Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері



КІРІСПЕ 3
1. Мемлекет нысаны 4
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері 4
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны 8
2. Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері 12
2.1 Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі 19
2.2 Мемлекет әкімшілік құрылым нысанының түрлері 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің “сындарлы он жылын” артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өз тәуелсіздігін баянды етуге және мемлекеттің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Республикамыз өзін болашақта демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып, бекіген болатын.
Сонымен қатар, бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында ойын былай түйіндеген болатын: “Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет” [1, 3 б].
Еліміздің Конституциясында белгіленген және Ел басының жыл сайынғы Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас мемлекетіміз де бұл істен кенде емес.
Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де, алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіп отыр. Бұл “Қазақстан - 2030” бағдарламасында өзінің толық және айқын көрінісін тапқан болатын. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз [2]. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі жасырын емес.
Міндетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.
2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы
3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ
5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.
6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.
8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.
9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.
10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.
11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
3
1. Мемлекет нысаны
4
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
4
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
8
2. Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
12
2.1 Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі
19
2.2 Мемлекет әкімшілік құрылым нысанының түрлері
23
ҚОРЫТЫНДЫ
27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
28

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің "сындарлы он жылын" артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өз тәуелсіздігін баянды етуге және мемлекеттің болашақтағы дамуының негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Республикамыз өзін болашақта демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады. Мемлекеттің көрсетілген бағыттары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған қолданыстағы Конституциясында көрініс тауып, бекіген болатын.
Сонымен қатар, бұл асқақ мұраттарды еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент соңғы халыққа Жолдауында ойын былай түйіндеген болатын: "Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияландыруды және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі қадамдар жасау қажет" [1, 3 б].
Еліміздің Конституциясында белгіленген және Ел басының жыл сайынғы Жолдауында көрініс табатын бұл мақсаттарға өткеніміздің тарихи тәжірибесінен сабақ алып, оның ізгілікті жақтарын бойымызға сіңіре отырып жетеміз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, әлемдік демократиялық дамуға үлкен үлес қосқан мемлекеттік үлгілерді көптеп кездестіруге болады. Біздің жас мемлекетіміз де бұл істен кенде емес.
Қазақстан Республикасы болашақта Орта Азияның ең беделді де, алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне көтерілуді мақсат етіп отыр. Бұл "Қазақстан - 2030" бағдарламасында өзінің толық және айқын көрінісін тапқан болатын. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз [2]. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі жасырын емес.

1. Мемлекет нысаны

Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Методологиялық (әдіснамалық) жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәніннің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне, мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.
Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден - бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан және мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика да) те қоса қарастырылатын болды.

1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
Мемлекеттің нысаны - бұл билік етудің нысанын, мемлекеттің құрылымының нысанын және саяси режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі. Бұл мемлекеттің ішкі ұйымының ерекшелігі.
Мемлекеттің нысаны - әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар табиғи, ауа-рай жагдайы, ұлттық-тарихи, діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейі ықпал ететін оның құрылымы.
Мемлекеттің нысанының элементтеріне мыналар жатады:
1. Басқару нысаны - жоғарѓы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оныњ жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халыќпен өзара қатынасы жєне олардыњ оны қалыптастыруға қатысу дәрежесін сипаттайды; мемлекетті басқару нысандары ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік құрылым нысаны - тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттіњ аумақтық ұйымдастырылуы; нысаны жағынан унитарлы(біртұтас), федералды және конфедеративті болып бөлінеді.
3. Саяси(мемлекеттік) режим - мемлекеттік билікті жүзеге асыратын құралдар, тәсілдер мен амалдардын жүйесі; мемлекеттік билік етуде қолданылатын тәсілдердің ерекшеліктеріне қарай демократиялық және демократиялық емес саяси (мемлекеттік) режим деп бөледі.
1.Мемлекет тарихи процесс. Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі, ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі. Ал қоғам жеке отбасынан құралады. Олардың табыстары да әр түрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі. Әлеуметтік мәртебесі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.
Ф. Энгельс: Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес, – дейді.
Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады. Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады. Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, шегінуге, келісімге, ымыраға баруға да тура келеді. Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп зиян келтіреді, сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді.
Ата Заңымызда жазылғандай, еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы. Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана өлшенбейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын айқындау ғана. Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді. Басты өлшем – мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептеледі.
2.Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиетерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады.
Жалпы әдіс тек бір ғылымда ғана емес, ғылымның барлық саласында қолданылады. Негізгі теориялық қолдану жолдары: салыстыру, талдау және синтездеу, дерексіздендіру, құрылымдық, ықтималдық т.б. әдістер. Зерделеу арқылы нақты қорытынды жасалады, сынақ негізінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Арнаулы ғылым салаларын зерттеу. Зерттеу кезінде математикалық, статистикалық, технологиялық т.б. әдістер қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі: басқа әдістерді қолдана отырып, зерттейтін объектінің ерекшелігін, оның атқаратын қызметін, оны орындау кезіндегі ерекшеліктері мен мүдделі орындау жолдарын ғылыми негізде анықтайды.
Жеке әдістің басты ерекшелігі: мемлекеттік басқару теориясының өзінен туындайды, және одан әрі дамытылады. Басқа ғылымдарды пайдалану арқылы оның шеңберінен жеке шықпау керек. Шешімдер қабылдау кезінде салыстыруды, дұрыс құқықтық шешімдер қабылдауды, нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып дамытуды осы топқа жатқызуға болады.
Басқару субъектісі бойынша, басқаруды алты түрге бөлуге болады:
1. Мемлекеттік басқару, оның субъектісі, мемлекет, яғни үш тоған: аумағы, халқы, билік. Басқарудың негізі тұтастық, егемендік, қауіпсіздік, тәртіптілік, сондай-ақ тарихи уақыт ауқымына байланысты ҚР-ның барлық секциясының дамуы;
2. ҚР жергілікті өзін-өзі бақарудың қалыптасуы бұл мемлекет институттарының, қоғамның дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартумен байланысты негізгі басқару объектісі.
3. Менеджмент –(ағыл. – management (басқару, меңгеру, ұйымдастыру)) меншікті басқару, жеке кәсіпорынды, өндірісті басқару (басқару атқарылымдарының, қағидатының жеке әдістерінің, құрамдары мен нысандарының жиынтығы), бағдарламалық нысаналы басқару, ғылыми-техникалық талдамаларды, ағымдағы жеке, келешекті жоспарлау, шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру т.б.
4. Институционалдық (заңды түрде дайындау (заң және жарғы арқылы)) қоғамдық бірлестік қоғамдық басқарудың субъектісі болып есептеледі. Еркін және плюралистік азаматтық қоғамда субъектілері өте көп және олар ішкі және сыртқы жеке құрылымын өздері басқарады.
5. Топтық (ұжымдық) өзін-өзі реттеушілік, адам топтары субъекті болып есептеледі және қоғамның әрбір даму кезеңінде еркін болып саналады (өзінің көзқарасына байланысты) және сонымен бірге басқалардың мүддесін және мәди нормалар мен әлеуметтік тұрмыстық мүддені басқару кезінде біріккен тәртіп пен қызметті пайдаланады.
Кейбір адамдар мақсатқа лайықты тәртібі мен әрекетін өз өмірінің жасампаз және адамгершілік мақсаты етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін білімін, күшін, уақытын жұмсайды. Бұл барлық басқарудың іргетасы болып есептеледі, оның адамдардың тәртібі мен сипатының әсеріне байланысты мазмұны, көлемі және механизмі анықталады.
Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:
- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;
- өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады, немесе бірін-бірі әлсіретеді;
-әрбір тарихи даму кезеңінде өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.
Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің басым болуын қалайды. Ол үшін өсек пен зорлық жүйесі зиянды болып есептеледі. Конфуций Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді - дейді. Ол ой Әл-Фарабиде түрленіп, Абай мен Шәкәрім де қайырымды қаланың басшылары туралы айтады.
Басқару – өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т.с.с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.
Қоғамдық басқару иерархиялық құрылым арқылы анықталады және билікті туғызады. Үкімет кең мағынада жағдай (ахуал) болып көрінеді, бір адамдар әртүрлі жағдайға байланысты өзінің назарын, жағдайын, факторын мүддеге не басқа адамның еркіне бағындырады не адамдар жасаған қоғамдық институттар – әдет-ғұрып, дәстүр, дін, мораль, құқық т.с.с. үкімет, басқару сияқты типтік қоғамдық категория болып саналады.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде лайықты заңдылыққа сүйенеді және басқару әдісіне, ережесіне және себебіне сүйенеді, бұлар мемлекеттік басқарудың әдістемесін құрайды.
Қоғам дамуының объективті заңы адамның ойына не санасына бағынышты емес, ғылым арқылы анықталды ма, әлде жоқ па стихиялық түрде немесе саналы ұйымдасқан түрде әсер етуі мүмкін.
Егер заң анықталмаса, бұлыңғыр болса, онда адамдар сезгіштік, қармалау, байқау және қателесу арқылы білуі мүмкін. Заңды танып білу қоғамның келешегі үшін пайдалы. Қызмет тек заңдылықтармен ғана емес, субъективтік факторлармен – адамның санасымен анықталады және ол арқылы мемлекетті басқару жүйесіне байланысты кісінің тәртібіне әсер етеді. Басқа бір жеке адамға қарағанда, мемлекеттің оған құқығы бар, оның институттарының мүмкіндігі бар заңның механизмін толық ашуға конституция негізінде әсер етеді.
Егер мемлекеттік басқару жүйесі заң қызметін дұрыс көрсетсе, онда қоғам алға басады. Егер басқару практикасында мемлекеттің қызметі барабар дұрыс анықталмаса, онда экономикада қарама-қайшылық, кикілжің пайда болады. Басқарудың таза мәнін ашып көрсеткен белгілі Паркинсон заңы (Британдық адмиралтейс кораблінің жұмысшы және қызметкерлерінің 50 жылдық динамикалық дамуын талдау арқылы шығарылған), басқару құрылымы, өзара даму уақыты өз-өзінен топталатынын, басқару объектісіне байланысты емес жағдайлар көбейетінін дәлелдейді. Көбею үрдісіне қарсы әсер ету арқылы, басқару аппаратын тұрақты жағдайда бақылап отыру керек екенін негіздейді.
Заңның объективтігі, мемлекеттік басқару жүйесі әдістемесінің негізін құрайды, ол практикалық қызмет жағдайында іске асады, басқару тиімділігінің принциптері:
- экономика мен саясаттың бірлігі, саясаттың басымдығы, экономиканың қорланғанын, қалыптасқанын білдіреді;
- орталықтанған және жеке аудандарды және жергілікті басқа да пайда болған аумақтарды байланыстыруды, жалпы және жергілікті мүддені және мүдденің басымдығын жоғары деңгейге шығаруды білдіреді.
Барша халыққа және әр уақытта қажетті, қолайлы ұстанымда болу, басқарушының адалдығы. Адалдық тек жақсы саясат қана емес, мемлекетті басқарудың бірден бір жақсы қасиеті деп көрсетті АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джефферсон.
Адал басқару дегеніміз – биліктің ашық және мөлдір болуы. Биліктің адал болуы халықтың бақылауы арқылы нығаяды, сонымен бірге басқаруға халықтың өзі араласады.
Басқару процесінде қабылдаған заңдармен басқа да нормативтік актілер іске асады. Ол үшін органдар мен мекемелер сәйкес әдістер қолданады. Басқаруда билікті орындаушы буындар, парламент палаталарының комиссиялары, сот органдары, мемлекеттік корпорациялар құрылады.
Басқару жүйесі әртүрлі элементтердің бірігуі арқылы қалыптасады, тұтас бірлік жасалынады. Әрбір даму сатысында тепе-теңдіктің болуы және иерархия оның дұрыс жұмыс істеуі болып саналады.
3. МБТ тарихи қалыптасқан бірнеше мектептерге бөлінеді және оның ағылшындық, француздық және немістік даму бағыттарын анықтайды. Америкалық мектеп эмпирикалық бағытты сипаттайды: яғни басқару теориясының қажеттілігі мемлекеттік басқару практикасын ұтымды ұйымдастырады. Осы негіздегі америкалық мектеп өзінің алғашқы даму сатысында мемлекеттік әкімшілік теорияға негізделді, сонымен бірге көрнекті қайраткерлер тек теоретиктер ғана емес, практиктер де болды.

5.1 Мемлекеттің басқару нысаны

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.
Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия - Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды. Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пер премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет -- әлсіз президент.
Федерация. Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет- күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс.
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация- белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек.
Мемлекеттің нысаны - бұл билік етудің нысанын, мемлекеттің құрылымының нысанын және саяси режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі. Бұл мемлекеттің ішкі ұйымының ерекшелігі.
Егер мемлекет мәні категориясы мемлекеттің басты, заңды, анықтаушысы не деген сұраққа жауап іздесе, мемлекет нысаны категориясы қоғамда билікті кімнің қалай жүзеге асырып жатқанын, мемлекеттік-билік құрылымдар қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, осы аумақтағы тұрғындар қалай бірлескен, қандай әдіс тәсілдер арқылы саяси билік жүзеге асырылады деген сауалдарды қамтиды.
Мемлекеттің нысаны - әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар табиғи, ауа-рай жагдайы, ұлттық-тарихи, діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейі ықпал ететін оның құрылымы.
Мемлекеттің нысанының элементтеріне мыналар жатады:
1. Басқару нысаны - жоғарѓы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оныњ жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халыќпен өзара қатынасы жєне олардыњ оны қалыптастыруға қатысу дәрежесін сипаттайды; мемлекетті басқару нысандары ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік құрылым нысаны - тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттіњ аумақтық ұйымдастырылуы; нысаны жағынан унитарлы(біртұтас), федералды және конфедеративті болып бөлінеді.
3. Саяси(мемлекеттік) режим - мемлекеттік билікті жүзеге асыратын құралдар, тәсілдер мен амалдардын жүйесі; мемлекеттік билік етуде қолданылатын тәсілдердің ерекшеліктеріне қарай демократиялық және демократиялық емес саяси (мемлекеттік) режим деп бөледі.
Барша халыққа және әр уақытта қажетті, қолайлы ұстанымда болу, басқарушының адалдығы. Адалдық тек жақсы саясат қана емес, мемлекетті басқарудың бірден бір жақсы қасиеті деп көрсетті АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джефферсон.
Адал басқару дегеніміз – биліктің ашық және мөлдір болуы. Биліктің адал болуы халықтың бақылауы арқылы нығаяды, сонымен бірге басқаруға халықтың өзі араласады.
Басқару процесінде қабылдаған заңдармен басқа да нормативтік актілер іске асады. Ол үшін органдар мен мекемелер сәйкес әдістер қолданады. Басқаруда билікті орындаушы буындар, парламент палаталарының комиссиялары, сот органдары, мемлекеттік корпорациялар құрылады.
Басқару жүйесі әртүрлі элементтердің бірігуі арқылы қалыптасады, тұтас бірлік жасалынады. Әрбір даму сатысында тепе-теңдіктің болуы және иерархия оның дұрыс жұмыс істеуі болып саналады.
3. МБТ тарихи қалыптасқан бірнеше мектептерге бөлінеді және оның ағылшындық, француздық және немістік даму бағыттарын анықтайды. Америкалық мектеп эмпирикалық бағытты сипаттайды: яғни басқару теориясының қажеттілігі мемлекеттік басқару практикасын ұтымды ұйымдастырады. Осы негіздегі америкалық мектеп өзінің алғашқы даму сатысында мемлекеттік әкімшілік теорияға негізделді, сонымен бірге көрнекті қайраткерлер тек теоретиктер ғана емес, практиктер де болды.

1. Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері

Мемлекеттік басқарудың нысандары -- мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.
Монархия (грек тілінен -- жалғыз билеуші) -- басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады -- монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
-- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
-- басқаруының уақыты шексіз (абсолютті) болады;
-- сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы -- Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен -- мемлекеттік, қоғамдық іс) -- басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
-- өкіметтің сайлануы;
-- белгілі уақытқа ғана сайлау;
-- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол ролді президенттің өзі ғана орындайды. Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) -- парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия т.б.) -- Президент пен Парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент -- Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен -- тыйым салу).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.
Парламенттік республикада -- үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды - оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні - пролетариат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады[10].
Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, басқарушы және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындағы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет рухы сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жіктелінеді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қолданылатын функцияларына тоқталғанды жөн көрдік.
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдастыру-реттеушілік (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық жұмыстар); ұйымдастыру-шаруашылық (әр түрлі мемлекеттік функциялардыорындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты оперативтік-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар); ұйымдастыру-идеологиялық (мемлекеттің әр түрлі функцияларының орындауын қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік-түсіндіру, тәрбиелік жұмыстар).
Мемлкеттің механизмі бұл - мемлекеттің ішкі және сыртқа функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмінің маңызы өте зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтыр мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзеретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастырушылық материалдық және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйетін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:
-- заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);
-- федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті (мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);
-- бастапқы (сайланбалы өкілді), мүшелерін халықтың сайлауы және туынды (қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу тәртібіне қарай);
-- жалпы құзыретті, яғни бұл орган өзінің құзыреті шегінде, оған қатысты барлық мәселелерді қарап шеше алады (мысалы Президент, Үкімет, т.б.) және арнайы құзыретті - бұл өз жұмысын белгілі бір тар салаларда ғана атқара алатын орган (мысалы, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, т.с.с.) (құзыреттің мәні бойынша);
-- коллегиялды - шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара басшылық - мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі (шешімді қабылдау әдісіне қарай);
-- тұрақты және уақытша (өкілеттіліктің мерзімі бойынша).
Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:
-- мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;
-- заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;
-- заң жүзінде бекітілген ұйымдық құрылымы, құзыреті (құқықтар мен міндеттердің жиынтығы), аумақтық қызмет көлемі, арнаулы аппараты және өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайтын тәртібі болуы;
-- белгілі бір материалдық құралдарға иелігі (құрылыс, үйелер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наноөлшемді кремний карбиді: синтезі, құрылымы, қасиеттері
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Жарықшығаратын құрылымдардың электролюминисценциясының спектрлік сипаттамалары
Жарықшығаратын құрылымдардың электролюминесценциясының спектрлік сипаттамалары
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Аса кеңжолақты радиолокациялар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Микроэлектрониканың негізгі элементі - кремний. Зерттеу әдістері мен нәтижелері
Жұқа қабыршақты құрылымдардың технологиясы
Пәндер