Мемлекеттік басқару нысандары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ… . . 3
- МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ. 5Мемлекет басқару және басқару қызметі. 8Мемлекет басқару нысанының нысанының элементтері. . 17
- МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ19Басқару нысанының ұғымы. 20Мемлекетті басқару нысаны мен басқару нысаны24Республикалық басқару нысаны. 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Мемлекетті басқару қоғамдық өмірді реттеуде және тәртіпке келтіруде басты рөл атқарады. Әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және басқа салаларды қамтиды. Ұйымдастыру және құрылымдық жоспар мен оның шешетін мүдделі және атқаратын қызметі туралы өте күрделі және көп жоспарлы институт. Бұл жағдайды зерттеу кезінде әр адамның, қоғам мен жеке мемлекеттің арасындағы сипатты түсінуге болады. Мемлекеттің басқару функциясы және дәрежесі, әр түрлі формада қоғамдағы жағдайға, оның мүшелеріне, әлеуметтік топтарға, ұйымдарға, бірлестіктерге, қоғамдық саяси қозғалыстарға толық әсер етеді.
Мемлекетті басқарудың адам баласының даму тарихында үлкен маңызы бар екенін атап өту керек. Ұлттық мемлекет болған кезеңге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады және белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп, жетілдіріліп отырады.
Адамдардың тіршілік әрекеті бір аяға біріккен кездегі рухани, әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайларда мемлекетті басқару көлемі, масштабы, ұйымдастыру сипаты басқаша болды, капиталистік еркін кәсіпкерлік болды. XX ғасырда бұл жағдай басқа сипатқа айналды, адамзат қоғамы мен мемлекет арасындағы шек қою тоқталды, соның негізінде мемлекетті басқару ерекше құқығы бір салада қысқарып, басқа салаларда ұлғайды.
Бұл табиғи жағдай, сондықтан басқарушы жүйе қоғам мүшелерінің ұмтылатын қажеттілігіне, мақсатына, мүддесіне сәйкес болу керек.
Мемлекеттік басқару тек қана ұйымдық-функционалдық құрылымды ғана емес, қоғамды басқарудың практикалық мәнін, сонымен бірге қоғамдық қатынасқа қатысты сұрақтарды, құндылықтарды, көзқарастар мен саяси, құқықтық байланыстар мен қатынастар жүйесін басқару арқылы өміршеңдік қасиеттерін сақтау мен олардың қызмет ету бейімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл проблемалар, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік басқару теориясы шеңберінде зерттеледі және дамытылады.
Белгілі болғандай мемлекетті басқару теориясының ұйымдастыру және сипаттау мәні өте маңызды рөл атқарады, басқарудың оңтайлы тиімділігін арттыру, елде және әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты одан әрі жақсартылды. Қазіргі мемлекетті басқару теориясының одан әрі дамуы және тығыз байланысты азаматтық қоғаммен, нарықтық экономика және саяси демократияны толық бекіту.
«Қазақстанның ғажайып жоспары, яғни біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс», деді Жаңа жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл өте маңызды қадам. Барлық саласын алға дамыту қай мемлекет үшін де оңай шаруа емес. Оның көбісі мемлекетті басқаруға байланысты, ол үшін шешім қабылдау кезінде экономикалық заңдардың мәнін теориялық жағынан дұрыс шешіп, қолданыстағы заңдар мен оның байланысын арттыру заң шығарушы органның басты міндеті болып саналады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, анық әрбір өңірде ірі кешендер мен орта, шағын субъектілердің дамуына байланысты экономиканы жалпы және аймақтық дамуына байланысты жаңа талаптар қояды.
Бұдан республиканың әрбір өңірінде экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстарды жиынтық түрде зерделу қажеттілігі туындайды. Егер В. И. Ленин атап көрсеткендей, біз оның механизмі әсерін анықтап білу арқылы, біздің еркімізге және санамызға тәуелді емес екенін анықтасақ, онда біз табиғаттың төресіміз. Мұндай жағдайда егеменді ел ретінде Қазақстанның өңірлік экономикасын зерттеу, оның келешек даму жолдарын анықтау арқылы өңірлік аймақ экономикасына жақсы қарқын қосу арқылы одан әрі ынталы, тиімді дамуына жағдай жасаймыз.
Табиғи жағдайлардың алуандығы, табиғи ресурстардың бай болуы және оларды орналастыру, елдің геосаяси жағдайына аймақтық ұйымдастыруға үлкен әсерін тигізді. Тарихи түрде қалыптасқан өндірістік аппараттық оның сала құрылымының болуы, сондай-ақ оның моральдық және табиғи жағдайы түбегейлі роль атқарады. Сонымен бірге, жас мөлшерлік құрылымымен, біліктілігімен және тәжірибесімен еңбек ресурстарының болуы алға қойған перспективалық жоспарларды іске асыру кезінде әрбір өңірлер алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау кезінде әсерін тигізеді.
- МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1. Мемлекет тарихи процесс. Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі, ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі. Ал қоғам жеке отбасынан құралады. Олардың табыстары да әр түрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі. Әлеуметтік мәртебесі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.
Ф. Энгельс: «Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес», дейді.
Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады. Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады. Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, шегінуге, келісімге, ымыраға баруға да тура келеді. Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп зиян келтіреді, сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді.
Ата Заңымызда жазылғандай, еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы. Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана өлшенбейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын айқындау ғана. Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді. Басты өлшем мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептеледі.
2. Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиетерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады.
Жалпы әдіс тек бір ғылымда ғана емес, ғылымның барлық саласында қолданылады. Негізгі теориялық қолдану жолдары: салыстыру, талдау және синтездеу, дерексіздендіру, құрылымдық, ықтималдық т. б. әдістер. Зерделеу арқылы нақты қорытынды жасалады, сынақ негізінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Арнаулы ғылым салаларын зерттеу. Зерттеу кезінде математикалық, статистикалық, технологиялық т. б. әдістер қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі: басқа әдістерді қолдана отырып, зерттейтін объектінің ерекшелігін, оның атқаратын қызметін, оны орындау кезіндегі ерекшеліктері мен мүдделі орындау жолдарын ғылыми негізде анықтайды.
Жеке әдістің басты ерекшелігі: мемлекеттік басқару теориясының өзінен туындайды, және одан әрі дамытылады. Басқа ғылымдарды пайдалану арқылы оның шеңберінен жеке шықпау керек. Шешімдер қабылдау кезінде салыстыруды, дұрыс құқықтық шешімдер қабылдауды, нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып дамытуды осы топқа жатқызуға болады.
Басқару субъектісі бойынша, басқаруды алты түрге бөлуге болады:
- Мемлекеттік басқару, оның субъектісі, мемлекет, яғни үш тоған: аумағы, халқы, билік. Басқарудың негізі тұтастық, егемендік, қауіпсіздік, тәртіптілік, сондай-ақ тарихи уақыт ауқымына байланысты ҚР-ның барлық секциясының дамуы;
- ҚР жергілікті өзін-өзі бақарудың қалыптасуы бұл мемлекет институттарының, қоғамның дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартумен байланысты негізгі басқару объектісі.
- Менеджмент (ағыл. management (басқару, меңгеру, ұйымдастыру) ) меншікті басқару, жеке кәсіпорынды, өндірісті басқару (басқару атқарылымдарының, қағидатының жеке әдістерінің, құрамдары мен нысандарының жиынтығы), бағдарламалық нысаналы басқару, ғылыми-техникалық талдамаларды, ағымдағы жеке, келешекті жоспарлау, шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру т. б.
- Институционалдық (заңды түрде дайындау (заң және жарғы арқылы) ) қоғамдық бірлестік қоғамдық басқарудың субъектісі болып есептеледі. Еркін және плюралистік азаматтық қоғамда субъектілері өте көп және олар ішкі және сыртқы жеке құрылымын өздері басқарады.
- Топтық (ұжымдық) өзін-өзі реттеушілік, адам топтары субъекті болып есептеледі және қоғамның әрбір даму кезеңінде еркін болып саналады (өзінің көзқарасына байланысты) және сонымен бірге басқалардың мүддесін және мәди нормалар мен әлеуметтік тұрмыстық мүддені басқару кезінде біріккен тәртіп пен қызметті пайдаланады.
Кейбір адамдар мақсатқа лайықты тәртібі мен әрекетін өз өмірінің жасампаз және адамгершілік мақсаты етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін білімін, күшін, уақытын жұмсайды. Бұл барлық басқарудың іргетасы болып есептеледі, оның адамдардың тәртібі мен сипатының әсеріне байланысты мазмұны, көлемі және механизмі анықталады.
Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:
- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;
- өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады, немесе бірін-бірі әлсіретеді;
-әрбір тарихи даму кезеңінде өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.
Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің басым болуын қалайды. Ол үшін өсек пен зорлық жүйесі зиянды болып есептеледі. Конфуций «Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді» - дейді. Ол ой Әл-Фарабиде түрленіп, Абай мен Шәкәрім де қайырымды қаланың басшылары туралы айтады.
Басқару өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т. с. с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.
Қоғамдық басқару иерархиялық құрылым арқылы анықталады және билікті туғызады. Үкімет кең мағынада жағдай (ахуал) болып көрінеді, бір адамдар әртүрлі жағдайға байланысты өзінің назарын, жағдайын, факторын мүддеге не басқа адамның еркіне бағындырады не адамдар жасаған қоғамдық институттар әдет-ғұрып, дәстүр, дін, мораль, құқық т. с. с. үкімет, басқару сияқты типтік қоғамдық категория болып саналады.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде лайықты заңдылыққа сүйенеді және басқару әдісіне, ережесіне және себебіне сүйенеді, бұлар мемлекеттік басқарудың әдістемесін құрайды.
Қоғам дамуының объективті заңы адамның ойына не санасына бағынышты емес, ғылым арқылы анықталды ма, әлде жоқ па стихиялық түрде немесе саналы ұйымдасқан түрде әсер етуі мүмкін.
Егер заң анықталмаса, бұлыңғыр болса, онда адамдар сезгіштік, қармалау, байқау және қателесу арқылы білуі мүмкін. Заңды танып білу қоғамның келешегі үшін пайдалы. Қызмет тек заңдылықтармен ғана емес, субъективтік факторлармен адамның санасымен анықталады және ол арқылы мемлекетті басқару жүйесіне байланысты кісінің тәртібіне әсер етеді. Басқа бір жеке адамға қарағанда, мемлекеттің оған құқығы бар, оның институттарының мүмкіндігі бар заңның механизмін толық ашуға конституция негізінде әсер етеді.
Егер мемлекеттік басқару жүйесі заң қызметін дұрыс көрсетсе, онда қоғам алға басады. Егер басқару практикасында мемлекеттің қызметі барабар дұрыс анықталмаса, онда экономикада қарама-қайшылық, кикілжің пайда болады. Басқарудың таза мәнін ашып көрсеткен белгілі Паркинсон заңы (Британдық адмиралтейс кораблінің жұмысшы және қызметкерлерінің 50 жылдық динамикалық дамуын талдау арқылы шығарылған), басқару құрылымы, өзара даму уақыты өз-өзінен топталатынын, басқару объектісіне байланысты емес жағдайлар көбейетінін дәлелдейді. Көбею үрдісіне қарсы әсер ету арқылы, басқару аппаратын тұрақты жағдайда бақылап отыру керек екенін негіздейді.
Заңның объективтігі, мемлекеттік басқару жүйесі әдістемесінің негізін құрайды, ол практикалық қызмет жағдайында іске асады, басқару тиімділігінің принциптері:
- экономика мен саясаттың бірлігі, саясаттың басымдығы, экономиканың қорланғанын, қалыптасқанын білдіреді;
- орталықтанған және жеке аудандарды және жергілікті басқа да пайда болған аумақтарды байланыстыруды, жалпы және жергілікті мүддені және мүдденің басымдығын жоғары деңгейге шығаруды білдіреді.
Барша халыққа және әр уақытта қажетті, қолайлы ұстанымда болу, басқарушының адалдығы. Адалдық тек жақсы саясат қана емес, мемлекетті басқарудың бірден бір жақсы қасиеті деп көрсетті АҚШ-тың үшінші президенті Т. Джефферсон.
Адал басқару дегеніміз биліктің ашық және мөлдір болуы. Биліктің адал болуы халықтың бақылауы арқылы нығаяды, сонымен бірге басқаруға халықтың өзі араласады.
Басқару процесінде қабылдаған заңдармен басқа да нормативтік актілер іске асады. Ол үшін органдар мен мекемелер сәйкес әдістер қолданады. Басқаруда билікті орындаушы буындар, парламент палаталарының комиссиялары, сот органдары, мемлекеттік корпорациялар құрылады.
Басқару жүйесі әртүрлі элементтердің бірігуі арқылы қалыптасады, тұтас бірлік жасалынады. Әрбір даму сатысында тепе-теңдіктің болуы және иерархия оның дұрыс жұмыс істеуі болып саналады.
3. МБТ тарихи қалыптасқан бірнеше мектептерге бөлінеді және оның ағылшындық, француздық және немістік даму бағыттарын анықтайды. Америкалық мектеп эмпирикалық бағытты сипаттайды: яғни басқару теориясының қажеттілігі мемлекеттік басқару практикасын ұтымды ұйымдастырады. Осы негіздегі америкалық мектеп өзінің алғашқы даму сатысында мемлекеттік әкімшілік теорияға негізделді, сонымен бірге көрнекті қайраткерлер тек теоретиктер ғана емес, практиктер де болды.
- Мемлекет басқару және басқару қызметі
Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық - реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.
Мемлекеттік басқару теориясының мазмұны- қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады.
Мемлекеттік басқару түсінігіне көптеген ғылыми еңбектер арналған. Соның негізінде мемлекеттік басқару түсінігін кең мағынада және тар (кәсіби) мағынада түсіндіреді: кең мағынада мемлекеттік басқарудың бірнеше нұсқасы бар: 1. мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі (оның органдары арқылы) ретінде; 2. мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық орындаушы - бөлуші қызметі; 3. мемлекеттің қоғамдық жүйеге билік ету әсері. Осы аталған нұсқалардан мемлекеттік басқару теориясы пәніне мемлекеттің барлық қызметі жататынын байқауға болады.
Тар (кәсіби) мағынада мемлекеттік басқаруды - мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың құқықты-биліктік қызметі деп түсінуге болады. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару теориясы пәніне тек мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың (мемлекеттік басқару органдары) қызметін айтамыз.
Мемлекеттік басқарудың жағдайын бағалау, талдау мен даму болашағын анықтауда пайдаланылатын бірқатар аспектілер бар:
1. Рыноктік экономикадағы мемлекеттік басқарудың ролі мен қызметі және жергілікті басқарудың нығаюы мен даму стратегиясының - Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі міндеті ролінде дамуы.
2. Басқарудың мақсаты мен принциптері, басқару реформасын жүзеге асырудың негізгі факторлары болып- институционалдық, адамдық және қаржылық ресурстар табылады.
3. Мемлекеттік басқарудың жауапкершілігін және басқарудың әрбір деңгейінің белгілі мемлекеттік бағдарламалар мен қызметтермен шығындарды бөлу негізіндегі міндеттері мен ролін анықтау.
4. Мемлекеттік басқару мен Қазақстандағы жергілікті басқарудың заңдық, нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру, басқару органдарындағы мемлекеттік қызмет кадрларын дамыту.
Басқару - басқару субъектісінің объектіні сапалы жаңа жағдайға аударуға мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеті.
Басқару әмбебап құбылыс болып табылады, себебі ол барлық қоғамдарда, елдерде, адамдардың қоғамдық қызметінің барлық салаларында және өркениеттің барлығында бар. Басқару процесінің екі жағы бар: басқарушы және басқарылушы. Басқарушы жақты басқарудың субъектісі десе, басқарылушы жақты объектісі деп атайды.
Басқарудың субъектісі - бұл басқарушылық шешімдерді қабылдау өкілеттілігіне ие (басқаларға интеллектуалды) индивид немесе адамдар тобы, яғни бұл басқару органы және де оның негізгі қызметі мен міндеті басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Басқару объектісі - бұл жұмысшылар, коллективтер, басқа да объектілер, яғни басқару шешімдерін орындайтын, басқару мақсатын жүзеге асыратын адамдар тобы.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік байланыс функциясын жүзеге асырады. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызмет мекемесі - бұл мемлекет пен азаматтар қарым-қатынасын тәртіпке салатын орны. Қоғамдық ойды, азаматтардың әртүрлі мемлекеттік актілерге қарым-қатынасын мемлекеттік қызмет арнасы арқылы жүзеге асырады. Осы арна арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында жергілікті және аймақтық ерекшеліктерге көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік ақпараттық функциясын жүзеге асырады. Кім ақпаратты көп білсе, сол билікті иеленеді деп айтады. Біз білетініміздей, ақпарат тасушы аппараттар. Осының салдарынан ақпарат пен оны қолдануды иелену үшін мемлекеттік қызмет жүйесінде байланыс пен қарым-қатынас туындайды. Ақпаратты жасыру немесе дұрыс қолданбау шенеуніктердің халықты алдауына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қызметтік ақпаратты әділ, мемлекеттік мақсат бойынша жүзеге асыру және әртүрлі категориядағы халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру өте маңызды.
Әлеуметтік жоспарда бақылау функциясы өте маңызды. Сыртқы және ішкі бақылауды айыра білу керек. Мемлекеттік қызмет шеңберінде басқармалық бақылау жүзеге асырылуы қажет. Бұл тұрып қалған жағдайларды реттеуге, қабылданған шешімдерді енгізуге және басқармалық қызметтің өзіне нық сенуге көмектеседі. Мемлекеттік аппарат органдарының қызметіне азаматтық қоғам институты мен азаматтар тұрғысынан әлеуметтік бақылау орнату қажет. Мемлекеттік қызметті қызметтендіру жағынан реттеу функциясы тәжірибесі жағынан үлкен орын алады. Бұл мемлекет пен қауым арасындағы байланыс буыны ретінде мемлекеттік қызмет ережесінен туындайды. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамда реттеу рөлін көрдік. Еңбек саласында жекеменшік, тұрғын үй және басқада көптеген мәселелер бойынша мемлекет атынан реттейді.
Мемлекеттік қызмет мемлекетке маңызды тәрбиелік қызметін атқарады. Ол мемлекет азаматтарына бейбітшілік және келісім, жақсылық пен әділдік, Отанға деген сүйіспеншілік, қоғамдағы адамгершілік құндылықтың санасының нысаны мен әдістері қолжетімділігін қадағалайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың қоғамда әл-ауқатының, құқықтық талаптарға қанағаттануын, және де азаматтық қадір-қасиетінің сақталуы мемлекеттік қызметтің реттеуші рөліне кіреді.
Демек жалпы мемлекеттік қызметтің қызметі осы болып табылады. Мемлекеттік қызметтің қызметі әлеуметтік сипаттау дәрежесі саяси, кәсіби және мемлекеттік қызметшілердің қызметінің сапасы арқылы анықталады. Мемлекеттік қызметшілердің саяси сапасына әдетте патриотизм, мемлекеттің конституциясын қорғау қабілеті, мемлекет азаматы болу жатады. Зиялылық, біліктілік, ұйымдастырушылық қабілеті және де тиімді жаңашылдық іс-әрекет ете білу де іскери қызмет жүйесіне жатады. Ал адамгершілік, физиологиялық және де ашықтық жеке тобына кіреді. адамгершілікке әділдік, адалдық, әділеттілік, парасаттылық және т. б. жатады. Физиологиялық сапаға денсаулық жағдайы, жұмысқа қабілеттілігі және ерекше жағдайда жұмысқа жарамдылығы жатады. Ашықтық сапасына көпшілдік, жақсылық тілеуші, адамдарды тыңдау, іскери келісім-шарттарды ретке келтіру, жеке қатынасты реттей алу және де бөтен біреудің ойын түсініп, сендіре білу кіреді. Адамдарды өзіне тарта білу және ұжымды ұйымдастыра білу басшыға өте маңызды.
- Мемлекет басқару нысанының ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz