Құқық нормалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . 5Құқық нормаларын жүзеге асыру . . . 6
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу . . . 13
  1. ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЫСАНДАРЫ. . . 17Құқық нормаларын сақтау . . . 18Құқық нормаларын орындау . . . 20Құқық нормаларын қолдану . . . 21Құқық нормаларын пайдалану . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара) . Құқықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқарастарына тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір - бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару - иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді. Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар өздігінен қалпына келтіре алмайды, сондықтан мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс. Құқық қолдану оны жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынана мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол екі бағытта қарасытыралы: мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар заңмен қызмет істеу керек; азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы керек. Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар:

1) Құқықты сақтау;

2) Құқықты орындау;

3) Құқықты пайдалану;

4) Құқықты қолдану.

Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:

1) істің нақтылы мән - жайларын анықтау;

2) істің заңи негізін анықтау;

3) құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;

4) шешімді жүзеге асыру.

Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықты жүзеге асырудың түсінігі мен нысандарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

-құқық нормаларын жүзеге асыру: түсінігі және нысандарын қарастыру

-құқықтық реттеудің мазмұны және әдістерін анықтау;

-нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу;

-құқық нормаларын қолдану, құқық нормаларын жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде қарастыру;

-құқық нормаларын қолдану сатыларына тоқталу;

-заңдылық және құқық тәртібін қарастыру; Курстық жұмыстың құрылымы:

  1. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс - тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын аударғанда « үлгі », «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т. б. әрекеттер.

Құқықтық норма дегеніміз - мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды айқын және орындалуы, сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез - құлықтың үлгісі.

Құқық нормаларының жіктелуі

Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық - құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық - құқықтық, және т. б. болып жіктеледі. Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Міндеттейтін норма - бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.

2) Тыйым салушы норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

3) Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.

4) Дефинитивті норма - нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді.

  1. Құқық нормаларын жүзеге асыру

Құқық құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде құқық құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет) . Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама (міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды. Нұсқама (міндеттеу) - бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік - құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген. Тыйым - шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Құқық тыйымға мысал ретінде ҚР-ның құқық құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады.

Ерік беру - бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық құқыққа ерік беру неғұрлым тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезде тыйымдар мен нұсқамалар сияқтылар азаматтық құқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай-ақ тек қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер мақсаттарында пайдалануға жол бермейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленген құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару органдарының құжаттары қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс делінген. Бұл жерде тікелей заңдық нұсқама екендігі белгілі болып отыр.

Құқық құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді. Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап басқарушы рөлінде, ал екіншісі - басқарылушы рөлінде болады. [11]

Соған сәйкес құқық құқықпен реттелетін қатынастарда басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны білдіруші заңдық биліктік өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да болмасын субъектісі болып табылады. Бұл объектінің бұлайша іс-әрекет етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті құқық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды биліктік қатынастар деп жиі сипаттайды. Бұл формуланың ар жағында жасырын не бар? Ол басқарушылық қатынастар мәжбүрлеу құралдарының көмегімен реттеледі дегенді білдірмей ме? Әрине олай емес, сондықтан да құқықтық реттеудің сипаты мен тәсіліне тікелей әсер ететін ерекше шарттарын бөлу қажет.

Құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама (өкім ету) мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті. [11]

Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Ең алдымен мынамен, қандай да болмасын атқарушы органға немесе лауазымды адамға тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерді шындығында іске асыру белгілі болып отыр, ал бұл негізінен алғанда басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастардың шарттық түрін болғызбайды. Мұны, мысалы, мынадай факт растайды, құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда реттелетін қатынастың бір тарабының ерік білдіруіне жетекші рөл беріледі.

Құқық құқықпен реттелетін нақты басқарушылық қатынастарда тиісінше мынадай көрініс байқалады. Бір жағдайларда қатынастың қатысушысында, қандай да бір атқарушы органның өкілеттіктеріне ұқсас келетін (мысалы, осындай орган және азаматтың арасындағы қатынастарда) өкілеттіктері жалпы болмайды. Басқа жағдайларда бір тараптың заңдық биліктік өкілеттіктерінің көлемі мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектісінің рөлінде болатын органдікінен (лауазымды адамдыкінен) аз болады (мысалы, жоғары және төменгі тұрған атқарушы органдардың арасындағы қатынастарда) . Мысалы, министрлікте оған қарасты мемлекеттік кәсіпорынның басшысынан өкім етушілік өкілеттіктерінің көлемі, әрине, көп. Ал бұл, өз кезегінде мынаны білдіреді, мемлекеттік басқару аясында реттеудің мынадай механизмі қалыптасады, ондағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың, т. с. с. мүдделеріне қатысты болатын заңдық акт (ерік білдіру) олардың өзара ерік білдіруінің (шарттың) нәтижесі болып табылмайды. Оны тек қана өкілетті атқарушы орган немесе лауазымды адам шығарады. Оларға құқық құқықтың нормаларына сәйкес, бұған дейін атап көрсетілгендей, құзырет беріледі, соның шегінде олар біржақты тәртіппен белгілі бір зандық міндетті шешімдер қабылдауға құқылы. Демек, бұл сияқты шешімдер органның (лауазымды адамның) қарауынша емес, құқықтық белгілеулердің (заң, заңға тәуелді кұқықтық норма) негізінде қабылданады. Сондықтан олар кімге жолданса, соған міндетті болады. Әрине, олар осы шешімдерді қабылдайтын атқарушы органның немесе лауазымды адамның өзіне де бірдей өлшемде міндетті. Басқарушылық қоғамдық қатынастағы тараптардың ең толық көрініс тапқан заңдық өзара қарым-қатынастары осындай. Шындығында, сипатталған реттеу механизмі мемлекеттік тәртіп пен заңдылық талаптарының мазмұнынан тікелей туындайды. Соларға сәйкес мемлекет басқарушылық тәжірибеде пайда болатын мәселелерді, олардың кімнің ынтасы бойынша туындауына қарамастан, біржақты тәртіппен, бірақ міндетті түрде заң мен заңдарға тәуелді құқықтық нормалардың негізінде шешуге өкілетті мемлекеттік басқару аясында ресмисаты (инстанция) белгілейді. [10]

Бұл сияқты сатылардың қажеттігі түсінікті. Азамат, мысалы, қандай да бір құқық-басқарушылық қызметтердің заңсыз іс-әрекетіне өзінің шағымын өзі шеше алмайды. Сондықтан, ол бойынша заңды түрде міндетті болатын шешім қабылдауға кім ресми өкілетті екенін белгілеу керек; әйтпесе шағымды шешілген деп санауға болмайды. Шағым бойынша шешім азамат пен атқарушы органның арасындағы келісім тәртібімен емес, тек қана өкілетті органның алдын-ала заңмен немесе заңға тәуелді нормамен белгіленген өзінің биліктік құзыретін іске асыру ретінде қабылданады. Мысалы, бұл сияқты шағымдар бойынша шешімдерді кімнің іс-әрекеттеріне (құқықтық актілерін қоса) шағым жасалынса, соның жоғары тұрған органы (лауазымды адамы) қабылдайды деп белгіленген.

Басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа түрлерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, лицензияларды, белгілі бір қызмет түрімен (мысалы, кәсіпкерлікпен) айналысу үшін өкілетті атқарушы органдар береді; бірқатар мемлекеттік емес құрылымдарды тіркеуді ҚР-сы Әділет министрлігі органдары жүзеге асырады деп белгіленген, т. с. с. Атқарушы билік органдарының әр түрлі деңгейінің арасындағы қарым-қатынастарында сатылы біріне-бірі бағыныш принципі қолданылады, соған сәйкес төменгі тұрған органның кейбір мәселелерді, жоғарғы тұрған органның құзыретіне жатқызылғандықтан, өзі істеуге құқығы жоқ. Ол осы мәселені өкілетті саты алдында қоюға бастама көтере алады. Бірақ біржақты заңды түрдегі міндетті нұсқамалардың болуы құқықтық реттеуді басқарушылық қатынастардың екінші тарабын мәжбүрлеуге тіремейді. Мәжбүрлеу реттелетін қоғамдық қатынастарға және оның қатысушыларына заңдық ықпал жасаудың ең соңғы түрі. Ол тек қана атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) нұсқамаларында тұжырымдалған талаптардан бас тартқан кезде, ал ең жалпы нысанда құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайдаланылады. Мұндай жағдайларда заңдық жауапкершілік қағида болады. Демек, біржақты нұсқамалардың заңдық міндеттілігі мәжбүрлеу мен тепе-тең емес. Тағы бір ескеретін жағдай, атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруінің біржақты және міндетті болуы тек құқық құқықтың нормаларымен белгіленген тікелей нұсқамалар мен тыйымдар үшін ғана тән емес. Құқық әдістің бұл ерекшеліктері ерік беру үшін де тән, өйткені оларды пайдалану тиісті құқықтық нормалармен бұйырылады. Құқықтық реттеудегі ерік беру кұралдарын пайдаланудың механизмі мынадай. [13]

Біріншіден, құқықтық нормалар реттелетін басқарушылық қатынастардың тараптарына тиісті мінез - құлықтың бір түрін тандауға мүмкіншілік беруі мүмкін. Көпшілігінде бұл әдіс лауазымды адамдардың мінез-құлқын реттеу үшін пайдаланылады, бұл орайда олардың құқық - құқықтық нормамен ұсынылған таңдаудан бас тартуға құқысы жоқ. Мәселен, ӘҚБТК (7-тарау) былай деп белгілеген, құқық бұзушыларға құқық жауапкершілік шараларын қолдануға өкілеттік берілген лауазымды адам немесе орган мына сияқты шаралардың (мысалы, ескерту немесе құқық айыппұл салу) бірін таңдап алуға немесе оны жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешуге құқылы. [14]

Екіншіден, құқықтық нормалар басқарушылық қатынастардың тараптарына өзінің қалауы бойынша іс-әрекет жасауға (немесе жасамауға) мүмкіншілік беруі мүмкін. Әдетте, бұл субъективтік құқықтарды жүзеге асырғанда болады. Мысалы, азамат қандай да бір лауазымды адамның іс-әрекетін заңсыз деп санаған жағдайда, оған шағым беру керек пе, жоқ па, ол мәселені өзі шешеді. Сосын, шағымды қандай жолмен - құқық немесе сот арқылы беру туралы мәселені де оның өзі дербес шешеді. Шындығында бұл сияқты ерік беру әдісінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға ресми, яғни құқық құқық нормасымен қаралған, рұқсат беру сипаты бар. Биліктік қатынастардың ерекшеліктері осындай. Олардың сипаттамасына тағы да бір елеулі қосымша жасау керек. Ол мынадай мәселе, құқық құқық та белгілі бір жағдайларда тараптардың заңдық тепе-тендігіне құрылған басқарушылық қатынастардың пайда болу мүмкіншілігін қарайды.

Құқық құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-құқық құқық-субъектілігі. Құқық құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: құқық құқық қабілеттіліктен және құқық әрекет қабілеттіліктен.

Құқық құқық қабілеттілік - жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни құқық - құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның құқық құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан құқық құқықтың субъектілері мен құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.

Құқық құқықтың субъектілері құқық құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни құқық әрекет қабілеттілікті иеленген кезде құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің құқық құқық қабілеттілігін нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік құқық құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, құқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық құқықтан айырылады) . Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың құқық құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектілген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 66-б-да бекітілген Үкіметтің құзыреті және соған сәйкес келетін өкілеттіктері оның құқық құқықтың субъектісі ретіндегі құқық - және әрекет қабілеттілігін бір мезгілде көрсетеді. [8]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқық нормаларының құрылымдық мен элементтерінің сипаттамасы
Әлеуметтік нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Құқықтық норма
Құқықтық шығармашылық
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
Құқық нормаларының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz