Дыбыс айтуының бұзылуын түзетуге бағыталған логопедиялық жұмыс


Дыбыс айтуының бұзылуын түзетуге бағыталған логопедиялық жұмыс белгігі кезектілікпен, кезеңмен өткізілуі тиіс.
Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу жұмысының мазмұнына дұрыс айту, есту, оның интонациялық мәнерлігіне байланысты. Мұнда берілетін материалдың біртіндеп күрделенетінін, оның қайталанатынын ескеру маңызды.
Тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу - бұл дыбыстарды дұрыс айту, фонематикалық естуды, яғни дыбыстарды айыру, артикуляциялық аппараты, сөйлеу кезінде тыныс алу, дауыстың биіктігі мен қаттылығы, дикцияны айыра алу қабілеттілігі жетіле түседі.
Дұбыстарды дұрыс айту және фонематикалық есту қабілеті баланың сөйлеу дағдыларының қалыптасуымен қатар жалпы даму деңгейіне де үлен әсеріне тинізеді. Фонематикалық есту қабілетінің нашарлығы дыбыстарды естіп қабылдау, ажырату, сөздің дыбыстық құрамын талдау, жинақтау қабілетерінің дамуын кешеуілдетіп, оқу, жазу дағдыларының дұрыс қалыптасуына да кері әсерін тигізеді.
Фонематикалық есту дегеніміз балалардың ана тілі дыбыстарын қабылдап, ажырату және мағынасын түсіне білу қабілеті. Фонематикалық есту қабілеті арқылы бала адам дауысының жуан, жіңішке, екпін, ырғаған ажырата алады. Фонематикалық есту қабілеті дұрыс қалыптаспаған баланың сөйлеу тілі түсініксіз болып, жалпы сөйлеу дағдыларының кемістігі анықталады. Олардың көпшілігі жеке дыбыстары(с, з, ш, ж, р, л, қ, г, ц, т. б) дұрыс айта алмайды немесе дұрыс айта алған жағдайда сөз арасында дыбыстарды алмастырып айтады, әсіресе ұяң (ғ, ж, з) үнді (р, л) дыбыстарын дұрыс қабылдап, ажырата алмайды.
Фонематикалық есту - туа біткен қабілет емес, бұл қабілет баланың жалпы дамуымен қатар дамиды. Бала ерте жасынан-ақ өз анасының дауысын өзге адамдар дауысынан ажыратып, сөйлеу екпіні мен ырғағын сезеді.
Алғашқы былдыр сөздер баланың фонематикалық есту қабілетін қалыптасуының бастамасы, тіл дыбыстарын алғашқы қабылдап, қайталауға талпынуы. Сондықтан баланың айналасындағы адамдардың анық, дұрыс сөйлеуі өте маңызды. Фонематикалық есту қабілеті бала 5-6 жас кезінде белсенді дамиды.
Фонематикалық есту қабілетін түзету, дамыту жұмыстары негізгі
3 кезңнен тұрады.
1-ші кезеңнің мақсаты : есту гнозисын (затты өзіне тән дыбыс ерекшелігі арқылы ажырату қабілеті) дамыту. Айналамыздағы дыбыстар мен шуларға, әр түрлі дауыстарға назарын аударып, тыңдау қабілетін күшейту( жаңбыр тырсылы, жапырақтар шуылы, бұлықсылдыры, жануарлар мен құстардың дауыстары) . Дыбыстар мен дауыстарды естіп ажырату мен дауыстарды санын анықтау, ұқсас дыбыстар мен дауыстарды ажырата білу. Содаң соң заттарды тоқылдату, немесе қозғау( үстеді тоқылдату, кілтті сықырлату, қағаз мыжу) кезінде естілетін дыбыстарды естіп адырату жұмыстарын жүргізу. Әуелі көрсетіп естірту, сосын көзін жұмғызып жаттықтыру. Содаң-соңдауыс пен дыбыс шыққан бағытты анықтау қабілетін дамыту
2-ші кезең (негізгі) бірнеше бағыта жүргізіледі.
Сөйлем дағдыларының екпіні, қолмен шапалақтау, қарындашпен тоқылдату, мозайкаларымен, ұсақ заттармен көрсету. Келісі бағыт жеке фонематикалық қабылдауды дыбыс артиуляциясын көру, есту, сезіну арқылы дамыту.
- Дыбысты буында естіп ажырату. Ойын «буынды тап»
-Мен буындарды айтамын «с» дыбысын бар буынды естісең жалауша көтер(да, са, се, ра, шу)
- Дыбысты сөз арасында ажырату
а) «Дыбысты әріпен көрсет»
- Атауында «с» дыбысы бар сөз естісең «с» әрпін көрсет
ә) Суреттерді ата. «с» дыбысы бар суретті бөлек ал
б) Берілген дыбысқа сөздер ойлап табу.
в) Дыбыстың сөздегі орнын табу( басы, ортасы, соңында) Сөйлем арасынан берілген дыбыс мәтінде ажырату.
3-ші кезең . фонематикалық есту қабілеті, дыбыстық талдау жасау қабілетін білуге үйрету.
Дауыспен жұмыс (дауыстап, жай ату, сыбырлап айту, созып айту)
Сөйлеу кезінде дем алуды түзетуге арналған жаттығулар дауыстың да дамуына, ал дауысқа арналған жаттығулар керсінше сөйлеу кезіндегі дұрыс дем алуын қалыптастыруға әсер етеді.
(Тиін (Ц-ц-ц ), поезд келе жатыр, желдің дауысы( У-у-у), ұшақ (В-в-в), су краның дыбысы (С-с-с), жел соққанда ағаштардың дауысы (шшш)
Маса, ара бізді оятып жіберді (З-з-з), жазғы самал жел соқты (Ф-ф-ф), Қоңырау шылдырлайды (Тр-р-р), кірпі жүгіріп өтті (Пх-пх-пх), қарға ұшты қарқылдап (Қар-қар), сауысқан ұшты саңқылдап (Шық-шық), ашулы қоңыз ызылдады (Ыж-ыж-ыж) Осылайша, бала дыбыстарды ғана емес сонымен жуан және жіңішке дыбыстардыайтуын меңгереді. ) т. б
Артикуляциялық аппаратын жаттықтыру.
Артикуляция-сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары, атқаратын қызыметтері.
Артикуляциялық органдардың дұрыс және толық қозғалыстарын үйрену және қарапайым қозғалыстарын күрделі артикуляциялық тәртіпке дыбыстарды дұрыс айту үшін қажет.
Артикуляциялық аппараты дамыту және жаттықтыру үшін негізгі қозғалыс кешеніне сөйлеу кезіндегі ерін, тіл, жақ барлық артикуляциясы мүшелерінің ең қолайлы және ең қарапайым қозғалыстары кіреді. Кейбір дыбыстарға түзету кезінде арнайы кешендер пайдаланылады.
1-ші кезең
-еріндерін жымиюға тәрізді ұстау, төменгі және жоғарғы тістер жақындасқан
-ерінді түтікше тәрізді алдыға созу
-жалпақ тід
-жіңішке тіл
-тілді кезекпен төмен-жоғары көтеру
-тілді кезекпен жалпақ және, жіңішке қалыпқа келтіру
- тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға-солға, сөлға-оңға бұру
-тілді жоғарғы тістер артына көтеру
Осы жаттығуларды машықтандырғаннан кейін бұзылған дыбысқы байланысты жаттығулар кешені жүргізіледі.
Яғни ысқырық, ызың, үнді дыбыстардың дұрыс айтуға қажетті артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимыл-қозғалысын және қалпын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар бар. (слайд арти. жат. түрлері)
Тыныс алуды қалыптастыру және дауыспен жұмыс.
Сөйлеу техникасына арналған тілдік жаттығу
Көпшілік алдында еркін сөз сөйлеу үшін ішкі психологиялық дайындық және тілдік жаттығу қажет-ақ. Өткені өзіне сенімі жоқ, өз ойын сөзбен жеткізе алмай, қобалжып, дауысы дірілдеген адамның тыңдарманына қалай әсер етері айтпаса да түсінікті. Демек, біздің дауысымыз-бұл күйін келтіргенде жақсы әуен беретін музыкалық аспап секілді сөйлеу құралымыз.
Айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Әр баланын тілін жетілдіру, тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Қарым-қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғиқалыптасады да, баланын сөілеу мәдениетін жетілдіреді. Сондықтан назараларыңызға сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алу гимнастикасына қатысты арнайы жаттығуларды ұсынып отырмын.
Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.
Балалар тілдіқ тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудын ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі:сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.
Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды қалыптастыру жұмысының кезектілігі бойынша
3 кезеңге бөлінеді.
1 кезең . Дұрыс диафрагмальді тыныс алуды қалыптастыру. Бұл мақсатпен тыныс алуға арналған жаттығулар жүргізіледі. Нәтижесінде тыныс алу ритмі қалыпқа келіп, дем алудың көлемі ұлғаяды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz