Бетон полимерлі қадалар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бетон полимерлі қадалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2. Бетон полимерлі қадалардың өндірілуі ... ... ... ... ... ... ... 4
2.3. Бетонның қатаюы және оның күтімі ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.4. Бетон өндірісі үшін пластификатор (полимерлер) ... ... .. 11
2.5. Қадаларды батыру және құру процестерінің
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.6. Жылуылғалды өндеу тәсілін негіздеу және жылумен
өндеу тәртібін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.7. Жылу камераны есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.8. Технологиялық жоба есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
2.9. Бұйымды қыздыру есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.1. Жылутехникалық бөлім есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.2.Еңбек және қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Қада жұмыстары өнеркәсіптік және азаматтық ауыл шаруашылық және көлік құрылыстарының үймереттері мен ғимараттарының қадалы фундаменттерін құрғанда орындалады және кешенді-механикаландырылған технологиялық процестердің жиынтығы болып табылады. Қадалар үймерет немесе ғимарат жүгін топыраққа беру және әлсіз топырақтардың көтергіш қабілеттін арттыру үшін және су кіруді, жер асты және жер үсті өткелдер салғанда топырақтың құйылуын немесе мүжіліп құлауын болдырмау үшін жағалар қабырғаларын қоршау және басқа жағдайларға арналады. Қадалы іргетастар табиғи негіздегі іргетастармен салыстырғанда жер жұмыстар көлемін шұғыл азайтуға, бетон шығынын кемітуге, жер асты бөлігін тұрғызудың еңбек сыйымдылығын және тұтас алғанда объект құрылысының мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қадалар топыраққа батыру тәсілі бойынша: дайын түрінде топыраққа әр түрлі тәсілмен қағылатын – қағылмалы және тікелей топырақта жобалық жағдайда дайындалатын – толтырмалы болуы мүмкін.
Қадалар материалдар түрі бойынша: ағаш, бетон, темір-бетон, металл және қиыстырылған болады.
Соның ішінде бетон полимерлі қадалардың өндірілу технологиясына тереңірек тоқтала кетсек...

1. Баженов Ю.М. Технология бетона: Учебное пособие для технол. спец. строит, вузов. 3-е изд., перераб. - М.: Высшая школа, 2003. - 500 с.
2. Рыбьев И.Г. Строительные материалы - М.: Высшая школа, 2002.
3. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос - М.: ИАСВ, 2004.
4. Материаловедение в строительстве /Под ред. И.А.Рыбьева М.: Издательский центр «Академия», 2006.
5. Белов В.В., Петропавловская В.Б., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. М.: ИАСВ, 2004.
6. Хигерович М.И., Байер В.Е. Гирофобно - пластифицирующие добавки для цементов, растворов и бетонов. - М.: Стройиздат, 1979. - 124 с.
7. Соловьев В.И. Бетоны с гидрофобизирующими добавками. - Наука, 1990.
8. Еремин И.Ф.Процесс и аппараты в технологии строительных материалов:-Киев:Высшая школа,1981.
9. Оборудование для производство стройтельных материалов и работ.Справочных.-Москва:Cтройинформ,2006
10. Борщ И.М. и др.Современные методы оптимизации композиционных материалов – Киев:Будивельник,1983.
11. Борщ И.М. и др. Процессы и аппараты в технологии строительных материалов:- Киев: Высшая школа, 1981.
12. А.А. Борщевский, А.С. Ильин Механическое оборудование для производства строиельных материалов и изделий. Москва «Высшая школа» 1987г.
13. Соловьев В.И. и др. Проектирование предприятий сборного железобетона. Алматы. 1987
14. Горчаков Г.И. Строительные материалы – М. В. школа, 1981г.

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бетон полимерлі
қадалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2. Бетон полимерлі қадалардың өндірілуі ... ... ... ... ... ... .. ..
4
2.3. Бетонның қатаюы және оның күтімі ... ... ... ... ... ... ... . ...
9
2.4. Бетон өндірісі үшін пластификатор (полимерлер) ... ... .. 11
2.5. Қадаларды батыру және құру процестерінің
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13
2.6. Жылуылғалды өндеу тәсілін негіздеу және жылумен
өндеу тәртібін
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 19
2.7. Жылу камераны
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.8. Технологиялық жоба
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 26
2.9. Бұйымды қыздыру
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...29
3.1. Жылутехникалық бөлім
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...30
3.2.Еңбек және қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 36
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
1.Кіріспе
Қада жұмыстары өнеркәсіптік және азаматтық ауыл шаруашылық және көлік
құрылыстарының үймереттері мен ғимараттарының қадалы фундаменттерін
құрғанда орындалады және кешенді-механикаландырылған технологиялық
процестердің жиынтығы болып табылады. Қадалар үймерет немесе ғимарат жүгін
топыраққа беру және әлсіз топырақтардың көтергіш қабілеттін арттыру үшін
және су кіруді, жер асты және жер үсті өткелдер салғанда топырақтың
құйылуын немесе мүжіліп құлауын болдырмау үшін жағалар қабырғаларын қоршау
және басқа жағдайларға арналады. Қадалы іргетастар табиғи негіздегі
іргетастармен салыстырғанда жер жұмыстар көлемін шұғыл азайтуға, бетон
шығынын кемітуге, жер асты бөлігін тұрғызудың еңбек сыйымдылығын және тұтас
алғанда объект құрылысының мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қадалар топыраққа батыру тәсілі бойынша: дайын түрінде топыраққа әр
түрлі тәсілмен қағылатын – қағылмалы және тікелей топырақта жобалық
жағдайда дайындалатын – толтырмалы болуы мүмкін.
Қадалар материалдар түрі бойынша: ағаш, бетон, темір-бетон, металл
және қиыстырылған болады.
Соның ішінде бетон полимерлі қадалардың өндірілу технологиясына
тереңірек тоқтала кетсек...
2. Негізгі бөлім
2.1. Бетон полимерлі қадалар
Бетон полимерлер деп арнаулы өндеу арқылы кеуектеріне полимер
толтырылған бетондар аталады. Сонда бетонның физикалық – механикалық және
химиялық қасиеттері әжептәуір артады.
Бетонға полимер сіңіру оның құнын арттырады, сондықтан оны
экономикалық жағынан ақталса ғана қолданылады.
Полимерлі бетондар – бетон қоспасына кремний органикалық немесе суда
еритін полимерлерді қосу арқылы дайындалған цемент бетондары. Мұндай
бетондардың суыққа төзімділігі жоғары, су өткізбейді.
Полимербетондар – байланыстырғыш материалдар ретінде полимер заттар,
ал толықтырғыш ретінде бейорганикалық минералды материалдар қолданылатын
бетондар.
Құрылыста ең көп қолданылатыны полимерлі бетон қадалар. Олардың
көлденең қимасының пішіні және ұзындығы әр түрлі болады. Қабылдайтын жүгіне
және топырақтың тұріне байланысты дағдылы арматуралы жаппай шаршы қималы
қадалар үзындығы 3-16 м, қимасы, 20×20-дан 60×60 дейін, ал алдын ала
ширатылған арматурасы барлады ұзындығы 9-20 м, қимасы 25×25-тен 40×40 см
дейін жасап шығарылады.
Құбырлы бетон полимерлі қадаларының сыртқы диаметрі 50-ден 80 см
дейін, үзбелер ұзындығы 4-10 м болады, оларды қосу арқылы ұзындығы 30м
дейін қадалар жасауға болады. Өнеркөсіптік және көлік құрылысында терең
салынатын фундаменттер және негіздер жасау үшін диаметрі 1,2-ден 14 м-ге
дейін, секция ұзындығы 4-8 м темір-бетонды қабықша-қадалар қолданады,
оларды батыру барысында қоса отырып қажетті; ұзындылықты қабықша-қадалар
алуға болады. Балға қимылының бүзу әсерін азайту үшін қаданың үстінгі
бөлігі тормен арматураланады, ал қағып батырарда басына ағаш сынасы бар
металл қаптамасың кигізеді.
Сонымен осы бетон полимерлері қалай өндіріледі? Қысқаша тоқтала
өтсек...
2.2. Бетон полимерлі қадалардың өндірілуі
Бетон полимерлер деп - арнаулы өндеу арқылы кеуектеріне полимер
толтырылған бетондар аталады деп жоғарыда айтқанымыздай, бетонның физикалық
– механикалық және химиялық қасиеттері әжептәуір артады.
Бетонға полимер сіңіру оның құнын артырады, сондықтан оны экономикалық
жағынан ақталса ғана қолданылады.
Бетон полимерлі қадаларды ауыр бетоннан жобалау керек. Негізделген
жағдайларда, қысқа бұрғылы және құйма қадаларда ауыр бетонды қолдануға
болады.
Көпірлерден, гидротехникалық үймереттерден және әуелік электротарату
желілерінің үлкен өтпелерінен басқа, барлық ғимараттар мен үймереттердегі
қадалы іргетастардың темірбетон ростверктерін ауыр бетоннан жобалау керек.
Көпір тіректерінің қадаларындағы және қадалардың ростверктеріндегі
бетон класын арнайы нормалар бойынша қабылдау керек.
Қадалардың ростверктеріндегі тосбағандарға темірбетон ұстындарды және
құрама таспалы ростверктерге қадаларды құйып бекітуге арналған бетонды
бойынша, құрама құрылымдардың түйіскен жерлерін бекітуге қолданылатын
бетонға қойылатын талаптарды сақтай отырып қабылдау керек.
Көпірлерді және гидротехникалық ғимараттарды жобалау кезінде қадалы
іргетастардың құрама бөліктерін құйып бекітуге арналған бетонның класы,
құрама бөліктерді біріктіретін бетонның класымен салыстырғанда, бір саты
жоғары болуға тиісті.
Қадалардағы және қадалардың ростверктеріндегі бетонның аязға
төзімділігі және суөткізбеушілігі бойынша маркасы талаптарына сай
қабылданады.
Тұтас құймалыдеп ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу орнында біріккен
тұтас (тұтас құймалы) түрінде орындаған негізгі бөліктері бетон мен
темірбетоннан құрылыс конструкцияларын айтады. Тұтас құймалы конструкциялар
құрамалармен араласқанда тұрғызу әдісі және ақырғы конструкция құрама -
тұтас құймалы деп аталады. Тұтас құймалы және құрама - тұтас құймалы
темірбетоннан ғимараттарды тұрғызу әдісі ғимараттың әртүрлі пішіндерін,
ойықтардың кез келген пішіндері мен өлшемдерін, әртүрлі қабатты және т.б.
алуға мүмкіндік береді. Бірақ геометриялық шамалардың, күштердің, бұйымдар
түрлерінің ықшамдалу талаптары толық жиналатын ғимараттардағы сияқты
сақталуы тиіс.
1-сурет. Ғимараттар салу үшін арналған полимерлер
Соңғы жылдары мамандардың көңілін көп аудартатын полимерлі
материалдардың жаңа түрлері – полимерцементті бетондар. Олар жай бетондарға
қарағанда деформация мен соққыларға өте жоғары беріктігімен, арматура жəне
басқа да беттермен жоғары жабысуымен жəне агрессивті орталардың əсеріне
жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта жақсартылған
беріктікпен сипатталатын армирленген жəне армирленбеген полимерцементті
бетондар конструкционды материалдар ретінде өңдірістік жəне спорттық
ғимараттар құрылысында эффективті түрде қолданылады. Сонымен қатар,
полимербетондардың жоғары ылғалды жəне химиялық агрессивті орталарда өте
ұзақ эксплуатациалануына байланысты бұл материалдарға өте қатты шарттар
қойылады.
Құрамына полимер қосылмаған бетонды қоспа бөлшектерінің құрылымы ірі
дəнді, өлшемдері де ірі болып келеді. Ал құрамына полимер қосылған
үлгілердің құрылымы біртекті жəне тығыздырақ келеді. Бұл дегеніміз
полимерлі қоспалар цемент гидратациясы кезінде оның құрылымтүзу процесіне
айтарлықтай əсер ете алады.
Цементтің құрамындағы полимерлі қоспалар суцементтік қатынастың
азаюына, сонымен қатар полимерлі қоспаның концентрациясы артқан сайын
бетонды қоспаның қату уақыты азаяды, сөйтіп бетонның эксплуатациялық
қасиеттеріне жағымды əсер етеді. Келесі сатыда бетондардың беріктік
параметрлері сыналады. Мұнда бетондардың құрамындағы полимерлі қоспаның
бетондардың сығуға беріктігіне тигізетін əсері анықталып, сондай-ақ
салыстыру мақсатымен бетонды үлгілерді күйдіріп содан кейін беріктік
параметрлеріне зерттеулер жүргіземіз. Соңғы жылдары бетондардың физико-
механикалық жəне эксплуатациялық қасиеттерін жақсартатын агенттер ретінде
суперпластификаторлар кең қолданысқа ие болды. Мұндай қоспалардың бірі –
поливинилді спирт болып табылады.
Бетонның беріктік шегі уақыт өткен сайын артады жəне 28 тəулік ішінде
біраз мəнге дейін жетеді. Функционалды полимерлердің қоспасы қатысында
беріктік шегі айтарлықтай артады, себебі қату процесі кезінде полимер
бетонның құрылымтүзу процесіне қатысады. Ал үлгілерді күйдіру кезінде
алынған нəтижелердің айтарылықтай айырмашылығы жоқ.
Полимерлі қоспалардың қатысында жабыстырып алу уақыты артады, себебі
қоспалар цемент компоненттерінің гидратация процесін баяулатады. Сонымен
қатар тігілген полимерлер бетонның су өткізбеу қасиеттерін арттырады. Мұның
себебі суда ісінетін полимерді бетонға енгізгенде, олар полимербетонның
денесіне еніп, капиллярлар мен кеуектерде ісініп, барлық жарықшаларды жауып
тастайды. Əсіресе бұл параметр ғимараттар құрылысында өте қажетті болып
табылады.
Сөйтіп, алдымен бетон қоспасын даярлау.
Бетон қоспасын қалыпқа салу цехына жақын орналасқан бетон
араластыратын цехта дайындайды.
Болат шыбықтарды даярлау. Алдын-ала керіліп тартылмайтын болат
шыбықтардан құрастырылатын қаңқалар мен төркөзді пісіру аппараттарының
көмегімен арматура цехында даярлайды. Арматура цехы қалыпқа салу цехына
жақын орналасады.
Алдын-ала керілетін болат шыбықтарды жекелей немесе будалап қалыпқа
салу цехында домкраттардын көмегімен, не электртермиялық тәсілмен жасайды.
Бұйымдарды қалыпқа салу. Бұл процес мұнадай әрекеттерден тұрады:
қалыптарды тазалау, құру және майлау, қалыпқа арматураны салу, бетонды
жайып, тығыздау.
Қадаларды ылғал-жылумен өңдеу
Қалыпқа жайғастырылған бетонның қатаюын тездету үшін оны жылу мен
ылғал ықпалына ұшыратады. Бетон полимерлік бұйымдары заводтарда бетонды
мұнадай жерге салады: қалыпты қысыммен 70-100ºС температурада булау, 100ºС
температурада тиістіріп қыздыру, автоклавта 174-190ºС температурада булау,
электрмен қыздыру.
Ең көп таралған тәсіл қалыпты қысымда булау.
Бетон полимерлі қадалар бұйымдарын стендік, ағынды агрегатты,
конвейерлік, кассеттік тәсілмен өндіреді.
Құрылыс алаңына әкелінген бетон полимерлі қадалар бөлшектер кран
әрекет ететін аймаққа орналасқан құрылыс алаңы қасындағы қоймаға
жайғастырылады.
Объект жанында қоймаға бетон полимерлі қадалардың конструкцияларын
олардың маркалары көрсетілген жағын онай көрінетіндей аралыққа қаратып,
монтаждық ілгектерін жоғары қаратын бірінін үстіне бірін орналастырады.
Бетон полимерлі қадалар бұйымдары қоймаға жайғастырылғанда жобадағы
қалпына жуық жағдайда жайғасуы қажет, бұйымдарға артық күш түсіп,
зақымданбауы тиіс. Бұйымдардың қоймада орналасу биіктігі тиісті құжаттарда,
әсіресе, құрылыс мөлшері мен ережелерінде көрсетіледі.
Бетон конструкцияларының сапасын едәуір мөлшерде бетон қоспаларын
жаймалау мен тығыздау тәсіліне тәуелді. Алдын-ала құрылған, ішіне болат
шыбықтары жайғастырылған қалыпқа бетон қоспасын қабаттап жаймалайды. Бетон
қоспасы қалыпты түгел бұрыштары мен тарылған тұстарына да толық толтыруы
тиіс. Айтарлықтай көп еңбек тілейтін процесті механикаландыруға болады. Бұл
үшін арнаулы механизмдер бетон тартқыштар мен жаймалағыштар пайдаланады.
Жалпы, бетонды дірілдетуімен тығыздайды. Бұл тәсілдің мәнісі сонда,
бетон қоспасына арнаулы механизмдерден – дірілдеткіштерден жоғары
жиіліктегі діріл таратылады да, соның арқасында қоспаның тұтқырлығы
айтарлықтай азаяды. Сұйылған сияқты болған бетон қоспасы өз салмағының
ықпалымен қалыпта бірыңғай таралады да, болат шыбықтар арасында бірдей
жайылып, жақсы тығыздалады. Бетон қоспасының өз ішінде толықтырғыштың ірі
кесектері бір қалыпты жайғасып, олардың арасы цемент ертіндісіне толып,
қоспа ішіндегі ауа сыртқа ығыстырылып шығарылады. Дірілдету тоқтала
салысымен бетон қоспасы қолма-қол қоюланады.
Бетон қоспаларын тығыздау үшін түрлі дірілдеткіштер қолданады. Ең көп
қолданылатындары электромеханикалық дірілдеткіштер. Олар беттік, тереңдік
және алаңдық болып бөлінеді. Дірілдеткіштерді бетондалатын конструкцияларды
түріне, пішініне және көлеміне қарап таңдап алады. Беті үлкен ашық
конструкцияларды (еден, плиталар және т.б.) беттік дірілдеткіштермен
тығыздалады. Олар бетонды 20-25 см тереңдікке шейін дірілдетеді.
2-сурет. Бетон қоспаларын дайындау құрылғысы
Ірі конструкцияларды соның ішінде қадаларды, тереңдік
дірілдеткіштерімен тығызайды. Бетон қоспаларын әр қабаттының қалыңдығы
дірілдеткіштің жұмыс бөлігінің 1,25 ұзындығынан артпайтындай жағдайда
тығыздайды.
Дірілдеткіштің әрбір батырылған жеріндегі дірілдету ұзақтығы бетон
қоспасының жеткілікті тығыздалуын қамтамасыз етуі тиіс; бетон қоспасының
отыруының тоқтауы цемент сүтінің жоғары шығуы, ауа көпіршіктері шығуының
тоқтауы оның негізгі белгілері болып табылады.
2.3. Бетонның қатаюы және оның күтімі
Қалыпқа салынған бетон біртіндеп, бірталай уақыт өткен соң беріктене
бастайды, бетон беріктігінің өсуі тек белгілі температуралық және ылғалдық
жағдайларда ғана мүмкін. Қатаюдың қалыпты жағдайларында (қоршаған ортаның
температурасы 15- 20%, ылғалдығы 90-100% ) бетон 28 тәулік ішінде бетон
маркалық беріктігіне жетеді. Температура 60-80ºС жоғарылап, бетон ішіндегі
ылғалдылық міндетті түрде сақталғанда бетонның қатаюы әжептәуір
жеделдейді. Ашық ауадан гөрі, ылғалды ортада бетонның беріктігі көбірірек
өседі. Құрғақ жағдайда бетонның ылғалдылығы тез жоғалады да, әрі қарай
қатаюын тоқтатады.
Орнына жайғастырылып тығыздалған бетон белгіленген мерзімге қажетті
беріктікке ие болуы үшін оған күтім керек.
Әсіресе алғашқы күндері күтім аса қажет, әйтпесе одан кейін қанша
күтім жасалынса да бетонның сапасы жақсарылмайды.
Жаңа жайылған бетонды ылғал күйінде сақтайды, сілкуден, соққыдан,
қандай да болсын зақымнан, сонымен қоса температураның күрт өзгеруінен
қорғайды. Жазда жаңа жайғастырылған бетонның ашық беттеріне қапшықтар жеке
жауып, ағаш үгіндісін жайып, ауық-ауық су бүркіп отырған дұрыс. Бетон
бетеріне оны жайғаннан кейін 10-12 сағаттан кешіктірмей су құяды, ал ыстық
күндерні әрбір 2-3 сағатта су құяды. Жазда алғашқы 3 сөтке бойы күндіз
әрбір 4 сағатта бір рет түнде ең кемінде бір рет, одан әрі қарай тәулігіне
3 рет су құяды.
3-сурет. Бетон полимерлі қадалардың тұрғызылуы
Портландцементпен жасалған бетонға 7 тәулік бойы ал басқа цементтермен
жасалғандарына 14 тәулік бойы су құяды. Әсіресе түнде суды көп құю қажет.
Қыстыгүні бетон жұмыстарын жүргізгенде белгілі уақытқа шейін бетонға
жылы температура қамтамасыз етуі керек. Бұның бірнеше тәсілі бар.
Термос тәсілі бойынша бетонның қатаюы кезінде оның жылылығын
бетонның құрамдас бөліктерін (су, құм, ірі толтырғыш) қыздыру арқылы және
цемент қатайғанда шығаратын жылылықты сақтау арқылы қамтамасыз етеді.
Қолданатын цемент түріне сыртқы температураға бетон қоспасын тасымалдау
ұзақтығына және басқа да жайттарға байланысты тек суды ғана немесе сумен
толтырғышты жылытады. Бетон қоспасының қоюлануына және жайылмалық
оңтайлығын жоғалтуына жол бермес үшін бетон қоспасының құрамдас бөліктерін
бетон қоспасының араласуы аяқталғанда оның температурасы 40ºС-дан
артпайтындай етіп қыздырады.
Белгілі уақытқа шейін температураны сақтау үшін арнаулы жабдықтың
қажеті жоқ, бетон күтімі жабынның дұрыс болуы мен температураның сақталуын
қадағалауға болады. Алайда бұл тәсілді аумақты конструкцияларды (тұтас
іргетастарды) бетондағанда ғана қолданады. Ал аумағы аз конструкцияларды
(ұстыңдар, арқалықтар, жабындар) бетондағанда бумен қыздыру және электр
жылыту әдісі қолданылады.
Бумен қыздыруда қалыптың қос қабырғасы арасына (бу көйлегі) немесе
қалыптың ішкі қабырғасы бойынша жасалған каналдар (булық жіңішке тамырлар)
су буы жіберіледі. Сонда бетонның температурасы 50-70 º С-ға дейін
көтеріледі, сөйтіп
1-2 тәуліктен соң маркалық беріктіктің 50-70%-дей беріктікке жетуге
мүмкіндік туады.
Электрмен жылыту әдісі әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады; электродтық
қыздырумен, әртүрлі электр қыздырғыш қондырғылармен, индукциялық қыздырумен
т. б. Осы аталған тәсілдерді қолданып, 1-2 тәуліктен соң бетонның
беріктігін оның маркалық беріктігінің 70%-не жеткізуге болады.
Химиялық қоспаларды бетондағы судың қату температурасын төмендету үшін
қолданылады. Химиялық қоспалар ретінде хлорлы кальций мен натрий, натрий
нитриді потаж және т . б . қолданылады.
2.4. Бетон өндірісі үшін пластификатор (полимерлер)
Пластификаторлар (грек. plastos — пластикалы, лат. facіo — жасаймын):
1. полимер материалдарын қайта өңдеу, қолдану алдында, оның
пластикалық қасиетін арттыру үшін қосылатын органикалық заттар.
Пластификаторларды кейде жұмсартқыштар деп те атайды;
2. құрылыста бетон қоспасын қажетті пішінге жеңіл келтіру мен су
мөлшерін азайту мақсатында қосылатын заттар. Пластификаторлар ретінде тез
буланбайтын, суда ерімейтін, ыстыққа, жарыққа төзімді, иіссіз, улы емес
заттар қолданылады.
Пластификаторлар қосылған полимерлердің қалыпты температурада
қаттылығы, морттығы, сынғыштығы кеміп, иілгіштік, созылғыштық, т.б.
қасиеттері артады. Олар температураның күрт өзгерісіне төзімді. Осы
қасиеттердің бәрі бір ғана пластификаторда кездеспейді. Сондықтан кейбір
полимерге бірнеше Пластификаторлар қоспасы қосылады.
Пластификаторлар резина, сыр-бояу, полимерлерді қайта өңдеу өндірістерінде
қолданылады.
Пластикалық массаның құрамына толықтырғыштар, пластификаторлар,
тұрақтандырғыштар, қатайтқыштар, майлаушы заттар, бояғыштар, кеуек
түзушілер және басқа қоспалар кiредi.
Пластификаторлар – полимерлерге эластикалық, аязға төзімділік, отқа
төзімділік, ультракүлгiн сәулелердiң әсерiне тұрақтылық беретiн заттар.
Полимерлердiң бұл қасиеттерi, оларды өңдегенде үлкен температура аралығында
сақталады. Оларға әртүрлi қышқылдардың күрделi эфирлерi дибутилфталат,
трикрезолфосфат, төмен молекулалық полиэфирлер және басқалар жатады.
Бетон өндірісі үшін пластификатор- бұл оған ерекше қасиет
беретін,яғни, жоғары тұтқыраққыштық, беріктілік,суыққа төзімді қасиет
беретін арнайы толықтырғыштар болып табылады.
Толықтырғыштар – қатайтқан кезде полимердiң көп отырмауына себепшi
болып, әртүрлi ортаның әсерiне тұрақтылығын арттырып, полимерлік
композиттік материалдардың механикалық қасиеттерiн жақсартатын жәнеде
полимерлiк материалдардың құнын төмендететін заттар. Толықтырғыштар өзiнің
табиғатына қарай төмендегідей бөлiнедi:
1) органикалық дисперстi толықтырғыштар – техникалық көмiртек, ағаш
ұнтағы; 2) органикалық талшықты толықтырғыштар – мақта линті, целлюлоза,
гипон, тоқыма қиындылары, қағаз, мақта маталары, көмiртек маталары; 3)
бейорганикалық талшықты толықтырғыштар – асбест, шыны талшықтар және т.б.
Тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) – пластмассаларды қайтадан өңдеу
және пайдалану кезінде қасиеттерiнiң ұзақ сақталуына себепшi болатын
заттар, яғни олар полимерлердің жылудың, жарықтың, ауадағы оттектің әсерiне
тұрақтылығын арттырады. Оларға термототығып, деструкциялану үрдісін
болдырмайын антиоксиданттар, фотолиз бен фотототығуға қарсы қолданылатын
тұрақтандырғыштар жатады.
Қатайтқыштар – полимерге үш өлшемді құрылым берiп, термотұрақтылығын
арттыратын заттар.
Майлаушы заттар – материалдарды дайындағанда және бұйымдар жасау үшін,
қайта өңдегенде олардың жабдықтарға жабыспауын қамтамасыз етедi, оған
стеарин, олеин қышқылдары жатады. Бояғыштар мен пигменттер – түсті
пластмассалар алу үшін полимерге қосылатын заттар. Кеуек түзушiлер мен
көбiктендіретін агенттер қыздырғанда газ тәрiздес заттар бөлу арқылы
ыдырайтын қосылыстар. Оларды газбен толтырылған пластмассалар (кеуектi
пластар мен көбікті пластар) өндірісінде пайдаланды.
Полимерлерді модификациялаудың бір маңызды түрі пластикация деп
аталады. Оның мағынасы, резина қасиеттерін төмен молекулалық заттар -
пластификаторлар, тұтқырлық жүйесін, молекула иілгіштігін өзгерткіштер,
молекула беті құрылымының қозғалғыштығы арқылы резина қасиеттеріне әсер
ету.
Композициядағы пластификатордың мөлшері- ...2 -ден 100 % -арасы(полимер
массасына).
Пластификаторлар- сонымен қатар құрылыс материалдарына және бетонның
құрамына қосылатын беттік активті қосымшалар болып табылатынын айтып өттік.
Полимер негізінде материалдар қолдану құрылыс сапасын жақсартуда,
үйлер мен ғимараттар массасын азайтудағы және құрамалы түзілістердің
зауыттық дайындығын асырудағы ең маңызды және тиімді әрекет болып
саналады. Қазіргі индустриялық құрылыстарда пластмассалық материалдар мен
бұйымдардың алатын орны ерекше және тиімділікпен пайдаланатын жерлері
даусыз анықталған.
2.5. Қадаларды батыру және құру процестерінің технологиясы
Қада дегеніміз - ағаштан, бетоннан, темірбетоннан, металлдан жасалатын
ұзын стержень. Ол жерге дайын күйінде әртүрлі машиналармен, құрал-
жабдықтармен кіргізіледі немесе алдын-ала бұрғыланып қазылған скважиналарға
құйылып тік немесе көлбеу бағытта орнатылады.
Қадалы іргетас деп жоғарғы басы ростверкпен біріктірілген қадалар
тобын айтады. Ростверк ғимараттан түсетін күштерді қадаларға таратып
түсіріп, олармен бірге жұмыс істейді. Қадалы іргетастың негізі болып
олардың ұшынан төмен жатқан топырақ қабаттары есептелінеді. Қадалы
іргетастар өте үлкен күштерді қабылдауға жарамды, олар күштерді тереңде
жатқан берік, қатты топырақтарға түсіреді. Қабат саны тоғыз және оданда көп
болатын ғимараттар үшін қадалы іргетастарды жиі пайдаланады.
Жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты қадалар 2 бөлінеді: тірек
қада,ілмеқада.
Қадалардың жұмыс істелуіне байланысты жеке қада, тізбекті орналасқан
қада,топтап орналасқан қада,алаңға орналасқан қада. Бұл қадалардың бірігіп
жұмыс істеу үшін, оларды ростверкке байланыстырады. Ростверк монолитті
немесе құрамалы түрде қадалардың басын біріктіреді.
Ростверктің кеңістікте орналасуына байланысты 3 түрі бар:
төмен,көтеріңкі,биік орналасқан.
Қадалар материалына байланысты ағаштан, бетоннан, темірбетоннан,
металдан жасалады.
Дайындалу технологиясына байланысты құрамалы және құймалы түрінде
болады.
Қадалы іргетастарды қадалар бұтасы,қадалар таспасы,жеке
қада,қадалардың тұтас өрісі сияқты түрлерге бөледі.
Қадалар бұтасы- жеке конструкция,мысалы бағандар астына орнатылады.
Бұтадағы қадалар саны кемі 3 болады.
Қадалар таспасы- ғимараттар қабырғаларының немесе басқа да ұзын
құрылғылардың астында, кейде бір қатарлы, кейде көп қатарлы қылып орнатады.
Жеке қадаларды- бағандардан немесе басқа элементтерден түсетін
салмақты жалғыз қада қабылдай алғанда қолданады.
Қадалардың тұтас өрісі - ауыр ғимараттардан салмағын көтеруге
арналған. Олар, қабылданған жоспарлық ретпен,бүкіл құрылыс алаңы бойынша
орнатылып, бастары тұтас темірбетонды тақтамен жабыла біріктіріледі.
Қада жұмыстарының кешенді процестерінің құрамына кіретіндер:
дайындық процестері (жартылай фабрикаттар дайындау, қадаларды әзірлеу
немесе оларды дайындау және қадаларды батыруға даярлау); көлік процестері
(қадалар мен жартылай фабрикаттарды жеткізу) және негізгі процестер (дайын
қадаларды батыру немесе толтыратын қадалар жасау). Қада қағу жұмыстары
орындалған соң әдетте қадалы роствектер жасалады.
Қада және қадалы фундаменттер түрлері. Қадалар топыраққа батыру
тәсілі бойынша: дайын түрінде топыраққа әр түрлі тәсілмен қағылатын –
қағылмалы және тікелей топыраққта жобалық жағдайда дайындалатын –
толтырмалы болуы мүмкін.
Жұмыс өзгешілігі бойынша діңгек-қада және аспалы қадаға бөлінеді.
Діңгек-қадалар ғимарат жүгін өздерінің төменгі ұштарымын тікелей тығыз
топырақтарға береді,ал аспалылар – ғимараттың жүгін ең алдымен топырақта
өздерінің бүйір жақ беттерінің үйкелеу кедергісімен береді.
Көлденең қима пішіні бойынша шаршы, тік бұрышты, көп қырлы,
дөңгелек, жаппай қималы және қуыс құбырлы, қабықша-қада, ұзындығы бойынша
бір қалыпты және ауыспалы (пирамида тәрізді) қималыға бөлінеді. Ростверк –
қадаларды біріктіретін түзіліс және топырақ негізіне ғимарат жүгін біркелкі
беру үшін қызмет етеді. Ростверктер құрамалы, құрамалы-құймалы және тұтас
құймалы арқалық және тақта түрінде болады.
Полимерлі бетоннан және темір-бетоннан жасалған түзілістер жұмыс
өндіру тәсілі бойынша: ширатылған және ширатылмаған арматурасы бар
құрастырмалы, тұтас құймалы және құрастырмалы-тұтас құймалы болады.
Құрастырмалы түзілістер арнайы зауыдтарда және полигондарда жасалады,
сонан-соң көлікпен саланатын объектіге жеткізіліп, жинақтау механизмдерімен
жобалық қалпына орнатылады.
Құрастырмалы-тұтас құймалы түзілістер зауытта жасалған құрастырмалы
элементтерден және оларды, бір бүтінге біріктіретін тұтас құймалы бөлігінен
тұрады. Тұтас құймалы түзілістер алдын ала дайындалған қалыпқа арматура
мен бетон қоспасын салу арқылы тікелей түрғызылатын объектіде жасалады. Бұл
жағдайда құрылыс алаңына қалып, арматура және бетон қоспасы жеткізіледі.
4-сурет. Қадалардың тұрғызылу технологиясы
Кей жағдайларда құрастырмалы темір-бетонмен салыстырғанда тұтас
құймалы бетон мен темір-бетон қолдану тым ұтымды, әсіресе сейсмикалық
аймақтарда, энергетикалық және су шаруашылық құрылысында, биік үймереттер
мен ғимараттар түрғызғанда.
Тұтас құймалы бетон және темір-бетон жұмыстарын өндіру кешенді процесі
шапшаң-тасқынды әдісі бойынша жұмыстардың барлық процестерін өзара
үйлестіріп орындаудан тұрады және өзіне келесі процестерді енгізеді:
қалыпты тасымалдау және орнату, соңынын оны ажырату; арматураны тасымалдау
және орналастыру; бетон қоспасын тасымалдау, төсеу және тығыздау; тұрғызу
процестерінде және қату процесінде бетон қоспасының сапасын бақылау.
Жеткеші процесс бетон қоспасын төсеу болады, оған барлық қалған процестер
бағынады.
Қадалы іргетастар табиғи негіздегі іргетастармен салыстырғанда жер
жұмыстар көлемін шұғыл азайтуға, бетон шығынын кемітуге, жер асты бөлігін
тұрғызудың еңбек сыйымдылығын және тұтас алғанда объект құрылысының
мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Қадалар топыраққа батыру тәсілі
бойынша: дайын түрінде топыраққа әр түрлі тәсілмен қағылатын – қағылмалы
және тікелей топырақта жобалық жағдайда дайындалатын – толтырмалы болуы
мүмкін.
5-сурет. Құрылыста пайдаланылатын қадалар
Жұмыс өзгешілігі бойынша: дінгек-қала және аспалы қадаға бөлінеді.
Діңгек-қадалар ғимарат жүгін өздерінің төменгі үштарымен тікелей тығыз
топырақтарға береді, ал аспалар – ғимараттың жүгін ең алдымен топырақта
өздерінің бүйір жақ беттерінің үйкелу кедергісімен береді.

Біртұтас қүймалы ғимараттар – тұрғындық, қоғамдық,
өндірістік–технологиялық және функциялық талаптарына байланысты көтеруші
қабырғаларымен де, сондай–ақ қаңқаны қолданумен де тұрғызылады. Мұндай
шешімдердің ерекшелігі конструкциялық пішіндерінің нақтылығы және
қарапайымдылығы: ұстындар – шеңберлі немессе тікбұрышты қималы; аражабындар
– негізінен арқалықсыз, аралық қабырғалардың орналасу еркіндігін, яғни
жоспарлық шешімдердің еркіндігін қамтамасыз етеді; қатаңдықтың вертикальды
диафрагмалары, бұл жағдайда тек қана вертикальды күштерге жұмыс істейтін,
аражабындардың ұстындармен түйісу түйіндерінің конструкциясын
қарапайымдайды; аражабындарда электр– және әлсіз тоқты қондырғылар үшін
барлық құбырларды төсейді, бұл көбіне құбырлар орналасатын, ілмелі
төбелерді орнатудың және еден асты себулердің қажеттілігін жояды.
Көпқабатты қаңқалы ғимараттар үшін, тұтас құймалы темірбетоннан
орындалатын, қатаңдықтың кеңістік өзегі бұл ғимараттарды жоспарда күрделі
пішінімен, әртүрлі көлемдік-жоспарлық шешімдерімен тұрғызуға мүмкіндік
береді. Конструкциялық қатынасы бойынша жоспарда тұтас, қорапты пайда
болуы, қатаңдық өзегінің қимасы қатаңдықтың жазық қабырғаларынына қарағанда
ғимараттың кеңістік қатаңдығын көп рет ұлғайтады, сонымен қатар бетон мен
болат шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Тұрғындық құрылыста қолданылатын, тұтас құймалы және құрама - тұтас
құймалы жүйелер, қиылысқан-қабырғалы немесе көлденең-қабырғалы нұсқасында
қаңқасыз конструкциялық жүйелерге көбірек бағытталған. Аралас
конструкциялық жүйелерде бірінші қабат – қаңқалы, жоғарылары – қаңқасыз.
Тұтас құймалы үй құрылысы ықшамдаудың қатаң талабына бағынады: 300 мм
қысқарумен бойлық және көлденең қабырғалар қадамы 2,7–7,2 м; тұрғындық
қабаттар биіктігі 2,8 и 3 м; тұрғындық емес қабаттар биіктігі 3,3; 3,6; 4,2
м; бірінші тұрғындық емес қабаттардың көтеруші конструкцияларының қадамы:
6,0; 6,6; 7,2 м – ғимараттың жоғары орналасқан қабаттарының көтеруші
конструкцияларының қадамына тәуелсіз қабылдануы мүмкін.
2.6. Жылуылғалды өңдеу тәсілін негіздеу және жылумен өңдеу тәртібін
таңдау
Бетон – бұл цемент тасы, толтырғыштардан және олардың арасындағы
байланыстырушы қабаттан тұратын композиционды материал. Құрылыста бетонды
сипаттайтын негізгі қасиеттеріне оның беріктігі, аязға төзімділігі, ауа-
және суөткізбеушілік қабілеті, ұзақ ғұмырлығы жатады.
Бетон беріктігі көбінесе ылғалдылығы бар ортада цемент қамырының қатаю
үрдісінің нәтижесінде қалыптасатын цемент тасының құрылымына байланысты
болады. Цемент тасының құрылымы бұйымды тығыздау кезінде цемент клинкері
түйіршіктерінің гидратация нәтижесінде қалыптасады. Цемент тасының құрылымы
және құрылымдық беріктігі әрі қарай қалыпты жағдайларда 28 тәулік бойы
қалыптаса береді. Осы уақытта қатаю үрдісі реакция жылдамдығының лездік
төмендеуімен бәсеңдету қисығы арқылы жүреді.
Әрбір химиялық реакция жылдамдығы сияқты цемент тасының құрылымдық
беріктігінің өсу жылдамдығы жылумен өндеу барысында ортаның температурасын
жоғарылатқанда лезде көбеюі мүмкін.
Жылумен өндеу барысында материалдан ылғалдылық жойылады, бұл гидратация
үрдісінің тоқталуына әкеледі. Сондықтан бетонның жылумен өндеу үрдісі
материалда ылғалдылықты сақтау арқылы жүргізіледі және бұл жылуылғалды
өндеу деп аталады. Бұл үрдіс бұйымға бу жіберу арқылы жүзеге асырылады. Бу
қыздырылған дене сияқты аса қыздырылмаған денелерге – материал мен
қондырғыға буқалыптасу жылуын береді де оларды қыздырады, ал өзі конденсат
түрінде жылу қондырғысынан шығады. Қыздыру нәтижесінде цемент гидратациясы
реакциясының жылдамдығы өседі және бетонның құрылымқалыптасу үрдісі
жылдамдайды.
Жылуылғалды өндеу үрдісі темірбетон бұйымдарының өндіріс
технологиясында ең ұзақ және негізгі үрдістерінің бірі болып табылады. Бұл
бұйымның қажетті мерзімде құрылыс алаңына тасымалдауға, ғимараттар мен
үймереттерде қолдануға жеткілікті беріктігін алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан мұндай өндеу қосымша шығындарға, цемент шығының жоғарылауына және
кейде бетон беріктігінің төмендеуіне қарамастан зауыттық өндірістің негізгі
шарты болып табылады.
Бұйымның сапасы жоғары болу үшін жылуылғалды өндеу тәртібін міндетті
түрде қатаң сақтау қажет.
Жылумен өндеу әдісін таңдау темірбетон бұйымдарын өндіру
технологиясында шешуші рөль болып табылады.
Берілген курстық жобада қаныққан бу арқылы жүзеге асатын жылумен өндеу
тәсілі таңдалды. Бұл тәсілдің ерекшелігі алғашқы кезеңде бетон қатаюының
жылдамдауы, алаңдардың өнімділігін төмендеуі, жылу қондырғысының
конструктивтік ерекшеліктері және қолдану шарттары болып табылады.
Қазіргі таңда темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттарында бетонды
бумен өндеу үшін құдықты камералар кең қолданылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz