Мемлекет түсінігі, функциясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

«Экономика және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: « Мемлекет функциясы турлері, түсінігі»

Орындаған: Юп-16-1 студенті

Сайынов. Е. Н.

Рецензент:з. ғ. к., доцент

Абилшеева Р. Қ.

Ақтау 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . … . . . … . . .

1 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ . . .

1. 1Мемлекет функциясының түсінігі . . .

1. 2 Мемлекет функциясының маңызы . . .

2 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ . . .

2. 1 Мемлекет функциясының ішкі функциясы . . .

2. 2 Мемлекет функциясының сыртқы функциясы . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……… . . . . . …. … . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . .

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның, әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үдірстерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кенеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түр-пішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтың, заңның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келсім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.

«Құқық функциясы», «Құқықтану», «Мемлекет пен құқық функциясы» т. б. сияқты құқықтық пәндердің ең басты санаттары мен ұғымдарының бірі - мемлекет пен құқық. Сондықтан «Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе» атты бірінші бөлімде мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, түрі - пішіндері, белгілері, жүйесі, механизмі, атқаратын қызметтері қарастырылады.

Мемлекеттің ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі заңы Конститутция болып табылады. Конститутцияда қоғам мен мемлекеттің, құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік билік органдарының мәртебесі бекітіледі. Конститутцияның негізгі Заң ретіндегі басты ерекшеліктері мен қасиеттері оқу құралының «Конститутциялық құқық функциясы»

Мемлекетті басқарудың ұғымы, қағидаттары, түрпішіндер, органдарды, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не, оның белгілері қандай, әкімшілік жауаптылықтың ұғымы, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын жас, әкімшілік жауаптылықтың түрлері жайында «Әкімшілік құқық негіздері» деген үшінші бөлімде айтылады.

Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық тарапынан нарықтық экономика лы ел деп мойындалып, үлкен бағаға ие болды. Нарықтық қатынастар жыл өткен сайын қоғамдық қатынастардың салаларының барлық жақтарын барынша қамти түсуде. Сондықтан, халықтың әлеуметтік жағдайының, мемлекеттің, жеке, заңды тұлғалардың қаржы қорының өсуіне сауатты заңға, құқыққа негізделгіп басқарлатын, ұйымдастырылған нарық тікелей ықпал жасайды. Азаматтық кодекс нарықтық қатынастардың конститутция делінетін құқық теориясында пікір бар. Сонымен нарықтық қатынастар мен азаматтық құқықтың негіздері ұсынылып отырылған.

1 МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ

Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат- міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларының классификациясы:

а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;

б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;

в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.

Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет фунциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым - қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясының мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т. б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызмет те (құқықшығар-машылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау кіреді) . Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты;

а) сенімді және мәжбүрлеуді,

б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын,

в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез -құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.

Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары жатады. Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады.

Функциялар теориясы

а) мемлекеттің іс- әрекеті жағын сипатайды, оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды;

б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша білуге, реттеуге мүмкіндік береді;

в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық - саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл - әрекетсіз болғанда, ол туралы айту да қиын. Керісінше, өз функциясын жүзеге асырып отырған мемлекеттің ісі де ол жайында және оның терең мәні туралы пікірді тез қалыптастыруға мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттің мәніне қарай оның функциясы туындайтынын айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің мәні әртүрлі болатынын салыстыру кезінде олардың функциясын, сондай - ақ оларға тән функциялардың анатомиясын, құрылымы мен бағыттылығын тізіп сипаттағанда біз, сөз жоқ, үлкен айырмашылықтарды сеземіз. Егер мемлекетте жалпыәлеуметтік бастаулар белең алып тұрған болса, онда оның функциясы таптық билеуді жүзеге асырып отырған мемлекеттікіндей болмайды, өйткені соңғысының функциясы үстемдік етуші таптың қарсылысын басып - жаншуға бағытталған. Мәні бірдей мемлекеттерді салыстыру кезінде олардың функцияларының бір -біріне жақындығын да байқауға болады.

Мемлекеттің функциялары, оның даму кезеңдеріндегі алдарындағы тұрған негізгі мақсаттарына байланысты белгіленеді және сол мақаттарды іске асыратын құрал ретінде көрінеді. Мемлекттің мақсаттарының мазмұны, оның ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты болады. Елдің экономикалық өміріндегі кризистік құбылыстар, мемлекеттен өзінің барлық органдарының күшін біріктіріп, сол экономикалық жағдайды жөндеуді талап етеді.

Мемлекет функциялары бір-бірімен жалпы ұқсастықтарына байланысты сипатталады:

1. Мемлекеттің әрбір функциялары, мемлекеттік қызметтердің бір жақты жиынтықтарынан құралады. Мемлекет қызметтерінің ұқсас жақтары қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен сипатына, олардың ықпал жасайтын объектісіне қарай бір функцияға бірігеді.

2. Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы - оның қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа шығармайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды шешуге басты рольдерді ойнайды (Мысалы, Қарулы күштердің елді сыртқы шабуылдан қорғау функциясы) . Сондықтан, мемлекет функциясын, оның органдарының функциясынан айыра білу қажет.

3. Мемлекет функциясы, кешенді жинақты сипатта болады. Онда мемлекеттің шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы жұмыстары, нақты іске асырылады.

4. Мемлекет функциясын, мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін, не болмаса, мемлекеттің әртүрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне, мысалы қылмыстық істі тергеу, кедендік бақылау т. б. жатады.

5. Мемлекет функциясын, оларды іске асыру формасымен және тәсілімен салыстыруға болмайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандарға, құқықтық шығармашылық, атқару билеу және құқыққорғау қызметтері жатады. Мемлекет өзінің әртүрлі даму кезеңдерінде алдына қойған мақсаттарына байланысты, түсіндіру, үгіттеу тәсілдерін пайдалану мүмкін. Мемлекеттің функциясы, оның мазмұнына, нысанына сай, тәсілдері бірігіп, мемлекеттің өкіметтің сол бағыттағы мемлекет жұмысын іске асырады. Мемлекеттің барлық функциянальды қызметі бас мақсатына жетуге бағытталған: адам, оның адамгершілік, материальдық, жеткілікті құқықтық және жеке адамдар арқылы қоғамдық прогреске тұтасымен ықпал жасайды және барлық қоғамдық қатынастарды байытады.

Сонымен, мемлекет функциясында - оның негізгі қызметінің бағыты, қоғамдық мемлекеттің басқарудың мәні және әлеуметтік орны көрсетіледі.

Мемлекттің барлық бағыттағы қызметтері, қоғам өмірінің қандай ортасында өтетініне байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қазіргі кездегі қоғам өмірі, негізінен екі ортада өтеді: елдің ішінде және халықаралық аренада.

Мемлекет функциясы жұмыс талғамына байланысты тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады. Уақытша функция өзіне белгілетіп берілген жұмысты орындағаннан кейін өз жұмысын бітіреді. Яғни, төтенше сипатта болады (оларға, стихиялық түзеу, үлкен апаттар, конституцияға қарсы көтерілістер жатады) .

1. 1 Мемлекет функциясының түсінігі

Мән философиялық санат ретінде қандай да бір құбылыстың басты, негізгі, қажетті сипатын білдіреді. Тиісінше, мемлекеттің мәні-оның мазмұнын, әлеуметтік мақсатын және қызмет етуін анықтайтын ерекше мәнге ие, елеулі қасиеті. Мемлекеттің табиғаты мен мәнін терең және жан-жақты түсінбейінше оны сауатты, білікті түрде басқару мумкін емес. Қоғамның дамуына қарай мемлекет туралы білімдерге қатысты обьективтік қажеттілік пен тәжірибейелік мұқтаждық мемлекетке қатысты қарапайым тәсілдер мен надандықтан жоғары тұрады.

Мемлекеттің мәнін қарастыру кезінде екі жағдайды ескерген жөн:

1) кез келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екенін;

2) бұл ұйымның кімнің мүдделері үшін қызмет ететінін.

Егер мемлекеттің мәнін талдау кезінде тек формальды жағына тоқталатын болсақ, онда ежелгі құлиеленушілік пен қазіргі заманғы мемлекет өз мәні бойынша бірдей болама. Ал бұл дұрыс емес. Мемлекеттің мәніндегі басты мәселе-оның мазмұндық жағы, яғни осы саяси билік ұйымының ең алдымен кімнің мүдделерін жүзеге асыратыны, өз саясаттында қандай басындылықтарды ұстанатыны.

Осы орайда мемлекеттің мәніне қатысты таптық, жалпы адамзаттық, діни және ұлттық тәсілдер ажыратылады.

Хроногиялық тұрғыдан алғашқы орынды таптық тәсіл иеленеді. Оның шеңберінде мемлекетті экономикалық тұрғыдан үстемдік етуші таптық саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады. Бұл ретте мемлекет ең алдымен үстем таптық мүдделерін қамтамасыз етіудің пайдаланылады. Және бұл жағдайда қандайда бір таптың мүдделерін бірінші кезекте қанағаттандыру басқа таптардың қарсылығын тудыруы мүмкін. Осыған байланысты мұндай қарсылық білдіреулер көп жағдайда күштеу, диктатура, үстемдік ету арқылы басылып отырады. Құл иеленушілік, феодалдық, ерте буржуазиялық және соцалистік мемлекеттер өзінің мәні бойынша таптық сипатты иеленді. Дегенмен, мұндай мемлекеттерде жалпы адамзаттық және өзге мүдделер де кездеседі, бірақ олар қосымша мәнге ие болады.

Жалпы адамзаттық тәсіл әлдеқайда озық сипатқа ие. Оның шеңберінде мемлекетті түрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін келсімге келтіру үшін жағдай жасайтын саяси билік ұйымы ретінде анықтауға болады. Бұл жағдайда мемлекет қоғамның мүддесін қамтамасыз етуші ретінде анағұрлым кең мақсаттарды шешуге пайдаланылады. Яғни, мемлекет түрлі таптар мен топтардың, көпшілік халықтың сұраныстарын келсімге келу әдісі арқылы шешіп отырады. Мұндай мәнге ие мемлекет нақты бір таптың мүдделерін қорғамастан, біртекті емес қоғамдағы түрлі қарама-қайшылықтарды, шиеленістерді және коллизияларды шешуге ұмтылып, төрелік етуші сипатын иеленеді. Әрине, шынайы өмірде бұлай бола бермейді. Және осындай жоғары деңгейге келген мемлекеттер қазіргі кезде жоқтың қасы. Дегенмен, осы максатқа жетуде елеулі жетістіктерге ие бір қатар мемлекеттер бар.

Ондай мемлекеттердің қатарына Германия, Франция, Швейцария, Швеция, Австрия, Ақш және басқада мемлекеттерді жатқызуға болады. Мемлекеттің мәніне қатысты. Мемлекеттің мәніне қатысты негізгі тәсілдерге қоса діни, ұлттық нәсілдік және басқа да тәсілдерді атап өтуге болады. Бұл тәсілдер тұрғысынан нақты мемлекеттің саясатындағы діни, ұлттық және нәсілдік мүдделер басыңқы рөлді иеленеді.

Діни тәсіл шеңберінде мемлекетті белгілі бір діннің мүдделерін жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси билік ұйымы ретінде анықтама беруге болады. Мысалы, католиктік Ватикан, ислам, мемлекеттері (Пәкістән, Иран, Ливия, Судан, Сауд Арабиясы және т. б) өз саясатында діни бастамаларды басшылыққа алады.

Ұлттық (ұлтшылдық) тәсіл шеңберінде мемлекетті сол ел аумағында мекендейтін басқа ұлттардың мүдделерін елемеу есебінен байырғы ұлттардың мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси билік ұйымы ретінде анықтауға болады. Мұндай мемлекеттерге мысалы ретінде Латвия, Эстония және басқа мемлекеттерді атауға болады. Бұл мемлекеттерді өздерін демократиялық құқықтық мемлекет ретінде жарияланғанымен, шын мәнінде басқа ұлттардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, байырғы ұлттардың мүддесін қорғайтын саясат жүргізуде. Мысалы, сайлау кезіндегі шектеулер, орыс тілінде оқытатын мектептерді жабу, мемлекеттік лауазымдарды иелену, азаматтық алу, қызымет бойынша өсу, зейнетақы алу т. б үшін байырғы ұлттық тілін білу мендеттілігі.

Нәсілдік тәсіл шеңберінде мемлекетті сол ел аумағында мекендейтін басқа нәсілдерді кемсіту есебінен белгілі бір нәслдің мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси билік ұйымы ретінде анықтауға болады. Оған мысал ретінде апартеид режимі кезеңінде оңтүстік африка мемлекетін атауға болады. Бұл мемлекеттің билік өкілдері байырға африка халқы мен Үндістанан қоныс аударушыларға қатысты нәсілдік кемсіту саясатын жүргізген болатын. Аталған саясат африкандықтарды азаматық құқықтарынан айыруда оларды резервацияларға немесе ерекше қала орамдарына орналастырудан олардың жүріп-тұру бостандығын шектеуден көрініс тапты.

Басқаша айтар болсақ мемлекеттің мәні көп аспектілі сипатқа ие.

Ол тек таптық және жалпы әлеуметтік бастамармен шектелмейді. Сондықтан мемлекет мәнінде тарихи жағдайларға байланысты аталған бастамалардың кез келген алдыңғы қатарға шығуы мүмкін.

Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты оның мәнінен туындайды. Мемлкеттің мәні қандай болса, оның қызметінің сипаты да, ол алға қойатын мақсаттар, міндеттермен функцияларда сондай болады. Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кен мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік - саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік - құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық - биліктік құрылымдар негінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Формальды - кез келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

Мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделерін қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтуда келесі бағыттарда атап өтуге болады:

-класстық, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделердін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады. Мемлекеттің мәні. Мәнділік категориясы, оган сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан бөліп алынатын белгілеріне басқа көңіл аударлатындығымен маңыды. Біздегі пікір алуандығы принципінің орнығуна байланысты мемлекеттің мәнін бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді, бұл бір жақты, демек - ол туралы өзгерген және жалған түсінікке алып келді. Қазір мемлекеттің мәнін айқындауға жаңа талпыныстар жасалуда.

Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әр түрлі озбырлықтан қорғауға келіп соғатындығы белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген позициясы шығады: оларды басып - жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік механизмді пайдалану мумкіндіктерінен айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді. Ал В. И. Лениннің сөзі бойынша, құлиеленуші, феодалдық және капиталистік мемлекеттердің мәні тиесілі құл иеленушілер, феодалдар мен капиталистер тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін.

Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудің белгілі негізі бар және көбінесе қоғамдық даму тәжірібиесімен расталады. Адамзат тариханың бірнеше кезеңдері бойында таптар мемлекет билігі жолындағы күреске белсене қатысқан қоғамның маңызды құрылымдық бөлімшесі болып келді. Бір тап екіншісін құлатып, өз үстемдігін орнатты, сосын жағдайға байланысты өздері қоғамдық сахнадан кетіп өз орындарын басқа тапқа берді.

Теория жүзінде зерттеліп, байытылған, практикалық қажеттілік пен мақсаттылық тұрғысынан байымдалған бұл факт мемлекет туралы таптық ілімнің негізі болды, осы ілімге сәйкес мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдігін сақтау үшін, бір тапты екінші тап қанау үшін үстемдігін қолдайтын машина болып табылады.

Әйтсе де, қоғамның көптеген антогонистік қарама - қайшылық белгілері таптың үстемдік теориясында мемлекеттің мәні ретінде сенімді бейнесін тапқанына қарамастан, - осы теория мен нақты шындықтың арасында жарықшактың пайда болғандығын айтпасқа болмайды. Бұл жарық шақ уакыт өткен сайын шындықты бұрмалай берді, ал іс жүзінде бұрмалаулар мен асыра сілтеулерге алып келді. Уақыт өте келе өзгерген нақты жағдай мемлекет теориясындағы таптық үстемдіктің құралы болудан қалды.

Бірінші кезекте бұл мемлекет шешуге тиіс міндеттердің мазмұны мен сипатына қатысты. Таптық үстемдік теориясына қарамастан мемлекет үстемдік етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен, оның қарсылықтарын басып жаншумен, қанаумен және пайдаланумен, оларды үстемдік етуші таптың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес әрекет етуге мәжбүрлеумен ғана шектеліп қала алмайды. Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндіру кезінде оның таптық міндеттер толығымен немесе толыққа жуық ығыстырған жалпы әлеуметтік міндеттері еркімен немесе еркінен тыс ескерілмейді немесе, тіпті тәуір болғанда, минимумға келтіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық функциялары
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Мемлекет функциясы туралы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Құқықтың қайнар көздері. Құқықтың негізгі белгілері
Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі
Мемлекеттің қызметтері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет функция түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz