Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар


Жоспар
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
2. 1) Ихневмонидтер
2. 2) Браконидтер
2. 3) Тахин шыбындары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы - энтомофагтар; гербифагтар; маңызды зиянкестер патогендері мен антогенистерінің, арамшөптер мен ауру қоздырғыштарының жүйелеуін; биология мен экология негіздерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының табиғи жауларының тиімділік дәрежелерін, саңырауқұлақтық, вирустық жане бактериялық препараттарды алу және сақтау технологиясын, энтомофагтар, акарифагтар мен гербифагтарды жаппай көбейту, сақтау және қолдану әдістерін, биофабрикалар мен биозертхана машиналарын білу керек.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерімен күресудің биологиялық әдісі оларға қарсы пайдалы бунақденелер-кенелер, өрмекшілер және микроорганизмдер, құстар, т. с. с. тірі организмдерді қолдануға негізделген. Бұл тәсілдердің аса құнды ерекшелігі айналадағы қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамдарға пайдалы жануарлар мен бунақденелерге кері әсер етпейді және зиянкестерге қарсы күресудегі басқа тәсілдермен салыстырғанда арзанға түседі. Биологиялық әдіспен күресу үшін пайдаланатын бунақденелер зиянды организмдердің жаппай көбейіп және таралып кетуіне жол бермейді, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдікті сақтау заңына да пайдалы әсер тигізеді.
Өсімдікті кешенді қорғауға көшу кәсіптік мамандар дайындауға талапты күшейді. Қазіргі кезде өсімдік қорғау мамандары зиянкестерді жақсы ажырата білумен қатар, оның табиғи жауларын да анықтаумен олардың агробиоценоздағы экологиялық өзгермелі жағдайға тиімділігін бағалап, қай тәсілді пайдалану керек екендігін шеше білу керек. Зиянкес бунақденелермен күресу үшін тиісті талаптарға жауап беретін облигатты және факультативті патогендерді қолдануға болады. Олар адам және жануарлар үшін қауіпсіз болуы тиіс. Олар тиісті бунақденелерге жоғары вируслентті болып, оның популяциясында жеңіл таралып, дарақтар өлімінің жоғарылауына алып келуі тиіс. Патологиялық үрдістің әсері бунақденелердің қоректенуіне немесе қырылуына дейін өсімдіктерге зиянын тигізуіне үлгермеуі тиіс. Энтомопатогендер өндірісі тиімді болуымен қатар, сақтау барысында өмірге қабілеттілігін және вируленттілігін жоймауы тиіс. Бұл талаптар орындалуы үшін белгілі бір түрдің ерекшеліктерін және оның әлсіз болатын кезеңін білгенде ғана іріктелген энтомопатоген күресуде тиімділігі жоғары болады. Энтомопатогенді бактериялар екіге бөліну арқылы көбейетін бір жасушалы прокариотты ағзалар болып келеді.
Жарғаққанаттылар отряды Hymenoptera
Ихнеумонид тұқымдасы
Жарғаққанаттылардың негізгі топтары және олардың сипаттамасы. Бұл отряд өкілдерінің тіршілігі алуан түрлі, өсімдікті биологиялық қорғау әдісінде маңызды түрлері мыналар; ихнеумонид, браконид, афидиид, афелинид, энциртид, эулофид, птеромалид, трихограмматид, сцелионид, эуколиид, сколии, тифии және құмырсқалар тұқымдасына жатады.
1-сурет. ихнеумонид
Ихнеумонид тұқымдасы (Ichneumonidae) жарғаққанаттылар отрядының ішіндегі ең ірілері, ұзындығы 10-25мм, 18 буыннан тұрады. Екі пар қанаты бар. Кейбіреулерінің қанаттары болмауы да мүмкін. Аналықтарының жұмыртқа салғыштары ұзын, өте жақсы дамыған. Дернәсілдері зиянды бунақденелердің жұмыртқаларын, дернәсілдерін, пілләларын залалдайды. Ересектері гүл шырынын өсімдік бітелері мен сымырлардың тәтті шырындарын сорып немесе жалап дербес өмір сүреді.
Ихневмонидтердің аналықтары жұмыртқа салу үшін иелерінің денесін тескен кезде олардан бөлініп шығатын гемолимфаларын сорып қоректенеді. Диадегма астық сұр көбелегінде 2 ұрпақ береді. 1-ші ұрпағы 2-4 жастағы жұлдызқұрттарды, 2-ші ұрпағы 4-6 жастағы жұлдызқұрттарды залалдайды. Ол топырақ арасында немесе ақшыл сұр түсті сопақша пілләнің ішінде қыстайды.
Браконидтер туыстасы
(Braconidae, Hymenoptera)
Браконидтер туыстасы (Braconidae, Hymenoptera) Браконидтер- шаншарларға қарағанда кішірек, денесінің ұзындығы 5 . . . 15мм, көптеген паразиттердің сыртқы және ішкі паразиті. Шыбындардың, қандалалардың, көбелектердің дернәсілдерінде паразиттік тіршілік етеді. Кейбір жағдайда жұмырқа фазасында залалдайды. Ересектері гүл шырыны, сымырлардың тәтті шырындарымен қоректеніп, дербес өмір сүреді. Өсімталдығы 1000 жұмыртқа салады. 1 ұрпақ беріп, астық сұр көбелегінде дамиды. Апантелес - дернәсілдері пілләда қыстайды. Көктемде (сәуірдің басында) ие жұлдызқұрттарының пайда болуынан 20-30 күн бұрын жыныс-жас жағынан жетілген аналықтары ұшып шығады. Мақтада апантелес мақта көбелегінің жаппай көбею кезеңінде (маусымның екінші онкүндігі) пайда болады. Бір жұлдызқұртқа (эндотоғышар) бір жұлдызқұрт сала отырып, жас жұлдызқұрттарды басымырақ зақымдайды. Жұлдызқұртта дамуын 3 жаста аяқтайды. Ересек дернәсілдер зиянкес жұлдызқұртын тастап, ақ пілләлар тоқып, сонда қуыршақтанады. Тоғышар шыққан соң жұлдызқұрт 1-2 күнде өледі. Маусым ішінде 8-9 ұрпақ дамиды.
2-сурет. браконид
Дамуының басында зиянкес жұлдызқұртының тоғышармен зақымдалуы 5-12% құрайды, көбелектің үш ұрпақ кезеңінде ол 50-70 пайызға жетеді. Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік-шығысында, Орта Азияда, Азербайжанда, Армения мен Қазақстанда тараған.
Бракон - ұрықтанған аналықтары ширатылғанмен түспеген жапырақтарда, ағаш кеуектері мен көтерілген қабығының астында қыстайды. Наурызда ұшып шығады, мақта егістігінде маусым айында пайда болады. Үлкен жастағы жұлдызқұрттарды зақымдайды. Жұмыртқа салар алдында аналықтары жұлдызқұртты сал етіп тастайды. Бір жұлдызқұртта 1-ден 10-ға дейін дернәсіл дамиды. Орташа өсімталдығы - 100-150 жұмыртқа. Маусым ішінде 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Зиянкес жұлдызқұрттарының браконның табиғи популяциясымен зақымдалуы 15 пайыздан, егістікке шығарған кезде 40-50 пайыздан аспайды. Тоғышарды басқа энтомофагтар кешенінде пайдаланған орынды.
Есепке алу тәсілдері
Мақталықты зерттеуге оның шанақтанған кезеңінен кірісіп, мақта жинау маусымының басына дейін есепке алу керек. Ол үшін 100 шартты өсімдік (5 өсімдіктен 20 сынама алынады. Ұшар басындағы жас жапырақтар үстіңгі және астыңғы жағынан қаралады. Өйткені, көбелектер әдетте жұмыртқаларын соларға салады. Сондай-ақ жас жұлдызқұрттар табы үшін ұсақ шанақтар және ересек жұлдызқұрттар тауып, жыртқыштардың бүкіл кезеңін анықтау мақсатымен гүлдер мен қауашақтар да қаралады. Әрбір сынамадағы жұмыртқалар мен жұлдызқұрттар жастары бойынша, жыртқыштар даму кезеңдері бойынша есепке алынады. Жұмыртқалар мен жұлдызқұрттарды олардың тоғышарлармен залалданған-залалданбағанын анықтау үшін, әрбір сынамада кемінде 50 жұмыртқа мен жұлдызқұрттан зертханаларда анализ жасау мақсатымен жиналады.
Өсімдік қорғаудың химиялық құралдарын қолдану орындылығының критерийі - 100 мақта өсімдігінен 8-12 жұмыртқа мен жас жұлдызқұрттар табу.
Тиімділік критерийі 100 өсімдікте 200-250 жыртқыш болса, сондай-ақ зиянкес жұмыртқалары мен жұлдызқұрттары тоғышарлармен және аурулармен 60-80% шамасында зақымдалып, залалданса мақта көбелегіне қарсы химиялық дәрілеудің керегі жоқ.
3-сурет. Браконид
Бұл отряд денесінің ұзындығы 0, 2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.
Түрлерінің саны жағынан тек қоңыздар мен көбелектерден ғана кем, ең ірі отрядтардың бірі - 100 мыңнан аса түрлері бар. Соның ішінде біздің елде 10 мыңдайы кездеседі. Қоректену сипаты және маңызы жағынан жарғақ қанаттылар алуан түрлі. Олар фитофагтар және галла түзушілер, гүл шырынын және тозаңын пайдаланушылар, жыртқыштар және насекомдардың паразиттері болып саналады.
Қос қанаттылар отряды- Diptera; Тахиналар немесе кірпі шыбындар тұқымдасы Tachinidae- энтомофаг түрлері сұр фазия L
Денесінің ұзындығы 3-20мм. Ұзын қыл тәрізді қылшықтар денесін түгелдей жауып тұрады. Дернәсілдері құрт тәрізді, ақшыл немесе сарғыштау, аяқтары жоқ, жыныс бездерін бүлдіреді, сонын салдарынан ұрпақсыз қалады.
Қуыршақтары жабық, жалған пілләнің ішінде болады. Ересек шыбындар гүлді өсімдіктердің шырынымен, бал шығымен, иелерінің гемолимфаларымен қоректенеді. Шыбындар, әсіресе шатыршагүлді өсімдіктерге әуес. Қосымша тамақ ретінде саңырауқұлақтарды және басқа да микроорганизмдерді қажет етеді. Дернәсілдерінің барлығы әр түрлі бунақденелілердің ішкі паразиттері. Сыртқы паразиттік тіршілік ететіндері өте сирек кездеседі. Паразит шыбындар жұмыртқаларын өсімдіктерге салады, түсі қара. Көбелектің жұлдызқұрттары қоректену кезінде паразиттің жұмыртқаларын қоректерімен қоса жұтады. Тахиналардың дернәсілдері қандалалардың, қоңыздардың (барлық, тақта мұртты, жапырақ жегі қоңыздарр) ересектер мен дернәсілдерін, көбелектердің жұлдызқұрттарын залалдайды. Тахиналардың, әсіресе өте маңызды түрлері астықтың аса қауіпті зиянкестері- бақашық, бізтұмсықты, айқышгүлді қандалаларды залалдайды. Оларға жататындар фазия шыбындары: сұр фазия, шұбар фазия, сонымен қатар тахиналадың көбелектерді залалдайтын түрлерінің маңызы өте зор. Мысалы, эрнестия шыбыны қырыққабат көбелегінің жұлдызқұрттарын, фороцера шыбыны жұпсыз көбелек жұлдызқұрттарын залалдайды. Картоп өсімдігінің аса қауіпті аса қауіпті зиянкесі колорада қоңызының дернәсілін заладайтын дорифорофага деген түрін ресейге жерсіндіру мақсатымен тәжірибе жұмыстары жүргізілген.
Паразит дернәсідері астық сұр көбелегінің жұлдызқұрттарын тамыздың аяғында және қыркүйекте залалдайды. Жұлдызқұрттардың денесіндегі шыбындардың дернәсілдері өнген жерінде қара дақ пайда болады. Осы белгі ар қылы залалданған жұлдызқұрттарды сауларынан оңай ажыратуға болады. Жұлдызқұрттардың ішіндегі тахина дерәсілдері көктемде қуыршақтанады, ал ересек шыбындардың ұшы шығуы изомера шыбынымен минискус шаншарынан 10-14 күн бұрын мамырдың аяғы мен маусымның бас кезінде басталады.
4-сурет. Тахин шыбыны
Аналық шыбындардың ең алғаш шыққандардың ұрық бездері толық жетілмейді. Сондықтан олар сүттіген, сарыбас, қурай сияқты өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Тахиналардың өсімталдығы өте жоғары, әр аналық шыбынның дернәсіл саны 3-3, 5 мыңға дейін барады. Жылына 2 ұрпақ беріп өсіп өнеді.
Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т. б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады. Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер) . Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарын зақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Орман зиянкестеріне қарсы олардың көбею, таралуының алдын алатын және жойып жіберетін химиялық, биологиялық шаралар (зиян келтіретін жәндіктерді жеп құртатын жәндіктер, жәндік қоректі құстар, биологиялық препараттар) қолданылады. Жапырақ жегілерге қарсы негізінен химиялық әдіс қолданылады. Үлкен аймақтарға ұшақпен пестицидтер себіледі. Дің зиянкестері таралмау үшін орманда өсетін ағаштар құрамы жақсартылады, зиянкестерге төзімді ағаш түрлері егіледі, орман кесу ережелері, орманды тазалау, т. б. шараларды дұрыс іске асыру қадағаланады. Тамыр жеміс, тұқым зиянкестеріне қарсы әр түрлі химилық заттар пайдаланылады.
Зиянкестерлер отырғызылған екпелердің сақталуына үлкен ықпал тигізеді, олардың өнімділігін төмендетеді және әлсіретіп өлімге әкеледі. Зиянкестерлердің тигізетін әсері, орман шаруашылықтар үшін қауіпті. Осыны болдырмау үшін жүргізілетін шаралар орман шаруашылықтың негізгі мәселелерінің бірі болып саналады.
5-сурет. Тахин шыбын
Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен ролі орасан зор. Бұлардың түрінің көптілігі соншалық, кез келген жануарлардың түрлерінен асып түседі. Арнайы жүргізілген санақ көрсеткіші бойынша жер бетінде төменгі есеппен алғанда 10 8 млрд. наскомдар түрлері тіршілік етеді, сонымен қатар, көптеген түрлердің есепсіз мөлшерде көбеюге бейімділігі және әр түрлі биологиялық процестерге белсенді түрде қатысуы, оларды күшті биологиялық факторға айналдырады. . Насекомдардың пайдалы және зиянды жақтарын айта отырып, осы бағалауымздың субьективті екендігін естен шығармау қажет. Кейде адам өз әрекетімен тарихи қалиптасқан биологиялық топтардың тепе-теңдігін бұза отырып кейбір насекомдардың өте үлкен қарқынмен күрт көбеюін тудырады, ал осы құбылыстар апатты зардапқа әкеледі. Табиғатта тек зиян немесе тек пайдалы түрлер болмайды, болған емес те. Зиянды насекомдар бір жағдайда зиянды болып, бір жағдайда үлкен пайдасын тигізеді. Мысалы, үй қара шыбыны, це-це шыбыны, маса, сона, т. б. бірқатар ауруларды жұқтырушылар, ал олардың өздерін және личинкаларын басқа жануарлар қоек етеді, яғни олар табиғаттағы қоектік тізбектің бір буыны. Соңғы кезде мал шаруашылығында шыбындардың личинкаларын жемдік белок пайдаланып жүр, бұл биотехнологияның жетістіктерінің бірі.
Насекомдардың табиғаттағы санитарлық маңызы да зор. Олар өлекселерді, шіріген заттарды, қиды ыдыратып, табиғат тазалығын сақтауға әжептәуір үлес қосады.
Насекомдар - әрбір биологиялық бірлестігінің қажетті мүшесі, тірі организмдердің қоектік тізбегіндегі негізгі буыны, өйткені оларды басқа жанауарлар қорек ретінде пайдаланады, әсіресе құстар мен сүтқоектілер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz