Диктиокаулез туралы



Мазмұны


Кіріспе 3
1. Диктиокаулез туралы 7
1.1. Қой диктиокаулезінің орналасуы 7
1.2. Қой диктиокаулезінің қоздырғышы 7
1.3. Өсіп өнуі 8
1.4. Қой диктиокаулезінің эпизитологиялық мәлеметтері 9
1.5. Үнемдік зияны 9
1.6. Қой диктиокаулезінің өрбуі және сырт белгілері 10
1.7. Өлекседегі өзгерістер 11
1.8. Қой диктиокаулезін балау 11
1.9. Сауықтыру шаралары 11
1.10. Сақтандыру шаралар 12
2. Материалдар мен зерттеу әдістері 13
2.1. Мал мен адамды тірі кезінде зерттеу әдістері 13
2.2. Сойып жару тәсілдері 15
2.3. «Ерік» шаруашылығына сипаттама, өзіндік зерттеудің
нәтижесі 15
2.4. Қой диктиокаулезінің Батыс Қазақстан облысындағы ветеринарлық санитарлық жағдайы 17
3.«Ерік» шаруашылығындағы қойлардың диктиокаулезбен
залалдануы 18
3.1.Қойларды диктиокаулезден сақтандыру 18
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20
Кіріспе

Диктиокаулез әлемнің көптеген елдерінде таралған ірі қара малдың, койдың қауіпті құрт ауруы. Бұл ауру Қазақстанның көптеген аудандарында кездеседі және мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық залал тигізеді. Жануарлар диктиокаулді жайылымнан жұқтырады, яғни шөппен немесе сумен бірге тоғышар құрттың инвазиялық личинкаларын жұтады, содан ауру пайда болады.
Қазақстанда жануарлардың диктиокаулезін алғаш анықтаған К.И Скрябин, алғаш 1904 – 1911ж.ж Түркістан өлкесінен ауру белгілерін табты. Одан кейін малдың диктиокаулезі Алматы (Волъф, 1936ж; Гулецкая, 1940ж), Солтүстік Қазақстан (Гулецкая, 1940ж), Шығыс Қазақстан (Бондарева, 1940ж; Авдеев, 1947ж; Карамендин, 1963ж) және Батыс Қазақстан (Карамендин, 1966ж) облыстарынан табылды.
Қоздырғышы – жұмыр құртар туысына жататын Dictyocaulus. Бұл ақ түсті, жіп тәрізді, қалың, қысқа спикуласы бар гелъминттің ұзындығы 3 – 15см. Ол шөп жейтіндердің, әсіресе қойдың және ірі қараның үлкен және орташа бронхыларын, кеңірдегін зақымдайды. Әр малдың өзіне тән қоздырғыштары бар: қойдікі – Dictyocaulus filaria, ірі қараныкі – D. viviparus, жылқыныкі - D. arnfieldi.
Мұны жұқтырушы – ауру тасушы диктиокаулюстар. Оның ұрғашысы малдың тыныс органдарының қуысына өздерінің жұмыртқаларын салады. Ол қақырықпен ауызға түседі де, мал оны жұтып қояды. Ішекте олардан личинкалар шығып, нәжіспен бірге сыртқа тарайды да инвазиялық кезеңге дейін (қойда 6 - 7, ірі қарада 3 – 4 күнге одан да көпке дейін) өсіп - өнеді. Личинка D. filaria өте жылжығыш, нәжістен тез шығып шөпке өрмелеуге қабілетті, личинка D. viviparus көп жылжи алмайды, нәжісті су шайғанда ғана шығады.
Тақырыпың өзектілігі. Dictyocaulus малға инвазиялы личинкасы бар суды ішіп, шөпті жегеннен жұғады. Личинкалар ең алдымен лимфа бездерінде өсіп жетіледі де лимфогенді жолмен жылжып отырып, тыныс жолдарынын қуысына барады. Диктиокаулюстардың өмірінің ұзақтығы (2 айдан 1жылға және одан да көпке дейін) ең алдымен малды күтіп бағу жағдайына және азықтандыруға байланысты. Диктиокаулез маусымдық болып есептеледі. Ауру маусым – шілдеде білініп, тамыз – қыркүйекте ең жоғарғы көбею шегіне жетеді. Жоғарыда келтірілген мәлеметімізді қортындылай келе қой диктиокаулез ауруының әлеуметтік және үнемдік мәселе екендігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты. Қой диктиокаулезінің таралуын, балауын, сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері
- Қой диктиокаулезінің таралу деңгейін анықту;
- Қой диктиокаулезі ауруын балау;
- Қойларды диктиокаулез ауруынан сауықтыру;
- Қойларды диктиокаулезден сақтандыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Абуладзе К. И, Демидов Н. В, Непоклонов А. А. и др. Паразитология и инвазионные болезни сельско – хозяйственных животных. – Агропромиздат – М., 1990. – 203 – 209 с.
2. Акбаев М. Ш, Василевич Ф. И, Меньшиков В. П и др. Практикум по диагностике инвазионных болезней животных. – Колос – М., 2006. – 214 – 217 с.
3. Антипин Д. Н, Ершов В. С и др. Паразитология и инвазионные болезни сельско – хозяйственных животных. - Колос – М., 1964. – 195 – 200 с.
4. Бакулова М. А. Эпизоотология с микробиологией. - Колос – М., 1972. – 323 – 326 с.
5. Боровков М.Ф, Фралов В. П, Серко С. А. Ветеринарно – санитарная экспертиза с основами технологий и стандартизаций продуктов животноводства. – Санк – Петербург ∙ Москва ∙ Краснодар., 2007. – 216 – 217 с.
6. Ерболат К. М. // Вестник сельско – хозяйственных науки Казахстана – 2002. – N9 – 54 – 56 с.
7. Жарова А .В. Патологическая анатомия сельско – хозяйственных животных. - Колос – М., 2003. – 451 – 453 с.
8. Кадыров Н. Т, Егизбаева Х. М. и др. Паразитология и инвазионные болезни сельско – хозяйственных животных. – Астана – 2000. – 271 – 278 с.
9. Кононов Г. А. Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық. – Қайнар – Алматы – 1982. – 126 б.
10. Кузнецов Г. С, Протасов А. И. Мал дәрігерінің анықтамалығы. – Қайнар – Алматы – 1971. – 491 б.
11. Мальцев К.Л, Архипов И. А. //Ветеринария – 2005. – N5 – 30 – 32 с.
12. Сабаншиев М, Сүлейменов Т, Қарамендин Ө және т. б. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары.
13. Шабдарбаева Г. С. Ветеринарлық гельминтология. – Алматы – 2007. – 184 – 186 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
Диктиокаулез туралы 7
1.1. Қой диктиокаулезінің орналасуы 7
1.2. Қой диктиокаулезінің қоздырғышы 7
1.3. Өсіп өнуі 8
1.4. Қой диктиокаулезінің эпизитологиялық мәлеметтері 9
1.5. Үнемдік зияны 9
1.6. Қой диктиокаулезінің өрбуі және сырт белгілері 10
1.7. Өлекседегі өзгерістер 11
1.8. Қой диктиокаулезін балау 11
1.9. Сауықтыру шаралары 11
1.10. Сақтандыру шаралар 12
2. Материалдар мен зерттеу әдістері 13
2.1. Мал мен адамды тірі кезінде зерттеу әдістері 13
2.2. Сойып жару тәсілдері 15
2.3. Ерік шаруашылығына сипаттама, өзіндік зерттеудің 15
нәтижесі
2.4. Қой диктиокаулезінің Батыс Қазақстан облысындағы ветеринарлық 17
санитарлық жағдайы
3.Ерік шаруашылығындағы қойлардың диктиокаулезбен 18
залалдануы
3.1.Қойларды диктиокаулезден сақтандыру 18
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Диктиокаулез әлемнің көптеген елдерінде таралған ірі қара малдың, койдың
қауіпті құрт ауруы. Бұл ауру Қазақстанның көптеген аудандарында кездеседі
және мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық залал тигізеді. Жануарлар
диктиокаулді жайылымнан жұқтырады, яғни шөппен немесе сумен бірге тоғышар
құрттың инвазиялық личинкаларын жұтады, содан ауру пайда болады.
Қазақстанда жануарлардың диктиокаулезін алғаш анықтаған К.И Скрябин,
алғаш 1904 – 1911ж.ж Түркістан өлкесінен ауру белгілерін табты. Одан кейін
малдың диктиокаулезі Алматы (Волъф, 1936ж; Гулецкая, 1940ж), Солтүстік
Қазақстан (Гулецкая, 1940ж), Шығыс Қазақстан (Бондарева, 1940ж; Авдеев,
1947ж; Карамендин, 1963ж) және Батыс Қазақстан (Карамендин, 1966ж)
облыстарынан табылды.
Қоздырғышы – жұмыр құртар туысына жататын Dictyocaulus. Бұл ақ түсті, жіп
тәрізді, қалың, қысқа спикуласы бар гелъминттің ұзындығы 3 – 15см. Ол шөп
жейтіндердің, әсіресе қойдың және ірі қараның үлкен және орташа
бронхыларын, кеңірдегін зақымдайды. Әр малдың өзіне тән қоздырғыштары бар:
қойдікі – Dictyocaulus filaria, ірі қараныкі – D. viviparus, жылқыныкі - D.
arnfieldi.
Мұны жұқтырушы – ауру тасушы диктиокаулюстар. Оның ұрғашысы малдың тыныс
органдарының қуысына өздерінің жұмыртқаларын салады. Ол қақырықпен ауызға
түседі де, мал оны жұтып қояды. Ішекте олардан личинкалар шығып, нәжіспен
бірге сыртқа тарайды да инвазиялық кезеңге дейін (қойда 6 - 7, ірі қарада 3
– 4 күнге одан да көпке дейін) өсіп - өнеді. Личинка D. filaria өте
жылжығыш, нәжістен тез шығып шөпке өрмелеуге қабілетті, личинка D.
viviparus көп жылжи алмайды, нәжісті су шайғанда ғана шығады.
Тақырыпың өзектілігі. Dictyocaulus малға инвазиялы личинкасы бар суды
ішіп, шөпті жегеннен жұғады. Личинкалар ең алдымен лимфа бездерінде өсіп
жетіледі де лимфогенді жолмен жылжып отырып, тыныс жолдарынын қуысына
барады. Диктиокаулюстардың өмірінің ұзақтығы (2 айдан 1жылға және одан да
көпке дейін) ең алдымен малды күтіп бағу жағдайына және азықтандыруға
байланысты. Диктиокаулез маусымдық болып есептеледі. Ауру маусым – шілдеде
білініп, тамыз – қыркүйекте ең жоғарғы көбею шегіне жетеді. Жоғарыда
келтірілген мәлеметімізді қортындылай келе қой диктиокаулез ауруының
әлеуметтік және үнемдік мәселе екендігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты. Қой диктиокаулезінің таралуын, балауын, сауықтыру
және сақтандыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері
- Қой диктиокаулезінің таралу деңгейін анықту;
- Қой диктиокаулезі ауруын балау;
- Қойларды диктиокаулез ауруынан сауықтыру;
- Қойларды диктиокаулезден сақтандыру.
Әдебиетке шолу
М. Сабаншиев, Т. Сүлейменовтің [12] мәлеметтерінде өкпе қылқұрт ауруы қой
мен ешкінің гелъминтоздарының ішінде көп кездесетін қатерлі бір түрі.
Диктиокаулездің шаруашылыққа әкелетін зияны орасан зор. Бұл дерттен
көптеген төл қырылып қалуы да мүмкін. Індетке шалдыққан малдың қоңы
төмендейді, түліктің өсу қарқыны тежеледі, оның ет, жүн сапасы нашарлайды.
Г. С. Кузнецов және А. И. Протасовтың [10] деректерінде диктиокаулезді
жұқтырушы – ауру тасушы диктиокаулюстар. Оның ұрғашысы малдың тыныс
органдарының қуысына өздерінің жұмыртқаларын салады. Ол қақырықпен ауызға
түседі де, мал оны жұтып қояды. Ішекте олардан личинкалар шығып, нәжіспен
бірге сыртқа тарайды да инвазиялық кезеңге дейін (қойда 6 - 7, ірі қарада 3
– 4 күнге одан да көпке дейін) өсіп - өнеді.
К. И. Абуладзе, Н. В. Демидовтың және т. б [1] еңбектерінде ұрықтанған
ұрғашы қоздырушылар өз жұмыртқаларың қойлардың ауа тамырлары мен
кеңірдегіне салады, ол жұмыртқалар кейін ауыз қуысына түсіп сілекеймен ішке
жұтылады. Ас қорыту жолымен өту кезінде әсіресе, тоқ ішекте жұмыртқадан
личинкалар шығады, соңғылары нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады.
Қалыпты жағдайда личинкалар дами келіп, екіге түлейді. Осыдан кейін олар
инвазиялық даму сатысына түседі, яғни жұұқпалы ауру тудырады. Мал азығымен
немесе сумен қойлардын ішіне енген личинкалар ішектің кілегей қабығына
еніп, одан сөл жүйесі және қан айналым жүйесі арқылы өкпеге барады. Өкпеде
личинкалар қан айналу жүйесінен кетіп, алъвеолярлы жүйеге және бронхиолға
өтеді, одан кейін ауа тамыр мен кеңірдекке орналасады.
К. М. Ерболаттың [6] айтуынша диктиокаулез әлемнің көптеген елдерінде
таралған ірі қара малдың, койдың қауіпті құрт ауруы. Бұл ауру Қазақстанның
көптеген аудандарында кездеседі және мал шаруашылығына айтарлықтай
экономикалық залал тигізеді. Жануарлар диктиокаулді жайылымнан жұқтырады,
яғни шөппен немесе сумен бірге тоғышар құрттың инвазиялық личинкаларын
жұтады, содан ауру пайда болады.
К. Л. Мальцев және И. А. Архиповтың [11] зерттеулерінде зарарлағыш
дәрежесіне жеткен балаңқұрттар шық түскен шөпте өте көп кездеседі. Шық
түскен, суланған өсімдікті жеген мал диктиокаулезге тез шалдығады. Асқазан
– ішекке түскен балаңқұрттар сыртқы қабықтарынан ажырп, ішек қабаттарын
тесіп, сөл торабына түседі, одан әрі қарай қанның кіші айналымы арқылы
өкпеге келіп тоқтайды. Кеңірдек пен ауа тамырларда 1 – 2 айдың аралығында
жынысы жетілген ересек құрт сатысына ауысады. Қой мен ешкі денесінде өкпе
қылқұрты 2 жылға дейін өмір сүреді.
М. Ф. Боровков, В. П. Фраловтың және т. б [5] деректерінде бұл жануарлар
диктиокаулезбен аурған жағдайда жыл мезгіліне қарамастан оларға дереу емдік
дегелъминтизация жасайды. Диктиокаулездің қосалқы инфекциясы асқынған
жағдайда ол жануарларға дегелъминтизациямен қатар антибиотиктер,
сулъфаниламидтер және т. б қолданады. Диктиокаулез кезіндегі қой мен
ешкінің дегельминтизациясы үшін нилверм, мебендазол, дитразин цитрат,
ветеринарлық дитразин, дивезид немесе йодтың сулы ертіндісін қолдану
ұсынылады.
М. Ш. Акбаев, Ф. И. Василевичтің және т. б [2] мәлеметтерінде ірі қара
мен ұсақ жануарлардың диктиокаулдері көбірек тараған. Мал жемшөппен немесе
сумен бірге личинкаларды жұтқан кезде ауру жұқтырады, бұл личинкалар
ішектен лимфогематоген жолымен өкпеге ауысады, сөйтіп бронхыларда (кеңірдек
тарамдарында) жынысы жетілген гелъминттерге айналады. Диктиокаулдар ірі
қараның бронхаларында бір жыл бойы, ал қойдың бронхыларында – екі жылға
дейін тіршілік етеді. Бір және екі жастағы мал диктиокаулезге неғұрлым
шалдыққыш келеді. Жайылымда бұзаулар мен қозылар ауруға шалдыққан малмен
бірге жүргенде немесе бір жайлым учаскесін пайдаланғанда жұқтырады. Қой бұл
ауруға тамыз – қыркүйек және наурыз – сәуірде, ал бұзаулар қыркүйек –
қазанда неғұрлым көп шалдығады. Диктиокаулдің личинкалары сыртқы ортада
бүкіл жайылым маусымында тіршілігін сақтайды және бірқатары қыстап шығады.
Г. А. Кононовтың [9] еңбектерінде қозылардың личинкаларды жұтып, ол
личинкалардың дамып диктиокаулюс дәрежесіне жетуі үшін 21 – 25 күн қажет.
Қозының ағзасында диктиокаулюстің паразиттену ұзақтығы 2 айдан 12 айға
дейін созылады. Бұл біріншіден малды азықтандыруға, ұстау жағдайына,
екіншіден малдың ағзасының физиологиялық жағдайына байланысты. Малды жақсы
азықтандырса, күтіп бақса диктиокаулюстің паразиттенуін тоқтатуға болады.
Отарда қозылардың ауруы туған жағдайда олардың ішек құрттарын айдап, жеке
мал қораға қояды. Қажет болған жағдайда ішек құрттарын айдауды қайталайды,
тек 12 күннен кейін істеу қажет. Диктиокаулез асқынған малдарға
антигельминтиктермен қатар антибиотиктер және т. б қолданады.
Г. С Шабдарбаеваның [13] деректерінде диктиокаулез бұл кеңірдек пен ауа
тамырларында жайғасқан нематодалардың әсерінен туындайтын, тыныс алудың
бұзылуымен, ауа жетіспеуімен, жөтелдің пайда болуымен, бронхопневмония және
іш өту белгілермен сипатталатын қатерлі инвазия. Бұл ауру әртүрлі малда
және жабайы жануарлар арасында жиі кездесетін, аса қауіпті гельминтоз.
Д. Н. Антипин, В. С. Ершов және т. б [3] еңбектерінде бұл ауруды
тудыратын – жұмыр құрттар, Dictyocaulidae тобына жатады, қойлардың ауа
тамыры мен кеңірдегінде тіршілік етеді. Бұл ауру энзоотия түрінде (індеттің
белгілі аймақта орын тебуі) қалыптасып, ауырған қозының өлуіне әкеліп
соқтырады.

1. Диктиокаулез туралы
1.1. Диктиокаулездің орналасуы

М. Сабаншиев, Т. Сүлейменовтің [12] мәлеметтерінде диктиокаулез өте кең
тараған ауру. Бұл арудың негізгі таратушысы – ұлулар. Негізінен ірі
қаралардың, ұсақ жануарлардың ауа тамырларымен кеңірдегінде және асқорыту
жолдарында кездеседі, одан нәжіс арқылы сыртқы ортаға тарайды.
К. М. Ерболаттың [6] жануарлардың диктиокаулезі Қазақстанның барлық
аймақтарында кездеседі. Малдың диктиокаулезі Алматы (Волъф, 1936 ж;
Гулецкая, 1940 ж), Солтүстік Қазақстан (Гулецкая, 1940 ж), Шығыс Қазақстан
(Бондарева, 1940 ж; Авдеев, 1947 ж; Карамендин, 1963 ж) және Батыс
Қазақстан (Карамендин, 1966 ж) облыстарынан табылды.
Шығыс Қазақстанның жекелеген аудандарынан диктиокаулезді жұқтырған ұсақ
малдың айтарлықтай бөлігін анықтады. Әсіресе Тавр (51,3 %), Предгорный
(19,8 %) және бұрынғы Киров (11,3 %), аудандарында малдың көп бөлігі
паразит жұқтырған болып шықты.
Шығыс Қазақстандағы, Солтүстік Қазақстандағы, Көкшетау, Қостанай және
Атырау обылыстарындағы республикалық ветеринарлық отчетінің анализі
негізінде ғалымдар диктиокаулездің жыл маусымына байланысты екі түрі бар
екенін дәлелдеді: 1) көктем – күздік және 2) қыстық. Бірінші түрі
Қазақстанның Солтүстік және Солтүстік – Шығыс облыстарында, екінші түрі
Қазақстанның Оңтүстік – Батыс аймақтарына тән. Сонымен қатар зерттеу
жұмыстары көрсеткендей жануарлардың диктиокаулезі Оңтүстік – Шығыс және
Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында көп тараған.

1.2. Диктиокаулездің қоздырғышы

Диктиокаулез қоздырғышының жіктелуі:
Топ үсті – надтип – Scolecida
Топтама – тип – Nemathelmintes
Тек тармағы – класс – Nematoda
Тобы – отряд – Rhabditida
Топ асты – подотряд – Rhabditata
Тұқымдасы – семейство – Dictyocaulidae
Туысы – род – Dictyocaulus
Түрі – вид – D. filaria
D. viviparus
D. camellia
D. arnfieldi
Қоздырғышы – Dictyocaulus filaria - ірі жіп тәрізді иреңдеген жіңішке ақ
түсті нематодалар. Бұлар жануардың кеңірдегі мен ауатамырларында
жайғасқан. Тұрқы: еркегінің ұзындығы 3 – 8 см және ұрғашысының ұзындығы 5 –
10 см. Спикулалары қысқа, қоңыр түсті, етікке ұқсас. Бәтегі дененің артқы
жағына орналасқан. Жұмыртқасы сопақша, көлемі 0,112 – 0,138 х 0,069 – 0,090
мм. Жұмыртқадан босап шыққан балаңқұрттың ұзындығы 0,55 – 0,58 мм, басында
түймедей бүртігі бар, құйрық тұсы шошақтау (конус) болып бітеді, ал
личинканың іші ұсақ түйірлерге толғандықтан реңі қарауытып тұрады.

1.3. Өсіп – өнуі

К. И. Абуладзе, Н. В. Демидовтың және т. б [1] еңбектерінде өкпеде
ұрғашы қылқұрттар ішінде жетілген тірі личинкалары бар жұмыртқалар салады,
олар жануар жөтелгенде кілегей шырышпен сыртқа шығады, бірақ басым
көпшілігі аузына түсіп, сілекеймен мал ішіне енеді. Мал ішегіне жеткендері
балаңқұртқа айналады, малдың құмалағына араласып жайылымдарды ластайды.
Қоршаған ортада қолайлы жағдайда олар екі дүркін түлеп, 6 – 7 тәулік
арасында жұқпалы сатысына дамиды. Қылқұрттың өсіп – жетілуіне ауа райы
күшті ықпал етеді. Күн салқындағанда балаңқұрттың дамуы баяулайды, дала
температурасы 12 - 150 С болса личинка 6 күнде жетіледі, 5 - 100 жылылықта
15 – 17 күнде жетілсе, ал 4 - 60 С 18 күнде өседі.
Қой диктиокаулезінің эпизоотологиялық мәліметтері
Г. С Шабдарбаеваның [13] деректерінде диктиокаулез республикамыздың
барлық аймақтарында кездеседі. Бұл ауру негізінен сазды, шалшық сулы көп
жайылымдарда бағылған мал арасында жиі кездеседі. Мұның басты себебі, қыл
құрттың ұрықтары құрғақ, далалық жерлерде, жазда, күннің көзінен және
ылғалдың аздығынан өліп қалады.
Осындай далалық немесе шөлейтті аймақтарда құрт ұрықтары, жылы күзде
жауын – шашын мол жылдары көп өсіп - өніп, малды ауруға шалдықтырады.
Малдың диктиокаулезбен алғаш рет жеңіл түрде залалдануы көктемде,
жайылымдық жерлерде, қыста тірі қалған құрт ұрықтарына байланысты. Сонымен
қатар бұрын диктиокаулезге шалдыққан малда көктемде аурудың төл арасында
таралуына себепші болады. Жазда және күзде жоғарыда аталғандай жайылымдық
жерлерде диктиокаулез малға жаппай жұғады.
Мал диктиокаулезінің жіті түрде өршуі алғаш рет шілде айының соңғы
күндерінде байқалады, ал күзге қарай аурудың қозуы күшейіп, мал жаппай
залалданып, кейбіреуі өлімге ұшырайды. Ал, Оңтүстік – Батыс облыстарда
диктиокаулезге таулы өңірдегі жаңбыр көп жауатын жайылымдарда бағылған мал
жиі шалдығады. Мал өлімі осы аймақтарда тамыз – қыркүйек айларында орын
алады. Республикамыздың көптеген басқа аймақтары мен өлкелерінде мал
диктиокаулезі бірте – бірте өрши келе, күзде жаппай залалдануға соқтырады.
Бұл инвазиядан қой өлімі көбінесе қыста және ерте көктемде, малдың күйі
нашарлап, организмнін қорғаушы күштерінің әлсіреуіне байланысты орын алады,
осығанға дейін ұйықтап келген балаңқұрттардың күрт дамуынан қозған
диктиокаулездің әсерінен болады.

1.4. Үнемдік зияны

1. Дер кезінде емдемесе және күтімі жақсартылмаса, диктиокаулезбен
ауырған мал көбінесе өлімге ұшырайды;
2. Ауруға шалдыққан қойдың тірілей салмағы 5 – 10 кг – ға кемиді.
3. Малдың сүт, ет және жүн өнімдері күрт азаяды;
4. Жас кезінде диктиокаулезбен ауырған малдың тұқымдық қасиеті кемиді;
5. Ветеринарлық шығындар (балауға, емдеуге және сақтандыру шараларына
жұмсалатын қаражат).

1.5. Қой диктиокаулезінің өрбуі және сырт белгілері

Г. С. Кузнецов және А. И. Протасовтың [10] деректерінде диктиокаулез жіті
және созылмалы түрінде қозатын ауру. Ауырған малдың күйі бірте – бірте
төмендейді, 1 – 2 аптадан соң мал жөтеле бастайды. Кейде іші өтеді, аздап
қызуы көтеріледі, аузынан, танауынан көбікті сілекей ағады, жүні
түссізденіп, оңай жұлынып, түсе бастайды. Ауру мал қатты арықтайды. Ересек
құрттардың тыныс жолдарынан, әсіресе ірі бронхылар мен кеңірдекті бітеп
тастауы салдарынан ауру мал демала алмай, оттегінің жетіспеуінен тұншығып
өледі.
Жіті диктиокаулез көбінесе жаздың аяғы мен күзде төл ішінде байқалады.
Аурудың бұл түрінде төлдердің ішегі, лимфа бездері, қан тамырлары мен
өкпесі құрт ұрықтарымен қатты жарақаттанады. өкпе ұлпасы мен бронхылар
қабынады, мал жөтеледі, тез арада өліп қалады.
Көптеген жағдайда диктиокаулез және инфекциялық аурулар қабаттасып
өршиді. Оған басты себеп – диктиокаулез ұрықтары ішектен мал өкпесіне және
басқа ағзаларға орын ауыстырғанда, сол жерлерге зиянды бактериялар мен
кейбір қарапайым организмдерді өткізіп, ауруды жұқтырады.
Әсіресе, көп жағдайда диктиокаулез бен пастереллез індеті қосарлана өршуі
мал шығынын көбейте түседі. Алматы мен Талдықорғанның таулы аймақтарында
ірі қара, қой шаруашылықтарында бұл ауруға көптеген ішқұрт гельминтоздары
қабаттасып, күз айларында бұзау, қозы өліміне соқтырады.

1.6. Өлекседегі өзгерістер

Г. А. Кононовтың [9] еңбектерінде мал көтерем болады. Өкпенің шет жағы
зақымдалғандықтан, ол бозғылт өңді, саусақпен басқанда қамыр сияқты
былқылдап тұрады. Өкпенің ұлпалары қатайып, тығызданып қалады. Кеңірдекті
бойлай жарғанда, ішінен және оның ауа тамырларынан қызғылт түсті
көбіктелген шырын арасынан көптеген диктиокаул құрттары табылады. Кейде
тоғышарлар тыныс алу жолын бітеп те тастайды.
Ал, өлексені сойып зерттегенде нематодалар табылмаған жағдайда, олардың
әртүрлі мүшелерде жүзіп жүрген балаңқұрттарын, сол мүшелердің кескіндерінен
Берман тәсілімен табуға болады. Ол үшін Берман аспабына дәкеге немесе
капрон қапшығына өкпенің кескіндерін салып, үстіне жылы суды құйып, 1 – 3
сағатқа қойып қояды. Сосын төмендегі тұрған түтіктен пробиркаға сұйықты
алып, центрифугаға айналдырып, тұнбадан микроскоптың көмегімен
балаңқұрттарды іздестіреді.

1.7. Қой диктиокаулезін балау

Г. С Шабдарбаеваның [13] деректерінде диагнозды аурудың клиникалық
белгілері білінгенде қояды, ол диагноз өлексені сойғанда дәлелденеді.
Диктиокаулезбен өкпенің басқа да аурулары ұқсас болып келеді, сондықтан
тәжірибеде көбінесе өкпенің қабынуын диктиокаулезбен шатыстырады. Ауруды
анықтау үшін зерттеуге қойдың құмалағын алады. Зерттеу үшін әрбір қойдан 10
– 15 құмалақтан алады. Диктиокаулезбен ауырған малдан нәжіспен тірі құрттар
түседі, сол себептен ауруды анықтау үшін ларвоскопиялық тәсілдерді
қолданған жөн.
Қой мен бұзаулардың 0, 5 гр мөлшеріндегі сұйық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал диктиокаулез ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы
Қой диктиокаулезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Инвазиялық аурулар
Зоогигиенаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер
Жануарлардың ауруын бақылау
Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар
Бұзауларды оқшаулап бағу
Гельминтоздардың диагностикасы
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
Гельминттер, қарапайымдылар тудыратын паразитарлық аурулар
Пәндер