Бухгалтерлік есеп пен есептілік ережесі, мақсаты, маңызы


Бухгалтерлік есеп пен есептілік ережесі, мақсаты, маңызы
Теориялық мағынасы бойынша бухгалтерлік есеп шаруашылық есептің бір түрі, өте күрделі экономикалық ғылым.
Бухгалтерлік есеп - шешім қабылдаушы тұлғалармен (қызметкерлермен) шаруашылық әрекеттерді байланыстырушы буын. Ұйымдағы болып жатқан шаруашылық әрекеттермен шаруашылық операцияларды тіркеп есепке алады. Сондықтан бухгалтерлік есептің мақсаты:
- шаруашылық әрекеттерді қадағалайды;
-қадағалаудың барысында мәліметтерді ақшалай, еңбекті және натуралды өлшегіштермен өлшейді;
- алынған мәліметтерді тіркегіштерге тіркейді;
- барлық әрекеттерді бастапқы құжаттар негізінде шоттар жүйесінде өңдейді;
- пайдаланушыларға басқарушылық шешімдер жасау үшін есептілік жасалып тапсырады. Осыдан, бухгалтерлік есеп бақылаушылық, ақпараттандыру және аналитикалық қызметтерді атқарады.
Кәсіпкерлік ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастырып жүргізу үшін шаруашылық әрекеттердің формаларымен түрлерін айыра білу қажет.
Кәсіпкерлік ұйымда бухгалтерлік есепті жүргізуі заңды және белгілі талаптар бойынша ұйымдастырылады, сондықтан әр бухгалтердің өзіндік арнайы қызметі белгіленеді.
Қаржылық есептілік
(баланс, пайдамен залал туралы есептілік, ақша қаражат қозғалысы туралы, меншікті капиталдың өзгерісі туралы)
Есептік регистрлар
(журналы- ордерлер, ведомосттер)
Статистикалық есеп
Салықтық есеп
Құжаттарды өңдеу
(есеп жүйесінде жазбаларды тіркеу)
Басқарушылық
Ұйымда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы 4-деңгейлі нормативті құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
бірінші деңгейлі ҚР Заңы № 234-ІІІ 2007жылы 28. 02. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы». Бұл құжат бойынша бухгалтерлік есеп - кәсіпкерлік ұйымда болып жатқан құбылыстарға ақпарат жинақтау, тіркеу және оларды қорытындау қызметін атқарады;
екінші деңгейлі құжат - ХҚЕС (41 стандарт 2005-2006ж. ) және ҰҚЕС (31. 01. 2013ж. ) . Бұл құжат бухгалтерлік ақпаратты ұсынуға (жасауға, тапсыруға), өлшем мен бағалаудың ережелерін, тәртібін анықтайды;
үшінші деңгейлі нормативті құжат ол- ҚР ҚМ-лігінің нормативті актілер, нұсқаулар, «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі» 2007ж 22. 06 ҚР ҚМ болып танылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі қарастырады ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастырып жүргізудегі негізделетін заңды, нормативті құжаттарын, бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттарын, қаржылық есепті жасап беруін. Бұл жағдайлардан басқа толық және нақтылы қарастырылған:
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы;
Шаруашылық операцияларды бастапқы құжаттармен және есептік регистрлармен рәсімдеуі;
Кассада кассалық операциялар есебін жүргізу және ақша қаражатты түгендеу тәртібі туралы;
Ұйымдағы қорлар есебін жүргізу және қорларды түгендеу тәртібі туралы;
Ұйымдағы негізгі құралдар мен МЕА есебін жүргізу және түгендеу тәртібі туралы;
кассалық операциялардың түгендеу нәтижелерін қорытындылау туралы;
төртінші деңгейлі нормативті құжат ұйымның есеп саясаты болып танылады.
Есеп саясат - ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, нақты негіздермен принциптер, кәсіпорын қаржылық есеп беру барысында қабылдаған ережелер, қағидалар, тәжірибелер және жағдайлар.
Ұйымның есеп саясатын бас бухгалтер құрастырады басшысы бекітеді.
Ұйымның есеп саясаты қамтиді: жалпы бөлімді, ұйымдастыр-техникалық бөлімді, әдістемелік бөлімді және есеп саясаттың орындалуын бақылауды.
Жалпы бөлім ұйымның есеп саясатының құрылуы, заңды құжатрға негізделуі және құрылу барысында қандай ерекшеліктерге негізделгенін қарастырады.
Ұйымдастыру-техникалық бөлім - ұйымның құрылуы, мекен жайі, шаруашылық бағыты, мақсаты, қызметкерлер саны, құрылтайшылар туралы, құжат айналымы т. б. сияқты мәліметтерді қарастырады.
Есеп саясаттың әдістемелік бөлімінде бухгалтерлік есеп шоттардың қолдануы (4-ші санының белгіленуі), құндылықтардың бағалану әдістері, тозу есептеуде қолданатын әдістері, түгендеу жасаудағы комиссия мүшелері, кассадан жауапкершілікке босатылатын қызметкер тізімі, іс сапарға баруда есептелінетін тәулік шығандардың қаражат шектелуі, түгендеу нәтижесінде жетіспеушілікке қолданатын табиғи шығындардың нормалары т. б. сияқты маңызды жағдайлар көрсетіледі.
Есеп саясаттың орындалуына ұйымның басшысы жауапты болып табылады.
Бухгалтерлік баланс, есеп жүйесі.
Ұйымның шаруашылық әрекеттермен басқару үшін ресурстар және оның пайда болуы туралы мәліметтер қажет. Ағымдағы активтермен басқаруы тез арада экономикалық пайданы көздейді, сондықтан неғұрлым олар айналымда болса солғұрылым ұйым үшін тиімді.
Осы әрекеттердің бәрі бухгалтерлік есепке алыным тиісті регистрларға тіркелгеннен кейін қаржылық есепте көрсетіледі. Қаржылық есептің төрт формасының ең бастысы - ол, бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланс екі бөлімнен қалыптасқан есептіліктің формасы. Бір бөлімі - актив деп аталады, екінші бөлімі - пассив деп аталады.
Актив жағы екі бөліктен құрылған, онда ұйымның ресурстары көрсетілген (қысқа және ұзақ мерзімді) . Ал, пассив жағы үш бөлімнен құрылған, онда міндеттемелер (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) және ұйымнын меншікті капиталы.
Сонымен бухгалтерлік баланс - бұл бухгалтерлік есептің бір элементі. Баланс деген сөз теңестіруді білдіреді. Актив болу керек міндеттемелермен меншікті капиталға тең.
Баланстың әр жолы баб болып аталады.
жылдың « »
Бухгалтерлік балансы
( 1 Форма)
Ұйым аталуы
Ұйымның шаруашылық түрі
Ұйымдастыру - құқықтық формасы
Ұйымның мекен жайы
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
ть
Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
Мөр орны
Шаруашылық операциялардың баланспен байланысы.
Бухгалтерлік баланс белгілі мерзімге ұйымдағы мүліктерімен қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа есептілік. Бұл мәліметтер ұйымда болып жатқан шаруашылық қозғалыстарға қарай өзгеріп отырады. Бір бабтарында көрсеткіш көбееді, басқа бабтарында азаяды. Шаруашылық әсерінен осы өзгерістер төрт түрге бөлінеді (типке) .
І типте - баланстың актив жағындағы бабтары көбееді де азаяды, бірақ баланс валютасы өзгеріссіз қалады.
ІІ типте - баланстың пасив жағындағы бабтары көбееді де азаяды, бірақ баланс валютасы өзгеріссіз қалады.
ІІІ типте - баланстың актив жағындағы бабы да көбееді, баланстың пасив жағындағы бабы да көбееді, бірақ баланс валютасы өзгеріссіз қалады.
ІV типте - баланстың актив жағындағы бабы да азаяды, баланстың пассив жағындағы бабы да азаяды баланс валютасы өзгеріссіз қалады.
Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялар деп аталады.
Шаруашылық операцияларының әсерінен мүлік өзгереді, ал он бухгалтерлік баланста көрсетілетін болғандықтан, оның әсерін баланс та өзгереді.
Мысалы, ай ішінде келесіден шаруашылық операциялары жүзеге асқан.
Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін кассаға е. а. шотынан ақша түсті - 145 000 теңге.
Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді - 180 000 теңге.
Алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды - 80 000 теңге.
Кассадан еңбек ақы берілді - 140 000 теңге.
Сөйтіп, шаруашылық операциядардың нәтижесінде баланаста келесіндей өзгерістер болады:
Активтің бір бабы көбейеді, ал екіншісі
сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
Пассивтің 1 бабы кқбейеді де, екіншісі
сол сонаға азаяды. Баланс валютасы
өзгермейді.
Бірдей сомаға активтегі де, пассивтегі
де баптар көбейді. Баланс валютасы да
сол сомаға көбейеді.
Активтегі және пассивтегі баптар бірдей
сомаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды.
Кез келген шаруашылық операцияның нәтижесінде баланс Активі мен Пассивінің тепе-теңдігі әрқашан сақталады.
Тапсырма:
Шаруашылық операциялардың типтерін анықтау:
1. Ағымдағы банктік шоттан жеткізушілерге берешек аударылды 154000тг.
2. Кассаға сатыпалушылардан берешек кірістелді 103400тг.
3. Банк несиесі арқылы жеткізушілерге берешек төленді 331000тг.
4. Жеткізушінің шоты қызметкер арқылы төленді 75200тг.
5. Жеткізушіден материалдар қоймаға кірістелді 112300тг.
6. Жұмыскерлерге еңбек ақы кассадан төленді 51600тг.
7. Қызметкердің жауапкершілігіне кассадан босатылды 56400тг.
Ұйым мүліктерімен пайда болу көздері.
Бухгалтерлік есеп пәні - ұйымның шаруашылық операцияларымен процесстері.
Ал, бухгалтерлік есептің объектісі - ұйымның активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы, кірістермен шығыстары және пайдасымен залалы.
Бухгалтерлік есептің әдістері мен элементтері - ол, құжаттандыру, шот пен екі жақты жазу, бағалаумен калькуляция, түгендеу, бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептілік.
Ұйымдағы әр жасалған шаруашылық операциядан объектілердің өлшемдері, көлемдері өзгерістерге ұшырап отырады. Ұйымның шаруашылық операциларда қолданатын құралдары активтер болып аталады, ал олардың пайда болған көздері міндемелер болады. Шаруашылық әрекетрді жүргізу үшін жұмсалатын қаражат меншікті капитал болады, ал шаруашылық процестерден анықталған қаржылық нәтиже кіріс немесе зиян болуы мүмкін.
Активтер мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді, олар ақша қаражаттар (банктегі есеп айырысу шоттағы, ұйым кассасындағы), инвестициялар, қорлар, дебиторлық берешектер ( ұйым қызметкерлерінің, сатыпалушылардың) . . .
Пайда болу көздер (пассивтер) мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді, жеткізушілерге кредиторлық берешектер, банкке алынған несие үшін, жұмысшыларға еңбекақы ретінде, бюджетке салықтар ретінде . . .
Меншікті капитал - жарғылық капитал, эмиссиялық кірістер, бөлінбеген табыс.
Тапсырма: берілген мәліметтерді ұйымның активпен пассивіне бөліп төмендегі кестеге орналастыр:
9 Сатыпалушылардың дебиторлық берешегі 514800
Бухгалтерлік есеп шоттар ұғымы, шот жоспар құрылымы
Бухгалтерлік есептің шот жоспары №185 2007ж 23. 05 ҚР ҚМ бекітілген.
Бухгалтерлік есептің шот жоспары негізгі және уақытша шоттардан құрылған, олар 8 бөлімнен қалыптасқан:
І бөлім - қысқа мерзімді активтер - негізгі активті ;
ІІ бөлім - ұзақ мерзімді активтер - негізгі активті;
ІІІ бөлім - қысқа мерзімді міндеттемелер - негізгі пассивті;
ІV бөлім - ұзақ мерзімді міндеттемелер- негізгі пассивті;
V бөлім - капитал мен резервтер - негізгі пассивті;
VІ бөлім - кірістер - транзиттік пассивті;
VІІ бөлім - шығыстар - транзиттік активті;
VІІІ бөлім - өндірістің есеп шоттары - транзиттік, калькуляциялық, активті.
Бухгалтерлік есептің шот жоспарының бөлімдері бухгалтерлік есепте пайдалану бағытына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Шоттардың жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны - бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан, екіншісі - кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.
Бухгалтерлік есептің шот жоспардың негізгі шоттары баланстың бабтарын толық қамтиды.
Әр-бір активке, міндеттемеге немесе капиталға жеке шот ашылады.
Шот дегеніміз екі бөліктен құрылыған кесте - теріс жағы «дебет», оң жағы «кредит» деп аталады. Дебет жығына жиналатын сомалар дебет айналымы, кредит жағына жиналатын сомалар кредит айналымы деп аталады. Активті шоттарда сальдо үнемі дебетте, пассивті шоттарда сальдо кредитте болады. Активті шоттардың көбеюі (+) кіріске алынуы дебетте, азаюы (-) шығысқа шығарылуы кредитте жазылады.
Дактивті шот-да К
Б-қы с.
Д Капитал шот К
Б-қы с.
Д Міндет-р шот К
Б-қы с.
С с-до = Бс + Д а - Ка С с-до = Бс + Ка - Да С с-до = Бс + Ка - Да
Шот корреспонденцияны дұрыс көрсету үшін мына жағдайларға көңіл аударылу керек:
Шаруашылық операцияда қандай шоттар қолданылады (объект) .
Шоттардың маңызын анықтап алу керек (актив, міндеттеме, капитал) .
Шаруашылық операция әрекетінде қандай өзгерістер анықталды (көбеюі, азаюы) .
Шаруашылық операцияның өзгерістерінде қандай шоттар дебеттелді, қандай шоттар кредиттеледі.
Мысалы: Алынған отын үшін жеткізушінің шоты акцептелді 1тг.
Бұл жерде, екі объект ескеріледі: кірістелген отын 1310шот және жеткізушінің алдында міндеттеме 3310шот.
1310шот -актив шоты, 3310 -міндеттеме (пассивті) шоты.
Кәсіпорын қоймасында актив көбейді, жеткізушінің алдында міндеттеме пайда болады (қаражат бойынша берешек болып табылады) .,
Шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарда көрсетілуі.
Әр бір шаруашылық операция бухгалтерлік есеп шотта екі жақты жазу әдіспен жазылады, бір сома бір шоттың Д-не екінші шоттың К-не жазылады, сондықтан баланстық теңестру сақталады. Ол үшін шаруашылық операцияның объектісін анықтап алу керек, мысалы жұмысшылардың еңбекақысын төлеу үшін ағымдағы банктік шоттан ұйым кассасына 6тг. алынды. Бұл жерде объект болып банктік шот және касса болады. Енді ақша қайдан алынды, қайда салынды екенін анықтау керек, ол кассаға алынды, банктік шоттан есептен шығарылды (кетті), сондықтан болады Дт 1010 Кт 1030.
Шаруашылық операцияларды құжаттау
«Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілігі туралы» Заңға сәйкес бухгалтерлік құжаттау деген қамтиды: бастапқы құжаттауды, бухгалтерлік есептік регистрлердіқаржылық есептілікті және есеп саясатты. Ал барлық бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде.
Бастапқы құжаттар- шаруашылық операциялардың нақты жасалғаны туралы дәлелдейтін факт.
2007ж 21. 06 №216 ҚР ҚМ “Бастапқы құжаттардың формаларын бекіту” бұйрығы және Есептік регистрлер бекітілген.
Кез келген ұйым өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін алдымен келісім шарт жасайды, тауар алам деген ұйымға сенімхат (кітапта тіркеледі) береді.
Сенімхат бойынша жеткізушінің қоймасы шығыс накладной жазады, осы құжат негізінде сол ұйымның бухгалтериясы шот-фактура толтырады (кітапқа тіркеледі) . Аталған құжаттар рәсімделіп болғаннан кейін жеткізуші сатыпалушыға жүкті жеткізіп береді. Сатыпалушының қоймасына жүк шот-фактура бойынша түгенделіп қарап алынады. Шот-фактура бухгалтерияға (кітапқа) тіркеледі, қоймашы (жауапты тұлға) қабылдап алғанда кіріс ордерін жазады. Есептік кезең соңында әр жауапты тұлға осындай әрекеттері үшін бухгалтерияға материалдық (тауарлық) есебін тапсырады. Берілген сенімхат журналына белгі жазылады - келіп түскен жүкке. Бухгалтер есептерді өңдеп бухгалтерлік есеп регистрларға түсіреді. Осылай әр құжаттың мәліметтері бухгалтерлік баланста көрініс табады.
Саудалық ұйымдарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Тауар қандай мақсатпен және қанша алынатынына байланысты, тауар айналымы -көтерме; (қойма және транзиттік)
- бөлшектік болуы мүмкін.
Көтерме тауар айналымы дегеніміз- тауарды әрі қарай көп бірліктермен қайта сатуды атайды.
Бөлшектік тауар айналымы - бұл тауарды тікелей тұтынушыларға сатуды айтады, тауарды бөлшектеп немесе бір-біреуден сатады.
Саудадағы есептің негізгі объектісі болып тауар табылады. Тауарлық-материалдық қорларды есепке алу тәртібі ҰҚЕС-та және 2 «Қорлар» ХҚЕС белгіленген. Осы стандарттарға сәйкес, субъект қорларды кемінде екі шамадан өлшеуге тиіс: өзіндік құн мен аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату құны (өткізудің таза құны) .
Қорлардың өзіндік құны, ол оларды сатуға тұрған жеріне дейін жеткізу және оларды жеткізу мақсатында жүргізілген сатып алуға, қайта өңдеуге және өзге де шығындарға жұмсалған барлық шығындар жиыны.
Тауарларды (өнімдерді) өткізгеннен түскен түсім тауарайналым болып табылады.
Барлық тауар операцияларын үш түрге бөлуге болады:
1/ тауардың түсуі;
2/ тауарларды сату;
3/ басқа тауарлық операциялар - тауар шығындарын есептен шығару, тауарды сұраныстан артық ұсыну (және бағалау), тауарды пайдалану мерзімінде сатуды үлгермеу, түгендеу қорытындыларын қамту, тауарларды ұйым ішінде алмастыру т. б.
Әр тауар операциясы оны жүзеге асыру барысында тиісті құжатпен рәсімделеді. Құжаттардағы мәліметтердің растығы туралы жауапкершілік осы құжатты құрастырған және қол қойған тұлғаларға жүктеледі.
Сауда кәсіпорындарына тауарлар түрлі жеткізушілерден, олармен жасалынған сату-сатып алу келісім-шарттарына, комиссиялық келісімдеріне, агенттік келісімдер т. б. сәйкестерден түседі.
Жеткізушіден тұтынушыға дейін тауардың қозғалысы тауарлық-ілеспелі құжаттармен рәсімделеді: тауарлық накладнойлар, көліктік жүк құжаттары, шоттар және салық шот-фактуралары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz