Стартердің құрылысы мен істеу принципі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Іштен жанғыш қозғалтқыштардың оталдыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2 Автокөлікті стартер арқылы оталдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
3 Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4 Электрлі іске қосу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
Қолданған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде – бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде – бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.
Стартер − жүргізгенде двигательдің иінді білігін бұру үшін пайдаланатын тұрақты токтың электр двигателі.
Қазіргі автомобильдерде арақашықтықтан еріксіз элетромагнитті іске қосып басқаратын, номинал кернеулігі 12 В, 24 В стартерлер қолданылады. Олар СТ230-А1, СТ230-Б4, СТ130-К4, СТ-130-А, СТ117-А – 12В, СТ-142 – 24В болады. Стартердің негізгі бөлшектеріне; төрт полюсты өзектемір орнатылған тұрқы, қоздырғыш орамы бар якорь, якорь білігі, коллектор, алдыңғы қақпақтан щетка ұстағыш пен щеткадан тұрады.
Стартердің автокөліктің маңызды бөлшегі болғандықтан, оның құрылысын және жұмыс істеу принципін білу маңызды.
1. Богатырев А.В. Автомобили.− М.Колос,2004. − 496с.
2. Передерий В.П. Устройство автомобиля.−М: Инфра-М, 2005.
3. Вахламов В.К., Автомобили: основы конструкции. −М.: Академия,2000.
4. Стуканов В.А., Леонтьев К.Н. Устройство автомобилей. .−М: Инфра-М, 2006.
5. Осепчугов В.В., Фрумкин А.К. Автомобиль. Анализ конструкций, основы расчета. − М: Машиностроение,1989.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Реферат

Тақырыбы: Стартердің құрылысы мен істеу принципі

Орындаған:

Тексерген:

Қарағанды 2016

Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Іштен жанғыш қозғалтқыштардың оталдыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..
4
2
Автокөлікті стартер арқылы оталдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
3
Стартердің құрылысы мен жұмыс істеуі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
8
4
Электрлі іске қосу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
Қолданған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15

Кіріспе.

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде - бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде - бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.
Стартер − жүргізгенде двигательдің иінді білігін бұру үшін пайдаланатын тұрақты токтың электр двигателі.
Қазіргі автомобильдерде арақашықтықтан еріксіз элетромагнитті іске қосып басқаратын, номинал кернеулігі 12 В, 24 В стартерлер қолданылады. Олар СТ230-А1, СТ230-Б4, СТ130-К4, СТ-130-А, СТ117-А - 12В, СТ-142 - 24В болады. Стартердің негізгі бөлшектеріне; төрт полюсты өзектемір орнатылған тұрқы, қоздырғыш орамы бар якорь, якорь білігі, коллектор, алдыңғы қақпақтан щетка ұстағыш пен щеткадан тұрады.
Стартердің автокөліктің маңызды бөлшегі болғандықтан, оның құрылысын және жұмыс істеу принципін білу маңызды.

1. Іштен жанғыш қозғалтқыштардың оталдыру түрлері.

Іштен жанатын қозғалтқыштардың кез келген түрі қозғалмай тұрғанда айналу моментін туғызбайды.Ол бастап жұмыс істеу үшін,алдымен оны сыртқы энергия көздерімен айналдыру қажет.Олардың келесі түрлері қолданылады.
1. Электрстартер (1-сурет). Көбінесе кездесетін өте тиімді әдіс. Қозғалтқышты оталдырғанда аккумулятор батареясынан ток алатын тұрақты токтың машинасы коллекторлы злектрқозғалтқышымен айналдырады. Салқын кездері қышқылды аккумуляторлардың күші жетпеуі мүмкін,өйткені майлау жүйесінде майдың тұтқырлығы жоғарылайды. Сондықтан қыста қозғалтқышты оталдыру қиындайды, кей кездері оталдыру мүмкін болмайды. Электр жүйелері жақын жерлерде жүйелік оталдыру құрылғысымен оталдыруға болады.

1- сурет. Электрстартер.

1. Іштен жанатын қозғалтқыштың қосымша қозғалтқышы - басты қозғалтқыш аз қуатты басқа іштен жанатын қозғалтқышпен оталдырылады (пускач деп аталады); мұндай әдіс көбінесе тракторларда қолданылады. Әдетте оталдыратын қозғалтқыш екі тактылы карбюраторлы болып келеді,оның қуаты басты қозғалтқыштың қуатының 10 % құрайды. Кейбір ыңғайсыз жағдайларға қарамастан, бұл кез келген жағдайда өте тиімді болып саналады, егер аккумулятордың жағдайын бақылауға болмайтын жерлерде, трактор немесе құрылғы тұрғын аймақтан алыс жерлерде пайдаланылса.Оталдыру қозғалтқышы сұйықпен салқындату жүйесіне қосылған,салқын күндері басты қозғалтқышты жылытуға болады.Қосымша қозғалқыштың өзі қолмен (тросты тартумен) немесе аз қуатты электрстартерімен оталдырылады. Егер оталдыру қозғалтқышы қолмен оталдырылса,онда аккумулятор батареясының қажеті болмайды. Бұл кезде оталдыру жүйесі электр қуатын электр сезгісінен алады. Қосымша қозғалтқышты оталдырғаннан кейін және салқындату жүйесін жылытқаннан кейін бас қозғалтқышпен қосымша қозғалтқышты фрикционды ілініс арқылы қосады.
2. Ауа қысымы арқылы оталдыру. Жоғары қысымдағы қысылған ауамен үлкен дизельдерді оталдыру үшін тепловоздарда, су көліктерінде және бронды техникаларда қолданған. Мұндай әдіс бұрын поршеньді қозғалтқыштарды оталдыру үшін ұшатын техникаларда қолданылған. Цилиндрде,кәдімгі енгізу және шығару қақпақтарынан басқа,қосымша оталдыру қақпақтары орналастырылады. Оталдыру кезінде олар ашылады,олар арқылы цилиндрге енетін ауа поршеньдерді итереді және қозғалтқышты айналдырады. Қысылған ауасы бар баллондар басты қозғалтқыш арқылы жұмыс істейтін компрессордан толтырылады.
3. Транспортты сүйреу арқылы оталдыру. Механикалық БҚ бар автомобильді (мотоциклді),басқа автомобильмен сүйрету арқылы оталдыруқа болады (немесе қолмен итеріп, итеріп оталдыру деп атайды), сонымен қатар ілініс өшірулі күйнде, еңісті жолдардан өз екпінімен қозғалу арқылы.Белгілі бір жылдамдыққа жеткеннен кейін іліністі қосады. Бірақ мұндай әдістен жүріс бөлігі істен шығуы мүмкін,әсіресе төмен беріліс қосулы болған кезде: көптеген автомобильдерде пайдалану нұсқаулығы бойынша мұндай әдіспен оталдыруға тыйым салынады. Автоматты беріліс қорабы бар автомобильдерде мұндай әдіспен оталдыру мүмкін емес. Тек қана жұмыс істеп тұрған автомобидьдерде гидротрансформатор гидраликалық сұйыұтыққа толтырылады, айналу күші дөңгелектерден АБҚ берілмейді.
4. Жалғыз оталдыру. Бұл әдістің ерекшелігі автомобильдің дөңгелектерінің біреуін бұрап айналдыру арқылы жүргізіледі (мысалы, оратылған болат арқан арқылы), алдын-ала жоғарғы берілістердің біреуінің қосулы күйінде автомобильді көтеретін құрылғылар арқылы көтеріп қойып, қолды зақымданудан қорғау үшін қолғап кию қажет.Бұл әдістің басты ерекшелігі жүргізушінің қозғалтқышты жалғыз өзінің оталдыру мүмкіншілігінің бар екендігі.Автомобильдің басқа дөңгелектері жерде тұрады, бірақ оларға дифференциалдың арқасында айналу моменті берілмейді.
5. Тұтандыру арқылы оталдыру. Аккумулятордың қуаты таусылғанда басқа автомобильдің аккумуляторына қосылу жиі кездеседі. (бұл әдіс тұтандыру деп аталады). Бұл жұмыс басқа автомобильдің электрондық жүйесі істен шығып қалмау үшін қозғалтқыштың іске қосылмаған кезінде атқарылады.

1. Автокөлікті стартер арқылы оталдыру.

Автомобиль мен двигательді басқаруды, олардық механизмдері мен жүйелерінің жұмысын бақылауды кабинадағы жүргізушінің орындығы алдындағы басқару механизмдері мен бақылау приборлары атқарады.
Двигательді жүргізу және онын жұмысын басқару.үшін дроссельді жапқыш педалы, радиатор жалюзін басқаратын тұтқа, ауа жапқышы жетегінің тұтқасы, оталдырғыш және стартерді қосқыш, дроссельді жапқышты басқару жетегінің тұтқасы қолданылады.
Оталдырғыш пен стартерді қосқыштың кілті төрт түрлі жағдайда бұралады: ортаңғы − ток тұтынатын орындар ажыратылған, біріншісі − сағат тілі бойынша бұралғанда − оталдыру косылған, екіншісінде − оталдыру мен стартер қосылған; сағат тіліне карсы бұралған бірінші калпы дыбыстык. сигналды қосуға мүмкіндік береді, әйнек тазалағыш пен жылыткыштың электр двигателі оталғыштың ажыратылған қалпында болады. Двигательді жүргізер алдында, оған салқындатқыш сұйык. пен май, ал оның багына − отын құяды. Жылы двигательді жүргізу үшін берілісті ауыстырып коскыш рычагты бейтарап калпына кояды, осыдан кейін кілтті сағат тілі бойынша толык бұрап, оталдырғыш пен стартерді іске косады.
Салқын двигательді жүргізуді (сырткы ортанын температурасы 0° С және одан жоғары болғанда) мынадай ретпен аткару ұсынылады. Отын насосынын кол рычагымен бензинді айдайды. Ауа жапкышы жетегінің тұткасын тірелгенше тартып карбюратордын ауа жапқышын жабады. Берілістін ауыстырып қоскыш рычагын бейтарап калпына кояды. Педальды тірелгенше басып, іліністі косады, мүнын өзі стартердің жұмысын жеңіддетеді, өйткені двигательді жүргізген кезде коюланған майда тұрған беріліс корабынын шестернясы айналмайтын болады.
Оталдырғышты және стартерді кілтпен косады, кілтті косылған күйінде 5с-тен асырмай үстайды. Двигатель жұмыс істей бастаған кезде оталдыру кілтін колдан босатып, стартерді ажыратады ауа жапкышын сәл ашып, онын тұтқасын жартылай жібереді және дроссельді жапкыштын педалымен двигательдін иінді білігінін айналу жиілігін сәл арттырады. Осыдан кейін педальдан аякты алып, іліністі қосады. Двигатель түзік болған жағдайда стартерді бірінші немесе екінші косканда жұмыс істей бастайды. Стартерді қайта косудың аралык уакыты ең кемі 30 с болуы тиіс. Егер стартерді үш рет косканнан кейін двигатель жұмыс істемесе онда оталдыру және коректендіру жүйесінің түзіктігін тексереді,. Егер стартер дұрыс болмаса немесе аккумулятор батареясы ажыратылып түрса, онда автомобиль двигателі жүргізу тұтқасы аркылы іске қосылады. Автомобиль двигателін колмен жүргізген кезде жүргізу тұткасын қапсыра үстауға болмайды. Жүргізу тұтқасында саусактар бір жағында тұруы тиіс, өйткені, кері айналған жагlайда (от алдыру бурышы ертерек қозғалғанда) тұтка жүргізушінің қолын жарақаттауы мүмкін.
Төмен температура жағдайында двигательді жүргізер алдында май радиаторын жауып, салқындату жүйесіне ыстық су кұяды. ал картер түбіне − ыстык май жібереді немесе оны қыздырады. Оталдыруды қосар алдында радиатор желбезегін жауып, тұтқаны тірелгенінше тартып, жүргізу тұтқасымен двигательдің иінді білігін 35 рет айналдырады. Басқа да жүргізу операцияларын салқын двигательді жүргізгендегідей ретпен аткарады.
Автомобильдің баскару органдaрына ілінісу педалы, тежеуіш педалы, дроссельді жапқыш педалы, рульдік донғалақ, берілісті ауыстырып қосатын рычаг, тоқтату тежеуішінін рычагы жатады.
Автомобильді қозғалтар алдында салкындату жүйесіндегі сұйыктың температурасы 60° С жеткенше двигательді кыздырады, бірак иінді біліктін орташа айналу жиілігін арттырмайды., Двигатель жылыған сайын ауа жапкышын біртебірте ашып, двигательдін иінді білігінін айналу жиілігін бәсеңдетеді. Жылытылған двигатель иінді біліктін. жай айналуында біркелкі жұмысістейді, мұндайда ауа жапкышы толык ашык түруы тиіс. Двигатель жұмысын бакылау приборы аркылы тексереді.
Двигательдің және автомобильдің жұмысын бақылау үшін жүргізушінің алдындағы прибор панельдерінде мыналар орналасқан: салқындатылатын сұйыктын температурасын көрсеткіш, радиатордағы сұйықтык температурасын бақылау шамы, бензин денгейін көрсеткіш, спидометр; май кысымының бакылау шамы, амперметр, май кысымын көрсеткіш.
Сигнал беру үшін сигнал, киопкасын және сол жақтағы рульдік колонкада орналасқан бұрылыс көрсеткішін ауыстырып қосқышты пайдаланады. Ауыстырып қосқыш рычагты төмен түсіріп, сол жақ бұрылысты көрсетеді. Мұндайда автомобиль фарасының астындағы және арт жағындағы сол жақ фонары жыпылыктап, жарық береді. Он жаққа бұру үшін тұтқаны жоғары көтереді, мұндайда автомобильдің оң жағы жыпылықтап жарық береді. Бұрылу көрсеткішін қосқанда прибор,қалқанындағы бақылау шамы жыпылықтайды. Автомобиль бұрылыстан шыққанда бұрылу көрсеткіші автоматты түрде ажыратылады.
Қабина еденінін, сол жақ тұсында жарықты аяқпен ауыстырып қосқыш орналасқан. Ауыстырып қосқышты аяқпен басу арқылы (орталықтағы жарықты ауыстырып қосқыш үшінші жағдайда тұрғанда) фаралардағы жақын және алысқа түсетін жарықты ауыстырып қосуға болады. Жарықтың орталық ауыстырып қосқыштың үш түрлі қалпы болады: I -- барлығы сөндірілген; ІІ - астыңғы фара қосылып, артқы белгі нөмірі, артқы габариттік фонарь және прибор шкалалары жарықтандырылған; ІІІ - астыңғы фара жақын немесе алыска жарык, беретін фара (жарықты аяқпен ауыстырып қосатын кнопканың тұрған қалпына қарай), артқы габариттік фонарь, прибор шкалаларына және артқы нөмір белгілеріне жарық беру қосылған.
Приборлар панелінде әйнек тазарткыш пен кабинаны жылыткышты қосқыштар орнатылған. Оларды қосу үшін қосқышты сағат тілі бағытымен бұрайды. Әйнек тазартқышты қосқыш үш түрлі жағдайда болады; қосылған, баяу жүріс, шапшаң жүріс. Жылытқышты қосқышта үш түрлі жағдайда болады: ажыратылған, ауа баяу беріліп қосылған, ауа толық беріліп қосылған.
Приборлар панелінің астында радиатор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан басқарылатын стартерлер
Стартердің жұмыс істеу принципі
Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы
Қышқылды аккумулятор - қышқыл электролит құйылған аккумулятор
Көлік құралдарындағы оталдыру жүейесі (катушка, оталдыру свечасы)
Газ ионды приборлар
Әмбебап әуесқой-көкөнісші терморегуляторы
Аккумулятор батареясының құрастырылуы
Автокөлікті электрмен қамту жүйесі
Аккумулятор батареялары
Пәндер