Веб – дизайн негіздері



Кіріспе
1. Операциялық жүйелер, орта және қабықшалар
1.1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1.2 Операциялық жүйелердің даму бағыттары
1.3 Операциялық жүйелердің даму тенденциялары
1.4 Операциялық жүйелердің жіктелігі
2. Веб . дизайн негіздері
2.1 Стильдік дизайн
2.2 Стильдің бірыңғайлылығы
2.3 Веб . беттерде ақпараттарды таратып орналастыру
2.4 Веб . беттердегі графика
3. Программалау тілі . Турбо Паскаль
3.1 Паскаль тілінде программалаудың жалпы түрі.
3.2 Turbo Paskal программасында сызықтық программаларды құру
3.3. Паскаль тілінде тармақталу (шартты өту), шартсыз өту және таңдау командалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады»,- делінген.
Қазіргі заман талабы информатизацияланған қоғамды маман етеді. Яғни индустриялдық кезеңнен ақпараттық кезеңге өту қажет.
Қоғамды информациялау дегеніміз – бұл глобальді процесс ерекшелігі: Әлеуметтік өндіріс саласында басты роль ақпаратта. Яғни ақпаратты әртүрлі жинау,сұрыптау, өңдеу, сақтау т.с.с. есептеуіш техникалармен құрылғылар арқылы.
Қоғамды информатизациялаудың ең өзекті мәселесінің бірі ол білімді информатизациялау, яғни оқыту білім беру сапасына жаңа ақпараттық технологияларды ендіру. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында дербес компьютерлер білім беруде бөлінбес технологияға айналыпта үлгерді.
1. Халыкова К.З. «Программалау тілдерін оқыту – Паскаль тілі» (Оқу құралы), Алматы-2002.-209 бет
2. Фаронов В.В. Turbo Pascal: учебное пособие.-СПб.:Питер,2007.-367с.:ил.
3. Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгимбаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов “Turbo
Pascal” Алматы, 2004.
4. Заурбеков Н.С., Жұмажанов Б.Ж. Алгоритмдеу және программалау тілдері. Оқу құралы.- Алматы, 2008.- 325 б.
5. Наумова А.Н. Компьютерные технологии оброботки информации.-М:Финансы и статистика,1995.
6. Нақисбеков Б. «Адам және компьютер», Алматы, 1986 ж.
7. Қараев Ж. «Компьютерді оқыту тәрбие процесінде пайдалану». Алматы, 1987 ж.
8. Ғылыми - әдістемелік журнал: Информатика негіздері. №5, 2003 жыл.
9. «Информатика и образование» журналы. №1, 2002 ж.
10. Байжұманов М. Қ. , Л. Қ. Жапсарбаева- Информатика. Астана 2004 ж
11. Балапанов Е. Қ., Б. Бөрібаев - Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы 2001 ж.
12. Бурлаков М. В. МастерМедиа Macromedia Flash MX 2004 Сборка видеоклипов. Москва “Технолоджи – 3000”. Москва, 2004 г.
13. Божко А.Н. «Flash MX технология работы» 5.
14. Вовк Е.Т. «уроки по Flash»
15. Жадаев Б. Г.. 100% Самоучитель Macromedia Flash MX.Розенкноп Д. Л.
16. Жапарова Г. Ә. - Информатика негіздерін оқу құралдары. Алматы экономика 2006 ж
17. Розенкноп Д. Л. Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
18. Черкаский В.Т «Эффективная анимация во Flash»

Мазмұны

Кіріспе
6
1. Операциялық жүйелер, орта және қабықшалар
7
0.1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
8
0.2 Операциялық жүйелердің даму бағыттары
8
0.3 Операциялық жүйелердің даму тенденциялары
9
0.4 Операциялық жүйелердің жіктелігі
9
1. Веб - дизайн негіздері
12
0.1 Стильдік дизайн
12
0.2 Стильдің бірыңғайлылығы
13
0.3 Веб - беттерде ақпараттарды таратып орналастыру
13
0.4 Веб - беттердегі графика
14
1. Программалау тілі - Турбо Паскаль
16
0.1 Паскаль тілінде программалаудың жалпы түрі.
16
0.2 Turbo Paskal программасында сызықтық программаларды құру
20
3.3. Паскаль тілінде тармақталу (шартты өту), шартсыз өту және таңдау командалары
21
Қорытынды
26
Пайдаланған әдебиеттер
27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің Қазақстан-2030 атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру туралы заңының 9 бабында Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады,- делінген.
Қазіргі заман талабы информатизацияланған қоғамды маман етеді. Яғни индустриялдық кезеңнен ақпараттық кезеңге өту қажет.
Қоғамды информациялау дегеніміз - бұл глобальді процесс ерекшелігі: Әлеуметтік өндіріс саласында басты роль ақпаратта. Яғни ақпаратты әртүрлі жинау,сұрыптау, өңдеу, сақтау т.с.с. есептеуіш техникалармен құрылғылар арқылы.
Қоғамды информатизациялаудың ең өзекті мәселесінің бірі ол білімді информатизациялау, яғни оқыту білім беру сапасына жаңа ақпараттық технологияларды ендіру. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында дербес компьютерлер білім беруде бөлінбес технологияға айналыпта үлгерді.
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде, компьютерді оқу жүйесінде пайдалануы арқылы халыққа білім беру жүйесін реформалаудың негізгі буынының бірі болып саналады. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуде компьютердің мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.

1. Операциялық жүйелер, орта және қабықшалар
0.1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Операциялық жүйе (ОЖ) - компьютердің аппаратурасы мен қосымшалары (және пайдаланушылары) арасындағы интерфейс ретінде болатын бағдарламалық қамтама бөлігі.
ОЖ екі негізгі функцияны орындайды:
* Пайдаланушы-бағдарламалаушыға компьютердің нақты аппаратурасының орнына жұмыс істеуге ыңғайлы болатын кеңейтілген виртуальді машинаны ұсынады. Виртуальді машина - бұл пайдаланушы үшін берілген конфигурацияны нақты бар компьютердің бағдарламалық және аппараттық құралдарымен модельдейтін есептеуіш жүйесі. ОЖ аппараттық машинаны виртуальді машинаға түрлендіретін бағдарламалық қамтама қабаты болып табылады. Виртуальді машина конфигурациясының нақты машина конфигурациясынан айтарлықтай ерекшелігі болуы мүмкін.
* Компьютердің ресурстарын рационалды түде басқару есебінен оны пайдалану тиімділігін арттырады.
ОЖ ресурстарын екі топқа бөлуге болады (1.1-сурет):
o бағдарламалық ресурстар (процестер, виртуальді адрестік кеңістік, енгізу-шығару ішкіжүйесі);
o аппараттық ресурстар (процессорлар, жады, құрылғылар).

Сурет 1.1 - Ресурстар классификациясы
Әрбір аппараттық ресурсқа онымен тығыз байланысқан қандай да бір бағдарламалық ресурс (мысалы, процессор мен процесс) сәйкес келетінінен назар аударайық.
Бейнелеп айтқанда, ОЖ-нің негізгі функциясын сиқырлаушылық деп есептеуге болады - жүйенің нақты бейнесінен жоғарылау күйге түрленуі. Мысалы, операциялық жүйе бір процессорда бірнеше бағдарламаны бірмезгілде орындау иллюзиясын жасай алады. Нәтижесінде пайдаланушы виртаульді машинаны нақты бар машинадан архитектурасы өте жоғары компьютер ретінде қабылдайды.
Операциялық жүйе ядросы - операциялық жүйенің негізгі функцияларын орындайтын модульдер. Бұл модульдер әдетте, процестерді, жадты, енгізу-шығару құрылғыларын басқаруды қолдайды. Операциялық жүйе ядросының коды процессор жұмысының пұрсатты режимінде орындалады.
Операциялық жүйенің кейбір компоненттері осы операциялық жүйе үшін стандартты форматтағы қарапайым қосымшалар болып табылады. Оларды операциялық жүйенің көмекші модульдері деп атайды. Сондықтан көп жағдайда операциялық жүйе мен қосымшалар арасында шекара жүргізу қиынға соғады. Әдетте, қандай да бір бағдарламаның операциялық жүйеге тиістілігі туралы шешімді өндіруші қабылдайды.

0.2 Операциялық жүйелердің даму бағыттары
ОЖ-лердің төменде келтірілген тарихи буындарын атап көрсету қабылданған:
* Нөлдік буын. Алғашқы компьютерлерде ОЖ-лер болмаған. Бұл алғашқы компьютерлердің пайда болуынан бастап ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасына дейінгі период.
* Бірінші буын. Пакеттік өғдеу, мультибағдарламалық ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасында пайда болды.
* Екінші буын. Көпрежимді ОЖ-лер, нақты уақыт ОЖ-лері. ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болды.
* Үшінші буын. Дербес компьютерлерге арналған ОЖ-лер, желілік ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында пайда болды
* Төртінші буын. Үлестірілген ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында пайда болды

0.3 Операциялық жүйелердің даму тенденциялары

Бірінші ОЖ ХХ ғасырдың 50-жылдары ортасында пайда болды. Ол IBM-701 компьютері үшін General Motors компаниясының зерттеу лабораториясында жасалды. ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасына дейін операциялық жүйелер тегін таратылатын. 1.2-суретте белгілі ОЖ-лер және олардың жасалған жылдары көрсетілген.
Кейбір операциялық жүйелерге мінездеме берейік.
* Atlas. Бұл ОЖ Манчестер (Англия) университетінде жасалды. Алғаш рет осы операциялық жүйеде пайда болған ерекшеліктердің көбі (мысалы, жадты беттік басқару) қазіргі уақытта қазіргі заманғы операциялық жүйелердің стандартты бөліктері болып табылады.
* XDS-940. Бұл жүйе Беркли (АҚШ) университетінде жасалды. Бұл уақыты бөлінген операциялық жүйелер болды. Ол пайдаланушылық бағдарламаға процестерді анықтап, олармен жүйелік шақырулар арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
* THE. Эйндховен Техникалық мектебінде (Голландия) жасалды. Жүйе қабатты архитектуралы болды және семафорлар көмегімен синхронизацияны орындай отырып, параллель процестермен жұмыс істей алды.
* CTSS. Жүйе Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) уақытты бөлу механизмімен болатын экспериментальды жүйе ретінде жасалды.
* MULTICS. Бұл жүйе де Массачусетс технологиялық институтында жасалды және CTSS жүйесінің дамытылған түрі болып табылды. Өз кезегінде бұл жүйе Unix операциялық жүйесінің алдыңғы түрі болып табылады.
* OS360. IBM360 копьютерлерінің үлкен әулеті үшін арналған операциялық жүйе. Ол ассемблер тілінде мыңдаған бағдарламалаушылармен жазылды және миллиондаған қатарлы кодты ұсынды.
* Unix. Unix операциялық жүйесінің ресми туылған күні деп 1970 жылдың 1-қаңтары саналады. Осы сәттен бастап кез келген Unix жүйесі өзінің жүйелік уақытын есептеуді бастайды. Шындығында бұл операциялық жүйенің бірінші нұсқасы 1969 жылы жасалды.

0.4 Операциялық жүйелердің жіктелігі

Бірінші және негізгі жіктеу негізіне операциялық жүйені орталықтандыру (байланыстылық) дәрежесін жатқызамыз (2.1-сурет).

Сурет 2.1 - Орталықтандыру типі бойынша жіктеу

Бұл жіктеу операциялық жүйелер жасалатын аппараттық платформалар ерекшеліктерін назарға алады.
1. Орталықтандырылған (жергілікті) ОЖ-лер. Бұл жүйелер жалғыз локальді компьютер ресурстарын басқарады. Оларға алгоритмдер жағынан алғанда екі әртүрлі ішкікластар кіреді: - Бірпроцессорлы жүйелер; - Көппроцессорлы жүйелер.
2. Желілік ОЖ-лер. Мұндай жүйелер желі пайдаланушыларына нақты желілік аппаратураға қарағанда жұмыс істеуге ыңғайлы қайсыбір виртуальді машинаны ұсынады. Алайда, пайдаланушы желілік ресурстарға қол жеткізу үшін әрқашан арнайы операцияларды орындайды. Желілік жүйелер үш негізгі компоненттен тұратын қосымша желілік құралдардан тұрады:
o ОЖ-нің серверлік бөлігі - жергілікті ресурстарды және ортақ пайдалану қызметтерін ұсыну құралдары;
o ОЖ-нің клиенттік бөлігі - алыстатылған ресурстар мен қызметтерге қол жеткізу сұраныстарының құралдары;
o ОЖ-нің транспорттық құралдары - желі компьютерлері арасында хабарламалар алмасуды қамтамасыз ететін құралдар.
3. Үлестірілген ОЖ-лер. Олар желі пайдаланушысына желілік ресурстардың мөлдірлігінің (ашықтығының) ең үлкен дәрежесін беретін бірыңғай орталықтандырылған виртуальді машинаны ұсынады. Үлестірілген жүйелер тығыз кооперацияда жұмыс істеу үшін желінің барлық компьютерлерін біріктіреді. Мұндай жүйелерде жұмыс істеу барысында қосымшаны іске қосатын пайдаланушы оның нақты қай компьютерде орындалып жатқанын білмейді.
Бұл жіктеудің қызықты негіздемесі бар. Параллель және үлестірілген архитектуралар классификациясының негізгі мінездемесі деп ортақ немесе үлестірілген (әрбір түйін үшін локальді) жадты айтады. Осыдан келіп, есептеуіш жүйелерін екі класқа бөлуге болады.
* Күшті байланысты жүйелер. Бұған бірнеше біртекті процессорлардан және ортақ жад массивінен тұратын жүйелер жатады.
* Әлсіз байланысты жүйелер. Бұл әрқайсысының өз жадысы бар біртекті есептеуіш түйіндерінен тұратын жүйелер.
Бағдарламалық қамтаманы да екі класқа бөлуге болады.
* Күшті байланысты бағдарламалық қамтама. Бұған бірнеше есептеуіш модульдерінде орындалу барысында көбіне бір-бірімен байланысқан бағдарламалар жатады.
* Әлсіз байланысқан бағдарламалық қамтама. Ол есептеуіш модульдеріне бір-бірінен тәуелсіз болуына, бірақ қажет жағдайда шектеулі мөлшердегі тәсілдермен өзара әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Нәтижесінде осы жұптар арасында төрт әртүрлі комбинацияны алуға болады, олардың үшеуі мағыналы болып табылады және келесі операциялық жүйелер типін анықтайды (2.2-сурет).

Сурет 2.2 - Орталықтандыру типі бойынша жіктеудің негіздемесі

Сурет 1.2 - Белгілі операциялық жүйелер

1. Веб - дизайн негіздері
0.1 Стильдік дизайн

Стильдік сайт - ол әрбір бет өзінше айрықшаланған көптеген немесе барлық дерлік сайттар үшін қажетті көркемділікке ие. Қай уақытта бағытталу жеңіл және ақпараттарды іздеу негізінен адасып қалу және уақытты көптеп жоғалту қаупі болады. Бұл негізінен әрбір бет минуттан кіші уақыт ішінде жылдам жүктелетін кезде жеңіл және қауіптігі аз болып саналады. Сайттың стильділігі бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады. Стильді құру кезінде қатысатын келсі элементтерді бөліп көрсетуге болады:
Шрифт - басылым көлемінде ол бірдей сипаттамаларие болуы қажет - атап айтатын болсақ, гарнитурасы (сызылуы), кегель (биіктігі) және түсі.
Азат жол - мүмкіндігінше беттегі теңестірудің түрлрінің бір болуы қазжет, мысалы, басылым сол жақ шеттен оң жаққа қарай теңестірілген болуы мүмкін.
Сайттың түстік схемасы - ол қарапайым мәтінді, сілтемелерді және келіп кетушілер сілтемелерін ұсыну үшін пайдаланатын үш түсті таңдап алудан басталады. Барлық осы аталған параметрлер тэгте көрсетіледі. Мұндағы түстік схема өз кезегінде басылымның барлық беттерінде қайталанатын болады, ол негізінен келушілерде сайттың бір бірімен байланыстылығы туралы сезім ұяландырады.
Сайттың графикалық безендірілуі жалпы түстік схемаға сүйенуі тиіс. Барлық графикалық элементтерді екі үлкен класқа бөлуге болады: суреттелген және фотошынайы суреттер. Негізі осы екі типті безендіру барысында араластырмаған жақсы болады. Егер сайтта фотографияларды пайдаланатын болсаңыз, онда оны пайдаланардан алдын немесе сайтқа орналастырудан алдын өңдеуден өткізіңіз - ең жақсысы мүмкіндігінше тондық және түстік коррекциялаудан өткізіп, кадрлауды жүргізіп, өлшемді таңдап және фотографияның шеттерін өңдеу жолын табыңыз. Одан ары алынған безендіруді барлық сайт бойынша пайдаланыңыз. Міндетті түрде фотографияларға ALT параметрінде және тэга IMG түрінде түсіндірмелер берңізі - ол фотографиядағы қойылған қол сияқты қабылданады және одан басқа пайдаланушыны сол бет қызықтырып отырған болса, онда оның күткен ойынан арылуына көмек тигізеді.

0.2 Стильдің бірыңғайлылығы

Тұрақтылық - жақсы жсорпарланған сайттардың бірден бір сипаттамалары болып табылады. Тұрақтылық дегеніміз пайдаланушылар үшін қағида өзгерткен жағдайда олар үшін үйреніп қалған жерін көру үшін кедергі жасамайсыз дегенді білдіреді. Тұрақтылық негізінен комфорт құрып және сіздің сайтыңыздың дербек ерекшелігінің болуына алып келеді.
Сіздің сайтыңыздың беттері бастапқы беттерінен ерекшеленбеуі қажет, бірақ және олардың сыртқы көріністерін толықтай көшіріп алуға да болмайды. Тұрақтылық сайттың стилін бұзбастан оған ешқандай өзгерістерді енгізуге болмайды дегенді мүлде жоққа шығармайды, яғни оны бастапқы беттен өзгертуге және жалпы алғанда барлық бететрдегі стильдің сақталуы қажеттігін білдіреді. Өзгермейтіндер болып негізінен қағида бойынша фон түсі, текстурасы, шрифты, сілтемелер түрі және веб - беттегі суреттердің орналасуы және өлшемі есептеледі. фонды минимальды өзгерте отырып, сонымен қатар мәтінді және веб - беттегі суреттің орналасуын жүргізе отырып сіз өз сайтыңыздағы қайталанып отыратын стандартты қалыптастыруыңыз қажет, ол стандарт болса, өз кезегінде сіздің түйініңіз үшін айрықшалаушы немесе аңғартатын белгілі бір ерекшелікті қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде сіз сіздің сайтыңызды көрушілер үшін тартымды да есте сақталуға қабілетті көріністі құра аласыз.
Сайтқа бірыңғайлылықты берудің тәсілдерінің бірі болып - суреттерді немесе фоторграфияларды беттің үнемі бір жерінде орналастыру есептеледі. екінші бір тәсіл мәтіннің колонкасын үнемі бір жағынан бастап орналастыру.
Сіз сонымен қатар сайтқа салынатын сурет немесе иллюстрацияның айналасына түс беру арқылы рамканы немесе суреттер айналасына белгілі бір фон беру арқылы бірыңғайлылықты бере аласыз. Бір рет суреттер немесе иллюстрацияларды қою тәсілін меңгеріп алып және оны үнемі пайдалануыңыз қолайлы болып табылады.

