Бронхопневмания ауруы
Кіріспе
Әдебиетке шолу
1 Негізгі бөлім
1.1 Бронхопневмания ауруы
1.2 Бронхопневманияның пайда болу себептері
1.3 Аурудың дамуы
1.4 Өлекседегі өзгерістері
1.5 Бронхопневмания ауруының белгілері
1.6 Аурудың емі және балау шаралары
2 Катаральды бронхопневмония
2.1 Катаральды бронхопневмония ауруының белгілері
3 Техникалық қауіпсіздік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Осы аурулардың ішінде ен жиі кездесетіні өкпенің қабынулары мен бронхының қабынуы. Өкпелердін қабынулары тыныс алу жүйесінің ауруларының ішіндегі ең жиі кездесетін аурулар. Олардың себептері көптігіне байланысты індетті және құрт ауруларынан ажырату үшін қоздырғышы нақтыланбаған қабынулар деп те атайды.
Мал арасында тыныстану ауруларының шығу факторлары полиэтиологиялық болады. Ауру патогенезінің негізінде терең функционалдық және құрамдық өзгерістер жатады, олар өкпе ұлпаларында ауру ошақтарын өршітіп, зақымдауды келтіреді, дерт тұрақты қалыпта өтіп, ұзақ уақытқа созылып, көбінде өлімге әкеп соғады.
Тыныстану ағзалары ауруларының малға келтіретін экономикалық зияны: ауруға душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан; одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен; малдың күйі нашарлауынан; тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады. Жалпы барлық жұқпайтын аурулар арасында, тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64 %-ға дейін жетеді. Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе малдың жас төлдері душар болады.
Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып, оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ. Ауру мал жай айларында көлеңке жерде, қыста, күзде жылы, таза қорада ұсталып, құнарлы азықпен азықтандырылады.
Төлдер сүт емуден шыққан болса, оларға міндетті түрде( 7-10 күн бойына) қаймағы алынбаған сүт(3-4 литр бұзауларға) беріледі. Төлдердің күйін, құндылығын арттыру үшін витаминдер (А, Д, С , В ), гидролизин Л-103, аминопентид-2, гаммоглобулин немесе енесінің қаны (тері астына, етіне ) егіледі. Тыныс жолын кілегей сұйықтан тазарту үшін хлорлы аммоний, ас содасы, карбонат тұзы беріледі және скипидар, ихтиол,ас содасы буларымен емдеу әдісі қолданылады.

1. К.Н. Қожанов. « Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей – 2005 ж. (150-160 б).
2. М. Қожабаев, Ш.М. Қаратаев, «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» - Шымкент 2006ж (155-157 б).
3. Қ.Қ. Қожанов. «Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары» - Алматы 2005 ж. (61-68 б).
4. Т. Сайдулдин «Ветеринарлық індеттану» Алматы 1999 ж .(133-136 б).
5. Ж.Бердімұратов "Ірі қара аурулары" Алматы Қайнар 1976 ж.(78-80 б).
6. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж. (100-105 б).
7. Б.К. Ілиясов «Алғашқы ветеринарлық жәрдем» Алматы -2001.( 89-90
8. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(40-43 б).
9. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(15-17 б).
10. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (67 б).
11. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі». - Алматы, 2005, (235 б).
12. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(125 б)
13. А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(44б)
14. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (249 б).
15. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж. ( 215 б)
16. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие.
Л. Колос, 1981г.(225 б)
17. Н.Т.Кадыров, - «Паразитология инвазионные болезни животных», - «Астана», 2009г.
18. Диков Г.И. «Мал гельминтоздарының анықтамалығы», - «Алматы», 2012ж.
19. Смағұлов А.Қ, Сағындықов Қ.А, Төреханов А.Ә. «Ауыл шаруашылық өнімдердің сапасын сараптау және бақылау» , -«Алматы», 2008ж.
20. Сенченко Б.С. «Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения», -«Алматы», 2007г.
21. Кожабеков З. К. Мал аурулары. Алматы. Кайнар, 1989. – 384 б.
22. Котельников Г. А. Гельминтологические исследования животных и окружающей среды. М. Колос, 1984. – 208 с.
23. . Орлов И. В. Практикум по ветеринарной паразитологии. М. Издательство
24. Потемкина В. А. Гельминтозы домашних птиц. М. 1960. – 235 с.
25. 1Старченков С. В. Болезни мелких животных. Санкт-Петербург, 1999. –509 с.
26. Сабаншиев, М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы,2011.- 480 бе
27. 18. Федоров К. П. и др. Основы общей и прикладной ветеринарной паразитологии. Новосибирск, 2004. – 1044 с.
28. Шевцов А.А. Ветеринарая паразитология. М: Издательство «Колос», 1977. – 463 с.
29. Ысқақов М.М., Ахметжанов О.О., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары – Семей, 2014.-346 бет
30. Ыбраев Б.К., Сүлейменов С.И. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана – 2008. 53 б.

К.Н. Қожанов [1] деректері бойынша бронхопневмонияның белгілері, көпшілігінде ауруды тудырған себептердің ерекшеліктеріне, малдардың түрлері мен жастарына байланысты болады.Жіті түрде өткен аурудың бастапқы кезеңінде, бронхиттің белгілерінен басқа, жалпы жабығу, сыртқы орта әсеріне реакциясының бәсенделуі, әлсіздік, азыққа зауқы төмен не бәсеңделуі, дене қызуының 1-2°С көтерілуі байқалады.
Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады.
М. Қожабаев, Ш.М. Қаратаев [2] мәліметтеріне сүйенсек, әлсіреген және қатты арықтаған малдарда дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін. Аурудың 2-3 күндері тыныс алу жүйесінің зақымдалған белгілері: жөтел, күшейген ауыр тыныс және ентікпе, танауларынан ұйымалы-катаральді не катаральді ақпа ағу, қатаң везикулярлы тыныс, бронхылар мен өкпелерде алдымен құрғақ, сонан соң ылғалды сырылдар естіледі. Бірнеше тәуліктерден кейін перкуссиялап тексергенде өкпелердің алдыңғы ұштарынан күнгірттенген бәсең дыбыс шығатын жерлер анықталады.
Қ.Қ. Қожанов [3] зерттеулерінде Көмескі және созылмалы түрлерінде өтетін бронхопневмонияға тән белгілер: өсіп-жетілуі кешеуілдейді, салмақ қосуы азаяды, арыктайды, азыққа зауқы бәсеңдейді, мал көбінесе жатады, шошқалардың танау айнашығы мен тұяғы көгереді. Тыныс алуы жиілеп зорланады, дем шығару қиындап, бүйір соғу ентікпесіне айналады. Шошқаларды, орындарынан тұрған кезінде 30-40 рет қайталанатындай құрғақ жөтел қысады.
Аускультация кезінде қатаң везикулярлы тыныс, құрғақ не ылғалды сырылдар, қабынған ошақтарда-бронхиалды тыныс естіледі, кейде сол ошақтардан тыныс шуылдары мүлдем естілмеуі де мүмкін. Перкуссиялаған кезде өкпелердің алдыңғы жүрек тұсындағы және диафрагма бөліктерінің астыңғы жақ ұштарында күңгірт бәсең дыбысты ошақты жерлер анықталады.
Т. Сайдулдин [4]еңбектерінде бронхопневмонияны бастапқы кезінде рентгенмеи тексергенде өкпенің алдыңғы және жүрек тұсы бөліктерінде орташа дәрежелі қоюлықты, біркелкі қарауытқан ошақтар, бұлынғырланған өкпе жиектері, жүректің бұлдыраған алдыңғы шегі, айқындалынбаған бронх тармақшаларының кескіні көрінеді. Бірақ осындай көрініс жағдайларда жүрек-диафрагма үшбұрышының шектері айқын көрінеді, қабынған ошақтардың тұсында қабырғалар кескіні жақсы көрінеді.
Ауру созылмалы түрде өтіп, зақымдалған ошақтар тұрақтыланған кезінде өкпенің жоғарғы, жүрек тұсы және диафрагма бөліктерінде қою қарауытқан айқын ошақтар көрінеді, көпшілік жағдайда, жүректің алдыңғы шегі онша байқалынбайды, жүрек-диафрагма үшбұрышының шектері және зақымдалынған жерлердегі қабырғалар кескіндері анық көрінбей көмескіленеді.
Ж.Бердімұратов [5] жазбаларында жазылуынша ауру созылмалы түрде еткенде, өкпе жайылмалы, үдемелі түрде зақымдалынған кезінде, рентгентексеріс өкпелердің алдыңғы және астыңғы жақ бөліктерінде үлкен көлемді, жайылмалы, қою қарауытқан көріністі көрсетеді.
Зақымдалынған жерлерде жүрек шектерінің, жүрек-диафрагмалық үшбұрышының және қабырғалардың кескіндері жақсы ажыратылмайды. Омыртқалар қырына жақын орналасқан өкпенің үстіңгі жақ бөліктерінде эмфизема ошақтары және бронх кескіндерінің пішіндері айқын байқалады
Ермахан Әмірбек [6] деректерінде бұзаудың жалпы асқорыту жүйесі бұзылуы мүмкін. Ауырғаннан кейін азыққа тәбеті тартпай, суды көп мөлшерде іше бастайды. Бұзау аза бастайды. Несеп жүйесінде үлкен патология байқалады. Зәр бөлу жиілеген, олигурия, кейде тіпті анурия болуыда мүмкін, түсі лай түстес, кейде ақшыл-қызыл, не қоңыр түсті болып келеді. Көбінесе қышқылдығы жоғары болады.
Ірі қара малды өсіріп бордақылайтын шаруашылықтарда, көп жағдайда, бронхопневмонияның пайда болып көп таралуына зоогигиеналық нормативті технологияның бұзылғандығы: шаруашылықтардан малды көліктермен кешенге алып келе жатқанда суық тигізу, әкелген малды суық күндері суық қораларда жуу, малды ылғалды. едені цемент, желөтінде қорада төсенішсіз ұстау, жылы қорада тұрған малды суық сумен суғару т.б. әкеліп соқтырады.
Б.К. Ілиясов [7] мәліметтерінде жазылуынша ветеринариялық тәжірибеде тыныс алу жүйесі ауруларына, оның ішінде бронхопневмонияға қарсы емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі біршама төмен екені байқалады, көп жағдайда олардың емдік нәтижесі аз болып, олар дерттен болатын зардаптарды толық жоя алмайды. Антибиотиктерге микрофлоралар сезімталдығы аз болатындықтан және ауру малдың организміндегі ферметативтік жүйкесін зақымдау әсерінен, оның тыныс жолы ауруларына болған пайдасына қарағанда зияны артық болып шығады.
Жаңабай Төлеуіш [8] деректерінде тыныстану ағзалары ауруларының малға келтіретін экономикалық зияны: ауруға душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан; одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен; малдың күйі нашарлауынан; тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады. Жалпы барлық жұқпайтын аурулар арасында, тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64 %-ға дейін жетеді. Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе малдың жас төлдері душар болады
Қасымов Е [10] жазбаларында жануарлардың тыныс алу процесі өкпе мен қоршаған орта арасында газдардың алмасуынан сыртқы тыныс алу, газдарды қан арқылы тасмалдаудан және тін жасушалары мен қан арасындағы ішкі газ алмасудан қалыптасады. Тыныс алу кезінде ауа алдын ала ауа өткізгіш жолдарына түсіп, онда жылынып, ылғалданып тазарады. Ішкі бөгде денелерді микробтарды сүзіп, тұндыратын кілегейлі заттар бөледі. Тербеліс қаблеті бар эпителий жасушаларының қозғалысы арқылы сүзілген бөгде денелер кілегеймен бірге сыртқа қарай организмнен ығыстырылып шығарылады.
Жамансарин Т.М [14] Малдарды басты мақсатта (негізінен) азықтық өнімдер мен қайта өндейтін өндірістерге шикізаты үшін өсіреді. Бұдан барып, малдың өнімбергіштігі олардың басты селекцияға түсетін шаруашылықтық пайдалы белгілеріне байланысты.
Малдың жоғары өнімділігін ажырату және аз шығында жоғары өнім алу үшін азықтың сапасына және өнімділігіне әсер ететін ықпалдарды білу керек. Баға беру үшін және іріктегенде дұрыс ұйымдастыра білу және малдың өнімділігін есепке ала отырып қазіргі кездегі әдістерді пайдалану керек. Осы және басқа да малдардың өнім беру деңгейін жақындатылған мәліметтер бойынша оларға берілген экстерьер және конституциялық баға беру негізіне сүйене отырып алуға болады, бірақ та малдың барлық өнім беру сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау мүмкін емес.
Малдардың шаруашылыққа пайдалы белгілерінің өте күрделі табиғаты бар болғандықтан, олар әртүрлі ықпалдардың әсерінен күрделі өзгерістерге ұшырайды. Себепті және өзгергіштік заңдылықты білу, малдардың өнімдерін жүйелі түрде көтеру және сапасын жақсарту үрдісін басқару да керек. Мал өнімдерінің негізгі түрлері: сүт, ет, жүн, елтірі, жұмыртқа, қымбат аң терісі.
1 Негізгі бөлім
1.1 Бронхопневмания ауруы
Бронхопневмония - бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың куыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.
Малдың бронхопневмониясы - барлық мал шараушылықтарында кең тараған дерт. Бұл ауру республика ауыл шаруашылығына бірталай экономикалық нұқсаны келтiрiлетiні мәлім. Тыныстану жүйесінің аурулары, соның ішінде пневмониялар, бронхиттер және бронхопневмониялар барлық шаруашылықтарда кеңінен таралған, олардың емі және алдын алу шаралары ветеринария саласының өзекті мәселелері болып табылады.

Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып, оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ.
Ветеринариялық тәжірибеде тыныс алу жүйесі ауруларына, оның ішінде бронхопневмонияға қарсы емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі біршама төмен екені байқалады, көп жағдайда олардың емдік нәтижесі аз болып, олар дерттен болатын зардаптарды толық жоя алмайды. Антибиотиктерге микрофлоралар сезімталдығы аз болатындықтан және ауру малдың организміндегі ферметативтік жүйкесін зақымдау әсерінен, оның тыныс жолы ауруларына болған пайдасына қарағанда зияны артық болып шығады [1,2,4].
Бронхопневмония. [bronchopneumonia subolis]Өкпедегі бронхылар мен альвеолдардың бір мезетте қабынуы. Қабынудың дәрежесіне қарай бронхылар мен өкпе альвеолдары жалаяққа толады, газ алмасу бұзылып, малдың тынысы тарылады. Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері, әсіресе төл ( бұзау, торай, қозы) өте жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен,көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.Тыныс алу жүйесінің ауруларының сексен пайызы осы ауруға келеді.
Жіті,жітілеу,созылмалы,катаральды,ф ибринді,іріңді түрлерін ажыратады.
1.2 Бронхопневманияның пайда болу себептері
Төлдерді бронхопневмонияға ұшырататын себептер әр қилы. Ең негізгісі - аналық буаз малға берілетін азықтардың құнарсыз және сапасыз болуы ( белок, углевод, витамин және басқа минералдық тұздардың жетіспеуі), қышқылды азықтардың (сүрлем, борда, жем) басым болуы, күтудің нашарлығы ( қора тарлығы, ішінің лас, суық, дымқыл болуы ), серуендетудің аздығы болып табылады. Айтылған жайлар әсерінен төл ана құрсағында нашар жетіледі де, әлсіз болып туады.
Ендігі бір қолайсыз жағдай-буаз мал төлдейтін және жаңа туған төлдер тұратын профилакторийдің ластығы, микроклиматының нашарлығы,оларды азықтандыратын ыдыстардың таза болмауы да күрделі әсер етеді.Ауруға шалдығудың тағы бір себебі-төл өсіру техналогиясындағы олқылық,олар:бұзауға уызды не сүтті мезгілінде ішкізбеу,азықтың құнарсыздығы, ультракүлгін сәулелердің тапшылығы, серуенге шығармау, төл рационының салмағына, жасына сай болмауы т.б жайлар. Шаруашылықтарда осы себептердің барлығы бірдей немесе әр түрлі дәрежеде орын алуы мүмкін.

Шошқа өсіретін шаруашылықтарда, әдетте шошқаларды төсенішсіз, суық, едені цемент не асфальт (цемент ауруы), суық, бірақ ауасының ылғалдылығы жоғары және аммиак жиналған қораларда ұстауы, бронхопневмонияның көп таралуына себепкер болады [3,4,5].
Оңтүстік дала және шөлейт аудандарда жаздың қатты ысыған күндері дененің нақтыланбаған төзімділік күшінің әлсіреуінен қойлар арасында бронхопневмоиия жаппай кездесуі мүмкін.
Бронхопневмония тудыруға құнарсыз, әрі сапасыз азықтандыру (рационда нәруыз (белок), витамин, (дәрумен) минералды заттардың жетіспеуі, күтіп-бағуды нәзіктендіру, серуендетуді ұйымдастырмау, табиғи және ультракүлгін сәулелерінің жетіспеуі, төлдің әлсіз тууы, жас кезінде малдың ішек-қарын, рахит ауруларымен ауруы себепкер болады.
Бронхопневмонияны тудырып, әрі қарай дамытуда микро-организмдердің маңызы өте зор. Бронхопневмониямен ауырған не сол дерттен өлген малдың көпшілігінің өкпелерінің кабынған жерлерінен стрептококктар, стафилококктар, сарциндер, протейлер, ашытқылы саңырауқұлактар, микоплазмалар және микроорганизмдердің басқа да түрлері бөлініп алынады. Бұл микроорганизмдердің әсері, көбінесе туынды түрде ауруды асқындыруға бағытталынады, ал кейбір ыңғайы түскен жағдайларда дерттенудің негізгі себепкері де болуы мүмкін. Бронхопневмонияны тудырын, оны әріқарай дамытуға, әсіресе төлдер арасында, вирустардың қатынасы бар екені дәлелденген.
Кейбір малдары бір жерге көп шоғырланған шаруашылықтарда, көбінесе аралас індеттер анықталынады. Малдарды көп каматамасыз ететін шаруашылықтардан іріктелініп толтырылатын фермалар мен кешендерде бұл ауру басқа дерттерге қарағанда жиірек кездеседі.
1.3 Аурудың дамуы
Ауруды жеке тыныс алу жүйесінің ғана ауруы емес,организмнің барлық жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы деп қараған дұрыс.Ауруды тудыратын себептердің әсерлерінен организмде әуел баста аллергиялық сезімталдық күшейеді.Нейрогуморалдық реттеушілік реакциясының бұзылуы салдарынан бронхылар мен өкпе альвеолаларының қалыптасқан қызметтері өзгереді.
Өкпеде қан іркіледі,оның сары суы бронхылар мен альвеоллалардың қуыстарына жиналады.Бұған қанда ірі дисперсті гамма глабулиннің көбеюі де әсер етеді.Эксудат бар жерде микроорганизмнің өсі жылдамдайды.Оған тыныс жолдарындағы арнайы жыпылықтағыш эпителий торшаларының қызметтері мен фогоцитоздың нашарлауы да өз әсерін тигізеді.Организмде түзілетін улы заттар қанға сіңген уақытта дене қызуы көтеріледі.Қабыну процесікішігірім бөлікшелерінен басталып,бірте бірте үлкен көлемді ошаққа айналады.Өкпе альвеолаларының тыныс алуға қатынасатын беттерінің көлемінің азаюы газ алмасу процесінің бұзылуына барып тіреледі.Көмірқышқыл газының алмасуының бұзылуы оның организмде шоғырлануымен сипатталады.Ол дем алу орталығына әсер етеді де,ауру малда жиіленген,үстіртін дем алу пайда болады [6,9,11].
Бронхопневмонияны дененің тек бір жерінің ғана қабыну процесі деп есептемей, организмдегі барлық жүйелер қызметтерінің бұзылып, жалпы дерттенуі деп ұғу керек.
Ауруды тудыратын себептердің әсер етуінен, мысалы аяқ асты қатты суықтағаннан, организмде аллергаялық сезімталдықтың күшеюіне жағдай жасалынады да, нейрогуморальды реттеушілік реакция бұзылады, сейтіп бронхылар мен альвеолалардың қалыптасқан қызметтері өзгереді. Бронхтардың кілегейлі қабықтарының астыңғы қабатындағы капиллярлар алдымен жиырылып түйіледі, сонан соң салдануға ауысады да веноздык, қан іркілісінен өкпенің ұлпасына қан құйылып ісінеді. Қанда лизоцим, гистамин мөлшері азаяды, ал өкпе ұлпаларын тітіркендіргіш қасиеті жақсы жетілген белоктын ірі дисперсті гамма глобулин бөлігінің мөлшері көбейеді де, өкпеде қан іркіліп ісінуге жағдай жасалады.
Сау малдың өкпелеріне микробтардың жетпейтін себебі, олар тыныс жолдарындағы түкті эпителийлердің кедергілеріне ұшырайды, ал біразы лейкоциттердің фагацитозына (бөтен заттарды жұту касиеті) тап болады. Ауырған малдың тыныс жолдарындагы эпителийлерімің кедергілік қызметтерінің әлсірегендігінен барып бронх кілегей қабықтары мен тыныс жолдары қуыстарында микробтардың тез арада есіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасалады,
Бронхопневмонияның дамуында микробтардың қатынасы басым болған жағдайда аурудың бастапқы өзгерістерінің негізінде эксудативті процестер және лейкоциттер реакциясы айқын білінеді, бронх қуыстары мен альвеолаларға эксудат тез арада жиналады. Оған себепші болатын жағдай бактериялардың, әдетте кілегейлі қабығына ене алмайтын қасиетінің арқасында тек қана тыныс жолдары куыстарында ғана өсіп-өнуі.
Микоплазмалар мен вирустар кілегейлі қабықтардың эпителийлеріне еніп, сол арада өсіп-енеді. Сондықтан, мұндай жағдайда, аурудың бастапқы кезіндегі өзгерістері тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарының барынша зақымдалынуымен, ал бронхтар мен альвеолалар қуыстарына эксудаттың аз жиналуымен сипатталады.
Бронхопневмонияда қабыну процесі ірі бронхтан кішісіне, одан барып бронхиола және альвеолаларға ауысып, яғни бронхиттің асқынуы ретінде дамуы мүмкін. Кейде қабыну процесі алдымен бронхиола және альвеолаларда пайда болып кейін, олардан бронхтарға ауысады.
Қандай жағдайлар болмасын бронхопневмонияға тән нәрсе-қабыну процесі алдымен өкпенің ұсақ бөлікшелерінен лобулярлы басталады да бірте-бірте үлкен көлемді ошаққа айнала береді. Алдымен, ылғи да өкпенің алдыңғы бөліктері (өкпенің бас жағы мен жүрек ұшы) зақымдалады. Содан соң қабыну процесі бронхтардың тармақшаларына не лимфа жолдарына таралады.
Ауру жіті түрде өтсе, алдымен қағидалы түрде өкпенің сыртқы жақ беттері дерттелінеді. Аурудың бастапқы кезінде бөлшек-аралық дәнекер ұлпалар қабынуы зақымдалынған жерінен сау жеріне қарай жібермейтін тосқауылдық қызметін атқарады, бірақ кейінірек оның кедергілік қызметі әлсірейді не жойылып кетеді.
Ауруды тудырған себептер уақтылы жойылмай, не керекті ем қолданылмай, дерт созылмалы түріне өтіп кетсе, онда кішігірім ошақты қабыну бір-бірімен қосылып, тұтастанған ошаққа (тұтас бөлікті пневмония) айналып кетеді. Кінәраті созылмалы түрде өтетін малда, әсіресе шошқаларда асқыну жабыспалы плеврит және перикардитке, өкпенің эмфиземасына ұласуы мүмкін.
Бронхопневмонияда кабыну процесінің сипаты оны тудырған себептердің ерекшеліктеріне және организмнің қарсылық керсете алатын күшінің деңгейіне байланысты әр түрлі болады. Аурудың бастапқы кезінде бронхылар мен альвеолаларда ұйымалы, ұйымалы-катаральді не катаральді қабынулар дамиды. Бронхылар мен альвеолалар қуыстарына құрамдарында кілегейлі белок (муцин), лейкоциттер, эритроциттер, бронхтардың эпителий торшаларынан және микробтардан тұратын ұйымайтын экссудат жиналады. Ауру созылмалы түрде өтсе, экссудат, өкпе ұлпасы өліеттеніп, қатайып, әктенген қабыну ошақтары пайда болады, бронхтар мен кейбір өкпе ұлпалары іріп-шіріп ыдырай бастайды.
Қабынған ошақтардан уыттардың, қабыну өнімдернің қанға, лимфаға сіңіп таралуыиан организм уланады, уланудың белгісі ретінде дененің қызуы түрлі деңгейге көтеріледі, жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқорыту, жүйке т.б. жүйелердің қыметтері бұзылады.
Бронхопневмониямен ауырған малдың өкпесінің тыныс алуға қатысты беттерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz