Құқық жүйесі



Мазмұны


Кіріспе 3
1. Құқық жүйесінің түсінігі 4
1.1 Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері 9
1.2 Құқықты реттеудің әдістері 10
2. Құқық жүйесінің құрылымы 13
2.1 Құқық нормалары 13
2.2 Құқық салалары 15
2.3 Құқық саласы бөлшегі 21
2.4 Құқық институты 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 26
Кіріспе

Құқық жүйесі – бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі – нормалар, институттар және құқық салалары.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
• объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
• қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;
• құқық жүйесі – бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);
• құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;
• басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері – бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.
Құқық саласы – бұл жекешеленген заңды норомалардың жиынтығы, сапалы біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Барлық құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы пәні мен құқықтық реттеу әдісіне байланысты болады.
Құқықтық реттеу пәні қоғамдық қатынастардың біртекті топтағы құқыпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Құқықтық қатынастар ықпал ететін қоғамдық қатынастар аясы әр түрлі және бір-бірінен өзгеше (мүліктік, басқарылатын, т.б.). Құқықтық реттеу пәнінің белгісіне сай, құқық салаларын отызға бөліп көрсетуге болады.
Құқықтық реттеу әдісіне жалпылама тәртіппен – бұл заңды жол (не әдістердің жиынтығы), яғни белгілі қоғамдық қатынастарға әр түрлі әдістермен ықпал етеді; императивті – билік ұйғарымы (тыйым салу нормалары): қылмыстық, әкімшілік, қаржы құқығы; диспозитивті – субъектілі, заң қалпында тәртіп жолын таңдауға мүмкіндік береді (азаматтық құқық). Сендіру және мәжбүрлеу барлық құқыққа тән. Әдістер құқықтық реттеу пәнімен белгіленеді, яғни құқықтық қатынастардың әртүрлілігімен.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері Алматы,2003.
2.Құқықтану- Алматы: Мектеп -2006
3. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.
4 Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.
5. Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев . Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., 1999.
6. Н.А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы., 2001
7. ҚР Азаматтық құқығы . А. Төлеуғалиев. Алматы: «Жеті Жарғы»., 2001., I-II том

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Құқық жүйесінің түсінігі
4
1.1 Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
9
1.2 Құқықты реттеудің әдістері
10
2. Құқық жүйесінің құрылымы
13
2.1 Құқық нормалары
13
2.2 Құқық салалары
15
2.3 Құқық саласы бөлшегі
21
2.4 Құқық институты
22
Қорытынды
24
Пайдаланылған әдебиеттер
26

Кіріспе

Құқық жүйесі - бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі - нормалар, институттар және құқық салалары.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
:: объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
:: қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;
:: құқық жүйесі - бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);
:: құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;
:: басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері - бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.
Құқық саласы - бұл жекешеленген заңды норомалардың жиынтығы, сапалы біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Барлық құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы пәні мен құқықтық реттеу әдісіне байланысты болады.
Құқықтық реттеу пәні қоғамдық қатынастардың біртекті топтағы құқыпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Құқықтық қатынастар ықпал ететін қоғамдық қатынастар аясы әр түрлі және бір-бірінен өзгеше (мүліктік, басқарылатын, т.б.). Құқықтық реттеу пәнінің белгісіне сай, құқық салаларын отызға бөліп көрсетуге болады.
Құқықтық реттеу әдісіне жалпылама тәртіппен - бұл заңды жол (не әдістердің жиынтығы), яғни белгілі қоғамдық қатынастарға әр түрлі әдістермен ықпал етеді; императивті - билік ұйғарымы (тыйым салу нормалары): қылмыстық, әкімшілік, қаржы құқығы; диспозитивті - субъектілі, заң қалпында тәртіп жолын таңдауға мүмкіндік береді (азаматтық құқық). Сендіру және мәжбүрлеу барлық құқыққа тән. Әдістер құқықтық реттеу пәнімен белгіленеді, яғни құқықтық қатынастардың әртүрлілігімен.

1. Құқық жүйесінің түсінігі

Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін. Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.
Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез - келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.
Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады.
Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы қоғамдық топтық - шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді. Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады.
Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.
Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама - қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.
1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады.
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп-басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қогамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі кұқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп-басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші -- құқық, қоғамның объективтік -- диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субьективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды.
Екінші -- құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нор-малар.
Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орындайды.
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұ-нына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымы жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылымы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құкық құрылымы, жұмысының қалыптасуы, дамуы бірдей -- ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан, құқықтық жүйелердіңде қалыптасуы, дамуы әртүрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірибелерін алып, пайдаланып өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.
1. Сонымен, құқықтық жүйе дегеніміз -- әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер [7, 48-56 б.].
Құқық құрылымы дегеніміз- құкықтық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз -- құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптыц ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құкықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу-басқару үшін объективтік жолмен кұқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім -- құқықтық норма. Бұл деңгейде норма бірқатынастың ішкі мазмұнын, оның орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт -- бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құкығы меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқығы, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекетті органдарының кызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім -- бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы қатынастарды реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы -- қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық -- салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жұйесінің негізгі салалары:
1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық -- бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп-басқарып отырады.
2. Әкімшілік құқық -- бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3. Қаржы (қаражат) құқығы -- бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.
4. Жер құқығы -- бұл сала жер, су, өнімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
5. Азаматтық құқық -- қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.
6. Еңбек құқығы -- азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.
7. Жанұялық құқық -- осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.
8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.
9. Қылмыстық құқық- қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10. Қылмыстық-процессуалдық құқық- милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы -- қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қаты-настарды қамтиды.
12. Халықаралық құқық-мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесімен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап құқық жүйелерін, салаларын жаңартып елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан, бұл салалар құкық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.
Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқықтың нормалары әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады және олармен бірлестігі. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді [8, 244-248 б.].
Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі -- жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытта анықтау; екінші -- сол жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқыктық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.
Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен құқыктық норма арқылы қарым-қатынас жасап мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.
Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.
Материалдық құқық -- қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқыктық нормалар т.б.
Процессуалдық құқық -- материалдық құқықты қалай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда көрсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардағы, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы калыптасады.
Сонымен, бұқаралық құқық -- мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы -- жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп-басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп-басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жекетұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Сонымен, бұқаралық құқық -мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы -- жекелік істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.

1.1 Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері

Жүйе термині грек тілінен аударғанда тұтастық, бөліктерден тұру мағынасын білдіреді. Құқық жүйесін анықтау үшін төмендегі сұрақтарға жауап іздеу керек:
1. құқық қандай бөліктерден тұрады?
2. бұл бөліктердің өзара байланысы қандай?
Құқық жүйесі - бұл құқықтың ішкі құрылысы, оның салаларға, бағынысты салаларға және құқықтық институттарға бөлінуі .
Құқық жүйесіне мынандай белгілер тән:[1]
* оның бастапқы элементі - ірі құрылымдар - институттар, бағынысты сала, салаларға біріктірілетін құқық нормасы болып табылады.
* Оның элементтері бір- бірімен қайшыласпайды, ішкі үйлесімді болады, сондықтан ол бітұтас, бірлікте болады.
* Ол әлеуметтік- экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторларға негізделеді.
* Объективтік сиптта болады- бар қоғамдық қатынастарға байланысты және адамдардың субъективтік қалауы бойынша туындамайды. Жүйе болғандықтан ол өзара байланысты көптеген элементтерден тұрады.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері болып құқық нормасы, құқықтық институт, құқық саласы:құқықтың бағынысты саласы табылады.
Құқық нормасы- бұл мемлекетпен белгіленген немесе мақұлданған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағ,ытталған жалпыға міндетті, формальді- анықталған мінез құлық ережесі., құқық жүйесінің бастапқы элементі. Құқықтық норма ретейтін қатынасқа қатысушыларға субъективтік құқықтар беріп, заңды міндеттер жүктейді. Құқық нормасы мен жүйенің басқа элементтері: құқық институттары, бағынысты сала, құқық саласы әр түрлі үйлесімдікте болады.
Құқықтық институт дегеніміз құқық саласы шегінде қоғамдық қатынастардың түрін, белгілі бір жағын реттейтін құқықтық нормалар тобы. Мысал ретінде, президенттік институтты, адам мен азаматтың құқытық жағдайы институты; Конституциялық құқықтығы сайлау құқығы институты; азаматтық құқықтығы сатып алу сату, талап қою мерзімі институттарын атауға болады, немесе, еңбек қатынасы саласындағы еңбек шартын жасаумен, еңбек ақыны белгілеп, төлеумен, еңбек тәртібін бұзушылардыжауапқа тартумен байланысты қатынастарды айтуға болады.
Сол себепті еңбек құқығында еңбек шарты, еңбек ақы, еңбек тәртібі институттары қалыптасады.
Құқық жүйесінің негізгі элементі - бір- біріне жақын құықтық институттар мен құқық нормаларынан тұратын құқық саласы болып табылады.
Құқық саласы - қоғамдық қатынастардың біртекті, ұқсас саласын реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы, құқық жүйесінің дербес бөлігі. Мәселен, конституциялық құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық; құқық саласының ішінен бағынысты құқық саласын бөліп көрсетуге болады. Құқық жүйесінің бұл элементі құқықтық институтпен құқық саласы арасындағы аралық орынды иеленеді. Оны заң әдебиеттерінде үнемі бөліп қарастыра бермейді. Мәселен, Мемлекет және құқық теориясы академиялық курсында құқықтың бағынысты саласын неғұрлым ірі құқық саласының аясында ғана ажыратып қарастырады. Бағынысты сала белгілі бір саланың бірнеше институттарын біріктіреді. Бағынысты саланың сырқы көрінісі - онда қандай да бір саланың бірнеше институттарына тән жалпы қағидалық белгілері бар нормалар тобының болуы.[1] Мысалы, жер құқығының бағынысты салалары - орман, тау, су құқықтары, азаматтық құқықтағы - авторлық құқық.
Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты құқықтың бағынысты саласы болашақта дербес мәнге ие болып, құқық саласынан бөлініп шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Мәселен, қылмыстық құқықтын қылмыстық атқару құқығы бөлініп шығып отыр. Бүгінде экологиялық құқық, банк құқықтары жеке зерттелуде. Құқықтық институттан айырмашылығы - бағынысты сала әрбір құқық саласының міндетті элементі болып табылмайды. Кішігірім құқық салаларында (мысалы, қылмыстық - процессуалдық, азаматтық - процессуалдық құқық) бағынысты сала мүлдем болмайды. Сонымен, құқық - біртұтас құрылым, жүйені білдіреді. Құқық жүйесі - реттейтін қоғамдық қатынастардың сипаты мен ерекшелігіне сәйкес институттар, бағынысты сала және салалар бойынша біріктірілген құқық нормаларының жиынтығын білдіреді.

2.1 Құқықты реттеудің әдістері

Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз -- біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
имперактивті (тегеуірінді түрде) -- тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
диспозитивті -- рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:
көтермелейтін -- құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;
ұсынылатын -- мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.
Құқықтық реттеу әдісі деп - қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттеу үшін және олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін, мемлекетпен әсер етілетін әдістер, тәсілдер болып табылады. Негізгі әдіс болып императивтік әдіс табылады. Заң әдебиетінде оны басқалай түрде, бір жақты билік әдісі деп немесе әкімшілік әдісі деп атайды. Бұл әдісті қолдана отырып мемлекет өзінің ұйғарымдарын, бұйрықтарын, қаржы заңдарының нормаларында белгіленген қағидаларды сөзсіз орындауын талап етеді.Қатысушының тәртібін қатал және тиянақты реттеуімен мінезделінеді. Белгіленген құқық нормасын орындалмауы, белгіленген тәртіптен шек шыгып кету, мемлекетпен күштеу турде қамтамасыз етіледі.Императивтік әдіс келесі белгілермен мінезделінеді:
1. Нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген ұйғарымдарды бір жақты билікті реттеу арқылы субъектінің тәртіптерін белгілейді.
2. Бұл ұйғарымдар тараптардың тәртіптерін тиянакты реттейді.
3. Екі жақты құқықтар мен міндеттер мемлекетпен белгіленген.
4. Мемлекетпен белгіленген ұйғарымды орындаудан тараптар бас тартуға құқылы емес.
5. Ұйғарымның орындалуы күштеу механизмымен қамтамасыз етіледі.
6. Екінші жақтың тәртіпті таңдау мүмкіншілігі жоқ.
7. Ұйғарымды орындамау заңды жауапкершілікті туындатады.
8. Мемлекетпен өкілденген субъект, екінші субъектіге қараганда, аса көп құқықтарға ие.
Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүргізген процесінде, қаражатты тек қана күштеу арқылы таптай, сонымен қатар, төлеушінің қызығушылығына әсер тигізеді. Қортындысында төлеуші өз еркімен мемлекетке ақшаларын береді. Бұл жағдайда мемлекет өз төлеушісімен қаржылық қатынастарын құрады, сонымен қатар, келісім жүргізеді. Басқалай айтқанда диспозитівтік әдісті қолданады.
Диспозитивтік әдіс императивтік әдіске қарағанда субъектінің тәртіптеріне әсер тигізген кезде, әлде-қайда жеңіл тиеді. Бұл қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық актісі ұйғарымның толық комплексін белгілемейді. Кейбір құқықтар мен міндеттер субъектілердің келісімі арқылы белгіленеді. Қаржылық қатынастардың құқықтық реттеу әдісін тандауы мемлекетің қаржы қызметі әдісімен белгіленеді.
Диспозитивтік әдістің белгілері:
1. Құқықтар мен міндеттер екі құқықтық бастаулар арқылы қалыптасады. Ол нормативтік құқықтық акт және келісім шарт.
2. Мемлекеттің бір жақты билікті ұйғарымдары толық көлемді мінезді белгілемейді. Бұл қатынастардың субъетісіне өздерінің еркін білдіруіне құқық береді.
3. Құқықтық акт бұл қатынастарды реттей отыра, субъект үшін мемлекетті білдіретінң тек қана құқықтар емес, сонымен қатар, оларға басқа жақ алдында міндеттемелерді белгілейді.
4. Өзінің контрагентінің тәртібін мемлекет тек қана бір жақты билік нысаны арқылы емес реттей отырып, сонымен қатар, екінші субъектіге қатысты экономикалық стимулдары және материалдық қызығушылықтарды колдана отырып, екінші субъектінің тәртібіне әрекет етеді.
5. Қаржылық қатынастарының құқықтары мен міндеттері әлде қайда теңелген.
6. Заңды нысаны болып қаржы құқықтық келісім шарт болып табылады және ол жақтар үшін құқықтар мен міндеттер туғызады.
7. Қаржы құқықтық келісім шарт тек қана нормативтік құқықтық акт көздеген жағдайда жасалынуы мүмкін.
Қаржы құқық жүйесі дегеніміз - қаржы құқықтық қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың логикалық тізілімі. Қаржы құқық институты дегеніміз - қоғамдық қатынастарының белгілі бір тобын реттейтін нормалардың жиынтығы.Қаржы құқық нормасы дегеніміз - мемлекетпен белгіленген қаржы құқық қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейтін ережеле. Қаржы құқығыда құқықтың басқа салалары сияқты өз жүйесін екі бөлімге бөледі. Жалпы бөлім мемлекеттік қаржы қызметінің бастапқыларын белгілейтін, оның мақсатарын, насандарын және әдістерін жүзеге асыруын, қаржылық бақылаудын құқықтық негізін белгілейтін және мемлекеттік қаржы қызметіне қатысатын мемлекетік органдардың компетенциясын белгілейтін құқық нормалардан тұрады.

1 Құқық жүйесінің құрылымы
1.1 Құқық нормалары

Құқық жалпы ұғым болып табылса , құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық формалық болмысы , өмір сүруінің тыныс -- тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын аударғанда үлгі , ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары , әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы , субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс , некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі , талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның монифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік идиологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады , жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз - мемлекет бекіткен , бәріне бірдей , формаларды айқын және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез - құлықтың үлгісі.
Құқық нормаларының жіктелуі
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік , банк , сайлау , инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық - құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық -- құқықтық , және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Міндеттейтін норма - бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
2) Тыйым салушы норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
3) Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынастары
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Құқық жүйесінің дамуы
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Құқықтың түсінігі мен мәні
Құқық жүйесі: түсінігі, негізгі белгілері және элементтері
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Пәндер