0.3 Веб - беттерде ақпараттарды таратып орналастыру

Веб - беттрде ақпараттарды орналастыру кезінде де белгілі бір шектерді сақтау қажет. Әрине мақала немесе басқа көлемді материалдың тек мәтінінен тұратын беттер де кездеседі. Бірақ сайтты көрушілердің осындай арнайы жасалған беттерге кездейсоқ қателікпен түсіп кетуінен сақтанудың қажеті жоқ. Ол үшін негізгі беттерде кез келген мақаланың басында екі-үш сөйлемнен тұратын мәтіннің мазмұнын түсіндіретін түсіндірме болуы қажет. Одан ары мақаланың толық версиясы үшін жасалатын сілтеме орналасады.
Егер сайтта мақалалар циклы келтірілетін болса, онда әрбір мақалада сайт бойынша жүруді жеңілдету үшін мазмұнына сілтеме жасау қажет болады. Мұнда негізінен пайдалнушыға оның қандай бөлімнен келгенін, оның қай жерде орналасқандығын және келесі сілтеме қайда апаратындығын көрсету маңызды болып табылады. Мұндай нұсқаушылар болып сілтемелер мәтіні және тақырыпшалар есептеледі. олай болмаған жағдайда егер пайдаланушы келесі сілтеменің қайда апаратындығын білмесе және ол туралы күмәнді болатын болса, ол сілтемені басып көруге тәуекел жасамайды.
Сайттар өлшемі және күрделілігіне қарамастан келесі төмнде келтірілген элементтерден құралады:
* сөз (мәтін)
* фон
* графикалық элементтер және логотиптер
* навигациялық элементтер
* келіп көрушілермен байланысты ұйымдастыратын элементтер
Бұл, сөзсіз жасанды бөлу болып табылады, бір элементті безендіру екінші бір элементке әсер ететін болғандықтан, сізге өз сайтыңыз көлемінде келісілген бір стильді ұстаған дұрыс. Аталған элементтерді жеке жеке қарастырайық.

0.4 Веб - беттердегі графика

Көпшілік түйіндерде, мәтінмен қатар графикалық элементтер де болады (немесе суреттер) - фотографиялар, иллюстрациялар, диаграммалар және кестелер және т.б. Себебі World Wide Web жүйесінің артықшылығы графикалық элементтермен жұмыс істей алуынан да көрінеді.
Суреттер негізінен мәтінен ерекшеленеді, себебі олар қажет болған жағдайда пайдаланушы компьютеріне тией алатын жеке графикалық элементтер болып табылады. Суреттер мәтіндерге тәуелсіз жүктелетін болғандықтан, пайдаланушы мұндай мүмкіндіктен бас тартып және тиеу үшін жұмсалатын уақытын үнемдеуі мүмкін. Сурет неғұрлым үлкен болатын болса, солғұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайн кезеңдері
Оқыту орталығына арналған бағдарламалық қосымша әзірлеу
Басты бет дизайны
Сайт дизайнын жасау
WEB бет дизайны
HTML тілінің тарихы
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Интерьер дизайны
Интернет Web-сайт
Canva тегін және ақылы нұсқаларының айырмашылығы
Пәндер