Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
  1. Нормативті құқықты актілер
3: 4
Кіріспе:
  1. Норативті актілерді жүйеге келтіру түсінігі
3: 7
Кіріспе:
  1. Нормативті актілердің уақытта, кенестікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
3: 9
Кіріспе:
  1. Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер
3: 13
Кіріспе:
  1. Құқық нысанының түсінігі
3: 22
Кіріспе:
  1. Нормативті актілер түрлері
3: 24
Кіріспе: Қорытынды
3: 28
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер
3: 29

Кіріспе

Курстық жұмысымның мақсаты - нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.

Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.

Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.

Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.
Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.

  1. Нормативті құқықты актілер

Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады.

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.

нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.

Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.

5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.

Нормативтік құқықтық актілер сатысы

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтiк қаулылары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді.

6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес.

Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы

1. Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.

2. Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

3. Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары

1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.

  1. Норативті актілерді жүйеге келтіру түсінігі

Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктер де молаяды. Осы сан алуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері болады:

1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация. Инкорпорация - нормалардың мазмұнын өзгерпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:

- ресми инкорпорация - мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа сілтеме жасауға болады;

- бейресми инкорпорация - жеке және заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды;

- хронологяилық инкорпорация - норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;

- жүйелік инкорпорация - құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау, бұл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі ең күрделісі - заңдардың жинағы (свод законов) . Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері:

1) . Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте бекітіледі.

2) . Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.

3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.

Мұндай тәжірибе - заңдар жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актлерді сала-салаға топтастырып реттеп, тізім жасап жатыр.

Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді. Кемшіліктерін жоя алмайды.

Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды, қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық шығармашылықтың бір түрі деуге болады.

Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды олқылдықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән ерекшеліктері:

1) . Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан консолидация заң шығармашылықтың бір түрі.

2) . Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері жойылады. Оның орнында біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.

Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады. Біздің Қазақстан мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.

Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықтары толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар, бөлімдер, баптар. Бірақ олардың ара-қатынасы тұрақты, ықшамды, ғылыми байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.

Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:

1) . Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқықтың салаларына сәйкес біртұтас кодекс болып шығуы.

2) . Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі - өкілеттіндегі мәселе.

3) . Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.

Кодификацияның түрлері: Конститция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т. б.

Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.

Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі оларды пайдалану қолдану жұмыстарын жеңілдеті тәсілі. [19, 145-163б]

Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарын, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.

Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды толық есепке алып, жинақтап отырады.

Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:

- кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;

- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері, уақыты, нөмірі;

- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т. б. ;

- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап, сақталатын жүйе.

  1. Нормативті актілердің уақытта, кенестікте және тұлғалар арасында әрекет етуі

Нормативтік актілердің уақыттағы әрекет ету іиегін белгілеу маңызды төжірибелік мәнге ие. Бүл жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары актілерімен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттейтін Конституция нормалалары бүкіл халықтық дауысқа салудың қортындылары бойынша ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық сайлау күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау күні деп есептеледі және мемлекеттік мейрам болып жарияланады.

Еңбек туралы заңдар, заң қабылдайтын орган айқындаған күннен бастап күшіне енеді. Мысалы, Еңбек Кодексі 15 мамыр 2007 ж. ҚР Парламентімен қабылданған, ал күшіне 2007 ж. 1 маусымынан бастап енді.

1998 ж. 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер тура-лы» ҚР Заңына сәйкес - ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары егер актілердің өздерінде күшіне ену туралы мерзім көрсетілмесе, ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жариялануы (мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге құпиялары бар актілерден басқа), оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Құқық қолдану тежірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдалануы тиіс.

Заң актілері ҚР Парламентінің Жаршысында және тиісті Заңмен белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында жарияланады.

ҚР Парламентінің қаулысы, оның палаталарының қаулылары бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді, егер актілердің өздерінде басқа мерзімде көрсетілмесе.

ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап.

Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтың бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік Құқықтық қаулылары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтың бұйрықтары, мөслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, сондай-ақ нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің норма тивтік құқықтық шешімдері, егер актілердің өзінде езге мерзімдер көрсетілмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әділет орган-дарында мемлекеттік тіркелуге тиістілері - мемлекеттік тіркеуден кейін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері осы министрліктің Бюллетенінде жарияланады. Заңнамамен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуі кезделсе, онда барлық жағдайларда олар мемлекеттік тіркеуден кейін ғана жариялана алады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың жалпыға міндетті маңызы бар, ведомстволық сипат-тағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мін-деттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері еділет органда-рында мемлекеттік тіркелуге тиіс. Мүндай тіркеу оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады.

Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің зақ күші болмайды.

Әлеуметтік серіктестіктің актілері - Бас, салалық (тарифтік) келісімдер және аймақтық келісімдер - тараптар қол қойғаннан бастап, немесе келісімде белгіленген ерекет ету мерзімінен күшіне енеді. Келісімдерге барлық қосымшалар олардың ажырамас белігі болып табылады және олармен тең заңи күшіне ие болады. Келісімнің әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша немесе жаңа келісімді қабылдағанға дейін орнатылады, бірақ үш жылдан аспауы керек.

Бас, салалық (тарифтік), аймақтық келісімдер әлеуметтік серіктестік тараптарының қолдарымен бекітіледі. Тараптармен қол қойылған салалық, аймақтық келісімдер қосымшалармен бірге жеті күн ішінде республикалық комиссияға хабарлама тіркеуіне жіберіледі.

Жергілікті нормативтік құқықтық актілер ерекетінің қатаң бекітілген уақыттағы шегі жоқ. Шарттың ерекет ету мерзімдерін тараптар анықтайды.

Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшінде қалады және қолданыла береді.

Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, белу, беліп шығару, қайта құру) кезеңінде ез күшін сақтап қалады. Кейіннен ұжымдық шарт тараптардың бірініқ бастамасы бойынша ңайта қаралуы мүмкін.

Ұйымның меншік иесі және мүлкі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, езгертілуі және толықтырылуы туралы келіссездер бастауға құқылы.

Ұйым таратылған және ол банкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиісті шешім қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.

Басқа нормативтік келісімдер бойынша ортақ ереже қолданылады: олар тараптар қол қойған сеттен бастап күшіне енеді, олардың қолданылу мерзімі де тараптармен анықталады, ейтпесе олар жаңа келісім қабылдағанға дейін қолданылады. Жеке сипат-тағы (ұжым жетекшісінің бұйрықтары) жергілікті нормативтік актілер осы актіде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді, ұйым (меншік иесі) жетекшісінің толықтырылу мен өзгертуіне дейін, немесе олардан бас тартылғанға дейін қолданылады.

Еңбек саласындағы нормативтік актілердің күшіне ену уақытын реттеу елеулі мәнге ие, ейткені осы сәттен олар міндетті орындалуға тиіс.

Еңбек қүңығының қайнар кезі болып табылатын еңбек тура-лы жаңа заңдар мен басқа да нормативтік актілер, күшіне енгеннен кейін пайда болатын ерекеттер мен қатынастарға таратылады. Олар кері күшке ие емес. Бүл ережелерден ауытқушылыққа заңда немесе басқа нормативтік актіде оның қолдануының кері күші туралы тікелей иорма бар болса ғана жол беріледі.

Нормативтік актілердің уақыты бойынша ерекет етуінің маңызды ережесі - бір түрдегі нормативтік актілер қақтығысы (коллизиясы) жағдайында күшіне ену уақыты бойынша соңғы актілер қо лданылады.

Нормативтік актілердің кеңістікте әрекет етуі.

Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті, Үкіметі, орталық атқарушы және басқада уәкілетті органдармен қабылданған нормативтік құқықтық актілері, егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе қолдануға енгізу туралы актілерде басқасы белгіленбесе, актілер өз ерекетін Қазақстан Республикасы барлық аумағына таратады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нысаны
Нормативтік шарттар
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет пен құқық теориясының пәні
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Нормативтік актілердің күші
Жер құқығының қайнар көздері
Құқық нормаларын қолданудың тәжірибелік ерекшелігі
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz