Құқықтық нигилизм туралы



Мазмұны

Кіріспе 3
1. Құқықтық нигилизм мазмұны 5
1.1 Құқықтық нигилизмнің түсінігі 9
1.2 Құқықтық нигилизм көрініс көздері және түрлері 13
2. Құқықтық нигилизммен күресу 17
2.1 Құықтық нигилизмнің дамуына әсер етуші факторлар 17
2.2 Құқықтық нигилизмнің алдын алу шаралары 19
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 26
Кіріспе

Құқықтық нигилизм - әлеуметтік нигилизмнің бір түрі, жалпы алғанда құқыққа, заңға, құқықтық тәртіпке деген жарамсыз-қарсы, сыйламаушылық қатынас.
Себеп – тұрғындардың көпшілігінің заңды қадірлемеушілігі, құқықтық тәрбиесіздігі. Тұғырында қоғамға деген құқықтың қажетсіздігі жатыр.
Құқықтық нигилизм - әлеуметтік қатынас өнімі, ол көп себептер және салдармен негізделген. Жекелеп алғанда, мемлекеттік қызметкерлердің құзыретсіздігі, саясаттылық және шенеуніктердің популизмі сияқты қазіргі таңдағы келеңсіз жағдайлармен тығыз байланысты. Нигилизм субъектінің өз әлеуметтік-құқықтық мәртебесімен қанағаттанбауының, оның пікірі бойынша өзінің потенциалды мүмкіндігін дұрыс бағаламауының нәтижесі.
Оның көрінісінің саналуан қыры, жақтары, нысандры бар:
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын тікелей және біле тұра бұзу.
2. Құқықтық нұсқауларды жергілікті көпшіліктің орындамауы және сақтамауы, яғни субъектілер (азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар, қоғамдық мекемелер) өз мінез-құлықтарын құқықтық норма талаптарына сай орындамауы, ал «өз ережелерімен» өмір сүруге және әрекет етуге ұмтылу.
3. Бір-бірін теңдестіруге тиісті нормативтік құқықтық актілердегі коллизиялар (дау-таластар), қарама-қайшылықтар және бәсекелестер. Кей кезде заңға тәуелді актілер заңдардан жоғары тұратыны бар. Оның себептерінің бірі қабылданатын көптеген құқықтық нормалар өзара сәйкеспейді, нашар синхрондалады, соның нәтижесінде коллизияға (дауға) ұшырайды.
4. Саяси, идеологиялық заңдылықты алмастыру немесе прагматикалық мақсаттағы құқықтық емес алаңдардағы органдардың және әртүрлі лауазымда адамдардың әрекеті, ҚР әрекет етуші құқық шеңберінен тыс өз мүдделерін іске асыруға ұмтылуы. Өздерінің істері үшін немесе ісмер ойлары үшін заңдарды аттауға болады деген бағдар жоғары қызметтегі шенеуніктердің көбісінің ақылына сыйымды. Сондықтан бізде соңғы жылдары целесообразность, күш көрсету тәсілдері, авторитарлық ықтиярлық, зорлық-зомбылық, негізделмеген (ниеті анықталмаған) қызметтен кетулер және қызметке тағайындаулар және т.б. келеңсіз құбылыстар үстемдік етуде.
5. Әртүрлі мемлекеттік органдардың және де өкілетті және атқарушы құрылымдардың конфронтациясы. Бұндай құбылыстың бірден-бір себебі нақты бағынушылық пен өзара қарым-қатынастың болмауы. Келесі себебі, біз әлі күнге дейін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құзыреттерін бөлмегендікке байланысты.
6. Құқықтық нигилизмніңі көрініс табатын нысаны мен нақты қайнар көздерінің бірі адамдардың құқықтарының, соның ішінде өмір сүруге, ар-намыс, абырой, жеке меншікке, қауіпсіздікке деген құқықтардың бұзылуы.
7. Соңында, құқықтық нигилизмнің кейбір ғылыми ұстындардан туындайтын теориялық нысанын бөліп көрсетуге болады. Құқық бұрын да қазір де прагматикалық түйінде, мәдени және әлеуметтік құндылық ретінде емес, яғни саяси шешмді шешу әдіс, құрал ретінде түсіндірілген.
Құқықтық нигилизмді жою жолдары: тұрғындардың жалпы құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын жоғарлату; құқықбұзушылықтың және соның ішінде қылмыстың алдын-алу; мемлекеттік тәртіпті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту; жеке тұлға құқығын қадірлеу және жалпы әлемдік деңгейде қорғау; тұрғындарды құқықтық жалпыға оқыту және құқықтық мәдениетті көтеру шараларын ұйымдастыру; жоғары дайындалған заң мамандарын және т.б. әзірлеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2007ж.
2) А.С. Ибраева, Ибраев Н.С. «Теория государства и права». Алматы, 2003.
2) Ғ.С. Сапарғалиев. «Мемлекет және құқық теориясы».
3) Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2005ж
4) Д.К.Нурпеисовтың “Правовой нигилизм как препятствие на пути построения правового государства” КазҰУ-ң Хабаршысы заң сериясы. № 1(33) 2005ж.
5) Венгеров А.Б. Теория государства и права. М., 1998.
6) Лившиц Р. 3. Государство и право в современном обществе: необходимость новых подходов//Сов. гос-во и право. 1990.
7) Русинов Р.К. Теория государства и права: учеб. для ВУЗов. М., 1997.
9) Теория государства и права. Под ред. Матузова Н.И. и Туманова В.А. М., 1997.
Интернет жүйесі:
1. http://ref.by/refs/21/3778/1.html
2. http://www.pravoteka.ru/enc/4590.html
3. http:/ref.by/refs/21/3541/1.html

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Құқықтық нигилизм мазмұны
5
1.1 Құқықтық нигилизмнің түсінігі
9
1.2 Құқықтық нигилизм көрініс көздері және түрлері
13
2. Құқықтық нигилизммен күресу
17
2.1 Құықтық нигилизмнің дамуына әсер етуші факторлар
17
2.2 Құқықтық нигилизмнің алдын алу шаралары
19
Қорытынды
24
Пайдаланылған әдебиеттер
26

Кіріспе

Құқықтық нигилизм - әлеуметтік нигилизмнің бір түрі, жалпы алғанда құқыққа, заңға, құқықтық тәртіпке деген жарамсыз-қарсы, сыйламаушылық қатынас.
Себеп - тұрғындардың көпшілігінің заңды қадірлемеушілігі, құқықтық тәрбиесіздігі. Тұғырында қоғамға деген құқықтың қажетсіздігі жатыр.
Құқықтық нигилизм - әлеуметтік қатынас өнімі, ол көп себептер және салдармен негізделген. Жекелеп алғанда, мемлекеттік қызметкерлердің құзыретсіздігі, саясаттылық және шенеуніктердің популизмі сияқты қазіргі таңдағы келеңсіз жағдайлармен тығыз байланысты. Нигилизм субъектінің өз әлеуметтік-құқықтық мәртебесімен қанағаттанбауының, оның пікірі бойынша өзінің потенциалды мүмкіндігін дұрыс бағаламауының нәтижесі.
Оның көрінісінің саналуан қыры, жақтары, нысандры бар:
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын тікелей және біле тұра бұзу.
2. Құқықтық нұсқауларды жергілікті көпшіліктің орындамауы және сақтамауы, яғни субъектілер (азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар, қоғамдық мекемелер) өз мінез-құлықтарын құқықтық норма талаптарына сай орындамауы, ал өз ережелерімен өмір сүруге және әрекет етуге ұмтылу.
3. Бір-бірін теңдестіруге тиісті нормативтік құқықтық актілердегі коллизиялар (дау-таластар), қарама-қайшылықтар және бәсекелестер. Кей кезде заңға тәуелді актілер заңдардан жоғары тұратыны бар. Оның себептерінің бірі қабылданатын көптеген құқықтық нормалар өзара сәйкеспейді, нашар синхрондалады, соның нәтижесінде коллизияға (дауға) ұшырайды.
4. Саяси, идеологиялық заңдылықты алмастыру немесе прагматикалық мақсаттағы құқықтық емес алаңдардағы органдардың және әртүрлі лауазымда адамдардың әрекеті, ҚР әрекет етуші құқық шеңберінен тыс өз мүдделерін іске асыруға ұмтылуы. Өздерінің істері үшін немесе ісмер ойлары үшін заңдарды аттауға болады деген бағдар жоғары қызметтегі шенеуніктердің көбісінің ақылына сыйымды. Сондықтан бізде соңғы жылдары целесообразность, күш көрсету тәсілдері, авторитарлық ықтиярлық, зорлық-зомбылық, негізделмеген (ниеті анықталмаған) қызметтен кетулер және қызметке тағайындаулар және т.б. келеңсіз құбылыстар үстемдік етуде.
5. Әртүрлі мемлекеттік органдардың және де өкілетті және атқарушы құрылымдардың конфронтациясы. Бұндай құбылыстың бірден-бір себебі нақты бағынушылық пен өзара қарым-қатынастың болмауы. Келесі себебі, біз әлі күнге дейін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құзыреттерін бөлмегендікке байланысты.
6. Құқықтық нигилизмніңі көрініс табатын нысаны мен нақты қайнар көздерінің бірі адамдардың құқықтарының, соның ішінде өмір сүруге, ар-намыс, абырой, жеке меншікке, қауіпсіздікке деген құқықтардың бұзылуы.
7. Соңында, құқықтық нигилизмнің кейбір ғылыми ұстындардан туындайтын теориялық нысанын бөліп көрсетуге болады. Құқық бұрын да қазір де прагматикалық түйінде, мәдени және әлеуметтік құндылық ретінде емес, яғни саяси шешмді шешу әдіс, құрал ретінде түсіндірілген.
Құқықтық нигилизмді жою жолдары: тұрғындардың жалпы құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын жоғарлату; құқықбұзушылықтың және соның ішінде қылмыстың алдын-алу; мемлекеттік тәртіпті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту; жеке тұлға құқығын қадірлеу және жалпы әлемдік деңгейде қорғау; тұрғындарды құқықтық жалпыға оқыту және құқықтық мәдениетті көтеру шараларын ұйымдастыру; жоғары дайындалған заң мамандарын және т.б. әзірлеу.

1. Құқықтық нигилизм мазмұны

Құқықтық нигилизм -- құқықтың əлеуметтік жəне тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тəсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады. Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу жəне құқықты ешбір дəлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:
1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.
2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.
3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.
4. Заңдылықты саяси, идеологиялық жəне прагматикалық пайдалылыққа əдейі ауыстырып жіберу.
5. Адам құқықтарын бұзу, əсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын жəне тағы басқа да құқықтарды бұзу.
6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.
Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары
- азаматтардың жалпы жəне құқықтық мəдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік жəне құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу;
-заңдарды жетілдіру;
-құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту;
-заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тəртіпті нығайту;
-тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу;
-халыққа жаппай құқықтық білім беру жəне тəрбиелеу ісін біліктілігі жоғары əрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кəсіпқойлығын арттыру;
-құқықтық реформаны əрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған əлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.

1.1 Құқықтық нигилизмнің түсінігі

Құқықтық мәдениетке қарама - қарсы бағыт - құқықтық нигилизм. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өнердің нысандарын т.б жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б европалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Болашақта құқықтық мемлекетте қоғамды әкімшілік органдар басқарады. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүру керек дейді.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Мысалы, Ресейдегі патшалық саяси-экономикалық режимге демократтардың қарсы күресі (XIX ғ.). Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс, тактикасы - күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды- террор, төңкеріс т.б. Бірақ бұл саяси ағымдарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.
Нигилзмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюциондық т.б. Нигилизмнің саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархистер, социолистер, большевиктер т.б.
Бұл қозғалыстар қоғамның, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгерщілік қасиеттерді жоюда, еңбексіз баю жолында, ар - ұятты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді аяқ - асты қылуда.
Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғарғы басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс - әрекетінен байқала бастады. Социолистік жүйеден нарықты экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің экономикалық, әлеуметтік байлығын талан - таражға салып, өздері байып, жұртты қутақырға отырғызады.
Құқықтық нигилизмнің түрлері: - нигилизм санқырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістеге айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:
1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс - әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, ұжымдарға, адамдарға моральдық, материалдық, зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп қоғамдағы азаттық, әкімшілік тәртіпті бұзу. Бұл мемлекеттің әлсіздігі.
3) Заңдардың арасындағы күрес нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу... Заңдардың, биліктің күресі - соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс -әрекет.
4) Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға талаптанған ағымдар да өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті дамуына көп зиян келтіреді.
5) Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес - қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің арасындағы келіспеушіліктер.
6) Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып көп зиян келтіруі, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Россиядағы чечен халқына қарсы соғыс.
7) Әртүрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы, марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, қазіргі замандағы нигилизмнің неізгі нышандарына тоқтайық:
- нигилизмнің идеологиясымен уланған адамдардың мемлекеттік
аппараттың барлық деңгейіне, қоғамдық ұйымдарда барлығы ақиқат - шындық.;
oo нигилизмнің санқырлы сипаттарының түрлері парламентте,
Президенттік аппаратта, үкіметте, министрліктерде, заңды қорғау органдарында көрініп қалып жүр;
- нигилистер жамандықтың ең сорақысы, қайырымсыз түрлерін қолдануға құмар. Олар керегінде өтірік саяси, оппозициялық ұйым бола қалады. Сөйтіп өзінің антидемократиялық, қастандық іс -әрекеттерін жасай береді;
- олар мемлекеттік, саяси, моральдық, рухани, экономикалық, діни органдардағы нигилистермен бірлесіп қоғамда жартылай ашық реакцияшыл күшке айналады;
- Кеңес кезінде нигилистер қазіргі нигилистермен топтасып бірте - бірте ашық (демонстративно) жауынгер, агрессивтік бақылауға болмайтын реакцияшыл мафияға айналып отыр
Бұл күш, бұл мафия Кеңес Одағын талқандап, посткеңестік республикаларды талан - таражға салып, олардың байлығын ашық түде өзара бөлісуде.
Бүгінгі қоғамда қарапайым қоғам мүшелері арасында құқыққа деген көзқарастың өзгеруі, жалпы құқыққа байланысты бағаның төмендеуі нигилистік сананың өрістеуіне жетелеуде. Нигилизмді адамдар арасындағы қарым - қатынасты ұтымды реттеу құралы ретіндегі құқықтың мәнін терістеп, жоққа шығару сипатында түсінсек, құқықтық қатынас субъектілерінің құқықты айналып өтуді құқық талаптарын орындаудан қарағанда тиімді санауы елде сыбайлас жемқорлық, рэйдерлік, құқық талаптарын мойындамаушылық, жауапсыздық сияқты негативтік салдарларға әкеліп соғуда. Бұл өз кезегінде мемлекеттегі құқықтық саясатты қайта қарастыру, осыған байланысты қоғамды басқару жүйесінде жүйелі өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады. Жалпы қоғамда тыныштық пен құқықтық тәртіптің орнығуы ең алдымен сол қоғам мүшелерінің құқыққа деген оң көзқарасының нәтижесі болып табылады. Осы себептен де мемлекет қоғамда құқықтың жүзеге асырылуына байланысты оң нәтижелерге қол жеткізуге мүдделі болуы тиіс. Әр мемлекетте қоғамның құқықтық сауатын арттыру, осы бағытта әртүрлі үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу, БАҚ арқылы құқықтық ақпарлар тарату, қоғам мүшелерінің құқық талаптарын орындауға мүдделілігін арттыру бойынша үздіксіз шаралар ұйымдастырылады. Бірақ, олардың тиімділігі сол мемлекеттегі биліктің ұстанымдарының қоғам мүддесімен ұштасуына байланысты, сол себептен кейбір мемлекеттер әлі де болса қоғамға қатысты құқықты орындауға байланысты репрессивті шараларды басым жағдайларда қолданып келеді.
Құқықтың әлеуметтік маңызын жоққа шығару, құқыққа, заңдарға, құқықтық тәртіпке деген құрметтің болмауы бүінгі нигилизмнің басты сипаттары. Сонымен бірге, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тарапынан орын алатын құқыққа деген немқұрайлылық, менсінбеушілік, сенімсіздік көрсету сияқты қатынастар да нигилизмнің көрінісі болып табылады. Нигилизм екі нысанда орын алады: біріншісі, құқықты ашық түрде жоққа шығару, оның қағидалары мен нормаларын ескерусіз қалдыру; екіншісі, құқықты нормаларды біле отырып оларды өз мақсатына пайдалану [2, 270 б.]. Қазіргі қоғамда халықтың кей бөлігі құқықты жоққа шығарып, оған мойынұсынғысы келмесе, екінші бөлігі сол құқық нормаларын мұқият зерттеп оларды айналып өту тетіктерін қарастыруда. Құқықтық нигилизм тек қарапайым халық арасында ғана емес, сол құқықтың жүзеге асырылуын қадағалайтын мемлекеттік қызметшілер арасында да өрістеуде.
Бүгінгі еліміздегі нигилизмнің кең өріс алуына нақты жағдайлар өз әсерін тигізді, ол әсіресе еліміздің бір қоғамдық формациядан екіншісіне еш даярлықсыз өтуімен байланысты болды. Әсіресе, бұл белгілі бір идеология, құндылықтар негізінде өмір сүрген қоғам үшін үлкен қиыншылықтар тудырды. Өздері үшін мызғымас саналған қағидалардың жоққа шығарылуы, бұрынғы Одақтың күйреп, орнына мүлдем жаңа мемлекеттің орнығуы, мемлекеттік меншікке негізделген шаруашылықтың жеке меншікке ырықсыз өткізілуі қоғам мүшелері арасында жаңа қалыптасқан құқыққа деген сенімсіздікті, қабылдамау сезімін тудырды. Шындығында да бұрындары тек қатаң режимде өмір сүріп, не істеу қажеттігін мемлекеттің көрсетуімен біліп үйренген тұрғындар үшін еркін түрде өз құқықтарын жүзеге асыруға берілген мүмкіндік олардың сол құқықтарды жүзеге асыруға жаңаша ұстанымдарын қалыптастырды. Бұл ұстанымдар қазір құқықтық қағидалармен ұштаса алмауда, басты себеп, адамдар өз құқықтарын біле отырып міндеттер жайлы ұмыт қалдырады немесе сол құқықтарын жүзеге асыру жолында заңға қайшы тетіктерді пайдаланады.
Еліміздегі құқықтық нигилизмнің бұқаралық сипатқа ие болуына себеп болған негізгі жағдай қабылданған заңдардың сапасының төмендігі болып отыр. Тіпті, парламент мәжілісінің төрағасы болған О.Мұхамеджанов та бұл жайды жасыра алмаған еді, парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының сапасы туралы қаншама айтылып жатқанымен, бұл мәселеде көңіл көншітерлік нәтиже жоқ деуге мәжбүр болып отырмыз. Заң жобаларына қатысты енгізілетін материалдар да тиісінше ресімделмейді.
Нақ осы себептен өткен сессия ішінде Үкіметтен түскен 130 заң жобасының 72 - сі немесе жартысынан астамы алғаш келген кезінде тіркелмей, кері қайтарылды. Соның ішінде 28 жоба қазақ тіліндегі мәтінінің сапасына байланысты қабылданбады. Депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының заңдық, логикалық, тіпті лингвистикалық және грамматикалық сапасын өткір сынға алып жүргені белгілі[6, 1 б.]. Қабылданған заңдардың қоғамдық қатынастарды реттеуде қауқарсыз болуы, алдын - ала орын алатын жағдайларға, тұрғылықты халық менталитетіне бейімделмеуі олардың қабылданбастан жатып өзгерістер мен толықтыруларға ұшырауына алып келуде. Сонымен қатар, кейбір заңдар қабылдану арқылы жаңа қатынас түрлерін айналымға енгізгенімен ол қатынас түрлері халыққа бұрын таныс болмағандықтан ақпарат толымсыздығы салдарынанан көптеген тұрғындар жағымсыз жағдайға душар болды, нәтижесінде халықтың наразылығы туындауда (мысал ретінде 23.12.1995 N 2723 Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңды келтіруге болады). Мұндағы кемшіліктердің орын алуы парламенттің де, үкіметтің де кәсібилік қағидасына негізделіп жасақталмауында болып отыр. Себебі, үкіметте жасақталатын заң жобалары тек өзге елдер тәжірибесіне негізделмей жергілікті халықтың өзгешеліктеріне бейімделіп, жан - жақты зерттеу жүргізіліп, сол зерттеу нәтижелері талқыланған соң ғана парламентке жіберілуі тиіс, ал парламент келіп түскен заң жобаларының сапасын арттырып, толықтырып, байыту үшін ондағы депутаттардың басым бөлігі заңгерлер болуы керек.
Екіншіден, елдегі заңдардың қоғам мүшелерінің кейбір бөлігіне таралмайтындығы, яғни белгілі бір істер бойынша нақты жазаға тартылуы тиіс адамдардың олардың нақты бір үлкен қызметтегі туысының болуы немесе ақшасының болуы нәтижесінде жазаға тартылмауы. Мұндай жағдайлардың көптеп орын алуы қоғамда құқыққа деген сенбеушілік, жек көру сезімдерін тудыруда. Заң алдында барлық адам тең деген қағиданың тәжірибеде керісінше жүзеге асырылуы онсыз да құқыққа деген көзқарасы таяз адамдар үшін теріс мысал болуда. Мұндай көзқарастар әсіресе, жер кодексінің қоғамдық пікірмен санаспай қабылдануынан кейін орын алған жер үлестеріне байланысты даулар негізінде көптеп орын алуда, нақты елді мекендер маңындағы жер телімдерінің сол тұрғылықты халықтың еш қатысынсыз өзге адамдардың басына рәсімделініп, сол аумақты мекендейтін халыққа Конституция бойынша тиесілі 10 соток жердің берілмеуі халықтың наразылығын тудыруда. Соңғы жылдары мемлекеттің шет елдік фермерлерге жерді жалға беретіндігі жайлы ақпараттың таралуы халық арасында билікке деген наразалықты арттыра түсті [8, 1 б.]. Халық арасында ақшасы бар немесе күшті тірегі бар адамдардың заңдарды айналып өтіп кәсіпкерлікпен айналысуы, қылмыс жасай отырып жауапқа тартылмауы, белгілі бір мемлекетпен берілетін жеңілдіктерді асыра пайдалануы (тұрғын үймен қамту бағдарламасы және т.б.) өзге адамдар тарапынан тек айналыстағы заңдарға ғана емес елдегі билік жүйесіне деген наразылық сезімдерін туындатуда, оларды құқықты айналып өту тетіктерін қарастыруға жетелеуде.
Үшіншіден, басқару аппаратының елдегі заңдарды өз мүддесіне қарай икемдеуі, өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырушы мемлекетте жоғары дәрежелі заң актілерінің билік мүддесіне сай түрлі өзгерістерге ұшырауы халық арасында сол заңдарға деген құрмет сезімінің төмендеуіне алып келеді. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға он бес жыл ішінде (7 қазан 1998 жылы, 21 мамыр 2007жылы, 2 ақпан 2011 жылы) үш рет өзгертулер мен толықтырулар енгізу сол негізгі заңның мәңгілік еместігін, оның да қолданыстағы заңдар сияқты өзгермелі сипатын көрсетті. Мұның өзі Конституцияның мызғымастығына сенімді төмендетті деуге болады.
Төртіншіден, мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктерін өз мүддесіне пайдалануға ұмтылысы, бұл әсіресе, нарықтық қатынастарды орнықтырумен байланысты орын алған жағымсыз көзқарас болды. Кәсіпкерлік саласындағы құқықты қабылдамаушылыққа осыған дейін кәсіпкерліктің мемлекетпен тыйым салынған әрекет түріне жатқызылғандығы себеп болды. Ең алғашында кәсіпкерлікті қоғам жат қылық ретінде қабылдады, уақыт өте келе оған еті үйренді, шет елдік тәжірибе негізінде кәсіпкерлік өз арнасына түсті. Ендігі жерде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында жиі түсініспеушіліктер туындай бастады. Оған себеп, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің өз өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы кәсіпкерлерге қысым көрсете отырып, оларды өз мүддесіне сай әрекет жасауға итермелеуі болды. Мұндағы басты мәселе, мемлекеттік қызметкерлердің құқыққа деген көзқарасындағы өзгеріс, яғни, заңдарды өз мүдделеріне сай пайдалануға ұмтылысы болды, мұндай жағдайда кәсіпкерлер де мемлекеттік қызметшілерді өз сыбайластарына айналдырып көлеңкелі бизнесті өрістетуді жөн көруде. Кейбір қылмыстық элементтердің кеден арқылы елімізде тыйым салынған дәрі - дәрмектерді, психотроптық заттарды, сапасы күмән тудыратын азық - түлікті еш тексеріссіз өткізіп саудаға салуы, оларды кеденнен кедергісіз өткізген мемлекеттік қызметшілердің ешқандай жаза тартпауы көлеңкелі бизнестің өрістеуіне жол ашуда. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көтерілген бастамалардың көпшілігінің аяқсыз қалуы, салынған құрылыстардың сапасыздығы, кейбірінің аз уақытта қирап қалуы, ашылған кәсіпорындардың тек есептілік үшін көзбояушылықпен ашылып, артынша жабылып жатуы, ең сорақысы мемлекетке келтірілген орасан зор зиян үшін ешкімнің жауапқа тартылмауы заңдылық қағидасына деген көзқарастардың өзгеруіне алып келді.
Мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың құқық нормаларын өз мүдделерін қанағаттандыруға пайдалануы қоғамдық өмірдің өзге де салаларында көптеп көрініс таба бастады, қылмыстық істерді жүргізу, сот шешімін шығару, кеден ісі, мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік тендерлер, мемлекеттік тексерулер, мемлекеттік жәрдемақы, төлемақы тағайындау және т.б. Мемлекеттік қызметтегі, мемлекеттік кәсіпорындардағы жоғары лауазымды қызметтерді атқарған тұлғалардың өз өкілеттіктерін асыра пайдалануы, соның нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы, кейбірінің еш жауапкершіліксіз шет елдердегі ең бай адамдар тізімін толықтыруы мемлекеттік қызметшілер арасында да, қарапайым тұрғындар арасында да мемлекеттік қызмет турасындағы көзқарастарды түбегейлі өзгертуге алып келді. Мемлекеттік қызметшілер өз лауазымдарын жеке мақсаттарға жету жолындағы тиімді құрал деп түсінсе, мемлекеттік қызметке қатысы жоқ әр салада заңды айналып өтуді жөн көретін адамдар оны өз мақсаттарына жету жолындағы сыбайлас ретінде қабылдай бастады. Бұл өз кезегінде қарапайым тұрғындар арасында құқыққа деген сенімсіздікті тудырып, оны айналып өту механизмдерін қарастыруға әкелді. Осы тектес жайлар жалпы қоғам үшін мемлекеттің мәнін төмендетуде, сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік қызметте кең етек алуы тұрғындар санасында оның болуы тиіс кәдімгі жағдай ретінде қабылдануына септігін тигізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тек мемлекеттік органдарда ғана емес тұрмыста да кеңінен орнықты. Нақты жағдай бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін жауапқа тартылуы тиіс адам ең алдымен білікті заңгердің көмегіне емес, билігі бар, ықпалды туыс немесе танысты іздейтіндігі адамдар арасындағы құқыққа деген сенімсіздіктің көрсеткіші бола алады.
Бесіншіден, жалпы халықтың құқықтық сауатының төмендігі, халқымыздың әлемдегі білімі жағынан ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендігіне қарамастан құқықтық сананың төмен болуы оның жүргізіліп отырған саясатқа қатыссыздығына алып келді. Өткізіліп жатқан сайлауларға қатыспау, кейбір саясаткерлердің өзі жүргізген реформаларының аяқсыз қалғаны үшін жауап беруін талап етпеу, нақты бір жағдайларда бүкілхалықтық ұстанымдарды біріге алға тартуға қауқарсыздық таныту құқықтық сананың төмендігінің көрінісі. Тіпті, қарапайым жағдайларда да қоғам мүшелерінің өз құқықтарын білмеуі олардың әртүрлі жағдайларда зәбір шегуіне алып келуде.
Алтыншыдан, тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде қазақстандық халықтың басын біріктіретін жалпыұлттық идеяның жасалынбауы, жалпыұлттық құндылықтардың айшықталып, халыққа насихатталмауы халықтың отаншылдық сезімінен жұрдай болуына, жаңа ұрпақтың тек пайдакүнемдік сипатқа енуіне септігін тигізді. Жергілікті ұлт өкілдерінің жүзшілдік, рушылдық психологиядан арылмауы, ал өзге ұлт өкілдерінің кейбірінің өздерін қонақ сезінуі, басты мақсат ретінде тезірек байып, ақша жинап өзге елге кетуді қоюы осыған мысал бола алады. Мемлекеттік қызметшілердің халық арасынан шығатынын ескерсек, онда орын алып жатқан жағдайлардың негізі осында екендігін түсінуге болады. Жалпы мемлекеттің өзінің құқықты орындау сипатына қатысты кейбір ерекшеліктер кез - келген азаматты өзге ойға жетелейді, мысал ретінде мемлекеттегі жоғары лауазымдарды иеленген азаматтардың мемлекеттік тілді білмесе де биік лауазымдарды иеленуі азаматтар тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге деген селқостық көңіл - күйін туындатып отыр. Яғни, нақты мысалдарға қарап қарапайым азаматтар, әсіресе, студент жастар мемлекеттік тілді меңгермей - ақ үлкен лауазымдарды иеленуге сенімді, соның салдарынан мемлекеттік тілге деген құрмет азая түсуде.
С.Өзбекұлының пікірінше, құқықтық нигилизм - қоғамда қабылданған, мойындалған құқықтық құндылықтарды, қағидалар мен заңнаманың мүмкіндіктерін жоққа шығару, сенімсіздік таныту арқылы биліктің заңсыздығы мен бассыздығына көз жұмып қарау [7, 149 б.]. Біз бұл автордың берген анықтамасымен толық келісе алмаймыз, себебі, құқықтық нигилизм уақыт өте келе асқынып, жаңаша сипатқа ауысады және қоғамда мемлекетке деген қарсылық сезімін тудырады, бұл өз кезегінде мемлекетке қарсы нақты әрекеттердің орын алуына алып келеді. Сөзіміздің дәлелі ретінде өзімізде орын алып жатқан жағдайларға тоқталуды жөн көрдік, біздің мемлекетте орын алып жатқан күнделікті келеңсіз жағдайлар ендігі жерде тек құқықты мойындамаушылық емес сол құқықтық жүйені қалыптастырып отырған мемлекеттегі билікке деген көзқарастың өзгеруіне алып келді. Елдегі жағдайларға қатысты халық арасында наразылықтар біртіндеп бас көтерулерге ұласуда. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, елдегі халық арасында мемлекетке деген наразылық оған жаппай қарсылыққа алып келері сөзсіз. Теориялық тұрғыда мұндай жағдай туралы тағы да В.А.Тумановқа жүгінуді жөн көрдік, на высоком этаже общественного сознания нигилизм предстает в виде идеологических течений и теоретических доктрин. Например, анархизм, левый радикализм, и связан с именами Прудона, Бакунина, Штирнера и др. [4, 1 б.]. Жаңаөзен қаласында орын алған баскөтеру осының айғағы іспетті, осы оқиғаға байланысты Алматы қаласында 2012 жылдың 19 наурызында өткен зиялы қауымның - халық өкілдерінің форумына қатысушылар өз үндеулерін жариялады, оған сәйкес, билікке нақты талаптар қойылды. Сонымен қатар, жалпы ескерту де жасалынды, Қазақстан құқық қорғау және күштік құрылымдарының іс - әрекеті мен қызмет ету тәсілдері жеке талқылау мен арнайы қарастыруды талап етеді. Біз бейбіт халыққа қарсы оқ атуға және ішкі қақтығыстарға әскерді қатыстыруға түбегейлі қарсымыз. Әлеуметтік қақтығыс пен қоғамдық наразылық кез келген жағдайда және үнемі бейбіт жолмен әрі келіссөз арқылы шешілуі тиіс. Соттың шешімінсіз ешкім де азаматтарды олардың бұлжымайтын құқығы - өмір сүруге деген құқығынан айыра алмайды! Олай ету - ең үлкен және қауіпті қылмыс. Ал бұл қылмыс биліктің, азаматтардың осы конституциялық құқығын қорғауға тиіс адамдардың қолымен жасалса, онда бұл екі есе қауіпті. Осы негізгі ұстаным жойылса, онда қалған нәрселердің де еш мәні қалмайды. Егер адам өмірі құнсызданса, барлық жетістік пен табыс екінші немесе үшінші қатарға ысырылып, барлығы көмескіленеді. Міне, сондықтан біз қоғамның бұл оқиғаларды жан - жақты, әділетті және ашық түрде зерттеу жөніндегі талабын табанды түрде қолдаймыз. Тергеу мен сот 2011 жылғы 16 - 17 желтоқсан күнгі оқиғалардың ғана емес, бұдан бұрынырақтағы оқиғаларға да нақты құқықтық бағасын беруге тиіс. Ал бұл биліктің барлық органдары мен институттарының, мұнай - газ компанияларының, салғырттығы мен салақтығы шектен асқан шенеуніктердің әрекетіне құқықтық және саяси баға берілуі керек деген сөз. Онсыз қоғамдағы сенімді қайта қалпына келтіру жөнінде сөз қозғаудың өзі қиын. Түйіні шешілмеген мәселелер бүкіл қоғамдық - саяси қарым - қатынасқа кері әсер етпек. Мұның салдары қазіргі билік үшін ғана емес, мемлекеттілік пен Қазақстан тәуелсіздігі үшін де ауыр болмақ[5, 1 б.].
Құқықтық сананың деформацияға ұшырап, құқықтың құнының төмендеуін болдырмау жолдарын қарастыруда тек мемлекет қана емес азаматтық қоғам институттары да, жалпы елі үшін жаны ашитын азаматтардың да атсалысуы қажет. М.М.Рассоловтың пікірінше, құқыққа деген құрмет сезімінің қалыптасуы бірден болмайды. Ол үшін адамдар бойында құқыққа деген оң көзқарас қалыптастырып, оған дұрыс баға берушілікті және өзінің жүріс - тұрысын құқыққа негіздеушілікті қамтамасыз ететіндей адамдардың өміріне, еркі мен санасына, көңіл - күйі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизмнің түсінігі және қазақстандағы құқықтық нигилизмнің салдары
Құқықтық нигилизм
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Құқықтық нигилизм туралы мағлұмат
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Адам құқықтарының жалпы теориясы (1-2 бөлім)
Құқықтық нигилизм - құқықтық мемлекет құру жолындағы кедергі
Танымдық - қүқықтық мәдениет теориясын дамыту
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Пәндер