Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
2.Жалпақ жапырақтылардың патогенді аурулары
3.Жүйелі түрде күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos – сөз, ілім. Жалпы ауыл шаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроағзалар туралы ғылым). Фитопатология өз алдында биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Орман ауруларының дамуы және таралуы, оларға тигізетін әсері көбінесе топыраққа және басқа жағдайларға көшеттердің құрамына, жасына байланысты. Сондықтан орман фитопатологиясы көптеген орман шаруашылық пәндерімен байланысты, ол топырақты орман, орман шаруашылығы, орман таксациясы және т.б. Болашақ фитопатологиясы өсімдіктердің ауруларымен күрес жолдарын химиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Осы жерден химиямен тікелей қарым-қатынасын көруге болады.
1.«Определитель лесных растений», В.И. Саутин, Москва издательство
«Лесная промышленность»1978
2.«Этюды о растениях», А.С. Удовицкий, Ю.П.Лаптев, Ю.Г. Тринклер,
Алма-ата Қайнар
3.Дьяков Ю.Т., Семенкова И.Г., Успенская Г.Д. Общая фитопатология с основами иммунитета. ─ М. : Колос
4.Соколова Э.С., Семенкова И.Г. Лесная фитопатология. ─ М. : Лесная промышленность

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
2.Жалпақ жапырақтылардың патогенді аурулары
3.Жүйелі түрде күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos - сөз, ілім. Жалпы ауыл шаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроағзалар туралы ғылым). Фитопатология өз алдында биологияның бір саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Орман ауруларының дамуы және таралуы, оларға тигізетін әсері көбінесе топыраққа және басқа жағдайларға көшеттердің құрамына, жасына байланысты. Сондықтан орман фитопатологиясы көптеген орман шаруашылық пәндерімен байланысты, ол топырақты орман, орман шаруашылығы, орман таксациясы және т.б. Болашақ фитопатологиясы өсімдіктердің ауруларымен күрес жолдарын химиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Осы жерден химиямен тікелей қарым-қатынасын көруге болады.

1.Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Емен бізтұмсығы-Curculio glandium Marsh.
Қатты қанаттылар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады. Қоңыздардың ұшуы сәуірдің соңынан бастап-мамыр айында және қыркүйекке дейін созылады. Шілде айының орта кезінде қоңыздар қосымша қоректенуі үшін түрлі ағаштардың (емен, қайың, жөке және т.б.) нәзік жапырақтарын, өркендерін және гүлдерін зақымдайды. Жеміс салған емен ағашына жиналып, жаңғаққа бас түтікшесін енгізіп, тұқым жарнағын зақымдайды. Шілденің екінші жартысында жаңғақ көлемі дұрыс қалпына жартылай жеткенде жұмыртқалау басталады да, қыркүйекке дейін созылады.
Жұмыртқаны бір бірлеп немесе бірнешеден жаңғақ қабығының астына салады. Өнім аз жылдары бір жаңғаққа 20 жұмыртқа дейін жиірек 3-8 ден салуы мүмкін. Жұмыртқаның даму кезеңдері 10-15 күнге созылады.
Бізтұмсықтармен зақымданған жаңғақтар пісіп жетілмей, түседі. Зақымданған жаңғақтардың өте көп түсуі тамызда байқалады. Дернәсілдердің жаңғақ ішінде дамуы 23-30 күн, сонан соң олар қабықты кеміріп тесіп шығады да, топыраққа кетеді. Сол жерде келесі жылға дейін қалып кояды да, шілде тамыз айларында қуыршақтанады. Тамыздың соңында жас қоңыздар пайда болады да көктемге дейін топырақта қалады.

1 - сурет. Емен бізтұмсығы-Curculio glandium Marsh.
Дернәсілдердің кейбіреулері диапаузаға кетіп қайтадан қыстап қалады. жаңғақ бізтұмсығының даму ұзақтыңы әр түрлі болады. Екі жылдық генерацияда дернәсілдердің бірінші қыстауы және ересек бунақденелілердің екінші қыстауы жиі кездеседі. Бір жылдық және үш жылдық генерация өте сирек кездеседі. Жаңғақ бізтұмсығы үлкен зардап шектіреді. Оның салдарынан өнім 50-80% жойылады.

Сақиналы жібек көбелегі-Molocosoma Neustria
Піллә тоқушылар тұқымдасына жатады. Жеміс ағаштары мен жапырақтары орман ағашының зиянкесі.
Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Көбелектің қалыптасқан жас қуыршақтары жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады да көктемде қоректенуге кіріседі. Ағаштың жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды. Қуыршақтар бұтақтардың айырына өрмек жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап, топтанып жүреді. Тек ең соңғы жастағы қуыршақтары ғана жеке жүріп тіршілік етеді. Дамуы аяқталған соң олар өрмек жіптерімен шырмалған жапырақтардың арасында сары түсті пілләға оранып қуыршаққа айналады. Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйінде шығады, олар қореқтенбейді. Ұрғашылар барлық жұмыртқа қорын бірден салады. Жұмыртқаларын ағаштың майда, жіңішке бұтақтарына сақина тәрізді айналдыра орналастырады.

2- сурет.Сақиналы жібек көбелегі-Molocosoma Neustria.
Шілдеде ұшып, жіңішке бұтақшаларға жұмыртқаларын айналыра орналастырады. Бұл көбелек қарағай жібек көбелегінің тұқымдасы болғанымен одан айырмашылығы оның жұлдызқұрты қыстамай, керісінше жұмыртқасы қыстап, алма ағаштың гүлдер алдында жұлдызқұрттар жұмыртқадан шығып, алғаш бүршіктерді, ал кейін жапырақтарды зақымдап, тек аралық жүйкесін қалдырады.
Олар түнде қоректеніп, күндіз бұтақ тарамдарында тор жасап жасырынады. Жұлдызқұрттар өніп 4-5 рет түлеп, маусымда ағаштың жарықтарында қуыршақтанады. 15 күннен соң көбелектердің жаңа ұрпағы шығып, жұмыртқаларын бұтақшаларды айналдыра салады.
Күресу шаралары. Жапырақтары шықпай тұрғанда ағаштарға минералдық майлардың эмульсиясын бүрку. Гусеницалардың жаппай шыққан кезінде 80 проценттік хлорофос ерітіндісін бүрку.

2.2. Жалпақ жапырақтылардың патогенді аурулары
Еменнің кебуі
Ресейдің оңтүстік шығыс еуропалық бөлігінде негізгі орман шаруашылығында кәдімгі немесе жазғы еменнің кебуі пайда болады. Құрғақшылық немесе тұзды аудандарда оны басқа түрлерінен көзге көрінбейтін және орман алқаптарында кәдімгі орман ағаштарынада және жасанды бөліктерінде байқалады. Емен эстетикалық жоғарғы қасиеттерімен ерекшеленеді.
Соңғы уақытта, әлемнің түкпірлерінде және біздің елімізде бұл табиғаттың үлкен көлемде кеуіп кетуі бақылануда. Еменді кеуіп кетуден сақтау және қорғау актуалды және маңызды болып табылады.
Ресейден басқа Англияда, АҚШта, Германияда, Голландияда, Данияда және Польшада кездеседі.
Мамандар еменнің жағдайының нашарлауы мен кебуін күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ аурулары
Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері мен ауруларымен күресу
Жалаңаш тұқымдылар бөліміне сипаттама және негізгі ерекшеліктері
Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі
Жапырақтың морфологиялық құрылысы
Саңырауқұлақтардың жыныстық споратасушысы
Тұқымды өсімдіктер. Жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Ашық тұқымдылар (Cymospermae)
Долон филиалындағы орман зиянкестері және ауруларымен белсенді күрес шаралары
Пәндер