Экономиканың өсуі



ЖОСПАР:

11.1. Экономиканың өсуі туралы түсінік

11.2. Экономика өсуінің кейнстік үлгісі
ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққаңдағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік;
- неоклассикалық;
- тарихи-өлеуметтік.
Экономикалық өсудщ маңыздылыгы
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуаддарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.

Экономика өсуінің факторлары
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1) Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.
2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны.
3) Негізгі капитал қорының көлемі.
4) Технология.
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:
1) Сұраныс факторы.
2) Бөлу, тарату факторы.
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факгорлары бір-бірімен тығыз байланысты.
Экономика өсуінің факторлары мен түсініктері

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУІ

ЖОСПАР:
11.1. Экономиканың өсуі туралы түсінік
11.2. Экономика өсуінің кейнстік үлгісі

ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққаңдағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі
кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын
құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тренді
ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы
табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің
көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,
ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының
өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден
екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге
байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік;
- неоклассикалық;
- тарихи-өлеуметтік.

Экономикалық өсудщ маңыздылыгы
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде
қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының
көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен
құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра
алады және әлеуметтік-экономикалық ахуаддарды шеше алады. Экономикалық өсу
ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Экономика өсуінің факторлары
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі
негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1) Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.
2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны.
3) Негізгі капитал қорының көлемі.
4) Технология.
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары
деп айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және
технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады.
Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:
1) Сұраныс факторы.
2) Бөлу, тарату факторы.
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді
дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факгорлары бір-
бірімен тығыз байланысты.

Экономика өсуінің факторлары мен түсініктері

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі
(Кейнс кресі, ІS-ІМ үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде
қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок) және циклдік
тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын
экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа
мерзімді ауытқуын, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің
қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен
байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы
(құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға
болады. Оның факторларының және зандылықтарының талдауы макроэкономикалық
теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіңдіріледі
және әрбір адам басына шаққаңдағы нақты өнімнің өсу есебі больш табылады.
Соңдықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққаңдағы көрсеткіштер
қолданылады. Мысалы:
ΔҮ = Үt - Үt-1 немесе Үt = ΔҮt Үt-1,
t - уақыт индексі.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса
жэне қоғамдағы енбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті
болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген
түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесіңде ұлғайту
емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нетижесінде өнім өндіру. Интенсивті
өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне
байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың
өсуіне әсер ететін басқа факторларга байланысгы болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға
болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың
ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ КЕЙНСТІК ҮЛГІСІ

Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа улгілер сияқты
өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты
үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі
құбылыстың зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өңдірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы - халықтың жағдайын көтеруге негіз
болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну
бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-тендік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып
қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепетеңдігінің
шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады,
бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде
қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның
тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке
катынасы (КҮ) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек бір
ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол — капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы
болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда
мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

m — шығын мультипликаторы
b - тұтынуға шекті бейімділік
s - қор жинағына шекті бейімділік
АҮАs = α · ΔК - жиынтық ұсыныстың өсуі
α - капиталдың шекті өнімділігі.
Капиталдың ΔК өсімшесі инвестицияның I көлемімен қамтамасыз етіледі,
осыдан ΔҮАs = α · I
Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың
теңестірілуінің шартында пайда болады.
яғни инвестицияның
өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағына шекті
бейімділігіне тең болуы керек.
Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, I
= S, ал S = sҮ; s = соnst болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның
деңгейіне пропорционал болады, сонда ΔҮ Ү = ΔІ І = α · s
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың
тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы
қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының
нормаларына тура пропорционал немесе ΔҮΔК - капиталдың қайтарылуының
өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында
өседі.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа
мерзімді тепе-тендікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе
жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939 ж.)
экономикалық өсудің арнайы үлгісін қүрады.
Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал салымының
өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне пропорционалды:
I t = ν (Үt - Ү t-1)
мүндағы ν - акселератор.
Экономикадағы алдыңғы кезенде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс
ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс келемі ұсыныстан көп болса, онда олар
өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса,
онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Осы айтылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.
Үt - Ү t-1 Ү t-1 = а · (Үt-1 - Ү t-2) Ү t-2
Егер а = 1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1)
ұсынысқа тең болады егер а 1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады.
Осыдан біздің экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:

Үt = Ү t-1((а · (Үt-1 - Ү t-2) Ү t-2) + 1

Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және
теңдік шарты I = S):
Үt = I t s = ν (Үt - Үt-1) Ү t-2) s

Экономиканың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен шығады.
ν (Үt - Үt-1)
s = Үt-1 (а · (Үt-1 - Ү t-2 Ү t-2) + 1) Өрнектеп,
келесі формуланы алуға болады: ν s (Үt -
Үt-1) Үt-1 = (а · (Үt-1 - Ү t-2 Ү t-2) ) + 1 Алдыңғы
кезендегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе а =1. Сонда
қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезеңде өңдірістің өсу
қарқынын өзгерусіз қалдырады: Үt - Үt-1 Ү t-1
= Үt-1 - Ү t-2 Ү t-2 = Δ Үt Үt-1 Алдында айтылып
кеткенді келесі түрде көрсетуге болады: ν s (Δ Үt Үt-
1) = (Δ Үt Үt-1) + 1 Осыдан тепе-тендік
көлемнің өсу қарқыны келесі болады: Δ Үt Үt-1 = s
ν - s

Харрод = s ν - s формуласын "кепілдік" өсу қарқыны деп атайды. Оны
қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады.
Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бүндай
экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамасыз етеді,
бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.
Кепіддік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай
қорытыңды жасауға мүмкіңдік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында
айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жагдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод "табиғи" өсу қарқынын
енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны
кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағанда неоклассикалық өсу
үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің
ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің
тұрақсыздығының себебі, өндіріс фактор-ларының бірін-бірі алмастыра
алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде
Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды.
Бұл функцияда өңдіріс факторларының бірін-бірі алмастыратындығы белгілі. Р.
Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб әсерінің тұрақтылығы
- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы.
Факторлардың бірін-бірі алмастыруы (капиталмен қаруланудың өзгерісі)
технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қоймайды және өндіріс
факторларындағы таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға
байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті
шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың тендігі.
Ұсыныс тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы арқылы өрнектеледі:
У = Ғ(К, L) және кез келген z 0

үшін: z F (К, L) = F (zК, zL). Оңда, егер z = 1L - , онда
деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің факторлары, үлгілері және проблемалары
Экономика өсуінің үлгілері
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Экономикалық өсу жайлы
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Экономикалық өсудің факторлары
Экономиканың циклдық концепциялары
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Пәндер