Өсімдік карантині жайлы



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы
2.2. Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині
2.3.Сыртқы және ішкі карантин
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды, өсімдіктерді жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.
«Карантин» атауы quarante giorni (қысқаша quarantine) деген итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы қалаларына шығыс елдерінен келген кеме рейдтерін 40 күн бойы қашықта ұстай тұру мерзімін білдіреді. Бұл ереже «қара ажал» - обаның әкеліну қауіптілігіне байланысты белгіленген.
Алғашқы өсімдік карантині туралы заң 1660 жылы Францияда эпифитотты сабақ татына байланысты енгізілді. Ал 1870-1915 жылдар аралығында көптеген елдерде – Германия, Австралия. АҚШ, Мексика, Австралияда ауылшаруашылық өндірісіне байланысты карантинді заң қабылдана басталды. XX ғасырдың 70-ші жылдары 100- ден астам карнатиндік заңдар мен бақылаушы мекемелер құрылды.
1873 жылы Ресейде өсімдік карантині туралы заң қабылданды. 1931 жылы КСРО-да карантиндік мекемелер, республикалық, облыстық инспекциялар құрылды. Бұл мекемелер ауылшаруашылық министрлігінің мемлекеттік карантиндік инспекциясына қарады. Ал елімізде осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция құрылды. Алғашқы карантиндік аурулар мен зиянкестер тізімі де сол жылы, ал 1935 жылы арам шөптер тізімі енгізілді.
1931 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция (ҚазМемкарантин) құрылды. Ол Алматы қаласында отау тікті. Оның құрамына Республикалық карантин зертханасы, Республикалық фумигациялық отряд және жеміс-жидек дақылдары көшетжайы кірді. Бұл қызметтің мән-мазмұны мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын мемлекеттік карантин Одағы іс жүзіне асырды. Осы уақыттан бастап жеке-дара, көбіне кездейсоқ шараларды жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарына ғана емес, сонымен бірге олардың тұтас кешенін қамтитын жүйелі карантиндік шараларға өту басталды. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының карантиндік түрлеріне қарсы, сондай-ақ елдегі ішкі және сыртқы карантин жөніндегі Бүкілодақтық мемлекеттік қызмет жайлы арнайы ережелер жасалынып енгізілді. 1932 жылдың басында кедендерде, кемежайларда жүктерді карантиндік тексерудің ережелері бекітіліп, өсімдік жүгінің карантиндік жағдайы туралы куәліктің, яғни сертификаттың бірегей формасы енгізілді. Қазақ ССР-і жерінде бірегей карантиндік қызмет кұрылғаннан бастап, ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсімдік ағаштарын, олардың карантиндік нысандармен залалданған-залалданбағанын анықтау үшін жоспарлы түрде тексеріп, зерттеу жүргізілетін болды.
1. Насиев Б.Н., Габдулов М.А., Жанаталапов Н.Ж., «Өсімдіктер карантині» оқу құралы/ - Орал,Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2015.
2. Сагитов А.О., Камбулин В.Е., Бадаев Е.А., Динасилов А.С., Карантин растений, учебное пособие для студентов ВУЗ-ов и колледжей
3. Торыбаев Қ.Қ. Ашықбаев Н.Н.,. Өсімдік карантині, Алматы «Қонжық» 2000 жыл

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы
2.2. Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині
2.3.Сыртқы және ішкі карантин
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды, өсімдіктерді жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.
Карантин атауы quarante giorni (қысқаша quarantine) деген итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы қалаларына шығыс елдерінен келген кеме рейдтерін 40 күн бойы қашықта ұстай тұру мерзімін білдіреді. Бұл ереже қара ажал - обаның әкеліну қауіптілігіне байланысты белгіленген.
Алғашқы өсімдік карантині туралы заң 1660 жылы Францияда эпифитотты сабақ татына байланысты енгізілді. Ал 1870-1915 жылдар аралығында көптеген елдерде - Германия, Австралия. АҚШ, Мексика, Австралияда ауылшаруашылық өндірісіне байланысты карантинді заң қабылдана басталды. XX ғасырдың 70-ші жылдары 100- ден астам карнатиндік заңдар мен бақылаушы мекемелер құрылды.
1873 жылы Ресейде өсімдік карантині туралы заң қабылданды. 1931 жылы КСРО-да карантиндік мекемелер, республикалық, облыстық инспекциялар құрылды. Бұл мекемелер ауылшаруашылық министрлігінің мемлекеттік карантиндік инспекциясына қарады. Ал елімізде осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция құрылды. Алғашқы карантиндік аурулар мен зиянкестер тізімі де сол жылы, ал 1935 жылы арам шөптер тізімі енгізілді.
1931 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция (ҚазМемкарантин) құрылды. Ол Алматы қаласында отау тікті. Оның құрамына Республикалық карантин зертханасы, Республикалық фумигациялық отряд және жеміс-жидек дақылдары көшетжайы кірді. Бұл қызметтің мән-мазмұны мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын мемлекеттік карантин Одағы іс жүзіне асырды. Осы уақыттан бастап жеке-дара, көбіне кездейсоқ шараларды жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарына ғана емес, сонымен бірге олардың тұтас кешенін қамтитын жүйелі карантиндік шараларға өту басталды. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының карантиндік түрлеріне қарсы, сондай-ақ елдегі ішкі және сыртқы карантин жөніндегі Бүкілодақтық мемлекеттік қызмет жайлы арнайы ережелер жасалынып енгізілді. 1932 жылдың басында кедендерде, кемежайларда жүктерді карантиндік тексерудің ережелері бекітіліп, өсімдік жүгінің карантиндік жағдайы туралы куәліктің, яғни сертификаттың бірегей формасы енгізілді. Қазақ ССР-і жерінде бірегей карантиндік қызмет кұрылғаннан бастап, ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсімдік ағаштарын, олардың карантиндік нысандармен залалданған-залалданбағанын анықтау үшін жоспарлы түрде тексеріп, зерттеу жүргізілетін болды.
Осы зерттеу нәтижелерінің негізінде халықаралық карантиндік мәні бар биологиялық нысандардың, сондай-ақ еліміз жеріне шектеулі ғана таралған түрлер тізімі жасалды. Жыл сайын әрбір одақтық республикада зерттеу нәтижесіне қарай Одақ бойынша шолу құрастырылды. Осындай соңғы шолу баспадан 1982 жылы шығарылды. КСРО тарағаннан кейінгі жылдары әрбір республика өз шолуын жасап, кейін республикалар оны алмастырып қарап отырды.
Одан әрі Қазмемкарантин ҚР АШМ-не қарасты карантин жөніндегі Бас мемлекеттік инспекция болып қайта құрылды, содан соң 1999 жылы ол ҚР АШМ-ның өсімдік карантині жөніндегі комитеті, ал 2007 жылдан бері ҚР АШМ-і АӨК-інің өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция Комитеті деп аталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 15-қаңтарындағы №19 қаулысымен дәнді дақылдардың Республикалық интродукциялық-карантиндік көшетжайын құру туралы тұрақты шешім қабылданды.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң, сондай-ақ халықаралық сауда байланысы ұлғайғаннан кейін республика жері үшін карантиндік мәні бар карантиндік нысандар тізімі жаңадан қарастырылды. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10-желтоқсанындағы №1295 Қаулысымен бекітілген-ді. Бұл тізімде тіркелмеген зиянкестер, өсімдік ауру қоздырғыштары мен арам шөптердің 95 түрі (зиянкестер - 45, аурулар - 38 жэне арам шөптер - 12), бөгде туыстар - 5 түр (зиянкестер) және шектеулі таралғандар - 12 түр (зиянкестер - 6, арам шөптер - 5 және жұмыркұрттың бір түрі - картоптың алтын түстес жұмырқұрты) болды.
Кедендік Одақ (Ресей, Белорусь және Қазақстан) құрылғаннан кейін карантиндік нысандардын (2011 жылдың 8-9-қыркүйегіндегі хаттама) жаңа Жобасы жасалды. Бұл тізімде 124 карантиндік нысан бар. Оның 75 түрі (бунақденелілер мен кенелер - 33, жұмырқұрттар - 4, саңырауқұлақтар - 13, бактериялар - 6, вирустар - 9, арам шөптер - 10), шектеулі таралғандар - 49 түр (бунақденелілер - 26, жұмырқұрттар - 1, саңырауқұлақтар - 6, бактериялар - 3, вирустар - 5, арам шөптер - 8).

2.2. Қазақстан Республикасындағы өсімдік карантині
Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді. Сонымен қатар ҚР-сы территориясын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде, кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді және осы зиянды организмдерді анықталған жағдайларда жою үшін Фитосанитария мекемесі құрылып республикамыздың әр аймақтарында республикалық карантиндік сараптама зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік организмдер таралып үлгерген.
Қазақстан Республикасына таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар жүйесі іске асырылды.
oo Жыл сайын төмендеуге объектілер тексерістен өтуі тиіс:
oo Территориялар, қоймалар, элеваторлар өңдеу өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары
oo Тұқым шаруашылықтары питомниктер ғылыми зерттеу мекемелері, тұқым учаскілері себу және отырғызу материалдары
oo Барлық ауыл шаруашылқ дақылдары егістер және шеттен әкелінген ген тұқымдары
Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында еліміздің солтүстік аумақтарында екі рет оңтүстік аймақтарында 4 рет тексерілуден өткізілуі тиіс, ал жылы қоймаларды тексеру әр квартал сайын өткізілуі тиіс. Елімізге сырттан әкелінген барлық өсімдіктектес материалдарды ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымдарын қапшықтарды тексеріп, сараптама жүргізу мақсатында шекара аймақтарында карантиндік тексеру орындары жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасына өтетін барлық жүк көліктері түгелдей тексерістен өтуі тиіс. Барлық әкелінетін жүктерге халықаралық стандартқа сай фитосанитарлық сертификат болуы тиіс. Фитосанитарлық сертификат әрбір мемлекеттің карантиндік тексеру мемлекеттері тасымалданатын жүкті тексеріп барып және импорттық карантиндік рұқсат қағаздары арқылы беріледі және бұл құжат халықаралық конвенсияға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады. Фитосанитарлық сертификатына жүктің карантиндік жағдайы тексеріліп болғаннан кейін толтырылады. ҚР-на шет елдерден жүктер карантиндік рұқсат қағаздарымен фитосанитарлық сертификаттары болған жағдайда өткізіледі. Ол жүк көліктерінің жолдама қағазадарымен қоса болуы тиіс.
Қазақстан Республикасына аумағына карантиндік және аса қауіпті өсімдіктердің зиянкестері аурулары және арамшөптер тұқымдары шекара аумағында немесе шекара аймағындағы аудандарға зиянкестер өз аяғымен өтіп кету жағдайлары болып тұрады. Сол себепті шекара маңында қызмет істейтін өсімдіктер карантині жөнінде жауапты адамдар үнемі ереже бойынша 3 км-лік аумақты тексеруден және зиянды организмдер анықталған жағдайда жергілікті басқару мекемелеріне хабарлама беріп, карантиндік шаралар қолданылуы тиіс.
Карантиндік аурулар зиянкестер және арамшөп тұқымдары шет елдерден теңіз кемелері автомобильдер және жүк көліктері арқылы жабысып өтіп кету жағдайлары кездеседі. Сол себепті осы жүктерді транспорт құралдарын шекарадан өтер кезде шекара жәнек кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, тексеру жұмыстарын жүргізіледі. Әрбір жүктерден тұқымдардан тексеру әдістемесіне сәйкес орта үлгі алып, карантиндік зертханаға сараптама жасау үшін жіберіледі. Жүктердің құжаттарына фитосанитарлық сертификаттарына жүкті жеткізілу жерінде екінші рет карантиндік тексеруге белгі соғылып, рұқсат етіледі. Егерде карантиндік объектілер шекарада анықталған жағдайда жүк көліктері өткізілмейді. Арнайы актілер жасалынып кері қайтарылады. Сонымен қатар кейбір жүктер карантиндік рұқсат қағазына сәйкес фумигациядан өткізілуі тиіс. Осылай жүкті газ арқылы заласыздандырып өткізіледі. Шет елдерде бізге өтіп кеткен калифорния қалқаншасы колорадо қоңызы, америкалық ақ көбелек осы әдістеме өтіп кетіп, біздің топырақ климат жағдайларымызға тез бейімделіп егіс дақылдарына орасан зор экономикалық шығын әкелуде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған Агробизнес-2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында, қазіргі уақытта қолданыстағы өсімдік карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелер жүйесі мыналардан құралады:
1) республикалық, аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар; (2000 жылдан)
2) 2 интродукциялық-карантиндік питомниктер; (2000 жылдан ) қызметкер саны бар Республикалық аймақтық карантиндік зертхана және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түскен үлгілердің карантиндік объектілерінің түр-тұқым құрамын және бөтен текті түрлерін анықтау функциясын ғана жүзеге асырады.
Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі ММ (12 - қызметкерлердің штаттық бірлігі), Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі ММ (11 - штаттық бірлігі) тексеріске келіп түскен импорттық, екпе және көшет материалдарда жасырылған жұқпалылықты анықтау функциясын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 980 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (бұдан әрі - ӨКҚХК) қосылды, онда ереже бойынша негізгі міндеттер ретінде фитосанитариялық шараларды анықтау үшін фитосанитариялық тәуекелді талдауды (ФТТ) жүргізу болып табылады.
ФТТ-ды жүргізу функциялары тапсырыстың негізінде іске асады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің бар болуын ескере отырып, бұл мекемелерді біріктіру және қайта құрылған мемлекеттік мекеменің ФТТ-ны өткізу фукциялары кеңейту қажеттілігі туындайды.
ФТТ карантиндік зиянды организмдер тізбесін қалай болса, карантиндік шараларды жүргізу тәртіптерін де солай құру және жаңарту үшін негіз болып табылады. ФТТ-ды өсімдіктер карантині жөніндегі барлық қызметтердің негізі деп білуге болады. ФТТ арқасында өсімдіктер карантині саласында қабылданатын шешімдер техникалық негізделген және оларды халықаралық сауданың техникалық тосқауылы деп қарастыруға болмайды.

2.3.Сыртқы және ішкі карантин
Республикамыздың халық шаруашылығына едәуір нұқсан келтіретін карантиндік және тағы басқа кауіпті зиянкестердің, өсімдіктің ауру қоздырғыштары мен арам шөптердің шет елдерден Қазақстан Республикасының территориясына енуінен қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі - шекаралық карантиндік фитосанитарлық қадағалауды ұйымдастырудың негізі.
Республикаға өзге елдерден карантиндік организмдер енуінің алдын-алу үшін басқа мемлекеттердің бакылау органдарымен (шекаралық, кедендік т.б.) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өткізу бекеттерінде, әкелінген өнімдерді алғашкы карантиндік тексеруден өткізетін өсімдік карантині жөніндегі шекаралык бекеттер өз қызметін жүзеге асырады.
Өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер теңіз, өзен кемежайларында, автожол, шекаралық өтпежолдарда, халықаралык почтамтарда, әуежайларда құрылған. Осы саладағы, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар саны шет елдерден келген көлік құралдары санының көп-аздығына, сыртқа шығарылатын, сырттан әкелінетін және транзиттік карантиндік тексеруге жатқызылған өнімдерді тексеру және сараптау жұмыстарының көлеміне байланысты келеді.
Дүниежүзілік өсімдіктер (фауна) әлемі мен жануарлар (флора) әлемін зерттей келе, жергілікті жағдайлардыескере отырып, әрбір ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру
Карантиндік тексерулер
Систематикасы мен таралуы
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері
Өсімдік карантині
Пәндер