Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми - теориялық негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7

1 Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми . теориялық негізі
1.1 Сөйлеу тілін логопедтік ырғақ арқылы түзете. дамытудың тарихы ... 8.10
1.2 Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.12
1.3 Логопедтік ырғақтың бала тұтықпасын жоюдағы ролі ... ... ... ... ... ...12.14

2 Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балаларға логопедтік ырғақ арқылы ықпал етудің негізгі бағыттары
2.1 Мектепке дейінгі бала тұтықпасын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.21
2.2 Мектепке дейінгі бала тұтықпасын түзету үшін психологиялық.педагогикалық жұмыс жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.25
2.3 Эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Білім туралы Заңының 2-тарау, 8-бабының 6-тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуын, дамуындағы ауытқуды түзетуін және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.
Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр.Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында , «Кемтар балаларды әлеуметтік- медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында бұзылысы бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі , оларды оқыту, тәрбиелеу , еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелері жан-жақты қарастырылған .
Емдік ритмика логопедиялық мекемелерде сөйлеу бұзылысы бар адамдарға ырғақтық әсер ету жүйесінде қолданылады. Осыған байланысты оңалту әдістеріндегі бағыт – логопедтік ырғақ қалыптасты. Алғашқы логопедиялық ритмика В.А.Гилеровский мен Н.А.Власованың жетекшілігімен мектепке дейінгі тұтықпа балалармен жүргізілген жұмыста қолданды. В.А. Гринер мен Ю.А. Флоренскаяның «Логопедическая ритмика» мақаласында тұтықпа балалардың сөйлеуін жақсарту мақатында оларға арналған арнайы логопедиялық ритмика сабағын жоспарлау туралы мәселе қойылды. Бұл емдік ритмиканың жаңа бағыты логоневротиктерді емдеуде қолданылатын қосымша әдіс ретінде қаралды.
Тұтықпа балаларға арналған сабақтар үшін практикалық материалдарды 1939 жылы Н.С.Самойленко «Ритмика с логоневротиками дошкольного возраста» мақаласында баяндады. Ол тұтықпа баланың моторикасы бұзылысын ескере отырып, қиындық деңгейі бойынша жаттығуларды топтады және сабақтардың өтуінің негізгі принциптерін анықтады.
Тұтықпасы бар балалар тақпақ, өлең айтқанда, оларға берілген ритм бойынша көмек пайда болып, оларда тұтықпа жоғалады.
Тұтықпа балаларға музыкалық ритм тұтығуды жою барысында тәжірибелік материал болып табылады. Себебі, олардың эмоционалды ерік аймақтарына көп көңіл бөлінеді. Сөйлеудің динамикасын анықтағанда, ритм тек қозғалысты ғана емес, сонымен қатар, баладағы сөз бен сөйлеу темпін қадағалайды. Логопедиялық ритмика сабағында, тұтықпасы бар бала өз ақауын тәрбиелеуіне жол ашады. Бұл оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Осыған орай, аталған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы, теориялық және тәрбиелік пайдалануының жетіспеушілігі зерттеу тақырыбын «Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балаларға білім беру» деп атауға мүмкіндік берді.
1. Аскенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании. Москва , Академия, 2002
2. Байтурсынова А.А. Историко-педагогической аспекты спецального образования в Республике Казахстан.\Сб. Совремнные проблемы специальной педагогике . Алматы ,2003
3. Березовский Б.Л. , « К методике выявления музыкальных особенностей у детей». \\Вопросы психологии.\\ 2000
4. Бернштейн Н.А.. «Очерки по физиологии движений и физиологии активности». М., 1999
5. Блощекина М.П.«Средства и формы работы с детьми по развитию движения»\\ Развитие движений ребенка дошкольника\\ М., «Просвещение», 2003
6. Волкова Г.А. «Логопедическая ритмика» М., Владос, 2003
7. Гордеева А.В. , Морозов В.В. Прикладная реабилитационная педагогика. Москва , Академический проект, 2004
8. Гордеева А.В. Реабилитационная педагогика. Москва , Академический проект, 2005
9. Гонеев А.Д., Лифинцева Н.И., Ялпаева Н.И. Основы коррекционной педагогики. . Москва , Академия, 2001
10. Галагузова М.Л. Курс лекций. Социальная педагогика. Москва, Владос, 2001
11. Ефименкова Л.Н., Садовникова И.Н. Формирование связной речи у детей – олигофренов. – М., 2001
12. Дефектология.Словарь-справочник \ Авт .Сост.С.С.Степанов; Под ред . П.Б.Пузанова .-М.,2004
13. Закон РК «О социальной медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» - Астана, 11.07.2002. № 343 – ІІ ЗРК.
14. Закон РК «О внесении изменении и дополнении в Закон РК «Об образовании» - Астана, 9.07.2004. № 597 – ІІ ЗРК.
15. Приказ Министра образования и науки «Правила о порядке организации деятельности специальных (коррекционных) организации образования РК» 10.07.2000. № 708
16. ЗамскийХ.С.Умственно отсталые дети:История их изучения , воспитание и обучения с древних времен до середины ХХ века М:1995
17. Запорожец А.В.«Развитие произвольных движений» М., 2002

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7

1 Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми
- теориялық негізі
1.1 Сөйлеу тілін логопедтік ырғақ арқылы түзете- дамытудың тарихы ... 8-
10
1.2 Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-12
1.3 Логопедтік ырғақтың бала тұтықпасын жоюдағы
ролі ... ... ... ... ... ...12-14

2 Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балаларға логопедтік ырғақ арқылы ықпал
етудің негізгі бағыттары
2.1 Мектепке дейінгі бала тұтықпасын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-21
2.2 Мектепке дейінгі бала тұтықпасын түзету үшін психологиялық-
педагогикалық жұмыс
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21-25
2.3 Эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...27

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Білім туралы Заңының 2-тарау, 8-бабының 6-тармақшасында Мемлекет
даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуын, дамуындағы
ауытқуды түзетуін және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз
етеді делінген.
Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға
айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр.Бұл қамқорлықтың
бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында ,
Кемтар балаларды әлеуметтік- медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы т.б. заңдарында айтылып, дамуында бұзылысы бар
балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі , оларды оқыту,
тәрбиелеу , еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала
мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті
мәселелері жан-жақты қарастырылған .
Емдік ритмика логопедиялық мекемелерде сөйлеу бұзылысы бар адамдарға
ырғақтық әсер ету жүйесінде қолданылады. Осыған байланысты оңалту
әдістеріндегі бағыт – логопедтік ырғақ қалыптасты. Алғашқы логопедиялық
ритмика В.А.Гилеровский мен Н.А.Власованың жетекшілігімен мектепке дейінгі
тұтықпа балалармен жүргізілген жұмыста қолданды. В.А. Гринер мен Ю.А.
Флоренскаяның Логопедическая ритмика мақаласында тұтықпа балалардың
сөйлеуін жақсарту мақатында оларға арналған арнайы логопедиялық ритмика
сабағын жоспарлау туралы мәселе қойылды. Бұл емдік ритмиканың жаңа бағыты
логоневротиктерді емдеуде қолданылатын қосымша әдіс ретінде қаралды.
Тұтықпа балаларға арналған сабақтар үшін практикалық материалдарды 1939
жылы Н.С.Самойленко Ритмика с логоневротиками дошкольного возраста
мақаласында баяндады. Ол тұтықпа баланың моторикасы бұзылысын ескере
отырып, қиындық деңгейі бойынша жаттығуларды топтады және сабақтардың
өтуінің негізгі принциптерін анықтады.
Тұтықпасы бар балалар тақпақ, өлең айтқанда, оларға берілген ритм бойынша
көмек пайда болып, оларда тұтықпа жоғалады.

Тұтықпа балаларға музыкалық ритм тұтығуды жою барысында тәжірибелік
материал болып табылады. Себебі, олардың эмоционалды ерік аймақтарына көп
көңіл бөлінеді. Сөйлеудің динамикасын анықтағанда, ритм тек қозғалысты ғана
емес, сонымен қатар, баладағы сөз бен сөйлеу темпін қадағалайды.
Логопедиялық ритмика сабағында, тұтықпасы бар бала өз ақауын тәрбиелеуіне
жол ашады. Бұл оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында маңызды рөл
атқарады. Осыған орай, аталған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы,
теориялық және тәрбиелік пайдалануының жетіспеушілігі зерттеу тақырыбын
Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балаларға білім беру деп атауға мүмкіндік
берді.

Зерттеу мақсаты:
1. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалар мәселесіне байланысты ғылыми
зерттеу жұмыстарын талдау;
2. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың дамуы үшін логопедиялық
ритмиканы пайдалану;
3. . Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың ерекшелігін ескере отырып,
педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ықпал ету.
Зерттеу нысаны - тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалар
Зертеу пәні -. тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларға
логопедтік ритмика арқылы ықпал ету.
Зерттеу болжамы – егер тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы
балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс неғұрлым ерте жүргізілсе, онда
педагогикалық ықпал ету бала дамуын болжауға және нақты қажеттіліктерін
анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
- ерте балалық шақта сөйлеу тілінің жетілуі;
- баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға дамуының жағымды
жақтарын қарастыру;
- тұтықпасы бар баланың психикалық және тұлғалық дамуын ескере отырып,
сөйлеу тілін жетілдіру.
Зерттеу міндеттері:
- қалыпты дамыған және тұтықпасы бар балаларда даму ерекшеліктері бойынша
педагогикалық-психологиялық және әдістемелік зеттеу;
- тұтықпасы бар балалардың отбасылық жағдайын тексеру;
- тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларды логопедиялық ритмика
арқылы түзете-тәрбиелеу әдістемелерін өңдеу және тәрбиелік экспериментальды
жұмыс жүргізу, зерттеу мәселесі бойынша эмпирикалық материал даярлау.
Зерттеу әдістері:
1. Теориялық зерттеу әдістері: ғылыми және арнайы әдебиетті –
педагогикалық-психологиялық, әдістемелік, дидактикалық – зертеу
мәселесі бойынша талдау және жинақтау; салыстыру, жалпылау, жобалау,
болжау.
2. Эмпирикалық зерттеу әдістері: сұрақнама, анкеталау, бақылау, бағалау,
экспертті бағалау педагогикалық эксперимент.
3. Зерттеу материалын жасаудың статистикалық әдістері: компьютерлік
технологияны қолдану арқылы мәлімттерді статистикалық және графикалық
талдау.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңыздылығы мектепке дейінгі
тұтықпасы бар балаларды тексерудің технологиясын жасаудан тұрады.
Практикалық маңыздылығы – баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне
сәйкес, түзету-дамыту жұмыстарын іске асыру және мектепке дейінгі тұтықпасы
бар бала бұзылысын түзетуде қолданылатын логопедиялық ритмикалық әдіс-
тәсілдермен қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеудің эксперименталды базасы - Облыстық Ұлан балалар үйі
мемлекеттік мекемесі және № 6, 7 логопедиялық балабақшалар.

І МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМУЫНЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Сөйлеу тілін логопедтік ырғақ арқылы түзете-дамытудың тарихы

Ол Женевалық консервоторияда сабақ беретін еді, оны оқушылардың
икемсіздігі таң қалдырды. Далькроздың ойынша музыкантта тек қана дауыс қана
емес, сонымен қатар, жақсы ырғақ болуы тиіс. Ол музыкалық ритмиканы
музыкалық педагогиканың бөлек тармағына бөліп және ритмикалық сезімді
өзімен-өзі етіп таратуды ұйғарды. Қозғалыс реттеушісі ретінде Далькроз
музыканы алды. Музыка қозғалысты реттеп, уақыт және кеңістікпен қозғалыс
арасындағы байланысты нақты көрсетеді. Тек қана ритмикалық қозғалыстар
жасайтын қабілет пен дұрыс моторлы әдеттер ғана қалыптасып қоймай, сонымен
бірге кез келген уақытта нақты орындалатын уақытпен кеңістік байланысын
елестету қабілеті қалыптасады. Қозғалыстың музыкамен сәйкестігі соншалық,
ырғақтылыққа қарағанда, метрикалық негізде орындалады. Далькроз метрикалық
жаттығуларды қозғалыстың күрделі тобына біріктіріп реттейді. Олардың
көбісін метрикалыққа да, ритмикалыққа да жатқызуға болғандықтан, ол оларды
метроритмикалық ретінде квалификацияланды. Далькроз өзі метр мен ритмнің
айырмасына анықтама берді: Такт-ол бай әртүрлілік енуі мүмкін болатын
қандай да бір ұқсастық. Ал ритм ұқсастыққа енген әртүрліліктің өзі.
1909ж Вольф Дорн, оған Хеллерауда музыка және ритм институтын басқаруды
ұсынды. Онда жергілікті ұста ағаш өңдеушілердің балалары оқитын болды.
Хеллераудағы балалардың музыкалық дамуы тез жүрді. Далькроздың оқушылары
ешқандай шаршауды сезбеді: қиын музыкалық – ритмикалық тапсырмалар
заттармен жүргізілетін ритмикалық жаттығулармен алмасты, доппен, шармен
ойнайтын көңілді ритмикаланған ойынға өзгерді. Ересек топтарда музыкалық
эмоциональды – образдық мазмұнына қиындық берілуіне арналған өзінше бір
этюд секілді, пластикалық экспрессивті тапсырмалар ендіріле бастады.
Үлкендерге ритмика,сольфеджио, көркем гимнастика, би, хор сияқты сабақтар
жүрді.
1911 ж маусым айында институт бітіріп, диплом алған 9 білімгердің ішінде
Н.Г Александрова да болды. Одан басқа институттың қабырғасынан ритмикадан
беретін бірнеше орыс ұстаздары шықты: В.А. Гринер, Е.А. Румер (Мәскеу),
С.М. Волконский, Н.А Баженов, Н.В Романова (Петербург), О.Н.
Пашковская (Киев), С.А. Плошко (Баку).
Э.Жак – Далькроздың әдісінің мәні неде? Ол ритм, музыка және қозғалыстық
бірігуі арқылы ритмнің көмегімен ритмді тәрбиелеу міндетін шешетін, сосын
арнайы таңдалған жаттығуларды қолдана отырып мектеп жасындағы балалардың
музыкалық есте сақтауын, назарын, ритмикасын, қозғалыстың практикалық
көркемдігін дамытты. Далькроз жетекші жаттығулардың бастауы музыка деп
санады.Оның сөздерінше музыка қимыл – қозғалыстың, қадам мен жесттің
ұзақтығын қағазға түсіруде нақты және анық етіп жасау үшін керек.Музыкада
ритмнен басқа дыбыспен біркелкілікті белгілейтін көмекші құрал бар. Жак-
Далькроз айтқандай, музыка біздің денемізді өзгертіп, денелік формалар
қалыптастырады. Оның жүйесінің дамуы оның оқушылары мен ізбасарларының
жұмысында жалғасын тапты. Бұған көп еңбек сіңіргендер Н.Г.Александрова және
В.А.Гринер. Н.Г.Александрова ритм мен музыканың тығыз байланысы негізінде
жүруі тиіс болатын мектептегі ритмикалық тәрбиенің маңыздылығын көрсетті.
Оның ойынша,ритмика бұл көркем өнершінің, мүсіншінің, музыканттың,
мимисттің, бишінің, актердің жолдары айырылысатың үлкен жалпы нүкте.
Бұлайша бөлу ритмиканы адам өмірінің әртүрлі аумағында қолдануға деген
алғашқы қадам болды. Ритмикалық тәрбиені биоәлеуметтік тәрбиенің құралының
бірі ретінде сипаттаған Н.Г. Александрова Жак-Далькроз жүйесі бойынша
жүргізілетін ритмиканы педагогика, психология, еңбектің ғылыми ұйымы, дене
шынықтыру ғылымдарының ортасына қоя отырып, бөліп көрсетті.
Н.Г.Александрова әрбір аталған ғылымның ритмикалық сәттерін қалыңдатылған
түрде жинастыратынын көрсетті. Н.Г. Александрованың шығармашылық қызметі
Мәскеуде басталды.
1912 жылы Жак-Далькроз Н.Г.Александрова бастамасымен Мәскеуде Мемлекеттік
көркемдік ғылымдар академиясында музыкалық оқу мекемелеріне арналған
ритмика бойынша жүретін сабақтар бағдарламасын жасаған, бағдарламаға
әдістемелік нұскаулар ұйымдастырған және әдістемелік және ноталық материал
жүйелеген Мәскеулік ритмисттердің ассоциациясы құрылды. Мәскеудің және
Ленинградтың орыс ритмисттері 20- жылдары қазіргі заманғы талаптарға сай
Мәскеудің және Ленинградтың орыс ритмисттері 20- жылдары қазіргі заманғы
талаптарға сай музыкалық ритмикалық тәрбиенің әдісін жасады.
Н.Г.Александрова жазғандай Мәскеулік мектептердің негізгі принципі
Далькроздың ритмикасын аристократиялық интеллектуализмен, вертуоздыққа
талпыну мен қиындықтардан босату болды.
Біздің елімізде 30-40 ж музыкалық ритмикалық тәрбие Н.А.Александрова,
В.А.Гринер, Е.В Конорова, М.А.Румер,Е.П.Шепулиндермен атқарылды.
Эмиль Жак-Далькроздың идеясын жалғастырушы неміс музыканты және
педогогы Карл Орф болды. Оның әдістемелік концепциясының мазмұны
баланың белсенділігін музыка мен би арқылы максималды турде дамыту
болады. Бүл әдістің негізгі жетістігі баланың шығармашылық
мүмкіндіктерін қолдану және эстетикалық эмоцияларды жеткізу болып
табылады. Сабақтың негізін , сөздің музыкамен қимыл-қозғалыстың синтезі
құрайды. Қимыл-қозғалыстар қарапайым музыкалық аспаптарда ритмикалық
сөзбен, өлең мен ойынмен бірігеді. Техникаға деген талаптардың өсуінің
арқасында бұл әдіс жан-жақты қолдау тапты.Оның элементтері бала-бақша
бағдарламаларына, музыкалық және жалпы білім беру мектептерінің
бағдарламаларына еңгізілген. Сонымен қатар, олар арнайы мекемелерде және
қимыл-қозғалыс реабилитациясын талап ететін балалармен жұмыс жасауда
қолданылуы мүмкін. Осылайша, логопедиялық ритмика әртүрлі
реабилитациялық әдістерде коррекциялық негізде пайдалы құралы ретінде
кең қолданылуда.

2. Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарын
логопедтік ырғақ арқылы түзету ерекшеліктері

Тұтықпа балаларға музыкалық ритм тұтығуды жою барысында тәжірибелік
материал болып табылады. Себебі, олардың эмоционалды ерік-сфераларына көп
көңіл бөлінеді. Сөйлеудің динамикасын анықтағанда, ритм тек қозғалысты ғана
емес, сонымен қатар баладағы сөз бен сөйлеу темпін қадағалайды.
Логопедиялық ритмика сабағында, тұтықпасы бар бала өз ақауын тәрбиелеуіне
жол ашады. Бұл оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында маңызды рөл
атқарады.
В.А. Гиляровский өзінің зерттеуі бойынша былай деді: егер баланың сөйлеу
тілі кеш дамыса, онда балада сөйлеу моторикасың дамымауына әкеліп
соқтырады. М.Ф.Брунс тұтықпасы бар баланың моторикасын зерттей
отырып,олардың моторлық дамуында ақаулық бар екенін анықтады.
Тұтақпасы және сөйлеу моторикасы бұзылған балаларға зерттеушілер ерекше
көңіл бөлді, В.А.Гиляровскийдің пайымдауынша, сөйлеу тілінің кеш дамуы,
сөйлеу мотрикасының дамымауына әкеліп соқтырады, М.Ф.Брунс, тұтақпасы бар
балалардың моторикасын зерттей келе, мынадай қорытындыға келді, олардың
сөйлеуінің моторлық дамымауы осыдан тууы мүмкін. Тұтақпасы бар
оқушылардың сөйлеу моторикасын қорытындылай келе, В.И.Дресвянников баланың
мотрикасының дамуы және экспрессивті сөйлеуі тығыз моторлық онтогенезде
болуы мүмкін еді. Автордың айтуы бойынша, моторика және сөйлеу түзету
жұмыс кезінде бір-біріне паралельді өзгереді деді.
Тұтықпа баланың 1-ші рет тексеру кезінде педагог ата-анасына анализдік
мәліметтермен қатар төмендегідей мәліметтерді жинайды:
- баланың сөйлеуінің дамуының процестерінің өтуі;
- тұтақпаның қашан және қандай жағдайда пайда болуы;
- ата-анасы мен баланы қоршаған адамның сөйлеу жағдайы;
- баланы жанұяда тәрбиелеу әдісі;
- баланың денсаулық жағдайы мен мінез-құлқы, оның үйдегі жағдайы;
- балада тұтақпаның әсерінен мінез-құлқында өзгерістерінің болуы
немесе болмауы.
Мұнда балалардың тікелей жұмыс жүргізу үшін иллюстративті және
дидактикалық материал жинағы болуы керек. Педагогикалық мінез-құлығы
тұрақты, көңілді, зейінді, жүйелі болуы тиіс. Сабақты балалар столда 15-
20 минуттан артық отырмайтындай ,қалған уақытта қозғалыс немесе ойын
түрінде жоспарлау керек. Сөйлеуді дамыту сабақтан жүргізу барысында
жүйелілік соқпалуы тиіс. Яғни, алдымен балаларға жеңіл жаттығу беріліп,
сосын күрделіге көшу керек. Осындай жолдармен тұтақпа балалардың сөйлеуін
тәрбие бойынша барлық сабақта 3 кезеңге бөлінеді. Логопедиялық сабақты 5-
6 баладан тұратын топтармен немесе жеке дербес жүргізген жөн. Мұнда топтар
жас принципі бойынша жинақтайды, сөйлеуді дамыту сабақтың кезең бойынша
мазмұны:
1-кезең. 1-ші кезеңде ортақ және бейнелі сөйлеу жаттығулары, жатталған
сөйлемдер логопедтердің көмегімен тақпақтар орындайды. Баланың асықпай,
ырғақты сөйлеу тұтықпаның сөйоеуін басқарудың тиімді тәсілі болып
табылады. Ол күнделікті машықтандыратын жаттығулар мен лото ойындардағы
жаттығуларды жүргізу жолымен тәрбиелейді. Логопед балаларға сурет көрсетіп,
жәй сөйлемді толқынды және ырғақты түрде айтады. Бала тыңдап, сосын
қайталауды сұрайды. Сабақ басында баларға сөйлемнің стереотипін берген өте
пайдалы. Ол сөйлем процесін жеңіодендіреді. Бұл кезеңде баланың
стеореотипте сөйлемдерді айту дағдылары тәрбиеленеді. Бұл сөйлемдер баланың
есінде сақталып, сосын жаттап алып, ырғақты және толқынды түрде айтады.
2-кезең. Суреттерді ауызша сурет сериялары бойынша өзіндік әңгіме құрау.
Ертегілердің мазмұнын айтуға жаттығулар жүргізіледі. Мұндай балаларға
ырғақты сөйлеу дағдысын үйренуге көңіл бөлінеді. Егер бала өз әңгімесін
қалай жалғастыруды білмей, оған бағыттаушы сұрақтар қойып, көмектесу керек.
Сұрақ-жауап жаттығуларын барлық мүмкін нұсқаулары бойынша жүргізу керек.
3-кезең. Егер балада сөйлеу барысында алғашқы 2 кезең жаттығуларында
күштену мен еріксіз кедергі табылса, логопед біртіндеп тұрмысты ырғақты
сөйлеу дағдысы мен бастайды. Баланың күнделікті сөйлеуінің иннтонациясы
әртүрлі, сөйлеу екпіні тез, ырғағында өзгерісі болуы мүмкін.
Егер логопед баланың сөйлеуінің бақылағанда олардың сөйлеу ырғағын
жоғалтпаса, баланың сөйлеуі қалпына келтірілді деп айтуға болады.
Ритмикалық және музыкалық – ритмикалық тәрбиенің жүйесі келесі
жағдайларды ескере ортырып жасалды:
1) Жас ерекшеліктерін және жыныс ерекшелінтерін.Сондықтан ритмисттердің
Мәскеулік мектебі мектепке бейінгі және мектептік ритмиканы ерекше
секцияларға бөлді.
2) Профессионалды ерекшеліктері. Мысалы; ритмика бойынша сабақтар
көркемдік, хореографиялық, музыкалық мектептерде,театр училищелерінде әр
түрлі жүреді. Осындай ритмикаға үйрену шығармашылық ғылымдардан бөлек
жатқан кәсіптерге қатысты да сақталуы тиіс. Мысалы, болашақ ұшқыш өз
қимылдарының нақты координациясын анықтап назарынан 3-4 және одан да көп
нысандарды назарда ұстау қабілеті болуы тиіс. Осыған орай ритмиканың
міндеттері де анықталады.
3)Оқушылардың маторлы және интеллектуалды дарындылығы. Н.Г.Александрова
бұл негіздегі дефектісі бар балалармен жүргізілетін ритмикалық сабақтар
қалыпты балалармен жүргізілетін сабақтарға қарағанда мүлдем басқаша болуы
тиіс деп атап көрсетті.
4) Ритмика сабақтары ұжымдық сезімін тәрбиелеуі тиіс: Әрекеттің әрбір
қатысушысы жалпы массада қаншалықты батып бара жатса да сонымен қатар өзіне
жүктелген тапсырмаларға жауапкершілікті сезінеді.
5) Ритмика адамға қимыл – қозғалыста жаттамаған, үйретілмеген істерде
көрінуге мүмкіндік береді. Бұл еркін қозғалыстарда адам барлық өзіндік
психофизикалық аппаратын көрсете алады. Ол кеңістік пен уақытта мақсатты,
реттелген қимылдар жасайды, яғни кейбір биомиханикалық акт. Екіншіден ол өз
алдына қойған міндетін шешеді, яғни интелектуалды акт жасайды. Үшіншіден ол
музыкалық динамикамен, агогикамен және музыканың өзіндік сипатымен толық
бірігетін факттың ерекше қанағаттануына негізделген эстетикалық эмоцияны
сезінеді. Мәскеулік ритмисттер ассоциациясының мүшелерінің ойынша бала кім
болып өссе де оның психикалық аппаратында және оның кәсібінде жағымды түрде
байқалатын көріністер мен дағдылар қатарын алу үшін ол ритмикалық
жаттығулармен жаттығуы тиіс.

1.3.Логопедтік ырғақтың бала тұтықпасын жоюдағы ролі

Логопедиялық ритмика логопедия және дефектологияның жалпы методологиялық
негіздерінен бастау алады және оның бөлімдерінің бірі болып
табылады.Аномальды балаларды жан-жақты зерттеу жетістігі сөйлеуінде
бұзылысы бар балаларды логоритмикалық тәрбиелеуді толықтыруда үлкен үлесін
қосты.
Логопедиялық ритмиканың негізгі мәнін анықтайтын маңызды міндеті:
сөйлеуді тәрбиелеудің негізі ретінде және сөйлеу бұзылыстарын жоюдағы қимыл
- қозғалыс қабілеттерінің паталогиясын дамыту мен қалыптастыру.
Логопедиялық ритмиканың негізіне сөйлеу бұзылысы бар кез келген
жастағы адамдардың психофизилогиялық ерекшеліктері кіреді: олардың еңбекке
қабілеттілік мүмкіндіктері, реабилитационда қимыл – қозғалыс потенциялы
шаршағыштық деңгейі, қызығушылықтары мен талаптары, қарым-қатынас
деңгейі, көркемдік- іс -әрекеттік, көркемдік- бейнелік және логикалық
ойлау түрлері іс-әрекеттің басымырақ түрінің ерекшелігіне және т.б. Осыған
байланысты логоритмикалық тәрбиенің мазмұны сөздік коррекционды
әдістермен және емдік сауақтыру шараларымен қатар қаралуы тиіс.
Логоритмикалық сабақтардың ұйымдастырылуының кез келген түрінде
логопедпен музыкалық жетекшінің назары баланың жан – жақты дамуына, қимыл –
қозғалыс және сенсормы аймақтағы сөздік емес бұзмыстарды жоюға, сөйлеуді
дамытуға немесе қайта қалпына келтіруге бағытталады сонымен қатар балалар
мен үлкендердің қимыл – қозғалыс заңдыларын үйренуіне, олардың кеңістікте
бағдарлауына тапсырылған тапсырмалардың мазмұның түсінуіне қиындықтарды
белсенді түрде жеңуіне, өз әрекетінде шығармашылыққа тырысуына назар
аударылады.
Осылайша, логопедиялық ритмика адамның қимыл-қозғалыс жүйесінің
бұзылыстарымен, даму заңдылықтарын, олардың сөйлеу, есту және сөйлеу
қозғалыс жүйесінің байланыстарын қарастыра отырып, түзету – тәрбиелік және
қайта қалпына келтіру жұмыстарының толығуына әсер етеді. Сөзбен музыканың
бірігуінде қимыл-қозғалыстың дамуы толық түзете тәрбиелеу процесі б.т.
Бұзылған функцияларды қайта қалпына келтіру және сақталған функцияларды
болашақтағы дамуы баладан жинақылықты, ұқыптылықты, көріністердің
нақтылығын, ойдың белсенділігін, есте сақтаудың дамуын талап етіп:
эмоцианалды - егер оқыту процесі қызығушылықты және осыған байланысты
эмоцианалды үн қатуды шақырса; бейнелі – қимыл-қозғалыстың көркемдік
мысалын қабылдау кезінде; сөздік логикалық міндеттерді ойлану мен
логоритмикалық тапсырмаларды орындалу жолын есте сақтау кезінде. Балалар
мен ересектерді логоритмикалық тәрбиелеу жағымды тәрбиемен моральды
сезіммен, ақылдың қалыптасуымен, моральды ерікті қасиеттердің:
тілектестікпен өзара көмек берушілік, мақсатылықпен тікелей байланысты.
Логоритмикалық тәрбие- тұтықпаларда этикалық сезімнің байлығын
қалыптастырады.
Логоритмикалық тағы бір ерекшелігі реабилитационды жұмыстың әдісі мен
оның мазмұны, жаттығушылардың жастарына (балалар, жасөспірімдер, ересектер)
сөйлеу бұзылысына, олрадың қозғалыс және сөйлеу қимыл-қозғалыстық функция
жағдайларына тәуелді. Логоритмикалық тәрбиелеуде 2 негізгі кезенді
көруімізге болады. Біріншісі – сөйлеу патологиясы бар адамдарда сөздік емес
процестерді түзету, тәрбиелеу дамыту, ал негізгісі: есту назарын естуді
есте сақтауды, оптико-кеністік көріністі, қозғалыс координициясын,
қозғалыстағы тең және ритм сезімін, жеке тұлғаны тәрбиелеу және қайта
тәрбиелеуді қарастырады. Екіншісі – сөйлеу бұзылыстарын түзету және
сөйлеуді дамыту: демалу темпін және ритмін, сөйлеуді, фонематикалық естуді,
ауызша процесті тәрбиелеу және сол сияқты этиология, механизмдер бұзылыстың
симтоматикасымен және оның жою әдісіне байланысты сөйлеу бұзылыстарын
түзетуді тәрбиелеу.

II МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ЛОГОПЕДТІК ЫРҒАҚ АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ
ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Мектепке дейінгі бала тұтықпасын анықтау

Біздің елімізде дефектология саласында сөйлеу бұзылыстары бар балалардың
өзіндік дамуына жағымды жағдай жасап, әйгілі авторлардың көптеген жаңа
үлгіде зерттеулеріне байланысты, баланың қалыпты дамуына үлкен
мүмкіншіліктер және түзету іс-шараларының жетілдіру жолдары қарастырылған.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Ұланбалалар үйінің мектепке дейінгі
балаларымен жүргізілді. Экспериментке топтағы 6-7 жас аралығындағы 3 бала
алынды. Осы орайда, кешенді диагностикалық зерттеу жұмысын жүргізу
экспериментке қатысқан балалардың жеке ісін мұхият зерттеуден басталды
(барлық медициналық және педагогикалық құжаттар). Баланы тікелей тексерудің
сипаты мен жолы оның жағдайына байланысты арнайы мамандармен жүргізілді.
Мұнда баламен қарым-қатынастың тиімділігі мақсатында, ойын түрінде әр
баламен жеке-жеке жүргізілді.
Тұтықпа баланың 1-ші рет тексеру кезінде педагог ата-анасынан
төмендегідей мәліметтерді жинайды:
- баланың сөйлеу дамуының үдерістерінің өтуі;
- тұтықпаның қашан және қандай жағдайда пайда болуы;
- ата-анасы мен баланы қоршаған адамның сөйлеу жағдайы;
- баланы жанұяда тәрбиелеу әдісі;
- баланың денсаулық жағдайы мен мінез-құлқы, оның үйдегі жағдайы;
- балада тұтықпаның әсерінен мінез-құлқында өзгерістерінің болуы
немесе болмауы.
Зерттеу жұмысы жас және жеке тұлғалық, қозғалыс аймағының жағдайы,
сөйлеу тілі бұзылысын ескере отырып , кешенді түрде жүргізілді.
Динамикалық қозғалыс координациясын тексеру: ассиметриялы және қарама-
қарсы қозғалыстарды қолдарымен 4 есебінде жасау. 1- қолды алға созу,
алақан ашық, 2- жұдырықты түю, 3- жұдырықты ашу, 4- қолды төмен
түсіру. (Бала тапсырманы есте сақтап, орындау қажет ). Ескертпе:
тапсырманы дұрыс және бір дегенде орындауы (2-3 көрсеткеннен кейін
т.б.).
Статистикалық қозғалыс координациясының тексеру: бала көзін жұмып
тұрып, аяқтың өкшелерін бір сызықтың бойына аяқтың ұшы келесі
аяқтың өкшесіне тиетіндей және қолын алға созып тұрады.Орындау
уақыты 5 секунд, әр аяқпен 2 рет. Ескертпе: осындай қалыпта еркін
тұруы немесе шайқалып, құлап қалуы мүмкін.
Қозғалыстың ерікті тежелуін тексеру: бір мезетте бір қолымен 3,
келесі қолымен 2 қозғалыс жасауы (оңға , солға, төмен). Ескертпе: 2
қолының нақты, икемді қозғалысы.
Қозғалыс әдістерін орындау кезінде өзін бағдарлауы және қозғалысты
есте сақтауы: логопед 4 түрлі қол қимылын көрсетеді, алдын ала 1-
қайталауға болмайтын қол қимылы нақты көрсетіледі.Бала қалған 3 қол
қимылын қайталауы тиіс. Ескертпе: орындау сапасы, дұрыстығы,
бірізділігі.
Зейінді тексеру: логопедтің соңынан 15-20 қозғалысты, 1 қозғалыс
кейін қалып орындайды. Ескертпе: қозғалыс екпінін, орындау
бірізділігінің сапасы.
Қолдың ұсақ моторикасының қозғалысын тексеру: еліктеу арқылы
нұсқауды орындау. Ескертпе: нақты және бір мезгілде тапсырманы
орындау, солақайлығын , қозғалыс екпінінің бұзылысын анықтау.
Оральді праксисті тексеру: нұсқау арқылы ерінді, тісті қозғау
(ұстап тұру). Ескертпе: бұлшықеттердің шектен тыс тырысуы, қозғалыстың
шектелуі немесе қосымша қозғалыс.
Тіл қозғалысының сапасын және көлемін анықтау: 3 –ке дейін
санағанша тілді қандай да бір берілген қимылда ұстап тұру.
Ескертпе: тіл қозғалысының, бұлшықеттерінің қозғалысын анықтау.
Ерікті мимикалық моторикасын тексеру: түрлі мимикалық жаттығулар
орындау.
Көз бұлшықеттері қозғалысының сапасы мен көлемін тексеру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Мектепке дейінгі ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін ерте түзету жұмыстары
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тұтықпасы бар балаларда тұтығудың теориялық аспектілер
Логопедия ғылымы
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. Балалар емханасы жағдайында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Пәндер