Астық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау



І. Кіріспе
1.1 Астық дақылына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
1.2 Зиянды организмге сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.9
1.3 Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.15
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.21
2.2 Химиялық қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.23
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар – бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар. Бірінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады. Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
Күздік дәнді дақылдар. Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа. Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері -алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі. Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т.б.). Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.
Жаздық дәнді дақылдар. Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.
Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.
1. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер(улы химикаттар) анықтамасы Алматы 2011ж А.Ж.Ағыбаев, Ә.Қ.Төлеева.
2. Google интернет желісі http://www.izden.kz/referattar/biologiya-valeologiya/817.
3. Фитопатология Алматы 2014 Карбозова Р.Д, Туленгутова К.Н. 202-210бет.
4. Энтомология Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә.Жармұхамедова. Алматы «Қайнар» 1994ж. 237-247бет.
5. Ізденістер ҚазҰАУ, Қалиев А.Х., Әбдіқадыров Н.О.
6. Жаршы ҚазҰАУ Қожабаев Ж.
7. © izden.kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
1.1 Астық дақылына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
1.2 Зиянды организмге сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6-9
1.3 Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-15
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-21
2.2 Химиялық қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

І. Кіріспе
1.1. Астық дақылына сипаттама.
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар. Бірінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады. Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
Күздік дәнді дақылдар. Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа. Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері -алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі. Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т.б.). Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.
Жаздық дәнді дақылдар. Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.
Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.
Екінші топтағы дәнді дақылдар. Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.
Астық дақылдары дәндерінің құрамы. Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады. Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8-80,9% шамасында болады. Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
Қазақстандағы астық дақылдарының сорттары. Қазақстанда дәнді дақылдардың, жармалық және бұршақ дақылдарының республика селекционерлері шығарған 70-астам сорты мен гибриді аудандастырылған. 1980-1984 жылдары күздік бидайдың 10, күздік қарабидайдың 3, арпаның 3, сұлының 2 сорты, жүгерінің 9 гибриді, күріштің 4, тарының 6, қарақұмықтың 1 сорты шығарылды. Олардың ең бастылары - "Қызыл жұлдыз", "Красноводопадская - 210", "Богарная 56", "Алматы аласасы", "Оңтүстік Қазақстан 43", "Қазақстан 126", "Қызылбас", "Шортанды 25", "Қазақстан 3", "Целинный 20", "Қазақстан 4", "Целинный 21", "Қарағанды 2", "Эритроспермум 74", "Целинный 5", "Бәйшешек", "Қазақстан 43 ТВ", "Қазақстан 367", "Қазақстан С 4", "Қазақстан 5 ТВ", "Үштөбе".
Астықты дәнді дақылдардың шаруашылықтағы маңызы. Астықты дәнді-дақылдарды тағамға, мал азығына және тамақ өнеркәсібіне шикізат қоры ретінде пайдаланады. Бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері азық-түлікке пайдаланылып, олардан түрлі тағамдар жасалса, сонымен қатар олардың кейбіреуі құнарлы мал азығы. Бірқатар дәнді дақылдар - тамақ өнеркәсібіүшін шикізат қоры. Арпа - сыра, жүгері спирт өндірісінде пайдаланылады. Осындай жан-жақты пайдаланылатын болғандықтан, оларды Қазақстанның барлықаймақтарында өсіреді.

1.2. Зиянды организмге сипаттама.
Қойма зиянкестері - астық және астық өнімдерін зақымдайтын омыртқасыз жәндіктер (кенелер, қоңыздар, көбелектер), құстар, кеміргіштер, тағыда басқа. Олардың жалпы 400-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда 60-тан астам түрі кездеседі. Республикада кең таралған негізгі зиянкестер: ұн кенесі, түкті және ұзынша кенелер, қамба, күріш бізтұмсықтары, үлкен және ұсақ ұн қоңыздары, астық дән тескіші, асбұршақ, үрмебұршақ қоңыздары, қамба күйесі, диірмен, ұн, қойма, дән қанкөбелектері, үй кептері және торғайлар, егеуқұйрықтар, тышқан және сұртышқандар. Кейбір түрлері кептірілген жеміс, көкөніс, дәрілік өсімдіктер мен темекі өнімдеріне зақым келтіреді. қойма зиянкестернің бір тобы (қойма бізтұмсығы, қанкөбелектер) тек жабық жайларды мекендесе, ал екінші тобы (үрмебұршақ қоңызы, күріш бізтұмсығы) қоймаларда, егістік жерлерде, ал үшінші тобы (бұршақ қоңызы, тағыда басқа) тек қоймаларда кездеседі. Қойма зиянкестер сақтаулы астықты елеулі шығынға ұшыратады - дәннің салмағын кемітеді, тұқымның өнгіштігін, астық өнімдерінің сапасын төмендетеді. Тышқандар мен егеуқұйрықтар астық дәндерімен қоректеніп, оларды ластайды, қоймалардың, үйлердің еден, қабырғаларын тесіп, үлкен зиян келтіреді, сонымен қатар адамдар, үй жануарлары арасында әр түрлі ауруларды (оба, түйнек, тағыда басқа) таратады. Алдын алу шаралары: қамбалардың айналасын шөп-қоқыстардан тазалау, қойма ішін, дән тазартқыш машиналарды және қоймадағы саймандарды астық қалдықтарынан тазарту, қойма ішін әктеу, астықты кептіру, тағыда басқа.
Астық тескіш - қатты қанаттылар отрядына жататын тескіш қоңыздар тұқымдасының өкілі. Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Денесінің ұзындығы 2 - 3 мм, түсі қызғылт келеді. Астық тескіштің дернәсілдері қойма зиянкестері болып табылады. Ол қоймадағы кептірілген көкөністерді, дәрілік өсімдіктерді, ұн өнімдерін, сондай-ақкітап, қағаздарды да зақымдайды. Зақымданған ұн өнімдерінің сапасы төмендеп, қарайып кетеді. Астық тескіш маусым - шілде айларында жаппай ұша бастайды. Ұрғашылары тағам өнімдеріне 140-қа дейін жұмыртқа салады.

1-сурет. Астық тескіш.
Дернәсілдері ұн өнімдерін, астық тұқымдарын жеп, сол жерде қуыршаққа айналады. Астық тескіш жылына 4 рет көбейеді. Ол астық қамбаларында тазалық тәртібін дұрыс сақтау, уақытында химиялық және физикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы жойылады.
Қамба қанкөбелегі - кәдімгі күйе көбелектер тұқымдасына жататын ұсақ көбелек. Бұлар жер шарында өте көп (Қазақстанның барлық облыстарында) тараған. Дән, тұқым, азық-түлік өнімдері мен саңырауқұлақтарды зақымдайды. Денесінің ұзындығы 6 - 8 мм, қанаттарының өрісі 9 - 14 мм. Жылына 1 - 2 рет жұмыртқалап, өсіп-өнеді. Жұмыртқаларын (100-шақты) бір-біріне жабыстырып астық дәндерінің бетіне салады. Жұмыртқадан шыққан ақсары, басы қоңыр, кейде сарғыш қоңыр түсті жұлдызқұрттары (ұзындығы 10 мм-дей) алғашқы кезде астық дәндерінің ішін кеміреді. Олар өсе келе дәннің сыртын жеп, зақымданған дәндерді денесінен шығатын өрмек жіптермен шырмап тастайды.

2-сурет. Қамба қанкөбелегі.
Күзде қамбаның керегелері, діңгектері, төбелеріне өрмелеп еніп, сол жерде қыстап шығады. Қамба қанкөбелегінің ішінде ең көп тарағандары: диірмен қанкөбелегі (Ephestіa kuehnіella); дән қанкөбелегі (Ephestіa elutella); ұн көбелегі (Pyralіs farіnalіs), т.б. Күрес шаралары: қамба, қойма, қырмандытазалап, әр түрлі инсектицидтермен дезинсекциялау; Қамба қанкөбелегі түскен дән мен жармаларды дән тазалайтын машинамен тазарту; желдету, кептіру.
Қамба бізтұмсығы -- ұзындығы 2 -- 4 мм, түсі әр алуан, басы сүйірленіп біткен қоңыз. Ұшпайды. Күн жылығанда жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Қара бидай, бидай, күріш, арпа, қарақұмық, жүгері дәндерін, макаронды және ұзақ тұрып қалған ұнды бүлдіреді. Личинкалары дәнді ішінен кеулеп, қоңыздар оның сыртынан кеміреді.
Ұн кенелері (Tyroglyphіdae) -- кене отрядының бір тұқымдасы. Топырақта және шіріген өсімдіктің қалдықтарында тіршілік етеді. Дене тұрқы 0,35 -- 1 мм, сопақша, түсі жылтыр. Дернәсілдері 6 аяқты, нимфалары мен ересек кенелерде 8 аяқ болады. Жылына 6 рет, кейде одан көп өсіп-өнеді, аналығы 3 -- 4 (кейде 60-қа дейін) жұмыртқа салады. Ересек кенелер мен дернәсілдері ұн, астық, жарма; майлы дақылдардан -- зығыр, мақта, қыша, күнбағыс; [көкөніс] дақылдарының тұқымдарын, кептірілген жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды, т.б. зақымдайды. Ұн кенелері дәннің ылғалдығы -- 13%, ал ұнда -- 12%-дан жоғары болса, тез дамып, көбейеді. Астық пен ұнды зақымдағанда оларды қоңыр ұнтаққа айналдырады және иісі шіріген заттың иісіндей, қышқыл дәмі болады.

3-сурет. Ұн кенелері (Tyroglyphіdae).
Ұн кенелерінің аса қауіпті түрлері: ұн кенесі (Acarus sіro), кәдімгі түкті кене (Glycyphagus destructor), ұзынша кене (Tyrophagus putrescentіae). Бұлар республиканың солтүстік аймақтарында кең тараған. Ұн кенелерімен күресу шаралары: күзде жаңадан астық қабылдағанша қойма ішін, қамба төңірегін бүрку немесе фумигациялау арқылы залалсыздандыру; қамбадағы тұқымды тазарту; астықты немесе ұнды салқындатып, ылғалдылығын кемітіп, қоймада ауаның құрғақ болуына жағдай жасау.
Бұршақ қоңызы (Bruchus pіsorum) - қатты қанаттылар отрядының дән қоңыздары тұқымдасына жататын жәндік. НегізіненҚазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына таралған. Даму циклі бір жыл. Денесін қоңыр түсті түктер басқан қарақоңыз, ұзындығы 4 - 5 мм, қанаттарының үстінде ақшыл дақтар мен жолақтар, құрсағының ұшында крест тәріздес ақ таңба бар. Бұршақ қоңызы қамбадағы және өнімді жинаған кезде егістікте шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Егістікте қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Олар жұмыртқаларын бұршаққаптың жақтауларына салады. Эмбриондық дамуы 6 - 10 күнге созылады. Дернәсілдері бұршаққапты кеміріп теседі де, дәннің ішіне енеді. Қоректену кезеңінде дернәсіл дәннің ішін үңгіп, қуыс жасайды. Дернәсіл мен қуыршақтың жетілуі түгелімен бір дәннің ішінде өтеді де, 1,5 - 2 айға созылады. Қуыршақтанар кезінде дернәсіл дәннің керегесін ішкі жағынан кеміріп, беті жұқа қабыршақпен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Одан жас қоңыз шығады. Дернәсілдер зақымдаған бұршақдәндерінің сапасы кемиді, дәмі нашарлайды, өнімділігі 75%-ға дейін төмендейді. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген жерге оларды кемінде 2 - 3 жылдан кейін ғана қайталап егу; өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту. Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті децис, т.б. инсектицидтермен өңдейді.

4-сурет. Бұршақ қоңызы (Bruchus pіsorum).

1.3. Ауруға сипаттама.
Бидайдың қатты қара күйесі. Кесел республиканың барлық аудандарында кездеседі, әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаздық бидайды қатты залалдап, оның өнімін төмендетеді.
Аурудың белгісі дәннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. Залалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дәнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйық ағады. Ауру масақта дән орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.

5-сурет. Бидайдың қатты қара күйесі.
Ауру қоздырғышы - Tilletia caries Tul., T.levis Kuehn. саңырауқұлақтары. қоздырғыштардың өзара морфоло-гиялық айырмашылықтары бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында T. сaries саңырауқұлағы кең таралған, ал екіншісі - солтүстікте кездеседі. Телиоспоралар бір-бірінен морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. T.Сaries саңырауқұлағының споралары шар тәрізді, қабығы торлы, түсі қара-қоңыр, диаметрі 14-22 мкм. T.levis саңырауқұлағының споралары бұрыс пішінді, қабығы тегіс, ашық қоңыр түсті, диаметрі 15-23 мкм.
Егінді бастыру кезінде залалданған дәндер жарылып, телиоспоралары шашылып, сау дәндердің бетіне түседі.Сол дәндермен бірге топыраққа түскен телиоспоралар көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақ, сабақ, масақ) тарайды. Сырттай бұл үрдіс білінбейді. Өсімдіктің дәні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқынды дамып дәнді бұзады. Жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады.
Саңырауқұлақ споралары дән бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроорганизм әсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар және т.б. инфекция қоры болуы мүмкін. Телиоспоралардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай - 7-130С температура мен 40-60% ылғалдылық. Сондықтан кеш егілген күздік және ерте себілген жаздық бидай ауруға қатты шалдығады. Тұқымның себу тереңдігін дұрыс сақтамау да өсімдіктің ауруға төзімділігін төмендетеді.
Қатты қара күйенің әсерінен өсімдіктің дамуы мен суыққа төзімділігі төмендеп, егістік сирейді, масақта дән орнына қара күйе қалташықтары түзіледі.
Бидайдың тозаңды қара күйесі. Ауру бидай өсірілетін барлық аудандарда кең таралып, әсіресе республиканың солтүстік, шығыс және батыс облыстарында дақылды қатты залалдайды. Кеселді белгісі өсімдіктің масақтану кезеңінде білінеді. Масақтың өзегінен басқа бөліктері түгел залалданады. Масақ соңғы жапырақ қабатынан шыға бастағанда оның орнына қара, тозаңды спора массасы көрінеді.

6-сурет. Бидайдың тозаңды қара күйесі.
Ауру қоздырғышы - Ustilago tririci Pers. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар, кейде сопақша немесе бұрышты, түсі зәйтүн-қоңыр, ұсақ, қабығы тікенекті. Телиоспоралар ауа арқылы бидай гүлінің аналығына түсіп фрагмобазидияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспермінде сақталады. Залалданған тұқымның сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды. Сонымен бидайдың тозаңды қара күйе қоздырғышымен алғашқы (бірінші) залалдануы гүлі арқылы өтіп, тұқым ішінде саңырауқұлақ тіршілігін 3 жылдан аса сақтайды. Көктемде саңырауқұлақ жіпшелері активтеніп, тұқымнан өнген бидай өскінін қайталап (екінші) залалдайды. Қоздырғыш жіпшелері өсімдіктің барлық бөлігіне (сабағына кейде жапырағына) таралады. Өсімдіктің масағы құрыла бастағанда жіпшумақ қатты дамып, жуандап пішінсіз массаға айналып, кейін одан телиоспоралар түзіледі.
Өсімдіктің гүлдеу кезеңіндегі жауын-шашын ауаның жоғары ылғалдылығы (60-80%) және қолайлы температура (20-250С) залалдану интенсивтілігін арттырады. Саңырауқұлақтың дамуы 7-80С температурада тежеледі, сондықтан қар астына егілген күздік пен жаздық бидай ауруға аз шалдығады.
Тозаңды қара күйе өте зиянды ауру. Залалданған өсімдіктің өсуі саябырлап, аз түптенеді, ал масағы түгел жойылады. Кейбір өсімдіктер аурудан жойылмайды, бірақ олардан түскен өнімнің сапасы мен саны төмендеп, басқа ауруларға төзімсіз келеді.
Бидайдың қоңыр таты. Ауру республикада кең таралған. Бидайдың жапырағында, оның қынабында шашыраңқы орналасқан қоңыр бөртпелер пайда болып, кейін урединийлердің орнында жылтыр, қара телий бөртпелер түзіледі.

7-сурет. Бидайдың қоңыр таты.
Ауру қоздырғышы - Puccinia triticina Eriks саңырауқұлағы. Қоздырғыштың дамуы толық циклды, эций кезеңі аралық өсімдік - маралотында дамып, онда спермагонийлер мен эцийлер түзіледі. Спермагоний жапырақтың үстіңгі бетінде, ал түссіз сүйел тәрізді эцийлер топтанып алдыңғы бетінде түзіледі де жаздың бас кезеңінде дамып, эциоспоралары негізгі дақылды залалдайды. Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелерінде урединийлер түзіледі. Вегетациялық кезеңде урединиоспоралар бірнеше (5-6), ал Қазақстанның солтүстігінде 10 ұрпаққа дейін береді. Саңырауқұлақтың урединиоспоралары домалақ немесе эллипс тәрізді, көлемі 18-29 х 17-22 мкм, қабығы ашық-қоңыр, сәл тікенекті, 8-10 өнгіш саңылаулары бар. Урединиоспоралар қолайлы жағдайда, су тамшысы және 18-200С температурада өнеді.
Вегетацияның соңында урединийлердің орнында телий бөртпелер түзіледі. Телиоспоралары ұзынша шоқпар тәрізді, төбесі тегіс, көлемі 30-42, х 14-17 мкм, төменгі клеткасы жоғарғысына қарағанда ұзындау және жіңішкелеу, сабағы мен пердесінің түсі қоңырлау, өнгіш саңылауы білінбейді.
Саңырауқұлақ жіпшелері залалданған күздік бидай жапырақтарында және жабайы өсімдіктерде қыстайды немесе споралары ауа ағыны арқылы өсімдікті залалдайды. Саңырауқұлақ жартылай циклмен дамып, эций кезеңі болмауы да мүмкін. Қоңыр тат кеселімен бидай, арпа, қара бидай және астық тұқымдас жабайы өсімдіктер залалданады.
Ауруға шалдыққан өсімдік жапырағының ассимиляциялық көлемі кішірейіп, су алмасу процесі бұзылып, жапырақ ерте қурап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Жамбылобылысы шу ауданы жағдайында күнбағысты негізгі зиянкестері мен ауруларынан қорғау шараларын ұйымдастыру
Жаздық бидай дақылының зиянкестері
Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Өсімдіктің зиянкестері
Күріш және дәнді бұршақ зиянкестері
Пестицидтер түрлері және оларды пайдалану кешендері
Капустаға сипаттама
Пәндер