Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу.
1.1. Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері.
1.2. Микроклиматты нормалау.
1.3. Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері.
2. Жұмыс орының микроклимат көрсеткіштері
3. Профилактикалық іс.шаралар.
4. Микроклиматтыц тиімді көрсеткіштер.
ІІІ Қорытынды
Микроклимат Микроклимат жұмыс істейтін тұрғындардың жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулық жағдайы тәуелді қоршаған (өндірістік) ортаның маңызды физикалық факторы болып табылады. Өндірістік микроклимат температура деңгейі мен ауа ылғалдылығы, оның қозғалу жылдамдығы секілді параметрлерімен және электр магниттік сәулелену спектірінің көбінесе инфрақызыл және ішінара ультракүлгін саласындағы жылу радиациясының қарқындылығымен сипатталады. Ауа температурасы өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайларын анықтай отырып, өндірістік қызметкерлердің жайлы еңбек жағдайларын жасауда аса маңызды рөл атқарады. Көптеген металлургиялық (домна, конверторлық, мартен, жұқарту цехтері), машина жасау (құю, темір соғатын, жылу цехтері) өндірістерінде, сондай-ақ жылу электр станцияларында, тоқыма, резеңке, тігін, шыны, азық-түлік өндірістерінде, құрылыс материалдарын шығаруда (кірпіш, бетон) жұмысшылар еңбегі жағымсыз қыздыру климатымен ұштасқан. Дәл сол уақытта өндірістердің қатары, керісінше, жұмыс орындарының төмен температурасымен сипатталады – элеваторларда, қойма бөлмелерінде, кеме жасау зауыттарының кейбір цехтерінде, ет-сүт өнеркәсібінде жұмыс істейтін қызметкерлер еңбегі. Күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы маусымдарда ашық ауадағы жұмыстар (құрылыс, ағаш дайындау, балық өнеркәсібі, мұнай және газ өндіру, геологиялық барлау және т.б.) көбінесе өте жайсыз климаттық жағдайларда өтеді. Ауа температурасының ең төмен және ең жоғары нүктесі арасындағы айырмашылық кейде өте үлкен мәндерге жетеді (ауытқулар диапазоны 500С бастап 800С дейін құрайды). Осыған байланысты, микроклимат қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, ағзаның қыздырушы және салқындатушы климатына бейімделуін гигиеналық бағалау, сәйкес нормативтерді негіздеу, жайлы микроклиматты қамтамасыз ету бойынша кешенді профилактикалық іс-шараны әзірлеу өзекті болып табылатыны сөзсіз. Микроклимат сипаттамасы. Қоршаған орта температурасы, ауаның қозғалу жылдамдығы, және ауа ылғалдылығы адам жұмысты орындайтын және адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылумен алмасу тәуелді микроклимат параметрлері болып табылады. Қоршаған орта температурасы және атмосфералық ауа қозғалысының жылдамдығы жыл маусымымен және өңір климатын қалыптастыратын басқа гидро –метеорологиялық факторлардың бүтін кешенімен анықталатын көптеген параметрге байланысты. Өндірістік үй-жайлардағы ауа қозғалысы конвекциондық ағымдармен, жылуды бөлу көздерінен ауа көлемін әркелкі қыздыру нәтижесінде жасалады.
1. ГОСТ 12.0.003–74 Опасные и вредные производственные факторы. Общие положения. – М., 1974. – 4 с.
2. ГОСТ 12.1.007–76 Вредные вещества. Классификация и общие требования безопасности. – М., 1976. – 5 с.
3. Жаданов Н.Еңбек қорғау Қызылорда қаласы 1995 ж
4. Таңжарықов П.А. Мұнай газ саласындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Қызылорда қаласы 2009ж Тұмар баспасы.
5. Жантасов Қ.Т. Кочеров Е.Н. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі Алматы 2012 ж

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу.
1.1. Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері.
1.2. Микроклиматты нормалау.
1.3. Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері.
2. Жұмыс орының микроклимат көрсеткіштері
3. Профилактикалық іс-шаралар.
4. Микроклиматтыц тиімді көрсеткіштер.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе
Микроклимат Микроклимат жұмыс істейтін тұрғындардың жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулық жағдайы тәуелді қоршаған (өндірістік) ортаның маңызды физикалық факторы болып табылады. Өндірістік микроклимат температура деңгейі мен ауа ылғалдылығы, оның қозғалу жылдамдығы секілді параметрлерімен және электр магниттік сәулелену спектірінің көбінесе инфрақызыл және ішінара ультракүлгін саласындағы жылу радиациясының қарқындылығымен сипатталады. Ауа температурасы өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайларын анықтай отырып, өндірістік қызметкерлердің жайлы еңбек жағдайларын жасауда аса маңызды рөл атқарады. Көптеген металлургиялық (домна, конверторлық, мартен, жұқарту цехтері), машина жасау (құю, темір соғатын, жылу цехтері) өндірістерінде, сондай-ақ жылу электр станцияларында, тоқыма, резеңке, тігін, шыны, азық-түлік өндірістерінде, құрылыс материалдарын шығаруда (кірпіш, бетон) жұмысшылар еңбегі жағымсыз қыздыру климатымен ұштасқан. Дәл сол уақытта өндірістердің қатары, керісінше, жұмыс орындарының төмен температурасымен сипатталады - элеваторларда, қойма бөлмелерінде, кеме жасау зауыттарының кейбір цехтерінде, ет-сүт өнеркәсібінде жұмыс істейтін қызметкерлер еңбегі. Күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы маусымдарда ашық ауадағы жұмыстар (құрылыс, ағаш дайындау, балық өнеркәсібі, мұнай және газ өндіру, геологиялық барлау және т.б.) көбінесе өте жайсыз климаттық жағдайларда өтеді. Ауа температурасының ең төмен және ең жоғары нүктесі арасындағы айырмашылық кейде өте үлкен мәндерге жетеді (ауытқулар диапазоны 500С бастап 800С дейін құрайды). Осыған байланысты, микроклимат қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, ағзаның қыздырушы және салқындатушы климатына бейімделуін гигиеналық бағалау, сәйкес нормативтерді негіздеу, жайлы микроклиматты қамтамасыз ету бойынша кешенді профилактикалық іс-шараны әзірлеу өзекті болып табылатыны сөзсіз. Микроклимат сипаттамасы. Қоршаған орта температурасы, ауаның қозғалу жылдамдығы, және ауа ылғалдылығы адам жұмысты орындайтын және адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылумен алмасу тәуелді микроклимат параметрлері болып табылады. Қоршаған орта температурасы және атмосфералық ауа қозғалысының жылдамдығы жыл маусымымен және өңір климатын қалыптастыратын басқа гидро - метеорологиялық факторлардың бүтін кешенімен анықталатын көптеген параметрге байланысты. Өндірістік үй-жайлардағы ауа қозғалысы конвекциондық ағымдармен, жылуды бөлу көздерінен ауа көлемін әркелкі қыздыру нәтижесінде жасалады.
ІІ Негізгі бөлім
1. Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу
1.1 Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады.
Жұмыс зонасы - жұмыскерлердің тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан, деңгейі еденнен 2 метрге биік кеңістік немесе алаң (МемСТ 12.1.005- 88).
Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12.1.005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы (жылулық сәулеленулер).
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - абсолютті ылғалдылықтың максималдыға қатынасы.
Адамның тіршілік етуіне жұмыс зонасындағы ауаның барометрлік қысымы да әсер етеді. Бірақ оның айтарлықтай әсері тек кейбір еңбек түрлері кезінде, қысымның тез өзгеруі байқалғанда білінеді.
Микроклиматтың аталмыш параметрлері жекелей немесе кешенді түрде бірінші кезекте адам мен өндірістік ғимараттың қоршаған ортасы арасындағы жылу алмасу шарттарын анықтайды.
Кез келген жағдайларда (өндірістік немесе тұрмыстық) адамның жылу реттегіш жүйесі адам денесінің температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға тырысады. Бұл температура екі үдерістің нәтижесі болып табылады: денедегі жылудың ішкі өндірісі және сыртқы жылуалмасу.
Организмнің жылу реттегіші - орындап жатқан жұмыстың сыртқы ауырлық шарттарынан тәуелсіз дене температурасының тұрақтылығын қамтамассыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы.
Адам организмі мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол өз кезегінде адамның денсаулық жағдайы мен еңбек өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби ауруларға да әкеп соқтырады.
Қоршаған ортаға организмнен жылу берілу әдетте әртүрлі жылуалмасу жолдары арқылы жүзеге асырылады: қоршаған ауаға конвективті жылу берілу; қоршаған беттермен сәулелік жылуалмасу; адам тікелей жанасатын беттер арқылы контактілі жылу берілу (орындық, еден, аспап және т.б.); тері бетінен ылғалдың (терінің) булануы; тыныс алатын ауаның жылынуы. Өндірістік шарттардағы жылуалмасу негізінен конвекция, сәулелену және булану жолдары арқылы жүреді. Жылуалмасудың барлық түрлері айтарлықтай метеорологиялық шарттардан тәуелді.
Конвекция арқылы жүретін жылуалмасу қоршаған орта ауасы мен тері бетінің температурасының айырмасына тура пропорционал. Сонымен қатар ауа қозғалысының жылдамдығы да үлкен мәнге ие, себебі, жылуөткізу коэффициенті ауа қозғалысы жылдамдығының түбір астындағы мәніне тпропорционалды өседі.
Сәулену арқылы жылу берілу қоршаған беттер мен терінің абсолюттік температураларының төрттік дәрежелерінің айырмасынан тікелей тәуелді болып келеді.
Бірақ, ауа мен беттердің 30-33 °С температурасы кезінде конвекция мен сәулелену арқылы жылуалмасу негізінен тоқтатылады, ал ауа температурасы адам денесінің температурасынан жоғары болған кезде жылу ағыны қоршаған ортадан адамға бағытталады.
Контактілі жылуөткізгіштік кезіндегі жылудың жоғалуы жанасатын беттердің температуралары мен көлемдерінің айырмасы бойынша анықталады.
Булану арқылы жылу берілу ауаның ылғалдылығы (ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, булану арқылы жылуберілу соғұрлым төмен) мен оның қозғалыс жылдамдығынан тәуелді. Ауаның қозғалмалылығы адам денесінен ылғалдың әкітілуі мен оның одан кейінгі булануын анықтайды. Ауаның жоғарғы температурасы мен ауыр физиологиялық жұмыс кезінде терінің шығуы организмнің термореттеуінің басты факторы болып табылады. Жеңіл жұмыс және 18-22 °С температурасы кезінде адам 50 гсағ тер бөліп шығарса, ауыр жұмыс кезінде ол сан 200-250 гсағ дейін жетеді. Ыстық цехтарда булану арқылы жылуберілу 95 % дейін жете алады және адам мен қоршаған орта арасындағы жалпы жылуалмасу кезінде одан артады. Бірақ ылғалдың булануы арқылы жылуберілудің артуы қажетсіз физиологиялық үдеріс болып табылады, себебі тердің қарқынды шығуы кезінде адам 1 % жуық минералды тұздар мен дәрумендердің біраз бөлегін жоғалтады екен. Сондықтан ыстық цехтарда қызмет ететін жұмыскерлерге газдандырылған тұз қосылған су мен дәрумендендірілген сусындарды ішуге ұсынылады. Ауа ылғалдылығы жоғары болған кезде булану арқылы жылуберілу күрт төмендейді, ол өз кезегінде жылуалмасудың әсіресе жоғары температура шарттарында бұзылуына әкеп соқтырады.
Тыныс алу кезінде ауаны жылытуда жылуберілу, сонымен қатар жалпы жылу алмасуда тағамды жылытуда жылуберілу үлкен емес. Бірақ, ауаның төмен температурасы кезінде ыстық тағам жеу организмге қосыиша жылу береді, ол әдетте жылулық комфорттың ұзақ болуына септігін тигізеді.
Жылуалмасу шарттарын сипаттау кезінде киімнің жылуқорғаныш қасиеттерін де ескереді, олар жылуөткізгіштік коэффициентінің өлшемімен анықталады.
Адамның термореттеу жүйесі жылулық балансты ауаның 14-23 °С температурасы кезінде ұстау жағдайы бар, басқа да температуралар бұл балансты бұзуға мүмкіншіліктер туғызады. Жоғарғы температура кезінде ауа қозғалысының жоғарылауы организмнің термореттеуін жақсартады, ал төмен температура кезінде жылуберілуді жоғарылатады, әсіресе қысқы уақыт шарттарында ашық ауада шамадан тыс сууына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, 6-7 мс жоғыра ауа қозғалысының жылдамдығы адамға тітіркендіргіштік әсер етеді. Жоғары температура кезінде ауа ылғалдылығының жоғарылауы тері бетінен тердің булануын қиындатады, ол организмнің шамадан тыс қызуына әкелуі мүмкін. Төмен температура кезіндегі жоғары ылғалдылық термореттеуге жағымсыз әсер етеді, себебі, суық ауадағы сулы будың болуы жылуберілуді жоғарылатады. Бірақ, төмен ылғалды ауа (25 % төмен) тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшаларының кептіріп жібереді.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келсек, адамның өзін өзі қалыпты жылулық сезінуі (сәйкес киім мен термореттеудің бұзылмаған функциялары кезінде) барлық микроклимат параметрлерінің белгілі бір үйлесуімен қамтамассыз етіледі.
Ауа ортасының метеорологиялық параметрлері адам организміне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін айтарлықтай арттыра алатынын атап өту керек. Мысалы, ауа температурасы жоғары болған кезде, тері ұлпалары ұлғаяды, тер бөлу артады, тыныс алу жиілейді, осының барлығы зиянды заттардың организмге тез енуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары температура кезінде булану мен заттардың ауада қалқу жылдамдығы артады, ол жұмыс зонасы ауасындағы ластаушылар концентрациясының өсуіне әкеп соқтырады. Осыған қоса ауа қозғалысы зиянды заттардың ғимарат ішінде орын ауыстыруларын анықтайды, шаңның тұнуына кері әсерін тигізеді. Ауаның төмен температурасы кезінде дірілдің жағымсыз әсері артады. Басқа да факторлармен қоса жоғары температура мен қатысты ылғалдылық адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігін арттырады.
1.2 Микроклиматты нормалау
Микроклимат параметрлерін нормалау 12.1.005-88 МемСТ арқылы жүзеге асырылады, бұнда ғимараттың жұмыс зонасы үшін оңтайлы және рұқсат етілетін микроклиматтық шарттар бекітілген. Сонымен қатар стандартпен келесілер қарастырылған:
- жыл мезгілі - жылдың сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10 0С төмен суық және ауыспалы кезеңдері мен +10 0С мен одан жоғары жылы кезеңдер болып бөлінуі;
- жұмыс категориясы - организмнің жалпы энергия жұмсау негізінде жұмыстардың ауырлық бойынша келесідей категоряларға бөлінуі: І - жеңіл физиологиялық жұмыстар - отырып, тұрып және жүрумен байланысты атқарылатын, бірақ жүйелі физиологиялық жүктеме немесе жүкті көтеру мен тасымалдауды талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172 Джс (150 ккалсағ) аспайды; ІІа - орта ауырлықты физиологиялық жұмыстар - ылғи жүріспен байланысты, тұрып немесе отырып орындалатын, бірақ жүктің тасымалдауын талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172-232 Джс (150-200 ккалсағ) құрайды; ІІб - жүріспен және ауыр емес (10 кг-ға дейін) жүктерді тасымалдаумен байланысты физиологиялық жұмыстар; энергошығындар 232-293 Джс (200-250 ккалсағ) құрайды; ІІІ - жүйелі физиологиялық жүктемемен байланысты, атап айтқанда, тұрақты түрде айтарлықтай жүкті (10 кг-нан жоғары) тасымалдау мен қозғаумен байланысты жұмыстар; энергошығындар 293 Джс (250 ккалсағ) астамын құрайды;
- ғимараттың жылулық сипаттамасы (өзіндік жылу шығындары бойынша*) - өндірістік ғимараттардың өзіндік жылу шығындары 23 ДжмЗ (20 ккалсағ) шамасына тең, жоғары немесе кем болып бөлінуі. Стандартпен талмыш шарт тек қана жылдың жылы периоды үшін ғана ескеріледі.
*Өзіндік жылу - инсоляция нәтижесінде жұмыс ғимаратына құрылғылардан, жылу беру құралдарынан, жылыту материалдары, адамдар мен басқа да жылу көздерінен берілетін, және ғимараттағы ауа температурасына әсер ететін жылу. Өзіндік жылудың шығындары - өзіндік жылудың қалдықты санын азайту бойынша барлық технологиялық, құрылыстық, көлемді-жобалық, санитарлы-техникалық шаралары (ысыған беттердің жылулық оқшаулануы, құрылғылардың гермитизациясы, ысытылған ауаны жергілікті сорудың құрылғысы) жүзеге асырылғаннан кейін, сыртқы ауа параметрлерінің есебі кезінде ғимаратқа келіп түсетін өзіндік жылудың қалдықты саны.
Микроклиматтың оңтайлы шарттары деп адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің қалыпты функционалды және жылулық жағдайын термореттеу реакциясының ешқандай жүктелуінсіз сақталуын қамтамасыз ететін микроклимат параметрлерінің үйлесуін түсінеміз. Олар жылулық комфорт сезімін қамтамасыз етеді және жоғары деңгейлі еңбек қабілеттілігі үшін шарттар жасайды.
Адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің термореттеу реакциясының жүктелуінің функционалды және жылулық жағдайының болатын және тез қалыпқа келтірілетін өзгерістерін тудыра алатын микроклимат параметрлерінің үйлесуін рұқсат етілетін деп атаймыз. Бұл ретте денсаулық жағдайының бұзылу немесе жарақаттануы пайда болмайды, бірақ дискомфорттық жылулық сезімдер, өзін өзі нашар сезіну мен еңбек қабілеттілігінің төмендеуі байқалуы мүмкін.
1.3 Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері
Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын сандық бағалау қажет.
Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды. Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды. Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан 1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс.
*Тыныс алу зонасы - жұмыскердің бетінен радиусы 50 см дейінгі кеңістік.
Ағымдыға температура мәнін өлшеу үшін кәдімгі термометрді (спирттік немесе сынапты) қолданады. Бақылау периоды арасында температураның аса жоғары немесе өте төмен мәндерін өлшеу қажет болғанда сәйкесінше максималды немесе минималды термометрді қолданады. Ағымдағы ауа температурасын жазу үшін термографты қолданады.
Мәнді жылулық сәулелену шарттарында ауа температурасын өлшеу үшін булы термометр қолданылады. Булы термометрдің өзі екі термометрден тұрады, бірінің үстінгі резервуары қараңғыланған (қара термометр), ал екіншісі күміс қабықшасымен қапталған (жылтыр термометр). Нақты температура жылтыр және қара термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы бойынша градирлік коэффициент (аспаптың константасы) есебімен анықталады.
Соңғы кездері сулы термометрлерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар (сезімталдылығы жоғары, қашықтықта өлшеу мен автоматика құралдарымен байланыстыру мүмкінділігі) электрлік термометрлер кеңінен қолданылуда. Әрекет ету принципі бойынша олар қарсыласу термометрлері мен термоэлектрлік термометрлер болып бөлінеді.
Ауаның қатыстық ылғалдылығын психрометр және гигрометр көмегімен бағалайды. Ауа ылғалдылығының өзгеруін жазу үшін гигрограф қолданылады.
Гигрометрлер мен гигрографтардың қатысты ылғалдылықты нақтылы анықтау үшін қолданылатын датчиктері болып адамның майсыздандырылған шашы немесе қатысты ылғалдылықтың өзгеруіне пропорционалды түрде өзінің өлшемін өзгертетін арнайы синтетикалық диафрагмалар табылады.
Психрометрдің жұмысы психрометр құрамындағы құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсеткіштерін анықтаудан тұратын психрометрлік әдіске негізделген. Құрғақ термометр қоршаған ауаның температурасын, ал резервуары дитиллденген сумен суландырылған мәрлі немесе батист бөлігімен оралған ылғалды термометр айтарлықтай төмен температураны көсретеді, себебі матадан буланатын су жылуды ұстап қалады. Ауаның қатысты ылғалдылығын құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсеткіштеріне сәйкес психрометрлік кесте бойынша анықтайды.
Ассманның аспирационды психрометрінде (Августтың статистикалық психрометріне қарағанда) екі термометр де металлды қоршауға алынған. Құралдың үстіңгі бөлігіне кірістірілген (аспирационды баста) вентилятордың көмегімен (электрлік немесе серпімді жетегі (приводы) бар) ауа құбырлар арқылы сорыла өтеді де термометрлердің резервуарларын қамтиды, осылайша олардың көрсеткіштерінің тұрақтылығы және мүмкін болатын жылулық сәулеленуді экрандау қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар құрғақ және ылғалды терморезисторлардың қарсылығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейтін электронды психрометрлерді де қолданады.
Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін әртүрлі конструкциялы анемометрлерді пайдаланады. Механикалық анемометрлер (қанатты және табақшалы) бекітілген ағынға орналастырылған құралдың қабылдаушы зырылдауықтың (вертушка) айналу жиілігін белгілі бір уақыт периоды кезінде өлшеу жүргізу принципі бойынша жұмыс істейді. Индукционды анемометрлер электрлік индукционды тахометр әдісімен зырылдауықтың айналуының бұрыштық жылдамдығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейді. Ауа қозғалысының төмен жылдамдықтары (0,5 мс төмен) әдетте кататермометрлермен (жылулық анемометрлермен) өлшенеді. Олар үстіңгі бөлігінде кеңейтілген капиллярға өтетін төменгі бөлігінде шарлы немесе цилиндрлік резервуары бар термометрден тұрады. Кататермометрлердің жұмысы ауаның қозғалыс жылдамдылығынан тәуелді болып келетін ауаның суу қабілеттілігін (суу ұзақтылығы) анықтауға негізделген.
Төмен жылдамдықтарды электроанемометр көмегімен өлшеуге болады, олар ауа ағыны жылдамдығына байланысты температурасын өзгерту кезінде терморезистордың қарсылығын өлшеу принципіне негізделген.
Аса ерекше құралдар тобын Пито-Прандтль құбыры принципі бойынша әрекет ететін аэродинамикалық анемометрлер құрайды. Бұл құралдарды әдетте желдету каналдарындағы ауа ағынының қозғалыс жылдамдығын бағалау үшін пайдаланады.
Жылулық сәулеленудің қарқындылығын актинометрмен өлшейді, термобатарейдің жылтырлаған және қараңғыланған секцияларының жылуды жұту және сәулеленудің әртүрлі өлшемдері нәтижесінде пайда болатын термо-э.д.с. өлшеуге негізделген принцип бойынша әрекет етеді. Жылулық сәулеленудің қарқындылығын анықтау үшін булы термометр де қолданылуы мүмкін.

2. Жұмыс орының микроклимат көрсеткіштері
Ауа ылғалдылығы оның құрамында су буларының болуына байланысты, және абсолюттік ылғалдылық (су буларының әлеуетті қысымымен [Па] немесе ауаның белгілі бір көлемінде салмақ бірліктерінде [гм3 ] көрінеді ); максимал ылғалдылық 144 (осы температурада ауаның толық қанығуы жағдайында ылғалдылық көлемімен көрінеді); салыстырмалы ылғалдылық (абсолюттік ылғалдылықтың пайыздарда көрсетілген максимал ылғалдылыққа қатынасымен көрінеді). Қанығу тапшылығы бұл - ауаның максимал және обсолюттік ылғалдығы арасындағы айырмашылық. Жайлы (бейтарап) микроклимат жайлы жылуды түйсінумен сипатталады, ал ағзадағы жылу теңгерімі жылуды реттеу үдерістерін күшейтпей қамтамасыз етіледі. Қыздырушы микроклимат жұмыс орындарында микроклимат параметрлері жайлылық аймағы шегінің орташа мәндерінен айтарлықтай жоғары болуымен сипатталады. Салқындатушы микроклимат жайлылық аймағының төменгі шегіне қарағанда айтарлықтай төмен ауа температураларымен сипатталады. Жылуды реттеу - жүйке-эндокриндік жолмен реттелетін жылу қалыптасу және жылу шығындау үдерістерінің өзара үйлесуі. Жылудың қалыптасуы - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді
Микроклимат түсінігі, жіктелуі
Микроклимат түсінігі, жіктелуі туралы
Микроклиматты нормалау
Бөлменің ауа температурасын анықтау
ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторлар және оларды бағалау
Өндірістік микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер, оларды гигиеналық бағалау
Еңбекті қорғау туралы
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар Өндірістік гигиена және санитария
Пәндер