Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық.құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық;
2.2. Кедендік одақ . кеден ісі саласындағы халықаралық.құқықтық
ынтымақтастықтың жаңа көрнісі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНГЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің теориялық аспектілерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Себебі, осы арқылы кеден іс саласындағы қазіргі кездегі әлемдік проблемаларды ғана түсініп қоймай, әлемнің әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын, негізгі бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік туындайды. Осы тұрғыдан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, яғни кеденісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері өзекті сипатқа ие деп айтуға негіз береді. Әуеледе кеденісі саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық әрине, халықаралық экономикалық байланыстармен өте тығыз байланысты. Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Европа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табылады.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.
Дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ –ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

1. «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, 2010 ж. 30 маусымдағы № 298-ІV Заңы.
2. Кеден одағының Кодексі (2009 жыл, 27 қараша);
3. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). Алматы, 2008ж.;
4. ҚР Кедендік рәсімдеуге байланысты құқықтық актілердің жинағы: ҚР-нда СЭҚ және Кеден – Алматы, 2001
5. ҚР Заңдары «иновациялық қызметке мемлекеттік қолдау туралы» 23 наурыздан 2006 ж.
6. Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы, 2000ж.;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Сейтжанов Абдыкахар Ануарович
Алматы 2017ж.
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық;
2.2. Кедендік одақ - кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық
ынтымақтастықтың жаңа көрнісі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНГЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің теориялық аспектілерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Себебі, осы арқылы кеден іс саласындағы қазіргі кездегі әлемдік проблемаларды ғана түсініп қоймай, әлемнің әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын, негізгі бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік туындайды. Осы тұрғыдан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, яғни кеденісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері өзекті сипатқа ие деп айтуға негіз береді. Әуеледе кеденісі саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық әрине, халықаралық экономикалық байланыстармен өте тығыз байланысты. Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Европа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табылады.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.
Дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ - ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.
Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе - тендікте дами алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс екі функциялық бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылығы аспектіде көрінеді.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық болып ұлттық шаруашылықтар жиынтығы табылыды. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама - қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
2.1. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық
Қазіргі таңда әлем өзара байланысты адамдар шаруашылық қызметінің арнасы. Демек кез келген экономикалық жақсы ұйымдастырылған сыртқы экономикалық қызметтің бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық қатынастар мемлекет аралық шаруашылық қатынастар жиынтығынсыз толыққанды дами алмайды. Сыртқы экономикалық қатынастар (СЭҚ) түсінігі 1987 жылы пайда болды. Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты.
Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты.
Сыртқы экономикалық қатынастар ғылыми техникалық сауда өндірістік әріптестік және қаржы валюталық қатынастар нысанын іске асырудағы мемлекет аралық қатынастар. СЭҚ мемлекет аралық сауда экономикалық ғылыми техникалық әріптестіктің нысанындағы құралдармен әдістер жиыны сыртқы экономикалық қатынаста экономика мен саяси, комерция мен дипломатия, өндірістік өнеркәсіппен сауда, ғылыми зерттеу мен қаржы принциптік комерциялары айқындалады. Мемлекетаралық мақсатының бағынышындағы шаруашылық қызметі суьбектілер жүзеге асырумен бірге, олар өндірісінің даму фактірімен жағдайын, сонымен қатар қосылу тәсілдерін анықтайды.
Белгілі халықаралық құқықтармен міндеттерді жекелеуші және өндірістік қызметті халықаралық шаруашылық кенісіндегі ұйымдастырушылық қабілеті бар, керекті капиталды жекелеуші шаруашылық бірлікте сыртқы экономикалық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Сыртқы экономикалық қатынастар түрлеріне қатысты :
1. Сыртқы сауда қызметі - бұл интеллектуалдық қызмет көрсеткіштерімен ақпарат, қызмет , тауарды халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлігі.
2. Өндірістік операция - технологиялық бөлінісінің әртүрлі процестегі бір-бірімен конструктивті байланысты шетел әріптестерінің арасындағы қауымдастықтың формасы.
3. Халықаралық инвестициялық қауымдастық - материалдық техникалық сипатта және қаржылық күштерді біріктіру негізіндегі шетел әріптестерінің әрекет формасы.
4. Валюталық және қаржы кредиттік операциялар - халықаралық есептеу жүйесіндегі сыртқы сауда төлемдерін және ішкі валюталық нарыққа қызмет көрсетудің қаржы кредиттік сферасындағы сыртқы экономикалық қызметтің спецификалық түрі.
ҚР Үкіметі мен ҚР-дағы СЭҚ-ті одан әрі дамытудың басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары анықталған:
1. Экспорттық потенциалын дамыту, оған қоса құрылымын жетілдіру, ғылымдық өнім бөлігін ұлғайту және бәсекелестік көрсеткішін арттыру;
2. Микродеңгейде (экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер,алмастырушы және экспортты ынталандырудың мемлекеттік механизмін дайындау, сонымен қатар макродеңгейде мемлкеттік инвестициялармен шетел несиелерін орналастыру механизіміне сәйкес экспорттық баждар кірісінің бөлігін қолдану жолымен дайындау;
3. СЭҚ-тің қазіргі заманғы өндірістік және қаржы экономикалық құрылымын қалыптастыру;
4.Саяси-экономикалық қауіптен сақтандырудың институттарын қалыптастыру;
5. Мемлекеттің экспорттық базасын күшейтуге бағытталған,өндірістің негізгі құралдарын қамтамасыз ету процесінің модернизациясы және экономиканың құрылымын өлшеу мақсатындағы импортты рационализациялау;
6. СЭҚ-ң ҚР-нда тұрақтылығын қамтамасыз ету және бұл мақсаттарға жету үшін әлемдік және ішкі нарық конюнктурасының ауысуына сәйкес мемлкеттік реттеу механизімінің жаңа элементтерінің қайта қарау және қолданыстағы өзгертуді болжайды.
Ұлттық - сыртқы экономиканың стратегиясының таңдауына елдегі жалпы экономикалық жағдай сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстардың интернационализациясындағы тенденция маңызды ықпал етеді.
Осы шарттарда кез келген мемлекеттердің макроэкономикалық стратегиясы , мемлекеттің экономикалық саясатының СЭҚ-ң маңыздылығы мен анықталатын сыртқы экономикалық факторлардың күшті әсерін көреді. Олардың санына әлем нарығында бәсекелестіктің асқынуына, төлем баланстарының өсіп бара жатқан теңсіздігі, көп елдердің сыртқы қарызы, жеке елдеріндегі экономикалық және саяси тұрақсыздығы жатқызылады.
Бұл факторларды әрекет етуі мемлекеттің сыртқы саудадағы тұрақты әрекеттесуінде 2 бағытты: либерализм мен протекционизмді тудырады.
Белгілі болғандай, протекционизм - ішкі нарықты қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты, либерализм (фритредерство) ішкі нарыққа шетелдік тауарлар, капиталдар, жұмысшы күштеріне жайдарылық мақсатқа ие, яғни ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырады.
Сыртқы экономикалық қатынастарды және басқару мәселелері Конституциямен, ҚР Салық және Кеден кодекстерімен, Лицензиялау туралы Сертификаттау туралы, Инвестициялар туралы, Арнайы экономикалық аймақтар туралы, Валюталық реттеу туралы заңдарымен және басқа да құқықтық актілермен және ҚР Үкіметінің қаулыларымен реттеледі. Сыртқы экономикалық басқару органдарының тікелей мүшелеріне индустрия және сауда министрлігі, бюджеттік экономика жоспарлау минитістрлігі, кедендік бақылау комитеті, ҚР қаржы министрлігіне жатады.
Индустрия және сауда министрлігінің атқаратын қызметі, сыртқы экономикалық басқару ісін үйлестіріп реттеу басқада орындаушы басқармалар ұсыныстары бойынша мемлекеттік сыртқы сауда саясатын қамтып оны дамыту.
Сауда-өндірістік палаталар келесідей функцияларды атқарады:
- Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде отандық кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға сауда қаржылық мүдделерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
- Мемлекет пен кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
- Кәсіпкерлік қызметке кадрларды дайындау және білім жүйесін дамытуға ықпал ету;
- Ақпараттық қызмет көрсету;
- Отандық тауарлар мен қызметтер экспортының дамуына ықпал ету;
- Шетелдік фирмалар менұйымдарға саудалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қызмет көрсету.
Кеден ісі саласында сыртқы экономикалық қатынас құралдарының жүйесін сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру тәсілдері құрайды: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу - сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі. Көптеген мемлекеттерде кеден ісі саласында сыртқы экономикалық қатынас құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жайт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоцацсия ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.
Сыртқы экономикалық қызмет кеден ісі саласы бойынша да келісімдерді жасауға заңды түрде кепілдіге беріледі. Бұл дегеніміз, кез-келген жеке және заңды тұлға өзіне қажетті бизнес серіктесін, тауарларды сату-сатып алу қызметін, сонымен қатар келісім шарттардың еркін мазмұны мен формаларын таңдауға құқылы.
Кеден ісі саласындаҚазақстан Республикасының заңдары сыртқы сауда қызметін реттеудің екі әдісін қолдануын жібереді: тарифтік және тарифсіз.Осындай шаралар,кеден ісі саласындағымемлекеттің жедел қарастыруын талап ететін белгілі бір экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуіне арналған шектелген мерзімнің ішінде үлкен емес тауарлар тобына қатысты қолданылады. Сонымен, кеден ісі саласындатарифсіз шаралар мемлекеттің ішкі нарығын бұзбайды, керісінше, оның қалыпты жұмыс жасауына қалыптасады.
Тарифсіз реттеу шараларын екі негізгі топқа бөлуге болады:
· экономикалық;
· әкімшілік.
Негізгі экономикалық шараларына жатады:
· баждардың ерекше түрлері;
· әр түрлі салықтар мен алымдар;
· импорттық депозиттер;
· валюталық реттеу шаралары.
Әкімшілік шараларға жатады:
· эмбарго;
· лицензиялау және квоталау;
· экспорттың ерікті шектеулері;
· монополисттік шаралар;
· протекционисттік мақсаттарда стандарттар мен техникалық нормаларды қолдану;
· қосымша кедендік құжаттар мен рәсімдер және т.б.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының сыртқы сауданың тарифсіз реттеу шаралары өзіне: белгілі бір тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салуды;
экспортты және импортты лицензиялау және квоталауды;
белгілі бір тауарларды әкелудің және әкетудің рұқсаттық жүйесін;
кейбір тауарлардың белгіленген мемлекеттік стандарттардың сәйкестігіне және қауіпсіздігіне сертификациясын;
экспорттық бақылау рәсімін;
тауарларды декларациялау рәсімін қосады.
Белгілі бір тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салумемлекет қауіпсіздігін сақтау, қауымдық тәртіпті, тұлғалардың адамгершілігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, Қазақстан халықтарының және шетел мемлекеттерінің көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарын қорғау салдарынан белгіленеді.
Лицензиялау және квоталау - бұл сыртқы саудының тарифсіз реттеу шараларының ең көп таралған түрі. Олардың мақсаты, кез келген нақты бір тауардың импортын немесе экспортын барлық мемлекеттерге (немесе барлық мемлекеттерден), немесе, бөлек алынған нақты мемлкеттерге (не осы мемлекеттерден) шектеулер салулар болып саналады. Бұл шаралар бір бірімен тығыз байланысты. Негізінде, нақты импортерларға лицензия беру жолымен квоталарды бөлу механизімі ретінде лицензиялау қолданылады. Сонымен қатар, лицензиялау белгілі бір тауарлардың әкелінуін және әкетілуін мемлекеттік есеп және бақылау нысаны ретінде ұсынады. Лицензияны беру әдетте квоталаумен бірге жүргізіледі
Квоталар - бұл жеке, тарифтік, мерзімдік, глобальды және басқа да пайыздық шектеулердің көмегімен әкелуге рұқсат етілген тауардың шекті көлемін немесе сомасын белгілейтін сандық шектеулер:
жеке квоталар - импортқа рұқсат етілген тауарлардың жалпы көлемін жіберуші елдер бойынша бөлінуін көздейді.
тарифтік квоталар - кедендік салық салудың қолайлы жағдайлары кезінде белгілі бір көлемде импортқа рұқсат етіледі, ал осы көлемнен жоғары болған импортқа қолайлы тәртіптің қолданылуы азая түсуі не тіпті жеткізілімге тыйым салынуы мүмкін.
мерзімдік квоталар - жылдың белгілі бір уақытында қолданылады.
глобальды квоталар - белгілі бір мерзімге жіберуші елдердің арасында бөлуінсіз кез келген тауардың импортының жалпы мөлшерін белгілейді.
Белгілі бір тауарларды мемлекетке әкелудің және әкетудің рұқсаттық жүйесісыртқы сауданың тарифсіз реттудің лицензиялау шарасымен салыстырғанда әлде қайда либералды болып табылады. Ол тауарларды кедендік шекарадан өткізу үшін осы тауарлардың айналымын бақылайтын белгіленген министрліктерден және ведомстволардан рұқсат алу қажет.
Тауарлардың сертификациясы.Қазіргі уақытта бүткіл әлемде импорттық тауарлардың сапасына үлкен маңыз бөлінеді.
Сертификация - бұл идентификацияланған өнімнің нормаларға және талаптарға сәйкестігін қажетті үлгіде айқындау рәсімі.
Экспорттық бақылау рәсімі тарифсіз реттеу шараларының бақылау объектілерінің ең қиыны болып есептеледі. Бұл шара экспортық саласымен байланысты қазақстандық материалдарды, құралдар мен технологияларды қолдану кезінде қару-жарақ және әскери техника, химиялық, бактериологиялық, ядерлық қару, ракеталық жеткізу құралдарын құрастыруда қолдануы мүмкін.
Тауарларды декларациялау рәсімі де сыртқы сауданы тарифсіз реттеудің бөлігін құрайды, және тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты мәліметтерін, олардың кедендік режимі және басқа да кеден мақсаттары үшін қажетті мәліметтер туралы белгіленген нысан бойынша декларантпен мәлімдеуін ұсынады.
Преференцияның жалпы жүйесі - даму және сауда жөніндегі БҰҰ конференциясында қабылданған дамушы елдерден шығатын тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі.
Кедендік төлем бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тиым салынған. ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан босатылады
ҚР Инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан босатылады. Кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және ҚР көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы преференциялық баж салығы - шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке ерекше қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы.
ҚР -ның кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудан өтуі міндетті. Олар халықаралық сатып алу сату келісімшарттарды жүзеге асыру тәртібі басқа да негіздер бойынша жылжиды
Тауарлар мен көлік құралдарының негізгі қағидалары мен ҚР- ның кеден кодексіне сәйкес, ҚР- ның барлық тұлғаларына кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тең құқық берілген.
СЭҚ-ты бақылау ҚР үкіметінің оңаша тауарлар мен қызметтерге тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оңаша тауарлардың экспорты мен импортына тарифтік емес шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау, еліміздің қорғаныс қауіпсіздігі мен халықаралық қауіпсіздік, халықтың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны сақтау, шикізаттың, ҚР-ның мәдени мұраларын сақтау мақсатында жүргізіледі.
Осылайша, СЭҚ-тің енгізуі қарастырылған кеңсмелік құжаттарда, кез келген жауапты тұлға әкелу мен әкетуге құқылы.
СЭҚ қатысушылардың есебі - кедендік органдармен қажетті жағдайда ҚР - ның құқық қорғау және бақылаушы органдарының қатысуымен жүзеге асырылатын құқықтық ұйымдастырушылық және бақылаушылық инспекциялық шаралар кешені.
Есепке СЭҚ-і жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар жатады, қызметі аясында СЭҚ қатысушының мемлекеттік тіркеу орны орналасқан кедендік органда жүзеге асырылады.
Есеп кедендік органдармен келесі құжаттарнегізінде жүзеге асырылады:
1. Мемлекеттік тіркеу куәлігі - нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2. ҰКЖС (ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы сынаптамасы) - кодын көрсетіп, статистикалық басқармамен берілді заңды тұлғаның статистикалық карточкасы.
3. Салық төлеушінің номері көрсетіліп, салық органдарымен берілген, тіркеу анықтамасы
4. Есепшоттың теңгемен немесе валютамен ашылғандығы туралы банктен анықтама.
Құжаттардың түп нұсқасын көшірмемен бірге ұсынбаған жағдайда, көшірме нотариалды куәландырылмауы мүмкін. Сонымен қатар көшірілмелерді түп нұсқасымен салыстырып тексерген соң, кедендік органдармен куәландырылады.
Есепке ұсынылған құжаттар арнайы қағазға көшіріледі немесе тігеледі. Берілген құжаттар негізінде кедендік органдармен бекітілген үшін СЭҚ қатысушының есептік карточкасы хаттамаланады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айќындайды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын анағұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.
Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту - мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды.
Өнеркєсіптік қайта өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беріледі.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім төленуге тиісті кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі берілмейді.
Өнеркәсіптік қайта өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды коды пайдаланылған шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін өндірісте пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгіні кез келген деңгейінде өнімнің (тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге:
1) қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар);
2) қоғамдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz