Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері жүйеі;
2.2. Кеден Одағаның және Қазақстан Республикасының Заңнамасы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНГЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
М. А. Сәрсембаев кеден құқығын жеке саласы ретінде ала отырып, оған төмендегідей анықтама береді: “Кеден құқығы дегеніміз – кеден қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы”. Жалпы алғанда осы анықтамамен келісе отырып және құқықтық жалпы теориясын негізге алып, кеден құқығын өзіне тиесілі қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпы және арнайы институттар мен құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын Қазақстан құқығының және кешенді саласы деп бөліп айтуға болады. Кеден құқығының түсінігін оның басқа құқық салаларымен арақатынасын ашқанда ғана толық түсінуге болады. Ең алдымен, конституциялық құқықпен арақатынасынан бастайық. Конституциялық (мемлекеттік), құқықтық құқық жүйесіндегі басымдылығы заң әдебиеттерінде әрқашанда ерекше атап көрсетіледі.
Конституцияның құқық мәселелеріне И. Е. Фарбер, А. И. Лепешкин, С. Ф. Кечекьян, М. С. Пиголкин, С. З. Зиманов, В. А. Ким, М. Т. Баймаханов, Г. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, К. Ф. Котов В. В. Мамонов және т.б. еңбектері арналған. Конституциялық құқық Қазақстан құқық салаларының соның ішінде кеден құқығының да қағидаларын анықтайды.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады:
– атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты;
– басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар;
– әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар.
Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады.
1. Алибеков С. Т. "Қазақстанның кеден құқығы: жалпы және ерекше бөлім". – Алматы, 2008жыл.
2. Сарсенбаев М.А. Таможенное право. – Алматы, 1995.
3. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы.

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Сейтжанов Абдыкахар Ануарович

Алматы 2017ж.

ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері жүйеі;
2.2. Кеден Одағаның және Қазақстан Республикасының Заңнамасы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНГЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
М. А. Сәрсембаев кеден құқығын жеке саласы ретінде ала отырып, оған төмендегідей анықтама береді: "Кеден құқығы дегеніміз - кеден қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы". Жалпы алғанда осы анықтамамен келісе отырып және құқықтық жалпы теориясын негізге алып, кеден құқығын өзіне тиесілі қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпы және арнайы институттар мен құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын Қазақстан құқығының және кешенді саласы деп бөліп айтуға болады. Кеден құқығының түсінігін оның басқа құқық салаларымен арақатынасын ашқанда ғана толық түсінуге болады. Ең алдымен, конституциялық құқықпен арақатынасынан бастайық. Конституциялық (мемлекеттік), құқықтық құқық жүйесіндегі басымдылығы заң әдебиеттерінде әрқашанда ерекше атап көрсетіледі.
Конституцияның құқық мәселелеріне И. Е. Фарбер, А. И. Лепешкин, С. Ф. Кечекьян, М. С. Пиголкин, С. З. Зиманов, В. А. Ким, М. Т. Баймаханов, Г. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, К. Ф. Котов В. В. Мамонов және т.б. еңбектері арналған. Конституциялық құқық Қазақстан құқық салаларының соның ішінде кеден құқығының да қағидаларын анықтайды.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады:
- атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты;
- басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар;
- әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар.
Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады.

2.1. КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ, ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖҮЙЕСІ;
Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Кеден құқығы пәні және әдістері.
Құқықтың әрбір саласын оның пәні мен құқықтық реттеу әдісі анықтайды.
Құқық нормасы - мемлекетпен белгіленіп, руқсат етілген, оны бузған жағдайдабелгілі бір жауапкершілікке тартылатын, нормативтік құқықтық актіде бекітілген мінез-құлық ережесі.
Қоғамдық қатынастар - білімнің белгілі бір аясында қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Құқық жүйесі - қоғамдық қатынастардыңбелгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Құқық жүйесі келесілерге бөлінеді:
* құқықтық реттеу пәні - бул құқықты реттейді (қоғамдық қатынастар)
* құқықтық реттеу әдісі - бул қоғамдық қатынастарға әсер ететін қуралдардың және әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы
Кеден құқығының пәні - кеден құқығы аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. ҚР құқықтық жүйесінде кеден құқығының орны туралы қөзқарас бар:
* кеден құқығы құқықтың дербес саласы (Габричидзе, Сарсембаев, Алибеков)
* кеден құқығы әкімшілік құқықтың салалығы (Чемакин, Сандровский, Марков)
* кеден құқығы жоқ, ал тек қана кеден заңнамасы бар.
Кеден құқығы қазақстандық құқықтың кешенді саласы, яғни кеден құқығы пәнінің басты ерекшелендіретін қасиеті - кеден ісі саласындағы құқықтық қатынастар. Осы қатынастардың кешенді мінез-құлқы мен топтардың бір текті еместігі болып табылады. Алексеев бойынша құқық салаларының жіктелуі:
* құқытың тазалық салалары (конституция,құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық,әкімшілік құқық)
* арнайы салалар (енбек құқығы, экологиялық құқық, қаржы құқығы)
* әртекті институттарды кәсіптік және арнайы құқық салаларына біріктіретін кешенді құқық салалары (шаруашылық, сауда,теніз құқығы).
* Кеден құқығын құқықтық реттеу әдісі - императивті, диспозитивті.
Кеден құқығы - кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларрының жиынтығын білдірретін құқықтың кешенді дербес саласы.
Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді.
Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесі туралы айта келе, әкімшілік құқықтық ерекшеліктерін көрсете отырып, оқулық авторлары мына мәселеге де көңіл бөледі: "Дуалистіліктің де позитивті жағы бар, өйткені ол құқық жүйесін ыдыратпайды, тек қана оның жаңа салаларын айқынырақ қалыптасуына ыңғайлайды". Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырған. Кеден құқығының пәні, құқықтық реттеу және құқықтық институттары толығымен қалыптасып болмаған, сонымен қатар оның пайда болғаннан бастап-ақ жеке сала болғанын айта кету керек.
Жалпы алғанда кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген болатын.
1995 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды.
Біздің ойымызша, соңғы уақытта заң шығарушы ұйымдар кодификациялық актілер жасау бағытында жұмыс істеуде. Олар біркелкі құқықтық материалдарды біріктірмегенімен, негізінен бүгінгі күннің талаптарына сай келеді. Мысал ретінде негізгі құқық саласы ретінде әкімшілік құқықтан әкімшілік іс жүргізу құқығын бөліп шығару қажеттілігі туындауын айтуға болады, өйткені құқықтық реттеу пәні өте үлкен және сапалы түрде өзгеруді талап етеді.
Қылмыстық құқық қылмыстың болуымен байланысты қатынастарды реттейді, осы жерде кеден аясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттің ерекше мүдделерінің бірі екенін атап өткен жөн. Және бұл салада қылмыстық жауапкершілік көзделетін әрекеттердің орын алуы анықталады. Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық тәртіптің нормаларын анықтап, нақты қылмыс құралдары үшін жауапкершілікті белгілейтін тек осы кодекс нормаларының ғана қолданылатынын белгіледі. Осы жерде Қылмыстық кодекс пен Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығы арасындағы сәйкессіздік туралы айта кету керек, соған қарамастан Қылмыстық кодекс нормаларының басымдылығы танылады. Президент Жарлығында да кеден ісі аясындағы болатын қылмыс (құрамдары 33-5) туралы бөлім бар, дәлірек айтсақ, мемлекеттік мүдделерге жататын мәселелер көтерілген. Өкінішке орай, бұл мәселелер жаңа қылмыстық кодексте толығымен көрініс таба алмады және де мәселе бұл нормаларды сәйкестендіруде ғана емес, кеден ісі қажеттіліктерін толығырақ ескеруде болып отыр.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына келсек, ол өз кезегінде анықтама, жедел іздестіру қызметі, белгілі бір процессуалдық әрекеттерді жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі кеден органдарын қылмыстық кодекстің 209, 214, 250-баптарының белгілі бөліктері бойынша анықтама органдары қатарына жатқызады. Ал жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығына кеден органдары 1994 жылы 15 қыркүйекте қабылданған "Жедел іздестіру қызметі туралы" Заңға 25 желтоқсан 1995 жылы енгізілген толықтырулар негізінде ие болды.
Қаржы құқығы мен салық құқығы жалпы алғанда, бюджет кірістері мен салық түсімдеріне байланысты қатынастарды реттейді. Кеден органдарынан түсетін бюджеттік кірістер оларға жүктелген фискалдық өкілеттіктердің дұрыс орындалуына тәуелді болады. Кеден құқығына кеден төлемдері институты да кіреді, сонымен бірге кеденді төлемдер мен салықтарды есептеу, кедендік құнды анықтау әдістемесінде жасауды біріктіреді.
Кеден құқығы еңбек құқығымен де тікелей байланыста болады. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Президент Жарлығының қабылдануы да және 1996 жылы 19 қыркүйекте Үкімет қаулысымен бекітілген № 1119 "Кеден органдарында қызмет ету тәртібі туралы" ереженің және Акт мәтінінің қабылдануы да еңбек заңдарының жалпы ережелерін толығымен алмастыра алмайды. Осыларға қоса Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Заң күші бар Жарлығы да белгілі бір деңгейде қосымша болады.
Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, кағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды. Өз кезегінде кеден құқығының заңдық нормалары құқықтық категорияларға, институттарға біріктіріліп, кеден ісінде қолданылатын түсініктер ретінде берілуі мүмкін. Ал кеден құқығын жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу заңға негізделе отырып құрастырылған. Оның себебін құқықтық нормалардың жалпы және арнайы немесе процессуалдық және материалдық сипатымен түсіндіруге болады. Процессуалдық нормалар мазмұны бойынша құқықтарын жүзеге асыру және міндеттер атқару процедурасын, тәртібін бекітетін болады, материалдық нормалар өз кезегінде кедендік қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтап береді. Кеден құқығы кеден саласында өзіндік құқықтық реттеу режимін құрады.
Кеден құқығының жалпы бөлімінде негізінен мемлекеттің кедендік саясаты, кеден ісі секілді негіз салушы институттар, сонымен қатар, кеден органдары қызметінің құқықтық - ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылады (процессуалдық бөлім). Ал ерекше бөлім тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизмдері мен кағидалары, кедендік режимдерді, кедендік төлемдерді, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды, жауапкершілікті, осылармен бірге кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер мен проференциялар, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру секілді процессуалдық және материалдық сипаттағы нормалармен анықталған ұғымдарды қамтиды (материалдық бөлім). Осы жерде атап айтатын мәселе ерекше бөлімде процессуалды нормалар да кездеседі және осы критерий бойынша бөлу шартта болып келеді.
Кеден құқығының қайнар көздері Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдар, Президент Жарлықтары мен Қаулылары, Үкімет актілері, Кеден комитетінің актілері, кеден ісіне байланысты Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттар мен келісімдер.
Кеден, таможня (түркі тілінде тамға - таңба, белгі сөзінен шыққан) - тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.
Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды. Мыс., Ежелгі Грекияда б.з.б. 6 ғ-да кіре тауарларына салынған кірелік баждар олардың құнының 110 бөлігін құрады, ал одақтастар үшін - 1100 бөлігін, Грекияға тәуелсіз қалалардан 120 бөлігін құрады.
Мысырда б.з.б. 4 ғасырда үкімет Александрияға азық-түлік әкелуді және өз ісмерлерінің бұйымдарын әкетуді қатаң тәртіпке келтірді. Кіре тауарлардан ел аумағындағы түрлі бекеттерде алым жиналды. Карфагенде б.з.б. 3 ғасырда кеден баждарының маңызды болғаны соншалық, қолбасшы әрі әмір Ганнибал өзінің Рим империясымен жүргізген соғысына жұмсалған барлық шығынды осы баждармен жауып отырды. Ал Римнің өзінде кіре тауарларға салынатын бажды одан да ерте енгізген болатын, баж алымы мұнда қазынаны толтыратын басты бастау-көзге айналған-ды. Кеден ережелері мұнда ішкі мемлекеттік құқықтың ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың да тақырыбы болды. Сол замандардағы басқа мемлекеттерде де баждар алым-салық ретінде пайда болып, кейіннен қазына үшін ақша табудың қолайлы амалына айналды, түрлі елдердің сыртқы экономикалық қызметінің маңызды бөлігін құрады.
Орта ғасырлар кезеңінде Кеден ісінің даму барысы күрделі де қайшылықты болды. Орта ғасырлардың басында баждардың ынсаптылық табуы нақ сол Рим империясында Қытай жібегінің пайда болуына мүмкіндік берді. Осындай ынсапты алымдардың көмегімен 3 - 4 ғасырларда Армения да саудаға қамқорлық жасады. Ал герман халықтарында шіркеу иелері ғибадат мерекелері кезінде сауда жасағанда өлшеуіш аспаптарды пайдаланғаны үшін ақы алуға бұдан әлдеқайда ерте бейімделген болатын. Кейінірек Еуропадағы ірі жер иелері дін қызметшілерін осы міндеттен босатып, тауарларға салынатын баж алымын жинау үшін өз бишікештерін тағайындай бастады.
Баж жинаушылар Еуропа мемлекеттерінде жоғары мәртебеге ие болды. Мыс., француздарда 499 жылы олар король бишікештеріне теңестіріліп, епископтармен және графтармен бірдей дәрежеде болды, ал Ұлы Карл тұсында графқа бағындырылды, ол сонымен бірге корольдің аға кеден бишікеші деп саналды. Кейін 1249 жылы Фрайбург қаласында кеден бишікештерін қызметке тағайындау және ол өз міндеттерін адал атқармаса, қызметтен босату құқығы азаматтардың өздеріне берілді.
19 ғасырда Рейнде 64 кеден бекеті, Эльбада - 35, Дунайда, Төменгі Австрияда - 77 кеден бекеті болды. Тіпті өзеннен кешіп өтуге болатын жерлерде де сол жердің иелері көпір салып, олардан көлікпен және жаяу өткені үшін ақы алды.
Сонымен қатар орта ғасырлардағы қалалардың өкімет орындары шет жұрттық тауарлардың басы артық ағылып келуінен кеден шаралары арқылы қорғануға тырысты. Парижде 12 ғасырда қалаға әкелінген барлық шетелдік тауарларға ғана емес, сонымен бірге Францияның басқа қалаларынан жеткізілген көптеген тауарларға да баж салынды. Ал мемлекеттер мен князьдіктер арасындағы экон. байланыстардың ұлғаюына байланысты 12 - 13 ғасырларда Кеден саясатында Еуропа мемлекеттерінің сыртқы шекараларында ортақ жүйе жасауға ұмтылушылық күшейді. Бірігу мен орталықтандыру үрдісі осыған жол ашуға тиіс болды. Алайда, 1707 жылы Англия мен Шотландия арасындағы кеден мүлдем жойылды, 1823 жылы бекеттер де жойылды. Ал Францияда кеден бірлігі тек 1790 жылы ғана басталды. Австрия өзінің кеден саясатын тек 1775 - 1851 жылы ғана тұжырымдады, ал Германияда кеденнің бірігуі 1888 жылға дейін созылды.
19 ғ-да Англия сауда еркіндігін бірінші болып жариялады, жергілікті буржуазия тауар әкетуге қандай да болсын сыйлық пен бажды жоюды, тауарлардың шекарада екі жаққа да еркін алып өтілуін жақтап бой көтерді. Сонан соң Франция қолдампаздық кеден тарифтерін қабылдап, еркін сауда бағытын ұстады. Ал Германияда Пруссия бастаған 18 мемлекет кеден одағын құрып, ішкі кеден қалқаларын жойды. Еуропаның басқа елдері де осылай етті. Сөйтіп, 19 ғ-дың 60 - 70-жылдары еркін сауда принципі салтанат құрды, мұның өзі Кеден тыйымдары мен шектеулерінің қамқорлығынан біржолата шыққан ірі монополиялардың үстемдік құруына әкелді.
АҚШ-та кеден-тариф саясаты бүгінгі күнге дейін Америка рыногін қолдампаздықпен қорғаудың іргетасы болып отыр және ол кей реттерде Кеден мөлшерлемелерінің жоғары деңгейінен гөрі импорт жолына қойылған тым елеулі кедергіге айналды. 20 ғ-дың 30-жылдары мұның өзі көптеген елдерде күрт дипломатиялық наразылықтар туғызды және АҚШ-тың сауда серіктестері жауап шаралар қолдана бастады. Мысыр, Англия өз тарифтерін алғашқылардың бірі болып көтерді, сонан соң өз отарларын Кеден қорғанымен бөгеді. Экономикалық дағдарыс қызған шақта (1929 - 33) АҚШ өзінің кеден саясатын қайта қарауға, сауда серіктестеріне Америка өнеркәсібіне зиян келтірмейтіндей кеңшіліктер жасауға мәжбүр болды. Қысқасы экспорттық экспансия одан әрі жалғасып, импорт шектеле берді. 1957 жылы Еуропа экономикалық одағы құрылуына байланысты жағдай айтарлықтай өзгерді. "Ортақ рынок" елдері америкалық бәсекелестеріне кеден-тариф саясаты мәселелері бойынша да бір майдан болып қарсы шықты. Сөйтіп, олар өз серіктестерінің рыноктарына өнімді бажсыз әкелу құқығын алды.
Ресейдің сыртқы саудасының дамуында 1724 жылы Петр қабылдаған қолдампаздық кеден айыппұлы зор рөл атқарды. Ресей өнеркәсібінің мүдделері үшін мұнда өндіру игерілмеген немесе игеру жаңа ғана жолға қойылған тауарларға жоғары баж салынды. Петр мирасқорлары Ресей тауарларының әкетілімін көтермелеу саясатын жалғастыруға тырысты. Ал шет ел тауарларының әкеліміне қойылған қатаң шектеулер көп ұзамай ресейлік өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік берді. Дамыған Еуропа елдері арасындағы қатынастарда еркін саудадан агрессиялық қолдампаздыққа көшуі 19 ғ-дың аяғында Ресейдің өз көршілерімен кеден қатынастарына да әсерін тигізді. Мыс., 1893 ж. Германия үкіметін тез арада сауда шартын жасасуға итермелеу мақсатымен Ресей үкіметі қосарлы кеден тарифі туралы заң шығарды, бұл заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері
Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері
Мамандықтың пәндер каталогы
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Кеден органдардың құзіреті және кеден саласындағы қылмыспен күресу жағдайлар
Кеден құқығының нормалары
Орталық Кедендік орган
Кедендік инфрақұрылым ұғымы
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Пәндер