Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары



Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1.1 Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары.
1.2Электромагниттік сәулелену және қорғану әдістері.
1.3 Ультракүлгін сәулесінен қорғану
1.4 Иондағыш сәулелер және қорғану шаралары.
III. Қорытынды бөлім.
Ауыл шаруашылығында түрлі жәндіктермен қарсы күресу мақсатында, азық-түлікті қайнатып залалсыздандыру мақсатында және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде радиоактивті заттар пайдаланылуы мүмкін.Олар зиянды сәулелер шығарады. Қоршаған ортаның сәулеленуі-сыртқы сәуле көзінің әсерінен, немесе организмнің іші арқылы және аралас жағдайда әсер етуі мүмкін. Әрине, өндірісте мүмкіндігінше сәуле көздері жабық жағдайда пайдаланылады.Оған қоса, радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
 радиоактивті сәуле көздері қоршаланып қойылады;
 сәулені жерге немесе адам жоқ жаққа бағыттау қажет;
 сәуле көзін адамнан қашық жерге орналастыру қажет;
 сәуле жанында адамдардың көп жүрмеуін қадағалау қажет:
 сәуледен қорғандыратын экрандарды пайдаланған дұрыс.
Адамның денесіне енген сәуленің мөлшері бэрмен өлшенеді.Егер адам денесіне бір рет 25 бэр сәуле енсе, онда адамның денсаулығында өзгеріс бола қоймайды.Ал 50 ден 100 бэр аралығында адам шаршап,құсқысы келеді.Бірақ ол тез қалпына келеді. 100 бэрден асқан кезде адам сәулелену науқасына шалдығады.
Адам-сәуленің мөлшері 700 бэрден асқанда өледі.Тіпті, радиоактивті сәуле адамның организміне аз-аздан бірнеше рет әсер етсе, оның күші жиналып, ақыры өлімге душар етуі мүмкін.

Кіріспе
Ауыл шаруашылығында түрлі жәндіктермен қарсы күресу мақсатында, азық-түлікті қайнатып залалсыздандыру мақсатында және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде радиоактивті заттар пайдаланылуы мүмкін.Олар зиянды сәулелер шығарады. Қоршаған ортаның сәулеленуі-сыртқы сәуле көзінің әсерінен, немесе организмнің іші арқылы және аралас жағдайда әсер етуі мүмкін. Әрине, өндірісте мүмкіндігінше сәуле көздері жабық жағдайда пайдаланылады.Оған қоса, радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
oo радиоактивті сәуле көздері қоршаланып қойылады;
oo сәулені жерге немесе адам жоқ жаққа бағыттау қажет;
oo сәуле көзін адамнан қашық жерге орналастыру қажет;
oo сәуле жанында адамдардың көп жүрмеуін қадағалау қажет:
oo сәуледен қорғандыратын экрандарды пайдаланған дұрыс.
Адамның денесіне енген сәуленің мөлшері бэрмен өлшенеді.Егер адам денесіне бір рет 25 бэр сәуле енсе, онда адамның денсаулығында өзгеріс бола қоймайды.Ал 50 ден 100 бэр аралығында адам шаршап,құсқысы келеді.Бірақ ол тез қалпына келеді. 100 бэрден асқан кезде адам сәулелену науқасына шалдығады.
Адам-сәуленің мөлшері 700 бэрден асқанда өледі.Тіпті, радиоактивті сәуле адамның организміне аз-аздан бірнеше рет әсер етсе, оның күші жиналып, ақыры өлімге душар етуі мүмкін.

II. Негізгі бөлім.
1.1 Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары.
Адам организміне сәуленің әсерін жеке дозиметр арқылы және бөлменің ішіндегі сәуленің мөлшерін анықтайтын тұрақты құралдарымен өлшеп білуге болады. Мұндай жұмыстарға жасы 18-ден асқан адамдар дәрігерлік байқаудан өткеннен кейін ғана жіберіледі.Жүкті әйелдер ондай жұмыстардан босатылады.
Жоғарыда айтылған сәулелер-иондандыратын сәулелер, яғни зарядталған атомдарды пайда ететін сәулелер деп аталады. Ондай сәулелерге: космостық сәулелер, ядролық реакторлар, рентген шығаратын сәулелер жатады.Сондай-ақ бөлшектерді дефектоскопия жасайтын, балқытып біріктірудің сапасын анықтайтын құралдар мен түрлі автоматтандырылған қондырғылар шығаратын сәулелер де жатады. Сондықтан ондай жерлерде жұмыс істегенде арнайы киімдер мен қорғану құралдары пайдаланылуы тиіс.
Мал шаруашылығының өнеркәсіптік негізге көшуі инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығаратын жарық көздерін пайдалануға мүмкіндік береді. Инфрақызыл сәулелері-затты қыздыру үшін, ал ультракүлгін сәулелер-жануарлар мен құстарды сәулелермен емдеу үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, оның екеуін де сүтті пастеризация жасауға, сапасын арттыруға пайдаланылады.Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығаратын электр қондырғыларын пайдаланғанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:
oo ең алдымен электр қауіпсіздігі ережесін сақталуы қажет;
oo сәулелендіретін қондырғылар орнатылған жерде техника қауіпсіздік ережелері жазылған нұсқау ілініп қойылуы керек;
oo бұл сәулелер көзге зиянды болғандықтан, оған жарық жерден қарауға болмайды (тіпті көзәйнекпен де).
Кәдімгі люминесцентті лампаларда сынап болатындықтан, олардың жарамсыздарын сындырып, шұңқырға көму қажет. Теледидар, радио, термоэлектро өңдеу жасайтын қондырғылар да инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығарады.Оның электромагнитті өрісі адам организміне зиянды әсер етеді. Олардан қорғану үшін түрлі экрандар, арнайы киімдер мен көзәйнектер пайдалану қажет.Жоғарыда аталған сәулелердің деңгейі белгіленген мөлшерден асқанда адам ағзасына зиянды болады.Сондықтан ондай жерлерде жұмыс жасағанда сақталуға тиісті қауіпсіздік шараларын білу қажет.Мемлекеттік стандартқа сәйкес зиянды сәулелерден қорғану құралдары болып екі топқа бөлінеді.Жеке қорғану құралдарына тыныс алу мүшелерін, басты, көзді, қолды, бетті қорғайтын құралдар, қорғаныш костюмдер, киімдер мен аяқ киімдер жатады.Ұжымдық қорғану құралдарына иондағыш, электрмагниттік, инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерден қорғайтын және оптикалық, кванттық генераторлардың сәулелері мен магнитті және электрмагнитті өрістердің зиянды әсерінен қорғайтын құралдар жатады.
Ультракүлгін сәулелерден ұжымдық қорғану мақсатында әр түрлі қоршаулар, ауа алмастырғыш құрылғылар,автоматты бақылау және белгі беру құрылғылары, қашықтан басқару, қауіпсіздік белгілері пайдаланылады.Сондай-ақ, түрлі экрандар, көзілдіріктер, арнайы киімдер қолданылады.
Электрмагнитті өріс шектен тыс асқан жағдайда жұмыс кестесін тиімді етіп жасау, жұмыс орнын электрмагнитті өріс көзінен аулақ орналастыру, экрандар орнату, ескерту белгілері мен жеке қорғану құралдарын пайдалану қажет.
Сәулелену қауіпсіздігінің нормаларында кез келген негізсіз зиянды сәуле көздерін жою, зиянды сәуле шығару мөлшерін барынша төмендету, оны белгіленген мөлшерден асырмау сияқты алдын алу шаралары қарастырылған.
Зиянды сәуле шығару қауіптілігіне қарай радиоактивті заттар А,Б,В,Г болып төрт топқа бөлінеді.Радиоактивті заттардың ашық көздерінде жасалатын жұмыстар үш класқа бөлінеді.Олардың әрқайсысы өздігінше бөлмені орналастыру мен жабдықтаудың талаптарын анықтайды. Бөлменің есігіне жұмыстың класы және радиациялық қауіптілік белгісі ілінеді Ауа алмастырғыштарды пайдалану, қашықтан басқаруды ұйымдастыру, радиоактивті изотоптар сақталатын ыдыстарды пайдалану иондағыш сәулелерден ұжымдық қорғанудың амалдары болып табылады.Оған қосымша , еңбекшілердің өздерінің жеке гигиеналық талаптарды сақтауы, жүйелі түрде дозиметриялық бақылаудан өтіп тұруы, жеке қорғану құралдарын пайдалануы зиянды сәулеленудің алдын алудың тиімді шарты болады.
1.2Электромагниттік сәулелену және қорғану әдістері.
Электромагниттік сәулелену дегеніміз-электромагниттік өрістердің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі.Магнит және электр өрістерінің кез келген өзгерістері қоршаған кеңістікті сүзіп өтетін күш сызықтарының өзгеруін туындатуы керек, яғни ортада таралатын импульстар (немесе толқындар) болу керек. Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектриктік өтімділігіне тәуелді болып, электромагниттік бірліктің электростатикалық бірлікке қатынасымен анықталады. Компьютерлік техниканың пайда болуымен қарыштап дамуы қоршаған ортада электромагниттік ахуалдың өзгеруіне алып келді. Компьютерлік техника электромагниттік өрістің сәулелену көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде адам денсаулығына қауіп төндіретіні белгілі. Компьютерлік жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылмауы электромагниттік өрістің адам денсаулығына кері әсер етуіне әкеліп соғады. Компьютердің ең қауіпті бөлігі-монитор.Ол адам ағзасын сәулелендіреді. Медицина өкілдерінің зерттеулері электромагниттік өрістің әсері метаболизм мен электромагниттік бұзылуынаықпал ететіні дәлелденген. Ол сонымен қатар жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары, эндокринді жүйе жұмысында да пайда болуына әсер етеді.Қалта телефонын пайдаланған кезде одан бөлінетін электромагниттік өріс тұтынушының миына әсер ететіні анықталған. Электромагниттік сәуледен адамға әсер ету деңгейі сәуленің интенсифтілігіне, жиілігіне және әсер ету уақытына байланысты. Үлкен интенсифтік өрістің адамға ұзақ уақыт әсер беруі адамның күйзелу күйіне, шаршаңқы болуына,ұйқыға әуестігіне, ұйқының бұзылуына, бастың ауыруына, гипертонияға, жүрек тұсындағы ауырлыққа әкеліп соқтырады. Өте жоғары жиілікті өрістің әсері адамның қан құрамының өзгерісіне,көздің ауруына әсер етеді.
Электромагнитік өрістің әсері - электр заряды не магниттік моменті бар бөлшектер арасындағы электромагнитік өріс арқылы берілетін белгілі . Адам өмірге келгеннен бастап, электромагнит сәулесінің әсерінде болады. Адамға әсер ететін жердің магниттік өрісі - табиғи электромагниттік өріс, планетарлық сарқылмайтын ресурс. Магниттік өрістің күші әржерде әртүрлі. Радиожиіліктік өрістер адам организіміне қолайсыз әсерін тигізеді. Адамға, жануарларға, өсімдіктерге, микроорганизмдерге жер қыртысынан бөлінетін гамма сәулелер және ғарыш сәулелері сырттан,организмде болатын радиоактивті элементтер сәуелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе, клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру жабысады. Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сәулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда ол адамда мамандық ауруға әкеліп соғады. Нәтижесінде нерв жүйесі журек қан тамырлары эндокриналды жүйе және де басқа да ағзаларға әсер етуі мумкін. Электромагниттік өріс әсерінде ұзақ уакыт болған жағдайда адамдар тез шаршайды. Ұйқышылдық пайда болады,ұйқысы бұзылады, жиі- жиі басы ауырады, нерв жүйесі бұзылады т.с.с. системетикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру қан қысымы өзгеру жүрек соғысының баяулауы шашының түсуі байқалады. Қорғану әдістері: сәуле шығару көзіндегі сәулеленуді азайту. Өте жоғары жиілікті және ультра жиілікті қондырғыларды дұрыс орнату. Экрандалған бөлмелердегі қондырғыны алыстан бақылау. Жұмыс істеу орнын және сәуленің шығу көзін экрандау немесе мыстан жасалтын жогары өткізгіштік қасиеті бар тор металдар шағылдырғыш жерлету экран ретінде пайдалану шаралар электормагниттік сәулеленуді дозиметр көмегімен кемінде айына бір рет тексеру, жылына медициналық тексеруден бір рет өткізу. Қосымша демалыс қысқартылған жұмыс күнін жасау жасы он сегізге толмаған және орталық нерв жүйесі жүрегі, көзі ауыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдамау.
1.3
Иондаушы сәулелер әсерінің ерекшеліктері келесідей сипатталады:
oo адам сәуленің организмге әсерін сезбейді (адамдар иондаушы сәулелерді қабылдайтын сезім мүшелеріне ие емес);
oo иондаушы сәулелер адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді (сондықтан кез келген иондаушы сәулелерді қауіпті деп қараған жөн);
oo адам организмінің жеке ерекшеліктері радиацияның аздаған мөлшерінде пайда болады (адам неғұрлым жас болса, соғұрлым сәулеленуге сезімтал болады, 25 жастан бастап адам сәулеленуге тұрақты бола бастайды);
oo адам неғұрлым көп мөлшерде сәуле ауруының нышаны, бірақ аурудың нышаны біраз уақыт өткеннен кейін ғана байқалады
oo сәулелену мөлшері жасырын түрде жинақталады (сәулелену мөлшері уақыт өткен сайын жинақталып, сәуле ауруына ұшыратады).
Радиациядан қорғанудың үш әдісі бар-олар:
oo уақытпен қорғау
oo қашықтықпен қорғау
oo экрандау және жұтып алу арқылы қорғау
Уақытпен қорғау-радиобелсенді заттармен ластанған объектіде немесе жергілікті орында адамдардың болуы уақытын шектеу неғұрлым болу уақыты аз болса, соғүрлым қабылданған мөлшер де аз болады.
Қашықтықпен қорғау-радиация деңгейі жоғары немесе жоғарылауы мүмкін жерлерден адамдарды эвакуациялау.
Экрандау және жұтып алу арқылы қорғау-адамдарды эвакуациялау мүмкін болмаған жағдайда қолданылатын әдіс.Бұл әдіспен қорғауда панаханалар, жасырыну орындары және жеке қорғаныс құралдары қолданылады. Тұрғындарды, радиобелсенді заттармен залалдану туралы, төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс (АҚ) органдары хабардар етеді. Жергілікті аймақтың (ауданның) радиобелсенді залалдануы басталған кезінде немесе бірнеше сағатта басталуы мүмкін кезінде Радиациялық қауіп дабылы соғылады. Дабыл жергілікті радио немесе теледидар желілері арқылы жеткізіледі.Радиациялық қауіп туралы естіген тұрғындар, тез арада бұқаралық ақпарат құралдары бойынша алынған ұсыныстарға сәйкес іс-қимыл жасауы керек. Радиациялық сәулелену адам ағзасына (қан айналымы ,жүйке жүйесіне, асқазанына) және оның дамуына иондық сәулелердің өтуімен кері әсерін тигізеді.
Радиоактивті заттардың ағзаға әсерін әлсірету үшін:
- ғимараттан қажетілігі болмаса шықпаңыз, шыққан жағздайда респиратор, плащ, резенке етік жіне қолғап киіп шығыңыз,
- ашық ортада шешінбеңіз, отырмаңыз, темекі шекпеңіз, ашық су аумағында суға түспеңіз, саңырауқұлақ, жеміс-жидектер ж инамаңыз.
- ғимаратқа кірер алдында аяқ киіміңізді жуып, сыртқы киіміңізді қағып, сүртіп киіңіз.
- суды тек таза тексерілген көздерінен алып, ал азық түлікті дүкендерден сатып алыңыз.
- тамақ ішер алдында қолыңызды, ауызыңызды 0,5 пайыздық ерітіндідегі ас содысымен шайып жуыңыз.
Осы берілген мағлұматтар сізге сәулелену ауруынан алдын алуына көмектеседі.
-радиоактивті әртүрлі газ;
- сыртқы ортаның ластанған объектілерінің әсер ететін сәулесі;
-тыныс алу жолында, терідегі жіне көздің сыртқы кабыршағында радиактивті заттардың болуы;
- құрамында нуклидтер бар ауа, тамақты қолданғанда;
Жоғарыда көрсетілген сыртқы сәулеленуден қорғану әрекеттерінің негізі болатын-гамма сәулеленудің қайнар көзі рентгендік және нейтрондық сәулеленулермен жұмыс жасағанда да таралады.
oo рентгендік және кейбір нейтрондық сәулеленудің қайнар көздері тек өздеріне тән құралдардың іске қосылуымен ғана әсер береді;
oo сөндірілген құралдар сәулеленудің қайнар көзі болып табылмайды;
Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады:
1-дәрежесі жеңіл түрі -- 100-200 рентген мөлшерінде;
2-ші дәрежесі орташа -- 200-300 рентген;
3-ші дәрежесі ауыр -- 300-500 рентген мөлшерінде:
4-ші дәрежесі өте ауыр -- 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең -- бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезеңқысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең-өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші кезең-сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмніңәлсіздігі байкалады.
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт максатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ультракүлгін сәуле
Сәулеленудің радиациондық әсері
Радиациялық сараптама
«Өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша дәрістер
Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары
Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан
Радиациялық ластанудың көздері
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай
Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Пәндер