Негізсіз баю салдары
Кіріспе
1. Негізсіз баю салдары туралы мазмұн
1.1 Негізсіз баю салдары туралы түсінік
1.2 Ақшалай міндеттемелер
2. Негізсіз баю міндеттемелер
2.1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелерінің объектілері
2.2 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелерінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс. Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды.Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының салдары.

1.Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий/ Отв. Ред. М.К.Сулейменов., Ю.Г.Басин. – Алматы Жеті Жарғы 2000 г. с 454.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
3.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы бөлім. 27 желтоқсан 1994ж. Ерекше бөлім 1999 ж 1 шілде
4.Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж 1 шілде
5.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994ж. 27 желтоқсан.
6.Қазақ ССР – інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан.
7.Гражданское право Республики Казахстан. Алматы 1999 г.
8.Гражданское право М. 1997 – 1998 гг.
9.Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие. Т1. Алматы 1980г.
10.Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие ч 1. Алматы 1980 г.
11.Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алматы 1990 г.
12.Гражданское право в 2 – х томах 1998 г.
13.Гражданское право Москва. 1997 г.
14.Гражданское право России. Под ред. Цибуленко.З.И., часть 1. Москва 1996 г.
15.Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (особенная часть) Алматы 1998 г.
16.Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. Вып.1-10 Алматы 1996 – 2000 гг.
17.Учебник русского гражданского право., М. 1995 г.

Мазмұны
Кіріспе
3
1. Негізсіз баю салдары туралы мазмұн
4
1.1 Негізсіз баю салдары туралы түсінік
4
1.2 Ақшалай міндеттемелер
7
2. Негізсіз баю міндеттемелер
14
2.1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелерінің объектілері
14
2.2 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелерінің ерекшеліктері
17
Қорытынды
23
Пайдаланған әдебиеттер
24
КІРІСПЕ
Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс. Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды.Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының салдары.
1. Негізсіз баю салдары туралы мазмұн
1.1 Негізсіз баю салдары туралы түсінік
Негізсіз баюдын заты болатын мүлік, сол түрінде жәбірленүшіге қайтарылуы тиіс (ҚР АК 955 б.). Егер алғанды заттай қайтару мүмкіншілігі болмаса, сатып алушы жәбірленүшіге ол мүліктің сатып алу кезіндегі нақтылы құнын және егер мүлік дереү қайтарылмаған болса, мүліктің құнының күйінде төмендеүне байланысты, оның шеккен шығындарын, өтеп берүге міндетті болады (АК 956 б.).
Бұл қаралатын құқық қатынасы заттық емес міндеттемелік болғандықтан, мүлікті заттай қайтару дегеніміз, нақтылы сол мүлікті емес, сол түрдегі және сападағы басқа мүлікті немесе оның ақшалай құнын қайтару болып танылады. Жәбірленүшінің кінәсі бұл жерде ескерілмейді. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің негіздері келесі болады: төленетін сомадан асатын соманы төлеү, шынымен жоқ бірақта бар деп ойлайтын міндетті орындау. Оның мысалы: тиісті бір өтемді өндіріп алу жөніндегі сот шешімін жою.
Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме сол бір немесе өзге себептер бойынша тауарлармен ақылы эквиваленті алмасу бұзылатын, соның салдарынан жоспарланған, бірақ жүзеге аспаған қатынастардың қайсыбір қатысушысы қандай да бір материалдық игіліктерді басқа қатысушыларға негізсіз беретін, құқықтық қатынастардың теріс пиғылды қатысушылары басқа тұлғаның қандай да бір мүлкін жасырып қалатын немесе олардың контрагенті ретінде болуға жоспарланған тұлғаның мүлкін пайдаланып қалу орайы келетін және т.б. кез келген жағдайларда пайда болады.
Осы аталғандар негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының мүмкін болатын жалғыз негіздері болып табылмайды. Негізсіз баю сондай-ақ субъектілер шартты қатынастармен байланысты болғанда, шартқа қатысушылардың біреуінің немесе екеуінің салақтығы кездейсоқтыққа орай байыған тараптың немесе мүлікке деген құқықтардың заңды иесінен басқа өзге субъектінің пиғылынан болатын жағдайларда орын алуы мүмкін.
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме негізсіз байыған тұлғаның біржақты іс-әрекеттерінен ғана пайда болуы мүмкін. Мәселен, теріс пиғылды азамат, өзінің танысының атына пошта жөнелтілімі келгенін (жіберілгенін біле тұра ол туралы хабарландыруды жіберілген зат иесіне көрсетпей, қолдан сенімхат жасап, жіберілген затты өзі алады. Бұл жағдайда негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме жария деликтілік және жеке деликтілік құқық нормаларымен тығыз байланысады. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеменің алғы шарттары болып мүліктің меншік иесінің (өзге де құқық иесінің иелігінен шығуы адам мүлкін кез келген өзге де тәсілмен азайту табылады. Мысалы, субъект басқа адамның міндеттемесін өз қаражаты есебінен орындағанда. Сонымен бірге басқа тұлғалардың заңсыз баюы орын алады, олар артынан осы міндеттемеде борышқорлар ретінде көрінетін болады. Негізсіз баюдың белгісі болып мүлікті басқа тұлғаның есебінен және оған деген жеткіліксіз негіздерсіз немесе жинақтау болып табылады. Аталған жағдайларда ұқсас жағдайлардан қалыптасатын белгілі бір фактілік құрамға, сондай-ақ олар арасындағы белгілі бір алдын ала құқықтық байланыстарға байланысты және кейде оларға байланыссыз белгілі бір тұлғалар арасында міндеттемелік құқықтық қатынас - негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме қалыптасады. Тиісті фактілік негіз болған кезде мұндай міндеттеме бірқатар жағдайларда тікелей заң нұскауына орай туындайды.
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемеге орай, заңдар немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебіне иеленіп алған немесе жинақтаған тұлға (сатып алушы) негізсіз иеленіп алынған немесе жинақталған мүлікті (негізсіз баю) алдыңғысына қайтаруға міндетті.
Негізсіз байлық ретінде: а) егер міндеттемеге өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындау үшін оны орындау мерзімі басталғанға дейін берілген мүлік; б) талап ету мерзімі өткеннен кейін міндеттемені орындау үшін берілген мүлік; в) азаматқа оның тарапынан теріс пиғыл болмаған жағдайда күнкөріске арналған қаражат ретінде (жалақы, авторлық сыйақы, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер т.б.,) берілген және иемденуші пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлік қайтаруға жатпайды. Басқа тұлға мүлікті иемденген кезде міндеттеме мүлікті иемдену мүлікті негізсіз иеленетін тұлғаның үшінші тұлғаның немесе меншік иесінің құқықтардың өзге де иесі өзінің іс-әрекеттерінің салдары болып табылғанына қарамастан туындайды.
Мүлікті меншікке немесе шаруашылық жүргізуге, жедел (оралымды) басқаруға беруден туындайтын міндеттемелер, сатып алу - сату шартынан, оның түрлерінен және айырбас, сыйға тарту және рента шарттарынан туындайды. Қазіргі кезде сатып алу - сату шарты, оның: көптеп және бөлшектеп (жекелеп) сатып алу - сату, жеткізілім, энергиямен жабдықтау, келісім жасасу шарттары сияқты түрлеріне қатысты, тектік ұғым ретінде қарастырылады. Ал бөлшектеп (жекелеп) сатып алу- сату шартының келесі түрлері болады: үлгілер бойынша сату, несиеге сату, автоматтар арқылы сату, жеткізіп беру тәсілімен сату және т. б.
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің барысында, шарттар мен міндеттемелердің жеке түрлерін сипаттауда бұл міндеттеме түрлерінің анықтамасын, олардың затын (нысанасын), өзге шарттық міндеттемелерден айырмашылығын білу; және бұл міндеттемелер түрлерінің пайда болуына әкелдіретін барлық шарттарды атап, сипаттап өту қажет болады. Бұл шарттардың әр түрін сипаттау кезінде, жауап келесі үлгіде беріледі: шарттың ұғымы; жақтардың атаулары; әр шарттын субъектілеріне қойылатын талаптар; нақтылы немесе консенсуалды, ақылы немесе ақысыз, екі жақты міндеттейтін немесе бір жақты міндеттейтін, мерзімді әлде мерзімсіз бе және қандай нормативтік құқықтық актілермен реттелетіні аталады. Осыдан кейін жақтардың құқықтары мен міндеттерінің, олардың жауаптылығының сипаттамасы беріледі.
Сатып алу сату шарты бойынша бір жақ (сатушы) екінші жақтың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел (оралымды) басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді. Шарт жақтары (тараптары) - сатушы және сатып алушы болады. Олар әрекет қабілеттілігіне қарай кез келген жеке немесе заңды тұлға және мемлекет де болады. Шарттың заты (нысанасы), азаматтық айналымнан алынбаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік емес құқық болады (АК 406 б. 4 т.). Айналымы шектеулі мүлік, тек арнайы рұқсат (лицензия) бойынша сатылады. Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін және ақылы болады. Шарттың елеулі жағдайларына тауардың атауы және саны жатады (АК 407 б. 3 т.). Сатып алу - сату шарттарының кей бір түрлері ҚР АК 25 - ші тарауымен қоса арнайы заңдармен: ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заңымен т.б. заңдармен реттеледі.
Шарт консенсуалды болғандықтан, жақтардың құқықтары мен міндеттері де, олар заң қажет ететін нысанда келісімге келген уақытта пайда болады. Сатушының міндеттеріне: затты оның барлық құжаттарымен, саймандарымен, тиісті сапасы мен санында, ассортиментінде, қапталған түрінде және үшінші жақтардың талап етуінен босатылған түрде беру болып табылады (АК 408 б.). Сатушымен тауарды беру міндетін орындау уақыты жөнінде, ерекше атап өткен жөн болады (АК 410 б.). Шарт, бар тауарды беру жөнінде де және болашақта, жасалғаннан кейін немесе сатып алғаннан кейін, болатын тауарды беру жөнініде де жасалуы мүмкін (АК 407 б. 2 т.). Сатып алушының міндеттері: тауарды қабылдап алудан және қажет болған жағдайда, ол жөнінде қолхат беруден және тауарды қабылдап алу жөнінде акт жасап толтырудан тұрады. Сатып алушының ең негізгі міндеті сатып алу ақысын төлеу болады (АК 439 б.). Кей бір жағдайларда сатып алушыға, тауарды сақтандыру және сатушыны шарттың тисті дәрежеде орындалғаны жөнінде ескерту міндеттері жүктеледі. Жақтардың құқықтары қарсы жақтың міндеттеріне сәйкес келеді. Мысалы, сатушының тауарды беру міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа мен санында, барлық саймандары мен және құжаттарымен беруді талап ету құқќыѓап ет%.бер%.жєанында, барлыќығына сәйкес келеді және т. б. Сатушының тауар ақысын төлеу міндеті сатып алушының тауардың ақысын толық және тиісті уақытта төлеуді талап ету құқығына сәйкес болады.
Сатушы мен сатып алушының жауаптылығы жалпы ереже бойынша, әр жақ өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда туындайды. Олардың жауаптылығының негізгі түрі: шығындарды өтеу және айып төлеу болады. Қазіргі уақытта, айып төлеу тек шарртық түрде болады. Сондықтан шарт жасасу кезінде тиісті жауаптылық шараларын қарастыруды ұмытпау қажет. Заңды айып төлеу, тек біреудің ақшаларын заңсыз пайдаланудан туындайтын ақшалай міндеттемелер бойынша қолданылады (ҚР АК 353 б.).
1.2 Ақшалай міндеттемелер
Ақшалай міндеттемеге байланысты бір адам (борышкер) екінші адамға (кредиторға) ақша төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы міндеттемелер, сондай - ақ зиян келтіру не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттерге, егер Азаматтық Кодексте, ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ақшалай міндеттемелер туралы ереже қолданылады.
Кімде-кім басқа тұлғаға зиян келтіре отырып, заңсыз байыған жағдайда сол тұлғаға сол мөлшерде өтемақы төлеуі тиіс (1882-бап).
Белгілі бір затты негізсіз және арам ниетпен алған тұлға сол затты басқа тұлғаның пайдасына берсе, соңғысы да арам ниетпен алуды көздесе, заттың меншік иесі аталған екеуінің кез келгенінен затты талап етіп, зиянды өтей алады (1885-бап).
Зат берілген үшінші тұлға оны алған кезде адал әрекет етсе, зат ақысыз түрде берілген жағдайды қоспағанда, бұл зат оның меншік иесімен бұл үшінші тұлғадан талап етіле алмайды (1886-бап).
Қателік жөнінде белгілі болған кезден бастап, затты қайтару туралы арыз 1 жыл ішінде берілуі мүмкін. Орынсыз орындалу сәтінен 5 жыл өту фактісі қайтаруды талап ету құқығынан айырады (1893-бап).
Міндетті орындаған тұлға ескіру мерзімі өтіп кеткеннен кейін, жасалғанды қайтаруды талап ету құқығынан айырылады (1894-бап).
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер, меншік құқығын қорғауға бағытталған. Оның жалпы ережесі АК 953 бабында келтірілген. Заңдармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз, мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленүшінің) есебінен иеленіп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), оған негізсіз алған немесе сақтаған мүлкін қайтаруға міндетті болады. Міндеттеменің жақтары: сатып алушы және жәбірленүші деп аталады.
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар.
Міндеттемеге қатысушылар болып несие беруиіі мен борышқор танылады.
° Несие беруші -- борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.
Борышқор -- міндеттемедегі несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.
Міндеттеменің пайда болуына шарт және т.б. негіздер, яғни, зардап келтіру мен басқа да заңды фактілер әсер етуі мүмкін.
Міндеттемелер пайда болу негізіне байланысты шартты және шартсыз міндеттемелер болып екіге бөлінеді. Міндеттеменің мазмұнын осы міндеттемеге қатысушы субъектілер: борышкор мен несие берушінің құқықтары мен міндеттері кұрайды.
Кейбір жағдайда міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысуы мүмкін. Бұл орайда сөз міндеттемедегі көп тұлғалар жөнінде болып отыр.
Міндеттемедегі құқыктар мен міндеттер арақатынастарына байланысты: біржақты, екіжақты немесе өзара ортақ міндеттемелерге бөлінеді. Біржақты міндеттеменің бір жағында тек құқықтар, ал екінші жағында тек міндеттер ғана болады. (Мысалы: зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер). Екі жақты немесе өзара ортақ міндеттемеде оған қатысушылардың әрқайсында міндеттемелер мен құқықтар болады. (Мысалы: сату және сатып алу шарты.)
Міндеттемені орындау
Міндеттемелер заң талаптарына, міндеттеме шарттарына, іскерлік айналым әдет-ғұрпына және өзге де қойылатыи талаптарға сөйкес орындалуы тиіс.
Тиісті негізде орындалуға қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін, атап айтсақ, орындау тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті әдіспен жүзеге асырылуы тиіс. Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша иемесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс.
Міндеттемені орындау мерзімі көп жағдайда шарттың талаптарымен, яғни, тараптардың келісімі бойынша анықталады. Бірақ кей кездерде тараптардың шарт морзімін ескермейтін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген Ережелер қолданылады. Сондай-ақ заңда міндеттемені ақылға қонымды мерзім ішінде орындамаған немесе міндеттеменің орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған жағдайда борышқор міндеттемені несие берушінің талап еткен күнінен бастап жеті күн мерзім ішінде орындауға тиіс.
Кейбір міндеттемелердің мерзімі бойынша орындалу тәртібі міндеттеме мәнінен тікелей туындауы мүмкін. Мысалы вокзалдағы сақтау қоймасынан затты талап еткенде сақтаушы талапты бірден орындауы тиіс, мұнда ешқандай жеті күндік мерзімнің болуы мүмкін емес. Сақтаушы уақытты сақтауда түрған қажетті затты алып беруге ғана пайдаланады (сөреден, қоймадан алу, қойманы ашұ және т.б.)
Егер орындалатын жер заңдармен немесе міндеттеме талаптарымен анықталмаса, онда міндеттеме төмендегідей жағдайда орындалуы тиіс:
:: міндеттемеге сөйкес жылжымайтын мүлікті мүліктің тұрған орына берумен байланысты;
:: міндеттемелер -- тасымалдауды пайдалана отырып тауарды немесе өзге демүлікті несие берушіге жеткізу үшін алғашқы тасымалдаушыға өткізген жеріне байланысты;
:: өзге де міндеттемелер бойынша тауар немесе басқа да мүлік мүліктің жасалған немесе сақталган орны бойынша берумен байланысты, егер бұл міндеттеме туындаған сәтте несие рушіге бұл жер белгілі болса;
::ақшалай міндеттемелер бойынша -- несие берушінің тұрғылыңты жері бойынша, ал егер несие беруші заңды тұлға болса -- орналасқан жері бойыша. Қолмакол ақшамен есеп айырыспаған жағдайда несие берушінің тұрғылықты жері есеп айырысатын жер болып табылады. Бұл төлемнің орындалды деп есептелуі есеп шотқа ақша аударылғаннан кейін ғана мүмкін болатындығын білдіреді;
::басқа міндеттемелер бойынша -- борышқордың тұрғылыңты жері бойыша, ал егер борышқор заңды тұлға болса -- оның тұрған жері бойыша.
Ақшалай міндеттемелерді орындау тәртібіне баса назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер тек теңге түрінде көрініс табуы қажет.
° Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері
Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты -- борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.
° Айып төлеу (айыппүл, өсім) -- міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.
Өсім -- міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады.
Айыппүлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады.
Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде айыппұл санкциясы термині қолданылады.
Айып төлеу заңды айып төлеу және шартты айып төлеу дпген түрлерге бөлінеді. Заңды айып төлеу -- міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда заңмен немесе басқа да қүқықтық нормалар актісімен белгіленеді. Несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндеті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құқығы бар. Заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшерін көбейтуге болады. Ал шартты айып төлеу міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда төленетін сома тараптардың келісімімен белгіленеді.
Несие берушінің шеккен залалдарына байланысты айып төлеудің есептік, айыппулдық, ерекіие баламалық деген түрлерін ажыратуға болады. Есептік айыппүл -- келтірілген залалды өндіріп алудың ішіне кіргізіледі. Айыппұлдықта -- айыппұл да, залал да өндіріледі, ал тек айыпты өндірумен шектелетін айып төлеудің түрі ерекше айып төлеуге жатады. Не айыпты, не залалды өндіріп алу баламалы айып төлеу көрсетеді.
°Кепілақы -- бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орыидауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның еімішотына беруі.
Кепілақының көптеген қызметі бар: төлемнің бір бөлігі, шартты жасаудың дәлелі, міндеттемені орындауды қамтамасыз етеді. Кепілақыны борышқор төлейді.
Егер Міндеттемені орындамағаны үшін кепілақы берген таран жауапты болса, онда кепілақты екінші тарапта қалады, ал егер кепілақты алған тарап кінөлі болса, онда ол екінші таранқа екі еселенген мөлшерде қайтаруы тиіс.
° Кепілдік -- негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.
Кепіл болушылық. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жактың (борышқордың) несие берушісі алдында сол жактың міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді. Кепіл мен кепіл болушыльщтың бүзылмайтын жазбаша түрі болады. Егер жазбаша шарт болмаса шарт жарамсыз болып есептеледі.
° Кепіл -- бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету өдісі.
Кепілдіктің турлері
Ипотека -- кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жактың иелігінде жөне пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға жылжымайтын мүліктер жатады, сондықтан да ипотека жөніндегі келісім міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс және кепілге күкык осы тіркеуден кейін пайда болады.
Кепілзат -- кепілге салынған мүліктің кепіл ұстаушының иелігіне берілетін кепіл түрі. Кепілзат кепіл ұстаушыда қалады және сол мүлікте кепілде түр деген жазба болуы шарт. Кепілзаттың ипотекадан ерекшелігі кепіл үстаушы мүлікті пайдалана алмайды.
Сонымен, міндеттемелерді орындау дегеніміз -- борыш қордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сөйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата түруы. Бұл әрекеттерге мүлікті беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. жатады. Өмірди түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олар міндеттемені орындауды күрделендіруге немесе тиісінше орындауға алып келуі мүмкін.
Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері, мүлікті жалға беру шарттарынан мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша бірінші жақ жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға буруге міндеттенеді (АК 540 б.). Жалға алған мүлікті, жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен, басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің заты - мүлікті және мүліктік құқықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін, мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленушісіне қайтарылуы тиіс болады. Мүлікті жалдау шартының жақтары: жалға беруші (арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға, әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Мүлікті жалдау шартының заты - азаматтық өрістіктен алынбаған, жеке белгілерімен анықталған және тұтылмайтын, кез келген мүлік болуы мүмкін (541 б.). Объектісі жөніндегі жағдайлар, шарттың негізгі жағдайларының біріне жатады. Аренда алушының негізгі міндеттеріне: арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану, (егер шартта өзгеше көзделмесе) оны ағымды жөндеуден өткізу, жалдау ақысын шартта көзделген нысанда және уақытында төлеу және де жалдау мерзімі аяқталысымен, мүлікті қайтарып беру жатады. Мүлікті жалға берушінің міндеті: мүлікті жалға алушыға, барлық саймандарымен және құжаттарымен уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады.
Мұрагерлік құқық - ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың саласы. Мұрагерлік құқықтың негізгі институты - мұрага ие болу, яғни қайтыс болған азаматтың мүлкінің, мүліктік құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаға оның мұрагерлеріне ауысуы болады. Мұраға алу, меншік құқығына ие болу негіздерінің бірі болады. Мұраға ие болу - ол әмбебаптық мирасқорлық болады. Әмбебаптық мирасқорлық негізінде мұрагерлерге мұра қалдырушының мүлкімен қоса онын жеке басымен тығыз байланысты, бөлуге болмайтын құқықтары мен міндетерінен басқа, өзге мүліктік құқықтары мен міндеттері деауысады.
Мұраға ие болу екі негіз бойынша пайда болады: өсиет және заң бойынша. Мұра қалдырушы тек азамат болады, ал мурагерлер - азаматтар да, заңды тұлғалар да және мемлекетте болуы мүмкін. Егер мұра жөнінде өсиет қалдырылмаған болса, онда мұраға ие болу заң бойынша болады. Мұраның ашылу уақыты болып, мұра қалдырушының қайтыс болған күні немесе ол қайтыс болды деп танылған күн (сот шешімінің заңды күшіне енген күні) саналады. Мұраны заң жүзінде қабылдап алу үшін алты айлық мерзім бекітілген. Мұраны алу заң жүзінде және нақтылы түрде болады. Заң жүзінде мұраны алу - ол, мұраның ашылған жері бойынша нотариалдық кенсеге өтініш жазу арқылы жасалады. Мұраның ашылу жері және уақыты, заң бойынша мұрагер болушылардың саны мен кезектері, жұбайының үлесі, мұрадан бас тарту, мұраға қалған мүлікті қорғау (оны сенімгерлікпен басқаруға беру), мұрагерлер арасында туындаған дауды шешу тәртібі және т.б. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz