Қылмыстың объект
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. Қылмыстың объект 5
1.1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы 5
1.2 Қылмыс және теріс қылық туралы 6
1.3 Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым мен белгілері 10
1.4 Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері туралы пікірлері 12
2. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы 16
2.1 Қылмыстың түрі мен құрамы 19
2.2 Қылмыс санаттары 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КІРІСПЕ
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдын, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиян тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарының орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Сондықтан да азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындап, құқықтары мен бостандықтарын пайдалану арқылы, осы іс-әрекетпен азаматқа да, қоғамға да зор пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдаланып, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай тудыртады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру. Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті əрекеті. Құқық бұзушылық пайда болу уақытын нақты айту қиын. Бірақ теология көзқарасына сүйінсек, алғашқы бұзықты жасаған Құран, Інжіл кітаптарында жақсы суреттелген Адам мен Хауа. Құдайды қанша алдағанмен бұзық жасаған үшін олар жазаға тартылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н.Д.Дурманов. Қылмыс ұғымы. КСРОҒА баспасы. 1948. 249б.
2. Қазақ ССР Қылмыстық Кодексі. Алматы, 1997.
3. Н.Ф.Кузнецова. Қылмыс пен қылмыстылық. Москва университеті, 1969.
4. Қазақстан қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 1986.
5. Прохорова В.С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университеті баспасы. 1984.
6. Кривоченко Л.Н. Қылмысты жіктеу. Харьков. Жоғары мектеп. 1986.
7. Сахаров А.Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М., Заң әдебиеті, 1961.
8. Саркисов Г.С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван. „Аэстон” баспасы. 1975.
9. Ковалев М.И. Монография. Қылмыс ұғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні. Свердловск, 1977.

3
1. Қылмыстың объект
5
1.1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
5
1.2 Қылмыс және теріс қылық туралы
6
1.3 Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым мен белгілері
10
1.4 Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері туралы пікірлері
12
2. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы
16
2.1 Қылмыстың түрі мен құрамы
19
2.2 Қылмыс санаттары
23
ҚОРЫТЫНДЫ
26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
27
КІРІСПЕ
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдын, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиян тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарының орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Сондықтан да азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындап, құқықтары мен бостандықтарын пайдалану арқылы, осы іс-әрекетпен азаматқа да, қоғамға да зор пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдаланып, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай тудыртады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру. Құқықбұзушылық - бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті əрекеті. Құқық бұзушылық пайда болу уақытын нақты айту қиын. Бірақ теология көзқарасына сүйінсек, алғашқы бұзықты жасаған Құран, Інжіл кітаптарында жақсы суреттелген Адам мен Хауа. Құдайды қанша алдағанмен бұзық жасаған үшін олар жазаға тартылды.
Құқықбұзушылықтың заңды құрамы - бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті жəне жеткі-ікті белгілерінің жүйесі. Занды жауапкершілік -- жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. Занды жауапкершілік -- жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. Заңды жауапкершіліктің заңды негізі -- құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Заңи жауаптылық - бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектiсiнiң өзi үшiн жағымсыз құқықбұзушылықтың салдарына ұшырау мiндеттi. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а)жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә)мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату). Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау -- өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы -- ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.

Қылмыс құрамының обьективтік жағы қылмыстық- құқықтық нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады.
Адам жасаған кез- келген әрекетте көптеген ішкі және сыртқыбелгілері болады.
Нақтылы қылмыстық- жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке- дара сипатта болады. Бұл жерде адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызмет-әрекетінің қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі- егер онда оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекетті нақты көрініс тапқан жағдайда ғана қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады.
Қылмыстық нақты құрамының обьективтік жағы- оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы дап тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды.
Мысалы, ұрлықтың обьективтік жағы (ҚК-тің 175-бабы)- бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлаудікі- күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленуші немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдаланып (ҚК-тің 120-бабы); бұзақылықтікі- қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-тің 257-бабы), және т.б.
Қылмыс құрамының обьективтік жағы мыналарды қамтиды:
- әрекет немесе әрекетсіздік;
- қоғамға қауіпті салдар (зардап);
- әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті байланыс;
-қылмыстық жасау уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, құралы және қаруы.
Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі- кез- келген қылмыс құрамының міндетті белгісі.
Қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, қаруы және құралы қылмыс құрамының обьективтік жағының факультативтік белгілері болып табылады, өйткені олар қылмыстық- құқықтық нормалардың диспозицияларында көрсетілген жағдайларда ғана міндетті белгілері ролін атқарады.
Іс-әрекет кез келген қылмыстың обективтік жағының қажетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенбі немесе енжар түрде қоғамдық қатнастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі балып табылады.
Кез келген қылмысты іс-әрекет обьективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу қауіпін туғызу арқылы көрінеді. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның құқыққа қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азматтарды заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
1.2 Қылмыс және теріс қылық туралы
Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет -- әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйм салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.
Қылмыс басқа құқық бұзушылық түрлерімен салыстырғанда қоғамға үлкен қауып әкеледі. Қылмыстың қоғамдық дәрежесін білу үшін, мынандай факторларға сүйіну керек: обьектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақытты, әдісі, келтірген зиянның көлемі мен сипаты, себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі.
Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қаупті әрекет-әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкцияларымен де ерекшеленеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынаушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолдану мүмкін: ескерту, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару.
3. Азаматтық құқық бұзушылық - азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты - азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз - азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың заңда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкцияларымен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.
Қылмыс пен теріс қылықты терең зерттеу үшін, тарихқа назар аударғаны дұрыс болар. Осы жұмыста, құқық бұзушылықты түсіну үшін, қазақ халқының 18-19 ғасырдың құқық нормаларына назар аударам. Әсіресе, алған уақыт аралығын жақсы зерттеген С.Л. Фукстың Обычное право казахов в 18-первой половине 19 века деген еңбегіне сүйінем.
18-19 ғасырдағы қазақ халқы қылмыс деген терминді қолданбаған, яғни бұл сөз әлі болған жоқ. Оның орнына жаман іс, жаман қылық деген ұғымдар болған.[8] Құқық бұзушылықты бұлай бөлуі, көбінесе феодалдық қоғамға жатады. Мысалы, жаман қылық деп германдықтар, опасыздық деп орыстар, зұлымдық деп литовтықтар атаған. Бірақ литовтықтар феодалдық қоғамның ең жоғарғы сатысында зұлымдық сөзін заңдықтан шығу деген сөзбен ауыстырған. Сондықтан да, қазақ халқы қолданған жаман іс, немесе жаман қылық сөздері, қоғамда қылмыстық құқықтың қай сатысында тұрғанын толық көрсетпеген. Жалпы қазақ халқының тарихында, қоғамды реттейтін бірнеше заңдар жиынтығы болған. Оның бірнешеуі ғана, жазбаша құжаттармен дәлелденеді, көбінесе заңдар жиынтығы ауызша сақталған. Ең алғашқы белгілі заң жиынтығы, бұл 12-13 ғасырда қолданылған Шыңғысхан империясының қоластында болғандықтан Жасақ заңы. Бірақ та, бұл заңда қылмыс пен теріс қылық арасындағы айырмашылық көрінбейді. Көбінесе, орташа немесе ауыр құқық бұзушылық болсын, оларға бір ғана жаза болды, ол -- өлім жазасы. Орта ғасырларда (14-17 ғасырлар арасы) Қасымның қасқа жолы, Есімнің ескі жолы, Жеті жарғы заңдар жиынтығы пайда болады. Бұл заңдардың пайда болуының басты себебі, бұрынғы заңдарға қайта талдау жасап, уақытқа, заманға сай келетін өзгерістер енгізу. Жоғарыда айтылғандай, заң қандай да керемет болмасын, оның ескірілуі мүмкін, яғни әдеттегідей, реформа жүргізу қажеттілігі туындайды. П. Маковецкий 18-19 ғасырдағы қазақ қоғамындағы құқықтық нормалар, қылмыс, теріс қылық және дінге сәйкес келмейтін әрекеттерді айыра білмейтіндігі туралы жазған. [9] Бұл қате пікір. Құқықтық нормалар жақсы дамығандықтан, қазақ сот жүйсінде қылмыс пен дінге сәйкес келмейтін әрекеттер арасындағы айырмашылықты жақсы түсінген. Соңғысы қылмысқа жатқан жоқ, оны көбінесе теріс қылыққа жатқызған болатын. Бірақ, осы үш терминге нақты түсінік болмағандықтан, қазақ сот жүйесі мәселені еркін жүйде шешкен. Әр құқық бұзушылық, ол қандай да болмасын, оны шешуге және жазаны белгілеуге бидің қолында, ол нақты бір жүйелі заңға сәйкестірілмеген -- деп хабарлайды дАндре. [10] Бірақ, Фукстың айтуынша, бұндай жағдай тек қазақ қоғамында ғана емес, ол бүкіл феодалдық және дофеодалдық қоғамдарда кездеседі, ол заманға сай келетін құбылыс. Н. Гродеков П. Маковецкийдің көзқарасына карама-қарсы болған. Оның айтуынша қазақ халқы теріс қылықты, күнәдан айыра алады деп айтқанымен, ол бір қатені түзетіп, өзі басқа қателікке соғады. Яғни, ол қоғамдағы көпшілдік-құқықты мінезді мойындамай, сонымен қоса, қазақ қоғамында класстық бөлініс болмағаның мойындайды. Яғни, жеке құқықтық деген ұғым пайда болады. Бұл көзқарастардың қате екендігі айқын көрінеді. Себебі, жауапқа тарту процессі доминанты болса да, қазақ қоғамында істі қарауда, оның қоғамға қаншама зияндығы бар болғаның зерттеп, жаман істі тек бір тұлғаға емес, барлық қоғамға, болып тұрған класстық жүйеге қаншалықты зиян екендігін зерттей білген. Мысалға, 1803ж. Обет құжаттына назар аударайық. Бұл құжатта мынандай жағдай келтіріледі, егер де елде тонаушылық, мал ұрлау жағдай болып қалса, дала атқамінерлері сұлтандар, байлар, бийлер, бұны бір тұлғаға қарсы жасалған жаман қылық демей, оны бүкіл елдің тыныштығына қауып төндіретін қылмыс деп айтып, Ресей үкіметінен бұл қатерлікті жоюды талап еткен. [11] Яғни, класстық бөлініс айқын болғандығын дәлелдейді, осыдан соттың шешімі материалдық және ру-патриархалдық, туыстық қатынасқа назар аударғаның көрсетеді.
Сонымен де, 18-19 ғасырда қазақ қоғамының құқықтық қатынастары жоғарғы деңгейде болған деп айтуға болады. Оның себебі, жауапқа тартылатын тұлғамен бірге, оның руы де жауапқа тартылатын. Есімізге салған жөн, қазақ қоғамында жаман қылық үшін құн төлінетін болатын. Құн 17 ғасырға жақын кезеңінде енгізілген болатын. Бұл қазақ қоғамында заманға сәйкес енгізілген гуманистік норма деп айтуға болады. Құн жүйсін енгізудің басты себебі, демографиялық фактор әсер етті деп айтуға болады. Қазақ жерінің географиялық орның ескерсек, мұнда геосаяси жағдай қиын болғаны айқын көрінеді. Көрші елдермен үнемі соғыста болған қазақ халқы, бейбіт өмір кезінде жауынгер саның сақтап қалуды көздеген. Құн төлегенде, жеке тұлғаның материалдық жағдайы нашар халде болса, оған бүкіл ру және туыстары көмекке келуге міндетті болған. 18-19 ғасырлар кезінде, жауапқа тартылған адамға көмек көрсету, енді көбінесе топтық жауапкершілігімен сипатталады. Бұл жағдай Фукстың ойынша, феодалдық құқықтың жоғарғы сатысы екендігін айқын көрсетеді.[12]
Сол кезенің құқық жайлы тағы бір айта кететің мәселесі, қазақ қоғамында жануарлар, жансыз заттар жауапқа ешқашан тартылған жоқ. Мысалға, бұрында Афинада притандар соты жансыз заттарды, олар адамның өліміне себепкер болса, жазаға тартқан. Немесе кейбір неміс қалаларында жануарлар адам өліміне кінәлі болса, сот оларды өлім жазасына кескен. Ал Францияда тышқандарға қарсы сот процесстері болғаны белгілі. Жалпы орта ғасырларда көп мемлекеттерде жануарларды сотқа тартқан.[13] Қазақ тарихында ондай прецеденттер Тәуке хан кезінде орын алған, бірақ бұл құқықтың төменгі сатысы 18-19 ғасырда жойылған. Сотқа адам өліміне кінәлі болған жануарлар да, сол жануардың иесі де жауаптан босатылатын. Ал жансыз заттарды сотқа тарту немесе жазалау деген оқиға, қазақ қоғамында кездеспеген. Сонымен бірге, есі дұрыс емес дервиштерді де, жауаптан босатқан. Бұл жағдайлар қоғамдағы құқықтық қатынастар жоғарғы деңгейде болғаның көрсетеді.

Қылмыстың алғашқы нормативті анықтамасы „РСФСР қылмыстық құқығын басқарудың бастамасында" 1919ж. берілді, 5-бап „Қылмыс қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынас тәртібін бұзу". 6-бап „Қылмыс сол жүйенің қоғамдық қатынасына қауіпті әрекет не әрекетсіздік" ретінде анықталған. 8-бап қылмыстың сол жүйесін қоғамдық қарым-қатынасын қауіпті деп танылуының негізі айтылған. Мұнда бұл жүйенің қоғамдық қатынасы „пролетариат диктатурасы кезеңінде капитализмнен коммунизмге өтудегі ұйымдастырушы топтық, көпшілік еңбекшілердің мүддесіне" сәйкестігі көрсетілген.
1922 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында қылмыс „коммунистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жұмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңес құрылысына қауіп төнетін әрекет пен әрекетсіздік" деп мойындаған.
1928 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында „социалистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жұмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңестік құрылысқа қарсы бағытталған не болмаса тәртіп бұзушы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік деп белгіленген.
Қылмыстық материалдық белгілерін одан әрі дамыта отырып қоғамға қауіптілігін 6-бап ескертпесінде былай белгілеген: „Осы кодекстің негізгі бөлімінің баптарында маңызы шамалы және зияндылығының зардабы қоғамдық қауіптілік мәнінен айырылған жаттанды және теріс ықпалға түскен белгілері бар әрекет қылмысқа есептелмейді.
Осыған ұқсас қылмыс туралы ұғым мен маңызы шамалы істер одақсыз республикалардың ҚК 1926-1935 жылдарға дейін болды. 1
Қылмыс туралы ұғымның кейбір заңды жинағында өзара айырмашылықтар болғанымен, қылмыстың басты белгісі ретінде оның әлеуметтік табиғатын білдіретін қоғамға қауіптілігі негізге алынды.
Қазақстан Республикасында қылмыстық анықтама берілген. Ол ҚК 9-бабы бойынша айтылған: Қылмыстық заңда көзделген қоғамдық құрылысына оның саяси және экономикалық жүйелеріне, меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарын қиянат жасау қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады. Бұл анықтамаларда қылмыстың қауіптілігі тікелей айтылған. Бұл туралы басқа да баптарда айтылған, мысалы, 2-бап: Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандай қылмыс болып табылатындығын анықтайды және қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазаны белгілейді. 2
3-бап бойынша „қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қалмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекеті қасақана немесе абайсызда істегенде айыпты адам тартылады. Қазақстан ҚК 9-бап қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің белгілерін саралап, оның жалпы түрлерін көрсеткен: қоғамдық құрылыс, шаруашылық жүйесі, сонымен қатар мемлекет тәртібін қылмыс пен бұзушылықтаң барлық түрі. Бұдан шығатын қорытынды қылмыстың басты белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамдық қауіптілік адам іс-әрекетінің формасын емес, оның материясы мен мазмұнын беретін материалдық белгісі ретінде қаралады. 2
Қылмыстық қоғамдық қауіптілігі объект және субъекті белгілерінің жиынтығына байланысты.
Қоғамдық қауіптіліктің мазмұны қылмыстық объектіге әкелген зияндылыгының көлеміне де байланысты.
Қоғамдық қауіптілік көбінесе зияндылықтың зардабының мәні мен өлшемін, кінәсінің формасы мен түрінен, ниетінен, қылмыстың мақсатынан, оның жасалуынан, т.б. көрінеді. 3
Қоғамдық қауіптіліктің мәні қылмыстың заңдылығының өзгешелігінің сапасын анықтайды. Ол қылмыстық қол сұғудың объектісінің мазмұнына нақты қоғамдық қатынас, әкелген зиянның мөлшері, көлемі, маңызы, мазмұны материалдық, моральдық, идеологиялық, рухани, әлеуметтік психологиялық, ұйымдастыру-басқару қылмысты қол сұғудың жасалу ерекшелігіне зорлау, зорлықсыз, қарапайым немесе машықтанған, кінәсінің түріне әдейі не байқаусызда, қылмыстық ниет пен мақсатының мазмұнынан арам пиғылы, жеке опасыз ниеттері байланысты.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі - ол қауіпті істің бір немесе сол мәнімен салыстырғнада топтық көрінісі. Ол шығынның көптігінен ірі материалдық шығын, жеңіл тән жарақаты, кінәнің дәрежесі мен алдын ала ойластырылған, кенеттен ойланған өрескел байқаусыздық, қылмыстық мотиві мен мақсатының опасыздық дәрежесімен, қылмыстық қауіптілігінің орнының ерекшелігіне, уақытша байланысты „қылмыстың жасалу жағдайы мен соғыз кезінде, қоғамдық апат жағдайында және басқа қылмыстың жасалу жағдайлармен анықталады.
Қоғамдық қауіптілік әрекеті, егер жасалғанда ол заңда көрсетілген болса, яғни заңға немесе құқыққа қарсы болмаса қылмысқа есептелмейді.
Қылмыстық құқыққа қарсылық қылмысты әрекеттің басқа міндеті белгісіне жатады. Құқыққа қарсы қылмыс заңда қаралған нақты қоғамдық қауіпті әрекетпен сипатталады.
Заңға қарсы әрекет қылмыстық заңда көрсетілген норманы бұзып, тиым салған іс жасап, заңмен қорғалған белгілі объектіге зиян жасау. Мысалы, Қазақстан ҚК 175-бапта „Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе 2 жыл мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады" делінген. Бұдан байқағанымыз біреудің мүлкін ұрлау заңға қарсы әрекет, себебі заңмен қорғалған біреудің меншігіне шығын жасау болып табылады.
Қылмысты сипаттай келе оның адамгершілікке жатпайтын қылық басқалардың моральдық қарсылығы тудыратын жат қылық екенін аңғарамыз.
Біздің қоғамға құқық пен адамгершілік бір-біріне қарсы шықпайды, қайта толық бірлікте болады. Бұл біздің қоғамға құқық пен адамгершілікті бір қағидамен қатар қоятындығын байқатады. Бірақ адамгершілікке жат қылықтың барлығы бірдей қоғамдық қауіптілік дәрежесіне жете бермеуі мүмкін. Ол әкімшілік, азаматтық немесе т.б. ретте адамгершілік жағының талқыға салынуы мүмкін.
Сонымен қорыта келгенде, біздің қылмыстық теорияда заңмен қорғалған объектіге қастық жасау, зиян келтіру немесе зиян келтіру қауіпін төндіру, заңға қарсы іс-әрекет қылмыс деп есептеледі. 4

Қылмыс онымен тікелей байланысты жаза қоғам тарихының барлық дәуірлерінде өзгеріссіз болып келген ұғымдар емес. Қылмыста құбылмалы, өзгеріп тұратын ұғымдардың бірі. 1926 жылы Ресей Қылмыстық Кодексі, 1959 ж. қабылданған Қазақстан Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін 75 бап алынған.
Қылмыс дегеніміз - біріншіден, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекет. Бұл қылмыстың тарихи анықтамасы; екіншіден, бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет. Бұл жерде бірінші формальды анықтама, ал екінші материалды анықтама. Яғни қылмыс қауіпті ғана әрекет немесе әрекетсіздік емес, тек қылмыстық заңда атап көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздік.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңда көзделген қоғамдық құрылысқа, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, мемлекеттік меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет әрекет немесе әрекетсіздік. Сондай-ақ құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.
Қылмыс кез келген заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік емес, ол тек қылмыстық заңда көрсетілген нормаға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік дегеніміз қылмыстық заңдарға кіретін нормаларға көрсетілген құрамдағы белгілерге дәл келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктердің басқа да заңдарға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктерден өзгешелігі бар. Ол мынада: қылмыс деп саналатын әрекет немесе әрекетсіздік тек қылмыстық заңда қаралатын нормаларға қайшы болуға тиісті. Қылмысты әрекет қылмыстық заң оны істеуге тыйым салған әрекет. Қылмыстық әрекетсіздік - қылмыстық заң істе деп міндеттеген әрекетті істемеушілік.
Болгарияның Қылмыстық Кодексінің 2-бабында қылмыс дегеніміз - кінәлі түрде істелген заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті ісі делінеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдарының міндеті Қылмыстық Кодекстің 2 бабында былай делінген: „Қоғамдық және мемлекеттік құрылыста, меншікті, азаматтардың өз басы мен құқықтарын және бүкіл құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылардан қорғау".
Қазіргі уақытта қылмыстық негізінің 4 белгісі бар.
а) қоғамға қауіптілігі
б) қылмыстың кінәлі сілтеуі
в) қылмыстық заңда көрсетілуі
г) жаза.
Қоғамдық қауіптілік бұл қылмыстың негізгі белгісі, ол қылмыс мағынасын ашады және де іс-қимылды мемлекет қылмыс деп танитынын көрсетеді.
Л. Шуберт „Іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп тануды анықтау тек заң шығарушыларға байланысты деп санайды", сондықтан онымен келісуге болмайды. Заң шығарушыға тек қандай қоғамдық қауіпті іс-қимылды қылмыс деп тануды ғана анықтау қатысты немесе байланысты.
Ал, осы Л. Шуберттің кітабында М.Д. Шаргородский мынадай пікір жазды: „Қоғамдық қауіптілік - бұл адамның нақты іс-қимылының объективті-әлеуметтік қасиеті, ол белгілі бір сатыда қоғамдық қауіптілік құқыққа қарсылық, ал кейде қылмыстық жазалау болады".
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі туралы мәселені шешу қылмыстың қандай маңызы бар объектіге қол сұғуына немесе қол сұғуға бағытталуына, яғни объективті келтірілген, немесе келтірілетін зиянның мөлшеріне байланысты.
Қоғамдық қауіптілік қоғамға зиян іс-қимылды білдіреді. Ал басқаша айтқанда қоғамдық қауіптілік іс-қимылы қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиянды қауіпін жасайды, келтіреді. Ал қылмыс зиян келтіретін қоғамдық қатынастардың тізімі ҚР К-дегі 2, 9 - баптарда көрсетілген.
Бұл қоғамдық қауіптілік көптеген елдер әдебиетінде талқыланған, солардың ішінде жалпы қылмыс түсінігінің қоғамдық қауіптілік белгісі, оның мәні мен мағынасы поляк әдебиетінде де талқыланады. Польша КІЖК-нің 49-бабына маңызы аз іс-қимыл түсінігін енгізгеннен кейін, қоғамдық-қауіптілік қателік пен барлық қылмыстық құқықтағы қиыншылық панацеясын айналдырылған деген көзқарастар айтылады.
Өсек, жала, қорлау, сабау, зорлау сияқты ерекше процессуалдық ретпен қозғалатын қылмыстық істердің қылмыс категорияларында қоғамдық қауіпті іс-қимыл оның объективті мәнін өзгертпейді.
Н.Ф. Кузнецов өз кітабында: „Барлық қауіптілік зияннан басталуын көрсетеді, сондақтан қылмыстың аяқталуын қоғамдық қауіпті дұрысырақ, қоғамдық зиян деп айтсақ болады," - деп жазды. Н.Ф.Кузнецов. „Преступление и преступность". 618 с..
Н. Кузнецов ҚК-не қылмыстық сипаттамасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz