Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
1. Шешендік сөз тарихы
2. Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
3. Қазақ тілі. көне тіл
4. Тіл. ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.
5. Сөз мәдениетінің орны.
6. Тыңдай білу әдебі.
7. Сөз атасы . құлақ.
8. Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
9. Қарым. қатынас түрлері.
10. Сәлемдесу. сөз басы.
11. Сәлемдесу әдебі.
12. Іскерлік әңгіме.
13. Шешендік өнер және сөз мәдениеті.
14. Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
15. Күнделікті дайындық.
16. Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы.
17. Тұрақты тілдік бірліктер мен шешендік өнер сабақтастығы
18. Шешендік . интеллект көрсеткіші: концептуалдық талдау оригинал

Шешендік өнер бар да, сол өнер жайлы ғылым бар. Антикалық грек-рим мәдениетінен белгілі “Риторика” ілімі шешендік өнердің табиғатын, болмыс-бітімін, сыр мен сымбатын зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында шешендік өнерді зерттейтін ғылымның терминдік атауы қалыптаспаған. Әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Қазақ топырағындағы шешендік өнерді зерттейтін ғылымның жеке сала болып қалыптасуы, өзіндік терминдік атау-ұғымдарының пайда болуы, әлемдік маңызға ие болуы — болашақтың ісі.
Сонымен, риторика, шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірінен саналады. Мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде қоғам дамуының әртүрлі кезендерінде бірде маңызы артып, еңді бірде мәні төмендегенімен, өзінің дамуын үзбей өрістеп келеді.
Шешендік өнердегідей, басқа ғылымдармен салыстырғанда, мәдениет пен өнер тарихындағы сабақтастық, дәстүр, мәдени тоғыс, тарихи ұлттық тіл мен діл, сондай-ақ жалпы ортақ адами сипат наты, дәл көрінбейді.
Бүгінгі таңда шешендік өнерге деген қызығушылық артып отыр. Бұл занды да. Өйткені кез-келген қоғамдық жүйені либерализациялау адам құқы мен еркіне деген көзқарасты жандандырады. Ал мұның өзі сөз бостандығын туындатады. Сөз құдіретіне ие болу құштарлығы әрқашанда болады, бірақ оның мәні өте-мөте өтпелі кезеңдерде, демократияның саналы дәуірлеу тұсында артады. Мұның тарих тағылымындағы айғағын шешендік өнердің гүлдену дәуірлерінің көне грек және рим елдерінің шарықгау дәуірімен, қайта өрлеу кезеңімен (эпоха ренессанс), Франциядағы XVIII ғасыр, Ресейдегі XX ғасыр революцияларымен, қазақ топырағындағы XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі егеменді мемлекет, ел болу кезендерімен сайма-сай келуінен көреміз.
Шешендік сөздердің жанрлық табиғатын айқын танып білу үшін антикалық шешендік өнер ғылымын білу қажеттілігі туындайды. Өйткені онда шешендік өнердің негізгі заңдылықтары мен ережелерінің канондық негіздері жатыр. Ал кейінгі теориялық еңбектер гректер мен римдіктердің теориялық ілімдерін жетілдірумен, нақтылаумен болды.
Шешендік өнердің зерттеліп ғылыми жүйеленуі ерте замандардан басталған. Мәселен, көне грек, рим дәуірінде бұл өнердің жеке пән ретінде оқытылып, теориялық тұрғыдан зерттеле бастағанын көреміз.
Антикалық шешендік өнер қақындығы алғашқы толыққанды мәліметті бізге Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңққа мемлекет және саясат қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған шешен ретінде бөленді.

Ғылыми монографиялар:
1. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. 5 б.т.
2. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы: Ғылым, 1988. 7 б.т. (авт. бірл.: А.Алдашева).
3. Фразеология және тілдік норма //Алматы, 1998. 8 б.т.
Оқулықтар мен оқу құралдар, көмекші құралдар:
1. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. //(авт. бірл.: З.Бейсембаева, Ж.Исмайлова, М.Қанабекова, Г.Қайдарова). Алматы, 2005. 112 б.
2. Бата-тілектер (жинақ). Құрастырушы Н.Уәлиұлы. Алматы: Арыс, 2005. 88 бет.
3. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған. Алматы: Мектеп, 2006.
4. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. (А.Фазылжанова, А.Кобыларновамен бірге). Алматы: Мектеп, 2006. –104б.
5. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. Дидактикалық материалдар. Алматы: Мектеп, 2006.–72б.
Сөздіктер:
1. Жаңа атаулар. Алматы: Ана тілі, 1992. 118б. (авт. бірл.: А.Алдашева, Ш.Сарыбаев).
2. Емлесі қиын сөздер. Мектеп оқушыларына арналған анықтамалық сөздік. Алматы: Балауса, 2000. 30 б.т.
3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2001.-430б.
4. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі //(авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.
5. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі //(авт. бірл.: Қ. Есенова, Н.Әміржанова, С.Жапақов, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.
6. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі //(авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2006.
Мақалалар:
1. Этимологиялық этюдтер //Қазақстан мектебі. 1976. N 5. 93-95-бб.
2. М.Әуезовтің тұрақты сөз тіркесін қолдану ерекшеліктері жайында //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Филология сериясы, 1978. N 1. 26-29-бб.
3. Көркем әдебиет тіліндегі стильдік контраст //Жазушы және сөз мәдениеті. Алматы: Наука, 1983
4. Жұмбақ жетілер //Жалын. 1988. N 3.
5. Жұмбақ сандар //Жалын. 1988. N 4.
6. Қ.Жұбанов және қазақ орфографиясының принциптері //Қазақстан мектебі. 1989. N12. 10-б.
7. Ақаң жинаған асыл сөз //Қазақ тілі мен әдебиеті 1991. N4. 76-80-бб.
8. Сөз және оның мәдени ұлттық мазмұны //М.Әуезовтің қазақ тілін дамытудағы рөлі. Алматы, 1997. 73-80б.
9. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттары //ҚР ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. 1998. N3. 0,5 б.т.
10. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы //Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы: Ғылым, 1999. 268-280 бб.
11. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың буын теориясы //Өрлеу. 1999. N2. 43-45-бб.
12. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы //ҚР БҒМ ҰҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. 2000. N2. 52-61-бб.
13. Казахский алфавит на основе латинской графики //ҚР ҒА Хабарлары. 2000 N1. (авт. бірл.: К.Хұсайынов, Ә.Жүнісбеков).
14. Бір тәуліктегі күн мен түн //ҚХР Шыңжаң дәшуе ғылыми журналы 2002. N4. 13-19бб.
15. “Қамшы” этнографизмінің қолланылу өриси хаққында //Өзбекстан Республикасы Илимлер Академиясы Қарақалпақстан бөлиминиң Хабаршысы. Нөкис, 2003. N5. 98-100бб.
16. Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті //Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. Алматы: Арыс, 2004. 5-23бб.
17. Қазақ тілі – қандай тіл? //Тілтаным. Алматы, 2004. N3, 156-163бб.
18. Қазақ тілі: советтік дәуір мен постсоветтік кезең //Тілтаным. 2005. N4.
19. Сөз мәдениеті туралы // Қазақ тілі. Мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. Алматы, 2005. N6. 3-4бб.
20. Қазақ тіліндегі кейбір зоонимдердің этимологиясы туралы //Қазақ тілі.Мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. 2006. N2 (14). 3-4бб.
21. Біріккен сөз туралы // ҚР ҒА Хабарлары. 2006.
22. Алғы сөз. Сөздіктің құрылымы мен құрылысы //Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 1-том. Алматы: Арыс, 2006.
23. Ы.Е.Мамановтың ғылыми концепциялары // Қаз ҰУ Хабаршысы. Филология университеті, 2007, N3.
24. Халық күн қайыруы. // Абай энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 1995. 590-591бб.
25. Әлиіпби. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 49-50бб.
26. Орфография. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 304-305бб.
27. Орфографиялық сөздік. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 305б.
28. Орфоэпия. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 305-306бб.
Конференцияда жасаған баяндамалар:
1. Қазақ әдеби тілі туралы зерттеулердің түйінді тұжырымдары //“Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының даму мәселелері және басқа тілдермен қарым-қатынасы” республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 1998, 11-12 наурыз. 8-13 бб.
2. Қ.Жұбанов қазақ орфографиясының негізгі принциптері хақында //“Жұбанов тағылымы” атты республикалық конференция материалдары. Ақтөбе, 1998. 38-43бб.
3. Бір тәуліктегі шақ атаулары және олардың этимологиясы //Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: Дайк-Пресс, 2004, 143-153 бб.
4. Тілдік жүйе – норма – узус және олардың ортақ тұстары мен айырым белгілері //Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалы. Алматы: Арыс, 2004. 26-30 бб.
5. Терминология және тілдік норма //Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2004. 34-46-бб.
6. “Қамшы” концептісі //Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Алматы: Дайк-Пресс, 2005, 204-213-бб.

Шешендік сөз тарихы
Шешендік өнер бар да, сол өнер жайлы ғылым бар. Антикалық грек-рим мәдениетінен белгілі "Риторика" ілімі шешендік өнердің табиғатын, болмыс-бітімін, сыр мен сымбатын зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында шешендік өнерді зерттейтін ғылымның терминдік атауы қалыптаспаған. Әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Қазақ топырағындағы шешендік өнерді зерттейтін ғылымның жеке сала болып қалыптасуы, өзіндік терминдік атау-ұғымдарының пайда болуы, әлемдік маңызға ие болуы -- болашақтың ісі.
Сонымен, риторика, шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірінен саналады. Мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде қоғам дамуының әртүрлі кезендерінде бірде маңызы артып, еңді бірде мәні төмендегенімен, өзінің дамуын үзбей өрістеп келеді.
Шешендік өнердегідей, басқа ғылымдармен салыстырғанда, мәдениет пен өнер тарихындағы сабақтастық, дәстүр, мәдени тоғыс, тарихи ұлттық тіл мен діл, сондай-ақ жалпы ортақ адами сипат наты, дәл көрінбейді.
Бүгінгі таңда шешендік өнерге деген қызығушылық артып отыр. Бұл занды да. Өйткені кез-келген қоғамдық жүйені либерализациялау адам құқы мен еркіне деген көзқарасты жандандырады. Ал мұның өзі сөз бостандығын туындатады. Сөз құдіретіне ие болу құштарлығы әрқашанда болады, бірақ оның мәні өте-мөте өтпелі кезеңдерде, демократияның саналы дәуірлеу тұсында артады. Мұның тарих тағылымындағы айғағын шешендік өнердің гүлдену дәуірлерінің көне грек және рим елдерінің шарықгау дәуірімен, қайта өрлеу кезеңімен (эпоха ренессанс), Франциядағы XVIII ғасыр, Ресейдегі XX ғасыр революцияларымен, қазақ топырағындағы XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі егеменді мемлекет, ел болу кезендерімен сайма-сай келуінен көреміз.
Шешендік сөздердің жанрлық табиғатын айқын танып білу үшін антикалық шешендік өнер ғылымын білу қажеттілігі туындайды. Өйткені онда шешендік өнердің негізгі заңдылықтары мен ережелерінің канондық негіздері жатыр. Ал кейінгі теориялық еңбектер гректер мен римдіктердің теориялық ілімдерін жетілдірумен, нақтылаумен болды.
Шешендік өнердің зерттеліп ғылыми жүйеленуі ерте замандардан басталған. Мәселен, көне грек, рим дәуірінде бұл өнердің жеке пән ретінде оқытылып, теориялық тұрғыдан зерттеле бастағанын көреміз.
Антикалық шешендік өнер қақындығы алғашқы толыққанды мәліметті бізге Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңққа мемлекет және саясат қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған шешен ретінде бөленді.
Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы мен шешендік өнер ілімі пайда болды. Оның негізін Коракс, Лисий және Горгий салды. Коракс шешендік өнерге "Шешендік дегеніміз - нандырудың қызметшісі" - деп анықгама берді.
Көне Грециядағы софистер (б.з.д. V ғ.) шешендік өнердің нағыз шеберлері болды. Олар әртүрлі көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз сайыстарын өткізіп, сөз кұдіретін танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты. Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты жастарды қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби шешендерді) дайындады. Софист Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты да жазды.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі - Сократ. Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда жиын-топқа сөйлеп, айтып отырған.
Сократтың тәсілі -- асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші ғалым С.Негимов былайша бағалайды: "Олар риториканы -шешендік, эвристиканы -- тартыс өнері, диалектиканы -- дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді" -- дейді.
Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.
Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: "Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен мақсаты осында" -- деп, анықтайды.
Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін тудырған атакты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы.
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.
Шешендік өнердің жалпылық мәнін, мақсатын тиянақгаған соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді.
Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын қарастыра отырып, Аристотель өзінің "Риторика" еңбегін үш бөлімінен түзеді. Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады. Екінші бөлім тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады.
Үшінші бөлімде Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын: сөйлеу процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу мәтіндерінің құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудің алғы сөз, әнгіме, дәлелдеме, қорытынды секілді төрт түрлі бөлшегін бөліп көрсетіп, әрқайсысының нандыруға, сендіруге қажетгі маңызын жан-жақты негіздейді.
Көне Грецияның маңдай алды шешендерінің бірі -- Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін болған Афина күресінің тұсындағы саясат шешен сөздері, әсіресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта қалып, тағылымдық сөздердің қатарына енді.
Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны аталмыш өнердің ұстазы етіп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектің арқасында "өзін-өзі қайта туындатты", әлем шешендерінің эквивалентіне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы арқылы Цицеронның "Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады" деген аталы сөзін дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптің қазақ топырағындағы көрінісін бабаларымыз "көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады" деп ұлағатты оймен өрнектеген.
Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланған. Осылайша, сөздің драмалық қасиетін күшейтті. Ол нақтылы дерек көздерімен сөйлеген, ойды түсінікті, еркін баяндаған. Сөйлеудің техникасын еркін меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздері сөйлеу мәнерімен туған. Қарапайым және көтеріңкі пафоспен (екі стильде) келеді. Ол осы екі стильді де еркін игерген. "Демосфеннен 170 қолжазба біздің дәуірімізге келіп жетті.
Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.
Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар "адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі -- қолбасылық, екіншісі -- шешендік" деп білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда "демократия -- шешендік өнердің анасы".
Цицеронның шешендік өнер іліміне арналған еңбектерінде шешен үшін сөйлеу композициясы, стилі, айшықты тіл оралымдары, сөйлеудің дыбыстық жағы, артистік қасиет сияқты тәлім алатын көптеген жақтар қамтылған.
Шешендік өнер теориясына дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты. XVII ғасырдың өзінде шешендік өнері туралы бірнеше еңбектер белгілі болды. Осылардың ішінде М.Усачевтің "Риторика" кітабын атап көрсетуге болады. Бірақ осы және басқа да еңбектерде діни, яғни шіркеулік шешендіктің әсері әлі де күшті еді. Бұл Ресейдің мемлекеттік құрылымдық жағынан демократияның парламенттік өмір сүру арнасынан қол үзгендігімен түсіндіріледі. Бұл түр батыс европа елдеріне тән еді. Шындығында университет қабырғаларында ғана жанды сөздің еркін дамып, жетілуіне жағдай туды.
Бұған шешуші қадамды Мәскеу университет! мен ғылым академиясының негізін қалаушы М.ВЛомоносов жасады. Ол қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалап, орыс тілінің қиын реформасын жасады. Ломоносов "Шешендікке қысқаша басшылық" кітабын жазып, орыс шешендік өнерінің бастауын ашты. Өзектілігін күні-бүгінге дейін жоймаған бұл кітапта орыс шешендік өнерінің ары-қарай даму бағдарламасы жасалынды.
М.В.Ломоносов шешендік үшін ең алдымен, рухани дарындар мен дене дарындары керек деп көрсетеді. Алайда шешен үшін тек табиғи сапалар жеткіліксіз. Шешендік теориясының негізгі талаптарының бірі-халықтық сөздің элементтері мен құрылымы туралы білім. Ломоносов "Риторика" атты кітабында сөйлеуді төрт бөлікке бөлуді ұсынады: кіріспе, түсіндіру, бекіту, қорытынды. Әрбір бөлікке қатысты тапсырмалар, ұсыныстар берілген.
Қазақ шешендік өнері жайындағы ғылымның тарихы да шешендік өнер тарихы секілді арыда жатыр. Бұл ретте: "Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, "Шығыстың Аристотелі" атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр әл-Фарабиден басталады. Ол "Риторика" атты күрделі трактатында ғылыми-теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс-мақсаттан, қолдану аясынан туындатады",- деп жазады шешендік өнер қақында жүйелі еңбек жазған ғалым С.Негимов.
Қазақ қоғамындағы шешендік өнердің, билердің ролін пайымдау мақсатымен жазылған XIX ғасыр шеніндегі Ш.Уәлиханов еңбектерін атап өткен орынды.
Ш.Уәлиханов "Сот реформасын жайындағы жазбалар" дейтін еңбегінде аталмыш өнер аясының билік-кесім айтылатын дау-дамайда туындайтынын дұрыс пайымдау келе, бүл өнердің бүтіндей бір елдің билік жүйесін атқарып тұрған зандық күші бар көшпелі өмірге мейлінше лайықталған қасиетті өнер екендігін айтады. Бүл орайда Шоқаннан көп кейінде қазақ оқымыстылары шешендік өнердің билік, заңдық сипатын жоққа шыгара қойған жоқ. Мәселен, Ә.Қоңыратбаев шешендік сөздерді заңдыұ, нақылдық, философиялык, сатиралық деп жіктейді.
Ғылыми-сыни зерттеушілік ой-пікірдің оянуына мұрындық болған қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары, әсіресе, "Дала уәлаятының газетінің" шешендік өнер, билік өнер қақындағы ой-толғамдарын С. Негимов былайша бағалайды: "Дала уалаятының газетінде" қазақ билерінің қоғамдағы орны, билік-кесім шығаруы жөнінде бірнеше мақалалар берілген. Атап өтер болсақ, "Қазак билерінің жұмыстарды тексеретұғыны турасынан", "Қазақ жұртының тергеу хүкімі хақында", "Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы", "Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы" дейтін материалдарда ұтымды пікірлер, бағалы мәліметтер, құнды дерекгер бар".
Ш.Қүдайбердиев қазақтың шешендік билік өнерінің терең тарихи тамырын, өзіндік ішкі берік жүйесін ел ауызындағы мақалға айналып кеткен заңдық бап-қағидалардан көрсетіп береді.
Мәселен:
"Би екеу болса, дау төртеу болады".
"Дау құтырса биін табар, ит кұтырса иесін қабар".
"Тапқан қуанса да, таныған алады".
"Кесімді малға өсім бар".
"Барымта алған мал болмас, қуып алған құн болмас".
"Ала арқан кеспей арылмас".
"Өзі жығылған өкінбес".
"Тағыны жеткен алады, жарлыны кеміткен алады".
"Тұлпар түп иесін табады".
"Жортуыл жолдасына, ұры серігіне күйеді".
Ал жалпы шешендік өнер аясында туындаған сөздерді шешендік сөздер деп атап, оны әдебиеттің дербес, жеке жанры ретінде ғылыми тұрғыдан бажайлау үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы А.Байтұрсынов, М.Әуезов және С.Сейфуллин т.б. ғалымдар еңбектерімен тығыз байланысты.
Аталмыш ғалымдар алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің көзі ретінде арнайы қарастырды. Мәселен, А,Байтұрсынов 1926 жылғы "Әдебиеттанытқыш" атты еңбегінің "Шешен сөз" деген тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз, ә) билік шешен сөз, б) қошамет шешен сөз, в) білімір шешен сөз, г) уағыз.
Бұдан кейінгі кезенде жалпы шешендік өнер аясында пайда болған шешендік сөздердің құлақ кесті үлгісі ретінде қандай жәдігерлер қарастырылуы, аталуы тиіс деген көкейдегі ойдың пердесін сыпырған, бүл төңіректегі теориялық ой-толғақтың нені шиырлауы керектігін Әуезовтен кейін тағы да атап көрсетіп, әдебиет тарихының түтас бір дәуірін арнаған еңбек С.Сейфуллиннің 1932 жылғы "Қазақ әдебиеті" кітабы болды.
С.Сейфуллиннің енбектегі ой-зердесі М.Әуезовтің ой-пікірлерімен астасып, шешендік сөздердің негізі ретінде дау-дамайда, талас-тартыста туған билер сөзі алынуы керектігін зерделеген ой-әлемі жанрға "билер сөздері" деген термин-атау ұсынғандығынан аңғарылады. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің ғалым ретіндегі ой-тұжырымдарының кұндылығының тағы бір қыры мынада: автордың қазақ билерінің болмысының халық өмірінің сан-алуан қырларымен байланыстылығын, билердің көп қырлы функциясын айта алғандылығында.
Әдебиетші ғалым С.Негимов бұл турасында "...бұған қоса ол әрі батыр, әрі әнші-ақын, жыршы, сыншы, сәуегей, шежіреші, ғұлама, бір сөзбен айтқанда, әмбебап дарын екендігін ескертеді", - деп пайымдайды.
Бұдан былайғы тұста айтарлықтай құнды пікірлер берген ғалымның бірі - С.Садырбаев.
"Халық әдебиетінің тарихи негіздері" дейтін еңбегінде зерттеуші: "қазақтардың шешендік өнерін үшке белуге болады: а) салтанатты, екпінді сөздер; ә) нақгылы, қысқа түйінді сөздер; б) майда, биязы, сыпайы сөздер", - деп жіктеп, олардың мәтіндері мен түрлерін де саралайды.
Теориялық толғамдарды қалыптастыруда қазақ шешендік сөздерін жинап-бастырып, алғы сөз жазып, жүйелеп беріп жүрген ғалымдар еңбегі де айтулы. Бұл орайда Т.Кәкішов, Ж.Дәдебаев, С.Қорабай, Н.Төреқұлов, М. Қазбеков сынды бұл істің үлкен жанашырларын атаған лазым.
Жалпы қазақ сөз қадірін жете ұғынған, оған өз өмірінде мейілінше мән берген, айрықша бағалаған. Сөз өнерін дертке балаған ел "тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады" деп сөз құдіретіне табынған, оның уытты күшін "таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді" деп бағалай білген. Мән-мағынасыз, қалай болса, солай сөйлеуге болмайтындығын ескертіп, "аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі ", "іріген ауыздан, шіріген сөз шығады," "жақсы сөз - жарым ырыс" деп тыйым айта отырып жүйесін тауып сөйлей білгенді "сөз тапқанға қолқа жоқ" деп қошамет көрсетіп отырған. Әлемдік өркениетте ең бай да құнарлы тілді меңгерген қазақ елінің "жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз киесін табар" деп сөйлеудің мәдени нормаларын да белгілеп, тіл білудің, сөйлей білудің соншалықты қиын өнер екенін айтқандығы халқымыздың даналығын танытса керек.
ШЕШЕНДІК ӨНЕР
ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры - шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер - ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", - деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы - сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
...Көш бастау қиын емес -
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес -
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын -
Шешімін таппас дау бар, -
деп дұрыс аңғартады.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады.
Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі - мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.
Шешендік сөздің шыны - айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан.
Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.
Шешендер сөзі - халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", - деген сөздерінен би - халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл" тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
"Өнер алды - қызыл тіл" деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.
Қазақ жұрты - жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.
Қазақ шешендік өнерінің піспегі - шешен билер де, күбісі - халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері - шешен-би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.
Би-шешендер - шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер атауының өзі осы қалыптан шығып отыр. Бұл тұрғыдағы ойларымыз алдағы тарауларда кеңірек баяндайтын боламыз.
Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (11-12 ғ.), Мөңке би (1207-1250), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әсет би (1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Антайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зіл-қара, Алшынбай, Асаубай секілді, сондай - ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады.
Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсіреп шешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т.б.деп атау қалыптасқан.
Би атауы-әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.
Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел-жұрттың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен-кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай - ақ доп басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.
Сонымен шешен деген тұста бұл ұғым біздің жадымызда көне Грек пен Римнің сот залдарында алқалы жиындарда тоқтаусыз ағыл-тегіл сөйлеп, аудиторияны сөзіне ұйытып, айтар ойына мүлгітіп тұрған оратор түсінігінде ассоциациаланады да, би ұғымы заңдық, билік күші бар судья болмысы арқылы көрінеді. Осы екі ұғымды, екі болмысты, табиғатты жақындастыратын, жанастыратын қалып- шешендік, шешендік сөйлеу процесі. Шешендік өнер ілімі (риторика) ерте қалыптасқан антикалық Грек пен Рим теоретиктері, іргелес орыс теоретиктері шешендік өнерді сөйлеу процесі тұрғысынан мейлінше жан- жақты талдады, ілгері еңбектер жазды. Риторика ілімнің көне және орта дәуірінде Протогор, Демосфен, Цицерон, Аристотель, Квинтилиан, Марк Антоний, Луций Крам қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері Кампонелла, Томас Мор, Петрарка, Данте, Рабле, Шекспир, орыс шешендік өнерінің теориясында Макарич, Усачев, Ломоносов, Рижский, Мерзляков, Галюч, Коменский, Сперанский есімдері тарих бетінде жарқырап қалды.
Қазақ шешендік өнерінің зерттелу тарихы өткен ғасырдың бірінші ширегінен бастау алады. Мәселен, 1883 жылғы "Дала уәлаяты" газетінің 24 санында Әлихан Бөкейханов ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтерген.
Ал шешендік сөздерге ғылыми түрлендірулер жасау үстіміздегі ғасырдың 20-шы жылдарынан басталған.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің жеке саласы ретінде қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты. Алдыңғы тарауларда аталмыш ғалымдардың еңбектеріне көп орайда жүгініп отыратындықтан, бұл ретте зерттеулерге арнайы тоқталмаймыз.
Бұдан кейінгі кезеңдегі шешендік өнер тарихының зерттелуі Ә. Маметова, Б. Адамбаев еңбектерімен толықты. Сондай - ақ фольклортанушы ғалым С. Садырбаев шешендік сөздерді ішкі үлгілерге жіктеуде өзіндік ой-өрнегін көрсете білді.
Шешендік сөздердің әр жылдарындағы жиналып басылуына ат салысып, алғы сөздер жазып, өзіндік ой-өрнектер, ғылыми тұжырымдар қалдырып жүрген ғалымдар қатарына Т. Дәдебаев, С. Қорабай, Н. Төреқұлов, М. Қазбеков сынды бұл істің үлкен жанашырларын атаған лазым, жалпы шешендік өнер аясында туындаған сөздерді шешендік сөздер деп атап, оны әдебиеттің дербес, жеке жанры ретінде ғылыми тұрғыдан бажайлау үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы А. Байтұрсынов, М. Әуезов және С. Сейфуллин сияқты ғалымдар еңбектерімен тығыз байланысты.
Аталмыш ғалымдар алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің көзі (объектісі) ретінде арнайы қарастырды. Мәселен, А. Байтұрсынов 1926 жылғы "Әдебиеттанытқыш" атты еңбегінің "Шешен сөз" деген тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз; ә) билік шешен сөз; б) қошамет шешен сөз; в) ділмор шешен сөз; г) уағыз.
Бұл тұстағы шешендік сөздердің функционалдық сипатын жазған, Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі ой сарабын тереңдеткен, дамытқан ғалым Халел Досмұхамедов.
"Қазақ халық әдебиеті" атты зерттеуінде Х. Досмұхамедов халық әдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге "Билік сөз" деп шешендік сөздерді жатқызады. "Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл түрі билік сөз (замечательные приговоры судей биев) деп аталады" - деп атап көрсетеді.
Кең көлемде жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихын жасауға батыл қадам жасаған еңбек М. Әуезовтың "Әдебиет тарихы" десек, автор аталмыш еңбекте қазақтың шешендік сөздерін әдебиет тарихынан орын тептіріп, "Билер айтысы" деген терминдік атау беріп, өзіндік ілімнің әлі де болса теориялық шымырлануы қажеттігін былайша аңғартады: "Билер айтысының қазір де барлық түрлері жиналып болмағандықтан, екінші бұл түрдегі айтыстар ерекше көп болғандықтан, бұл күнде түгел жіктеп, бөліп қоюға болмайды. Сондықтан, қазірде қандай түрлері кездесетінін айтамыз. Бірақ бұл жіктеу уақытша ғана және ылғи ішкі мағынасына қарап жасалған жіктер болады".
Бұдан кейінгі кезеңде жалпы шешендік өнер аясында пайда болған шешендік сөздердің құлақ кесті үлгісі ретінде қандай жәдігерлер қарастырылуы, аталуы тиіс деген көкейдегі ойдың пердесін сыпырған, бұл төңіректегі теориялық ой-толғақтың нені шиырлауы керектігін Әуезовтен кейін тағы да атап көрсетіп, әдебиет тарихының тұтас бір дәуіріне арнаған еңбек С. Сейфуллиннің еңбектегі ой-зердесі М. Әуезовтің ой-пікірлерімен астасып, шешендік сөздердің негізі ретінде дау-дамайда, талас-тартыста туған билер сөзі алынуы керектігін зерделеген ой-әлемі жанрға "билер сөздері" деген термин - атау ұсынғандығынан аңғарылады.
Сондай - ақ С. Сейфуллиннің ғалым ретіндегі ой-тұжырымдарының құндылығының тағы бір қыры мынада: автордың қазақ билерінің болмысының халық өмірінің сан-алуан қырларымен байланыстылығын, билердің көп қырлы функциясын айта алғандылығында.
Әдебиетші ғалым С. Негимов бұл турасында "..бұған қоса ол әрі батыр, әрі әнші-ақын, жыршы, сыншы, сәуегей, шежіреші, ғұлама, бір сөзбен айтқанда, әмбебап дарын екендігін ескертеді", - деп пайымдайды.
Қазірде жаңаша ойлау диалектикасы тұрғысынан әдеби мұрағаттарымызды қайыра екшеп жатқан тұста билер функциясының аясын барынша кең арнада қарастырып жүрген еңбектердегі теориялық ой-пікірдің жоғарыдағы С. Сейфуллин еңбегінен бастау алатынын көреміз. Мысалы зерттеуші Мұқадес Есламғалиұлы би - көсем, би - шешен, би - ақын, би - заңгер, би - емші, мәмлегер, би - батыр, би - саясаткер, қоғам қайраткері, би - ойшыл-ғалым, би - психолог, әртіс, би - тәрбиеші деп қазақ билерінің халық өміріндегі, қоғам алдындағы он түрлі қызметін түстегенде, жоғарыдағы С. Сейфуллиннің пікіріне сүйгендігін байқаймыз.
Осылайша шешендік өнердің аясын айқындап, халықтық негіздері мен ұлттық сипатын бағдарлап, көркем сөз ретіндегі теориялық табиғатын тексере бастаған ғылыми-зерттеушілік ой-ағым отызыншы жылдардан кейінгі уақытта әдебиеттану ғылымындағы бел алып кеткен "тұрпайы социологизмнің" салқынына ұшырады. Сейфуллин зерттеулерінде табы сезіле бастаған бұл оңсыз теорияның ықпалы 1945 жылы қорғалған. Ә. Маметованың "Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны" атты диссертациясына кері әсер етіп, кейін 1948 жылы шыққан "Қазақ әдебиеті тарихы" атты кітапта жал-құйрығы күзеліп, кейбір концепциялары алынып тасталды.
Ұлттық шешендік өнер, шешендік сөздер теориясының дамуының келесі бір кезеңі тікелей әдебиетші ғалым Балтабай Адамбаев еңбектерімен айқындалады. Балтабай Адамбаев М. Әуезов, С. Сейфуллин, Х. Досмұхамедов ұсынған "билер сөзі" терминін "шешендік сөздер" терминімен алмастырып, тақырып аясын айқындап, жанрдың ішкі үлгілерін мазмұнына қарай үшке, құрылысына қарай екіге бөледі.
"Шешендік сөздердің әлеуметтік және әдеби эстетикалық мәнін, жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ашып анықтау үшін сөз нұсқауларын талдаймыз және мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш салаға топтап зерттейміз", - дейді [1].
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.
Ақындық, шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қажетті жағдай еркін сөйлеуге бостандық, сөз бостандығы. Бұл жөнінде де қазақ қауымында сөзге тыйым салынбаған, сынға шек қоймаған. Тілімізде "би", "шешен" деген сөздердің бір мағынаға бірігіп, кірігіп кеткені белгілі, би болу үшін бір ғана сөзге шеберлік жеткіліксіз. Бұл ең алдымен елдің шежіресін, тарихын ұлылы-кішілі ел басынан өткен уақиғаларды, тарихи қайраткерлерді, әсіресе дау-дамай, соғыс біткен мәселелеріне реттеу тәртібін екінші сөзбен айтқанда, әдет-ғұрып заңын жетік білуге тиіс. "Ойлансақ мың бір пәле тілден туған, шешендер топ ішінде белді буған", - деп Шал ақын бекер айтпаса керек. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" дегендей көп ішінен дарынды шешендер шыққан. Шешендердің басым көпшілігі билеуші тап өкілдері болған. Көбінесе шешендер жер дауы немесе жесір дауы немесе ердің құнымен байланысты айтылған билік төрелік сөздер. Шешендік сөздер, өнер көп жағдайда әншілік, күйшілік тіпті ақындық сияқты өнер танымай кейбір тыңдаушы адамдардың "жақсылар" мен жайсаңдардың жеке бастарының қасиеттері ретінде де бағаланған. Ақындар сияқты шешендер арнайы өнер жарысына түспеген, түсуге арналған, олардың шешендігі белгілі бір дауларды шешу үстінде көрінген, шешендік - тапқырлық сөздері белгілі бір мақсатпен байланысты туыған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі араласа алмаған. Алайда үстем тап өкілдері ру басы - билер шешендік өнерді өзінің шын иесі халықтан бөліп - жарып әкете алмаған. Нағыз кедей мен жарлы жалшыдан небір күміс көмей, жез таңдай халық шешендері шығып, әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байытуға қалыптастыруға қазақтың алғашқы авторлары өлең-жырлары, аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері әз Жәнібек хандығының төңірегінде дамыған. Қазақтың шешендік өнері үш жүздің басын қосқан Тәуке ханның тұсында, ханның ордасы Түркістан қаласында жанданған, ердің ұнына екі ауыз сөзбен бітірген даңқты дала Демосфендері ме Цицерондары, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және қара жігіт Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да осы кезде шыққан.
Халық "Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер"- деп Әйтеке айтса "қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа", Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай - ақ халық тағы да "Әйтеке жорып жеткізіп айтады" деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.
Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар - "аттың жалы, түйенің қомында" көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.
Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: "Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады. Әрине қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізіне жүздіру, ынта-ықыласын арттыру шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістерімен, білім қорын үнемі жаңартып, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді". Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа қазақтың би - шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол.
Шешендік сөз - адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады [2].
Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының атақты шешендері Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билерді ана тілі пәні арқылы таныстырып, олардан қалған құнды да мол мұраларды оқыту, ұлағатты сөздерін жатқа айтқызу - уақыт талабы [3].
Ғалым - педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына "Ізбасты", "Байұлы", "Жәнібек батыр", "Жиренше шешен" тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған "даналық әліппелерін" енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде - ақ білген.
Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов болса, 30-жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің "Қазақ әдебиеті" дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады.
Одан кейін қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген ғалым Әмина Маметова. Ол өзінің "Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны" кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың аттарынан айтылатын сөздердің әдебие мәнін толығырақ анықтай түседі. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:
1.Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2.Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3.Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4. Дау-жанжалдардың бітімін екі - ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы
Билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата-бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.
Қазақ шeшeндiк сөздeрi -- бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, ас бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.
Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк.
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқушыларға шешендік сөздерді туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.
Бір сөзбен айтқанда бұл зерттеудің жаңалығы - оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптасатын, төменгі сыныпта шығармашылық қабілетін арттыруға болады.
Қорытындылап қарасақ, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады екен.
Шешендік сөздердің бастауыш сыныпта, балаларға, олардың тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға қаншалықты қажет екенін көріп отырмыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Адамбаева Б. Алтын сандық.- Алматы: Жазушы, 1989.- 195 6.
2.Негимов С. Шешендік өнер.- Алматы: Ана тілі, 1997.
3.Қалимұқашева Б.Д. Шешендік өнерге баулудың дидактикалық принциптері. Бастауыш мектеп.-Алматы: Мектеп, 1999.-№ 10.- Б. 10-12.
4. Шешендік шиырлары - Алматы: Қайнар, 1993.
Қазақ тілі- көне тіл
Қазақ тілі- қыпшақ тілдер тобындағы ең бай, көркем тіл. Қазақ тілі - түркі тілдер тобына жататын көне тілдердің бірі. Қазақ тілі түркі тілінің "Қыпшақ- ноғайлы тілдері"деп аталатын тобына жатады.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихы бюойында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси- шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланыста болып келгені сияқты, оның тілі де сол халықтардың тілімен өте жақын қарым- қатынаста болды.
Бұл жағдайлар көне заманнан басталатын жазу түрлерінің, жазба нұсқалардың түркі халықтарының юбарлығына да ортақтығын, оларды қалыптастыруға, дамытуға біздің бабаларымыздың да үлестерін қосқандығын байқатады.Қазаққ хөалқының жазу тарихының, жазба нұсқалары тарихының бір кезеңі көне заман белгісі ретінде танылады.
Осыған орай қазақ тілі туыстық сипаты жағыгнан, ұқсаастық белгілері жағынан түркі иілдері тобына жатады.Типололгиялық белгілері жағынан басқа тұркі тілдері сияқыт қазақ тілі де жалғамалы (аглютинативті) тіл деп есептеледі.
Түркі тілдер тобына енетін тілдер:
1. Қазақ 7.Чуваш 13. Хакас
2. Әзірбайжан 8. Қарақалпақ 14. Алтай
3. Қырғыз 9. Түрік 15. Құмық
4. Өзбек 10. Башқұрт 16. Қарашай- балкар
5. Татар 11. Якут (Саха)17. Гагауз
6. Түрікмен 12. Тува 18. Ұйғыр.
Осы тілдердің ішінде бір-біріне жақын көне қыпшақ- ноғайлы тілдері тобындағылар:
1. Қазақ. 2. Ноғай. 3. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz