Парақорлық қылмыстар


Парақорлық қылмыстар

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері жемқорлықпен күрес жүргізу ел заңдылығы мен шетелдердің тактикалық тәжірибелерін және парақорлық қылмыстарын алдын алудағы жедел іздестіру іс шаралары тәртібін зерттеуге арналады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу мәселесінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген [1, 2б] .

Зерттеудің пәні. Қазақстан Республикасындағы жемқорлық - тек әлеуметтік емес, сонымен қатар саяси құбылыс, яғни ата заңымызда атап көрсетілген қағидаларға қарсылық танытушы бір заңсыздық негізі. Ол әлеуметтік өмірдің барлық саласында мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты өмір сүріп отырады. Өз кезегінде мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған Қазақстанның ішкі саясаты сыбайлас-жемқорлық қылмыстарының жағдайына, құрылымы мен динамикасына ықпал жасап отыр. Сыбайлас жемқорлықтың ең көне және кең тараған түрлерінің бірі - парақорлық.

Зерттеудің нысаны Жұмысымда жемқорлыққа қарсы бастамалардың құқықтық маңызын зерттей, талдай отырып, осы жағдайда орын алғаң жағдайларды, оған қарсы қолданылатын шетелдік құқықтық жүйелерді қарастырып, парақорлықты болдырмаудағы жедел іздестіру іс шаралары аспектілерін анықтау болып табылады.

Жалпы алғанда жемқорлық бұл - кез-келген өркениетті мемлекеттің алдында тұрған мәселе. Қылмыстың бұл түрі елдегі режимге, ондағы басқару нысанына, идеологияға қарамастан кең етек жайып отыр. Мысалы, КСРО кезінде кез-келген қылмыстық құқық саласындағы ғылыми еңбектерде буржуазиялық елдердегі (АКДБ, Англия, Франция, т. б. ) қылмыстылықтың жоғары деңгейін, соның ішінде паракорлық қылмысының көптеп таралғанын жаза отырып, өз елдеріндегі дәл осы қылмыстың аз таралмағандығы мойындалмады. 1918 жылдың өзінде-ақ парақорлықтың қарқынды дамып келе жатқанын байқаған В. И. Ленин, сол жылы "парақорлыққа қарсы күрес туралы" декретке қол қойды. 1921 жылы Бүкілресейлік съезді де ол мемлекеттің үш жауы бар деп: "біріншісі-бюрократия, екіншісі-сауатсыздық, үшіншісі-пара", - деп көрсеткен.

Ол кезде жас кеңестік мемлекеттің алдында тұрған мәселе - әкімшілік-басқарушылық аппаратты ұйымдастыру болатын. Осының салдарынан осы аппаратты ұйымдастырудың тиімді әдістерін табу үшін, мемлекет өзінің шаруашылық - басқарушылық мекемелерін қайта ұйымдастыруға жиі ұшырататын. Осының нәтижесінде, кезекті қайта ұйымдастырудан кейін "сыртта" қалып қалмас үшін, қызметкерлерге пара беруге тура келді.

Екіншіден, жемқорлықтың өсуіне әкеліп соққан жағдай ол мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің материалдық тұрғыдан төмен қамтамасыз етілуі. Яғни төмен жалақы және әлсіз материалдық ынталандырылуы.

Үшіншіден, елдің бұл кездегі ауыр экономикалық және қаржылық күй кешуі. Қарап отырсақ, нақ осы мәселелер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары орын алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық мәселесіне тап болды, мемлекеттік билік саласында парақорлықтың күрт өсуі орын алды. Ал ол өз кезегінде Қазақстанда құқықтық мемлекет құруға кедергі жасауда. Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың ұсынысы бойынша 1998 жылы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылданған болатын. Ол заң дүниежүзілік тәжірибені негізге ала отырып құрастырылған. Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналып отыр. Сыбайлас жемқорлық қылмысының ең кең тараған түрлерінің бірі -ол парақорлық. Мемлекеттік - биліктік құрылымдарда терең орныққан ол -қоғамдық, құқықтық сананың дағдарысына, құқықтық нигилизмге, мемлекеттік органдарға сенбеушілікке әкеліп соғады. [2. 3б]

Зерттеу материалдары. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін: Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Р. Т. Нуртаев, Г. Д. Тлендиева, С. М. Рахметов, ал Ресейлік ғалымдардан Б. В. Волженкин, В. В. Лунеев, С. Г. Келина, А. Н. Трайнин, А. К. Квициниа, В. И. Ширяев, Б. В. Здравомыслов, П. И. Гришаев т. б. өз еңбектерінде зерттеген.

Сонымен қатар жемқорлық саласында өзіндік пікірлерін теориялық негіздемеге түйіндеген бірқатар ғалымдар: (В. Ф. Кириченко, В. Е. Мельникова, Н. А. Стручков, М. Д. Шаргородский, және т. б. ) . Сонымен қатар, парақорлықты күрделі екі жақты бір қылмыс ретінде санаушылар саны да көп (Н. Д. Дурманов, Н. Г. Кучерявый, Ш. Г. Папиашвили, А. Б. Сахаров, және т. б. ) . Үшінші көзқарас бойынша, пара беруді пара алуға қатысушылықтың ерекше түрі ретінде есептейді (А. А Жижиленко, Ю. И. Ляпунов, А. Н. Трайнин, А. Я. Светлов және т. б. ) .

Үш көзқарастың да жақтаушылары бір жерде келіседі - ол параны алу және беру кезінде мемлекеттің басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қол сұғылуы. Бұған қоса кеңестік заңнама да қазіргі заңнама сияқты, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам заңды әрекеті үшін де, заңсыз әрекеті үшін де пара алса, оны қылмыс деп есептеген.

Көрнекті ғалымдардың бұл қылмысты толық зерттеуі, оны зерттеуге кедергі бола алмайды. Өйткені біздің заңнамада кемшіліктер өте көп.

Жемқорлық - тұлғаның өзінің билік өкілеттігін және өзіне берілген құқықтарын белгіленген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты қолданылады. Жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Парақорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады.

Парақорлық немесе жемқорлық дискрециялық билікке, яғни өзіне тиесілі емес ресурстарды өз қалауынша бөлу билігіне ие кез келген адам ұшырауы мүмкін. Парақорлыққа жетелейтін басты нәрсе билік өкілеттілігін пайдалана отырып экономикалық пайда табу мүмкіндігі ал басты қаупі - оны әшкерелеу мен жазалау.

Жұмыстың зерттеу әдiсi : Сыбайлас жемқорлық тарихи тамыры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөліп алып, оның өтініші орындалуына мүмкіндік беретін болған. Сондықтан алғашқы қауымдық қоғамда дінбасыларға немесе көсемге ақы төлеу қалыпты жағдай саналған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі нәтежесінде кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар билеушілердің ойынша белгіленген жалақыға қанағаттануы тиіс еді. Ал іс жүзінде шенеуніктер өзінің қызмет жағдайын өз кірістерін құпия түрде көбейтуге қолдануға ұмтылды. Сонғы сот практикасын зерттей келе, құқық қорғау органдарының парақорлықпен күресуде нәтижелілік танытпай отырғанын анық байқауға болады. Көбінесе, қылмысты саралауда, ұқсас қылмыстардан ажыратуда қателіктер кетіп жатады. Сонымен қатар бұл қылмысты дәлелдеу де өте қиын.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты параны алу, параны беру, парақорлыққа делдал болу нормаларына қылмыстық құқықтық талдау жасау және олардың қолданылу тиімділігін арттыру үшін қылмыстық заңнаманы жетілдірудің жолдарын ұсыну. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:

- парақорлықтың ғылыми - теориялық аспектісін зерттеу;

- парақорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегін анықтау;

- парақорлық үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды келтіру;

- парақорлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып алу.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Практикалық және теориялық аспектілерді зерттей келе, мынадай мәселелерді нақтылауға тура келді: лауазымды тұлға ұғымы қылмыстық құқықта толық анықталмаған, параның заты, параның төменгі мөлшері туралы, т. б. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістерде парақорлыққа қатысты баптар жаңартылып онда 366, 367 баптар ескертулерінде толық түсіндірме берілген. Осы жұмыста келтірілген ұсыныстар жемқорлықпен күресте және құқық қолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.

1-тарау. Сыбайлас жемқорлық түсінігі, түрлері және оған қарсы әрекет етудегі шетелдік тәжірибе

Сыбайлас жемқорлық қазір бүкіл әлемді алаңдатып отырған проблемалардың бірі. Парақорлық сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жахандану заманында. Парақорлықтың шегі жоқ, ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Онымен жұмыла күресу қажет. Бұл оңай іс емес. Бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі 15 ғасырдың өзінде британ парламентінде осы мақсатта шулы даулар орын алған.

Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде парақорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай белең алып бара жатыр. Парақорлықа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейдегілер маңызды қадамдарға қарамастан, оның халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар [3. 123б] .

Жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. Көп жағдайда егер пара беру қорқытып алудан болмаса осы мәмледен пара беруші көп жағдайда табайды.

Тарихта парақорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизімдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы парақорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту. Соңғысына мемлекеттік қызмет көрсетудегі бәсекелестік яғни бір мемлекеттік органдардың басқа органдардың функцияларын орындауы да жатады. Заңнамада парақорлық - қызметтік, пайда күнемдік мақсатта жасалатын қылмыстардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады.

Басқа да мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар сияқты, парақорлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, сонымен қатар, әскери күштерді басқару аппаратының, яғни мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады. Ал бұл аппараттың қалыпты қызмет етуінің ең басты шарты - бұл мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның қызметі үшін төленетін жалақысын заңдылық, жария - кұқықтық принциптеріне сай етіп төлеу. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген тәртіппен алуы тиіс. Парақорлық мемлекеттік басқару аппаратына іріткі салып, азаматтардың алдында оның беделін аяқ асты етіп, әділдікке сенімсіздік туғызып, шенеуніктердің жаппай сатылатындығы жөнінде пікір қал ыптастырады.

Парақорлық экономикаға, саясатқа, мәдениетке зардабын тигізіп қана қоймай, қоғамда билік ететін идеологияны, қоғамдық сананы - психология, мораль, адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соғады. Пара шенеунікті мемлекет қызметшісшен жеке мүдделердің кызметшісіне айналдырады, парақорлық тек құқықтық нормаларды ғана емес, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесін бұзады.

Бұл пікірді А. М. Яковлев та қолдайды: "Бұл қылмыс құқықтық тәртіпке қол сұғады, нормативтік жүйенің сақтаушыларын, оның бұзушыларына айналдырады. Пара кез - келген заңнамалық шектеулерге, тыйымдарға кілтін таба алады.

Пара үшін тиімді контрактілер жасалады, керекті сараптамалар жүргізіледі, салықтық жеңілдіктер мен тиімді несиелер алынады, белгілі - бір кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензиялар алынады. Параны бере отырып құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарады. Пара тіркелген кезде, ЖОО-на түсу кезінде, онда емтихан тапсырған кезде беріледі және алынады. Ең қатерлісі, парақорлық басқа қылмыстармен ұштасқан кезде болады олар: салықтық, кедендік, экономикалық, экологиялық және ұрлау қылмыстары. Американдық ғалым В. М. Райсмен, АҚШ - тағы парақорлық мәселесін зерттей отырып, кең тараған параның үш түрін айқындады: іскерлік пара (лауазымды тұлғаға ол өзінің қызметтік міндеттерін тезірек орындауын қамтамасыз ету үшін беріледі), тежеуші пара (тиісті жағдайда қолданылуы тиіс норманың қолданылуын тоқтата тұрғаны үшін беріледі), тікелей сатып алу (яғни белгілі бір қызметі үшін емес, қызметкердің өзін сатып алу. Ол өз жұмысында қалып, қызметін орындап, толықтай бейтараптылық білдіріп, бірақ үнемі пара берушінің мүдделерін корғап отырады) . Паралардың осы үшеуі де біздің елімізде кездеседі. Сонымен қатар лауазымды тұлғаны сатып алу ерекше қауіпті болып табылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтар биліктік құрылымдардың өкілдерімен байланыстар орнатып, оларды жүйелі түрде "тамақтандырып", өздеріне тәуелді қылады. Парақорлықпен күрес нәтижесінде кейінгі жылдары оның келесі түрлері анықталып отыр:

1) қызметтік жағдайын пайдаланып, алдын - ала сөз байласпай, құқыққа сай әрекеті үшін пара алуы;

2) жоғарыда аталған жағдайларда, бірақ қызметтік міндеттерін бұза отырып пара алу;

3) қызметтік міндеттерін жасағанға дейін сыйақы алу. Бұл жағдайларда қорқытып алушылық көптеп кездеседі, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам пара берушінің заңды мүдделеріне қайшы әрекеттер жасаймын деп немесе пара берушінің талап етуге құқылы әрекеттерді жасаудан бас тартамын деп қорқытуы;

4) Пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттерді жасағанға дейін -сыйақы алу;

5) Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның оның юрисдикциясындағы адамдардан жалпы қамқоршылығы және жол беруі үшін қандай да бір қызметтік әрекеті үшін алдын ала келіспей материалдық құлдылақтар немесе қызмет көрсетуді қабылдауы.

ҚР 1997 жылғы қылмыстық кодексіне сәйкес парақорлық ұғымы -параны алу (311- бап), параны беру (312-бап), парақорлыққа делдал болу (313-бап) қылмыстарын қамтиды. Ал 2014ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қылмыстық кодексте (366- бап), параны беру (367-бап), парақорлыққа делдал болу (368-бап) қылмыстарын қамтиды

Параны алу қылмысының аяқталуы, параны берусіз мүмкін емес. Сондай-ақ, параны беру қылмысының аяқталуы, параны алу орын алмаса мүмкін емес. Бұл қылмыстардың арасындағы өзара тәуелділік заң әдебиеттерінде даудың туындауына әкеліп соқты

Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатаң бақылауына алынған, ол парақорлықпен күресті жетілдіруді талап етіп отыр.

Осымен байланысты Қазақстанның посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып парқорлыққа қарсы заң қабылдағанын атап көрсетуге болады.

Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен) . Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жайды және олардын беделін кетіруге, өкімет және атқару, органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.

Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді. Паракорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі.

  1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі және түрлері

Сыбайлас жемқорлық ең көне және ең кең тараған қылмыстың бірі. Атақты орыс криминалисті В. И. Ширяевтың айтуынша: "ерекше өкілеттіктерге ие биліктің адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та сол кезден бастап пайда болды"[4. 11б]

Осылайша, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне аяқталған қол сұғушылықты жүзеге асыру үшін, оған біреу пара беру керек. Осыдан, пара беруші бұл қылмыстың қажетті қатысушысы болады, өйткені ол қасақана мемлекеттік қызметті атқаруга уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адаммен біріге отырып, басқару аппаратының қалыпты қызметіне қол сұғуға қатысады.

Параны алу және беру қылмыстарын жеке дара қылмыс қылмыс ретінде санаушылардың аргументтерін оңай терістеуге болады. Көбінесе, параны алу және параны беру кезінде олардың объективтік жақтарының, субъектілерінің, мүдделерінің, мақсаттары мен ниеттерінің айырмашылық тарына көп көңіл бөлінеді. Алайда, қылмысқа қатысушылық кезінде қатысушылардың ниеттері мен мақсаттары барлық жағдайларда бірдей бола бермейді. Оларда айырмашылықтың болуына жол беріледі. Ең бастысы, ол -әрекеттерінің ортақ және құқыққа қайшы екенін сезінуде. Қандай да болмасын басқа ортақ қылмысты жасау барысында қатысушылардың әрекеттері дәл осындай дәрежеде әртүрлі болуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның параны алмаған жағдайда да, бұл параны беру қылмысының жеке даралығын білдірмейді. Бұл жерде қылмысқа оқталу орын алады, яғни пара беруші қылмыстың обьективтік жағын орындап, өзіне тәуелді әрекеттердің барлығын жасаса да, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам параны алмаса, онда пара беруші пара беруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады.

Пара алудың объектісі мен заты. Қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңызы өте жоғары. Объектіні анықтау қылмыстың мәнін, қылмыстық - құқықтық норманың әрекет ету шегін айқындауға, әрекетті дұрыс саралауға, оларды ұқсас қылмыстардан ажыратуға көмектеседі.

Параны алу, басқа қылмыстар сияқты қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады.

Параны алудың топтық объектісі - мемлекеттік аппаратың-қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Қылмыстық құқық теориясында ғалымдар арасында пара алудың тікелей объектісіне қатысты бірыңғай пікір жоқ. Кейбіреулерінің пікірінше топтық және тікелей объектілер сәйкес келеді. Алайда көптеген авторлар топтык және тікелей объектілерді ажыратады, және бұл дұрыс. Тікелей объект топтық объектімен әрқашан бір жазықтықта орналасса да, бірақ ол тек оның бір бөлшегі ғана болып табылады. [5. 176]

Сондықтан, пара алудың тікелей объектісі ол - мемлекеттік аппараттың, жергілікті өзін - өзі басқару аппаратының, ҚР әскери күштерінің басқару аппаратының және басқа да ҚР-ның әскери құрамаларының қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Парақорлықтың заты қылмыстық заңда нақты аталса да, саралау кезінде көптеген мәселелер туындатып отыр. ҚР ҚК-не сәйкес, парақорлықтың заты болып, ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындагы пайда бола алады.

Ақша және бағалы қағаздарды түсінуде ешқандай қиындық жоқ. Олар тек қылмысты жасау кезінде айналымнан алынбаған болуы тиіс. Олай болмаса олар парақорлықтың заты бола алмайды. Ерекше жағдайларда ғана, олардың өздері елеулі материалдық құндылыққа ие (монеталар бағалы металдан жасалса, банкноталар тарихи тұрғыдан алғанда өте сирек немесе материалдық бағалауға жатса) болған жағдайда қылмыстың заты бола алады. Бірақ ондай жағдайда олар ақша және бағалы қағаздар ретінде емес, өзге де мүлік қатарына жатқызылуы тиіс. [6. 11б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен формалары
Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Парақорлықтың обьектісі мен заты
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz