Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде



Кіріспе 3
1. Мемлекет нысаны мазмұны 5
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері 5
1.2 Мемлекет нысанының құрылымы 9
2. Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде 13
2.1 Саяси режим түсінігі, мазмұны 15
2.2 Тоталитарлық саяси режим 16
2.3 Авторитарлық саяси режим 18
2.4 Демократиялық саяси режим 19
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 28
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің “сындарлы он жылын” артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өз тәуелсіздігін баянды етуге және мемлекеттің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Республикамыз өзін болашақта демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып, бекіген болатын.
Сонымен қатар, бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында ойын былай түйіндеген болатын: “Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет” [1, 3 б].
Еліміздің Конституциясында белгіленген және Ел басының жыл сайынғы Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас мемлекетіміз де бұл істен кенде емес.
Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де, алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіп отыр. Бұл “Қазақстан - 2030” бағдарламасында өзінің толық және айқын көрінісін тапқан болатын. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз [2]. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі жасырын емес.
Қазақстандық құқықтық мемлекеттің конституциялық моделінің іс жүзінде табысты орындалуының басты шарты оның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан конституционализмді орнықты ету үшін Қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделіне қажетті жақсартулардың, түзетулердің тек бүгінгі қолданыстағы Конституция нормаларының, ережелерінің, принциптерінің, механизмдерінің, процедураларының негізінде – оларды түсіндіру, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуы мейлінше маңызды. Міне, осынау стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында орталық рөл, әрине, мемлекеттік билік органдарына тиесілі болады. Мемлекеттің жоғарғы органдарының қалыпты жұмыс атқаруы билік бөлу жүйесін дұрыс жүзеге асуына да байланысты болып табылады.
1. Т.Ағдарбеков . «Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері»,.Заң әдебиеті баспасы
2. Рожкова.Л.П. «Принципы и методы типологии государства и права» Саратов. 1984,
3. Петров.В.С. «Тип и формы государства» Л,. 1967,
4. Тихомиров.Л.А. «Монархическая государственность» М,. ТОО Алир 1998
5. Марченко М.Н.,«Теория государства и права» М., 1996
6. «Президентская модель разделения властей» //Государство и право.,№3.,1993
7. Ағдарбеков.Т.А. Республика Казахстан – унитарное государство // Научные труды КазГЮУ. Выпуск 3. Астана 2002
8. Ибраева А.С., Ибраев Н.С., «Теория государства и права» Алматы., 2001
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Хрестоматия. – Алматы: Данекер, 1996.
10. Ағдарбеков.Т.А. «Құқық және мемлекет теориясы» Болашақ-Баспа, 2002,
11. Нудненко.Л.А. «Теория демократии» М,. Юристъ. 2001, 9 б
12. Нудненко.Л.А. «Теория демократии» М,. Юристъ. 2001, 25 б13. Колпаков К.А., «Президентская власть в Казахстане» Алматы.,1999
14. Қазақстан Республикасының «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы 21 мамыр 2007 ж.
15. Қазақстан Республикасының «Перзиденті туралы» конституциялық заңы 26 желтоқсан 1995 ж.
16. Қазақстан Республикасының «Перзиденті туралы» конституциялық заңы 26 желтоқсан 1995 ж.
17. Джунусова.Ж.Х. Республика Казахстан. Президент. Институты демократии. А,. «Жеті Жарғы» 1996
18. Сахаров.Н.А. Институт президентства в современном мире. М,. «Юридическая литература». 1994
19. «Президентская модель разделения властей» //Государство и право.,№3.,1993
20. Батталов.М, Лаврентьев.А. «Билікті орталықсыздандыру аспектілері. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару». // Заң, №2, 2009, 25 б

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Мемлекет нысаны мазмұны
5
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
5
1.2 Мемлекет нысанының құрылымы
9
2. Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде
13
2.1 Саяси режим түсінігі, мазмұны
15
2.2 Тоталитарлық саяси режим
16
2.3 Авторитарлық саяси режим
18
2.4 Демократиялық саяси режим
19
Қорытынды
26
Пайдаланған әдебиеттер
28

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің "сындарлы он жылын" артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өз тәуелсіздігін баянды етуге және мемлекеттің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Республикамыз өзін болашақта демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып, бекіген болатын.
Сонымен қатар, бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында ойын былай түйіндеген болатын: "Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет" [1, 3 б].
Еліміздің Конституциясында белгіленген және Ел басының жыл сайынғы Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас мемлекетіміз де бұл істен кенде емес.
Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де, алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіп отыр. Бұл "Қазақстан - 2030" бағдарламасында өзінің толық және айқын көрінісін тапқан болатын. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз [2]. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі жасырын емес.
Қазақстандық құқықтық мемлекеттің конституциялық моделінің іс жүзінде табысты орындалуының басты шарты оның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан конституционализмді орнықты ету үшін Қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделіне қажетті жақсартулардың, түзетулердің тек бүгінгі қолданыстағы Конституция нормаларының, ережелерінің, принциптерінің, механизмдерінің, процедураларының негізінде - оларды түсіндіру, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуы мейлінше маңызды. Міне, осынау стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында орталық рөл, әрине, мемлекеттік билік органдарына тиесілі болады. Мемлекеттің жоғарғы органдарының қалыпты жұмыс атқаруы билік бөлу жүйесін дұрыс жүзеге асуына да байланысты болып табылады.
Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда.Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі - тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы,КСРО-ның күйреуі және оның сынақтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы.Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуына курделі процесстер,қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
Мемлекет нысаны атты жұмысысыздың такқырыбы өте қызықты да күрделі болып табылады.Бұл тақырыпты пайымдай отырып қазіргі кезеңде дербестігін алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін ,оның қалыптасуын ұғынуға болады.Мемлекетіміздің республикп екендігі атынан айқын болса,унитарлық екендігін біз Конституциямыздан айқын көре аламыз.Енді міне бұл терминдердің а тарында не жатқанын зерделеп,оның маңызы мен мәндерін түсінуге күш саламыз.Осы жұмысты атқара отырып біз өз мемлекетімізді,оның атқару органдарының алатын орнын білетін боламыз.Сондықтан біз зерттеуіміздің арасында мемлекеттердің ерте заманғы нысандарын да сөз арасында келтіреміз.

1. Мемлекет нысаны мазмұны

Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Методологиялық (әдіснамалық) жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәніннің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне, мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.
Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден - бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан және мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика да) те қоса қарастырылатын болды.

1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері

Мемлекеттің нысаны - бұл билік етудің нысанын, мемлекеттің құрылымының нысанын және саяси режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі. Бұл мемлекеттің ішкі ұйымының ерекшелігі.
Мемлекеттің нысаны - әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар табиғи, ауа-рай жагдайы, ұлттық-тарихи, діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейі ықпал ететін оның құрылымы.
Мемлекеттің нысанының элементтеріне мыналар жатады:
1. Басқару нысаны - жоғарѓы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оныњ жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халыќпен өзара қатынасы жєне олардыњ оны қалыптастыруға қатысу дәрежесін сипаттайды; мемлекетті басқару нысандары ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік құрылым нысаны - тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттіњ аумақтық ұйымдастырылуы; нысаны жағынан унитарлы(біртұтас), федералды және конфедеративті болып бөлінеді.
3. Саяси(мемлекеттік) режим - мемлекеттік билікті жүзеге асыратын құралдар, тәсілдер мен амалдардын жүйесі; мемлекеттік билік етуде қолданылатын тәсілдердің ерекшеліктеріне қарай демократиялық және демократиялық емес саяси (мемлекеттік) режим деп бөледі.
1.Мемлекет тарихи процесс. Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі, ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі. Ал қоғам жеке отбасынан құралады. Олардың табыстары да әр түрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі. Әлеуметтік мәртебесі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.
Ф. Энгельс: Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес, – дейді.
Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады. Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады. Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, шегінуге, келісімге, ымыраға баруға да тура келеді. Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп зиян келтіреді, сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді.
Ата Заңымызда жазылғандай, еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы. Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана өлшенбейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын айқындау ғана. Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді. Басты өлшем – мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептеледі.
2.Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиетерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады.
Жалпы әдіс тек бір ғылымда ғана емес, ғылымның барлық саласында қолданылады. Негізгі теориялық қолдану жолдары: салыстыру, талдау және синтездеу, дерексіздендіру, құрылымдық, ықтималдық т.б. әдістер. Зерделеу арқылы нақты қорытынды жасалады, сынақ негізінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Арнаулы ғылым салаларын зерттеу. Зерттеу кезінде математикалық, статистикалық, технологиялық т.б. әдістер қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі: басқа әдістерді қолдана отырып, зерттейтін объектінің ерекшелігін, оның атқаратын қызметін, оны орындау кезіндегі ерекшеліктері мен мүдделі орындау жолдарын ғылыми негізде анықтайды.
Жеке әдістің басты ерекшелігі: мемлекеттік басқару теориясының өзінен туындайды, және одан әрі дамытылады. Басқа ғылымдарды пайдалану арқылы оның шеңберінен жеке шықпау керек. Шешімдер қабылдау кезінде салыстыруды, дұрыс құқықтық шешімдер қабылдауды, нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып дамытуды осы топқа жатқызуға болады.
Басқару субъектісі бойынша, басқаруды алты түрге бөлуге болады:
1. Мемлекеттік басқару, оның субъектісі, мемлекет, яғни үш тоған: аумағы, халқы, билік. Басқарудың негізі тұтастық, егемендік, қауіпсіздік, тәртіптілік, сондай-ақ тарихи уақыт ауқымына байланысты ҚР-ның барлық секциясының дамуы;
2. ҚР жергілікті өзін-өзі бақарудың қалыптасуы бұл мемлекет институттарының, қоғамның дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартумен байланысты негізгі басқару объектісі.
3. Менеджмент –(ағыл. – management (басқару, меңгеру, ұйымдастыру)) меншікті басқару, жеке кәсіпорынды, өндірісті басқару (басқару атқарылымдарының, қағидатының жеке әдістерінің, құрамдары мен нысандарының жиынтығы), бағдарламалық нысаналы басқару, ғылыми-техникалық талдамаларды, ағымдағы жеке, келешекті жоспарлау, шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру т.б.
4. Институционалдық (заңды түрде дайындау (заң және жарғы арқылы)) қоғамдық бірлестік қоғамдық басқарудың субъектісі болып есептеледі. Еркін және плюралистік азаматтық қоғамда субъектілері өте көп және олар ішкі және сыртқы жеке құрылымын өздері басқарады.
5. Топтық (ұжымдық) өзін-өзі реттеушілік, адам топтары субъекті болып есептеледі және қоғамның әрбір даму кезеңінде еркін болып саналады (өзінің көзқарасына байланысты) және сонымен бірге басқалардың мүддесін және мәди нормалар мен әлеуметтік тұрмыстық мүддені басқару кезінде біріккен тәртіп пен қызметті пайдаланады.
Кейбір адамдар мақсатқа лайықты тәртібі мен әрекетін өз өмірінің жасампаз және адамгершілік мақсаты етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін білімін, күшін, уақытын жұмсайды. Бұл барлық басқарудың іргетасы болып есептеледі, оның адамдардың тәртібі мен сипатының әсеріне байланысты мазмұны, көлемі және механизмі анықталады.
Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:
- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;
- өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады, немесе бірін-бірі әлсіретеді;
-әрбір тарихи даму кезеңінде өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.
Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің басым болуын қалайды. Ол үшін өсек пен зорлық жүйесі зиянды болып есептеледі. Конфуций Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді - дейді. Ол ой Әл-Фарабиде түрленіп, Абай мен Шәкәрім де қайырымды қаланың басшылары туралы айтады.
Басқару – өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т.с.с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.
Қоғамдық басқару иерархиялық құрылым арқылы анықталады және билікті туғызады. Үкімет кең мағынада жағдай (ахуал) болып көрінеді, бір адамдар әртүрлі жағдайға байланысты өзінің назарын, жағдайын, факторын мүддеге не басқа адамның еркіне бағындырады не адамдар жасаған қоғамдық институттар – әдет-ғұрып, дәстүр, дін, мораль, құқық т.с.с. үкімет, басқару сияқты типтік қоғамдық категория болып саналады.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде лайықты заңдылыққа сүйенеді және басқару әдісіне, ережесіне және себебіне сүйенеді, бұлар мемлекеттік басқарудың әдістемесін құрайды.
Қоғам дамуының объективті заңы адамның ойына не санасына бағынышты емес, ғылым арқылы анықталды ма, әлде жоқ па стихиялық түрде немесе саналы ұйымдасқан түрде әсер етуі мүмкін.
Егер заң анықталмаса, бұлыңғыр болса, онда адамдар сезгіштік, қармалау, байқау және қателесу арқылы білуі мүмкін. Заңды танып білу қоғамның келешегі үшін пайдалы. Қызмет тек заңдылықтармен ғана емес, субъективтік факторлармен – адамның санасымен анықталады және ол арқылы мемлекетті басқару жүйесіне байланысты кісінің тәртібіне әсер етеді. Басқа бір жеке адамға қарағанда, мемлекеттің оған құқығы бар, оның институттарының мүмкіндігі бар заңның механизмін толық ашуға конституция негізінде әсер етеді.
Егер мемлекеттік басқару жүйесі заң қызметін дұрыс көрсетсе, онда қоғам алға басады. Егер басқару практикасында мемлекеттің қызметі барабар дұрыс анықталмаса, онда экономикада қарама-қайшылық, кикілжің пайда болады. Басқарудың таза мәнін ашып көрсеткен белгілі Паркинсон заңы (Британдық адмиралтейс кораблінің жұмысшы және қызметкерлерінің 50 жылдық динамикалық дамуын талдау арқылы шығарылған), басқару құрылымы, өзара даму уақыты өз-өзінен топталатынын, басқару объектісіне байланысты емес жағдайлар көбейетінін дәлелдейді. Көбею үрдісіне қарсы әсер ету арқылы, басқару аппаратын тұрақты жағдайда бақылап отыру керек екенін негіздейді.
Заңның объективтігі, мемлекеттік басқару жүйесі әдістемесінің негізін құрайды, ол практикалық қызмет жағдайында іске асады, басқару тиімділігінің принциптері:
- экономика мен саясаттың бірлігі, саясаттың басымдығы, экономиканың қорланғанын, қалыптасқанын білдіреді;
- орталықтанған және жеке аудандарды және жергілікті басқа да пайда болған аумақтарды байланыстыруды, жалпы және жергілікті мүддені және мүдденің басымдығын жоғары деңгейге шығаруды білдіреді.
Барша халыққа және әр уақытта қажетті, қолайлы ұстанымда болу, басқарушының адалдығы. Адалдық тек жақсы саясат қана емес, мемлекетті басқарудың бірден бір жақсы қасиеті деп көрсетті АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джефферсон.
Адал басқару дегеніміз – биліктің ашық және мөлдір болуы. Биліктің адал болуы халықтың бақылауы арқылы нығаяды, сонымен бірге басқаруға халықтың өзі араласады.
Басқару процесінде қабылдаған заңдармен басқа да нормативтік актілер іске асады. Ол үшін органдар мен мекемелер сәйкес әдістер қолданады. Басқаруда билікті орындаушы буындар, парламент палаталарының комиссиялары, сот органдары, мемлекеттік корпорациялар құрылады.
Басқару жүйесі әртүрлі элементтердің бірігуі арқылы қалыптасады, тұтас бірлік жасалынады. Әрбір даму сатысында тепе-теңдіктің болуы және иерархия оның дұрыс жұмыс істеуі болып саналады.
3. МБТ тарихи қалыптасқан бірнеше мектептерге бөлінеді және оның ағылшындық, француздық және немістік даму бағыттарын анықтайды. Америкалық мектеп эмпирикалық бағытты сипаттайды: яғни басқару теориясының қажеттілігі мемлекеттік басқару практикасын ұтымды ұйымдастырады. Осы негіздегі америкалық мектеп өзінің алғашқы даму сатысында мемлекеттік әкімшілік теорияға негізделді, сонымен бірге көрнекті қайраткерлер тек теоретиктер ғана емес, практиктер де болды.

5.1 Мемлекет нысанының құрылымы

Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет" делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында ("унус" деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [1, 15б.]. Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган -- әкiм.
Федерация "федус" деген сөз - одақ деп латын тiлiнен аударылады [2, 27б.]. Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет -- күрделi мемлекет, ол федерацияның мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi өздерi халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада. Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде қалғаны мәлiм. Халықаралық құқық федерацияның өкiлi ретiнде шарттарға орталық билiк қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы мемлекеттердiң одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация -- белгiлi мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан iстелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi. Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi -- Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi. (Ману заңдарында, Салистiк жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында -- Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары -- федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия -- федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия -- олар федерацияға жатады [3, 15б.].
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -- түрiктер, бергi атасы -- қыпшақтар өмiр сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Мемлекеттік құрылым нысаны. - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінең және осы бөліктердің әрбірінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұас мемлекет - бұл өз ішіндебөлңінбейтін тұтас мемлекет,оның өз ішінде дербес мемлекеттіек құрылымдармболмайды бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болды. Күрделі мемлекет - бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныштылық деңгейі әр түрлі болған. Империяладың басты ерекшеліктері - олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік құқықтық мәртебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құралады. Бұл нақты тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.

1 Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде

Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәселе. Бұл жағдай қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көрсетеді. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі саяси режим ұғымымен белгіленеді.
Қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдеделерін қалай біріктіруге болады деген әлеуметтік проблемалар мәңгілік болып қала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерделенген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің авторитарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Демократиялық және антидемократиялық режимнің өзінің ішкі бөлінуі (дифференциясы) және нақты түрі(модификациясы) бар.
Демократиялық режим дегеніміз - мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады.Сондай ақ барлық азаматтардың заң алдында тең праволық фактілеріне сүйенеді.
Саяси биліктің демократиялық режиіміне мыналар жатады:
1.Баламалы және белгілі мерзімде өткізілетін ашық сайлаулар .Үкімет сайлау нәтижесінде қалыптасады және көпшіліктің үкіметі болып табылады;
2.Жеке адамның құқығы мен еркіндігі заң жүзінде қорғалады;
3.Азшылық құқы жүзінде қорғалады.
Демократиялық емес тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып екіге бөлінеді. Демократиялық емес тәртіп түрлеріне мыналар жатады:
1.Мемлекеттік биліктің ел азаматтарынан толық тәуелсіз болу;
2.Заң орындарына атқару билігінің есеп бермеуі;
3.Жеке адамның мемлекеттік аппарат алдындағы дәрменсіздігі;
4.Жеке адам мен азшылық құқының аяқ асты болуы.
Демократиялық емес тәртіптің неғұрлым оспадарсыз түрі тоталитарлық тәртіп болып табылады.Оның негізгі белгілері мынадай:
1.Бүкіл қоғамның саяси өміріне ықпал жүргізетін бірден-бір бұқаралық парияның болуы;
2.Қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып отырған идеологияға мемлекеттің қожалықтың болуы;
3.Экономия мен саясаттың бірігуі,экономиканың саясаттануы;
4.Адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы;
5.Азаматтық қоғамның болмауы,жеке адамға террор мен зорлықтың қолдануы.
Тоталитарлық қоғамның тарихи мысалы ретінде фашизм мен сталинизмді атауға болады.
Сонымен, тоталитарлық жүйе дегеніміз - үстем билеуші элитаның күштеуге негізделген ұйымдасқан саяси үкіметі. Билеуші элита біртұтас бюрократиялық аппарат болып қалыптасқан және оны белгілі бір көсем басқарады.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
1.Саяси және жеке тәртіпті бұзбау және өкіметке қарсы шықпау негізінде кейбір еркіндіктерге мақсат етілу;
2.Көппартиялықтың болуы;
3.Диктатураның идеологиялық болмауы.
Авторитарлық режинің мәні, діндік немесе саяси ұйымның шексіз билігі. Авторитарлық билік заңдастырылған әлеуметтік құқықты және легитімді болу мүмкіндігі(Сауд Аравиясы,Иордания т.б). Қазіргі кезде авторитарлық тәртіптің мынадай нақты түрлері бар:
oo теократиялық тәртіп, яғни діндік элитаның абсолюттік билігі(Иран);
oo әскери басқару - әскери жоғарғы шендегілердің билігі (Чили, Аргентина, Греция т.б елдерде болды)
oo авторитарлық монархия - самодержавиенің монархтық трүрі(Сауд аравиясы, Иордания);
oo жеке адам өктемдігі(тирания)-жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы.
Авторитарлық режим айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел - билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтанбилік, билік құрушы субъекті өз беделінің сақталуы мен өсуіне үнемі қамқорлық көрсетеді. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушынығ келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады. Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассациативтік бірлестігінің бастапқы кезеңдерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, моральдық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авториторизм, авторитарлық - тек біртүбірлі сөздер емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Авториторизм, авторитарлық саяси режим - билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер айқындалған, саяси жинақылық төмен.
Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әртүрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.

1.1 Саяси режим түсінігі, мазмұны

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара əрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер болады жəне олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
- саяси билік қалай шынайы таратылады жəне оның жүзеге асуын кім бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай əдістер, тəсілдер жəне құралдар қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу əдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті жəне объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты.
Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси əдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет нысаны жайында
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Басқару нысаны
Басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысаны
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Пәндер