Құқық ұғымы туралы


Мазмұны
- Құқықтың ұғымы
- Құқықтың пайда болу тарихы
- Құқықтың белгілері
- Құқықтың қоғамда атқаратын қызметi
- Құқық қағидалары, түрлері
- Құқық қағидалары
- Құқық қағидаларының түрлері
Кіріспе
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді:
1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық - қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Мемлекет және құқық теориясы - жалпы заң ғылымы, ол мемлекеттік-құқықтық шындықтың ең маңызды теориялық - әдістемелік бағыттарын біріктіреді. Оның негізгі санаттары мен түсініктемелері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесіне талдау жасап, сайып келгенде заңгердің табысты тәжірибелік жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет пен құқық теориясы - қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі бір мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір - бірімен қарым - қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс, оған экономикалық және одан шығатын таптық қатынастар, саясат, идеологиялық орныққан пікірлер, философия, мораль және басқа да мәдениет аялары жатады. Олардың барлығы да әр түрлі деңгейде мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және екінші жағынан, өздері де сол ықпалды сынақтан өтеді. Жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әр түрлі (көпжақты) болады.
Өз кезегінде құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы - бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті.
- Құқықтың ұғымы
"Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"- ресми турде танылған жеке және заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада колданылады. Субъективтік (тұлғалық) құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап) . Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі. Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык және өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап) . Үшіншіден, "құқық" термині оку пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, әкімшілік құқық, еңбек кұқығы, отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т. б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда. Құқық пәндерін окып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі. Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады. Әрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан- ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама - қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды. Бірінші жағы бұқаралық- құқықтық жағы, екінші жағы-жеке - құқықтық жағы.
Көпшілік (бұқаралық) құқық - бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір - біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса манызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтікжәне басқа да мүдделерге сәйкес реттейді;
3) құқық жалпыға міндетті сипатқаие, бұлоның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңдыжәне заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді.
4) Басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің манызы зор;
1) формальдық- кез- лелген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі.
2) мазмұндығы- осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушытаптыңзаңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқық әлуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп- басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің, ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қакйталап өтейік, - құқық мен мемлекеттің өмірге кғелуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
-қоғамның әкімшілік тереториясынгда тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
-Қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, мемлекттік бірлестіктеордің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес- қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым- қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды және мазмұнына келсек, оның сан қырлы түсінігі, санұқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғамммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зертегенде бір- екі қырынан мазмұның анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Арйстотель құқықты саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо - құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірдің бәрі дұрыс.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез - құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана- сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүде мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым - қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтын мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, саналы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамкершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекетің ішкі - сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т. б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы мен ныцсаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени- рухани сипатына байланысты. К. Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес»1 - деді.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым - қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар; әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т. б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.
Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас; құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздінше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттген мәселесі - құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма абстрактік түрде қарастырып іс - әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандықтары мен құқықтарын бөліп қарауға блмайды - деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн - анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі- қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі- бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Ниглизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан- жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қортынды тұжырымдар жасалады. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ - ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесті құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттуші негізгі әлеуметтік факторлардың бір екенінпе ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екеніндәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.
Құқық- философиялық категория. Сондықтан, оның мазмұның, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүлі пікрлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды пайдалануда сол арқылы қарым- қатынастарды реттеуде, мүдде- мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдарың іс- әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс- әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазұның түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым- қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғадық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихи толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында ″құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде таылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың ( мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Екіншіден, «құқық»деген- құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процес арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқықғы туралы Конституцияның 4 бабында былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік- құқықтық актілері» болып табылады.
Үшіншіден, «құық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқықғы т. б.
Төртіншіден, «құқық» термині субъективтік құқық пен объекитвтік құқықтың жиынтығы ретінде де қлолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық жүйе. Сонымен, «құқық» терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті деп айтуға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz