Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы-қызметтік қатынастар негізі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыстау облысы әкімдігінің

«Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау

және олардың біліктілігін арттыру өнірлік орталығы»

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау

білім сатысы оқуы

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы-қызметтік қатынастар негізі

Орындаған: Нұрмағамбетова А. И

«Қазақстан республикасы ұлттық экономика министрлігінің Статистика

Комитеті Маңғыстау ооблысының Статистика Департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесі;

Маңғыстау ауданы статистика басқармасы

бас маманы

Ақтау 2016

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе. 3

Негізгі бөлім. . 4

  1. Қызметтік этикет принциптер
  2. Қызметтік қарым-қатынас этикасы
  3. Мемлекеттік қызметші этикасы
  4. Мемлекеттік қызметші имиджінің қалыптасуы

Қорытынды бөлім14

Пайдаланған әдебиеттер. 15

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Соңғы кездері мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік билікке қатысатын тұлғалардың мінез-құлық нормалары мен принциптерін негіздеудің де мән-маңызы зор. Мемлекеттік қызмет өткеру мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген зор сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшінің моральдық бейнесі мен имиджіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметші этикасы - маманданған ерекше топтың іс-әрекетінің нақты нормалары мен мінез-құлық стандарттарының белгіленген жүйесі. Бұл топтың негізгі міндеті - мемлекеттік қызметті іске асыруды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметші қызметінің негізін қалайтын приципі, негізі міндеті - қоғам мен мемлекет мүддесі. Сондай-ақ, тақырып өзектілігі - мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылуында.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Негізі мақсат - Мемлекеттік қызметшінің «алтын стандартты» этикасы мен оң имиджін қалыптастырудың жолдарын іздестіру. Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің әсерін қарастыру. Жұмыс негізі нысананы қамти отырып, мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджін қалыптастырудағы сан түрлі пікірлерді танытуды да мақсат тұтады. Бұл мақсатқа жету жолында негізі міндеттер ретінде мыналар алға қойылады:

  • Қызметтік қарым - қатынас этикасының негізі принциптерін айқындау;
  • Мемлекеттік қызметшінің этика ережелерін саралау;
  • Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін таныту;
  1. Қызметтік этикет прициптері

Еңбек шеңберіндегі адамдар қарым-қатынасы әр түрлі нормативтік кодекстермен реттеледі. Өзін-өзі ұстаудың сыртқы түрлерін реттейтін, мінез-құлықтың қалыптасқан ережелері мен тәртіптер жиынтығы этикет деп аталады.

Этикет - француз сөзі, қоғамда өзін-өзі ұстай алу манерасы деген мағынаны береді. Қоғам өмірін зерттеген қазіргі заманғы зерттеушілер және тарихшылар пікірінше этикеттің отаны ХІV ғасырдағы Италия болып есептеледі. Италия сол кездегі Англия, Германияға және Францияға қарағанда тектілігімен, бай және текті адамдарда қалыптасқан қоғамда өзін-өзі ұстай алу қабілеті болуымен ерекшеленген. Этикет ережелері ең алғаш сарайларда туындаған және соған байланысты сарайлық немесе мемлекеттік деп аталады.

Патшалардың кездесу кезінде өзін-өзі ұстай білу нормалары дипломатиялық этикетті өмірге әкелді. Дипломаттар кездесу кезінде мемлекеттің көзқарасын білдірді. Дипломатиялық этикетпен бірге әскери этикет дамыды. Әскери этикет әскерде тәртіптің болуы үшін қалыптасқан ережелердің жиынтығын құрады. Этикет түрлерінің ең «жасы» - қызметтік этикет. Қызметтік этикетке қойылатын талаптар уақыт өткен сайын және қоғамдағы әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгереді. Өзін-өзі ұстау манерасы адамның ішкі мәдениетін және ой-өрісін көрсетеді. Қызметтік этикет ақыл және ішкі құндылықтарға негізделген қызметтік қарым-қатынастың негізін құрайды. Сонымен бірге қызметтік этикет - адамның мәдениеті мен ішкі құндылықтарының сыртқы көрінісі. Қызметтік этикет төмендегідей принциптерге негізделеді:

  1. Ақыл - парасат. Ақыл - парасат қызметтік этикетке қарсы келмеуі тиіс және қызметтік этикет тәртіпті сақтауға, ұйымдастыруға, уақытты үнемдеуге және басқа да мақсаттарға бағытталғанын көрсетеді.

Қызметтік қарым-қатынасты, қарым -қатынаста қалыптасқан ережелерді бұзатын этикет нормалар ақыл - парасатқа негізделмеген деп есептеледі.

  1. Еркіндік. Еркіндік қызметтік этикеттің нормалары мен ережелеріне қатысты болады. Қызметтік этикеттегі еркіндік бизнестегі әріптестерін таңдаудағы және тараптардың келісімдерді орындайтын әдістерді таңдауындағы еркіндікпен сипатталады. Қызметтік этикеттегі еркіндік принципі төмендегідей факторлармен шектелген:Ақыл- парасат; Климаттық жағдайлар; Салт-дәстүр; Ұлттық ерекшеліктер; Саяси режимдер және т. б.
  2. Этика. Қызметтік этикетті құрайтын нормалардың, стандарттардың, ұсынымдардың мазмұнынында, мән-мағынасында этика, мораль жатуы тиіс.
  3. Ыңғайлылық. Қызметтік этикет нормалары әріптестерге салынған «кісендей» болмауы тиіс және адамдардың қызметтік қарым - қатынасына және қызметтің дамуына кері әсерін тигізбеуі керек. Қызметкерге отырған бөлмесінен бастап, киген киімі, жұмыс үстелі және т. б. ыңғайлы болуы тиіс. Бұл ыңғайлылықпен қызметтік қарым - қатынаста жүрген барлық мамандар қамтылуы керек.
  4. Мақсаттылық. Бұл принципке сәйкес қызметтік қарым-қатынас этикеті белгіл бір мақсатқа жетуге қызмет етуі тиіс. Қызметтік қарым -қатынастың түрлері - презентация, келіссөздер жүргізу, қызметтік әңгімелесу және т. б. - әртүрлі мақсатқа негізделген және қызметтік қарым-қатынас аспектілері осы мақсаттарға сәйкес келуі тиіс.
  5. Үнемділік. Қызметтік қарым-қатынас этикеті өте қымбатқа түспеуі тиіс. Қымбатқа түсетін ерекшеліктер этикет нормалары болып есептелмейді.
  6. Консерватизм. Қызметкердің жүзіндегі, өзін-өзі ұстаудағы консерватизмі басқа әріптестердің көңіліне сенімділік ұялатады.
  1. Өзін еркін ұстай алу. Қызметтік қарым-қатынас этикеті нормаларын сақтау психологиялық тұрғыдан қиындықтар, кері әсерлер тудырмау керек, қайта жеңіл орындалатын, табиғи және шиеленіссіз болғаны дұрыс.
  2. Әмбебаптық. Бұл принципке сәйкес қызметтік қарым-қатынас этикетінің әрбір нормалары қызметтік қарым-қатынастың әр саласын қамтуы тиіс.
  3. Тиімділік. Бұл принцип қызметтік қарым-қатынас стандарттары қызметтік қарым-қатынастағы келісім-шарттар мерзімінің, ұжымдағы жанжалдардың санын азайтуға негізделген.
  1. Қызметтік қарым-қатынас этикасы

Этиканы екі бөліп қарастыруға болады: жалпыхалықтық немесе әмбебап және қызметтік этика.

Қызметтік этика іс-әрекеттің әр түрлі түріне тән талаптар, стандарттар, нормаларды жүйелейді. Сондықтан қызметтік этика-тәртіп кодексі. Қызметтік қарым-қатынас этикасының негізгі принципі жалпыға бірдей «алтын стандарт» болып қабылданды: «Қызмет бабы шеңберінде өзіңе қатысты болғанын қаламайтын әрекетті бағыныстыларыңа, басшыларға, әріптестеріңе қатысты да болдырмау керек.

Екінші принцип: Қызметкерлерге қызмет бабында қажетті ресурстарды (қаржылық, материалдық ж. т. б. ) бөлген кезде әділ болу.

Үшінші принцип: Қай уақытта және кіммен болса да жіберілген этикалық қателіктерді міндетті түрде түзетуге талап қойылу керек.

Төртінші принципке сәйкес қызметкерлер өзінің қызметтік қарым - қатынасы, іс-әрекеті арқылы мекеменің моральдық тұрғыдан дамуына жадай жасауы тиіс.

Бесінші принцип: Бұл принцип төртінші принциптің жалғасы болып есептеледі. Қызметкерлер өзінің қызметтік әрекеті арқылы этикалық нормаларды бұзбауы керек.

Алтыншы принцип: Бұл принцип негізінде бір мекеменің қызметкерлері басқа мекемелерде қалыптасқан ережелерге, дәстүрлерге түсіністікпен қарау этикалық нормасы жатыр.

Жетінші принцип: Жалпыхалықтық этикаға сәйкес жеке тұлғаның өзінде қалыптасқан және этикалық нормалардың үндесуі.

Сегізінші принцип: Қызметтік қарым - қатынаста қабылданған шешімдерді өңдеу, тарату әрекеті негізінде жеке және ұжымдық қарым - қатынас этикасы жатады.

Тоғызыншы принцип: Қызметтік мәселелерді шешуде өзіндік жеке пікірін білдіруге қорықпау керек.

Оныншы принцип: Қызметтік қарым-қатынас негізінде бағыныстыларына күш көрсетушілік және т. б. сияқты әр түрде көрінетін қысымшылықты жасауды ешқашан болдырмау.

Он бірінші принцип: Этикалық нормалар стандарттары мекемеге бір бұйрықпен енгізілмейді. Қызметтік қарым-қатынас этикасы менеджерлер және қызметкерлердің күш салуы арқылы бірте-бірте мекемеге енгізіледі.

Он екінші принцип: Қызметтік қарым - қатынастың этикалық нормаларына көптеген қызметкерлер күнделікті қызметінде қарсы әрекет ететінін ұмытпау керек.

Он үшінші принцип: Бұл принципке сәйкес әрбір қызметкерге сенім арта білу. Мысалы, қызметкердің жауапкершілігіне, құзыретіне ж. т. б. сенім арта білу.

Он төртінші принцип: Қызметтік қарым - қатынаста қақтығыстардың болуына жол берму керек. Себебі қызметтік қақтығыс этикалық нормалардың бұзылуына әкеледі.

Он бесінші принцип: Еркіндік басқалардың еркіндігіне, бостандығына шектеу қоймауы керек.

Он алтыншы принцип: Бұл принципке сәйкес қызметкер тек жеке өзі этика ережелерін сақтап қана қоймай басқалардың да этика ережелеріне сәйкес әрекет етуіне жадай жасауы керек

Он жетінші принцип: Бәсекелестерді сынамау.

  1. Мемлекеттік қызметші этикасы

Мемлекеттік қызмет этикасы мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым - қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени-ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік-философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым -қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моралдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.

Кәсіптік мораль нормалары жалпы моралдық жүйемен тығыз бірлікте екендігін айрықша атап өткен орынды.

Жалпы азаматтық және арнайы қасиеттерге тоқталу арқылы мемлекеттік қызметшінің этикалық бейнесін шығаруға болады. Жемісті еңбек қызметшілер арасындағы қарым - қатынас үрдісінде өзара адалдық пен әділдікті талап етеді. Бұл мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағыбасты нормаға жатады. Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшіге адамдармен қарым - қатынаста неғұрлым тез әрі тиімді жұмыс істеп, тіл табысуға олардың істері мен саналарын тез түсінуге мүмкіндік береді. Өз арымен келісімге келген мемлекеттік қызметшінің, мейлі ол заң бұзушыны қорғаса да, кінәлі адамдарға тым жұмсақтықпен қараса да, өз қызметінен қандай да бір пайда табуды көздеп отырса да, өз әрекетсіздігіне кешірімммен қараса да - бұл оның жеке басының әлсіздігі емес. Бұл - қызмет істеп жүрген мекеменің беделіне нұқсан келтіру.

Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағы өзге нормалармен - оның қайырымдылығымен, сезімталдығы мен көмекке дайн тұрар қасиетімен тығыз байланысты. Мұндай этикалық нормаларды қолдану мемлекеттік қызметшіге күн сайынға жұмыс барысында кездесіп отырады.

Мемлекеттік мекеме мен оның қызметкерлері адамдар тағдырының тоқайласқан тұсында үнемі кездесіп отырады. Мемлекеттік мекемеде көптеген мәселелер қаралады. Оның кез келгені адамдардың іскерлік әрекеттерімен тығыз байланысты. Сондықтан белгілі бір мәселелерді шешерде, мейлі шаруашылық, мейлі басқару шешімдері болсын ұрысудың, есеп алудың (тіпті адам қателік жіберсе де) қажеті жоқ, ұстамды және қайырымды, жұмысқа жаны ашығандықпен мәселені шешу істің ілгері басуына көмектесетіндігі айқын.

Ұстамдылық мемлекеттік қызметшінің аса бір жоғары қасиеттерінің бірі болып саналады. Бұл адамның өзін өзгелерден жоғары қоймауынан, өзіне ерекше бір артықшылықтар алғандай сезімде болуіынан көрінеді. Ол өзін қоғамдық тәртіпке саналы түрде бағындырып, өзгелерге деген құрмет сезімін жоғалтпайды, олардың ұсақ - түйек кемшіліктеріне кешіріммен қарап, өзінің кемшіліктерін дер кезінде түсініп, онымен күресе біледі.

Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік. Қоғамдық және жеке өміріндегі ұстамдылық жаңа заман шенеунігінің басты қасиеті болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансап үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.

Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәккаппарлық тіпті де жараспайды. Ол адамдарға қатысындағы менмендіктен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орынын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.

Адамдарға деген жеккөрушілік пен әдепсіздікті білдіретін менмендік те мемлекеттік қызметшінің кешірілмес қатесі болып табылады. Менмендік адамның жеке бас ой - сана қызметінің жетілмегендігі. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз-өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі ұдайы жетілдіруі ғана емес, өзгелерден де сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінің талаптарының бірі.

Талап ету - сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жату қажет.

Қарым - қатынаста нағыз зайырлылықтың үлгісі ретінде мемлекеттік қызметшінің сапалық бір қасиеті - барлығына (адамдарға қатысты алғанда) уақыт таба білу. Мұндай қызметкер қайырымды кеңесті, дұрыс айтылған сынды қабылдап, әр нәрсеге көңіл бөле біледі.

Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме; әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса даол тыңдаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.

Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білу мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.

Бедел маңыздылығы мемлекеттік қызметшінің басқару объектісіне әсерінен, оған берілген ойы, сезамі, моральдық құндылықтары арқылы көрінеді. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.

Мемлекеттік қызметші дамдарды жақсы тани білуі керек, әсіресе өзін қоршаған ортаны. Жалпақтау, өтірік айту, артық мақтаншылық тәжірибесіз басшының басын айналдырып, өз қызметіне шынайы баға беруге, шынайы бағам жасауға мүмкіндік бермейді.

Жеке қарым-қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». Әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады.

Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Ер адамға қол алысқан дұрыс, әйелдерге - қалауына қарай. Көптеген елдерге, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен кішіге, әйел адам ер адамға бірінші қолын ұсынады.

Қызметтік қарым-қатынас барысында арақашықтық қандай болуы керек? Қарым-қатынас жасауда негізінен арақашықтық сақтаудың төрт түрі бар: өте жақын қарым - қатынас, жеке қарым-қатынас, әлеуметтік және көпшілік қарым-қатынастар. Өте жақын қарым-қатынас дене жақындығымен анықталады да, ал алыс қарым-қатынас 15-50 см алшақтықты білдіреді.

Жеке қарым-қатынас - 60 см мен 1, 2 метр қашықтықтан араласу, бұған әңгімелесу, келіссөз, келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады.

Әлеуметтік арақашықтық - 1, 2-2, 5 метрмен анықталып, танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді.

Көпшіліктік арақашықтық 3, 5 - 7, 5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуге қолайлы.

Шетелдік әріптестермен іскерлік қатынаста әр түрлі ұлттық арақашықтық сақтау әдебін білген дұрыс. Ағылшындар, американдықтар, скандинавиялықтар жақын арақашықтықты өзінің жеке кеңістігіне басып кіру деп бағалайды. Жапондықтар тым жақын келуді әңгімелесуші тарапынан өзін-өзі ұстай алмаушылық немесе басқыншылық деп ұғуы мүмкін. Француздарды Сіздің әңгімеңіз қызықтырса тым жақын келуі мүмкін. Арабтар Сіздің деміңізді еститіндей жақындыққа келуі мүмкін. Арабтар, латын американдықтары, гректер, итальяндар, испандар әңгімелескенде алыс отырғанды әңгімелесушіге деген немқұрайлылық, әдепсіздік деп бағалайды. Әңгіме үстінде белсенді қимылдап отыру олар үшін қалыпты жағдай. Жаңа ғана танысқан адаммен еркін әңгімелесуге визиттік карталар жақсы көмектеседі. Ол әңгіме барысында әңгімелесушіні атымен атап, назарын аударуға мүмкіндік береді. Әйел адамның визиттік картасы ер адамдыкіне қарағанда көлемі шағын болады. Визиттік картаны қос қолмен енмесе оң қолмен ұсынады. Алушы да ұсынушы да сәл-пәл иілу ишаратын жасайды. Визиттік картаны қабылдаған соң аты-жөнін, қызметі мен орынын дауыстап оқиды. Біреудің визиттік картасын умаждау, белгі салу, иесінің көзінше шиырып отыру әдептілік емес.

Сіздің киіміңіз. Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн. Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады. Сонымен бірге тым арзанқол, көнерген, үлгіден шыққан немесе өз ортасына үйлестірілмей киіну де кәсіптік имиджіңізге нұсқан келтіреді. Аяқ киімнен галстукке шейін барлық киіміңіз өзге киімдеріңізбен тұтас үйлесім табуы қажет. Қазір бізде де тарала бастаған Батыстың ережесі бойынша бір киімді екі күн қатарынан кимейді. Тіпті болмағанда кофта мен көйлек ауыстырылып отырады. Қою түсті костюмге ақ немесе ашық түстіұйық кимейді.

Киім қонымды, жеңіл болуы тиіс. «Классикалық мәнер» өз иесінің жақсы талғамын білдіреді. Қарапайым ұстамды киім - сіздің имиджіңізгеқолдау көрсететінін ұмытпаңыз. Әсіресе, мұндай киім айналаңыздағыларға киіміңізді емес сізді көрсететінін атап өтуміз керек. Бұл жол сіздің жеке - дара тұлға екендігіңізді дәлелдей түседі. Киіну мәнері сіз туралы көп нәрсені - сіздің біліміңіз, сіздің неге ұмтылатындығыңыз туралы хабардар етіп тұрады.

Тиімді қарым - қатынас. Тиімді қарым - қатнас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін-өзі икемді ұстаудың, ұстамдылық пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Әйтпесе, табысқа жетуге үміт аз.

Әңгіме арқауын таба білу, әңімелесушіге ынта қою: оның әрбір сөзін, қимылын, бет құбылысын аңғарып, ойын түсініп қабылдаумен сіз әңгімелесушіге ықылас білдіргеніңізді көрсете аласыз. Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамызбен келушіні тыныштандыра аласыз.

Сөйлей білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес.

Жанды сөзді екінің бірі үнемі қолдана алмайды. Филологтарды да, заңгерлерді де, инженерлерді де шешен сөйлуге үйретпейді.

Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек?

Біріншіден, әдебей кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жатту арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз.

Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы құыңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөлемдардер болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін.

Белсенді тыңдау. Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сойлеуші де сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, сіз сөйлегенде ол да сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.

Тиімді тыңдап білудің тәсілдері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
Құқықтық қатынастар субъектілері
Қызметтік этикет принциптері
Аудит қызметінің этикасы
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары
Еңбек шартының мерзімі
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің әсерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz