Құқықтың түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
  1. Құқықтық жүйелер
3: 5
Кіріспе:
  1. Құқықтық жүйелер түсінігі
3: 5
Кіріспе:

1. 2 Құқықтық жүйелердің жіктелуі

3: 7
Кіріспе:
  1. Құқықтың түрлері
3: 13
Кіріспе: 2. 1 Англо саксондық жүйе
3: 13
Кіріспе: 2. 2 Романо-германдық жүйе
3: 17
Кіріспе: 2. 3 Діни дәстүрлі жүйe
3: 21
Кіріспе: Қорытынды
3: 24
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 25

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс қоғамның құқықтық жүйесі түсінігі, құрылымы, қалыптасуы мен дамуы және құқықтық жүйенің нысандары мен тәсілдерін қазіргі кездегі әлемдегі құқықтық жүйелерді қарастырылған.

Қоғамның құқықтық жүйесі ұғымы оның өзіне тән сипатымен белгісіне байланысы анықталады. Құқықтық жүйе - қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен ерекшеленеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйе проблемалары - оның ұғым категория аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай - ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің «сындарлы он жылын» артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамның құқытық жүйесінің зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре - Спинози, К. Цвайгерт, Х. Кетц және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерде құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған.

Зерттеу обьектісінде. Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар, олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен ерекшеліктері құрайды.

Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша құқықтық жүйелердің тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды.

Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке - жеке орынын өзара байланысын қатынасын сарапқа салу. Аталған тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н. И. Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез - келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек.

Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 - жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.

Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: «Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін». Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.

Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез - келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.

Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн. Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама - қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.

  1. Құқықтық жүйелер

Құқықтық жүйе - бұл құқықтық нақтылықтың басқа да белсенді элементтері- құқықтық идеология және құқықтық (заңдық) тәжірибемен бірлікте қарастырылатын құқық (Алексеев С. С. Государство и право. Начальный курс. М., 1994, с. 80) .

Құқықтық жүйе түсінігі теориясын заң ғылымында тек ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ғана қарастыра бастады. Оның маңызы мынада, ол адамның мінез құлқына әсер ететін барлық өзара байланысқан заңдық блоктарды біріктіреді, сондай -ақ құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық сұрақтарын нақты шешуді көздейді. Құқықтық жүйе құқыққа негізделеді, бірақ одан әлде қайда кең. «құқық»және «құқықтық жүйе» түсініктері тұтас және бөлік ретіндегі қатынаста болады. Егер құқық, мемлекетпен бекітілетін және қамтамасыз етілетін формальді анықталған, жалпыға міндетті заң нормаларының жүйесі ретінде түсіндірілсе, ал құқықтық жүйені ресми биліктің, адамдардың мінез құлқына құқықтық әсерін тигізетін қоғамның барлық құқықтық ұйымын, тұтастай құқықтық нақтылықты, заңдық құралдардың жүйесін бейнелейтін құбылыс деп түсіндіріледі.

«Құқықтық жүйе» түсінігі нақты қоғамның өмірінің заңдық саласын кешендік бағалау ретінде сипатталады.

Заң әдебиеттерінде оның құрылымына бірнеше көзқарастар бар. Сонымен, Бабаев В. К. оған мыналарды жатқызады: құқық және оны сипаттайтын заңнама; құқықтық түсініктер; құқықтық қағидалар; құқықтық қатынастар; құқықтық символика; құқықтық идеология; құқықтық мәдениет; құқықтық саясатты жүзеге асыратын, құқық шығармашылық, құқық қолданушылық немесе құқық қолданушылық қызметпен айналысатын құқықтық институттар мен құқықтық мекемелер; заңдық тәжірибе. Алексеев С. С. құқықтық жүйеге бесенді элементтерді жатқызады. Өзара тығыз байланысқан:

  • заңда, өзге мемлекетпен танылған қайнар көздерде көрініс тапқан, міндетті нормалардың жүйесі ретіндегі құқық;
  • құқықтық идеология - құқықтық сананың белсенді жағы;
  • соттық (заңдық) тәжірибе. Құқықтық жүйелер түсінігі

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп-басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан, құқық қогамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі кұқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп-басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.

Құқықтық жүйе - бұл бір-бірімен қарым-қатынастағы келісілген және әрекеттестік құрал, қоғамдық қатынастарды және элементтерді реттейтін жиынтық сол не басқа елдердің құқықтық дамуының деңгейін сипаттаушы.
Құқықтық жүйені құрайтындарға құқықтың қайнар көздерінің ерекшелігі және мемлекеттік органдардың билігі, құқықтық шығармашылық және құқықты қолданумен шұғылданатындар жатады. Солармен қатар өздерін ашық көрсететін дүниетанымдық сипаттағы рухани құбылыстар заңгерлік ғылымдар, құқықтық түсініктер, құқықтық қағидалар, құқықтық мәдениет, құқықтық саясат, құқық тұтасымен және оны көрсететін заңдар, заңды техника, т. б.

Құқықтық жүйенің бірнешеге топтастырылған түрлері бар (өзгешеліктерін сайлау негізінен, сол не басқа құқық жүйесін бөлшектеу арқылы жүргізіледі) ұлттық құқықтық жүйені жүктеудің көбірек таралғаны нақтылы-тарихи құқықтық жиынтықта (заңдарда), заңды тәжірибеде және жекеленген елдердің үстемдік идеологиясында Р. Давидтың ұсынысы бойынша. Ол тура солай құқықтық отбасы түсінігін, ұлттық құқықтық жүйесінің жиынтығы ретінде, бір құқық типінің қалпында, тарихи жолының жалпы қалыптасу негізінде, биік тұрған қайнар көздердің, құқық құрамының құқықты пайдалану әрекеттерінің ерекшелігімен, заңгерлік ғылымның түсіну-категориялық аппаратына байланысты.

Үш құқықтық отбасы жүйесі бөлініп шығады, құқық жүйесінің ішкі салыстырмалы бірлігімен сипатталатын, заңдылық белгілерінің ұқсастығының болуы.

• роман-германдық құқықтық отбасы (конституциялық құқық) ;

• ағылшын-саксондық құқықтық отбасы (жалпы құқық-тың жүйесі) ;

• діни-дәстүрлік құқықтық жүйелер.

Роман-германдық құқықтық жүйе не құқықтың конституциялық жүйесі, оған мына мемлекеттер жатады: Франция, Германия, Италия, Испания және басқа мемлекеттер, оған қоса Ресей де өзінің ұзақ тарихына қарасақ түбірімен римдік құқыққа дейін баратынын байқаймыз.

Роман-германдық құқықтық жүйе рим құқығына негізделген осы күнгі негізгі құқықтық жүйе, сондықтан құқықтың маңызды қайнар көзіне нормативтік-құқықты кіргізеді, норманың абстрактілігі, құқықтың көпшілікке және жекешелікке бөлінуін, құқықтың әр түрлі салаларының бөлініп шығуын мойындайды.

Роман-германдық құқықтық жүйе ерекше құқық жүйесі ретінде XIII ғ. нормалар рецепциясы, қағидалар мен рим құқығының дәстүрлері негізінде қалыптасты.

  1. Құқықтық жүйелердің жіктелуі

Дүниежүзінің құқықтық картасы нақты бір мемлекеттің барлық құқықтық шындықты әрқайсысы сипаттайтын көптеген халықаралық жүйені қосады (доктринаны, құрылымды, қайнар көздерді, атақты институттар және салаларды, салт-дәстүрді, құқықтық сана-сезімді, құқықтық тәртіпті, құқықтық мәдениетті және т. б. ) .

XX ғасырда ұлттық құқықтық жүйенің саны үш есе арта түскен, қазіргі күні екі жүзге жақындады. Бұл жерде сөз, ұлттық құқықтық жүйелердің санында ғана емес, сондай-ақ құқықтық дамудың әртүрлі сатысында бірігуін негіздейді.

Заң типологиясы дүниежүзінің құқықтық карталарының әртүрлі, жан-жақты диференцияланған талдаудың қажетті алғышарттары бірі ретінде белгіленеді. Философиялық жоспарда ол жалпының (құқықтың тарихи типін), ерекшенің (құқықтық отбасының) және жалғызілікті (нақты ұлттық құқықтық жүйенің) бірліктерін көрсетеді.

Ұлттық құқықтық жүйе - жіктелудің негіз салушы объекті: ұғымы және элементтері. Заңды типологияның негізгі объектісі болып «құқықтық жүйе» категориясы танылады, ол «құқық жүйесі», «құқықтың тарихи типі», «құқықтық жүйелердің отбасы» сияқты концептуалдық ұғымдармен тығыз байланысты.

Тар мағынада, құқықтық жүйе ретінде «ұлттық жүйе» ретінде белігленетін нақты бір мемлекеттің құқығы түсініледі.

«Құқықтық жүйе» ұғымы «құқық жүйесі» ұғымының синонимі емес, өйткені соңғы ұғым құқықтың салаларының құрылуын және өзара қатынасын, өзара байланысын ашатын, институттық ұғым болып табылады. Құқықтық жүйе - құқыққа қарағанда өте кең ұғым. Ол құқықтың жүйесімен қатар өзіне қоғамның құқықтық өмірінің бірқатар өзге компоненттерін қосады. «Құқықтық жүйе» ұғымында «құқық жүйесіне» қарағанда, құқықтың салаларының тек қана ішкі келісімі ғана сипатталып қана қоймайды, сондай-ақ олардың дербес құқықтық білімдері сияқты автономдығы сипатталады.

«Құқықтық жүйе» ұғымы «құқықтық отбасы» категориясымен тығыз байланысты.

Құқықтық отбасы - бұл заң ғылымының ұғымдық-категориялық аппаратының, құқықтық қолдану, құқықтық институттар мен салалар, құқықтың бір типі шеңберінде ұлттық құқықтық жүйенің кең жиынтығы. Кез келген мемлекеттің кез келген ұлттық құқықтық жүйесі өзінің ееркше ішкі құрылымына, өзінің ерекшелейтін ішкі құрылысына ие.

Ұлттық құқықтық жүйенің типтік элементтері ретінде бөліп шығаруға болады:

- құқықты;

-құқықтық сана-сезімді;

- құқықтық мәдениетті;

- заңды тәжірибені;

- доктринаны.

Құқықтық жүйелердің жіктелуінің критерийлері. Заңды типология шеңберінде келесі жіктелулер ұлттық құқықтық жүйелердің тарихи және заңды-техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкін және мақсатты болады. Жіктелу құқықтық жүйелердің деңгейінде және құқықтың басым салалары деңгейінде мүмкін болатындығын ескере кету қажет. Осы екі түрі бір-біріне қайшы келмейді. Салалық жіктелудің айырмашылығы дүниежүзінің құқықтық картасына дифференцияланған беталыстық міндетпен анықталады. Әр жеке жағдайда бір немесе екі критерийлер жеткілікті

Мұндай болып ерекше құқықтық институттар, құқықтың қайнар көздері, құқықты қолдану сферасы және т. б. көрінеді.

Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуін құқықтық отбасылардың құрылымы бойынша, құқықтық топтардың және жеке құқықтық жүйелердің құрылымы бойынша қарастыру қажет. Әр құқықтық отбасының ішінде одан да ұсақ бөлінетін жіктелулер қарастырылуы мүмкін, яғни оны бірнеше құқықтық топтарға бөлу. Мысалы, - романо-германдық құқықтық отбасында француздық (романдық) және германдық құқық топтарын бөледі;

- жалпы құқықтың отбасында - ағылшын құқығының және америкалық құқықтың және т. б. топтарын бөліп шығарады.

Сөйтіп, жіктелудің критериялары болуы мүмкін:

- біріншіден, ең кең немесе ең тар географиялық орта;

- екіншіден, географиялық емес, тарихи сипатқа ие болуы мүмкін;

- үшіншіден, критерийлер ретінде өзіндік заң институттары мен құқық салалары болуы мүмкін.

4 Қазіргі құқықтық жүйелердің негізгі жіктелуі. Құқықтық жүйелердің жіктелуі қанша ғалым заңгерлер бар болса, олар да сонша болып келеді.

Бірақ та көзқарастар мен ой-пікірлердің көптігіне қатысты қазіргі құқықтық жүйелердің жіктелуінің негізгі екі бағыттарын бөліп шығаруға болады. Олардың әрқайсысы өз кезегінде, белгілі бір ерекшеліктерге ие бірнеше түрлерге бөлінетін болады.

Бірінші бағыт атақты француз ғалымы Р. Давидтің еңбектерінде анық көрсетілген. Ол триотомия идеясын бөліп шығарды - үш «құқықтық отбасын» бөлу:

- романо-германдық;

- англо-саксондық;

- бүкіл қалған заңи әлем, «діни және салт-дәстүрлік» деп аталған және планетаның бестен төрт бөлігін алып жатқан жер.

Р. Давидтің жіктеуі қазіргі заң ғылымында танымал. Мысалы, Франция университеттерінде «Қазіргі негізгі құқықтық жүйелер» оқу курсын беру.

Екінші бағыттың ең көрнекті өкілі болып батыс-германдық заңгер К. Цвайгерт табылады.

Оның пікірінше, жіктелудің негізгі критерия ретінде «құқықтық стиль» (құқық стилі) 5 факторды есепке алатын ұғым алынған:

  1. құқықтық жүйенің пайда болуы мен дамуы;
  2. заңи ойлау қабілетінің өзіндік белгілері;
  3. ерекше құқықтық институттар;
  4. құқықтың қайнар көздерінің табиғаты мен оларды талқылау тәсілдері;
  5. идеологиялық факторлар.

Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:

Бірінші - құқық, қоғамның объективтік - диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субьективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды.

Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нор-малар.

Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орындайды.

Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұ-нына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымы жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылымы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.

Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.

Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құкық құрылымы, жұмысының қалыптасуы, дамуы бірдей - ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан, құқықтық жүйелердіңде қалыптасуы, дамуы әртүрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірибелерін алып, пайдаланып өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.

  1. Сонымен, құқықтық жүйе дегеніміз - әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер [7, 48-56 б. ] .

Құқық құрылымы дегеніміз- құкықтық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.

Құқық жүйесі дегеніміз - құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптыц ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құкықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.

Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу-басқару үшін объективтік жолмен кұқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.

Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім - құқықтық норма. Бұл деңгейде норма бірқатынастың ішкі мазмұнын, оның орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т. б.

Құқықтық институт - бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құкығы меншік, шарттық байланыстары т. б. мәселелері; әкімшілік құқығы, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекетті органдарының кызметтерінің қағидалары мен функциялары т. б.

Құқықтық бөлім - бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы қатынастарды реттеп-басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т. б. мәселелер жөніндегі нормалар.

Құқық саласы - қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, отбасы т. б. құқықтар.

Құқық - салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.

Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жұйесінің негізгі салалары:

1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық - бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп-басқарып отырады.

2. Әкімшілік құқық - бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.

3. Қаржы (қаражат) құқығы - бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.

4. Жер құқығы - бұл сала жер, су, өнімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі
Құқық теориясы
Құқық негіздерінің түсінігі
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАН РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқықтың шығу теориялары
Әкімшілік құқықтың пәні
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқықтың пайда болуы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz