Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі тануын қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . 6

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі тануында ойын әрекетінің алатын орны . . . 14

1. 3 Өзіндік танымның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды шарттары . . . 24

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2. 1 Балалардың өзін-өзі тануын қалыптастыруда өзіндік бағаның маңыздылығы . . . 33

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі тануын анықтау іс-шаралары . . . 45

2. 3 Балалардың өзін-өзі тануына ықпал ететін жаттығулар мазмұны . . . 53

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі . Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде балалардың өзіндік дамуын, тұлғалық қалыптасуына ерекше мән беріп, білім беру жүйесін дамытуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту талаптарын қойып отыр. Білім беруді ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтырып отыру, елімізде білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі [1] .

Өсер елдің әуелгі ойлайтыны - өз ұрпағының жай-күйі болмақ. Ендеше, ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Жан-жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын. Ал, баланы дамыту - ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, осы орайда, баланың өзін-өзі тануын қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналып отыр.

Мектепке дейінгі баланың психикалық дамуына, танымдық әрекетін дамыту жолдарын негіздеуге дұрыс көңіл аудара білу, оны ұйымдастыру зор мәнге ие болады. Балалардың танымдық дамуының оқыту жүйесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың танымдық әрекетінің дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. Мұнда ұйымдастырылатын іс-әрекеттерді дұрыс жоспарлау, әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру ерекше мәнге ие [2] .

Көптеген зерттеулерде (А. Н. Леонтьев, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. Н. Авдеева) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды енгізу танымдық әрекет дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды [13-10] .

Мектепке дейінгі шақтағы балалардың өзіндік танымын қалыптастыру педагогика мен психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы шақта баланың қоршаған болмыспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барлық психикалық процестердің қарқынды даму кезеңі. Балалар қоршаған болмыс құбылыстарының ең бастысын, маңыздысын ажырата білуге үйренеді, құбылыстың себептерін тауып, салыстырып, талдау жасай білуге және қарапайым қорытынды қалыптастыруға жаттығады. Қоршаған айнала заттарымен жұмыс жасаудың көптеген тәсілдерін меңгереді, өзін-өзі басқара бастайды, әрекет жасау ережелерін игереді. Мұның барлығы балалардың өзіндік танымының қалыптасуын болжайды [11] .

Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен адам өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз - бұл ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзінің қоғам мүшесі екендігін, айнала қоршаған орта мен басқа адамдармен қарым-қатынасын тануы. Бүгінгі таңдағы басты мақсатымыз, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтар толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі-адамға тән болып табылатын үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты істерге ұмтылу. Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ. А. Г. Асмолова, К. Роджерс, Д. Узнадзе, К. Юнг, Э. Эриксон, В. С. Мухина тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі мен әдіснамалық аспектісін қарастырды [12-14] .

Ғалымдар қазіргі ақпараттың қарқынды көтерілуі жағдайында өзіндік танымды қалыптастырудың ерекше мәнге ие екендігін көрсетеді. Бұл білімнің белгілі бір бөлігін меңгеру ғана емес, солардың ішінен ең маңыздысын таңдау, оларды әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана және материалды логикалық өңдей білу, белгілі бір мәндік байланыстар мен қатынастарды орнатудың маңызды екендігін аңғартады. Өзіндік танымды қалыптастыру жайында көптеген психологтар: А. И. Божович, В. С. Мухина, А. А. Люблинская, Н. Н. Поддъяков, Ж. Пиаже, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, М. И. Буянов дәлелдеді [18-20] .

Бірқатар Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде (Х. Т. Шерезданова, Ғ. Н. Нығметова, Г. К. Қасымова, К. Е. Метербаева, М. П. Оспанбаева) мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы, оларды мектепалды даярлауда тұлғаның өзін қалыптастыруына мән берілген [11, 37, 39, 45, 48] .

Мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін сабақтардың ерекшеліктері, сабақтың құрылымы өзіндік танымның дамуына ықпал етеді. Балаларға түрлі жаттығулар, тапсырмалар ұсынылады, олардың дәйекті орындалуы шығармашылықпен жұмыстануды, баланың өзін-өзі тануын қажет етеді. Осылайша, өзін-өзі дамытуға қатысты тәсілдерді меңгерту өзектілігін жоймайтын бүгінгі таңдағы көкейкесті, психологиялық мәселе болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін құбылыстар өте көп.

Бұл жас ерекшелігіндегіндегі балалардың дамуында өзіндік таным, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі басқару, өз іс-әрекеттеріне жауап беру, өзін бағалау сияқты тұлғалық қасиеттердің мәні зор.

Сондықтан да, мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі тануын дамыту мәселесін арнайы зерттеуді есепке ала отырып, диплом жұмысының тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік танымын қалыптастыру» деп алдық.

Зерттеу мақсаты - мектепке дейінгі шақтағы балалардың өзін-өзі тануын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау мен дамытудың тиімді жолдарын саралау.

Зерттеу обьектісі - мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі тануын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні - оқыту үдерісінде балалардың өзін-өзі тану ерекшеліктерін зерттеудің тәсілдері.

Зерттеу болжамы - егер мектепке дейінгі шақтағы балалардың өзін-өзі тануының даму деңгейін зерттеу арқылы білім, білік, дағдының дамуына, психикалық әрекетті реттеуге және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне жас ерекшелікке сай көңіл бөлінсе, онда баланың өзіндік сана-сезімін қалыптастыру үрдісі тиімді болады, өйткені бұл баланың дара тұлға болып қалыптасуында елеулі орын алады.

Зерттеу міндеттері:

- өзін-өзі тану мәселесінің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін саралау;

- балалардың өзін-өзі тануын қалыптастыруда ойын әрекетінің алатын орнын анықтау;

- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік баға маңыздылығының қалыптасу мүмкіндіктерін негіздеу;

- психологиялық зерттеу нәтижелерін өңдеу және қорытынды жасау.

Зерттеу әдістері - ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, әңгімелесу, бақылау, эксперимент, ойын-жаттығулар, «Өзін-өзі тану оқу іс-әрекеті», танымдық тапсырмалар.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі - зерттеу негізіне философиялық таным туралы негізгі қағидалар мен ой-пікірлер, өзіндік таным әрекетін қалыптастыру теориясы, А. А. Леонтьевтің, Д. В. Элькониннің, А. Мессердің ғылыми зерттеулері алынды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі - мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі тануын қалыптастыру мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасалды, оның даму деңгейлері анықталып, өзіндік танымды белсендіруге бағытталған жұмыс тәсілдері жобаланды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі - зерттеу жұмысында пайдаланылған әдістемелік жұмыстардың жүйесін балалардың өзіндік таным ерекшелігін, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің тірек орны: Тараз қаласының №33 «Айсәуле» балабақшасының мектепалды даярлық тобы.

Зерттеудің кезеңдері:

1. Философиялық, педагогикалық, психологиялық оқулықтарға талдау жасалды, ғылыми аппарат түзілді.

2. Тәжірибелік жұмыс мазмұны құрылып, зерттеу мәселесінің міндеті жүзеге асырылды. Диагностикалаудың тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді.

3. Зерттеу нәтижелері талданып, қорытынды жасалды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында елімізде білім беру жүйесін дамыту, оңың алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге ерекше мән береді [1] .

«Өзін-өзі тану» - білім беру жүйесіндегі жаңа жоба болғанымен, күнделікті тіршіліктегі Сіз бен біздің қарым-қатынасымыз, рухани адамгершіліктің қайнар көзін іздеу, мінез-құлықты тәрбиелеу, қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты, бақытты бағалау секілді құндылықтарды игеру.

«Мен кіммін, менің жақсы қасиеттерім, жаман мінездерім қандай? Талабым, талғамым қандай? Адам өзін танып білуге бола ма? Танып білсе, ендігі жерде өзіндегі кемшіліктерді жоюға күші жете ме?» - деген өмірлік сабақтардың жауабын іздейтін, қызыққан адамға күрделі көрінетін, қызықпаған жанға өте қарапайым сезілетін қағидаларды танып - білудің баспалдағы.

Алғаш кездері өзін-өзі тану мәселесі Ежелгі Шығыстағы діни концепцияларда пайда болды, онда тек өзін-өзі тану мағынасы мен мазмұны ашып қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі танудың бірден-бір технологиясын өңдеді, оның элементтері қазіргі күнде де психологияда қолданылуда.

Л. И. Божович өз еңбегінде адамның өзін-өзі тану нәтижесі өзі туралы түсінік жүйесі немесе «Мен бейнесін» өндіру болып табылады. Өзін-өзі тану негізінде өзі туралы түсінігі пайда болады. Бұл түсінік жақындық принципі бойынша топталады. Мысалы: ақыл-ой құбылыстары, мінез-құлық белгілері, эмоционалды қасиет, қабілет; Аталған құрылым өзінің жиынтығымен Мен бейнесін құрастырады. «Мен бейнесі» индивидтің өзіне деген қатынасын анықтайды. Психологиялық зерттеулерде «Мен бейнесіне» бірнеше формальды сипаттамалар беріледі.

Біріншіден, бұл деңгей когнитивті қиындықтар және адамның саналы түрде түсінетін сапаларын сандық және сипаттық өлшенуі; субьект қаншалықты сапалы саналы түрде түсінсе және қаншалықты сапалардың өзі қиынырақ жалпыланса, соншалықты оның өзіндік сана деңгейі жоғарырақ болады.

Екіншіден, нақты құрылым дәрежесі, оның индивид үшін «Мен бейнесінің» маңыздылығы адамдардың күшімен ажырата алмайды, өзінің Меніне бағытталып және саналы түрде ұғынылады.

Үшіншіден, бұл ішкі тұтастық дәрежесі, «Мен бейнесінің» бірізділігі. Ол ішкі келісімділікпен ерекшелене алады.

Психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шектері әр алуан.

- тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу.

- өзін-өзі тану ішкі үйлесім және психологиялық кемелденуді табу ретінде.

-өзін-өзі тану - тұлғаның өздігінен даму үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді [2] .

А. Н. Леонтьев өзін-өзі тану мәнін адам өзінің өміріндегі мақсатын танудан көреді - деді. Ол өзіндегі тұлға қасиеттерін тануға көңілін аударады, яғни адам өзінің қасиетін қабылдамайтын сфераға ығысады.

Мұндағы міндет : осы жақтарды тану және оларды қабылдау, осыдан барып өздерінің бүтіндік және тұтастық Менін игереді.

Психосинтездің негізін салушы итальян психологы Р. Ассаджоли, өзін-өзі танудың негізгі идеясы ішкі үйлесімге жету, жоғарғы Мені мен бірігуге алып келеді. Ол үшін адам өзінің қандай тұлғалық ерекшеліктерімен өзін теңестіретіндігін түсіну қажет, нәтижесінде дисгармонияны айқындай отыра, олар жалпы жеке тұлғада «билік» алады. Мысалы: адам өзін «Әкесімен» теңестіруі мүмкін немесе «Бостандықпен», «Бақытсыз адаммен», «жылпоспен» теңестіреді және өзін сол таңдаған рольге сәйкес әрекеттер жасайды.

Гештальт терапияны құрастырушы неміс психологы Ф. Перлздің айтуы бойынша, өзін-өзі тану - адамның тұлғалық кемелденуге жету ретінде көрінеді.

Гуманистік психологияда өзіндік таным мәселесінің ерекше мағынасы көрсетілген. Мұндай өзін-өзі тану тұлғаның өзінше дамуында, өзінше актуализациялануында керекті жағдай ретінде қарастырылады: Гуманистік психологиядағы авторитеттің бірі американ ғалымы К. Роджерстің концепциясы бойынша адамда Нақты Мен және Идеалды Мен бар және әлеуметтік Мен адамға тән емес құрылым [3] .

Тұрмыстық психологияның көзқарасы бойынша өзіндік танымды анықтау ештеңе емес. Егер кез келген адамнан сұраса, тіпті психологияға еш қатысы жоқ адамнан өзін-өзі танудың мәні неде? десек, былай жауап береді: «Өзін-өзі тану - өзінің мүмкіншіліктерін толық қолдануға, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді». Кейбіреулері, тіпті былай жауап береді: «Басқа адамдарды басқару үшін, өзімнің мақсатыма жету үшін Мен өзімді танимын».

Қазіргі психологияда көптеген схемалар адамның өзін-өзі тануын құрастыруға және өзін-өзі мінездеп беруі үшін қолданылады.

Тұлғалық мінездемелік ерекшеліктер: өзге адамдарға деген қатынасын көрсетеді (мейірімділік, қарым-қатынасшылдылық, сыпайылық және т. б. ) ; әрекетке, еңбекке (еңбекқорлық, орындаушылық және т. б. ) ; өзіне-өзі (өзін-өзі сыйлау, сенімділік - сенімсіздік ) .

Тұлға сферасында мотивациялық-құндылық - өзін-өзі тануда өздігінен талаптануын, мотивін, қызығушылығын, құндылығын таниды, ол қылығын және әрекетін анықтайды.

Тұлға сферасындағы эмоционалды - еріктік өзінің эмоционалды жағдайын, басым сезімдерін, мақсатқа ұмтылысын, тұрақтылығын тану жатады.

Тұлға сферасындағы танымдық - психикалық процестердің іске асуын түсіну және ұғыну: қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау.

Сыртқы бейне сферасы және темперамент ерекшеліктері - өзінің бейнесі, сыртқы түрі, жүріс-тұрысы, өзін ұстай алуы, сөйлей алуы, темпераментті анықтаитын жиынтықтары өзш-өзі талдауға тап болады.

Өзін-өзі тану - өзінің потенциалын және тұлғалық өзекті қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін, мінез-құлық сапаларын, өзінің өзге адамдарға деген қатынасын тануды білдіреді. Екінші бір жағынан, өзін-өзі тану механизмі, құрылымы, мағынасы туралы көп сұрақтар туындайды.

Өзін-өзі тану процесінде біз танығымыз келген және зерттегіміз келген тану сферасын және саласын анықтауымыз керек. Психологияда алғаш өзін-өзі тану сферасын қарастырған Г. Блюм (прогматизмнің негізін қалаушы) Адамның санасында танылатын элементтеріне: тұлғаның денесі, тұлғаның әлеуметтігі және тұлғаның руханилығы. Тұлғаның денесі - бұл адамның денелік құрылысы және оған адамға қатысты және қоршаған ортасын құрайтындар жатады [4] .

Тұлғаның әлеуметтілігі - өзге адамдардың бізді тұлға ретінде қабылдауы. Тұлғаның руханилығы - сананың жеке құбылыстарының толық бірігуі. Барлық осы үш тұлғалық тип иерархиялы түрде құрылған. Жоғарғы деңгей - тұлғаның руханилығы, төменгі деңгейі - денелік. Ал, тұлғаның әлеуметтілігі - ортаңғы деңгейі болып келеді. Сонымен У. Джеймстің айтуынша өзін-өзі тану үш деңгейде өтеді деген.

Өзін-өзі танудағы кең мақсаттарға өзінің тұтас тұлғасын тану және өмір мақсаттарын тану жатады. Өзін-өзі тануда Мен концепциясын тек қана саналы деңгейде ғана емес, сонымен қатар санасыз және сана үсті деңгейлерінде өзін тұлға ретінде тануды мақсат етеді. Келесі бір мақсат - өмір мақсаты. Әрқайсысымыз өзімізге мынадай сұрақтар қоямыз: Мен өмірде неге жеткім келеді? Мамандықтың қандай түрін таңдауым керек? т. б. Өмір мақсатын танудың өзі өмірдің өзіне тұрақтылықты, мәнділікті береді.

Өзіндік танымның тар мақсатына Мен бейнесінің нақты сипаты кіреді, қазіргі уақытта ол біз үшін өзекті болып келеді. Олар әртүрлі координата жүйелерінде қарастырылады. Мысалы: біз ақыл-ой мүмкіншіліктерін немесе мінез-құлық ерекшеліктерін, зейіннің қасиеттерін танимыз. Егер де біз адаммен танысып жақындасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативті қасиетімізді, ұнай білу, жақсы дос болу қабілетімізді тану маңызды.

Өзін-өзі тану - үнемі адамның өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеудің дамуының негізі болып келеді. Өзін-өзі тексеру танымда және қарым-қатынаста әрекет субъекті ретінде адамның ерекше психологиялық механизмі болып табылады. Өзін-өзі тану өзіне деген қатынасты бағалаудың жүзеге асуы, өзін-өзі бағалау ретінде жүреді. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалаудың айырмашылығы, когнитивті - танымдық және бағалау - құндылық және өзіндік сана компоненттерімен сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. Өзін-өзі тану өзін-өзі бағалауды жүйелей алады, бірақ та ол таза бағаланбайтын белгілеу болып табылады.

Сонымен, өзін-өзі тану - өзінде қандайда бір тұлғалық және қылықтық мінездемелерді анықтап, оларды белгілеу, әр жақты талдау, бағалау және қабылдау процесі. Өзін-өзі танудың жалпы заңдылығы қандай? Өзін-өзі танудың жалпы заңдылықтарына келесілер кіреді: саналы түрдегі, санасыз түрдегі деңгейлері. Көп жағдайларда өзін-өзі тану процесі үздіксіз сипатқа ие және біршама уақытқа дейін санасыз түрде жүреді. Адам жай өмір сүреді, оқиды, еңбек етеді, қарым-қатынасқа түседі, ылғи өзімен-өзі сөйлейді. Өмір сүру кезінде өзге біреулер және өзіміз туралы мағлұматтар жиналады. Сапаға айналу заңы күшіне енген де бір сәтте ұғынылады және санаға бекітіледі, бірақ та ұғынылмауы да әбден мүмкін.

Өзіндік таным саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда өзін-өзі терең және тез танитын болады.

Өзін-өзі тану өзінің дамуында 2 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде өзін-өзі тану «Мен - Өзгелер» жүйесінде жүзеге асады. Бір жағынан, ерте балалық шақтан бастап адам тұлғааралық қатынастар арасында болады, өзге адамдар оны бағалайды және соған байланысты ерікті немесе еріксіз түрде сол бағалауды нұсқау етіп қолданады. Екінші жағынан, бала өзі басқаларды бағалай отырып тәжірибе жинайды, алғаш кездері ересектердің бағасын қайталайды, ал кейіннен өзі жекеше тұжырымдай бастайды. Сол арқылы ол өзін басқалармен салыстырады, өзара бағалау жүйесі арқылы біртіндеп жеке Менін ұғынады, балада өзі туралы алғашқы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі тану балада сыртқы әлемнен өзін ажырата тануынан басталады [4] .

Ғалымдардың ойлауы бойынша, 3-8 айлық сәбилерде ажырата алу басталады - дейді. 2 жасқа дейін балалар өзге біреулерді жақсы танитын болса, өздерін суреттен, бейне кадрлардан не болмаса айнадан танымайды. Айнада бейнеленген өзінің бейнесін көрген балада таң қалу және қуаныш сезімдерін тудырады. Шамамен 2-3 жаста бала заттармен әртүрлі әрекеттерді белсенді орындайды. Ересектердің қатысуынсыз орындағанымен ересек қоршаған сыртқы әлемнің кілті болып табылады. Бала - кішкентай әлем, ал әлем болса үлкен. Міне, осы кезден бастап бала әлемге енеді. Ата-ана жол көрсеткіш ретінде болып келеді. Олар әлемнің бейнесін, өзін және ортаны түсіну, өзара қатынас ережелерін қалыптастырады. Бала аса белсенді болған кезде «Мен өзім» деген фразаны айта бастайды, ол - өзін-өзі тану этапына өтті деген сөз.

Екінші кезеңінде «Мен -Мен» жүйесінде өзін-өзі таниды, әр уақытта әртүрлі жағдайда қалыптасқан өзі туралы мағлұматтың дайындығын пайдаланады. Мұнда өзінің әрекетін, оның нәтижелігін, адамдармен өзара әрекет ерекшеліктерін, өзінің тұлғалық қасиеттерін және қылық мінездемесін талдайды. Яғни, өзін-өзі жеке процесс ретінде санап, өзінде танылып жатқанын қабылдауға, бағалауға, талдауға, белгілеуге, табуға бейім.

Өзін-өзі танудың интенсивтілігі, тереңдігі, дәлелділігі тұлғаның қалыптасқан қасиеттеріне байланысты, әсіресе тұлғаның бағытын анықтайтын сипатқа байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін - өзі бағалау, тану ерекшеліктері
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптасрыу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz