ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау



1. Қылмыстық қудалаудың ұғымы, нысаны және жалпы ережелері.
2. Алдын ала тергеу органдарымен қылмыстық іс қозғау
3. Тергеу әрекеттерін жүргізу
4. Қылмыстық істі тоқтата тұру және қысқатру
5. Қылмыстық алдын ала тергеу амалдарының аяқталуы
6. Алдын ала тергеу.
Қылмыстық қудалау дегеніміз – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды анықтау және соңғының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау, сондай-ақ осындай адамдарға жаза немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтады.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын оарганға мыналар жатады: 1) прокурор, 2) тергеуші, 3) анықтау органы. Сот қылмысты қудалау органына жатпайды. ҚР Конституциясының 83 бабында былай жазылған, прокуратура заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокурор қылмыстық қудалауды және қылмыстық істі тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, төмендегідей құқықтарды пайдаланады:
1) тергеу және тексеру әрекетіне қатысуға, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін басқа да әрекетті жүзеге асыруға;
2) қылмыстық істі қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға, тергеу әрекетін жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар беруге;
3) қылмыстық қудалаудан иммунитеті бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;
4) қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, айыпкерді сотқа беруге, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да әрекеттерді жүргізуге;
заңда көзделген өзге де шараларды жүзеге асыруға құқығы бар

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау

1: Қылмыстық қудалаудың жалпы ережелері

1. Қылмыстық қудалаудың ұғымы, нысаны және жалпы ережелері.
2. Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар

Қылмыстық қудалау дегеніміз - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды анықтау және соңғының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау, сондай-ақ осындай адамдарға жаза немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтады.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын оарганға мыналар жатады: 1) прокурор, 2) тергеуші, 3) анықтау органы. Сот қылмысты қудалау органына жатпайды. ҚР Конституциясының 83 бабында былай жазылған, прокуратура заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокурор қылмыстық қудалауды және қылмыстық істі тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, төмендегідей құқықтарды пайдаланады:
1) тергеу және тексеру әрекетіне қатысуға, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін басқа да әрекетті жүзеге асыруға;
2) қылмыстық істі қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға, тергеу әрекетін жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар беруге;
3) қылмыстық қудалаудан иммунитеті бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;
4) қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, айыпкерді сотқа беруге, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да әрекеттерді жүргізуге;
заңда көзделген өзге де шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тергеуші қылмыстық қудалауды мынадай жолмен жүзеге асырады:
1. қылмыстық істі қозғау;
2. адамды айыпкер ретінде жауапқа тартуға;
3. қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану;
4. айыптау қорытындысын жасау т.б.
Қылмыстық қудалау келесі нысанда жүзеге асырылады:
1. жеке айыптау тәртібі бойынша;
2. жеке-жариялы айыптау тәртібі бойынша;
3. жариялы айыптау тәртібі бойынша
Жоғарыда көрсетілген нысанға бөліну жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына байланысты жүргізіледі.
Жеке айыптаудың ісі жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және оның айыпкермен келісімге келу тәртібімен қысқартылады. ҚІЖК-нің 33 бабында көрсетілген қылмыстар туралы жеке айыптау тәртібі бойынша іс қозғалады. Бұл ҚР ҚК-де келесі баптарында қарастырылған қылмыстар бойынша жүзеге асырылады: 105,111(денсаулыққа абайсызда зиян келтіру),129(жала жабу), 130(қорлау), 136(алимент төлеуден жалтару), 140, 142,144б.1,2б.145б.1б.,188б. т.б.
Жеке-жариялы айыптау тәртібімен тергелетін істер жәбірленуші шағымы бойынша ғана қозғалады және жәбірленушінің айыпкермен келісімге келу үшін ҚР ҚК-тің 67 бабында көрсетілген талап бойынша жүргізіледі.
Жеке-жариялы айыптау тәртібімен ҚІЖК-нің 34 бабында көрсетілген қылмыстар бойынша тергеу жүргізіледі. ҚР ҚК-нің 103,1б., 104б.1б., 117б.1,2б.(заңсыз аборт жасау), 120.1б., 135б., 139б., 144б.3б.(дәрігер құпиясын жария ету),176б.1,2б., 184б.1б.(жеке меншік құқықты бұзу),187б.1б.(бөт.мүл. қас.бүлд.және жою), 296б.1б., 327б.1б. (өзінше билік ету) т.б. қылмыстар бойынша айыптау жүзеге асырылады.
ҚІЖК-нің 33,34 баптарына сәйкес істерді жәбірленушінің шағымы жоқ болса да, егер әрекет етуге дәрменсіз, өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың немесе басқа да жағдайға тәуелді адамның мүддесіне ықпал ететін, не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне елеулі зиян келтірсе прокурор іс қозғай алады.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстардан басқасы жариялы айыптау тәртібімен тергеу жүргізіледі.
Мұндай істер бойынша қылмыстық қудалау жәбірленушінің шағымына байланыссыз жүзеге асырылады. Негізінен қылмыстық сот тергеуі жәбірленушінің арызына тәуелсіз жариялы айыптау тәртібімен жүзеге асырылады және де бұл тәртіп қылмыстар туралы барлық істерге таралады.
Жариялы тәртіп әрбір қылмыс белгілерін тапқан жағдайда, қылмыстық істі қозғау, ашу, тергеу және қылмыс туралы істі соттың талқылау ережесі ретінде болжайды.
Егер ҚР ҚК-нің 8 тарауында көзделген әрекет мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе қылмыстық жауапқа тарту осы ұйымның немесе уәкілетті орган басышысының арызы не олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы талаптары заң қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында тергеу органдары өз құзыреті шегінде әрбір анықталған қылмыс белгілері үшін заңмен қарастырылған барлық шараларды қолдану міндетін жүктейді.
Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырудың талаптары жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыспен келтірлген зиянның орнын толтыру шарасын қабылдау қылмысты қудалау органдарының міндеті болып табылады.
Қылмысты қудалау органдары өз қызметін қандайда бір органдардың немесе лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады. Қылмысты қудалау органдарының заңға сәйкес талаптары барлық субъектілерге міндетті. Аталған міндетті орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар.
Істердің қозғалуы мүмкін емес және қозғалған істер қысқартылуға жататындығы туралы мән-жайлар заңда көрсетілген.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық істі қозғау туралы немесе олар жүргізудің кейінгі сатыларында анықталуы мүмкін.
Бұл мән-жайлардың бірі қылмыстық қудалауға негіз жоқ деп куәландырса, ал келесісі қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін болдырмайды. (мыс., амнистия)
Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс қысқартылуға тиіс, оған мыналар жатады:
1. Қылмыс оқиғасы болмауы. Ол бірінші іс материалдарын қарау барысында сол құқық бұзушылықтың шын мәнінде жоқ және болмағандығымен түсіндіріледі. (Мыс., полицияға ұрлық туралы хабарлама келіп түсті, бірақ тексеру барысында оның шындығында болмағандығы анықталды).
2. Әрекетінде қылмыс құрамының болмауы. Түскен арыз туарлы әрекет немесе әрекетсіздік түрі орын алған, бірақ ол өзінде қылмыс құрамының белгілері жоқ болуы мүмкін. (Мыс., фактілік қате, қажетті қорғану).
3. Егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Рақымшылық белгілі қылмыс түрлері бойынша қылмыстық жауаптылықтан толық немесе ішінара босатуды көрсетеді. Жоғары мемлекеттік билік органдарының жарлығымен жүргізілген акті. Рақымшылық актісі бойынша іс қозғалуына және қысқартылуына айыпкер қарсы болса, іс сотқа дейін жүргізілуге тиіс.
4. Мерзімнің ескіруіне байланысты. ҚР ҚК-тің 69 бабына сәйкес Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, адам қылмыстық жауаптан босатылады:
1) жеңіл қылмыс жасалғаннан кейін 2 жыл өтсе
2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін 5 жыл өтсе
3) ауыр қылмыс жасалғаннан кейін 10 жыл өтсе
4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан 20 жыл өтсе
Мерзімнің ескіруі қылмыс жасалған күннен бастап және сот үкімінің заңды күшіне енген кезіне дейін есептеледі. Мерзімнің ескіруі, егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан бой тасалап қашып кетсе, онда тоқтатылады. Осыған байланысты адам, егер қылмыс жасалған кезден 25 жыл өтсе және ескіру тоқтатылмаса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
Мерзімнің ескіруі үзіледі, егер ол адам жаңа қасақана қылмыс жасаса. Жасалған қылмысы үшін өлім жазасы тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдану мәселесін сот шешеді. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қлмыс жасаған адамға ескіру мерзімі қолданылмайды.
5. Қылмыс туралы іс бойынша жәбірленушінің шағымы болмаса, қылмыстық қудалау жеке, жеке-жариялы тәртіпте жүргізілсе, мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалуы және көрсетілген қылмыс санаты бойынша жәбірленушінің шағымы жоқ болғанда қылмыстық қудалау болмайды.
6. ҚР ҚІЖК-нің 33 бабының 1 бөлігінде көзделген және жеке тәртіпте қаралатын қылмыстар туарлы істер бойынша жеке айыптаудан бас тартқанда.
7. Егер ол іс бойынша заңды күшіне енген соттың үкімі болса, екінші рет ол іс бойынша іс қозғалмайды. (ол үкім бұзылмайынша қозғалмайды) Қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулсы бар адамға қатысты қохзғалмайды.
8.Адамға қатысты қылмысты қудалау органының қылмысты қудаладан бас тарту туралы қаулының күші жойылмаған болса, қылмыстық іс қозғалмайды.
9. Істі қозғауға медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет ететін адамнан басқа, есі дұрыс емес күйде жасаған адамға іс қозғалмайды.
10. Қылмыс жасаған кезде белгілі жасқа толмаған адамға іс қозғалмайды. Оларға соттан тыс тәрбиелеу шаралары қолданылады.
11. Өлген адамға қатысты іс қозғалмайды. Кейде өлген адамды ақтау үшін немесе істі басқа адамға қатысты тергеу үшін іс қозғалады, өлген адамға қатысты іс қысқартылады.
12. ҚР ҚК-нің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты іс қозғалмайды. (65-68 баптар) Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша кінәсін мойындап келсе, қылмысты ашуға көмектессе, келтірілген шығынды өтесе, іс қозғалмайды. Сондай-ақ ұйымдасқан топпен және қылмыстық сыбайластықпен жасалған қылмыстың алдын алу және ашуға көмектескен үшін.
Қылмыстық іс оқиғаның болмауына және қылмыс құрамының болмауына байланысты негіздер бойынша дәлелдеу кезіндегі қылмыс оқиғасының және құрамының болмауына байланысты ретінде, не олардың болуы егер қосымша дәлелдерді жинау үшін барлық мүмкіншіліктер жойылса дәлелденбеген ретінде де қысқартылады.

2. Алдын ала тергеу органдарымен қылмыстық іс қозғау

1. Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты.
2. Қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар.
3. Қылмыстық іс қозғауға негіздер мен себептер

Қылмыстық істі қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты.
Қылмыстық іс жүргізу заңының Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу 6 бөлімінің Қылмыстық іс қозғау туралы 23 тарауында жеке қарастырылған.
ҚІЖК-нің 7 бабының 27 тармағына сәйкес іс бойынша іс жүргізу - қозғау, сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы айтылған. Сондай-ақ осы баптың 28 тармағында қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу - қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданғанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), материалдар дайындауы айтылған. Көрсетілген ережелер мынадай пікірлерді қолдайды:
- қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындау өзара бір бөлігі және толық ретінде бірігеді;
- сотқа дейінгі дайындау қылмыстық іс қозғау түріндегі бастапқы кезеңсіз орын алмайды;
- қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың болмағандығы туралы куәландырады.
Осыған байланысты, қылмыстық іс қозғау - бұл қылмыстық іс жүргізудің бірінші және міндетті сатысы, ол бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы алынған мәлімет бойынша қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асырады және қылмыстық іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін шарттың барлығын анықтайды.
Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық қудалаумен тең мағынада еместігін ұғыну қажет. Белгілі болғандай қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде басталады, яғни қылмыстық іс қозғаудан іс жүргізу шешімінің уақыты және сатылы бойынша қалып қояды. Қылмыстық қудалау қызметі қылмыстық іс қозғаумен іс жүргізушілік байланыста болады, бұл мән бойынша соңғысыз аталған қызмет іс жүзіне асырылуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық қудалаудан басты айырмашылығы соңғысы әрқашан нақты адамға қарсы бағытталатындығымен, оның жасалған қылмысқа қатыстылығы уәкілетті органдармен сотқа дейінгі процесте дәлелденуімен, және бұл адам құқық субъектісінің барлық белгілеріне ие болуын анықтаумен ерекшеленеді. Қылмыс жасаған адам туралы мәлімет жоқ болған жағдайда, бірақ әрекетінде қылмыстың сипатын көрсететін белгілері бар болған кезіндегі қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде факті бойынша қылмыстық іс қозғалу деп аталады. Егер адам қылмысты жасауы мүмкін деген тұжырымда болса, қылмыстық істі қозғау сатысында анықталады, онда аталған адамға қатысты қылмысты істі қозғау туралы шешім қабылданады.
Уәкілетті лауазымды адамдар қылмыстық істі қозғау шешімін қабылдау кезінде жасалған қылмыстың мән-жайын, оны жасаған адамды, кінәлінің қылмыстық қудалау негіздерін анықтау сияқты мақсаттарға жету үшін ҚІЖК-де көзделген кез келген іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізуге құқылы.
Біз қылмыстық іс қозғау анықтамасын бергенде бұл бөлімді қылмыстық процестің жеке сатысы деп атадық. Бұл осы этапта пайда болған құқықтық қатынастар басқа іс жүргізу сатысынан және этаптарынан айыратын арнайы белгілерімен түсіндіріледі:
- біріншіден, мақсаты мен міндеттерінің мазмұнымен;
- екіншіден, іс жүргізу құралдарының құрылымы және сипатымен анықталады.
Осыған байланысты қылмыстық істі қозғау сатысының маңызы келесі жағдайлардан көрінеді:
1. Уәкілетті органмен қылмыстық іс жүргізу мүддесін білдіретін әрекет қылмыстық жазалаушылық туралы растайтын белгілерінің негізінде бағаланады;
2. Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау қылмысты тез ашу, жасалған қылмыстың мән-жайын толық және объективті зерттеу, қылмыс жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын жасауға бағытталған;
3. ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу туралы шешімді қабылдау сотқа дейінгі әрекет кезінде пайда болатын барлық басқа құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үшін жіберілетін іс жүргізуші-құқықтық негіз болып табылады;
4. Уәкілетті органмен қылмыстық істі қозғау туралы процессуалды дұрыс шығарған шешім сотқа дейінгі әрекеттің басталуындағы заңдылықтың арнайы кепілі болып табылады.
Қылмыстық істі қозғау сатысының мақсаты:
* қылмысты тергеуді уақытылы бастауды қамтамасыз ету;
* аталған қылмыстың тергеуге жатуы бойынша органды анықтау;
* екінші мақсатпен өзара байланысы - осы сатыдағы сотқа дейінгі әрекетке тартылған уәкілетті орган мен лауазымды адамдардың тобын, сондай-ақ олардың өкілеттілік тобын анықтау.
Заң қылмыстың алдын алу мен жоюға шара қабылдау үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамадрдың міндетті іс-қиымылын қарастырады.
Қылмыстық істі қозғау сатысының міндеті жасалған қылмысқа уақытылы іс-қимыл жасауға, оны тез және толық ашуға, соңынан әділ сот талқылауын жүргізу үшін бағытталған ҚІЖК-нің 8 бабында қарастырылған қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндетімен тікелей түсіндіріледі.
Осы сатыдағы міндеттің дұрыс шешімі кейінгі алдын ала тергеу амалдарын табысты жүзеге асыруға жол береді. Уақытылы қозғалмаған қылмыстық іс дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға алып келеді, нәтижесінде негізгі қылмыстық процестің мақсаты қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға мүмкіндік болмайды.
Сонымен бірге, А.П.Рыжаковтың анықтамасы бойынша, қаралып жатқан сатыда екі бірыңғай міндет бар. Бір жағынан, жасалған қылмыстың әр фактісін қарау, яғни қылмыс құрамының объективтік жағын құрайтын кез келген арызды дереу тіркеу. Екінші жағынан, қылмыстық процесстің келесі этаптарын түзу, соның ішінде алдын ала тергеу сатысында қарастырып отырған фактілерден:
1. шындығында болмаған фактілер;
2. сөзсіз қылмыс болып табылмайтындар, яғни қылмыс құрамының объектівтік жағының біреу де болса міндетті белгісі жоқ фактілер, соның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік, және басқа әрекеттер);
Қылмыстық істі қозғау үшін жеткілікті деректерді анықтай отырып, қылмысты жасаған кінәлі туралы мәліметтің барлығын болжайтын немесе оны іс бойынша айыптау үкімі шығарылуға негіз беретін сот перспективасын басшылыққа алуға болмайды. Ол қылмыстық істі қозғаудан заңсыз бас тартуға алып келуі мүмкін. (бірінші қылмыс туралы құжаттарды тексеру шегінің ұзаруы)
Қылмыстық істі қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар.
ҚР-ның ҚІЖК қылмыстық процесті бастауға және қылмыстық істі қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды адамдардың тізімін белгілейді. Оларға: анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор (ҚР ҚІЖК 185-186 баптар) жатады. Барлық көрсетілген органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешеді.
Аталған тізім кеңейтілген талқылауға жатпайды және белгілгенген, өзгертілмейтін болып табылады. ҚІЖК-нің 7 бабының 14 тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізіміне тергеу бөлімінің бастығын қоспағанда қылмыстық іс қозғауға құқығы бар барлық органдар мен лауазымды адамдар кіреді. Осы мән-жайды талқылауда атап өтетін жайт, тергеу бөлім бастығының әрекеті шектелген және айыпты таққанға дейінгі кезеңде аяқталады. ҚІЖК-нің 63 бабының 2 бөлімінде Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алуға және бұл орайда тергеушінің өкілеттігін пайдалан отырып, жеке-дара алдыл ала тергеу жүргізуге құқылы.
Г.В.Дроздовтың айтуы бойынша, қылмыстық істі қозғау сатысының мазмұнына өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың әрекеті кіреді, атап айтқанда:
- олармен қылмыстар туралы хабарламаны қабылдау, оны тиісті тіркеу және хаттау;
- осы хабарламалады қарау, қажет болған жағдайда қылмыс болғандығы туралы фактілік деректерді жою үшін тексерулер жүргізу;
- іс бойынша өндірістің басталғаны туралы, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыс туралы арызды тергелуіне жатуына байланысты немесе соттылығына жатуына байланысты жолдау туралы заңға сәйкес шешім қабылдау. Аталған әрекеттер - бұл өз кезеңіндегі этаптары болып саналады, онда қылмыстық істі қозғауда өз құқығын жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің, прокурордың әрекетінен тұрады.
Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген субъектілерге қатысты әр түрлі мәртебелері бар. Егер қылмыстық істі қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетті адамның құзыретінде белгіленген тергелуінен тыс қылмыстық істерді қозғау кірмесе, онда қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар бойынша қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау үшін тергелуі жататыны бойынша құзырлы органдарға беріледі.
Осыған байланысты, қылмыстық істі қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың құзырының көлемі толық сәйкес келмейді.
Қаралып отырған сатыдағы ең кең өкілеттік прокурорға берілген. (ҚІЖК 62б.6,7б.б., 190, 192 баптары) Прокурор ешбір тергелуге жататындығына қарамастан қылмыстық істі өзі қозғауға құқығы бар. Прокурор өкілеттігінің кеңдігі тек жариялы айптауға ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке-жариялы айыптауға да жүреді.
Осыған байланысты прокурор қылмыстық істі қозғауға құқықтары мыналар:
* барлық жариялы айыптау бойынша (ҚІЖК 62, 190 б.);
- егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы;
- егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де қозғауға құқылы;
- коммерциялық және басқа ұйымдардың қызметінің мүдделеріне қарсы жасалған әрекет бойынша, мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе және басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Келесі өз кұзыреті шегінде қылмыстық істі қозғауға құқығы бар адам тергеуші болып табылады.
Бұл санаттағы уәкілетті адамдарға мыналар жатады: ішкі істер бөліміндегі тергеуші, ҰҚК тергеушісі, қаржы полициясының тергеушісі (ҚІЖК 64 бабы 1 бөлігі).
Уәкілетті органдардың тергеуге жату көлемі бойынша келесі тәртіпте орналасады (ҚІЖК 192 б.):
1. ІІО тергеушілері ҚК-тің 177 түрлі бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
2. ҰҚК тергеушілері ҚК-тің 38 түрлі бабы қылмыстық іс қозғауға құқылы;
3. Қаржы полициясының тергеушілері ҚК-тің 36 түрлі бабы қылмыстық іс қозғауға құқылы;
Жалпы ереже бойынша тергелуге жатуымен өзара байланысты тергеуші өкілеттігінің дифференциациясы мынаны білдіреді:
- оған тергелуге жату шегіне қарай тергеуші сол фактілік негіздер бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
- егер әрекеттің белгілері тергелуге жататын тізімнің оның құрамына тура келмесе, тергеуші өзі қылмыстық істі қозғауға құқығы бар және оны тергелуіне қарай жолдауға, немесе істей қозғамай-ақ қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тергелуі бойынша жолдауға құқығы бар (ҚІЖК188 бап).
Қылмыстық істі қозғауға құқықберілген келесі орган анықташы және анықтау органы (ҚІЖК 186б.1б.)
Белгілі қылмыстық өндіріс шегінде анықтау органы бастығының іс жүргізу ережелері өзіне бағынышты анықтаушыларға қатысты, тергеу бөлім бастығының тергеушілерге қатысты өкілеттік ережелеріне ұқсас болып келеді.
Анықтаушы, анықтау органы бастығы, анықтау органының қылмыстық іс тобына қылмыстық істі қозғау құқығы келесі жағдайда анықталады:
- біріншіден, олардың ведомоствалық бағыныстылығы бойынша (65 бапта белгіленген);
- екіншіден, құзырет көлемі шектелген;
Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау барысында анықтаушының өзіндік билігі (сомастоятельность) шектелген сипатта болады: анықтаушының қылмыстық істі қозғау туралы қаулысы тек анықтау орган бастығының бекітуімен іс жүргізішілік мазмұнға ие болады.
Егер алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес болса, онда анықтаушы қылмыстық істі қозғайды, анықтау органының бастығымен бекітіледі және сотқа дейінгі өкілеттігін ары қарай жүзеге асырады. Егер алдын ала тергеу міндетті болса, онда анықтаушы іс бойынша кідіртіуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға өкілетті болып табылады. Басқа уақыттарда қылмыстық істі қозғау туралы шешімді құзырлы тергеуші қабылдайды.

3. Тергеу әрекеттерін жүргізу

1. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережесі.
2. Алдын ала тергеудің басталуы және аяқталуы. Алдын ала тергеудің мерзімі.
3. Алдын ала тергеу өндірісінің ұйымдастырушылық нысаны.

Алдын ала тергеу кезінде барлық тергеу амалдары жүргізілуге тиісті. Сонымен қатар сезікті адамды, айыптаушының және де басқа қылмыстық процеске қатысушыларды ажырата білуіміз қажет және олардың әрқайсына байланысты тергеу амалдары жүргізіледі.
Тергеу әрекеттері: жауап алу, тергеу қарауы, куәландыру, оқиға болған жерді қарау, беттестіру, тінту және алу, эксгумация, тергеу эксперименті, жауапты оқиға болған тексеру, сараптама тағайындау т.б. жатады.
Қазіргі кезеңде қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80 % -ке жуығы куәлардың, жәбірленушілердің, сонымен қатар сезіктілердің де жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына көп көңіл аударылуы қажет. Біз б+-л тергеу әрекетін екінші тарауда толыќраќ ќарастырамыз.
Жауап алушы тұлға, яғни анықтаушы, тергеуші, прокурор жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп жоғарғы денгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69-бабында айыпталушы туралы анықтама берілген. Бұл анықтама бойынша -Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шаққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы - сотталушы деп, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы - сотталған адам деп, өзіне қатысты ақтау үкімі шыққан айыпталушы - ақталушы адам деп аталады - деп көрсетілген.
Тергеу іс - әрекеттерін мынадай екі әдіспен анықтауға болады: 1) заңның тікелей нұсқауларын негізге алу арқылы; 2) қисынды жіктеу жолымен.
Бірінші әдісті қолдану төмендегі іс жүргізу әрекеттерін тергеу іс-әрекеттеріне жатқызуға мүмкіндік береді:
* қарап тексеру , тінту, алу, куәландыру, сезіктілерді ұстау, жауап алу, (ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігі);
* адамның мәйітін тану, қарап тексеру, сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып (эксгумация) алу (ҚІЖК-нің 225-бабы);
* сөйлесуерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 3-бөлігі).
Іс жүргізу тәртібін реттейтін нормалар ҚІЖК-нің тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерін баянды ететін баптарына сілтеме жасайтын жағдайларда екінші әдіс қолданылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 201 және 203-баптары ) тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері туралы, тиісінше тергеу әрекеттерінің хаттамасы туралы) осындай реттерде қолданылыды.
ҚІЖК-нің 201 және 203-баптарына сілтеме жасау арқылы төмендегідей іс жүргізу әрекеттері реттелген:
* жауап алу (ҚІЖК-нің 218-бабының 1-бөлігі)
* беттестіру (ҚІЖК-нің 220-бабының 7-бөлігі)
* қарап тексеру, куәландыру, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (ҚІЖК-нің 227-бабының 1-бөлігі);
* тану үшін көрсету (ҚІЖК-нің 229-бабының 13-бөлігі);
* тінту, алу (ҚІЖК-нің 234-бабының 1-бөлігі);
* оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және нақтылау (ҚІЖК-нің 238-бабының 8-бөлігі),
* тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 6-бөлігі);
* сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).
Экстраполяция (ерекше мұқият өңдеу) секілді қисынды тәсілде осы әдіске жатады. Оны осы мәселеге қатысты қолдану мәні мынада: куәгер секілді институт тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыруға арналған (ҚІЖК-нің 86-бабының 1-бөлігі). Куәгердің қатысуы талғамалы сипатта болады және ең алдымен заң шығарушының қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қажетті кепілдіктермен қамтамасыз ету туралы қамқорлығына байланысты. Куәгер осы әрекетке қатысушының еркін шектеуге байланысты аса күрделі тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қажет болады. Осыны негізге ала отырып, куәгерлер қатысытын іс жүргізу әркеттері, сөз жоқ, тергеу әрекеттеріне жатады есептеуге мүмкіндік бар. Мұндай іс жүргізу әрекеттеріне мыналар жатады:
* тану үшін көрсету (ҚІЖК-нің 229-бабының 10-бөлігі);
* тінту, алу (ҚІЖК-нің 232-бабының 4-бөлігі);
* ұсталған пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарап тексеру, алу және көшірмесін түсіру (ҚІЖК-нің 235-бабы 4-бөлігі),
* сөйлесулерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 5-бөлігі);
* оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және айқындау (ҚІЖК-нің 238-бабы 3-бөлігі);
* тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 2-бөлігі)
* сарапшылық зерттеулер үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).
Одан әрі, іс жүргізу әрекетін тергеу әрекеті деп тану үшін оның айқын мақсаты секілді мән-жайды ескеру маңызды, айталық, дәлелдемелерді тексеру және тиянақтау.
Қылмыстық іс жүргізу нормалары анықталған мерзімдермен, яғни арызды қарау уақыты және қылмыс туралы хабарлау, тергеу өндірісі, тергеушінің жекелеген процесуалдық әрекеттерін шектейді. Көрсетілген заң нормаларын сақтау.
Қылмыстық істі өз уақытында қозғау, дәлелдемелер жинауда тергеуші әрекетінің белсенділігі,қылмыскерді іздестіру жеке ұстау,олардың қоғамға қарсы жаңа әрекеттер жасауына жол бермеу басты табыс болып табылады. Қылмыстық іс жүргізушілік мерзімнің қатаң заңдылық регламенті азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың маңызды кепілдігі болып табылады.
Заң азаматтарды ұстаудың, жасалған қылмысқа сезіктілердің шекті мерзімін,сезіктіге бұлтартпау шарасын қолдануда ең жоғарғы уақыт мерзімін анықтайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҚАҒИДАТТАРЫ ЖОСПАР
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
«Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу»
Сотқа дейінгі тергеудің мерзімі
Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қылмыстық-процесуалдық қызметінің теориялық проблемалары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер