Құқық шығармашылығы туралы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


1. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Құқық шығармашылығының қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5


2. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САТЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ..10
2.1 Заң шығару бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Жобаны талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Заңды қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4 Заңды жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе

Құқықшығармашылық – бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі.
Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:
- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;
- оның негізгі өнімі – нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс - тұрыс ережелері қабылданады;
- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің сапасы – бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.
Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:
1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін – референдум – жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;
2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықтырушы қызметі;
3) әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.
Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Заң шығару ынтасы – құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.
2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама - қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.
3. Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.
2. Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2000.
3. Алексеев С. С. Проблемы теории государства и права. М., 1987.
4. ӘділбековаҚ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған сызбалар. Қарағанды, 2006.
5. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М , 1998.
6. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Астана, 2001.
7. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С., Мемлекет және құқық теориясы.
Алматы, 1998
8. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва, 2005.
9. В.В.Лазарев, С.В.Липень. Теория государства и права. Москва, 2004.
10. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права. Алматы, 2003.
11. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 2004.
12. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша әдістемелік құрал. Қарағанды, 2001.
13. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
14. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
15. Байжанова Г.Т. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2005.
16. Конспект лекций по теории государства и права: Учебное пособие. Теория права. Ч. 1 / Федотов А.В., Веденеев Ю.А.. - М.; Изд-во ИНЭП, 2002. - 379 с.
17. Козлов В.А. Проблемы предмета и методологии общей теории права. Л., 1989.
18. Комаров С.А. Общая теория государства и права. М.. 1998.
Комаров С.А. Общая теория государства и права. Курс лекций. - Саранск, Изд-во Нордов, университета, 2004

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Құқық шығармашылығының қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 5

2. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САТЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ..10
2.1 Заң шығару бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Жобаны талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Заңды қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4 Заңды жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .25

Кіріспе

Құқықшығармашылық - бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі.
Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:
- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;
- оның негізгі өнімі - нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс - тұрыс ережелері қабылданады;
- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің сапасы - бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.
Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:
1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін - референдум - жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;
2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықтырушы қызметі;
3) әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.
Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Заң шығару ынтасы - құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.
2. Заң жобасын талқылау - бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама - қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.
3. Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.

1. Құқық шығармашылығының мазмұны
1.1 Құқық шығармашылығының түсінігі

Құқықтық шығармашылық -- пісіп жетілген қоғамдық даму қажеттіліктеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдау бойынша мемлекеттік органдар мен өкілеттелген қоғамдық, ұйымдардың ғылыми негізделген шығармашылық қызметі.Құқық шығармашылық - бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.
Құқық шығармашылықтың белгілері:
- ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі;
- оның негізгі өнімі
- құқық нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы;
- құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы - бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі.
Құқық шығармашылықтың қағидаттары - бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт. Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән:
1) ғылымилық;
2) кәсібилік;
3) заңдылық;
4) демократиялық;
5) ашықтық;
6) жеделділік.
Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы;
2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы;
3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы;
4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы;
5) локальді құқық шығармашылық;
6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы.
Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы);
- құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі);
- заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы.
Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады:
Бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді.
Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.

1.2 Құқық шығармашылығының қағидалары

Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:
1. Демократизм мен жариялық- шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді. Өте күрделі мәселе бойынша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.
2. Заңды кәсіпқойлық-мемлекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден-қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден-заң және заңға тәуелді нормаларды шығару көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден-заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламентте талқылау керек; төртіншіден-парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.
3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық-жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.
4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру-бұл үшін қоғамның саяси-экономикалық, мәдени -әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.
Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.
Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:
1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:
2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.
3. Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.[7, 159б.]
Норма шығармашылықтың кезеңдері:
7. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектілер әр мемлекеттің конститутциясында көрсетіледі.
8. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жоба жасауға тапсырма береді.
9. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлерді қатыстыру.
10. Жобаны парламентте талқылау.
11. Нормативтік актіні қабылдау, бекіту.
12. Норманы жариялау.
Жаңа норманың сапалы болып шығуына, мазмұнды, ықшамды болуына өте қатаң көңіл бөлу, терминдерге түсінік беру; көп жүйелерді біріктіріп, халықтың түсінуін ауырлатуға жол бермеу. Оның орнына бірнеше жеке норма шығарған дұрыс. Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады:
* тікелей сол норманың өз ішінде толық мазмұнның болуы(гипотеза, диспозиция, санкция);
* сілтеме түрде беру-норманың бір бөлімі, элементі жетіспесе, сол заңның басқа баптарына сілтеме жасау;
* бланкеттік түрде беру-норманың жетіспейтін жері туралы басқа заңдарға сілтеме жасау.
Нормативтік - құқықтық актілерді жүйелеу негіздері
Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктер де молаяды. Осы сан алуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері болады:
1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация. Инкорпорация - нормалардың мазмұнын өзгерпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
-- ресми инкорпорация - мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жасауға болады;
-- бейресми инкорпорация - жеке және заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды;
-- хронологяилық инкорпорация - норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;
-- жүйелік инкорпорация - құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау, бұл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі ең күрделісі - заңдардың жинағы (свод законов). Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері:
1). Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте бекітіледі.
2). Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.
3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе - заңдар жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актлерді сала-салаға топтастырып реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді. Кемшіліктерін жоя алмайды.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды, қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық шығармашылықтың бір түрі деуге болады.
Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды олқылдықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1). Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан консолидация заң шығармашылықтың бір түрі.
2). Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері жойылады. Оның орнында біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.
Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады. Біздің Қазақстан мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықтары толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар, бөлімдер, баптар. Бірақ олардың ара-қатынасы тұрақты, ықшамды, ғылыми байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.
Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1). Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқықтың салаларына сәйкес біртұтас кодекс болып шығуы.
2). Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі -- өкілеттіндегі мәселе.
3). Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конститция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т.б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі оларды пайдалану қолдану жұмыстарын жеңілдеті тәсілі.[19, 145-163б]
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарын, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды толық есепке алып, жинақтап отырады.
Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
-- кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
-- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері, уақыты, нөмірі;
-- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т.б.;
-- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап, сақталатын жүйе.

1 Құқық шығармашылығының сатылары
1.1 Заң шығару бастамалары

Парламетте жүзеге асырылатын заңшығарушылық процесс мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы - халықтың еркі қалыптасуын білдіреді және заңшығару қызметінің сатылары арқылы көрініс табады. Біздің Республикамыздың Парламентіндегі заңшығарушылық процессі Конституция (61,62 баптары), 1995 жылы 16 қазанда қабылданған Қ.Р. Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның III тарауымен және Қ.Р. нормативтік құқықтық актілері туралы заңмен (1998 жылы 24 науырызда қабылданған) реттеледі және оның төмендегідей сатылары қарастырылған:
1. заң шығару бастамасы;
2. заң жобасын талқылау;
3. заңды қабылдау;
4. заңды жариялап, күшіне енгізу.
Заң шығару процесінің шегін белгілейтін келесі бір ғалымдар - Д.Доков және С.Кучера. Олар заң шығару процесі заң шығарушы органнан тыс жасалатын және заң жобасын Парламентке енгізуге негіз жасайтын әрекеттерді қамтитындығын көрсете отырып, мысалға бұрыңғы Чехословакияның заң әдебиеттерінде заң шығару процесін төрт фазаға бөлуге болатындығы туралы пікірлер келтіреді. Ол фазалар:
1. қоғамдық қатынасты талдау;
2. заң шығару қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау;
3. осы мақсаттар мен мазмұнға сай келетін құқықтық нормаларды жасау және қалыптастыру;
4. қоғамның шынайы дамуымен және құқықтық сананың дамуымен салыстыру кезінде жаңа құқықтық норманың тиімділігін және ұқсастығын тексеру.
С.Кучераның Чехословакияға қатысты заң шығару процесінің төрт сатысын көрсетуі тіпті оның мәніне сай келмейді. Себебі, оның көрсетіп отырған заң шығару процесінің фазалары заң шығарушы органның заң жобасы жұмысынан бөлек, тек оған дейінгі жасалатын әрекеттерді, яғни заң жобасын оқып-білу мен дайындауды ғана көздейді. Олай болса, бұл пікірді толық емес, негізсіз деп тұжырымдауға болар.
Бұрынырақта айтып кеткеніміздей, кең мағынада заң шығару процесі Парламентке дейін болатын іс-қимылдардан бастау алады, заң жобасымен жұмыс жөніндегі Парламентке дейінгі және парламенттік кезеңдегі қызметтерді өз шеңберіне кіргізеді. Қысқаша алғанда - олар жинақы түрде заң жобасын негіздеу, жасау, Мәжіліске енгізу, қабылдау және қол қойып жариялау жөніндегі әрекет-қызметтер. Қазақстандық ғалымдарды бірі - Ю.В.Мальцев заң шығару процесін тек кең тұрғыда ғана түсіндіре отырып, оның алғашқы кезеңдері ретінде заңдарды жасауға негіз болатын процестерді, заңи реттелуге деген қажеттіктерді ашуды, реттеу сипаты мен бағытын, тағы басқаларын ұсынады. Және ол заң шығару процесін құрайтын әрекеттерді сатыларға топтай отырып, заң шығару процесінің үш кезеңін белгілейді. Біздің заң шығару процесін кең мағынада түсіндіретін анықтауымыз тиісті автордың пікірімен бірдей деуге болады. Сондықтан, Ю.В. Мальцевтің заң шығару процесінің шегін ашатын қызметтерін кең мағынада заң шығару процесінің шекарасына кіргізе отырып, оның ұсынатын келесідей кезеңдерін тек қана мақұлдаймыз. Аталмыш автор ұсынатын заң шығару процесінің бірінші кезеңі - жобаға дейінгі кезең. Бұл кезең заң актісінің жобасын дайындау туралы шешімді қабылдауға себеп болған қызметті қамтиды. Бұл кезең мынадай әрекеттерден тұрады:
а) өзекті жағдайларды зерттеу, белгілі бір қоғамдық қатынастың құқықтық реттелуінің объективтік қажеттіліктерін тану, мәселенің жеке және бірнеше адамның санасында көрінуін айқындау, зерттеу, әртүрлі әлеуметтік топтардың мақсаттары мен мүдделерін зерттеу;
б) объективтік және субъективтік факторларды бағалау, нақты болжалған жағдайларда әртүрлі әлеуметтік факторлардың әрекеттерінің әсер ету және бағыттылық күшін анықтау;
в) құқықтық реттеудің пәні, мақсаттары мен бағыттарының шектерін анықтау;
г) өзекті жағдайлардың оң және теріс кезеңдерін ашу, құқықтық реттеудің әртүрлі варианттарында сол кезеңдердің дамуын болжамдау, жетілген құқықтық амалдарды таңдап алу;
д) құқықтық реттеудің мақсаттары мен бағыттарына сәйкес келетін жүріс-тұрыстың жетілген үлгілерін қалыптастыру;
е) заңның идеяларын қалыптастыру және оның жобасы бойынша жұмыстың қажеттілігін негіздеу.
Екінші кезең - жобалы кезең. Бұл кезең заңның жобасын жасау туралы ресми шешім қабылдағаннан бастап, құқық шығарушы органның қарауына заң жобасын енгізумен аяқталатын қызметтерді қамтиды. Ол бірнеше сатылардан өтеді:
а) заң жобасын жасау туралы шешім қабылдау;
б) жобаны дайындау;
в) жобаны талқылау;
г) жобаны келістіру;
д) жобаны пысықтау.
Үшінші кезең - құқық шығармашылығы шешімін қалыптастыру кезеңі. Бұл кезең заң актісін шығару жөніндегі әрекеттерді - жобаны құқық шығарушы органда талқылауға енгізгеннен, жариялағанға дейінгі әрекеттерді қамтиды. Бұл кезең бірнеше сатыдан тұрады:
а) жобаны құқық шығарушы органның қарауына енгізу;
б) жобаны комитеттерде қарау;
в) заң жобасын пленарлық отырыста талқылау және мәні бойынша шешім қабылдау;
г) заң жобасын бекіту;
д) заң актісін жариялау.
Парламентке дейінгі кезеңдер Конституцияда, Парламент туралы заңда бекітілмеген. Тиісінше заң актiсiнiң мәтiнiн дайындау, жасау Парламент қабырғасынан бөлек, тыс жүзеге асырылады. Оны белгілі бір дәрежеде Нормативтік құқықтық актілер туралы заң, Үкіметтің регламенті, Республика Президенті заң шығару бастамашылығы құқығын жүзее асыратын жағдайда 2007 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру Ережелері реттейді. Заң жобасын Мәжіліске енгізгенге дейінгі әрекеттердің конституциялық реттелмеуі олардың маңыздылығын ерекше көрсетуге кедергі болмайды. Заң актісін Парламентте қарау және қабылдауға дейінгі кезеңдер расында да маңызы жағынан Парламент шеңберінде атқарылатын әрекеттерден кем соқпайды және күрделі әрекеттерді қамтиды. Себебі, дәл осы кезеңдерде болашақта заң нысанын алатын құқықтық реттелудің пәні анықталады, заң актісінің жобасының идеялары, тұжырымдамасы қалыптасады, реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі, заңның мәтіні жасалады, анықталған қатынасты құқықтық реттеудің ең орынды жетік жолдары анықталады. Нақ осы кезеңде заңның сапасы қалыптасады. Бұдан байқайтынымыз, заң шығарушы органға дейін, нақты айтсақ заң шығару бастамасы құқығының жүзеге асуына дейінгі әрекеттер де асқан білімділік пен жауаптылықты қажет етеді.
Негізінен, заң шығару процесінің сатыларына қатысты ғалымдардың пікірлері бір жерден шығады. Олардың бәрі де заң шығару процесін заң шығару бастамашылығы құқынан бастап, заңды жариялаумен аяқтайды. Әрине, олардың жеке пікірлерінде кемшіліктер де, өзгешеліктер де болуы мүмкін.
Әдетте, ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңның 3 тарауының мазмұны мен құрылымы қос палаталы Парламенттің заң шығару процесін келесідей көлемді сатыларға бөлуге болатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1. заң шығару бастамашылығы;
2. заң жобасын Мәжілісте қарау;
3. заң жобасын Сенатта қарау;
4. ҚР Президентіне қол қою үшін заңды ұсыну;
5. қол қою жән заңды жариялау.
Парламенттің заң шығару практикасы оның үш түрлі заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыратындықтан, бұл сатылар Парламенттің конституциялық және жай заңдар шығару процесіне ғана қатысты. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдау процесі өзгешелеу, ол оның алдыңғы заңдар секілді алдымен Мәжілісте, кейін Сенатта өз кезектілігімен қарау арқылы емес, палаталардың бірлескен отырыста қаралатындығына байланысты. Олай болса, ҚР Парламентінің заң (конституциялық және жай заң) шығару процесін аталғандай бес сатыға, ал Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң шығару процесін төрт сатыға (заң шығару бастамашылығы; заң жобасын палаталардың бірлескен отырысында қарап, қабылдау; ҚР Президентіне қол қою үшін заңды ұсыну; қол қою жән заңды жариялау) тиянақтауға болады. Заң шығару процесінің бұл сатылары - процедуралық әрекеттердің дербес кезеңі, тиісті нормативтік актіні жасауға бағытталған өзара тығыз байланысты әрекеттердің ұйымдық бөлшектенген кестесі болып табылады.
Қазақстанда заң шығарудың бірнеше жолы бекітілгендіктен, біз қарастырып отырған заң шығару процесінің шегі туралы пікірлер тек Парламенттің ғана заң шығару процесіне қатысты. Республика Конституциясының 49 бабының 1 бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53 бапта (4 тармақ) анықталғандай Қазақстан Республикасы Президенті және республикалық референдум туралы заңға сәйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай болса, жоғарыда көрсеткен заң шығару процесінің түсінігі мен шегі туралы пікірлер тек Парламенттің заң шығару қызметіне байланысты. Тиісінше, заң шығару процесінің парламентке дейінгі және парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің және референдум арқылы халықтың заң шығармашылығына жатпайды. Президенттің және халықтың заң шығару қызметінің процедуралық жағын анықтау бөлек мақалада қарастырылады.
Заң Шығару Бастамасы - елдегі заң шығарушы органның қарауына белгіленген рәсімдемеге сәйкес заң жобасын ресми түрде енгізу құқығы; заң шығару процесінің алғашқы сатысы. Заң шығарушы орган енгізілген заң жобасын өзінің мәжілісінде қарауға міндетті. Қазақстанда Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Заң Шығару Бастамасының құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне берілген және заң жобасы тек Парламент Мәжілісінің қарауына тапсырылады. Мәжіліске заң жобаларын енгізу туралы шешімді Парламент (Мәжіліс пен Сенаттың) депутаттары тиісті ұсыныспен рәсімдейді. Үкімет заң жобаларын енгізу туралы шешімге тиісті қаулы шығару арқылы қатысады. Заң Шығару Бастамасы құқығы жоқ мемл. ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктер мен жеке азаматтардан түскен заң жобалары Мәжіліске Заң Шығару Бастамасы құқығы бар органдар мен тұлғалар арқылы ғана енгізілуі мүмкін. Президентке Заң Шығару Бастамасы құқығы берілмеген, алайда, Президент заң шығару процесіне ықпал ете алатындай өкілеттікпен қамтамасыз етілген.
Заң шығару бастамасы - заң шығару бастамасына құқығы бар субъектінің Парламент қарауға міндетті заңдар жобасының мәтінін ресми енгізуі. Заң шығару бастамасы құқығы Парламент депутаттары мен Үкіметке тиесілі және тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады.

2.2 Жобаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Шығармашылық құқық
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Құқық шығармашылығының түсінігі
Құқық шығармашылық
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
Құқық шығармашылығы
Пәндер