Қазақстан Республикасының орналастыру орындары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бүгін әлемде болып жатқан үрдістер қандай қарама-қайшы болып келсе, қазіргі туризмнің де жағдайы сондай болып тұр. Бірақ тап сол туризм жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып, XXI ғ. тарихи, мәдени, табиғи мұраларын оқып біліп және оларды сақтаудың бірден-бір оңтайлы тәсілі болып отыр.

Халықаралық туризмнің табыстары шамамен алғанда триллион долларды құрайды. Туризм үлесінде әлемдік экспорттың 8%, қызмет көрсету нарығының 31% және де бүкіл әлемдегі 100 млн. астам жұмыс орындары болып отыр. Ол бүгінде мұнай кәсібінен кейін екінші орындағы шаруашылық саласы болып отыр.

Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.

Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.

Қонақ үйдің басты көзі - турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.

Туризм - экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Бұл жерде айта кету керек, қонақ үйлердің түрлі үлгілерімен берілген қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, қонақ үй деп жиһаздармен жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі жағдайда қонақ үй дегеніміз - азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан топтарға қонақүйлік қызмет көрсету мекемесі.

Қазіргі қонақүйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық салондары қызметі мен т. б. қызмет түрлерін көрсете алады. Шындығында, қонақ үй мекемелері туризм мен қонақжайлық индустриясы құрылымының басты функцияларын орындауда, себебі, олар тұтынушыларға дайындалған құрама қонақүйлік өнімді ұсынады, бұл өнімді дайындап, алға жылжытуда туризм мен қонақжайлық индустриясының барлық элементтері мен бөлімшелері қатысады. Осыған байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн.

Қонақжайлық - бұл келушілерді кішіпейілділікпен күтіп алу мен сыйлау, кезбелерді ақысыз қабылдау мен тамақтандыру немесе бір сөзбен айтқанда, кезбеқабылдау. Қонақжай болу дегеніміз - келушілерге жылы қабылдау ұсынып, олар үшін тыныш, қолайлы және жылы шырайлы жағдай ұсына білу.

Қонақжайлық - адам өркениетіндегі негізгі ұғымдардың бірі, ол қазіргі кезде ғылыми-техникалық үрдістің ықпал етуімен адам атаулыға жайлы жағдай мен комфорт жасаумен айналысатын миллиондаған кәсіпқойлар еңбек етіп жүрген әлуетті индустрияға айналды.

Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық индустриясы - күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.

Соңғы жылдары қонақ үй нарығы орналастыру қызметіне ұсыныстың өсуі мен сұраныстың азаюымен сипатталады. Мұндай жағдай ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қонақ үй басшыларының онсыз да мазасын алып жүрген бәсекелестіктің күшейуіне әкелетіні мәлім. Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен әлдеқайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады.

  1. Қазақстан Республикасының орналастыру орындарының сипаттамасыҚонақ үй орналастыру орындарының қалыптасуы

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Еуропалық даму антикалық негізде құрылған. Жерорта теңізі аймағы, Таяу Шығыстағы, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері, Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стилде көптеген ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық дәуір әлемге және адам қауымына саяси және әлеуметтік формалар енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда болған. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен қатар көптеген халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал етті. Антика дәуірде көптеген ғылымдардың негізі жатыр.

Антика дәуіріне маңызды естеліктерді гректер мен римдіктер қалдырып кетті.

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.

Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни - қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған.

«Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.

Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.

Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.

Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV - ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII-XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.

Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.

XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.

Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.

Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады. Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сондай - ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.

Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.

1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.

Еуропаның ең ірі қалаларында қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу қарастырылған.

Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми - техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.

Қазіргі «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын - сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.

XVIII - XIX ғасырда өнеркәсіп орындары мен сауда байланыстарының өсуімен, қалалар саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900 жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.

Октябрь ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй шаруашылығына үлкен зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.

1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының 1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті.

Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:

  • Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
  • өнеркәсіптің өсуі
  • ғылымның және мәдениеттің өсуі
  • өнердің өсуі
  • адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т. с. с.

Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс - сапарға және демалысқа шығатындардың санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының қарсаңында, КСРО - да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген ірі өте жайлы қонақ үйлер салынды. Ресейдегі өте үлкен қонақ үйдің бірі, 10 мың орындық қонақ үй комплексі «Измайлово» қонақ үйі болып саналады.

Өкінішке орай еліміздегі 1990 жылдардағы экономикалық және саяси жағдайға байланысты қонақ үй қызметіне деген сұраныс құлдрап кетті. 1990 жылдың аяғында Ресей Федерациясы мемлекеттік комитетінің берілген статистикалық мәліметтері бойынша, Ресей жалпы орын саны 390931 болатын 5043 қонақ үй типіндегі мекемелерді игерген.

Барлығы ресейде қонақ үйлердің 60% - ы қалалық жерлерде, ал 34 % - ы ауылдық жерлерде табылады. Көлемі жағынан қонақ үйдің нөмірлік қоры ең үлкендері Мәскеу мен Санкт - Петербург қалаларында орналасқан. Ресейдің астанасына арнап Мәскеу үкіметі «Мәскеудегі халықаралық туризмнің 2005 жылға дейінгі даму концепциясы» атты бағдарламада, қонақ үйлерді қайта жабдықтау және 30 мың қонақ үй орнына арналған жаңа құрылыс жоспарлаған. Үкімет қолдауымен сыртқы және ішкі туризмді дамыту бағыттары алға қойылған.

Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.

Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.

Орналастыру - туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар, апартаменттер, туристік приюттар және жеке секторлар.

Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық(Талдықорған) .

  1. Туризмдерді орналастыру құралдарының классификациясы

Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.

Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ принциптеріне келесілер жатады:

  • Не өткізе аламыз, соны өндіру;
  • Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;
  • Тиімділік пен пайдалылық принципі;

• Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.

Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Қызметтер маркетингінің негізгі міндеті - рынокқа жаңа қызметтерді жылжыту мен ескірген қызметтерді есепке ала отырып, қызметтерді өткізу және өндіру бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бүл міндеттің шешімі келесі маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады:

  • Қызметтер рыногын зерттеу және зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;
  • Қызметтерге деген тұгынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын анықтау;
  • Қызметтерді өткізу және өндірісті жоспарлау;
  • Баға саясатын жасау;
  • Қызметтер саласындағы кәсiпорынның имиджiн қалыптастыру

Әр түрлі қызметтер түрлерінiң көбіне қарамастан оларды тауардан ерекшелендіретін төрт сипаттамасы бар. Олар: қолға үстап көруге болмайды (материалдық емес сипаты) ; біртұтастық, яғни өндіріс пен қызметті тұтынудың біртұтастығы; сапалық тұрақсыздығы (сапа бірқалыпты болмайды жэне өзгеріп тұрады) ; қызметтерді сақтауға, тасымалдауға болмайды.

Қызметтер жоғарыдағы көрсетуі бойынша қызметті өндіруші өзінің маркетингтік қызметінде жетістікке жетудің кілті болып табылатын қызмет және оның түрлері арасындағы бірнеше тәуелділікті ескеруге және анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы қызметтер маркетингінің маңызы қызметтер рыногының ерекшеліктері мен қызметтердің сипаттамаларына негізделеді. Қызметтер рыногының ерекшеліктері екі айрықша аспектіден тұрады: 1) қызмет көрсетілмей тұрып болмайды; 2) көптеген жағдайларда қызметтерді көрсету өндірушінің арнайы білімі мен іскерлігін талап етеді.

Қызмет маркетингінде басты орынды маркетинг кешенін құруға береді. Тауарлық саясатты құруда қызметтер - тауарының 4 деңгейін бөліп қарастырамыз:

  1. қызмет - негізгі өнім, яғни тұтынушылардың проблемаларын шешетін әр түрлі қызметтер жиынтығы;
  2. қызметтер - қосымша тауарлар, яғни тұтынушыларға негізгi өнімдіқолдану үшін тұтынушыларға қажетті қызметтер;
  3. қызметтер - бірге жүретін тауарлар, яғни негізгі тауарларды қолдайды;
  4. жалпы айтқанда қызмет тауар ретінде негізгі, қосымша және біргежүретін тауарлар.

Жаңа қызметті жасау үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. идеяны сүзіп алу.
  2. идеяны таңдау.
  3. жаңа қызмет тұжырымдамасын жасау және оны тексеру
  4. маркетинг стратегиясын құру
  5. бизнес-талдау
  6. қызметті жасау
  7. сынақ маркетингі
  8. коммерциализация

Қызметтерді жобалауда өндірушілер келесі факторларды ескеруі қажет:

  • негізінен қызмет көрсететін кәсіпорынның орналасуы байланысты анықталады;
  • клиенттердің қажеттілігі мен қалауы әдетте тиімділікті ойлаудан бұрынболуы мүмкін;
  • жұмысты календарлық жоспарлау негізінен тұтынушыға байланысты;
  • қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындыққа соқтырады;
  • жұмысшылар тұтынушылармен тіл табыса алуы керек;
  • өндірістік күштер әдетте тұтынушылардың жоғары сұранысы арқылыесептеледі;
  • жұмысшылардың еңбек тиімділігін өлшеу қиын, өйткені төменгі жаман жұмысы салдарынан емес, тұтынушылықсұраныстың болмауынан болуы мүмкін,
  • қызмет көрсету аясында істейтін кәсіпорындар бірдей болмайды(авиакомпниялардан басқасы) ;
  • кейде қызметтер аясында маркетинг пен өндірісті бөлу қиындыққасоқтырады.

Осы факторлардың арасындағы ең негізгісі қызмет көрсету орнының тұтынушыларға максималды жақын болуы. Қызметтерді жобалауда осы факторларды ескерсе кәсіпорынның қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.

Рынокқа шығарылған кез- келген қызмет біртіндеп өзінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, рыноктан шығады. Қызметтердің рынокта болу кезеңі қызметтердің өміршеңдік кезеңі деп аталады. өміршеңдік кезеңінің сараланған деңгейіне және талдау толықтығына байланысты оны 4, 5 немесе 6 фазаға бөледі. Қызметтің өміршеңдік циклы құрылу, ену, өсу, кемеліне жету, толықтыру және құлдырау фазаларынан тұрады. Құрылу фазасында өндіруші ізденеді, рынокта бұрыннан бар қызметтерден артықшылығы ерекше бір тұтынушыға құндылығы бар жаңа қызметті рынокқа енгізуге дайындалу. Ал енгiзу фазасында осы қызмет туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жарнамалық кампаниялар қолданылады. Өсу фазасында жарнама мен үгіттеу, өтімді ынталандыру акцияларын жүргізу маңызды. Кемелдену фазасында бәсеке күшейеді. Бұл күресте жеңу үшін тұтынушыларға жеңілдіктер жасау, оларды марапаттау және т. б. қолдану орынды. Толықтыру фазасында бәсеке күрделіленгенде маркетингтік шығындары көбейеді, біл өз кезегінде маркетингтік шығындар құрылымында жарнамалардың үлес салмағын көбейтеді. Жарнама көбейіп кеткенде, қызметтерді өткізу көлемі құлдырау фазасына тән пайда бірден төмендеп кетеді. Мұндайда өндіруші келесі шешімдердің біреуін қабылдауға тура келеді:

• қызметті өндіруді доғарып, рынотан кету;

  • қызметіне жаңа сипат беріп, рынокқа қайта шығу;
  • қызметін басқа рынокта көрсету (1 кесте) .

1кесте - Қызметтердің өміршеңдік циклының фазаларына сипаттама

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру кепілдіктері
Туризм мен туризмдегі орналастыру орындарына сипаттама
Туристік индустрия
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
ҚР-дағы жұмыссыздық себептері және формалары
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Халықты жұмыспен қамту туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Табиғатты тиімді пайдалану
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz