Зерттеу объектісіне қатысты өзекті мәселелер мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі жұмыстың басты бағытын анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Диссертациялық жұмыстың сипаттамасы. Қазіргі уақытта Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру үстінде. Осы негізде еліміздегі құқық бұзушылық әрекеттерін оның ішінде қылмыспен күрес оның обьективті зерттеу мәселесіy ашу, тергеу әрекеттерін заңды түсіндіру және тергеу экспериментінің маңыздылығын ашу болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі : Тергеу экспериментi iс үшiн ең маңызы бар мәлiметтердi зерттелетін оқиғаның белгiлi бiр іс-қимылдарын, жағдайын, мән-жайларын жаңғырту және тәжiрибе жүргiзу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргiзiледi. Эксперимент жүргiзу кезiнде, атап айтқанда, қандай да бiр фактiлердi қабылдау, белгілі бір іс-қимылдардың жасалу мүмкіндігі, қандай да бір оқиғаның басталуы тексерiлуi, сондай-ақ болған оқиғаның ретi және iздердiң пайда болу тетiгi анықталуы мүмкiн. Тергеу экспериментiнің жүргiзiлгенi туралы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып, хаттама жасалады. Хаттамада тергеу экспериментiнiң шарттары, барысы мен нәтижелерi егжей-тегжейлi баяндалады және мыналар: эксперименттің қандай мақсатпен, қашан, қайда және қандай жағдайларда жүргiзiлгені; оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын жаңғыртудың нақты неден көрiнгені; қандай іс-қимылдар, қандай ретпен жүргiзiлгені, оны кiмнің және қанша рет жасағаны; қандай нәтижелер алынғаны көрсетiледi.
Тергеу эксперименті дегеніміз ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті. Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.
Диссертацияның мақсаты. Зерттеу объектісіне қатысты өзекті мәселелер мен оның кейбір қырларының толық реттелмеуі жұмыстың басты бағытын анықтайды.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізудің заңды табиғатын және оның тетіктерінің ерекшеліктерін теориялық тұрғыда ұғыну;
- бүгінгі тергеу эксперименттері мен оның кемшіліктерін анықтай, ескере отырып оны жетілдірудің, жоғары деңгейге көтерудің жолдарын ғылыми негіздеу болып табылады.
Тергеу экспериментi оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Қажет болған кезде тергеу экспериментiне өздерiнiң келiсiмi бойынша күдіктi, жәбiрленушi, куә, маман, сарапшы және тәжiрибелiк iс-қимылдарды жүргiзетiн адамдар тартылуы мүмкiн. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаты мен жүргiзiлу тәртiбi түсiндiрiледі.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қылмыстың обьективті дәлме дәл анықталуы үшін тергеу экспериментін жүргізу жоспарлы және арнаулы сарапшы мамандара қатыстырылуы арқылы жүргізілуі қажет.
2. Жедел із кесу мен оның маңыздылығын ескеру мақсатында тергеу экспериментін қылмыс оқиғасы болған сәттен кешіктірмей сол сағатында өткізу сол қылмысы ашылуының дәлме дәл сипатына тура келеді.
Зерттеу пәні. Қылмыстық іс жүргізудегі тергеу әрекетеріндегі тергеу экспериментін жүргізу мен оның міндеттері болып табылады.
Тергеу экспериментiн, егер бұл ретте оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндірілмесе, олардың абыройы мен қадір-қасиеті кемсітілмесе, оларға материалдық залал келтірілмесе, жүргiзуге жол берiледi.
Зерттеу обьектісі. Қылмыстық тергеу экспериментін жүргізу мен оның тактикалық маңызын зерттеу болып табылады Тергеу экспериментi жаңғыртылатын оқиғалар немесе іс-қимылдар болған жағдайларға барынша ұқсас жағдайларда жүргiзiледі.
Зерттеудің ғылыми - теориялық базасын зерттеу пәніне тікелей қатысты жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды. Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйі қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар, тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, көріністері ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы қайталанады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. құқықтық мемлекет құрудағы мемлекетіміздегі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының еліміздің өсіп өркендеуіне үлесі мол, құқық бұзушылықтарды алдын алуымен қылмыстарды дер кезінде ашуы өз нәтижесін беруде, сондай ақ зерттеулер негізінде өзіндік біршама төмендегідей ұсынастарды ұсындым
- Қылмыстық тергеу әрекеттерінде тергеу экспериментін өткізудің міндеттілігін енгізу;
- Арнаулы құқықтық құжаттар негізінде тергеу экспериментінің нормативті-құқықтық регламенттелуін жоспарлы бекіту;
- Тергеу экспериментін өткізі мен жоспарлау және оны өткізудің жалып көзқарастарын анықтау;
Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде - эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.
Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін. жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең - мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.
Тергеу экспериментіне қатысушылар .
Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алуы керек.
Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес тергеу экспериментіне қатысушылардың екі түрі қарастырылған - міндеттелетін және міндеттелмейтін қатысушылар. Тергеу экспериментіне міндетті түрде қатысушылар - тергеушілер. Тергеуші экспериментті әзірлейді, тәжірибелі іс-қимылымен оған басшылық жасайды, оны өткізу, қайтадан өткізу қажеттігін анықтайды, экспериментті өткізуге қатысты барлық ұйымдық және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке басқа тергеуші немесе полицияның жедел қызметінің қызметкері бөлінуі мүмкін [1. 5б] .
Зерттеудің әдістемелік негізіне - диалектикалық әдіс, жалпы ғылыми, сондай - ақ жеке қолданбалы әдістерді қолдана отырып құқықтық құбылыстарды ғылыми зерттеу жатады. Экспериментке айыпталушы, сезікті , куәгер, жәбірленуші, маман, сондай-ақ қорғаушы міндеттелмей-ақ қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да қатысуына болады. Айыпталушы (сезікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағдыны игерген бе, жоқ па, соны анықтау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-қимылды өзгерту немесе басқалай әзірлік әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырылады. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде қатыстырылуы тиіс. Оны жауапты істерге күштеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәгерлер мен жәбірленушілерге қатысты мәселе де осылай шешіледі.
Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеушінің жағдай өзгерген кезде тиімді шешім қабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда, іс-қимылды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін қатыстырылады. Ал маман-криминалист фотосуреттерге немесе кинобейнелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді.
б) Керекті техникалық құрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау.
Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші эксперимент өткізуге қандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы керекті техникалық саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындап алуы керек. Мысалы, тергеу экспериментін жүргізуге өлшеу құралдары, фотоаппарат, бейнежазба, кейбір қосалқы құралдар да керек болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала анықтап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін өткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алуы керек.
Экспериментке қатысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттің болашақ нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардың қай жерде болуы, қандай нәрсеге назар аударуы қажеттігі ғана айтылады, экспериментке қатысушылардың өзара үйлесімді қызметінің әдіс-тәсілдері айқындалады.
Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын орын-орындарына орналастырып қояды. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір-бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады.
Тергеу эксперименті күрделі тергеу əрекеттерінің бірі болғандықтан, оның дəлелдемелерді зерттеуіне, бағалауына көптеген факторлар əсер етеді, өйткені ол факторларға аталған тергеу əрекетінің нəтижесі тəуелді. Тергеу экспериментіне психофизиологиялық факторлардың əсер етуінің қажеттілігін ескеру сияқты жағдайлар жоғарыда айтылып кетті. Көзделген жағдай, кейбір криминалистік əдебиеттерде де аталады, бірақ оған қарамастан ол əлі күнге дейін заңда өз көрінісін тапқан жоқ.
Аталған процестер тергеу экспериментінің шеңберінде жиі кездеседі. Белгілі бір фактіні адам өзінің биологиялық, психологиялық, əлеуметтік жай-күйіне қатысты қабылдайды жəне қайта жаңғыртады. Сондықтан, біз тергеу экспериментінің шеңберіндегі қабылдау процесін айта тұра сезу, ойлау, есте сақтауды шетте қалдырып отырған жоқпыз, өйткені олар аталған тергеу экспериментінің барысында біртұтас процесті құрайды. Сот жəне тергеу тəжірибесі аталған психологиялық процестердің əр түрлі тергеу экспериментінің түрлерінде кездесетіндігін қуаттайды.
Ал олардың ішінде көруге, естуге бағытталған түрлері аса маңызды рөлге ие. Бірақ, тергеу экспериментінде тəжірибелік қызметкерлер материалдық жағдайды модельдей отырып, субъективті жағдайларды ескермей шетте қалдырады. Олар, өз алдына аталған тергеу əрекетінің нəтижесінің шынайылығына əсер етеді. Тергеу экспериментінің нəтижесі фактілік деректерден тұрады. Фактілік деректер арқылы тергеу барысында нақты құбылыстар, фактілер анықталады.
Диссертациялық жұмысқа. « Тергеу экспериментін өткізудің қазіргі мәселелері» атты мақала жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тергеу экспериментін тағайындаудың теориялық негіздері
1. 1 Тергеу экспериментінің отандық қылмыстық іс жүргізу ғылымында пайда болуы мен дамуы
Тергеу эксперименті дегеніміз қылмыстық оқиғаның кейбiр мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әртүрлi сынақ тәжiрибелер жүргiзу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкiндiгiн тексеру, сондай-ақ iске қатысы бар жаңа дәлелдемелердi алу мақсатында жүргiзiлетiн тергеу әрекетi. Қолданыста барларды тексеру және жаңа дәлелдемелерді алу мақсатында алдында жауап алынған тұлғамен қылмысқа қатысы бар жағдайларды, орны мен объектілерді көрсетуге, кейбір қимылдарды жасауға, осы жердің нақтылы жағдайын зерттеу және бұрын алынған айғақтармен салыстыруға бағытталған өз алдына бөлек тергеу әрекеті. Тергеулік экспериментi кезiнде адам денсаулығына нұқсан келтiрiлмеуi, оның өмiрiне қатер төнбеуi тиiс.
Сонымен қатар, эксперимент өткiзуге қатысып жүргендердiң құқығы бұзылмайтындай, оларды қорлап, кемсiтпейтiндей жағдайлар жасалу керек. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауда тұлғаның қатысуы міндетті түрде өз еркімен болуы; Оқиға болған жерді қараудан айырмашылығы - тергеулік эксперимент тергеудің келесі (алғашқы емес) кезеңінде жүргізле отырып, ең алдымен жиналған мәліметтерді тексеруге және нақтылауға бағытталған .
Тергеулік эксперимент жүргізу барысында қайта қалпына келтірілген (реконструкция жасалған) жағдай пайдаланылады (ал айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және оқиға болған жердіқарауда сол орнында зерттелетін тікелей жағдай қолданылады) ; Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезінде пайдаланатын тәжірибелердің екінші дәрежелі мағынасы болса, ал тергеулік эксперименттің олар негізгі мазмұнын құрастырады; Тергеулік эксперимент айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға қарағанда кейбір жағдайларда құштарлық білдіретін тұлғаларсыз (сезікті, айыпталушы, куә, жәбірленуші) жүргізілуі мүмкін. Тергеулік экспериментiн жүргiзу арқылы шешiлетiн кейбiр мәселелер: - кейбiр құбылыстың не әрекеттiң айтылған, көрсетiлген жағдайда болуы мүмкiн бе, әлде жоқ па (мысалы, белгiлi бiр затты айтылған жағдайда сол адам көтерiп кете ала ма немесе белгiлi бiр қашықтыққа көрсетiлген уақытта барып жетуге бола ма және т. б. )
Көптеген криминалистер аталған екі тергеу әрекетінде де жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғыртудың әдісі (тәсілі) қолданылады және олардың әрқайсысының шегінде таным тәсілі жүзеге асырылуының ерекшелігімен сипатталады деп нақтылайды.
ҚР ҚПК-нің 238 бабында жаңғыртудың орнын таным әдісі ретінде қарастыратын мақсат пен оны жүзеге асыру жолдары көрсетілгендіктен, яғни заңда «бұрын жауап алынған тұлға зерттеліп отырған оқиғаның жай-жапсаты мен жайларын жаңғыртады» деп тікелей көрсетілгендіктен осындай көріністе оқиға болған жағдайдың жай-жапсары мен шарттарын тәжірибелік іс-әрекеттерді жүзеге асырмай-ақ жаңғыртуға болады.
Айғақты тексерудің ҚР ҚПК 238 бабында мақсаты анық көрсетілген. Ол тактикалық жағынан жан-жақты негізделген (тәжірибелік әрекеттерге қарағанда) және толық түрде талдауды қажет етпейді. Егер тергеу эксперименті мен айғақты оқиға болған жерде тексерудің мақсатын салыстыратын болсақ, онда олардың едәуір сәйкес екендігін көруге болады: басты ортақ мақсат - іс үшін маңызы бар мәліметтерді тексеру және анықтау; жаңа дәлелдемелерді анықтау; болжамдарды тексеру [2. 19б] .
Тергеу эксперименттерін тәжірибелік әрекеттерге ғана, айғақты тексеруді - оқиға болған жерде бұрын алынған айғақтардың жай ғана қайталануына әкеліп тіреудің орнына жоқ деген қисынды мәселе туындайды. Тергеу әрекеттердің, жай-жапсары және тәжірибелік әрекеттердің жаңғыруынан ғана емес, ал танымдық қызметтердің тәсілдерін біріктіруден, дер кезінде және кәсіби түрде оларды кемінде пайдаланудан құралуы тиіс деген заңды мәселе бой көтереді. Әрине «жаңғырту» түсінігі «айғақты тексеру», «тергеу эксперименті» деген түсініктерден кең, біздің ойымызша, ол танымның әдісіне, тәсіліне жатыстыра отырып айғақты тексеру мен «тәжірибелік әдістердің көмегімен алынған мәліметтердің маңыздылығын барынша толық бейнелейді».
М. В. Салтевский мен В. П. Лукашевич, тергеу әрекеттерінің жіктеу проблемаларын қарастыра келе, жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғырту ақпаратын күрделі қайнар көздерден алу барысында мүмкін екендігін негіздей отырып көрсетті. әрі қарай олар күрделі қайнар көз - бұл тергеу әрекеттерінің танымдылық процесінде бір мезгілде пайдаланылатын мінсіз және материалдық бейнелердің жиынтығы. Мінсіз бейне қылмыстың қабылданған оқиғасының салдары болып табылады. Осының салдарынан олардың заттай бейнеге түсетін кескін түрі «Субьективті түрін» немесе оның тәжірибелік жаңғыруын көрсетуге келіп тіреледі [3. 240б] .
Тұлға жай-жапсары мен заттарды жаңғырту арқылы бейнелеп көрсетеді, ал тергеуші мен куәгерлер бұрын алынған айғақтармен салыстырады және тұлғаның орны туралы дұрыс бағдарлап, өзінің болжамдарын растап тұрғанына көздерін жеткізеді
Бұл іс әрекет кейде басқа тергеу әрекеттерімен ұқсас сипаттарға да ие бола алады, бірақ оларды ешқашан шатастыруға болмайды.
Айғақты тексеруді жауап алумен шатастыруға болмайды, олар, бәрінен бұрын өткізу әдістерімен ерекшеленеді. Жауап алудың негізіне сұрастыру әдісі жатқызылған, оның көмегімен тергеуші оны білушінің санасында айтқан кезінде сақталып қалған ауызша ақпаратты алады және тергеушіге жазбаша түрде сұрастырудың күшімен беріледі. Айғақты тексеру барысында зерттеуге бағытталған, екі әдісті бақылау және сұрастыруды біріктіру жүзеге асырылады. Егер жауап алу оқиға болған жерде жүргізілсе, онда осы жерде айғақты тексеру туралы сөз қозғауға болмайды. Қорыта айтқанда, тиімді пайдалану мақсатта анықтау мен айқын қойылған міндеттермен шартты болады.
Егер мақсат айқын да анық қойылса, онда бұл іздеуді жеңілдетеді. Айғақты тексеру процесінде мынадай мүмкіндіктер пайда болады: оқиға болған жерде болуға тиісті әлі де табылмаған іздерді табу және олардың оқиға мен өзара байланысын түсіндіру; тұлғаның жай-жапсардың бар детальдары туралы хабардарлығын тексеру бұл оның оқиға туралы білімін растайды; екі және одан көп адамдардың бұрынғы берген айғақтарындағы қарама-қайшылықты жою; тұлға белгілі фактілерін, құбылыстардың болу мүмкіндігін растайтын немесе теріске шығаратын, тексеру барысында жай-жапсарды танып-білуге әсер ететін обьектілерге көрсету мүмкін қылмыс оқиғасын толық және жан-жақты жаңғырту үшін тергеу әрекеттерін өткізудің қатысушылары олардың міндеттері, құқықтары т. с. с. туралы мәселе маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, берілген тергеу әрекеттерінің қатысушыларымен байланысты кемшіліктерді ескеру қажет. Оларға алдын ала тергеудің мәліметтерін жариялауда, қатысушыларды таңдауға қатысты тактикалық талаптарды бұзу да жатады. Эксперимент кең танымдық мүмкіндіктерге ие С. А. Шейфер атап көрсеткендей, іс жүзінде (тәжірибеде) бір қарағанда жаңа тергеу әрекеттері сияқты болып көрінетін жаңа танымдық тәсілдерді қолдану басталады. Оларға ол тактикалық эксперимент пен қайта жасауды жатқызады. Оның ойынша, тактикалық оның ойынша тактикалық принципті түрде әр түрлі болып табылатын жедел іздестіру - іс шараларымен іс жүргізу әрекеттерін біріктіреді [4. 289б] .
Бірақ тактикалық эксперименті жекелеген тергеу әрекеті емес, тергеу экспериментінің түрі ретінде қарастыру керек.
Криминалистикалық қызметте қайта жасау экспериментке қарағанда жиі қолданылғанымен, шын мәнісінде кейде қайта жасаудың алдында эксперимент тұрады. Қайта жасау туралы алдында оқиғаның алғашқы жағдайын жаңарту немесе оқиға барысы туралы ерекше және басымырақ болғанда ғана айту қажет. Қайта жасаудың танымдық құндылықты оның обьективті және субьективті жағынан қарағандағы нақты алынған құндылығынан артық болған сәйкес жағдайы әділ және жан-жақты болып табылады. Бұны тек қана дұрыс кіріс, сондай-ақ басқа барлық қолда бар ақпараттың негізінде ғана бағалауға болады. Ол дайындалу барысының өзінде жеткілікті көлемде алынуға тиіс. Эксперименттегідей оқиға болған психологиялық жағдайды көрсету (еліктеу) қиындықтарды туғызады.
Бірақ, егер біз дәл баға алғымыз келсе, онда бұл факторларды жеткіліксіз түрде бағалауға немесе ұмытуға болмайды. Қайта жасаудың өзі қоршаған ортаға белсенді әсер етуімен шарттың және шындықтың өзгеруімен сипатталады. Белгілі әрекеттердің тәсілдерінің процестердің және механизмдердің заңдылықтарға экспериментті түрде енуінің арқасында қылмысты жасауға итермелейтін немесе керісінше кедергі жасайтын жағдайлардың анықталуы мүмкін, бұл оларды болдырмаудың қажетті шараларын барынша табысты әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тергеу экспериментінің түрлеріне техникалық экспериментті қосуды ұсынуға болады.
Ол тактикалық эксперименттің бір түрі бола алады. Техникалық құралдарға бірінші кезекте диагностикалық тұрғыдағы полиграф (вариограф) сияқты техникалық құралдарды жатқызуға болады. Бұл мәселе көтерілген Н. И. Парутов полиграфты жедел ақпаратты алу мақсатында пайдалануды ұсынды.
Полиграфқа балама болып компьютер жүйесі табылады, оның әрекет принципі көрнеудің талдауына негізделген. Компьютердің көмегімен әңгімелесушінің дауыстық сипаттамасын анықтауға болады. Бұл бағдарлама эмоциялық деңгейді (эмоциялық жағдай және эмоцияның тітіркену деңгейі) когтинивті деңгейді (айтылған ұсыныстармен келісу немесе келіспеу деңгейін анықтайтын дауыстық бақыланбайтын элементі) және физиологиялық деңгейді (адамның жалпы физикалық жағдайын көрсетеді) ғана зерттейді.
Бұл жұмыс барысында тілдің дауыстық сегменттерін телефон арқылы радио бойынша жазуға жеке әңгіме барысында жинауға болады. Айғақты экспериментальды түрде тексеру қылмысты ашу жолымен жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Ал осы бағдарламаны пайдалану тактикасын өте мұқият түрде әзірлеу керек. А. В. Дулов және П. Д. Нестеренко өз еңбектерінде тергеу эксперименттерінің түрлерін жетік дайындау әрбір белгіленген жағдайда үлгілеудің, пішіндеудің (макет) мүмкіндіктері мен маңызын айқын анықтауға жеткізуі керек. Авторлар психологиялық тактикалық және эмоционалдық эксперименттерді пайдалануды ұсынады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz