Ауыр металдардың миграциясының өсімдіктердің өсу параметріне әсерін анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ауыр металдардың миграциясының өсімдіктердің өсу параметріне әсерін анықтау
5В060800 - «Экология» мамандығы
Астана, 2017
МАЗМҰНЫ
Белгілер мен қысқартулар . . . 5
КІРІСПЕ . . . 6
1. Әдебиеттерге шолу . . . 8
1. 1 Астана қаласының физико-географиялық көрсеткіштері . . . 8
1. 2 Ауыр металдар туралы түсінік. Ауыр металдардың өсімдіктерге әсер етуі
бойынша жіктелуі . . . 13
1. 3 Ауыр металдардың өсімдіктерде таралуы және олардың әсері . . . 21
1. 4 Ауыр металдардың өсімдіктерге биологиялық әсері . . . 29
2. Тәжірибелік бөлім . . . 34
- Топырақ пен өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін және
өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдістері . . . 34
- Су құрамындағы мыс, қорғасын, кадмий, мырышты анықтау . . . 36
- Топырақтағы ауыр металдарды анықтау . . . 34
- Шырша мен қарағай өсімдіктеріне әсер ететін ауыр металдардың
физика-химиялық сипаттамасы . . . 40
- Хромосомалар және хромосомалық мутациялар (аберрациялар) . . . 43
3. Зерттеу нәтижесі мен талдау . . . 48
3. 1 Астана қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі . . . 48
3. 2 Кәдімгі шырша және қарағай өсімдіктеріне ауыр металдардың жиналу
мөлшері . . . 49
3. 3 Шырша мен қарағай өсімдігіне ауыр металдардың әсерінің мутациялық
активтілігі . . . 53
3. 4 Ауыр металдардың өсімдікке түсуін төмендететін негізгі факторлар . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
Белгілер мен қысқартулар
АҚ - Акционерлік қоғам
ШРК - Шекті рұқсат етілген концентрация
ОБҚ- оттекке биологиялық қажеттілік
ОХҚ- оттекке химиялық қажеттілік
ЖЛ - жоғары ластану
ЭМЖ - экологиялық менеджмент жүйесі
ПКМ - полимерлік композициялық материалдар
КІPІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның шараушылық әрекеттерінің көптеген жағымсыз салдарының арқасында қоршаған ортаның жалпы атауына ие болған поллютанттар тобымен ластануы ерекше орын алады
Негізгі көпжылдық тақырып ретінде біз ауыр металдардың Астана қаласының өсімдіктерінде шоғырлануын және олардың өсімдіктердің морфологиялық құрылысына әсерін зерттеуді таңдап алдық. Ауыр металдар топырақ пен өсідіктерде шоғырлану ерекшеліктерін және өсімдіктерге тигізетін әсерін зерттеу қазіргі тандағы өзекті мәселе болып табылады, себебі:
1. Өсімдіктердің фотосинтез процесі барысында өсімдіктерден оттегі бөлінеді, аталған процесс ауыр металдар әсерінен бұзылады.
2. Өсімдіктер үй жануарлары үшін қорек болып табылатындықтан, сәйкесінше адамдардың ауыр металдармен улануына әкеліп соғуы мүмкін.
3. Ауыр металдар топыраққа түседі, беттік және грунттық суларға өтеді, нәтижесінде кең таралады.
Аталғандарды ескерсек, ауыр металл иондарының кең таралуының өсімдіктерге әсерін жан-жақты зерттеу маңызы зор актуалды мәселелер қатарына жататыны белгілі. Oсындай жағдайлаp диплoмдық жұмыстың зеpттеу тақыpыбының өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - бұл жұмыста тұңғыш рет Астана қаласы төңірегіндегі өсімдіктердің өсу параметріне ауыр металдардың әсері, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайында ауыр металдардың әртүрлі қашықтықтарға таралуына сәйкес өсімдіктерде жиналу дәрежесі анықталды. Ауыр металдардың топыраққа және өсімдіктерге таралуын зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отыр.
Зерттеу жұмыстың теopиялық құндылығы - қоршаған ортаға (топыраққа, өсімдікке) ауыр металдардың мөлшерлерін азайту жолдары қарастырылған.
Практикалық құндылығы: ауыр металдардың топыраққа және өсімдіктерге әсерін төмендету (яғни, концентрациясын азайту), жүpгізілген зеpттеулеpдің нәтижелеpі экoлoгиялық пәндеpде oқыту әдістемесі бoлып табылады.
Жұмыста қазіpгі мынадай ғылыми мәселелеpді шешу көзделген, қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарын алаңдатып отырған мәселелердің бірі - ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де таралуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Осыған байланысты эколог мамандардың алдына қойып отырған бірінші мәселе - ауыр металдардың қоршаған ортадағы жалпы және белсенді мөлшерін анықтау. Екінші мәселе, табиғи объектілердің ластану деңгейін болжау мақсатында ластаушы заттардың таралуына қарапайым және айтарлықтай сенімді моделдерін жасау. Үшінші кезекте, ластанудың келеңсіз әсерлеріне жол бермеу үшін ауыр металдарды ғылыми негізделген түрде залалсыздандыру және олардың мөлшерін нормалау бoлып табылады.
Зеpттеу тақыpыбы бoйынша саладағы ахуалды бағаласақ , бүгінгі таңда топрықтағы және өсімдіктердегі ауыр металдарды зерттеуге баса назар аударылуда, дегенмен әлі де жеткіліксіз. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл осы мәселенің өзектілігін дұрыс бағаламаудың және әлсіз материалдық базаның салдарынан туындап отыр.
Жұмыстың мақсаты - ауыр металдардың өсімдіктердің өсу параметрлеріне әсерін қаpастыpу бoлып табылады.
Зерттеу міндеттеpі:
- ауыр металдар жайлы жалпы сипаттамасын беру;
- ауыр металдардың өсімдіктерде таралуы және олардың әсерін зерттеу;
- ауыр металдардың өсімдіктерге биологиялық әсерін зерттеу;
- ауыр металдардың топырақтағы таралуы және олардан тазартудағы өсімдіктердің рөлін қарастыру;
Зеpттеу нысаны: Астана қаласындағы шырша мен қарағайдың өсу параметрлеріне ауыр металдар миграциясының әсер ету жағдайы.
Жұмыстың теopиялық мазмұны: ауыр металдар миграциясы өсімдіктердің өсу параметрлеріне әсер етуіне байланысты тәжіpибелік байқау жұмыстары өзекті мәселелер болып табылады және бұл бағытқа көптеген шетелдік ғалымдаp зерттеу жұмыстаpын аpнаған.
Зерттеу әдістері . Өндірістегі топырақ пен өсімдік құрамына арнайы зертханаларда физика - химиялық, фотоколориметриялық, ИҚ-спектрофотометриялық, газ хроматографиялық зерттеулер мен олардың нәтижелеріне математикалық және экологиялық талдаулар жасап, өндірістік тәжірибеде сынақтар өткізу.
Дипломдық жұмыста Астана қаласы төңірегіндегі қарағай мен шыршаның өсу параметріне ауыр металдар миграциясының әсерін экoлoгиялық зеpттеу және анықталған жағдаяттарға байланысты ұсыныстар беру.
Жұмыстың құpылымы. Диплoмдық жұмыс кіpіспеден, 3 таpаудан, қopытындыдан, пайдаланылған әдебиеттеp тізімінен құpалады. Жұмыс 3 cypет, 2 диагpамма, 8 кестеден жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 51 бет, қoсымша 2 беттен және пайдаланылған әдебиеттеp саны 39.
1. Әдебиеттеpге шoлу
1. 1 Астана қаласының физико-географиялық көрсеткіштері
Астана қаласы евразия материгінің орталығында орналасқан. Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның сыртқы өлкесінің орталығында Есіл өзенің оң жағалауында, жоғарғы ағымында орналасқан. Оның территориясы Ақмола обылысының оңтүстігінде болып, жеке саяси әкімшілік бөлінуі болып табылады. Астана қаласы 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан. Астана қаласының географиялық коррдинаттары 53°С 72° ш. б.
1994 жылы шілдеде Астананы Республиканың қиыр оңтүстігінде орналасқан Алматы қаласынан солтүстікке, 1000 шақырымнан астам жерде жатқан, далалық Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. Ақмола Алматымен салыстырғанда Қазақстанның орталығында болатын. Қала ірі магистральдік көлік бойында оңтүстік солтүстікке қосатын теміржол және автомабиль жолдарында орналасқан. Астана Республиканың барлық үлкен қалаларымен бұл жолдар және басқа Астана -Павладар, Астана -Қытай -Ақтөбе - Атырау, жолдары торабында орналасқан. Бұдан басқа қала Қазақстан үшін көптеген шетелге шығудың мейлінше төте жолы трансеуразия аралығында таяу қоныстанған.
Жерінің басым бөлігі - абсалюттік биіктігі 300-400 метрден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері -Сандықтау, Домбыралы, т. б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңгіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты қырқалар (100-500 м) тізбегінен тұрады. Орталық Қазақстанның солтүстік бөлігінде жатқан қазіргі Ақмола облысының аумағы 96, 8 мың шаршы шақырымды құрайды.
Осы орасан көлемді аймақта жазық дала ландшафтының сан түрі кездеседі. Облыстың оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігінде жазық даламен өзендер алабы. Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола облысының аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп көрсетуге болады.
Жалпы мәліметтер . Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде, қазақтың ұсақ шоқыларымен теңіз сатылы шеңберінде орналасқан. Ол 1939 жылы 14 қазанда құрылған. Батыста Қостанай, солтүстікте Солтүстік - Қазақстан, шығыста Павлодар, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.
Сурет 1 Ақмола облысының картасы
Рельефі . Территориясының беті біркелкі емес: ұсақ шоқылар, биік емес таулар аздап тілімденген жазықтық және өзен аңғары. Рельефтің пішіндерінің мұндай әр түрлілігі оның геологиялық құрамын және геологиялық тарихын күрделілігімен анықтайды геоморфологиялық жағынан облыс территориясы цоколді төбешікті таулар елінің солтүстігінде көкшетау қыратының етектері созылып жатады. Төбешікті таулардың орташа биіктігі 400-500 метрге жетеді. Аласа таулар оңтүстік бағытында кішігірім аңғарлар және жыралар тілімделген. Олардың бірі жабай өзенінің аңғары. Балкашин ауданының территориясында төбешіктердің шынында кристалданған тау жыныстардың көбірек ашылулары кездеседі.
Оңтүстігіне қарай ендік бағытында кең байтақ территорияда Атбасар жазықтығы орналасқан. Облыстың солтүстік - шығыс бөлігінде мередияндық бағытта сілеті жазығы созылып жатыр. Атбасар жазықтығымен салыстырғанда абсалюттік биіктігі төменірек (250-300) . Оңтүстігінде биігірек теңіз жазықтығы шектеседі, оның орталығында теңіз және қорғалжын көлдері бар. Теңіз ойпатының жазықтықтары жоғарыдан қарағанда дұрыс емес сопақша пішінде болып, ендік бағытта созылған ойпаттың көпшілік бөлігі абсолюттік биіктігі 250-400 метр болған Нұра және Терісаққан өзендерінің аккумлятивтік жазықтығынан құралған. Терісаққан өзені бассеиінінде үлкен аңғарды алаңдары өте өткір тілімденген және өзен алды ұсақ шоқыларға айналған. Теңіз ойпатының солтүстік батыс бөлігі Ишим өзенін алабы мен ашылған, оның оңтүстік шығыс бөлігінде су ағыны жоқ. Бұл жерде көп көлдер шоғырланған. Жоғарыда айтылған төбешікті - толқынды жазықтар негізінде ежелгі тау жыныстардан болып, оларды қалың төрттік дәуінірің сары-қоңыр лессті саз башықтары жамылып жатыр, кей жерлерде жазықтарды сайлар, жыралар және өзен аңғарлары қиып өтеді. Кейінгі кездерде дала зонасының бедерін беткейлерін жыралар мен сайлар тілімдеген. Облыстың орталық бөлігіндегі жазықтардың абсолюттік биіктігі 300-450 метірден аспайды. Төбешіктердің салыстырмалы биіктігі 100-150 метрге жетеді.
Орталық- Қазақстан аласа таулы белдеуінен солтүстікке қарай екі үлкен рельеф баспалдағы өтеді. Орта баспалдақ денудатциялық жазықтықты құрайды. Төменгі баспалдақта денудациялық жазық болып, оның ішінде жекелеген төбешіктер көтеріліп тұрады. Сарақаның биік емес төбешіктері Шортанды, Алексеев және Макинск аудандарының териториясында кездеседі. Олар жекелеген тізбекті қырқалы немесе салыстырмалы биік төбешіктері болған төбешікті бедерлерден құралған. Аласа таулар және төбешікті таулар кайназой эрасында қалыптасқан кесек тас тәрізді тектоника әрекетінен түзелген. Ұсақ шоқыларының екі түрі кездеседі. Біріншісі тізбек сияқты көтерілулер немесе жеке төбешіктер, олар палеозой тау жыныстарынан тұрады. Едәуір төменірек деңгейдегі және эрозия базисінен төмендегі өзен бойындағы ұсақ шоқырлар қазіргі заман денудация бетін құрайды, өзен жағалауында және кейбір жерлерде Ишим өзенінде. Облыс территориясында Ерейментау таулары ерекше ажыратылып тұрады. Ол мередиян бағытта созылған, палеозой тау жыныстарынан құралған құзды тізбектер сериясынан тұрады. Жер бетінен орташа биіктігі 400-500 метр. Бұл аласа таулы жер рельефінің беткейлер экспозициясынан құралған, тау жыныстары рельефі сәйкес келеді. Оған кварциттер, граниттер таралған бөліктерінің ең өткір ерекше рельеф пішіндері тән. Тақтатастар, құмтастар мен конгломмраттар таралған бөліктерге рельефтік жайпақ жұмсақ пішіндер сәйкес келеді.
Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жеке тізбектер түрінде Сарыарқаның етектері шығады. Оларға биік емес аралдық таулар кіреді.
Геологиялық құрлысы . Жерінің геологиялық құрлымы каледон және герцин кезеңінде қалыптасқан. Палеозой эрасының соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған текістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезазой эрасында бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палеозойдың метаморфталған тақта тастарынан, кварциттерінен, құм тастарынан, альбитофирлерінен, әк тастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро, тағы басқа) және эффузиялық жыныстар кең таралған байырғы платформалық қабаттың жыныстары неогенмен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жатыр. Жерінен алтын, уран, боксит, сүрьме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құрамы, құрылыс материалдары, тағы басқалары өндіріледі.
Климаты. Климаты тым континенталды, қысы ұзақ (5, 5 айға созылады), суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16-18°С шілдеде 19-21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Жауын шашын шамамен орташа көрсеткіші солтүстігінде жылына 400 мм оңтүстігінде 250 мм.
Аймақтың климаты күрт континентальды әрі құрғақ. Ауаның температурасы жыл мезгіліне қарай шұғыл ауысып отырады. Қыста Цельсий бойынша 30°С дейін суытса, жазда 35°С градусқа дейін қызады. Қыстың күні қарлы борандар ұйытқиды, ауаның температурасы әсіресе ақпан айында күрт төмендейді. Жазда шаң борайды, аңызақ жел тұрады, күн әсіресе тамызда қатты ысиды.
Бұрын Ақмола және Орталық Қазақстанның басқа да қалалары қалың қар астында қалып, қалың қар кей жерлерді көміп тастаса, қазір климат жылдан жылға өзгеріп бара жатыр. Кейінгі жылдары қыста қар аз жауып, күн жылынды. Ауа райының осылай өзгеруі қалада халық саны көбейіп, автокөліктер мен авиакөліктер саны артуынан.
Топырақ жамылғысы . Топырағы сортандалған қара топырақ және сортаңды топырақтар. Кейбір жерлердің аумағын қиыршықталған және түйіршік тастары бар топырақтар алып жатыр. Олар негізінен төбелерде және жердің жоғары беткейлерінде кездеседі.
51°С солтүстік ендіктің оңтүстік жағасында қара топырақ зонасы біртіндеп қызғылт қоңыр топырақтарға өте бай. Қызғылт қоңыр топырақ аумағы 7340. 3 мың га тең болып, оның 70 % ауылшауашылыққа пайдаланылады. Бұл аймақтың ең жақсы топырағы қызғылт қоңыр корбанатты, орташа саздақты топырағы болып саналады. Осы топырақтың қарашірік горизонты 35-45 см жетеді. Топырақтың қарашірік мөлшері 3-4 % аралығында болады. Бұл топырақта қара топыраққа қарағанда құрамында магниймен натрийдің мөлшері көп. Оңтүстікке қарай топырақ сортаңдау болып келеді. Сондықтан бұл жерлерде сортаңдау процесін болдырмауға қарсы шаралар қолдану қажет. Облыстың шығыс бөлігінде қыратты майда шоқылы жазықтықтарда қызғылт қоңыр топырақтар қалыптасқан. Бұлардың ішінде ең негізгі топырақ қызғылт қоңыр топырақ аз қабатын, ауыр саздақты топырақ орташа болып саналады. Бұл аймақтың топырақтары эрозияға қарсы күресетін іс шараларды қолдануын талап етеді, сонымен бірге қатарда фосфор, ал кейбір жерлерінде азот тыңайтқыштарын қолдану қажет. Топырақтың тығыз болуы су өткізгіштігін жақсарту үшін ағып келіп жатқан суды және судан түскен ылғалдықты жинау үшін қосымша іс- шараларды жургізу керек.
Ірі өзендері Есіл мен Нұраны бөліп айтуға болады. Одан басқа Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл және Қыпшақ көлдері ірі көлдерге жатады.
Астанадан батысқа қарай көлдер шалқыған өңірде Қорғалжын қорығы орналасқан. Бұл табиғат кешені теңіз ойпатының оңтүстігінде, одан әрі қазақтың ұсақ шоқыларына ұласады. Қорық территориясына өзара жалғасқан Теңіз және Қорғалжын көлдері кіреді. Теңіз көлінің аумағы 159 мың га құрайды, бұл Женева көлінен екі есе артық. Суының минералдануы әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе жоғары. Көлде құстар ұя салатын үлкенді -кішілі 70-ке жуық арал бар. Қорғалжын көлі Теңіз көліне мүлдем ұқсамайды. Оның алып су ауданын қамыс пен қоға араласа өскен қопа басқан. Қорықта өсімдіктердің 350-дей түрі, оның 90% шөптесін өсімдіктер, қамыс пен қоға өте көп өседі. Аймақта Есіл, оның салалары -Қал - құтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңді, Құланөтпес т. б. ірі өзендер бар; Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т. б. көлдер бар. Тұзды көлдер ; Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вечеслав (Есілде) сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі 180. 6 млн. м 3 . Қоғалжын көл жүйесін сумен толтыру және Астана өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70-74млн м 3 Ертіс суы беріледі.
Жер асты сулары. Облыс территориясы жалпы Орталық Қазақстанның гидрогеологиялық ауданына жатады. Гидрогеологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде Орталық Қазақстан гидрогеологиялық ауданда төмендегідей гидрогеологиялық 2 ауданға бөлінеді: Көкшетау-Екібастұз, Теңіз-Қорғалжын және Сарысу-Теңіз. Көкшетау-Екібастұз гидрогеологиялық аудан облыстың солтүстік жарты бөлігін қамтиды. Оған Вишневский, Ерейментау, Селеті, Алексеевка, Макинск, Шортандының көпшілік бөлігі Балқаш, Атбасар солтүстік бөліктерін алып жатыр.
Гидрогеологиялық ауданның көпшілік бөлігін жер бедері тілімделген және жарықтары көп жартасты тау жыныстары жер бетіне жақын жерде орналасқандықтан жер асты суларына қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Теңіз-Қорғалжын гидрогеологиялық ауданның оңтүстігінде орналасқан территорияны өз ішіне алып ол оңтүстік жағынан Сарысу-Теңіз қыраты (көтерілуі) мен шектелген. Аудан жерінде жер асты сулары төмен . Бұл жерде тек 6 сулы горизонт пен кешенге жіктелген. Елді мекенді сумен қамтамасыз ететін Нұра және Ешім өзендері. Олардың жағалаулары мен аңғарларында аллювиалдық шөгінділер орналасқан.
Сарысу-Теңіз гидрогеологиялық аудан облыстың ең шеткі оңтүстік бөлігіне Қорғалжын ауданын ішінде орналасқан. Бұл ауданда 12 сулы кешен бар. Солтүстіктен оңтүстікке қарай батыстағы облыс шекарасы бойлап созылып жатқан ені аз алқап 1-тәртіптегі Торғай гидрогелогиялық ауданға жатады, ал Ертіс артезиан бассейнін оңтүстік-батыс бөлігіне болып саналады. Тұщы сулар жеке линзалар түрінде кездеседі. Құдықтардың су мөлшері (дебиті) 0, 5 л/сек-ке жетеді. Олар ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге пайдаланады.
Жалпы облыстың минералданғаны 10 г/л-ге дейін болған жер асты суларының прогноздық (болжамдық) эксплуатациялық қорын көлемі 1733, 3 мың м 3 /тәулік, оның ішінде минералданғандығы 1 г/л-ге дейін болған сулардың қоры - 916 мың м 3 /тәулікте. Барланған эксплуатациялық қоры 250 мың м 3 /тәулікке тең, оның ішінде өнеркәсіптік категориялы су қоры - 193, 4 мың м 3 /тәулік. Облыстың факттік алатын жер асты сулары 148, 8 мың м 3 /тәулік. Құрайды, оның ішінде қоры бекітілген кен орындардың қоры 37, 6 мың м 3 /тәулік [19] .
1. 2 Ауыр металдар туралы түсінік. Ауыр металдардың өсімдіктерге әсер етуі бойынша жіктелуі
Ауыр металдар - тығыздығы темірдің тығыздығынан (7, 874 г/см 3 ) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т. б. ) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан, ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек.
Ауыр металдармен ластану - жер бетінде қорғасын, сынап, кадмий, т. б. ауыр металдардың жергілікті, аймақтық және ғаламдық жиналу процесі. Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі (металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т. б. шығарындылары) ; олар, негізінен, терең жер қабатынан алынуы және жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардан металдардың босауының үлесі шамалы.
Металдардың иондары табиғи су қорларының ауыспалы компоненттері болып табылады. Ортаның жағдайына байланысты олар түрлі тотығу дәрежесінде бейорганикалық және металлоорганикалық қосылыстардың құрамында болуы мүмкін. Олар ерітінді, коллоидты-дисперсті жүйеде немесе минералды және органикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Ал, кейбір таза күйдегі ауыр металдар тұздарындағы иондардан да қауіпті болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz