Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық



Кіріспе 3
1. Қылмыстық жауаптылық заңды жауаптылықтың түрі секілді 5
2. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, жүзеге асуы, тоқтатылуы 18
3. Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық 22
4. Қылмыстық жауаптылықтың негізі 34
Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 41
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе неме¬се қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде.
3. Коментарий к Уголовному кодексу РК/Отв.ред.: Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО “Полиграфия”,1999ж.
4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті Жарғы, 2001ж.
5. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.
6. Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.
7. Аскеров Э. “Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран”, // Уголовное право, №4, 2005ж.,8-10-б.
8. Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж., 30-б.
9. Әбілқасымов Е. “Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы негіздерінің ерекшеліктері”, // Заң және заман, №8, 2004ж., 44-46-б.
10. Бұғыбай Д. “Қылмыстық жауптылықтан босату түсінігі”, // Заң, №3, 2004ж., 58-64-б.
11. Парадинова А. “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату”, // Заң, №12, 2002ж., 49-51-б.
12. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы. // Заң, №3, 2002ж., 18-24-б.
13. “ҚР Қылмыстық Кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы ” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы, №4, 21 маусым 2001ж.
14. “Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатутуралы ереже”, 7мамыр 1996ж.
15. “Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы.
16. “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы, 30сәуір 1999ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Қылмыстық жауаптылық заңды жауаптылықтың түрі секілді
5
2. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, жүзеге асуы, тоқтатылуы
18
3. Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
22
4. Қылмыстық жауаптылықтың негізі
34
Қорытынды
40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
41

Кіріспе

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе неме-се қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
:: Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
:: Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
:: Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
:: Қылмыс және қылмыс құрамы
:: Қылмыс құрамының түрлері
Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.

1. Қылмыстық жауаптылық заңды жауаптылықтың түрі секілді

Құқық бұзушылық - қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінəлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті əрекеті. Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз заң жүктеген міндетті орындамау, адамдардың іс-əрекеті немесе əрекетсіздігі. Енді құқық бұзушылықтың белгілерін қарастырайық.
Заң əдебиеттерінде құқық бұзушылықтың бес белгілері бар деп анықталады.
:: Қоғамға, тұлғаға, мемлекетке қауіптілігі.
:: Қоғамға, тұлғаға, мемлекетке зиян келтірілуі.
:: Құқыққа қарсылығы.
:: Құқық бұзушылықтың кінəлілігі.
:: Əрекет немесе əрекетсіздік [1].
Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді - қылмыс жəне теріс қылық. Теріс қылықтың үш түрі бар - əкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тəртіптік теріс қылық. Заңды жауапкершілік мемлекеттік мəжбүрлеумен байланысты. Бірақ заңды жауапкершілікті тек мемлекеттік жауапкершілікпен теңестіруге болмайды. Заңды жауапкершілік құқықтық қатынас ретінде оның бір тарапты құқық бұзушы белгілі бір айыруларға, жазаларға төзуге міндетті. Жауапкершілік - мəжбүрлеудің өзі емес, ол құқықтық нормалардың санкцияларына сəйкес төзу міндеті болып табылады. Яғни, құқық бұзушыға мемлекеттік мəжбүрлеу шарасын қолдану заңды жауапкершілікті жүзеге асыру болып табылады [2]. Заңды жауапкершілік принциптерінің түрлері -
заңдылық (жауаптылық тек заң негізінде, заңда көзделген əрекет үшін жəне заң шегінде ғана болуы мүмкін);
əділеттік (теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға жол берілмеушілік;
жауаптылықты анықтайтын немесе оны күшейтетін заңның кері күші болмауға тиіс;
зиян өтелуге тиіс;
істелген əрекеттік ауырлық жазасы мен кінə дəрежесінің мөлшері;
бір құқық бұзушылық үшін бір ғана жаза қолданылуы мүмкін);
ізгілік (адамның қадір-қасиетін кемітетін жазалау шараларын, азаптауды белгілеу мен қолдануға тыйым салу);
негізділік (істің мəн-жайын жан-жақты зерттеу жəне адам жасаған нақты құқық бұзушылық фактісін объективті ақиқат ретінде анықтау);
орындылық (таңдап алынатын ықпал ету шараларының заңды жауапкершілік мақсаттарына сəйкестігі, оны дараландыру жəне саралау, кінəні ауырлататын мəн-жайларды да, жұмсататын мəн- жайларды да есепке алу);
заңды жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (оның сөзсіз болатындығы, құқық бұзушылықты сапалы түрде жəне толық ашу, мемлекеттің кінəлілерге міндетті түрде көңіл аударуы, қылмыскерлікке қарсы күрес тиімділігінің шарты) принциптеріне негізделеді.
Кешірім жасау немесе рақымшылық ету актілері жауаптылықтан босатпайды, бірақ жазаны ауыстыруы немесе жоюы мүмкін. Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір əлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінəлі түрде істелген іс-əрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істелген іс-əрекеттердің қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-əрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқықтық нормалар кінəлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нəтижесі, қоғамға қауіпті іс-əрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-əрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы қелтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тəсіліне, кінəнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады [3].
Қылмыстық жауаптылық өзіне тəн ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік мəні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені, мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмыстың бетін басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мəнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-əрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынас мəсілімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқықтың зардабы. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықпен істегенде айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінəнің нысаны, дəрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұндай қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма жəне т.б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мəселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқықтық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мəселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уəкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады жəне сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект жəне объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды [4]. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптайтынды кінəлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінəлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.
Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені, жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге əділ соттылықты жүзеге асыру да заңдылықтың кепілі ретінде көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмайды делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінəлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сəйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті ретте емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2 бөліктерінде: Қылмыс белгілері бар əрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [5]. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1- бөлігінде: Кішігірім жəне орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мəн-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа əкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген. Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын жəне жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқықтық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын жəне орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық жəне жаза өзара тығыз, бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады (ҚР ҚК 3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мəселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы) кінəлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективтік жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып немесе қылмыс құрамы болатын білдік. Іс-əрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамда қылмыстық жауаптылыққа тартатын негізі жоқ [6]. Заңды жауаптылықтың ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінəлі түрде істелген іс-əрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-əрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.
Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың, қоғамға қауіпті іс-əрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мəні бар жауаптылықтың түрі. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың маңызды екі бөлігі болады: қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Жалпы айтқанда, қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын жəне жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқықтық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын жəне орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Яғни, қылмыстық жауаптылық жəне жаза өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес ұғымдар болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық заңды жауаптылықтың ішіндегі ең қатаң жəне қатал түрі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықпен істегенде айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық жауаптылыққа қылмыстық заңнама бойынша жасы 14-ке толған жасөспірімдер тартылады. Қазіргі таңда қылмыс түрлері көбеюде, осыған орай қылмыстық жауаптылық қатаңдаса қылмыс саны азаяды деген сенімдемін.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т.б.Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады.
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмысАдамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.кер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.
Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды.Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік.Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды.Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1,2-бөліктерінде қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылымыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген.осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген.Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді.Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады.Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар.Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес.Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап).Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.
Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік.Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды.Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады.Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады.Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады.Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады.Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ.Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген.Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды.Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады.Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау.Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.
Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істелген қылмыстары көрсетіледі.
Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды.Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы - адам өлімі жоқ.Бірақта осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды.Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді.Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар.Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты.Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қасиетті борышы.Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады.
Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, оның әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген, нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады.Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет.Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек.Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр.
Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде - бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылу немесе жазалануға тиісті емес.Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.

2. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, жүзеге асуы, тоқтатылуы

Қоғам өз мүшелерiне белгiлi бiр əлеуметтiк талаптар қояды, мұндай талаптарды орындамау жауаптылыққы. Орындалмаған талаптың сипатына қарай бұл жауаптылық моральдық немесе құқықтық болуы мүмкiн. Жалпы, философия ғылымында жауаптылық - деп жеке адамның қоғамға немесе жалпы адамзатқа деген ершiлiк мiндетi мен құқықтық нормаларды орындауын сипаттайтын жəне оның ерекше əлеуметтiк ьдық қатынасын бiлдi ретiн категорияны айтады. Жауаптылық - бiр жағынан сезiм, қоғамдық байланыс екi ншi жағынан шара немесе санкция. Ол адамды белг iлi бiр əрекетке ынталандырады немесе белгiлi бiр ə дан бас тартқызады. Əрине, жауаптылық субьектiге қойылатын əлеуметтiк талаптар болған кезде ктiнiң бұл талаптарды өзi ұғынған жағдайда пайда болады. Осыған байланысты жауаптылықты жүзеге асы да көрiнедi: бiрi - əлеуметтiк талаптарды субьект өз еркiмен орындайды, екiншiсi - əлеуметтiк талаптарды с рлеп орындайды. Осы екiншi көрiнiс қылмыстық жауаптылыққа тəн келедi.
Қылмыстық жауаптылық азаматтық- құқықтық, əкiмшiлiк, тəртiптiк, материалдық жауаптылықтар тық жауаптылықтың бiр түрi жəне ең қатал түрi.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық мəселесiнiң зерттелуiне көп көңiл бөлiнгенiмен, анықтамасы төңiрегiнде əлi де болса пiкiрталастар жетерлiк.
Қылмыстық жауаптылыққа түсiнiк беруге ұмтылыс жасаушы авторлар, көбiне қылмыстық жауаптылықты тегориямен теңдестiру арқылы, мысалы қылмыстық жауаптылықң жəне жазаң, қылмыстық жауаптылық, қылмыстық жауаптылықң жəне қылмыстық құқықтық қатынасң терминдерiмен байланыстырып зерттег Қылмыстық жауаптылықң ұғымы қылмыстық заңда берiлмегенiмен, оқу жəне ғылыми əдебиеттерде оған тағы анықтамалар берiлген. Солардың iшiнде негiзгi дегендерiн қарастырып көрелiк:
1) Қылмыстық жауаптылық адамның жасаған қылмысы үшiн қылмыстық заңның тиiстi бабы санкци ген белгiлi бiр жеке немесе мүлiктiк зардапты шегу мiндетi (Пионтковский А.А. О понятии уго твенности. Сов.гос-во и право. М.1967. 12-с).
2) Қылмыстық жауаптылық - бiр жағы, мемлекет өзiнiң өкiлеттi органдары арқылы қылмыс жасаған ыстық жазалар түрiндегi ауыртпалықтар мен мүмкiндiктерiн айыруларды өтеу мiндетiн жүктеу құқығын отырып, ал екiншi жағы, құқық бұзушы осы ауыртпалықтар мен мүмкiндiктердi айыруларды өтеу мi ай отырып, қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу жəне еңбекпен түзеу құқықтық қатынастарға түсуi (Марце вная ответственость и общее предупреждение преступлений. Омск, 1973, С.23; Шаргородский М.Д. Осн вной ответственности. - В кн.: Курс Советского уголовного права. Т. - 1., Л., 1968, С. 222 - 221. и др).
3) Қылмыстық жауаптылық қылмыстық заңның талаптарына негiзделген, қоғамға қауiптi əрекетке жəн ан адамға мемлекет атынан сотпен берiлетiн баға (Кругликов Л.Л., Васильевский А.В. Дифферен твенности в уголовном праве. - Спб.: изд-во Юрид. центр пресс. 2003, С. 34).
Қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған үшiн кiнəлi адамды соттаумен байланысты туындайтын жағ тық салдар.
Кез келген құқықтық жауаптылық сияқты қылмыстық жауаптылықтың өзiне тəн ерекшелiктерi бар: Мазмұны мен нысаны бойынша ол мемлекеттiк - мəжбүрлеу сипатын иемденедi. Себебi, қылм тылықты қылмыс жасаған адамға мемлекеттiң жағымсыз реакциясы ретiнде қарастыруға болады. Қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтiк мазмұнын - қоғам мен мемлекеттiң қылмысты жəне қылмыскер тұр, оған терiс баға беру құраса, ал заңдық мазмұнын - қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемл рлеу шаралары құрайды.
Сондықтан, қылмыстық жауаптылық өз iнiң мазмұны бойынша əлеуметтiк , нысаны бойынша нормат шi қызметтердi атқарады жəне қоғамдағы қатынастарды тəртiптеу мақсатында қолданылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар əрекеттi жасаған адамға мемлекеттiк органдар мен қолданылатын қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық - құқықтық сип рлеу шаралар түрiндегi жағымсыз салдарды өтеу мiндетiн жүктеудi түсiну қажет.
Бұл анықтамадан қылмыстық жауаптылықтың негiзгi белгiлерiн ашып көрсетуге болады:
1). Қылмыстық жауаптылықтың басталу сəтi болып қылмыс құрамының белгiлерiн құрайтын əрекет жа танылады.
2). Қылмыстық жауаптылық кiнəлi адам үшiн жағымсыз салдарды өтеу мiндетi жүктелгендiгiн бiлдiредi. ыстық əрекет - себеп болса, қылмыстық жауаптылық - салдар.
3). Заңда көрсет iлген жағымсыз салдар тек арнайы өк iлеттi мемлекеттiк органдармен ғана қолданылады. 4). Қылмыстық жауаптылық - жағымсыз салдарды iс-жүзiнде нақты өтеу ғана емес, оны өтеу мiндетi ады.
5). Жағымсыз салдардың сипаты тек қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу жəне қылмыстық - атқару заңда нықталады.
Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы , жүзеге асырылуы жəне тоқтатылуы туралы мəселелердi ыстық-құқықтық қатынас шеңберiнде жүзеге асырылады . Қылмыстық жауаптылық өзiнiң бастауын қылмы тық қатынастан алып қана қоймайды, ол оның бiр бөлiгi ретiнде танылып бiр - бiрiмен тығыз байланыста. Сондықтан, қылмыстық-құқықтық қатынастарсыз қылмыстық жауаптылықтың тууы мүмкiн емес. Құрылымы бойынша қылмыстық-құқықтық қатынас обьектiден, субьектiден жəне субьектiлердiң тары мен мiндеттерiн құрайтын мазмұнынан тұрады.
Мұндай қатынастардың субьектiлерi ретiнде бiр жағынан, қылмыстық жауаптылықты өтеуге мiндеттi, бiр тылықтың заңмен бек iтiлген шегiн жəне белгi ленген тəртiбiн сақтауды талап етуге құқылы, қылмыс жасаға ады. Екiншi жағынан - өзiнiң арнайы өкiлеттi органдары арқылы қылмыс жасау фактiсiн анықтауға, оны ж адамның кiнəсiн дəлелдеуге м iндеттi жəне қылмыстық iс жүргiзу заңының нормаларын басшылыққа ала ыстық заң нормалары негiзiнде аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет таныла Қылмыстық-құқықтық қатынастардың обьектiсi болып адамның қылмыс жасауы нəтижесiнде құқ улерге түсетiн жеке, мүлiктiк жəне өзге де игiлiктер. Қылмыстық-құқықтық қорғаушылық қатынаст тiсiне деген мұндай көзқарас, яғни аталған қатынас қылмыстың жасалуымен байланысты туындағанымен, қ ан адамның түзелуi жəне қайта тəрбиеленуi үшiн оның жеке немесе мүлiктiк игiлiктерiне əсер ету арқылы латындығымен негiзделедi.
Қылмыстық жауаптылықтың құқықтық табиғаты жөнiнде айтқанда, оны жазамен теңестiруге болмайд ыстық құқықтың екi негiзгi институттары, олар қылмыстық заңның əртүрлi жеке нормаларымен қарастыр ең қатал жəне кең қолданылатын қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны.
Қылмыс жасаған адамның əрекетiнде қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамын анықтау та жазаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жаза тағайындаумен арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық жауаптылық және жаза
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Қылмыс және қылмыс құрамы
Пәндер