Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 2-курс
Тексерген: Сейтжанов Абдыкахар Ануарович
Алматы 2017ж.
ЖОСПАРЫ:
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМКедендік құқықтық қатынастар және нормалар; Кедендік құқығының субъектілері;
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ҚОЛДАНГЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Кедендік құқықтық қатынастар мыналарды қамтиды: кеден ісін ұйымдастыру; кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын алып өту; кеден тәртібін реттеу; кедендік төлемдерді өндіріп алу; алдын ала операциялар; кедендік ресімдеу; Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау; валюталық бақылау; кеден ісі саласында құқық бұзушылықтың (әкімшілік және қылмыстық) орын алуы; кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеті немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне шағымдану және қарау; кеден органдарында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік қызметкерлердің кеден органдарына жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауы.
2. 1. КЕДЕКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ НОРМАЛАР;
Кедендік құқықтық нормалар - кеден шекарасы арқылы туаурлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Кедендік құқықтық нормалардың белгілері:
1) кедендік құқықтық нормалар тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға байланысты қатысушылардың барлығына қолданылады;
2) кедендік құқықтық нормалар тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға байланысты қатысушылардың барлығына міндетті;
3) заңды жауаптылық.
Кедендік құқықтық нормалардың құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция
Кедендік құқықтық нормалардың түрлері: материалдық және процессуалдық
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:
1) ҚР-сы кеден ісі кодексінен;
2) қабылдануы ҚР-сы кеден ісі кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ҚР-сы кеден ісі кодексіндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Егер ҚР-сы кеден ісі кодексінде өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген кезде, егер ҚР-сы кеден ісі кодексінде өзгеше белгіленбесе, тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Егер кеден одағының кедендік шекарасын тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен дербес және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, сондай-ақ бірлескен актілердің негізінде тиісті мемлекеттік органдардың немесе аталған органдардың келісімімен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.
Кеден өкілі1. Осы Кодекстің 26-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден өкілі болып табылады.
Заңды тұлға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден өкілі болып танылады.
Кеден өкілдерінің тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
2. Кеден өкілі декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғалардың атынан немесе тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік операциялар жасайды.
3. Кеден өкілдерінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады.
4. Кеден өкілдерінің тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей, көрсетілген интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.
5. Кеден өкілдерінің кедендік операцияларды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және мұндай адамдарға кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру шарттары осы Кодекстің 32-бабында айқындалады.
6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі үшін осы Кодекске сәйкес белгіленген декларант немесе өзге де мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кездегі жағдайлардан қолайлылығы кемірек жағдайлар белгіленбеуге немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi мен шарттарын, кеден төлемдерi мен салық алуды, кедендiк ресiмдеудi, кеден бақылауын және кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң ұйымдық-құқықтық негiздерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасында оның iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiртұтас кеден саясаты жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының құрлықтағы жерi, аумақтық сулары, iшкi сулары және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi жатады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тек қана теңiздегi ерекше экономикалық аймағында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және басқа объектiлер кiредi, бұлар кеден iсi жөнiнде тек Қазақстан Республикасының ғана қарамағында болады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағында периметр бойынша шектелген еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың орналасуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.
Кеден органдарының консультация беруі
1. Кеден органдары мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультация береді.
2. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда тегін жүзеге асырылады. Кеден органы мүдделі тұлғаның жазбаша сауал салуы бойынша ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша нысанда, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей беруге міндетті.
3. Консультация беру кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органының атынан кедендік декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларациялар мен құжаттарды жасамайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды толтыруға байланысты консультациялар, мүдделі тұлға табыс еткен ақпаратты тексермей, ауызша нысанда жүргізіледі.
4. Консультация беру кезінде кеден органының лауазымды адамы:
1) кеден органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге;
2) мүдделі тұлғалар табыс еткен құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
3) мүдделі тұлғалардың құжаттарына өкімдік жазбалар жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бір өзге де тәсілмен кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды адамының іс-әрекетіне ықпал етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтын мәліметтерді хабарлауға құқылы емес.
5. Консультацияларды жүргізу кезінде мүдделі тұлғаларға берілген ақпарат тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешім қабылдауы немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін негіздеме болып табылмайды.
Кеден одағының кеден аумағы арқылы тауарларды өткізу кезінде кедендік төлемдерді қолданудың базалық мәселелері Кеден одағының Кеден кодексімен белгіленген, сонымен де кедендік төлемдердің жіктеуі келтіріледі, оларды есептеудің тәртібі бекітіледі, кедендік төлемдерді төлеушілер, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындайтын және тоқтатылатын сәттер анықталады, оларды төлеудің мерзімдері белгіленеді, кедендік төлемдер төленуін қамтамасыз етудің жалпы мәселелері, мәлімденген кедендік рәсімдерге сай, кедендік төлемдерді қолданудың ерекшеліктері регламенттеледі.
Кедендік әкелім баждарын төлеудің мерзімдерін өзгерту мәселелері, 2010 жылғы 21 мамырдағы кедендік төлемдерді төлеудің негіздері, шарттары мен мерзімдерін өзгерту тәртібі туралы Келісімнің нормаларымен реттеледі.
Кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері Кеден транзиті бойынша кедендік рәсімдерге сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берудің кейбір мәселелері, сондай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және сондай тауарлар жайында өндірілген сомаларды аудару туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы Келісіммен белгіленген.
Сонымен қатара, кедендік төлемдер, салықтарды төлеудің нысандарын анықтау, кедендік баждар, салықтардың төленуіне бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі, Кеден одағының Кеден кодексімен бекітілген кедендік баждар, салықтар төленуін қамтамасыз ету тәсілдері, артық төленген кедендік баждарды, салықтарды қайтару тәртібі, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу тәртібі сияқты бірқатар мәселелер Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен реттеліп отырады.
Кеден одағының Кеден кодексінің 70 бабына сәйкес, кедендік төлемдерге мыналар жатады:
1) кедендік әкелім бажы;
2) кедендік әкетілім бажы;
3) кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;
4) кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер) ;
5) кедендік алымдар.
Аталған төлемдер әртекті, соның салдарынан құқықтық реттеудің маңызды ерекшеліктерін иеленеді.
2. 2. Кеден құқығының субьектілері.
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі, міндеттері
2. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым қатынасы
3. Кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым қатынасы
4. Уәкілетті экономикалық оператор
1. Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелері, жоғары кәсіби және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.
Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгісі болады.
Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.
Кеден ісі саласында тікелей басшылық жасауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;
5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
6) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
8) тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz