Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні


Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні.
Бухгалтерский учет - это зеркало прошедшего,
руководитель будущего, порядок во всех сферах
хозяйства, статистика и история предприятия .
В. Джитти
Кез келген кәсіпкерлік ұйымдарда болып жатқан құбылыстар бухгалтерлік есеп арқылы есепке алынады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық есептің бір түрі.
Ұйымдағы құбылыстарды бастапқы құжаттар негізінде есептік регистрларға тіркеп қаржылық есептілікті жасап отырады.
Сондықтан, бухгалтерлік есептің пәні кәсіпкерлік ұйымдардың шаруашылық қызметтері болып танылады. Шаруашылық қызметтер бірнеше шаруашылық процестерден түрады: қамтамасыз ету, өндіру (немесе өңдеу) және өткізу (сату) .
Шаруашылық процестерді жүзеге асыру барысында сандық көрсеткіштер (өлшеуіштер) қолданылады: заттық, еңбек және ақшалай.
Аталған шаруашылық процестер көптеген шаруашылық операциялардан қалыптасады. Шаруашылық операциялар бастапқы құжаттар негізінде жасалады. Жазылып тіркелген бастапқы құжат бухгалтерлік есепке алынады.
Бухгалтерлік есепке алынған құжат сол есептік кезеңнің қаржылық есептілігіне есептеліп қорытындылады.
Қаржылық есептілік жасау барысында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заңға сәйкес қағидалар орын табады, ол есептеу, ұздіксіздік, түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, дұрыстық, бейтараптық, сақтық, тиянақтылық, салыстырмалық, кезектілік, әділеттілік.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің түрлері
Ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастырып жүргізу үшін осы ұйымның шаруашылық қызметін білу керек. Қазақстан Республикасының аумағында кез келген шаруашылық кәсіпкерлікпен шұғылдануға болады, егер ол Заңға қайшы келмесе және оның Жарғысы болса. Шұғылданатын кәсіпкерлік түрі ұйымның Жарғысында көрсетіледі, сонымен қоса Жарғыда ұйымның аты-жөні, мекен жайы, жасалатын әрекеттердің мақсаты, ұйымның мүліктерінің қалыптасуы, құрылтайшылар құрамы т. б. жағдайлар.
Шаруашылық субъектілер өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, сауда-саттық әрекеттер, құрылыс салу т. б. кәсіпкерлерлік әрекеттермен шұғылдана алады.
Қазақстан Республикасында Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың формалары бар.
Коммерциялық ұйымдардың (заңды тұлға ретінде) келесі түрлері болады:
- акционерлік қоғамдар (ашық, жабық) ;
- шаруашылық серіктестіктер (толық, жауапкершілігі шектеулі, коммандиттік және қосымша) ;
- мемлекеттік ұйымдар (шаруа жүргізу негізінде және жедел қызмет көрсету негізінде) ;
- өндірістік кооперативтер.
Жеке тұлға ретінде - жеке кәсіпкерлер (патент және куәлік негізінде) .
Коммерциялық емес ұйымдар - ол, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтер, діни бірлестіктер, жастар бірлестіктері.
Бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен бекітілген тиісті нормативтік құжаттармен (актілермен) жүзеге асырылады.
Олар:
1-деңгей - заңдық «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заң;
2-деңгейлі -қаржылық есеп бойынша стандарттар (ХҚЕС, ҰҚЕС) ;
3- деңгейлі - әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар, бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі;
4 -деңгейлі - ұйымның өз есеп саясаты және салықтық саясаты.
Кәсіпкерлік ұйымның мүліктері мен пайда болу көздері.
Бухгалтерлік есептің объектілеріне ұйымның мүліктері мен оның пайда болу көздері жатады.
Ұйымның мүліктері (ресурстары), ол өткен шаруашылық операциялар нәтижесінен пайда болған активтер. Олар бухгалтерлік есеп шоттардың жоспарының I және II болімдеріндегі активтерге сәйкес келеді: айналымды құралдар: ақша қаражаты, қорлар, дебиторлық берешектер, инвестициялар; өндіріс құралдар: негізгі құралдар, МЕА. Бұл құралдар пайда болады жеткізушілерден, құрылтайшылардан, инвесторлардан және басқа да көздерден. Пайда болғаннан кейін олардың алдында міндеттеме пайда болады (төлем), бухгалтерлік есеп шоттардың жоспарының III, IVжәне V болімдеріндегі міндеттемелер мен меншікті капиталға сәйкес келеді.
Мысалы : кәсіпорында есепті мерзім басында болған қаражат:
Ғимараттар 754 000тг.
Еңбекақы төлеу бойынша берешектер 24 000тг.
Зейнетақы қорына берешек 11 400тг.
Аяқталмаған өндіріс 25 000тг.
Жарғылық капитал 757 000тг.
Резервтік капитал 55 000тг.
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша 62 410тг.
Кассадағы теңгемен ақша қаражаты 11 090тг.
Банкке қысқа мерзімді қарыз 26 000тг.
Материалдар 70 300тг.
Отын 12 800тг.
Өзге дебиторлық берешектер 2 000тг.
Өзге кредиторлық берешектер 2 500тг.
Жеткізушілерге берешек 15 000тг.
Дайын өнім 55 600тг.
Бөлінбеген табыс 42 300тг.
ҚҚС бойынша бюджетке берешек 60 000тг.
Осы қаражаттарды түрлері мен пайда болу көздері бойынша орналастырса болады :
Бухгалтерлік есеп әдістері мен элементтері
Бухгалтерлі есеп пәні оның қолданған әдістерімен тәсілдері болып танылады.
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтер зерттеледі.
Осы әдістер мен тәсілдер жиыны бухгалтерлік есеп тәсілі болып есептеледі. Әрбір қолданған тәсіл мен әдістер бухгалтерлік есеп әдістерінің элементері болып табылады. Бұл элементерге: құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляциялау, шот жоспары, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп беру жатады. Осының бәрі байланысты, ақшалы формада бухгалтерлік есептің объектілерін қорытындылап жинақтауын қамтиды.
Құжаттама - шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі, бухгалтерлік жазуларға заңды құшін еңгізеді.
Түгендеу - бухгалтерлік есептің мәліметтеріне нақты бар құндылықтардың сәйкестігін тексеру әдіс. Кәсіпорындағы құралдардың сақталуын бақылау үшін нақты жағдайды қамтиды.
Бағалау - бухгалтерлік есептегі объектілердің құндылығын көрсететін әдіс немесе белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу.
Калькуляция - өнімнің (қызмет, тауарлардың) бірлігінің өзіндік құнын ақшалай есептеп анықтайтын тәсіл, немесе өнім өндіріп, өткізуге жасалған шығындарды ақшалай бейнелеп шығару амалы.
Бухгалтерлік есеп шоттардың жоспары - қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Бухгалтерлік есептің объектілеріндегі ағымдағы қозғалыстардың есебін қамтиды, құжаттар негізінде шаруашылық операцияларға жеке шоттар ашады.
Екі жақты жазу - шаруашылық операцияларды екі рет жазу әдісі, бір соманы бір шоттың Д-не, екінші шоттың К-не көрсету әдіс, сонда Д= К болу тиіс.
Баланс - кәсіпорынның активтері, міндеттемелері мен капиталын белгілі мерзімде ақшалай түрде топтастырып жинақтаған есепті форма.
Қаржылық есеп - кәсіпорынның қаржылық нәтижесін белгілі бір кезеңде көрсеткіштер жүйесін баяндайтын әдіс.
- құжаттау;
- түгендеу;
- бағалау;
- калькуляциялау
- шоттар;
- екі жақты жазу;
- бухгалтерлік баланс
Есептік регистрлер (журнал-ордерле, мемор. орд . . . ),
Бас кітап
- есептілік
Бухгалтерлік баланс
Шаруашылық қызметті жедел басқару үшін басшы, маман ұйымның мүліктері мен міндеттемелер туралы ақпараттарға хабарды болу тиіс. Бұл ақпарат бухгалтерлік баланс арқылы жүзеге асады. Баланс уақыты бойынша болады: кіріспе, ағымдағы, таратылу, бөлу, қосылу.
Бухгалтерлік баланстың бабтары бухгалтерлік есеп шоттардың жоспары мен тығыз байланысты. Бухгалтерлік баланста есептің кезеңнің басы мен соңына ақшалай түрде активтер мен пайда болу көздері туралы ақпарат көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланстың негізі болып теңестіру танылады Актив = міндеттеме + меншікті капитал. Қаржылық есептілікте баланс екі бөлімнен қалыптасқан форма. Форманың сол (екі бөлмнен түрады) жағында ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер орын табады, оң жағында (үш бөлмнен түрады) қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал орын табады.
Шаруашылық операциялар ықпалынан баланс IV типті өзгерістерге ұшырайды:
I тип - шаруашылық әрекеттерден баланстың активті бабтары ғана өзгереді (а+, а-), ал баланс валютасы өзгеріссіз қалады;
II тип - шаруашылық әрекеттерден баланстың пассивті бабтары ғана өзгереді (п+, п-), ал баланс валютасы өзгеріссіз қалады;
III тип- шаруашылық әрекеттерден баланстың активті бабтары және пассивті бабтары көбееді (а+, п+), ал баланс валютасы өзгеріссіз қалады;
IV тип - шаруашылық әрекеттерден баланстың активті бабтары бабтары және пассивті бабтары көбееді (а-, п-), ал баланс валютасы өзгеріссіз қалады.
жылдың « »
Бухгалтерлік балансы
( 1 Форма)
Ұйым аталуы
Ұйымның шаруашылық түрі
Ұйымдастыру - құқықтық формасы
Ұйымның мекен жайы
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
ть
Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
Мөр орны
Мысалы :
Кіріспе баланс: тенге
Шаруашылық операциялары шоттарының корреспонденцисы:
р\р
№
Корреспонденция
Д
Жеткізушілерден түскен шикізат пен материалдар
ҚҚС сомасына 12%
32000
?
1310
«Шикізат пен м- р»
1420
ҚҚС
3310
«Жеткізушілерге берешек »
Қызметкер аванстық есеп ұсынды
кеңсе тауарлар алғанына
Пайдаланылмаған соманы кассаға өткізді
100
18
1310
«Басқа да м -р»
1010
«Кассадағы теңгемен ақша»
1250
«Қызметкерлердің дебиторлық берешегі»
3350
« Еңбекақы бойынша қ. м. берешек»
3120
«Жеке табыс салығы»
1010
Кас. қолма қол ақша
1030
«Ағымдағы банктік шоттағы ақша»
3120
«Жеке табыс салығы»
1030
«Ағымдағы банктік шоттағы ақша»
3350
« Еңбекақы бойынша қ. м. берешек»
1010
«Кассадағы теңгемен ақша қаражаты»
3310
«Жеткізушілерге берешек »
1030
«Ағымдағы банктік шоттағы ақша»
8110
« Н. ө. материалдары»
1313
«Отын»
3010
« Қ. . м. банктік қарыз»
1030
«Ағымдағы банктік шоттағы ақша»
1250
«Қызметкерлердің дебиторлық берешегі»
1030
«Ағымдағы банктік шоттағы ақша»
3010
« Қ. . м. банктік қарыз»
3390
«Басқа да кредиторл. »
1030
«Ағымдағы банктік шоттағы ақша»
1280
Басқа д-қ береш.
8110
Негізгі өндіріс
1340
«аяқталмаған өндіріс»
8110
Негізгі өндіріс
8111
«материалдар»
1320
«Дайын өнім»
8110
«Негізгі өндіріс»
1340
«аяқталмаған өндіріс»
8110
«Негізгі өндіріс»
Айналым ведомосі
Ай басындағы
қалдық
Ай ішіндегі айналым
дар
Ай соңындағы
қалдық
Шахматтық айналымдық ведомость.
д-н
шот
Есептің кезең соңындағы баланс:
Активтер - ХҚЕС сәйкес қысқа мерзімді : ақша қаражаты мен оның баламалары және 12 ай ішінде шаруашылық процеске қатысып кәсіпорынға пайда түсіру қабілеті бар активтер. Өзге активтердің бәрі ұзақ мерзімді болып табылады.
Міндеттемелер - өткен мерзімдегі шаруашылық қозғалыс нәтижесінде пайда болған міндеттемелер, олар міндетті түрде төленуге тиіс (активтің шығу нәтижесінде) кәсіпорынға пайда түсіру барысында. ХҚЕС сәйкес қысқа мерзімді - бір жыл ішінде төленетін міндеттемелер, бір жылдан астам міндеттемелер - ұзақ мерзімді болып табылады.
Меншікті капитал - міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капиталдың құрамына құрылтайшылардың салымдары мен бөлінбеген табыс жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz