Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:
  1. Құқықтық мемлекет түсінігі
3: 5
КІРІСПЕ:
  1. Құқықтық мемлекеттің мазмұны
3: 6
КІРІСПЕ:
  1. Құқықтық мемлекеттің белгілері
3: 10
КІРІСПЕ:
  1. Құқықтық мемлекеттің қағидалары
3: 15
КІРІСПЕ:
  1. Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
3: 19
КІРІСПЕ:
  1. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың алғашшарттары
3: 22
КІРІСПЕ:
  1. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың ерекшеліктері
3: 26
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 30
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 31

КІРІСПЕ

Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiгiмiзге жеткен уақыт iшiнде ғана елiмiздiң бар болмыс бiтiмi, бүкiл кескiн келбетi кереметтей өзгердi. Бәрiнен де бұрын егемендi ел атанып, ес жиып, еңсемiздi тiктедiк, халық болып қалпымызды танып, империя тозағының астында қалған тарихымызды ашып алдық. Бүгiнде Қазақстан келесi адамзат тарихының алып айдынына адаспай жол тауып, өзiнiң ертеңiне екпiндеп еркiн жүзiп келедi.
1991 жылдың желтоқсанында Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы ыдырады. КСРО құрамына кiрген Одақтас Республикалар өз егемендiгiн алып, тәуелсiз жеке дербес мемлекеттер болып бөлiне бастады. Кеңестiк Социалистiк Қазақ Республикасы жойылып, оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан мемлекетi - республикалық басқару нысанында болып, республикада мемлекеттiк билiк белгiлi бiр мерзiмге халық сайлаған өкiлеттi органдармен жүзеге асырылды. Қазақстан президенттiк республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлердi қабылдап, олар жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ КСР-нiң Мемлекеттiк Егемендiгi туралы Декларация Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы заң 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялар.
Аталған Конституциялық актiлер Қазақстанның тәуелсiздiгiн дербестiгiн жариялап демократиялық құқықтық мемлекет құру туралы мақсатты алға қойды.

Қазақстан Республикасының Конституция ережесiнде Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституцияда болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негзiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды. Атап айтқанда, бiртұтас Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген, өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық мемлекет етiп жариялағаны туралы толық ақпарат Ұйымдасқан қоғамда жоғары деп саналатын және мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясаттағы қызметтiң жүзеге асыруға жаралған мемлекеттiң негiзi феноменi - мемлекеттiк билiк жайлы.

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:

1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.

2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.

3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар.

  1. Құқықтық мемлекет түсінігі

Құқықтық мемлекет - өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т. б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті - адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.

  1. Құқықтық мемлекеттің мазмұны

Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотелъ, Полибии, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттіке жатады. ” Заңның күші жоқ жерде - Аристотелъдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”. Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.

Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.

Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірбенің негізінде, саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.

Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.

Бурдуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық м емлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми - теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.

Гроций - табиғи - құқықтық мектептің, бірінші теорилық маманы болды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл - ой жатады.

Табиғи құқықтың үйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін - өзі ұстау, уәдеге түру міндеттілігі, кінәләрдәң шығынды төлеуі, сонымен қатар “Воздаяние” адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес келулері қажет.

Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан “ақыл -ой заңдылығына жауап беретін”

жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқық пен бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әр түрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім, сондықтан халық мемлекетті құрған да кез келген басқару нысанын алуға мүмкіндігі бар, бірақ оны белгіленгеннен кейін, халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.

Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарының жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.

Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын баяандау, қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болады.

Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми оргындар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сон-дай-ақ азаматардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді . Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағ өзара қарым - қатынас саласында кірісу жат құбылыс . Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айырықша қаморлық көрсетеді және он сақталуын қадағалап отырады.

Өзінің бүкіл қызыметінде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып келетін этатистік мемлект оған қарама қарсы болып табылады. Бұдан, басқа, аталған субъектілердің бостандығы мен дербестігі . олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларының, азаматтардың жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына алуғ деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ - түйек мәселелердің шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамың басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жеке тұлғаның және тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделікті араласып отырған мемлекеттік оргындар мен лауазымды тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.

Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасындағы аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады, олардың бірінші және екінші типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауға тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай -ақ құқықтық мемлекетке жақындауда.

Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік - құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тйімді институттардың өзіндік ерекше «селекциясы» мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналады деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралады: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек өйткені барлық оргындардың, лауазымды тұлғалардың жіне азаматтардың әректерін бағыттап отыруға арналған. [ 2 ] .

Алғашқыларда бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір біріне ерекшелігі болғанымен, басты мәселеде - құқықтық нұсқаулардың мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде жіне қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде - олардың ойы бір жерден щығып отырды.

Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бір қаттар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік жіне қоғамдық қызыметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді - мемлекетік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның міртебесі айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бірінші дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің бассыздығы азайып, олардың қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға түсе бастады.

Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер « отбасының » пайда болып, көбеюі. Бұл - мемлекеттік -құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен, өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда, оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.

Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік - саяси күштердің айқын ара қатнасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерін нығаюы болып табылады.

  1. Құқықтық мемлекеттің белгілері

Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей - адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы - мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.

Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян - ІV ғ. б. э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.

Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстылармен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс емес ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті «халықтың жұмысы» құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа кезеңде, табиғи доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.

Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттардың жоқ кезінде өтті.

Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н. Макиавелли, тирандармен күресушілер Э. Боэсси т. с. с. ) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың егеменді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы, еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.

Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді - құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың және мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек - деген ой, И. Кантқа жатады. Халық егемендігінің қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы, атқарушы биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығын және оның қызметін тежейтін принципті белгілегеніне, яғни халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң шығарушы халық жөнінде шешім қабылдай алады. И. Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р. Фон Моль бірінші рет, құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кейіпті конституцияда бекітілген азаматтардың құқығы және бостандығы бар индивидтердің, сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.

Осы күнгі анық түсініктемелердің біріне жататындар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау тәсілдері
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Парламенттік басқару формасы
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Балалардың құқықтық қағидалары
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz