Жазудың шығу тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

СОДЕРЖАНИЕ

1 ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ5

МӘЛІМЕТТЕР5

1. 1Жазу және жазба тіл5

1. 2. 1 Пиктографиялық жазулар7

1. 2. 3 Буын жазуы18

1. 2. 4 Әріптік немесе дыбыстық жазу және әліпби21

2КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ33

2. 1 Алтай тауының географиялық жағдайы33

3 КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА КЕЗДЕСЕТІН СУРЕТТІ ЖАЗУЛАРДЫҢ МӘНІ40

3. 1 Шығыс Қазақстанда кездесетін петроглифтер40

3. 1. 1 Қалба тауында кездесетіннелері40

3. 1. 2 Буырлыбұлақ ескерткіштері41

3. 1. 3 Суретті жазулардың айтар ойы43

3. 1. 4 Жармадағы таңбалы тастар44

3. 1. 5 Ұлан ауданында кездесетін таңбалар45

3. 1. 6 Қызылту петроглифтері46

3. 2 Катонқарағайда кездесетін суретті жазулар47

3. 2. 1Қайыңдыбұлақ петроглифтері47

3. 2. 2 Науа елді мекенінен табылған пиктограммалар50

3. 2. 3 Қаратау жоталарында кездескен петроглифтер52

3. 2. 4 Көбен тауындағы суретті жазулар55

ҚОРЫТЫНДЫ57

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ59

ҚОСЫМША №162

ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ62

Алынған ғылыми нәтижелерді филология, тарих және география факультетінің студенттері, мектеп оқушылары, өлкетану үйірмелері пайдалана алады.

Зерттеу әдістері

Бітіру жұмысында материалды табу, оны жүйелеп талдау, картотекаға түсіру тәсілдері және сипаттамалы - салыстырмалы, ой қорыту, болжам жасау сияқты әдістері қолданылды.

Жұмыстың сыннан өтуі

Осы тақырып бойынша 2003, 2004, 2005, 2006 жылдары ҚАЕУ өткізген студенттік - іс-тәжірибелік конференцияларда, «I халықаралық ғылыми конференцияның» пленарлы отырысында оқыған баяндамамыз дипломдармен марапатталып, Қазақстан - Американдық еркін университетінің «Хабаршысында» жарық көрді. Бітіру жұмысымыз алдын ала қорғаудан өтті.

Жұмыстың құрылымы

Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ

МӘЛІМЕТТЕР

1. 1Жазу және жазба тіл

Тіл өзінің қатынас құралы болуы қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңееді. Жазу (жазба тіл) - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл жайында мұны айта алмаймыз. Ауызекі тілмен сөйлесіп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі (телефонды есептемегенде) сөйлесуші мен тыңдаушының арасындағы кеңістікке байланысты болады да, оның шеңберінен шығып кете алмайды. Ол кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызекі тіл арқылы жүзбе-жүз кездескенде ғана, бір-бірімен сөйлесіп пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметі мен құндылығын ешбір төмендете алмаса керек. Ауызша тіл күнделікті өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өзара пікір алысуда айырықша қызмет атқарады.

Жазба тілдің ауызекі тілден (устная речь) кейін пайда болғаны, оның (жазба тілдің) жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің жасалуының күллі мәдениет атаулының тарихында орасан зор маңызы болды және болып та отыр. Жазусыз мәдениет атаулыны, цивилизация атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен рөл атқарады. Алфавиттің туған күнін адамдардың өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп елестетуге болады, осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді» [1, 252б. ] .

Адам білімді негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алды. Адамзаттың сонау көне дәуірден бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де - жазба тіл.

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық әрі практикалық үлкен мәні бар.

Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазір де өлі тілдерге аналған тілдермен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңыы бар. жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен қатар тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де айырықша маңызды.

Халықтардың қазіргі жазуларын олардың дыбыстық тіліне қарым-қатынас жағынан қарастырып зерттей білу сол тілдің жазуларының ғылыми тұрғыдан дәлелді ережелерін жасау үшін өте-мөте қажет. 1. 2 Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері

Қазірде біз жазба тіллді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгілену деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойында дамып жетілуімен бірге, оның принцыптері де өзгеріп отырды.

Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың төрт түрі көрсетіліп жүр. Ол 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу. Енді осылардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.

1. 2. 1 Пиктографиялық жазулар

Бұл - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы (рисуночное письмо) деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды (сообщение) білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың тағы басқалардың суреттері қолданылған. Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырылып тоғайдың және аңның суреті салынған.

Алғашында өнер (искусство) мен жазу бір - бірінен ажырамай, синкретикалық қалыпта болды. Суретті - синкретикалық жазу шығу тегі жағынан ең алғашқы көне өнерге, сурет өнеріне барып тіреледі. Пиктографиялық жазудың тұңғыш рет шыққан мерзімі ең алғашқы сурет өнерінде әр түрлі суреттерді бейнелеу қызметінен бірдеме жайында хабарлау қызметіне ауысу кезінен басталады. Демек пиктографиялық жазу ең алғашқы суретті жазудың таңбалары - пиктограммаларға айналу кезінен басталады. Мұның өзі өте көне дәуірге барып тіреледі. Зерттеушілер суретті - синкретикалық (пиктографиялық) жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды деп есептейді [2, 59-60б. ] .

Пиктографиялық жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Пиктографиялық жазу басқа тілдерге қарағанда полисинкретикалық тілдерге бір табан жанасымды болды. Жоғарыда атап өткеніміздей, пиктограммалар бүтіндей хабарды білдіретін, бөлшектеп ажырата беруге келе бермейтін күрделі таңбалар болған. Пиктограммалардың синкретикалық мұңдай сипаты полисинкретикалық тілдерге үйлесімдірек болғандықтан, пиктографиялық жазуды басқалармен салыстырғанда, полисинкретикалық тілдерде сөйлейтін халықтар (ацтектер, америкалық индеецтер, мысалы, прокездер, Қиыр Солтүстіктің көптеген халықтары және тағы басқалары) кең түрде қолданатын болған. Алайда бұған қарап, тілдердің полисинкретикалық құрылысы пиктографиялық жазуды тудыруға себепші болды деп санауға болмайды. Пиктографиялық жазу басқа типті тілдерде сөйлейтін халықтарда да болған. Бұл жерде әңгіме тілдердің полисинкретикалық құрылысы осы тілдерде сөйлейтін халықтарда пиктографиялық жазудың дамуына мүмкіндік берген жағдайлардың бірі екендігі жайында болып отыр.

Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және тағы басқа суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

1. 2. 2 Идеографиялық немесе логографиялық жазулар Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгілентін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба ( идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.

Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан (древнейшее шумерское письмо) көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді; олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан омонимдер әртүрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі тілдердің сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, «5» деген цифрды алалық. Бұл цифрды сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша-пять, қазақша-бес, ағылшынша- five.

Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді, бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына (дыбыстық жағына) ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік - идеогрммалар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық және тағы басқа ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы: о-«кислород», √-«түбір», - «Атом ядросы», һ- «Планк тұрақтысы». Ғылым саласында жаңадан пайда болған ұғым, ең алдымен, сөз тіркесімен айтылады да, осыдан кейін барып ол арнаулы таңбамен (белгі) белгіленеді.

Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөйлеудің мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері - сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.

Лингвистикалық әдебиеттерде пиктографияны синкретикалық жазу немесе суретті -синкретикалық жазу (картинно-синкретическое письмо) деп, ал идеографияны логографиялық жазу, осыған орай идеограмманы логограмма деп атаудың қажеттілігі айтылып жүр[2, 31б. ] .

Логограммаларды сөздерді белгілейтін таңбалар ретінде екі түрге бөліп қарауға болады. Логограммалардың кейбіреулері (мысалы, қытайдың идеографиялық иероглифтері) сөздердің мағынасымен тікелей байланысты болса, қайсыбіреулері (мысалы, қытайдың фонетикалық иероглифтері) сөздердің фонетикалық жағымен тікелей байланысты болады. Бұл логограммалардың бір-бірінен айырмашылығы мынадан ашық айқын көрінеді: бұлардың біріншілері бірнеше синонимдерді белгілеу үшін қолданылса, екінші түрі бірнеше омонимдерді белгілеу үшін қолданыла береді. Логографиялық жазу бойынша сөздерді дәлме-дәл белгілеу үшін логограммалардың бұл екі түрі бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

Жазу және оның мәселелері жайындағы әдебиеттерде логограммалардың бұл екі түріне қатысты түрліше терминдер қолданылып жүр. Мысалы, логограммалардың бірінші түрі (сөздің мағынасымен тікелей байланысты түрі) «идеограммалар»(сөздің тар мағынасында), «идеографиялық иероглифтер», «мағына айқындауыштар» («смысловые определители»), «детерминативтер » делініп, ал екінші түрі (сөздің фонетикалық жағымен тікелей байланысты түрі) «фонограммалар », «фонетикалық иероглифтер» делініп әр түрлі терминдер мен аталып жүр. Логограммаларға терминологияны бір ізге түсірген, әрине, қолайлы болған болар еді. В. А. Истрин идеограмма деген терминді логограмма деген терминмен ауыстырғанда, логограммалардың бірініш түрін идеографиялық логограммалар деп атау дұрыс дейді. Бұған қоса ол идеографиялық логограмма және фонетикалық логограмма деген терминдермен бірге, мағына айқындауыш (детерминатив) деген терминді де сақтаудың керектігін айтады [2, 31-32б. ] . Бұл термин тар мағынасында, яғни логограммалар сөздердің дербес таңбалары қызметінде емес, омонимдес келетін фанитикалық логограммалардың мағыналарын айқындап ажырату қызметінде жұмсалғанда қолданылады. Мысалы, қытай тілінде gan деген фонетикалық логограмма, мағына айқындаушысы болмағанда, өздігінен жеке-дара күйінде «төбе, төбешік» дегенді білдіреді. Бұл фонетикалық логограмм (gan ) «металл» деген мағынадағы айқындаушы сөзбен тіркесіп айтылғанда, «болат» дегенді, «пышақ» деген мағынадағы айқындаушы сөзбен тіркескенде, «қатты» (твердый) дегенді білдіреді де, «жіп» деген айқындаушы сөзбен тіркескенде, «аудың (тордың) негізі» дегенді білдіреді. Қытай тіліндегі та деген фонетикалық логограмма да осы тәрізді. Бұл логограмма өздігінен «ат» дегенді білдірсе, «әйел» деген мағынадағы айқындаушымен тіркескенде, «ана, шеше» дегенді, « екі ауыз» деген мағынадағы айқындаушымен тіркескеенде, «ұрсысу» дегенді білдіреді. Сонымен, идеографиялық логограммалар мағына айқындаушыларға (детерминативтерге) ауысканда, толық мағынасындағы логограммалар болудан қалып фонетикалық логограммалардың мағыналарын айқындап дәлдей түсетін идеографиялық көмекші таңбаларға айналады [3, 415б. ] .

Логографиялық жазудың жетіле түскен түрі - морфема - логографиялық жазу. Бұл жазудың таңбалары (белгілері) бүтіндей сөзді емес, күрделі сөздің құрамына енетін жеке морфемаларды белгілейді. Осыған орай морфемаларды белгілейтін таңбалар морфемограммалар деп аталады. Қазіргі қытай иероглификасы морфема - логографиялық жазу болып саналады. Қазіргі қытай тіліндегі көп буынды сөздердің көпшілігіалғашқы бір буынды сөздердің бірігуінен жасалған. Ондай бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналып кеткен. Осыған орай алғашында бір буынды сөздерді белгілеген иероглифтер кейіннен көп буынды сөздердің құрамына енген түбір морфемаларды белгілейтін болды.

Қазіргі ғылыми таңбаларды (научные знаки) логографияның айырықша бір түрі ретінде қарауға болады. Бұл таңбалар әдеттегі сөздерді емес, терминдерді белгілейді, солардың «орынбасарлары» ретінде қолданылады. Терминдер сөздердің айырықша біртүрі болып саналатыны сияқты, ғылыми таңбалар да огографиялардың бір түрі болып саналады. Мұндай ғылыми таңбаларды В. А. Истрин терминограммалар деп атайды.

Жазу және оның тарихы туралы еңбектерде гетерограмма немесе жалған идеограмма (псвдоидеограмма) деген термин де кездеседі. Алғашында бір тілдегі белгілі бір сөзді белгілеу үшін қолданылып, кейіннен соол сөзге мағынасы жағынан сәйкес келетін басқа бір тілдегі сөзді белгілей бастаған логографиялық таңба немесе буын таңбаларының комплексі (сондай-ақ дыбыс таңбаларының комплексі) гетерограммалар деп аталады. Гетерограммалар алғашында өзінің жазуы мен жазба әдеби тілі болмаған, оларды басқа елдерден (халықтардан) қабылдаған ақырында ол жазуды өздерінің тілі үшін қолданған халықтар пайда болды. Мысалы, қытай жазуын қабылдап оны өз тіліне сәйкестендіріп алған жапондықтар қытай тілінде «адам» дегенді білдіретін иероглифтер қытайша (жэнь) емес, жапонша (хито) оқитын болған . сондай-ақ ежелгі фарсылар арамей жазуын қабылдап, «патша» дегенді арамейше жазғанмен (m-l-k) фарсыша оқитын болған (sah) . Арамейше «патша» дегенді білдіретін дыбыстық комплекстің (m-l-k) фарсыша sah түрінде оқылуы бұл дыбыстық комплекстің(m-l-k), фарсы тілінде идеографиялық логограмма тәрізді қызмет атқаратындығын көрсетеді. Бұл құбылыстың детерограмма немесе жалған идеограмма (псевдоидеограмма) деп аталуы да осыдан. Гетерограммалар әсіресе хетт сына жазуында, фарсы-арамей жазуында және жапон жазуында жиі қолданылатын болған.

Логографиялық жазу пиктографиялық жазудың даму барысында пайда болды дедік. Пиктографиялық жазуда бүтіндей бір хабарды білдіретін сурет-бейнелер логографиялық жазуға біртіндеп көшу барысында іштей бөлшектеніп, бейнелеуші ол бөлшектер жеке сөздерді белгілей бастайды да, осыдан логограммалар пайда болады.

Логографиялық жазу қоғамдамуына қай дәуірінде пайда болды?

Зерттеушілер логографиялық жазудың пайда болуын құл иелену құрылысының пайда болып, ежелгі мемлекеттердің жасалуы сауданың дамуы осыған орай жазбаша түрде қарым-қатынас жасау қажетілігінің күшеюімен байланыстырады. Мысыр, шумер, қытай және тағы басқаларының логографиялық жазу жүйесі ең алғаш құл иелену мемлекеттерінің құралып жасалған кезінде солармен бір мезгілде пайда болған [2, 78б. ] .

Пикотграфиялық жазудан логографиялық жазуға көшуге және оның қалыптасып орнығуына қоғамдық себептермен бірге тілдің кейбір ерекшеліктері де себепші болды. Ондай ерекшеліктер деп мыналарды атауға болады: 1) сөйлеудің жігі ажырап, одан сөздердің бөліне алуға икемділігі; 2) логограммалар арқылы белгіленген сөздердің грамматикалық жақтан өзгерілмейтіні және олардың сөздің грамматикалық өзгерісін қосымша фонетикалық таңбалардың көмегінсіз білдіре алмайтындығы. Түрлі тілдердің ішінде логографиялық жазудың дамуына және қалыптасып орнығуына қолайлы тілдер делініп, әдетте, түбір тілдер аталады. Түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан өзгеріске түсе бермейді де, қосымша фонетикалық (буын немесе дыбыстық) таңбалардың болуын әрдайым қажет етпейді. Осыған орай түбір тілдерде сөздер логограммалар арқылы таңбалануға икемді келеді. Түбір тілдерге қарағанда, агглютинативті тілдердің логографиялық жазуға сәйкестілігі азырақ, икемділігі кемдеу. Агглютинативті тілдерде форма тудырушы аффикстер қосымша фонтикалық (буын немесе дыбыстық) таңбалардың болуын қажететеді. Мұның есесіне аглютинативті тілдерде сөзің түбірі (немесе негізі) оңай бөлініп шығады да, логограммалармен берілуге икемді болады мұнымен бірге, аглютинативті тілдерде сөздің негізін белгілейтін логограммалар аффикстерді белгілейтін фонетикалық таңбалармен емін-еркін тіркесіп, айтыла алады. Ал логография флективті тілдерге, әсіресе полисинкретикалық тілдерге тіптен жанаспайды, өйткені бұл тілдерде әсіресе полисинкретикалық тілдерде сөздің сөйлемнен жігі ажырап бөлінуге икемдігі аз болады. Аглютинативті тілдермен салыстырғанда, флективті тілдерде сөздің түбір мен аффикстерге аырауы әлдеқайда күрделі. Осының бәрі флективті тілдер мен полисинкретикалық тілдер үшін логографияның жанасымсыз екендігін көрсетеді. Логографиялық жазудың қытайда дамып қалыптасуы оның қытай тілінің құрылысына ( қытай тілі түбір тілдердің қатарына жатады) жанасымдылығымен байланысты болса, шумер жазуымен жапон жазуының логографиялық буында (логографически-слоговой) жолмен дамып қалыптасуы бұл тілдердің (шумер, жапон) агглютинативті тілдер болуымен байланысты [2, 79б. ] .

Мысыр, шумер, қытай, ацтек жазулары логографиялық жазу болды. Логографиялық жазу жүйелерінің барлығында да нақтылы мағынасы бар сөздер заттар мен құбылыстардың бейнесіне немесе схема түрінде беріледі. Мысалы, жазуында үкі, көкаршын, арыстан, қоян, аяқ деген сөздер осылардың бейнесімен берілсе, қала, су дегендер бейнелі - схемалы түрде берілген.

үкі

көкаршын

бүркіт

арыстан

бұқа

қоян

еркек

әйел

бала

қол

алақан

саусақ

аяқ

ауыз

қала

үй

тау

су

пальманың жапырағы

шынжыр

себет

Мысыр жазуында нақты мағынаны білдіретін, бейнелеуші (1-2 бағана) және бейнелеуші схемалы түрдегі

(3-бағана) логограммалар

Ертедегі шумер жазуында көз, ағаш, тау, сабақ деген сөздер, қытай жазуында күн, тау, ат, ауыз деген сөздер де осы бейнелеу немесе схема түріндегі тәсілдермен берілген.

Шумер жазуында нақтылы мағынасы бар сөздерді белгілейтін бейнелеуіш логограммалар

: Ежелгі жазу
: Кейіні-ректегі жазу
Аталуы
Мағынасы
Ежелгі жазу
Кейіні-ректегі жазу
Аталуы
Мағынасы
:
:

жи

шань

хо

му

цюань

ма

юй

күн

тау

от

ағаш

ит

ат

балық

жэнь

коу

му

шан

ся

чжун

шэн

адам

ауыз

көз

жоғарыда

төменде

орта

өсу

Абстракті мағынасы бар сөздерді, соның ішінде етістіктер мен сын

есімдердің таңбалау үшін образды - символдық сипаты бар бейнелер

Мысырдағы абстрактілі мағынасы бар сөздер

Қытай жазуының бейнелеуші символды (соңғы төртеуі) логограммалары

(изображения) қолданылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл және қоғам
Пиктографиялық жазу
Жазудың алғашқы түрлері
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Жазу және жазба тіл
Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ жазуының бастаулары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz