерін меңгеру
маңызды мәселелердің бірі.
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:
➢ жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
➢ педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық
жаңалықтарды меңгеру;
➢ оқу процесі кезінде теориялық талдау, жасау, немесе іс - әрекет
ретінде.
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс - инновациялық іс-әрекет -
инновациялық потенциал - инновациялық процестерді басқару.Инноватика үш
ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы
инноватика - инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың
ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда
болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы. Оқу процесін
ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау.
Жаңалық ғылыми - зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан,
көпшілік қолдану, қарама - қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін
көрсету.
Білімділік деңгейде бала тәрбиеші көмегімен амал-әрекет жасайды. Мұнда
тапсырмалар алдыңғы сабақты нысықтауына мүмкіндік беретіндей, жаңа тақырып
үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.
Алгоритмдік деңгейде тапсырма балалардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін
беріледі. Мұндай іс-әрекетте келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері
есептер, кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, логикалық
есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.
Эвристикалық деңгей - өнімді деңгей.Танымдық іздену түріндегі
тапсырмаларды орындау барысында қарапайым білімдерін жетілдіріп, жаңа
білімді меңгеріп, жаңалық ашады.
Шығармашылық деңгейде балалардың іздену нәтижесінен қалыптастырған
ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша,
бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін
байқататын дүние жасап шығуына бағытталған тапсырмалар. Оқыту технологиясы
педагогтардың эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін
дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі
үрдіс енеді: білім алушының іс - әрекетін ұйымдастыру және бала тұлғасын
дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті
бақылау.Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін
инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең – оқып үйрену;
2 кезең – меңгеру;
3 кезең - тәжірибеге енгізу;
4 кезең – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
- Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- Тәрбиеленушілердің сабаққа қатыспаушылығын болдырмау шараларын кешенді
түрде қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік,
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
- Жаңа оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, білімді деңгейлеп беру
технологиясын меңгеру арқылы балаларға білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде игеруге қол жеткізу;
- Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу
қажет.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
- Баланың танымдық күшінқалыптастыру және дамыту;
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
- Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
- Баланың оқу үрдісін сезінуі.
Оқу-тәрбие процесінде оқытудың инновациялық
әдіс –тәсілдерін пайдаландың педагогикалық шарттарының өзара бірлігінің
моделі:
Инновациялық Инновациялық Инновациялық
әдіс-тәсілдер ізденіс әдістерді
жайлы білім қажеттілігі меңгеру
Инновациялық Оқу-тәрбие Инновациялық
әдіс-тәсілдердіпроцесінде әдіс-тәсілдерді
ң озық оқытудың пайдалану және
тәжірибелерін инновациялық білім беруді
пайдалану әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру
пайдаланудың
педагогикалық
шарттары
Инновациялық Инновациялық Жаңалықтың
әдіс-тәсілдердіәдіс-тәсілдердің өмірсүру
ң нәтижесінің тиімді жолдарын сатыларын
болуы қарастыру меңгеру
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс -
әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде ұстаз
жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды,
одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны
қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, ұстаз инновациялық іс-
әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп,
енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде ұстаз оқу–тәрбие
процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере
отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты
жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші
кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу -
тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың
оқу - тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға
ұсынады. Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық
іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу
қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау
негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер
жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен
инновациялық іс - әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс
қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің
құндылық қарым - қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары
мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық
тәжірибелер жөніндегі ағымдағы ақпарат-құралдардағы материалдар арқылы
танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай
білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен
сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу -
тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың
жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың
ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды
шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен
қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа
технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің
болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас
ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Келешек - ел
басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлденетер, мерейін өсіріп,
мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын
қалайтын киелі ұя – балабақша. Аулына қарап, азаматын таны, дейді халық
даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен,
ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына
байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды
дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
білім деңгейімен айқындалады - деген байламы жеке адамның құндылығын
арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек,
сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім
берудің ұлттық моделіне өту. Оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін,
жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-
педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл
педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені әр адам - өз заманының баласы.
Сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие
орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім
беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. Балалар мен
педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым
шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-
бағдар болуы керек. Осы тұрғыдан Көкшетау қаласындағы № 6 Нұрай
балабақшасы оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр, ұжымның алдына оқу-
тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмыстарының жүргізілуімен қатар,
жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы болуына байланысты
ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-
әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың
жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің
балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру
арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен жол
атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға
қамқор бола білуге көмектеседі. Балабақша үйіміз, әдемілікті сүйеміз -
деген ұранымызбен, балаларды айналамен таныстырып, оларға экологиялық
тәрбие беру болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны
аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін
күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету.
Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты:
1. Қоршаған ортамен таныстыру ;
2. Адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру;
3. Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру;
4. Экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру;
5. Қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу.
Балабақшадағы сыртқы безендіруі таза табиғи және құнсыз заттардан жасалынып
төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және
оның тылсым тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге арнайы таза ауадағы
экологиялық кабинет жасалды.Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі
организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп
табиғатпен етене байланыста болады.
3-4 жасар балаларға арналған экологиялық жол салынған. Ол жолда
балалар құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанымен, аралардың еңбегімен, жәндіктер
әлемімен танысады.
5-6 жасар балаларға арналған экология жолында, балалар бақша ішінде
тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкеністердің өсіп-жетілуін бақылайды және
әлемнің қызықты жерлерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін мысыр
елінің пирамидасы жайғасқан, кактустар әлемі, орыс халық ертегілері
және қазақтың жайлауы сияқты бұрыштар бар.
Балабақшаның ішіндегі безендіруі экологиялық бағытқа сай келеді,
яғни экология бөлмесі, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және
балалардың жан - жақты дамуына ықпал жасайды. Тәрбиелеу мен білім беру
ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерге жоспарлау мен
ұйымдастыруға қатыстыру, ата-аналардың балабақшамен тығыз байланыста
болуы.
Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің
өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі
өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс.Мемлекеттік
білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие
үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша
ішіндегі іс-шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік
жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын
арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да жас
ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі. Балалар мен педагогтардың іс-
әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс
тәртібінде жұмыс жасап келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім
беру, ал ең бастысы дені сау, рухани азамат дайындау.

Фридрих Фребель (1782- 1852) - неміс педагогі, мектепке дейінгі тәрбиенің
теоретигі. Фридрих бала бақшасының құрылуын насихаттаған, балалар үшін
тәрбиешілерді дайындаған және олардың жұмысының өзіндік әдісін әзірлеген.
Фридрих балалардың даму процесінде ойынның үлкен тәрбиелік және білімдік
мағынасын айтқан.
Фридрих Фребель идеялары
ХІХ ғасырдың екінші жартысыында–ХХ ғасырдың басында Европада неміс
педагогы Ф. Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды. Ол 10
балалар бақшасы деген терминді енгізді, бұл дүние жүзінде жаппай
қабылданды. Сондай–ақ, тәрбиеші әйелді Фребель баулушы деп атағандығынан
оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюіне және
дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызына
жоғары баға бергені айқын көрінеді. Ол балалардың жасына сәйкес бірқатар
қарапайым білім мазмұнымен таныстыру қажеттілігін атап көрсеткен. Оның
идеялары: мектепке дейінгі тәрбиені насихаттау және балалар бақшаларын кең
тарату, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының теориясын бірінші болып
жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымдардың дербес саласы болып
бөлінуіне себепкер болды
Ф. Фребельдің балабақшасы.
Баланы нәресте шағынан дұрыс жетілдіру үшін Фребель алты сыйлық жасауды
ұсынды. Бірінші сыйлық – доп. Доп шағын, жұмсақ, алуан түске –қызыл, сары,
жасыл, көк, күлгін (яғни, кемпірқосақтың барлық) түсіне және аққа боялған
жүннен тоқылғаны жөн. Әрбір допшар жіптен тұрады. Анасы балаға доптың алуан
түсін көрсете отырып, оны түстерді айыра білуге жаттықтырады. Шарды жан-
жаққа қозғалта отырып, тиісінше алдыға-артқа, жоғары-төмен, оңға-
солға деген ұғымдарды санасына сіңіріп, ана балаға кеңістік жайлы түсінік
береді. Шарды алақанында көрсетіп және жасырып, тиісінше Доп бар – доп
жоқ деген сөздермен демей отырып баланы мақұлдаумен және теріске шығарумен
таныстырады.
Екінші сыйлық шағын ағаш шар, текше және цилиндр (шардың диаметрі,
цилиндрдің табаны және текшенің жақтары бірдей). Осылардың көмегімен бала
заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Текше өзінің формасымен және
орнықтылығымен шарға қарама-қайшы болып келеді.
Үшінші сыйлық – сегіз шағын текшеден құрастырылған бір текше(текше екіге,
оның әрбір жартысы төртке бөлінген).Осы сыйлықтың көмегі арқасында бала
тұтас зат және оның бөлшектері туралы түсінікке ие болады деп есептеді
Фребель.
Фридрих Фребель Ойын бала дамуының, осы кезеңдегі адамның дамуының жоғарғы
сатысы; ол сөзбен айтылатын ішкі жандүниенің ерікті бейнесі, оның өз
қажеттілігі бойынша бейнесі. Ойын – адамның осы сатыдағы ең таза, және ең
рухани көрінісі, сонымен қатар ол адамзат өмірінің түп бейнесі және
көшірмесі болып табылады; сондықтан ойын қуаныш, еркіндік, ырыздық, өзі
және маңайындағыларға тыныштық, бейбітшілік сыйлайды. Барлық жақсылықтың
көзі ойында және содан нәр алады. Өзімен өзі, байсалды, табанды, денесінің
шаршауына дейін ойнайтын балалар қабілетті, байсалды, табанды, өзінің және
өзгенің қамын жейтін болады....
Фребель сонымен қатар тілдесу мен ойын арасында ғы өзара байланысты және
осы екі әрекет түрі қалай жоғарғы өмірлік қатынастар мен байланыстарды
құрады, яғни баланың әлеуметтенуіне ықпалын байқады.
Фребель педагогикасындағы жетінші түр ойын, ол бала әрекетінің барлық
бағыттарын біріктіреді. Және де ойын сыртқы әлемнің көрінісін беретін айна
болып табылады. Ойын кезінде өмір заңдары және оларды қалай балалар
қабылдайтындығы мен түсінетіндігі анықталады! Және ойын сөз, ән, қимыл, би
және т.с.с.арқылы ішкі өмірден тыс түсініктерді талап етеді.
Фребель мынаған назар аударады: бала болашақта жалпыға ортақ үлкен өмірдің
бір бөлігі болғаны маңызды, сол себепті балалар ойынын қадағалау және оған
жетекшілік ету ерекше назар аударуды талап етеді, ол дегеніміз: жетінші
әрекет түрі бар, оны қамқор тәрбиеші мен мұғалім құрметтеп, балалар мүддесі
үшін бақылауы тиіс...
Фридрих Фребель балалардың отбасында әлеметтенуіне аса назар аударған
Әкенің кез келген сабағы және кез келген ойы, кез келген кәсібі қандай да
бір адами білімдерді меңгеру үшін бастапқы пункт ретінде қызмет етеді.
Ата-налар, есте сақтаңыздар, оның ішіндегі әрекеттегі бастапқы санасыз
әрекеттер шынайы, оның еркінен тыс қатысуы арқылы әрекетке деген бірінші
талпынысты, білім алуға деген алғашқы талпынысты адам жасайды. Бұл көмекті
нығайтыңыз, дамытыңыз, балаңызға қажеттісін беріңіз, өз күш-қуатын біліп
қана қоймай, оны арттыру үшін оған өзінің күш-жігерін отбасылық, соның
ішінде өзіне қымбат істерге қолдануына мүмкіндік беріңіз.
Фребель әлеуметтену үдерісін оның мәніне қол жеткізудегі адамның дамуы мен
білім алуы деп сипаттаған.әтабандылықпен, үздіксіз адамды алға жетектейтін,
бір сатыдан екіншіге көтеретін,: сәбидің жалпы оянған сезімінен оның
бойында құлшыныс, бейімділік дамиды; олар жан мен жүректің пайда болуына
апарады; бұл құрылымнан балада ақыл-ой және ерік-жігер әрекеті дамиды.
Ерікті әрекетті ерікті табандылыққа жеткізу және осылайша, ең бастысы
өздігінен таза адамгершілікті білдіру үшін таза, мықты, төзімді және
табанды ерікті жандандыру - осы тәрбиелеу мен білім берудегі басты мақсат
және басты пункт. Сәби, жас тіршілік иесі жарық дүние есігін ашқан сәттен,
табиғи жаратылысына қарай өз күшін жан-жақты еркін қолдану мүмкіншілігіне
бағыттау, қоюы керек...
Фребельдің бұл идеяларының барлығы бүгінгі таңда да өзекті болып қала
бермек, сондықтан бұл әдістемелік құралда олар мектепке дейінгі білім беру
Бағдарламаларының мазмұнына сәйкес көрініс тапты. Әдістемелік құралды
ұсынылған ойындарды мектепке дейінгі білім беретін бағдарламалардың кез
келгенін іске асыру барысында пайдалануға болады.
Ойындардың әрқайсысы Қауіпсіздік білім беру саласының міндеттерін шеше
отырып, басқа да білім беру саласының міндеттерін шешуге ықпал етеді:
Қатынас - қауіпсіз жүріс-тұрыс әдіс-тәсілдерін меңгеру үдерісінде
ересектермен және балалармен еркін тілдесуді дамыту, алғашқы құнды
түсініктерін, өзі, отбасы, қоғам, мемлекет, әлем туралы түсініктерін
қалыптастыру, сонымен қатар қарапайым жалпыға ортақ қабылданған жүріс-тұрыс
нормалары мен ережелерін сақтауды дамыту;
Таным - әлем тұтастығының бейнесін қалыптастыру және дүниетанымын
кеңейту;
Еңбек - еңбек, кәсіп туралы түсініктерін қалыптастыру;
Қауіпсіздік - отбасы және қоғамда өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған
орта қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру;
Көркем әдебиетті оқыту - алғашқы құнды түсініктерді, өзі, отбасы және
қоршаған дүние туралы түсініктерін қалыптастыру үшін көркем туындыларды
пайдалану;
Көркем шығармашылық - Әлеуметтену саласын меңгеру нәтижелерін бекіту,
мазмұнын байыту үшін өнімді әрекет түрлерін пайдалану;
Денешынықтыру - еңбектің әр алуан түрін игеру үдерісінде баланың күш-қуат
сапасын дамыту. (Ұсынылған ойындарда арнайы іріктелген сергіту
жаттығуларында жүзеге асады);
Карточкалармен жұмыстың ерекшеліктері
Жұмысқа кіріспес бұрын осы жиынтықтың барлық карточкаларымен танысқан жөн.
Өлеңдер, әндер, жұмбақтар және бой жазу жаттығулары ұсынылған ойындар
мазмұнын байыту, олардың дидактикалық және дамытушылық мүмкіншіліктерін
кеңейту, алдағы уақытта оның сюжеті мен түрлену мүмкіншіліктерін жетілдіру
үшін іріктелген және ойынның басталуына қажетті ахуал туғызуға, ойын
алаңында отырып, біраз үзіліс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ойынды
ұйымдастыру кезінде көмекшілер ретінде пайдаланбас бұрын бұл қысқаша
туындыларды жаттап алу ұсынылады.
Әлеуметтену білім беру саласының міндеттерін шешуде пайдалануға ұсынылған
ойындардың басым көпшілігі сюжеттік-рөлдік. Бұл ересектің рөлін асыра
бағалау қиынға соғатын ойындар болып табылады. Ересек осындай ойындарды
құруға ықпал етеді, балаларды ойын материалдарымен қамтамасыз етеді,
балаларды қандай да бір рөлді ойнау ерекшелігімен таныстырады. Сонымен
қатар балаларға оған жаңа идеялар енгізу есебінен сюжетті кеңейтуге,
осылайша, балалар ойыны мен мектеп жасына дейінгілердің рөлде ойнауын
жандандыруға көмектеседі.
Құралда ұсынылған ойныдар келесі міндеттерді шешеді:
• ұсақ маториканы, қиялды, ойды дамыту;
• гендерлік түсінікті дамыту;
• бірлескен ойындарға деген қызығушылықты арттыру;
• қатынас дағдыларын дамыту;
• қоғамдық орындарда әлеуметтік жүріс-тұрыс дағдыларын дамыту;
• танымдық-зерттеу және өнімді (сындарлы) әрекетті дамыту;
• өзі және тобы жайлы түсініктерді дамыту;
• өзіндік сананы дамыту;
• ойын қимылдарын орындау іскерліктерін дамыту, ойын сюжеттерін ойлап табу
және дамыту;
• түрлі белгілері (түсі, нысаны, мөлшері) бойынша фигураларды ажырата білу
іскерліктерін жетілдіру;
• елінің бір мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру;
• қоршаған әлес тұтастығын қалыптастыру, балалар дүниетанымын кеңейту.
2. Ойын технологиясы
Қазақ елінің ғасырлары бойы аңсаған тәуелсіздікке енді ғана қолы жетсе,
оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі бала, ертеңгі күнің
еңбеккерлеріне байланысты. Олай болса, еліміздің болашақ құрлысшылары
бойына өмірге лайықты жаңа қасиеттер қалыптастыруды тәрбиеде бастау-шешуші
мәнге ие болатыны шындық. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден
белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық,
психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру
керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат өміріне тәрбие
мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде
ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің
талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің
сәбилік шағынан бастап, қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды
меңгерту ойынға байланысты.
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны,
өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы
түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-
әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын
шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды,
адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде
жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да,
оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек
балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне
сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше
бағалаған. Ойын негізінен балаларға денешынықтыру және эстетикалық тәрбие
берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар
ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, Бала ойында қалай
болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады - А.С. Макаренко
осылай жазыпты. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен
ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған
ортаны - адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған
жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процессінде
сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар
пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.
Ойынның негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті
немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар
жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынның жалпы
анықтамасы. Мысалы: Дүкен, Аурухана, Ұшақтар, Отбасы, Балабақшасы
және тағы сол сияқты болып ойнайды.
Бала ойын ойнағанда өмірінде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-
әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық
ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін
бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім
істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен
көмектесіп жіберсем, бәрінде өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу
ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі
мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана.
Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын
сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі
мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып,
өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға
өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз
мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді,
қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім.
Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай
бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса,
балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.
Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да,
оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық
қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын
процесінің тәрбиелік мәні мол. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды
дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл - қозғалыс
қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын – баланы жан-
жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын
түсінуіне әсер етеді. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын
да сондай қажеттілік болып саналады.Ойын арқылы баланың дербестігін демеп,
оны ілгері дамытуға деген сенім тәрбие саласындағы тиімді әдіс екендігін
нақты сабақ барысындағы ойыннан жан-жақты байқауға болады. Баланың үлкені
кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы
олардың жастайынан бірге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені ойын
балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас
болмаса, бір отбасындағы балалардың өзі де бір-біріне салқын, жат-бауыр,
керек десе бірін-бірі жеп көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады.
Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір
түрі. Оны мынандай кесте арқылы суреттесек те болады:
Бұл жерде Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
➢ Ойын – сауық;
➢ Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
➢ Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі тану);
➢ Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
➢ Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіріп, өз қажетін қалай
қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді.
Ойының ережелері ойнаушыладың қисынды ой қабілетінің бір - біріне деген
сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды.
Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы ол қарсы мүмкіндігімен
санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның негізгі мақсаты -
баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті –
сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге,
ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті
меңгертуге қол жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара
қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын істерді
жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп
жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны
қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процессінде
балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлық мен өзара қарым-қатынасын
анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір.
Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып,
ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың
өзара қарым - қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады.
Ойын оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің
қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар
мазмұнына қарай , өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлдік, драмалық,
дидактикалық, құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып
бөлінеді.
Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды.
Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.
Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу
құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар
көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, Дүкен ойынын
ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал Аурухана болып
ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Педагог өткізілген
ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға,
өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін
ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-
төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым
ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға
болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай
отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік
ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты
ойластырған жөн.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби
шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті
–рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл
көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрлыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі
мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-
әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті -
рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар
көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар,
темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс
ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр
бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық
міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын балаларға мейліне тән оқыту формасы болып табылады. Оның
арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге
үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, Сиқырлы
қалпақтың сырын ашайық - деген ойында балаларды зат туралы айта білуге
үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қою. Ойын
міндеті - қалпақ астында не бар екенін білу.
Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық,
жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz