Әлеуметтік нормалар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 3

  1. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУШІ РЕТІНДЕ5Әлеуметтік нормалардың түсінігі, мазмұны. 5Әлеуметтік нормалардың түрлері. 8Әлеуметтік нормалардың функциялары. . 10
  2. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ. . 12Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі……… . . . 12Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері. . 16

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… 28

КІРІСПЕ

Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы норималарды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысал, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы[5, 45] . Екіншіден, «құқық» деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері » болып табылады. Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. [6, 64] Мысалы, конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, қылмыстық құқық . Төртіншіден, «құқық » термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.

Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп -басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік бағытын дамытып, нығайту; мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, арақатынасын реттеп басқарып отыру;

- халықаралық қатынастарды реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады :1) құқықтың объективтік түсінігі объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; 2) құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту.

Құқықтың негізгі қағидалары:

1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;

2. Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;

3. Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен нормативтік актілернің орындалуын бақылап отыру.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУШІ РЕТІНДЕ

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырады. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды[6, 98] . Мысалы; Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік деді, орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

Құқық адамадардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады, мінез- құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан- жақты әсер етеді, мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал. Құқық -қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, мазмұны, маңызы мен нысаны, сайып келгенде қоғамның мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде; «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес»-деді.

  1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі, мазмұны

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:

1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т. б. ) ;

2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;

3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.

Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық тәжірибе туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік, әсіресе, діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдык және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы - қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі - нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы - сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып, нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа бөлуге болады:

- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т. б. ;

- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;

- адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:

- табиғи нормалар - ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;

- ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;

- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;

- құқықтық нормалар.

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

Әлеуметтік нормалардың белгі-нышандары:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар, ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.

2. Әлеуметтік нормалар - қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.

3. Әлеуметтік нормалар жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.

Осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:

- құқық нормасы;

- моральдық нормалар - жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер;

саяси нормалар;

- эстетикалық нормалар;

- қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;

- адамгершілік нормалары - олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді;

- әдет-ғұрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;

- салт-дәстүр нормалары - әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т. б. дәстүрлері;

- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.

Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі.

Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады.

Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі - қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі - жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты. Бұл объективтік бірлестік. Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды.

Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптастырады. Бұл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.

Әлеуметтік норма - қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп-басқару нормалардың жиынтығы.

  1. Әлеуметтік нормалардың түрлері

Әлеуметтік нормалардың түрлері екі негізгі белгісі бойынша шектеледі:

  1. оларды орнату тәсілі бойынша;
  2. оларды қамтамасыз ету шарасының сипаты бойынша.

Әлеуметтік нормалардың түрлеріне жататындар:

  1. мораль нормалары (адамгершілік) - бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;
  2. қоғамдық бірлестік нормалары (корпоративтік нормалар) - бұл қоғамдық ұйымның өзімен бекітілетін және осы ұйымдардың жарғысында көрсетілген қоғамдық мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалатын мінез құлық ережелері. (мысалы, жазушылар немесе бау-бақшашылар одағының жарлығында көрсетілген белгіленген мінез құлық ережелерін орындамау оларды бұл бірлестіктен шығаруына әкеп соқтырады) . Басқаша айтқанда, корпоративтік нормалар тек ішкі қатынастарды реттейді: - қоғамдық бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) еркін білдіреді;
  3. салт-дәстүр, әдет-ғұрып нормалары - бұл белгілі бір қоғамдық салада тарихи даму үрдісінде қалыптасқан мінез құлық ережесі; көп рет қайталану нәтижесінде әдетке айналып, соның арқасында олар қоғамдық пікірде қолдау тауып қолданылып келеді(ер адамдарда қол алысу, бірінші төлқұжатты беру) ;
  4. құқық нормасы - мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формалді анықталған мінез құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері:

  1. мұнда реттеу пәні терең әлеуметтік - қоғамдық қатынастар;
  2. «субъектілік» құрамы әлеуметтік сала өкілдері ретіндегі тек адамдармен ғана байланысты.

Әлеуметтік нормалардың түрлерінен құқық нормасын (құқық) бөліп көрсетеді.

Егер құқық нормасын нормамен, мысалы моральмен салыстыратын болсақ олардың бірлігі және айырмашылығы бар.

Бірлігі:

  1. әлеуметтік норма жүйесінде олар әмбебап, барлық қоғамға таралатын болып көрініс табады;
  2. олардың реттеу объектісі бір - қоғамдық қатынастар;
  3. соңғы есепте қоғамнан туындайды.

Айырмашылығы:

  1. пайда болуы бойынша (егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, ал құқық - мемлекетпен бірге) ;
  2. көрініс табу нысаны бойынша (егер мораль қоғамдық санада болса, ал құқық - жазбаша нысанға ие арнайы нормативтік актілерде болады) ;
  3. әрекет ету ауқымы бойынша (егер мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық әлде қайда маңызды және реттеуге келетін қатынастарды) ;
  4. әрекетке енгізу уақыты бойынша (егер мораль нормалары әрекетке мойындалғаннан кейін енгізілсе, ал құықтық - нақты бекітілген мерзімде) ;
  5. қамтамасыз ету тәсілі боынша (егер мораль нормалары қоғамдық мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал құқық нормалары - мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен) ;
  6. бағалау өлшемі бойынша (егер мораль нормалары жақсылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық нормалары - заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес тұрғыда реттейді) .

Қоғамдық қатынастарды реттеу үрдісінде құқық пен мораль өзара әрекеттеседі. Олардың талаптары көп жағдайда сәйкес келеді: құық қолдайтын және даттайтынды ережеге сай моральда қолдап, даттайды. Және керісінше көптеген құқық нормалары нравствендықтан (өлтірме, ұрлама және т. с. с. ) туындайды[3, 87] .

Корпоративтік нормалар құық нормаларына ұқсас, өйткені:

  1. заңдық нормалар сияқты жазбаша актілерде - жалпы жиналыстарда, конференцияларда, съездерде қабылданатын құжаттарда (мысалы, жарғыда, шешімдерде) бекітіледі;
  2. ұйым мүшелеріне міндетті сипатқа ие;
  3. жүзеге асыруда ішкі бақылауды қажет етеді;
  4. өз нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету құралдарының тіркелген толық құрамырамына ие;
  5. нормалар жүйесі, яғни реттелген мінез құлық ережелерінің жиынтығы ретінде көрініс табады.

Сонымен қатар құқықтық және корпоративтік нормалар арасында келесідей айырмашылықтар бар:

  1. егер құқық нормалары мемлекетпен қабылданса, ал корпоративтік нормалар - сәйкес құрылымдармен қабылданады;
  2. егер құқық нормалары мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал корпоративтік - берілген ұйымның қоғамдық пікірінің күшімен;
  3. егер құқық нормалары жалпыға міндетті болса, ал корпоративтік нормалар тек сәйкесінше ұйымның мүшелеріне ғана міндетті;
  4. егер құқық нормалары қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттеуге арналса, ал корпоративтік нормалар - тек ішкіұйымдастырушылық.
  1. Әлеуметтік нормалардың функциялары

Қоғам - әлеуметтік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметтік институттардың әрқайсысы өзінің функцияларын, міндеттерін атқара отырып, қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, атқаратын міндеттеріне, қызметінің сипатына қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіре отырып қарастырады. Айталық, бірінші топта - экономикалық институттар. Олар ұлттық және трансұлттық корпорациялар, қоғамдық өндірісті, шикізат өнімдерін өңдеуші барлық зауыт, фабрикалар, экономикалық бірлестіктер, шағын және орта кәсіпорындар мен шаруашылықтар, индустрия және ауыл шаруашылығында қызмет көрсетуші субъектілер, шару шаруашылықтары, экономика институттарын өзара байланыстырушы жүйелер, банктер т. б. Әлеуметтік қызметтері - өндіріс жиынтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықты жасау және оны бөлу, экономиканы қоғамның басқа салаларымен үйлестіру. Сонымен қатар заң талаптарымен санаспай, табысы үкімет назарынан тыс қалып жатқан көлеңкелі экономиканың да қоғамда орын алып келе жатқанын ескеру қажет.

Екінші топта - қоғамның саяси ұйымы: мемлекет (заң шығарушы, атқарушы және соттық билік жүйесі) ; саяси партиялар (әлеуметтің әркелкі топтары мен қабаттарының мүдделерін бейнелей отырып, бұл мәселелердің мемлкеттің қатынасуымен шешілуін қамтамасыз ету, оған бақылау жасау және бұл істерге тікелей ат салысу, қоғамдық сана мәселері) ; мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар (халық және оның әркелкі әлеуметтік топтарының өмірлік мүдделерін бейнелеу, шешу немесе оны мемлекет алдына қою, мемлекетпен бірлесе отырып іске асыру) . Саяси ұйымның аталған үш элементтерінің (институттарының) қызметтері - қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын қамтамасыз ету және өркениетті даму идеологиясын, стратегиясын жасау, құндылықтарын нақтылау негізінде әлеуметтік ұйымдастыру. Әрине, жеке тұлға да басқару субъектісі. Ол ешбір ұйымға, партияға енбей-ақ, өзінің ғылыми, жасампаздық, мамандық еңбектері арқылы, ақпарат құралдарын пайдалану, сайлау құқын адал пайдалану т. б. жолдармен басқару, бағдарлау ісіне өз үлесін қоса алады. Сайлаудың демократиялық мүмкіндігін өзі мен халық таңдырын сеніп тапсыратын тұлғаларды дұрыс таңдауға саналы түрде пайдалану оның қоғам игілігіне тікелей қосқан үлесі деуге болады.

Келесі топта - әлеуметтендіру институттары: отбасы, балабақша, мектеп т. б. білім мекемелері, арнайы мәдени қызмет көрсету институттары (театр, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, музей, кітапхана т. б. ) . Міндетті қызметтері - жас ұрпақты қоғам мен әлеуметтік уақыт талабына сай жан-жақты тәрбиелеу, әлеумет мәдениетін, денсаулығын, интеллектуалдық рухани байлығын, азаматтық тіршілігін қамтамасыз ету. Төртінші топта - әлеуметтік бақылау институттары: сот жүйесі; ішкі қоғамдық тәртіпті, елдің қауіпсіздігін сақтау, ел іргесін қорғау органдары жүйесі және заңды бұзғандарды түзету мекемелері. Бұлардың қызметінің негізі - заң, Ата заң рухында даярланған заңдық - нормативтік құжаттар. Әрине, заңды оны қорғаушылардың өзі бұзса, өте өкінішті.

Сөйтіп, аталған әлеуметтік институттар өзінің тиісті қызметтерін барынша тиімді атқарса, қоғамның жоғары дамыған өкениетті әлеуметтік кеңістік екеніне еш күмән болмайды.

Қызметін атқаруға дәрменсіз әлеуметтік институт «дисфункцияға» (тиісті қызметін атқара алмауы) шалдығады. Оны реттеудің екі жолы бар. Біріншісі - оның қызметі ел үшін әлі қажетті болса, онда оны рефомалау. Құлаққа жиі естілетін «реформалау» ұғымының негізгі мәні де осында. Мекеме (ұйым) жұмысын қазігі сұранысқа сәйкестендіріп реттеу (мәселе кадрда ма, нормативтік құжаттарда ма, әлде дұыс басқалмай ма, соны нақтылау арқылы), қажетті жолға салу. Екіншісі - қызмет етуге дәрменсіз, түзетуге келмейтін мекеме ретінде оның ісін тоқтату. Кей жағдайда өз уақытында қажетті болған, жаңа кезеңде қажеттілігі қалмаған институттар да енді өз қызметін тоқтатады.

Кез келген әлеуметтік институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға байланысты:

  • бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;
  • мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндеттерін дұрыс анықтаған құжаттардың болуы және реттелуі;
  • әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрладың жеткіліктігі және олардың біліктілігі;
  • мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды қамтамасыз ете алатын матеиалдық базаның болуы.

Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп қабылдап, оны ішкі түсінігіне және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар барлық күш-жігерімен еңбек етеді[9, 46] . Ал шын ниетімен емес, тек роль атқарушы адамдар да (тіпті осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар «қызметі» арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттардың қоғамдық міндеттерін дұрыс атқаруына нұқсан келтірері сөзсіз.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Қоғамдағы әлеуметтік нормалар
Қоғамның әлеуметтік нормалары.
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
Қоғамдық қатынастарды реттеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz