Барабанды тежеуіш механизмнің құрылысы және жүк көліктерде кең қолдансы табудағы ерекщеліктері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: КТ және ЛЖ

Реферат

Пәні: Автокөлік техникасының жіктелуі мен құрылысы

Тақырыбы: «Барабанды тежеуіш механизмнің құрылысы және жүк көліктерде кең қолдансы табудағы ерекщеліктері»

Қабылдаған:

(баға) (қолы)

Орындаған:

(күні) (қолы)

2016 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Барабанды тежегіш және оның шығу тарихы . . . 4

2. Барабанды тежегіштің құрылысы . . . 5

3. Барабанды тежегіштің жұмыс істеу принципі . . . 7

4. Барабанды тежегіштің артықшылықтары . . . 9

5. Барабанды тежегіштерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету . . . 9

Қорытынды . . . 10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

Тежеуіштер автомобильдің жылдамдығын баяулатуға және тегіс емес жерде бір орнында ұстап тұруға арналған.

Олардың түрлері:

1. Жұмыстық тежеу жүйесі. Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеу жүйені аяқ тежеуіші деп атайды;

2. Тұру тежеуі. Көбінде тұру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орында қалуын қамтамасыз етеді;

3. Қосымша тежеу. Басты тежеу жүйесі істен шыққанда автомобильді тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған жұмыстық тежеу жүйесінің бөлігін немесе тұру тежеу жүйесін пайдаланады;

4. Көмекші тежеу жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ ылди бөлігімен жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектегіш-тежеуіш трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеу жүйесін қызудан және таулы жерде тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жолда жүргізуші 125 рет тежеу жүйесін іске қосады, таудағы жолда осы жүйені іске қосу 1000-ға жетеді;

5. Тіркемелік тежеу жүйесі. Тіркеме доңғалақтарына жүріс кезінде, тоқтағанда және тіркеменің жүріп келе жатқан автомобильден ажырап кеткенінде тежеуге арналған.

Жұмыстық, тұру және қосымша тежеу жүйелері барлық автомобильдерде қолданылады, ал көмекші - толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк автомобильдерде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда, тіркемелік тежеу жүйесі автопойыз тіркемелерінде пайдаланылады.

Әрбір жүйесі бір немесе бірнеше тежеу механизмдерінен және тежеу жетектерінен тұрады. Тежеуіш механизмдері:

Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерімен қатар қозғалтқышпен тежеуді, аэродинамикалық тежеуді пайдаланылады.

Қозғалтқышпен тежеуді автомобиль ылдимен төмен түсіп келе жатқанда қолданады. Мұны қозғалтқыштың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүзеге асырады.

Аэродинамикалық тежеуді спорттық автомобильдерде жарыс кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін қолданылады. Бұл құрылғыларды іске қосқанда автомобильдің ауа кедергісі ұлғайып, жылдамдығы азаяды.

Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіш түрі - механикалық тежеуіштер. Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп атайды. Фрикционды тежеуіш механизмдер дискілі және барабанды болып бөлінеді.

1. Барабанды тежегіш және оның шығу тарихы

Барабанды тежегіш - бұл тежелу тежегіш колодкаларының барабанды қысуы арқылы орындалатын, айналатын барабаннан тұратын, тежелу жүйесінің түрі.

Әдетте, барабанды тежегіште, тежегіш колодкалары тежегіш барабанының ішіндегі қуыста орналасады. Егер тежегіш колодкалары жалпақ шойынды диск сыртында орналасса, ол дискілі деп аталады. Барабанды тормоздың тағы бір тараған түрі - ол ленталы тежегіш, мұнда металдан жасалған икемді тежегіш лентаның тежегіш барабанын қамтуы(охват) арқылы тежелу жүзеге асады.

Қазіргі заманғы барабанды тежегішті 1902 жылы Луи Рено жасап шығарды, бірақ қарапайым конструкциялы түрін немістің Maybach компаниясы қолданды. Алғашқы тежегіштерде колодкалар(түйреуіш) механикалық түрде рычаг пен кабельдердің көмегімен қысылып тұрды. 1930 жылдың ортасына қарай шағын көлемді поршені бар цилиндрлі тежегіштер орнатыла бастады, бірақ көп бөлігі сонда да механикалық жүйені қолдана берді. Кейінгі онжылдықта да осылай жалғасты. Кейде екі тежегішті цилиндірден орнатылып отырды.

Барабандағы колодкалар іштей тозуға ұшырайтын еді, сондықтан 1950 жылдары өзін түзетіп отыратын тежегіш барабандарды жасап шығару ойластырыла бастады. 1960-70 жылдары заманауи автокөліктер алдыңғы дөңгелектеріне дискілі тежегіш, ал артыңғы дөңгелекте сол қалпы барабанды тежегіштер орнатылды. Бірақ төрт дөңгелегінде де дискілі тежегіші бар көліктер де болды. Қолмен тежеу тежегішін дискілі тежегіштерге арнап жасау қиын болғандықтан, оны барабанды тежегішпен бірге қолданды.

C:\Users\Azia\Downloads\1963½_Ford_Falcon_Sprint_Front_Drum_02.jpg

1-сурет - Барабанды тежегіш (Барабаны алынған күйі)

Бірінші тежегіштердің колодкаларында асбесттен жасалған қабат(жапсырма) болды, сол себепті ескі көліктерді жүргізгенде шаңды жұтпас үшін байқау керек. АҚШ үкіметі асбестті үнемдей бастады, ал тежегіш жасаушылар асбестсіз қабат жасауы керек болды. Алғашында көптеген жүргізушілер тежелудің нашарлығына наразы болды, алайда уақыт өте келе технологияның дамуына байланысты тежегіш дамып отырды, яғни асбестті қабатты керекті етпейтін болды. Басқа елдерде асбестті тежегіштерді қолдануға шектер қойды.

2. Барабанды тежегіштің құрылысы

Барабанды тежегіш жүйесінің негізгі механизмдері - тежелуді қамтамасыз ететін арнайы жоғары үйкеліс коэффициентті, фрикционды материалдан жасалған қабаты бар тежегіш колодкалары(түйреуіш) , тежегіш барабаны , тежегішті, жұмысшы цилиндр - гидрожүйеде тежегіш педальін басу арқылы сұйықтықтың қысымымен басты тежегішті цилиндрді қозғалысқа келтіріп, колодкалар барабанның ішкі бетін қысады. Олар екеу немесе біреу болуы мүмкін, екінші жағдайда дуплексті тежегішті механизм немесе екі жетекті колодкалы механизм деп айтылады. Осы бөлшектердің барлығы штампталған негізде тежегішті қалқанда орналасқан. Сонымен қатар, тежегішті жүйеге, колодканың осьтері(саусақтары), колодкаларды орнында ұстап тұратын серіппелер, колодка мен барабан арасындағы кертіктерді реттеп отыратын механизмдер және қатырып бекіту бөлшектері.

C:\Users\Azia\Desktop\drum_brake.jpg

2-сурет - Барабанды тежегіштің жалпы көрінісі

1-Фракционды қабат; 2-Тежегішті цилиндр; 3-Жоғарғы серіппе; 4-Колодкалар; 5-Барабан.

Сонымен қатар, қорғаушы диск, керме серіппелер, колодка төсемесі, фиксатор, колодканы жабдықтаушы механизм, өздігінен жабдықталу механизмінен де тұрады. Әр бөлшекке жеке тоқталсақ:

Тежегіш барабаны - беті сүргіленген, шеңбер тәріздес. Барабан шойыннан жасалады. Қолдау(тіреуші) валға немесе дөңгелектің ступицасына орнатылады.

Тежегіш колокалары(түйеруіш) - жарты ай түріндегі формадағы, металдан жасалған элемент. Колодкалардың жұмыс беті, негізін асбест құрайтын фрикционды қабаттан(жапсырма) тұрады. Колодкалардың біреуіне тұру тежелуінің рычагы орналасқан.

Гидравликалық тежегішті цилиндр - манжетаның көмегімен тығыздалған, екі жағынан да кіші көлемді поршені орнатылған, шойынды корпустан жасалған. Жұмыс жүрісі кезінде, манжеталар тежегіш сұйықтығының ағып кетуіне жол бермейді. Жүйеден ауаны шығару үшін арнайы шығару клапаны бар, ол гидравликалық цилиндрдің корпусына бекітілген.

Керме серіппелер колодкалардың жоғарғы жағынан да, төменгі жағынан да бекітілген. Олар қысу үшін жұмыс істейді және бос жүріс кезінде колодкаларды ұстап тұрады.

Қорғаныш диск - ступицада немес артқы балкада орналасады. Оған колодкалар мен тежегішті цилиндр жалғанған. Олар серіппеленген фиксатор арқылы бекітілген, сондықтан колодка мен цилиндр жылжымайды.

Колодка төсемелері(распорка) - арнайы кесілген жерлері бар металды пластина. Бұл бөлшек бір ғана тежегішті цилиндрі бар жүйелерге орнатылады. Оны колодкалардың ортасына орнатады. Оның негізгі қызметі өздігінен жабдықталу механизмін қозғалысқа келтіру. Және қосымша, «ручник» рычагы керілгенде екінші колодканы іске қосады.

Фиксатор - бұл колодка, табақша, серіппе, табақшаның қабаттасуы арқылы орналасқан металды стержень. Осындай берік қабаттың арқасында колодка дискіге нығым орналасуымен қоса вертикаль жазықтық бойынша қозғала алады.

Колодкаларды жабдықтаушы механизм сирек қолданылады. Мысалыға ескі көліктерде ол әрдайым қолданылды. Бұл механизмде қорғаушы дискінің корпусында орналасқан, колодкаларға бекітілген 2 эксцентрик бар. Эксцентриктер айналған кезде, колодкалар барабанға әлдеқайда тығыз орналасады.

Өздігінен жабдықталу механизмі - тежегіш колодкалардың барабанның жұмыс бетімен жұмыс істеу нәтижесіндегі тозуларды бақылайды. Кейбір автокөлік өндірушілер серіппеленген клинді, ал кейбірі тісті метал жолақты қолданады. Тәжірибе мен практикаға сүйенсек серіппеленген клин қарапайым және қолдануда да ыңғайлы. Бұл детальды ең алғаш енгізген Фольксваген. Бұл бөлшектің мақсаты, фрикционыды қабат қажалып кеткен кезде, колодка мен оның төсеммінің арасына тереңірек орналасу. Осылайша колодка барабанның жұмыс бетінен алшақтап кетпейді.

Схема барабанного тормозного механизма заднего колеса ВАЗ 2114, 2115

3-сурет - Барабанды тежегішті механизмнің схемасы

1-Қорғаныш дискісі; 2-Гидравликалық цилиндр; 3-Колодканың керме серіппесі(жоғарғы) ; 4-Тежегіш колодкалары; 5-Колодканың жапсырма қабаты; 6-Тежегішті барабан; 7-Орнату штифті; 8-Бағыттаушы серіппе; 9-Колодканың керме серіппесі(төменгі) .

3. Барабанды тежегішті механизмнің жұмыс істеу принципі

Барабанды тежегіштің жұмыс істеу принципі қарапайым, бұл жерде орыстың «Все гениальное просто» деген мәтелін айтуға болады. Әрине, бастапқыда бұл қарапайым болғанымен, тамаша механизм деуге келіңкіремейтін еді, себебі оған кір, шаң-тозаң жұқты, жолақ тозу кезінде үзіліп кете берді. Алайда, ХХ ғ. Басында Луи Рено тежегішті барабанға тежелуді жүзеге асыратын колодканы орнатты. Олар барабанның ішкі қуысында орналасқандықтан оған шаң мен кір жұқпайтын болды. Уақыт өткен сайын тежегішті барабанды механизм жақсы жаққа қарай өзгере берді, бірақ оның жұмыс істеу принципінің қарапайымдылығы қазіргі таңға дейін сақталып келеді.

Жұмыс істеу принципін толығырақ айтсақ, тежегіш педалін басқан кезде жүйеде тежегіш сұйықтығының қысымы пайда болады және сол қысыммен поршеньді қысу арқылы тежегіш колодкаларын жұмысқа келтіреді. Одан соң колодкалар шетке жылжу арқылы барабанның жұмыс бетіне қысылады. Дөңгелек жүрісін төмендетіп, көлік тоқтайды. Бір цилиндрлі жүйеде, колодканың жоғарғы жағын сол қысады, ал төменгі жағы артыңғы дискідегі тіреуге тіреледі.

Екі цилиндірлі жүйеде жұмыс әлдеқайда жақсы жүреді. Мұнда тіреудің орнына екінші цилиндр орналасқан, ол колодканың барабанмен үйкелісу ауданын көбейтеді, яғни тежелу аз уақытта және нәтижелі болады.

Тағы да айта кететін жағдай, егер барабанды тежегіш автокөліктің артқы дөңгелегінде ғана болса, ол тежелумен қоса тұру тежеуін де атқарады.

Картинки по запросу принцип работы барабанных тормозов

4-сурет - Барабанды тежегіштің жұмыс істеу принципі

4. Барабанды тежегішті механизмнің артықшылықтары

Барабанды тежегіштер жеңіл автокөліктерге қарағанда, жүк көліктерді көп қолданылады. Барабанды тежегіштің басты артықшылығы - оның жұмыс қабілеттілігін барабанның диаметрін ұлғайту арқылы да, ұзындығын ұлғайту арқылы да жақсартуға болады. Бұл нәрсе қиын жағдайларда автобустар мен жүк көліктерін оңай, нәтижелі, қауіпсіз тоқтатуға мүмкіндік береді. Барабанды механизм салыстырмалы түрде шаң мен су тиюден қорғалған және оның колодкалары шаңды ортада аз тозуға ұшырайды. Яғни, нашар, асфальтсіз жолдарда барабанды механизм өте қолайлы. Барабанды тежегіштерді қолдану тұру тежеуінің жабдықталуын жеңілдетеді. Барабанды тежегіш қатты қызбайтындықтан, спиртті май негізінде жасалған, салыстырмалы түрде арзандау тежегішті сұйқтықтарды қолдануға рұқсат береді.

5. Барабанды тежегіштерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Қазіргі таңда барабынды тежегіштердің колодкаларына сұраныс аса жоғары емес, себебі олардың дискілі тежегіштің колодкаларына қарағанда қажалуы 2-3 есе аз. Оның үстіне бұл жүйені қолданатын көліктердің пайыздық көрсеткіші жылдан - жылға азаюда.

Барабанды тежегіштер дискілі тежегіштен бұрын шыққан, яғни бұрыннан бері қолданылып келеді. Сол себептен болар, оны жеткілікті түрде сенімді емес дейтіндігі. Бірақ барабанды тежегіштер расында да сенімсіз болып саналатын болса, онда оған сұраныс мүлде болмаушы еді. Барабанды тежегіштің өзіне тән жағымды жақтары бар, нақтырақ тоқтала кетейік:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы
Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Басты беріліс және жетекші беріліс
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Газ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу
Автомобиль қозғалтқышының дамуы
Тежеуіш жүйелерінің ақаулары
Автомобильдің тежеу жүйесі және құрылысы
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz