Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе. Жарылыстың есептері.
2. Жарылыс теориясы және оның түсініктері.
2.1. Жарылыс болуы мүмкін.
2.2. Жарылысты болдырмау шаралары.
2.3. Қоспалар жарылысы кезінде адамдар мен жабдықтарды зақымданудан сақтау әдістері.
3. Жарылғыш заттар.
4. Жарылыстың күшті толқындары. Ауаның соққы толқыны туралы түсінік.
5. Жарылыс пен өрт қауіпі бар өндірістердің сенімділігін қамтамасыз ету шаралары және апат әсерінен болатын материалды және адамдар шығынын төмендетуге бағытталған шаралар.
5.1. Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар.
5.2. Материалды және адам шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар.
6. Ядролық жарылыс.
7. Тіршілік қауіпсіздігі.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиет
Жарылыс – заттардың физикалық және химиялық араласуының жылдам жүретін процессі, үлкен көлемдегі энергияның қысқа уақыт аралығында шектеулі мөлшерде шығуы. Ол лезде кеңейген кезде қоршаған денелерге соққы әсерін (соққы толқын, қысым, қирату) туғызатын өте жоғарғы қысымды қатты қызған газдың (плазманың) түзілуін алып келеді. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен бөлшектелуіне алып келеді, ауада немесе суда болса, ауалы гидрологиялық соққы толқын туғызады, олар өз кезегінде сол жерде орналасқан нысандарға қиратушы әсерін тигізеді.
Жарылыс ңауіпті нысан (ЖҚН) - белгілі жағдайларда жарылыс қауіпі бар заттар (өнімдер) сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.
Жарылыс қауіпі бар заттар - оттың, сілкінудің, үйкелудің әсерінен жарылуы мүмкін зат.
Жарылғыш заттар дегеніміз көп мөлшерде жылу бөле және газ түзілуімен қатар жүретін, жылдам химиялық реакцияға түсетін химиялық қосылыстар немесе заттар қоспасы. Жарылғыш заттар құрамына тотықтырғыштар немесе басқа химиялық тұрақсыз қосылыстар кіреді. Жарылыс болар кезде осы заттарда үлкен жылдамдықпен экзотермиялық тотығу-тотықсыздану реакциясы немесе көп мөлшерде жылу энергиясын және газ бөлетін термиялық ыдырау реакциясы жүреді. Бұл реакция қызу, соққы, үйкеліс, басқа жарылғыш заттардың жарылуы немесе басқа сыртқы әсер нәтижесінде пайда болып, жылу немесе масса алмасу, соққы толқыны жолымен заряд бойына таралады.
Жарылыстар химиялық энергия (ең бастысы, жарылғыш заттар, газды қоспа және т.б.), электромагнит энергия (ұшқынды разряд, лазерлі ұшқын және т.б.), тығыздалған газдар энергиясының (қысым ыдыс – баллонның, құбырдың және т.б. мықтылық деңгейінен асқан кезде) шығуы салдарынан болады.
Жер астындағы ядролық жарылыс кезінде жер бетінде бірнеше километрлік биіктікке дейін көп мөлшерле топырақ лақтырылып, сол жерде үлкен ойпаң пайда болады. Су асты жарылысы кезінде су бетінде қатты сәулелі дөңгелек дақ пайда болады.
1. Ужов В.Н. и др. Очистка промышленных газов от пыли. – М.Химия. 1985г.
2. ҚР-ның заңы. «Қоршаған ортаны қорғау туралы». Алматы , Егемен Қазақстан , 15 шілде 1997 жыл.
3. Техника защита окружающии среды. Радионов А., Н.С.Торочешников .Химия.; 1981
4. Абсорбция и пылеулавливание в производстве минеральных удабрений. Под.ред. И.П.Мухленов , О.С.ковалева. – М.: Химия,1987.
5. Гост 17.2.3.02-82 «Охрана природы . Атмосфера».
6. Справочник «Охрана атмосферного воздуха». Расчет содержания вредных веществ и их распределение в воздухе. И.Ф.Тищенко., 1991год.
7. «Экология » пәнінен барлық мамандықтар бойынша сырттай оқу факультетінің студенттеріне бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Құрастырушылар: т.ғ.д., профессор Сатаев М.С., т.ғ.к., доцент Салыбаев А.С., Саипов А.А. – Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006 ж.
8. Страус В. Прмышленная очистка газов. Перевод с англ. – М.:Химия.1985г .
9. Справочник по пыле – и золоулавливанию . Под ред.Русапова А.А. – М.: Энергоатомиздат. 1983г.
10. Туравец О.Г, Биншенкис В.Д. Вопросы экономики и организации производства в дипломных проектах. – М: 1998г.

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе. Жарылыстың есептері.
2. Жарылыс теориясы және оның түсініктері.
2.1. Жарылыс болуы мүмкін.
2.2. Жарылысты болдырмау шаралары.
2.3. Қоспалар жарылысы кезінде адамдар мен жабдықтарды зақымданудан сақтау әдістері.
3. Жарылғыш заттар.
4. Жарылыстың күшті толқындары. Ауаның соққы толқыны туралы түсінік.
5. Жарылыс пен өрт қауіпі бар өндірістердің сенімділігін қамтамасыз ету шаралары және апат әсерінен болатын материалды және адамдар шығынын төмендетуге бағытталған шаралар.
5.1. Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар.
5.2. Материалды және адам шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар.
6. Ядролық жарылыс.
7. Тіршілік қауіпсіздігі.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиет

І Кіріспе

Жарылыс - заттардың физикалық және химиялық араласуының жылдам жүретін процессі, үлкен көлемдегі энергияның қысқа уақыт аралығында шектеулі мөлшерде шығуы. Ол лезде кеңейген кезде қоршаған денелерге соққы әсерін (соққы толқын, қысым, қирату) туғызатын өте жоғарғы қысымды қатты қызған газдың (плазманың) түзілуін алып келеді. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен бөлшектелуіне алып келеді, ауада немесе суда болса, ауалы гидрологиялық соққы толқын туғызады, олар өз кезегінде сол жерде орналасқан нысандарға қиратушы әсерін тигізеді.
Жарылыс ңауіпті нысан (ЖҚН) - белгілі жағдайларда жарылыс қауіпі бар заттар (өнімдер) сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.
Жарылыс қауіпі бар заттар - оттың, сілкінудің, үйкелудің әсерінен жарылуы мүмкін зат.
Жарылғыш заттар дегеніміз көп мөлшерде жылу бөле және газ түзілуімен қатар жүретін, жылдам химиялық реакцияға түсетін химиялық қосылыстар немесе заттар қоспасы. Жарылғыш заттар құрамына тотықтырғыштар немесе басқа химиялық тұрақсыз қосылыстар кіреді. Жарылыс болар кезде осы заттарда үлкен жылдамдықпен экзотермиялық тотығу-тотықсыздану реакциясы немесе көп мөлшерде жылу энергиясын және газ бөлетін термиялық ыдырау реакциясы жүреді. Бұл реакция қызу, соққы, үйкеліс, басқа жарылғыш заттардың жарылуы немесе басқа сыртқы әсер нәтижесінде пайда болып, жылу немесе масса алмасу, соққы толқыны жолымен заряд бойына таралады.
Жарылыстар химиялық энергия (ең бастысы, жарылғыш заттар, газды қоспа және т.б.), электромагнит энергия (ұшқынды разряд, лазерлі ұшқын және т.б.), тығыздалған газдар энергиясының (қысым ыдыс - баллонның, құбырдың және т.б. мықтылық деңгейінен асқан кезде) шығуы салдарынан болады.
Жер астындағы ядролық жарылыс кезінде жер бетінде бірнеше километрлік биіктікке дейін көп мөлшерле топырақ лақтырылып, сол жерде үлкен ойпаң пайда болады. Су асты жарылысы кезінде су бетінде қатты сәулелі дөңгелек дақ пайда болады.

ІІ Негізгі бөлім
1. Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе. Жарылыстың есептері
Өрт және жарылыс қаупі бар нысандардағы апаттардың алдын-алу және халық пен қызметшілерді қорғау шаралары. Экономикалық әлеуметті, тұрмыс және тұрғын үйлердегі өрттер мен жарылыстар осы нысандағы адамдар мен халыққа үлкен қауіп тудырады және орасан зор материалды шығынға әкелуі мүмкін. өндірістік және тұрғын үй ғимараттары мен нысандардағы өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтар үлкен маңызға ие және мемлекеттік шешімдер мен қаулылар арқылы бекітіледі. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шараларымен және белсенді өрттен қорғау ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі.
Өрттің алдын алу түсінігі-өрттің пайда болуын ескертуге және олардан келетін шығынды болдырмау шараларын құруға бағытталған шаралар кешені.
Белсенді өрттен қорғау - пайда болатын өрттермен табысты күресу жолдарын және жарылыс қауіпі бар жағдайларды болдырмауды ұйымдастыратын шаралар.
Нысандарды өртке қарсы қорғау негіздері стандарттармен бекітілген (ГОСТ 12.1.004-76 Өрт қауіпсіздігі және ГОСТ 12.1.010-76 Жарылыс қауіпсіздігі)
Өрттің алдын алу шаралары өндірістегі технологиялық процестердің негізгі құрамдас бөлігі. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастырумен Мемлекеттік өрт бақылау органдары айналысады.
Өрттің алдын алуға қол жеткізу үшін:
өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу және нысандарға енгізу мен орындалуын бақылау керек:
өртке қарсы құралдардың дайын тұруын және жетілдіруін қамтамасыз ету;
нысандарды, тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда өрт-техникалық зерттеулерді үнемі жүргізу;
халыққа өрт-техникалық білімді насихаттау керек.
Өрттің алдын алу шаралары ұйымдастырушылық, техникалық, режимдік және пайдаланушылық деп бөлінеді.
Ұйымдастырушылық шаралар қарастырады:
жабдықты және көлікті дұрыс пайдалануды;
ғимараттар мен нысандардың дұрыс құрылуын;
жұмысшылардың және нысан қызметкерлерінің өртке қарсы нұсқауларын;
өрттік - техникалық комиссиялардың, ерікті өрт құрылымдарын ұйымдастыруды;
өрт құрылымдарын күшейту жөніндегі сұрақтар мен бұйпрықтарды шығаруды.
Техникалық шараларға мыналар жатады:

ғимараттарды жобалауда электр өткізгіштерді және жабдықтарды , жылыту жүйесін, желдету жүйесін, жарықтандыру жүйелерін орнатуда өртке қарсы ережелермен нормаларды ұстану;
жабдықтарды дұрыс орналастыру.

Режимді сипаттағы шаралар - өрт қауіпі бар орындарда дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар жүретін бөлмелерде шылым шегуге тиым салу.

Пайдаланушылық шаралары - технологиялық жабдықты өз уақытында сынау, жөндеу және жағдайын бақылау.
Өрттің алдын алу нысан түріне байланысты жүргізіледі. Азаматтық ғимараттарда, қоймаларда, базаларда, өндірістік нысандарда, көлікте, ормандарда және шымтезек әзірлеуде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.
Азаматтық ғимараттарда жылыту жүйесі, электрмен жабдықтау, газды немесе керосинді құралдармен байланысты өртке қарсы шараларды қарастырады.
Қоймаларда, базаларда, дүкендердегі өрттің алдын алу шаралары келесі ережелерді қамтиды:
ғимараттар құрылысы кезінде арақашықтықты сақтау
ішкі су құбырын құру;
өрт және өрт күзет дабылының құрылғысы
үлкен қойма бөлмелерін өртке төзімді қабырғалардан тұрғызу
тез тұтанатын және жарылғыш заттарды бөлек сақтау
пеш пен газбен жылытуға тиым салу.
Өнеркәсіп нысандарындағы өрт профилактикасы барлық нысандарға ортақ талаптар негізінде ұйымдастырылады.
Ғимараттардың өртке төзімділігін арттыру үшін ағаш құрастырмаларды гипс, цемент және т.б. заттармен сылау немесе оларға өртке төзімді бояулар жағу керек. Лифт және басқа да механикалық құрлдар адамдарды тасымалдағанда есепке алынбайды. Эвакуация жолдарының ені 1м кем болмауы керек, осы жолдардағы есіктер ені 0,8 кем емес болуы керек. Эвакуацияға қажетті уақыт СНиП терде бекітіледі.
2. Жарылыс теориясы және оның түсініктері.
Сыртқы әсердің ықпалымен өте тез химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға қажетті энергия көзі болып табылады, сондай-ақ әр түрлі жару жүмыстарын орындауда қолданылады. Мысалы, бұрандалы патронның салмағы 3,25 г болатын дәрі заряды атылғанда 0,001 секунд ішінде жанып, 3 каллорий жылу бөледі де, температурасы жарылыс сәтінде 2400-2900°-қа тең 3 л газ шығарады. Газ ете жоғары кысым тудырады (3000 кгсм2) да, оқты ұңғы каналынан 700 мсектан аса жылдамдықпен айдайды. Жарылғыш заттар қолданылу сипатына карай:
* бөлшектегіш (бризанттық),
* лақтырғыш (дәрі)
* пиротехникалық болып бөлінеді.
Ядролық жарылғыш заттар дегеніміз -- жарғыш сипаттағы ядролық (термоядролық) реакция нәтижесінде қас-кағым сәтте өте көп мөлшерде энергия шығаратын зат. Мүмкін болатын шығын және залал көзқарасында жарылыстар үлкен және ерекше қауіп төндіреді.
Жарылыс-шекті көлемдегі үлкен мөлшерлі энергияның қысқа мерзімде босап шығуы. Жарылыс жедел кеңеюі кезінде қоршаған заттарға соққылық механикалық әсер көрсететін жоғары дәрежедегі қысымдағы өте қатты қыздырылған газ (плазма) пайда болуына әкеледі. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен және ұсақталуымен , әуе және сулы ортада - ауа немесе гидравикалық соққы толқынының пайда болуымен қатар жүреді.
Жарылыстық соққы - жарылыс кезінде қысымның, тығыздықтың және орта температурасының бірден өсуі жүретін орта қозғалысы. Жарылыстық соққының алдыңғы шебі ортада тез таралады. Жарылыстың соққы әсерінен жарылыс оның ошағынан алыс тұрған заттарға, нысандарға механикалық әсер береді.
2.1Жарылыс болуы мүмкін:
конденсацияланған жанғыш заттардың детонациясы нәтижесінде;
тұтанатын газ және шаң бұлтының тез жануы нәтижесінде;
қатты қыздырылған сұйыққа немесе қысылған газға толы ыдыстың күтпеген қирауынан;
қызыдрылған қатты заттардың суық сұйықтармен араласуы нәтижесінде.
Энергия тасымалдаушы түріне және энергия бөліну жағдайларына қарай жарылыс кезінде энергия көзі химиялық та, физикалық та процесстер болуы мүмкін.
Химиялық жарылыс энергиясы көзі- тез және өздігінен өтетін жанғыш заттардың тотықтырғышпен немесе тұрақсыз қосылыстардың термиялық ыдырауы әсерінен болатын экзотермиялық реакциялар.
Қысылған газдар энергиясы көзі-сұйықтың қарқынды булануына немесе газға айналуына, температураның өсуіне әкелетінаппараттың жабық көлеміндегі ішкі және сыртқы энергиясы.
Химиялық заттардың энерго тасымалдаушылары қатты, сұйық, газ тәрізді заттар және қышқылды ортадағы жанғыш заттардың аэробөлшектері.
2.2. Жарылысты болдырмау шаралары.
Жарылысты болдырмаудың 3 принцпі белгілі:
жарылғыш жүйелердің қалыптасуына жол бермеу;
жану себептерінің алдын алу;
жану салдарына төзімді құрылғы шеңберіндегі өрт ошағын жайылтпау.
Жанғыш жүйелердің түзілуіне қарсы 3 әдіс бар:
қоспадағы жанғыш заттар концентрациясын тұтану концентрациясынан аз деңгейде болуын қадағалау;
сұйық оттегімен жұмыс істейтін құралдар мен қондырғыларды тазалау. Жанғыш майлар қызғанда термиялық ыдырауға түседі де, өзінен тез жанатын көмірсутекті функциялар бөледі.
Жану бастамасының алдын алу
Жануға бастама болатын заттарға электр разрядтары мен фрикциялы қшқындар жатады. Статистикалық зарядтардың пайда болуы және жинақталуына диэлектрлік сұйықтар жағымды орта болады, сондай-ақ қатты және сұйық күйдегі бөлшектері бар газдар да осы ортаға жатады. Фрикциялы ұшқындар металл заттардың үйкелісінде немесе қатты соққы кезінде пайда болады.
2.3. Қоспалар жарылысы кезінде адамдар мен жабдықтарды зақымданудан сақтау әдістері.
- жарылыс кезінде максимал қысымға төтеп бере алатын мықты құрылыстарды жобалау;
- жарылыс қауіпі бар аймақтарда жануды қолдағанға аз ғана оттегі бар инертті орта жасау;
- жарылыс қауіпі бар аймақты мықты қабырғамен оқшаулау;
- жарылыс қаупі бар өнеркәсіпті жарылыс кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін орындарға орналастыру;
- жарылысты өшіру;
- жұмысшылар үшін панахана тұрғызу.
3. Жарылғыш заттар.
Қатты және сұйық энерготасымалдаушылар көбінесе конденсациалық жарылғыш заттар класына жатқызады.
Жарылғыш заттар дегеніміз көп мөлшерде жылу бөле және газ түзілуімен қатар жүретін, жылдам химиялық реакцияға түсетін химиялық қосылыстар немесе заттар қоспасы. Жарылғыш заттар құрамына тотықтырғыштар немесе басқа химиялық тұрақсыз қосылыстар кіреді. Жарылыс болар кезде осы заттарда үлкен жылдамдықпен экзотермиялық тотығу-тотықсыздану реакциясы немесе көп мөлшерде жылу энергиясын және газ бөлетін термиялық ыдырау реакциясы жүреді. Бұл реакция қызу, соққы, үйкеліс, басқа жарылғыш заттардың жарылуы немесе басқа сыртқы әсер нәтижесінде пайда болып, жылу немесе масса алмасу, соққы толқыны жолымен заряд бойына таралады.
Жарылғыш заттар ыдырауға бейім болады, бұл кезде молекулааралық байланыс энергиясы жылу түрінде бөлінеді, сонымен қоса, температура артқан сайын жарылғыш заттар ыдырауы арта түседі. Салыстырмалы төмен температурада жарылғыш заттардың ыдырау жылдамдығы көп болмайды және ұзақ уақыт бойы өз күйіндегі байқалатын өзгерістерді елемейді. Бұл жағдайда жарылғыш заттар мен қоршаған орта арасында жылулық тепе - теңдік орнайды.
Егер жарылғыш заттар арқылы бөлінетін жылу қоршаған ортаға тарала алмайтын жағдай туындаса, температураның артуына қатысты жарылғыш заттар өздігінен үдемелі химиялық ыдыраупроцесі жүреді, ол жылулық жарылыс деп аталады.
Жарылыс процесінің жүзеге асуының басқа да жолдары бар: мұнда химиялық реакция жарылғыш зат заряд бойымен толқын түрінде қабаттан қабатқа таралады. Заряд бойында қозғалып келе жатқан толқынның алғы фронты соққы толқыны, яғни бастапқы күйден өте жоғары температуралы күйге ауысатын толқын.
Соққы толқынымен қоса жүретін, энергияның жылдам бөлінуі болатын жарылғыш заттар химиялық өзгерісі детонация деп аталады.
Детонация кезіндегі реакция жылдамдығы бірнеше кмсек-қа жетеді. Қатты жарылғыш заттар сек уақыт аралығында жоғары қысымдағы тығыз газға айналуы мүмкін. жылдам кеңейіп, қысылған газ қоршаған ортаға орасан күшке ие соққы береді, жарылыс туындайды. Зарядқа жақын нысандар ұсатылады, күшті пластикалық деформацияға ұшырайды. Жарылыстан алыс орналасқан нысандар бүлінуге аз ұшырайды. Жарылғыш заттар бризанттілігі детонация кезіндегі жылдамдық пен заряд тығыздығына байланысты анықталады. Жұмысқа қабілеттілігі жылумен, сондай - ақ жарылыс кезінде түзілетін газ тәрізді өнімдер көлемімен анықталады.
Жарылғыш заттардың неізгі сипаттамасы: бризанттілік, жұмысқа қабілеттілік, химиялық және физикалық тұрақтылық, сыртқы әсерлерге сезімталдық, детонациялық қабілет.
Жарылғыш заттарға келесі заттар жатады: құрамында оттег бар қосылыстар (асқын тотықтар, нитриттер, нитрозды қосылыстар, хлорлы қышқылдар), құрамында оттегі болмайтын кейбір заттар (ацетилин, гидрозин)
Жарылыс қабілеті бар кейбір заттар: нимтроқосылыстар (тринитротолуол, тетрил, гексоген, нитроглицерин), азот қышқылының тұздары (аммоний нитраты)
Бұл заттар таза күйінде емес, қоспа ретінде қолданылады. Жарылғыштық қасиеті бойынша жарылғыш заттар келесі топқа бөлінеді: біріншілік, бризантты (екіншілік), күкіртті.
Біріншілік жарылғыш заттар жарылыстың айналымының жоғары жылдамдығымен, жоғары сезімталдықпен, тұрақсыз жануымке, атмосфералық қысым кезінде-ақ детонацияға ұшырауымен сипатталады. Жарылыс үйкеліс, әдейі тамызудан, соққыдан туындайды. Бұл топтың негізгі өкілдері қорғасын азиді, тұтқыр сынап, тетразен, қорғасын тринитрозезецинаты. Бұл жарылғыш заттар басқа да жарылғыш заттардың жарылысын тудыру үшін қолданылады. Бризантты жарылғыш заттар инертті, сыртқы әсерлерге сезімталдығы төмен келеді. Бұл жарылғыш заттардың жануы детонацияға мықты қабықша болса ғана көшеді. Пайдаланғанда қауіптілігі аздау. Бризантты жарылғыш заттар негізгі өкілдеріне нитроқосылыстар және нитрат негізді жарылғыш қоспалар, хлораттар, сұйық оттегілі қосылыстар: тринитроталуол, тетрил, гексоген, октоген. Жарылыс жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылады.
Күкіртті жарылғыш заттар тұрақты жануға ие, ең қатал жағдайларда детонацияға ұшырамайды.
Жарылыс түрлерін келесі 3 топқа жіктеуге болады:
аз уақыт аралығында біраз ғана кеңістікке таралатын энергияның бақылаусыз және жылдам босап шығуы (жарылыс процессі)
жанармайлы-оттегілі қоспа бұлтының түзілуі немесе басқа химиялық газ тәрізді, шаң тәрізді заттардың қалыптасуы және жылдам жарылысқа айналуы (көлемді жарылыс)
құбырлардағы, ыдыстардағы немесе т.б. жоғары қысымда немесе қыздырылған сұйық толтырылған ыдыстардағы жарылыс.
Жарылыстар химиялық, ядролық, электромагнитті сығылған газдар энергиясының босап шығуы есебінен жүреді. Көбінесе жарылыстар жарылыс қауіпі бар нысандарда жүреді.
Жарылыс қауіпі бар нысан- белгілі жағдайларда жарылыс қабілетіне ие болатын заттар өндірілетін, сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.
Жарылыс қауіпі бар нысандарға келесі нысандар жатады:
қорғаныс, мұнай өндіруші, мұнай-химиялық, химиялық, газды өнеркәсіп орындары;
нан өндіруші, тігін және фармацевтикалық өнеркәсіптер;
оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар қоймалары;
Жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары:
1. ядролық жарылыс кезінде, жарылғыш заттардың детонациясын тудырушы жарылыс кезінде, газды-оттегілі, жанармайлы-оттегілі қоспалар жарылысында пайда болатын соққы толқыны
2.технологиялық жабдық, құрылыс бөлшектерінің түрлі бөліктерінің ұшпалы сынықтарымен пайда болатын сынықты аудандар;
Газды-оттегілі орта жарылысы кезінде 3 жартылай сфералық аймақ қалыптасады: 1. толық бүліну аймағы 2. жарылыс өнімдерінің әсері аймағы 3. оттегілі соққы толқынының әсер аймағы.
Зақымдаушы факторлардың негізгі параметрлері: 1. оттегілі оттегілі соққы толқыны - оның фронтындағы артық қысым. 2. сынықты аймақ- сынықтар саны, олардың кинетикалық энергиясы мен таралу радиусы.
Кез-клген жарылыстың соққы толқыны көптеген адам шығынын және ғимараттар элементтерінің қирауын тудырады. Жарылыстан зақымдалу аймағының өлшемдері олардың қуатының артуымен қоса өседі . соққы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарылыс
Сақтандырғыш жарылғыш заттар
Өндірістік жарылыс заттарын отпен оталдыру және технологиясы
Ядролық қарудың зардаптары
Өртке қарсы жүйе
Аммиак - селитралы жарылғыш заттар
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Кертпеш ұзындығы
Ядролық қаруға қатысты жайлар
Пәндер